А. О. Тымболова драмалық шығармалардың лингвистикалық поэтикасы Алматы, 2013 А. О. Тымболова драмалық шығармаларды лингвистикалық поэтикасы


Жарқын: Ал, мырзалар, мақұл алды Баян, келе жатыр осында... Күнікей



бет74/95
Дата06.10.2023
өлшемі1,66 Mb.
#113256
түріМонография
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   95
Жарқын: Ал, мырзалар, мақұл алды Баян, келе жатыр осында...
Күнікей: Кімің бар көрінер көзіңе.. Қыз да болса, жалғызың емес пе еді?
Баян: Сағындым ғой құшағыңды... Серпіп тастап бар ойды!
Бұл сөйлемдерден де драматургтің инверсияны қолдану шеберлігі арқасында әрбір сөзді оқшау көрсетіп, әншейіндегі сөйлем құрылысынан өзгеше етіп құлпырта түскендігі байқалады.
Поэзияның ұйқасқа құрылатыны белгілі. Поэзияда өлеңнің идеясын ашатын сөздер сөйлемнің соңында келіп ұйқасып отырады. Ғ. Мүсірепов пьесаларының тілінде де ұйқас бар. Айталық, Қозыны Қодар өлтіргеннен кейін екі мұңлық ана Қодарды қарғайды:
Мақпал-Күнікей: Тірі жүрсең, ел қарғасын, Қодар! Жер басып жүрсең, жер қарғасын, Қодар! Су сұрай барсаң, көл қарғасын! Өле қалсаң, көр қарғасын! Қарғыстан басқа сөз қалмасын саған! Өмірің ұзақ, тартқаның азап болсын! (58 б.)
Драматург образдар галереясын жасауда жағымды кейіпкерлермен қатар жағымсыз кейіпкерлерді де шебер суреттейді. Сарказм арқылы кейіпкерлердің зілді кекесінін дәл береді:
Қарабай: Қыз бере гөр деп, қашан сұрап ем құдайдан? Қызды бала деп берсе, қаталасқан өзім десін! Қызды малым демегенде, балам демек пе Қарабай!
Күнікей: О, дүние қоңыз, дүние қоңыз!.. Әкесі болмай кет Баянның!
Қарабай: Болмай-ақ қойды Қарабай.. Тек малым қайтсын!.. Алсын бірі, тынсын құлағым!.. Қызды байға бермегенде үйде бұзаулатпақшы ма едің!..
Күнікей: Осы еді айтпағаның! Ұялсаңшы!
Қарабай: Сүргінге салып жүрген көп бұқа қояр сенің еркіңе!..
Күнікей: Тоба! Тоба! (28 б.)
Сөз мәнін ашудағы тағы бір ерекшеліктерге келетін болсақ, драматург мұны да синоним, омонимдер, антонимдермен өте шебер көрсете алған:
Жантық: Басқама шыдарсың ба екен!.. Бұл тым алыс жол, ұзақ сапар, ауыр сын... Аттың белдісі ғана шыдар, адам шыдамас, қажыр, қайрат, ақыл, айла ғана шыдар... (35 б.) Осындағы алыс жол, ұзақ сапар, ауыр сын, қажыр, қайрат, ақыл, айла сынды синонимдерді драматург адам басына түскен ауыртпалықты көрсету үшін еселей қолданған. Ал, «аяусыз қол жұлып әкете ме деп қорқамын да» (43 б.) дегендегі омоним болатын қол сөзінің де бірнеше мағынасы бар екендігі белгілі. Сондай-ақ, Баянның «Жаттан - жақын, қастан – дос, ашудан – ақыл тауып әкеле жатырмын!» (53 б.) дегендегі сөзі де таза антонимдік қатарларды құрап тұр.
Драматург, сонымен қатар, тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінін білдіретін халықтық мақал-мәтелдер мен қанатты сөздер қатарын да өте орынды жымдастыра пайдаланып отырған:
Қозы: Тұрсаң төсегің, жатсаң жастығың болармын, ата! Еліңді қорғар, білегім бар! Жолбарыстай жүрегім бар! Бәрін салдым алдыңа!.. Көппін деп жауың басынбас, азбын деп ағайының жасымас! Жау көрінсе, алдыңа ұста, аяз қысса, арқаңа!.. Тереңге мені сал, биікке мені жұмса! (39 б.). Қарабай: Мына қан жауғырдан қашып құтылатын болам-ау!.. Аюға намаз үйреткен таяқ екенін тағы бір көрсетер ем көзіңе, күледі-ау жұрты құрғырдың жұрты! (29 б.).
Жоғарыдағы екі кейіпкердің сөзінен де халықтың қарапайым мақалдары мен шешендік сөздерін драматургтің орынды жарата білгенін байқаймыз. Оған қоса, Ғ. Мүсірепов өзіндік авторлық жаңа қолданыстар да тудырып отырған. Мәселен, «Жылатып алған сұлудан – жыламай қосылған сумұрын деген... (39 б.) т.б.
Драмалық шығармалар тілін талдауда кейіпкерге тікелей қатысты терминнің бірі – портрет. Ол көркем шығарманың құрамдас бөлігі ретінде қарастырылатын портрет. Портреттің көлемі шағыны және көлемдісі, яғни мазмұндық және формалық түрлері болады. Портреттің сөздік құрамын қарастырудың да маңызы зор. Өйткені кейіпкер туралы жан-жақты мәлімет тілдік құралдардың сұрыпталуы мен қолданылуына қарай анықталады.
Суреткердің портрет жасаудағы ерекшелігі кейіпкерге тән өзгешеліктерді қамтуынан көрінеді. Мәселен, кейіпкерлердің дене бітімдері, киген киімдері, бет пішініндегі құбылыстары мен дене қимылдары сөз етіледі. Бұлар портрет компоненттері деп аталады. Мұндай тілдік компоненттер адамның бүкіл сырт тұрпатынан бастап, ішкі сезім, жай-күйлеріне дейін сипаттап шығады. Адамның сыртқы тұрпатын суреттеуде соматикалық атаулар, ал киген киімін көрсетуде вестиалды (латынша – киім-кешек) сөздер қолданылады.
Көркем шығарма композициясының негізгі элементтерінің тағы бірі – пейзаж. Көркем шығармаларда табиғатты суреттеуді пейзаж дейді. Жоғарыда да айттық, Ғ. Мүсіреповтің драмалық шығармаларында табиғат құбылыстарын суреттеу өзгеше бітімге ие. Пьесадағы Қозының Баянға айтатын «Шынар ағаш, мөлдір бұлақ, жарық жұлдыз, сұлу тау көрсем – бәріне сенің атыңды қойып жүр едім...» (59 б.) деген бір ғана сөйлемінің өзі-ақ таңғажайып табиғат суретін көз алдыңызға әкеледі.
Пьесада аллегориялық ұғым арқылы астарлап беру де көптеп кездеседі:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   95




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет