А. О. Тымболова драмалық шығармалардың лингвистикалық поэтикасы Алматы, 2013 А. О. Тымболова драмалық шығармаларды лингвистикалық поэтикасы


Қозы: Жалғыз жортар жолбарыспын, айға шабар арыстанмын – қорықпа қауіптен! (21 б.). Баян



бет73/95
Дата06.10.2023
өлшемі1,66 Mb.
#113256
түріМонография
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   95
Қозы: Жалғыз жортар жолбарыспын, айға шабар арыстанмын – қорықпа қауіптен! (21 б.).
Баян: Жібек баулы сұңқарым келеді ұшып! Ақ тотыдай таранып, қарсы аламын құсымды! Қияда көрсең, қыран дерсің, қалыңда көрсең, жолбарыс дерсің, өз қасыңда бала дерсің, жібек жал арғымақ – Қозы Көрпешті тауып қайттым... (30 б.).
Осындағы қалың сөзі орман, ну, ірі, азулы аңдар ғана паналайтын, адам кіре алмас қамыс, асқар сөзі қол жетпес биік, заңғар, шың деген ұғымдарында ерекше поэтикалық мәнде жұмсалып тұр.
Сондай-ақ пьесада ықылым заманнан келе жатқан бейнелі сөз орамдары да ретімен қолданылып, шығармаға ерекше реңк берген. Мұндай тұлғалардың мән – мағынасын ашу үшін, кейіпкерлер тіліне лексика – фразеологиялық шолу жасайық:
Жантық: Қайран, тай-құлындай тебіскен, екі айналмай келіскен жастар десеңші!... Жастар жарасып, жағамыз жайлау боп жатырмыз бәйбіше!...
Осындағы «тай-құлындай тебіскен» – асыр салып бірге өсті, жастық шағы бірге өтті деген ұғымды білдіреді (ҚТТС. 8 т. 529 б.). Ал «Жағамыз жайлау боп жатырмыз» тұрақты тіркесі уайым, қайғысыз тіршілік, еркіндік, көңілділік, жайбарақат күйде күн кешу (ҚТФС., 173 б.) дегенді меңзейді. Бұл сөздерді арам пиғылды Жантық Қодардың қылығын бүркемелеу үшін қолданады.
Драмалық шығармаларда адамның рухани жан-дүниесі, ішкі сырлары көркем шығармадағыдай емес, кейіпкерлерінің қат-қабат психологиялық ерекшеліктерінің иірімдері арқылы сыртқа шығады. Бұл әрине, драмалық шығармаларда диалог пен монолог арқылы көрінеді.
Ғ. Мүсірепов те кейіпкерлерінің ішкі жан толғанысы, олардың өзегін жарып шыққан ащы монологтар арқылы психологиялық портреттер жасай білген:
Мақпал: Опасыз дүние десеңші... . Иесі де кетті, дәулет те бітті... Қоңыр тау жыласаң ғана, күңіренсең ғана үн қосады... Күлсең мазақтайды!.. Мұңдасың – мұңың ғана, сырласың – сырың ғана... Елі бардың не мұңы бар екен?.. (20 б.)
Бұл Қозының шешесі Мақпалдың ертеде беріскен сертке адалдық танытып, Баянды іздеп келіп таппай, үгіле уайым шегетін жері.
Көркем шығармаларда автор арқылы кейіпкерлерге тілдік мінездеме беріліп отырады. Айталық, әр кейіпкердің өзіне тән сөйлеу ерекшелігі болады. Біреуі – шешен, бірі – сөзге сараң дегендей, оны автор сипаттау арқылы көрсете алады. Ал драматургиялық шығармаларда бұл тек кейіпкерлердің сөзі арқылы, диалог арқылы ғана көрініс табады. Драматургия жанрының қиындығы да осында. Мұнда көркем шығармадағыдай жарты беттік сипаттаулар мен баяндаулар болмайды. Сондықтан да автор, персонождар тілін шектеп, аз да болса саз, дәл, нақты ойды беруге тырысады. Ғ. Мүсірепов пьесасынан да басы артық бірде-бір сөз, теңеу кездестіре алмайсыз. Кәдімгі поэзиядағыдай Ғ. Мүсірепов стиліне айқындық пен дәлдік тән.
Сондай-ақ, Ғ. Мүсіреповтің драмалық шығармаларында жалпы суреттеу тәсілі басым. Мәселен, «Қозы Көрпеш – Баян сұлу» пьесасын оқып отырғанда, шығарманың өн бойынан тек табиғатты елестетіп отырасыз. Олар пьесада мынадай тілдік тұлғалар арқылы көрініс табады:
Қозы: Жел Баян деп ызыңдайды, көл Баян деп теңселеді, өзен Баян деп ағады, тау Баян деп күңіренеді, көк Баян деп күрсінеді! (21б.) немесе пьесадағы кең дала, жасыл дүние, аққан су, тау-тас, құз-шың, көк аспан, жарық жұлдыз, ай мен күн, қара жер, меңіреу тау деп табиғатпен тілдескен кейіпкерлерді көресіз. Яғни, мұнда автор кейіпкерлерінің жан дүниесін табиғат құбылыстарымен байланыста табиғи суреттейді.
Драманың жаны – диалог. Драмалық шығармалардағы диалогтар – бүтін шығарманың көркем болмысын жасайды, үлкен қызмет атқарады. Демек, пьесадағы әрбір кейіпкердің жауаптасуында үлкен жүк, астарлы салмақ жатады. Автор соның бәрін шашау шығармай, санаулы кейіпкерлерінің тілімен беруге тырысады.
Қысқасы, драмалық шығармалардың поэтикалық табиғатына сай драматург кейіпкерлерінің сөзі арқылы олардың ойы мен жан-дүниесінің терең қатпарын толық ашып көрсеткен. Ол үшін суреткер бірде тілдік тұлғалардың экспрессивтік-эмоционалдық бояуларын қолданса, бірде сөздің мағыналық жақтарымен қатар түрлі көріктегіш тәсілдерді, интонациялық өзгерістерді, лексикалық, синтаксистік қайталауларды орынды пайдаланады.
Сондай-ақ, кейіпкерлердің тіліне тән ерекшелік пьеса мәтінінің синтаксистік құрылысынан да байқалады. Сөйлемдердің құрылысы қысқа, ықшам, үзік-үзік болып келеді. Оны Баянның «Үзбеші тізбегін... айта берші!..» немесе Күнікейдің «Қараңғыда қалмадым ба... Ордалы жылан ортаға алмады ма... Жалғызым, барым... жарығым...» (30 б.) деген сөздерінен байқауға болады.
Ғ. Мүсірепов пьесаларындағы тағы бір айрықша көзге түсетін құбылыс – инверсия. Инверсияны әдетте ақындар көп қолданады. Ал Ғ. Мүсірепов тілі өлең сөзден құйылғандай, қара сөзбен жазылған поэзия! Бұған пьесадан мысалдар жетіп артылады:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   95




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет