Абай атындағы ҚазҦпу-нің Хабаршысы, «Филология» сериясы, №4 (34), 2010 ж



Pdf көрінісі
бет11/19
Дата05.02.2017
өлшемі2,34 Mb.
#3456
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   19

 
Резюме 
В  статье  представлена  краткая  история  и  практическая  возможность  Баян-Ульгейской 
радиостанции, которая вещает на казахском языке почти 45 лет.   

Абай атындағы ҚазҦПУ-нің Хабаршысы, «Филология» сериясы, №4 (34), 2010 ж. 
 
 
59 
 
 
Summary 
In the article there are short history and practical skills of the kazakh radiostation in Bayan-Olgei, 
Mongolia. 
 
 
ОРЫС МЕМУАРИСТИКАСЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ 
 
Қ.М. Байтанасова - 
Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті қазақ әдебиеті кафедрасының  
доценті,  
филология ғылымдарының кандидаты 
  
Әдебиеттануда  соңғы  уақыттағы  белсенді  жанрдың  бірі  мемуар  деп  танылуда. 
Жады-мәдениеттің  негізі  болса,  мемуаристика  тарихи  естің  жаңғыруы,  қоғамның 
ӛркениеттік  кӛрсеткіштерінің  бірі.  Мемуаристикада  тҧлғаның  ақыл-ой  дамуының  кезеңді 
сатысы кӛрініс береді.  
Мемуарлық  шығармашылық-рухани  ӛмірдің  ерекше,  дербес,  салыстырмалы  тҥрде 
алғанда  кең  тараған  қҧбылысы.  Бҧл  тҧлғаның  жекелік,  аскеттік  нормалардан, 
ортағасырлық  дҥниетанушылық  тҧйықтықтан  босап,  ӛзінің  жеке  ӛмірлік  тәжірибесін, 
уақыттың  қозғалысын  сезгенін  байқатады.  Осы  тҧрғыдан  алғанда  мемуар  әдеби-тарихи 
жанр  ретінде  орнықты.  Ресейде  ол  Петров  қайта  қҧрылуы  кезеңінде  тҧрақтанып, 
жалпымәдени салада белгілі бір дәрежеде ӛзінің тарихи міндетін орындаса, Батыс Еуропада 
классикалық  аяқталған  форма  ретінде  Қайта  ӛрлеу  дәуірінде  танылды.  Осыдан  келіп 
Ресейде мемуардың қаншама ғасырды бастан ӛткергені байқалады.  
Мемуарлық  шығарманың  мотиві  кӛпқырлы  болуы  мҥмкін.  Оның  диапазоны 
туындының  мақса-тына  байланысты,  яғни,  тҧйықталған  жеке-отбасылық  жағдайдан 
қоғамдық-тарихи,  кӛпшілік  ауқымға  дейін  барады.  Алайда,  оның  мақсатының, 
мҥмкіндігінің  әр  тҥрлілігіне  қарамастан,  оларда  ӛзгермей  сақта-лып  отыратын  жалпы  бір 
қасиет  бар:  ол  жеке  тҧлғаның  ӛз  тәжірибесін  тарихи  ауқымға  қатысты  ету.  Бҧл  жӛнінде 
зерттеушілер  де  айтып  ӛтеді.  Мәселен,  К.Ваншенкин:  “ӛзінің  ӛмірі  туралы  мемуарлық 
деңгейде айтуға деген ӛткір қажеттілік неғҧрлым таза кҥйінде беріледі” десе [1,21-б], Л.Зорин: 
“Әрбір  адамның  қолына  қалам  алып  не  туралы  жазатыны  жӛнінде  еске  алуы  ҧқсайды, 
адамдар  ҧқсамағанымен,  себебі  бір”–дейді  [1,12-б].  Сонау    XVIII  ғасырдың  аяғында  діни 
шендегі  чиновник  Г.И.Добрынин:  “Мен  кіммін?  Қайдан  келдім?  Не  кӛрдім?  Қайда 
барамын?”  деп  бастаған  екен  ӛзінің  кең  кӛлемдегі  автобиографиялық  баяндауын.  Осы 
сауалдардың  қойылысында-ақ  мемуарлық  шығарманың  философиялылығы,  мемуаристің 
алдына қойған міндеті, тарих қозғалысының бір бӛлшегі ретінде тануы, ӛзін елеусіз сезінбей, 
замандас-тары  мен  ҧрпақтарына  ӛзі  туралы  естелік  қалдырып,  сол  арқылы  “жадыны 
ҧзартуға” деген ҧмтылысы байқалады.  
Мемуар  егер  автор  естеліктің  сюжеттік  орталығы  болмай, шығарма  басқа  адамдар 
мен дәуірге қатысты болса да, ол авторға, оның жеке қабылдауына тиісті болып қҧрылады. 
Автордың  субъектілігі  кез  келген  мемуардың  бӛлінбейтін  бӛлшегі  ретінде    ӛткеннің 
объективті  картинасын  берудің  бірден-бір  мҥмкіндігі  болады.  Әрине,  кейбір  белгілі 
жайттарға байланысты мемуар редакторлары мен басушылар немесе авторлар  мемуаристің 
“бейтараптығы” мен оның субъективті кӛзқарасын “тҥзеу” ҥшін “тарихи кӛріністі” қазіргі 
ресми  қҧжаттармен,  мҧрағаттан  әдейі  алынған  материалдармен  толықтырып  отырады. 
Кейде  бҧл  қҧжаттық  “фонның”  ӛсетіні  соншалық,  ол  мемуардың  дербес-жадылық 
субстратын, қайта-ланбас дербес колоритін жҧтып алады. Осының ізімен жанрлық тҧрғыда 
анықталмаған  қандай  да  бір  баян-даушылық  сипаттағы  шығарма  туады.  Мҧндай 
шығармаларды мемуарлық деген сӛздің аясына сыйғыза алмайсыз.  
Б.М.Эйхенбаумның 
ауқымды 
формуласын 
қолдана 
отырып, 
мемуарлық 
шығарманың  кез  келген  актісін    “тарихтың  ағымында  ӛзін  сезіну  актісі”  деуге  болады 
[2,342-б]. Басқаша айтқанда, мемуаристиканың тҥбірлі, жанрлық-қҧрылымдық мәнді белгісі 
сияқты  тҧлғаның  да  тарихи  ӛзін-ӛзі  тануы  байқалмақ.  Әрине,  тҧлғаның  тарихи  ӛзін-ӛзі 
тануы рухани шығармашылықтың басқаша формасында жҥзеге асады. Бірақ, мемуарда ол 
неғҧрлым  толық  әрі  жҥйелі  жҥргізіледі.  Тҧлғаның  тарихи  ӛзін  ӛзі  тануы-ның  орындалуы 
мен  мемуардың  әлеуметтік  функциясы  мемуарлық  шығарманың  мақсатты  орнығуын 

Абай атындағы ҚазҦПУ-нің Хабаршысы, «Филология» сериясы, №4 (34), 2010 ж. 
 
 
60 
 
білдіреді.  Әрине,  бҧл  ерекше  кездейсоқтық  жағдайда  емес,  белгілі  менталитетте  берілген 
уақыт пен берілген социумның қасиеті байқалатын жанрлық деңгейінде кӛрінбек.  
Мемуаристикадағы  маңызды  белгілердің  бірі  дербес-субъектілік  бастаумен  қабат, 
ретро-спективалық,  яғни,  ӛткенге  назар  салу.  Болған  оқиға  мен  естеліктің  жасалуы 
арасындағы  уақыттың  ара  қашықтығы  бірнеше  аптадан  бастап,  тҧтас  ондаған  жылдарға 
дейін  жетуі  мҥмкін.  Әрине,  бҧл  ара  қашықтықтың неғҧрлым  ҧзақ  болуы  оның  характерге 
әсер  ету  мҥмкіндігін  жоғарылатады.  Ӛткенге  байла-нысты  автордың  жеке  кӛзқарасында 
белгілі  аберрация  ӛтеді.  Кӛптеген  жылдардың  ӛтуі,  ӛмірлік  тәжі-рибенің  жинақталуы, 
қоғамдағы  жаңа  жағдай,  онда  таралған  тарихи  мағлҧматтар  және  тағы  басқалары. 
Мемуарист кӛпшілік жағдайда ӛткен оқиғаны сол ӛткен кездегі сәтіндей қабылдай бермейді 
де,  ӛз  еркінен тыс  ол оқиғаларға  қазіргі  кӛзқарас  тҧрғысынан  баға  береді.  Біреуі  ӛткеннен 
тарайтын,  екіншісі  болашақ-тан  келетін  мемуаристикадағы  осы  екі  қайшылықты  тҥр 
авторлық  субъективизмнің  қос  қабатының  соқтығысын  тудырады.  Алайда,  қазіргінің 
билігінде  болу  арқылы  мемуарист  сонымен  бірге,  ӛткеннің  ауыртпалығынан  қҧтылады, 
“еркіндікте” болады. Ӛзіндегі адасушылық пен қызығушылық инерциясын жеңіп, оқиғаға 
толық  немесе  қатыстылық  тҧрғысынан  баға  береді.  Ретроспективалы  кӛзқарас  ақпарат-
тарды  сҥзгіден  ӛткізеді.  Бірақ,  ең  бастысы  бҧрын  болған  оқиғалар  жаңа  ракурсте  қайта 
жаңғырады  немесе  ӛткеннің  бҧрынғы  беймәлім,  қҧпиялы  жағдайы  ашылады.  Осылайша, 
мемуарда осыған дейін ешқандай деректе жоқ бірегей тарихи мағлҧматтар айқындалады.  
Алайда, 
ретроспективалық 
сыншылардың 
немесе 
кейбір 
авторлардың 
пайымдағанындай,  қандай  да  бір  қатаң  жас  аралығына  байланысты  емес.  Мәселен, 
А.Борщаговский    “мемуардың  жасы”  мен  “мемуардың  қауіпті  тартымдылығы”  тек  “бояу 
оңып”, “фантазия мен қиялдау азайғанда” ғана басталады” десе [1,10-б], “Ӛткенді еске алу 
жастың  ҧлғайғаны”,-дейді  Д.Данин  [1,19-б].  Мемуар  жазу  ісі  қарттықтың  келуімен,  яғни, 
адам  қартайғанда  тыныштыққа  кетіп,  басқа  айналысатын  ешнәрсе  қалмаған  кездегі 
жағдайымен  ҥндеседі.  Мҧның  да  ӛзіндік  артықшылығы  бар.  Кӛптеген  мемуарлық 
туындылар  шынында  да  кемел  жасқа  келгенде,  ӛзінің  ҧрпағының  адындадағы  соңғы 
парызы  мемуар  жазу  деп  тҥсінген  кезде  жазылады.  Әрине,  ҥнемі  бҧлай  бола  бермейді. 
Естелік  жазуға  деген  қажеттіліктің  пайда  болуы  болашақ  автордың  ӛзі  айтуға  тиісті 
оқиғалар  жҥйесінен  тыс  болған  кезде,  не  бҧл  оқиға  болып,  ӛткен  уақыттың  еншісінде 
қалғанда не оның қатысуы қандай да бір себеппен ҥзіліп қалғанда тууы мҥмкін. Ал, бҧл енді 
жас  ерекшелігімен  еш  байланысты  емес.  Мемуарлық  шығарманың  “жасару”  тенденциясы 
қазіргі  кезеңге  байланысты.  “Мемуарлық  импульс”  мәдени-тектік  дәстҥрлер  мен  ӛмірлік-
тҧрмыстық жағдайлардың аясында туады, осылардың ішінде маңыздысы тҧлғаның тарихи 
ӛзіндік санасының ӛткірлігі, нақтылығы.   
Мемуарлық  шығарманың  “жасаруының”  алғашқы  белгісі  ӛзінің  тҥп  тамырымен 
ӛткеннің  тереңіне  кетеді.  XVIII-XIX  ғасырлар  кӛкжиегіндегі,  ескі  аристократтық  әулеттен 
шыққан,  белгілі  ақын,  аңызға  айналған  Ресейдегі  алғашқы  мемуарист  әйелдің  бірі 
Н.Б.Долгорукованың  немересі  И.М.Долгоруков  ӛзінің  “Повесть  о  рождении  моем, 
происхождении  и  всей  жизни”  (“Менің  тууым,  әулетім  және  ӛмірім  туралы  хикаят”)  деген 
мемуарын  1788  жылы    24  жасында  жазуға  кіріскен.  XVIII  ғасырда  болған  мҧндай  жағдай 
біреу ғана емес. Жаңа жҥзжылдықтың басталуымен  мемуарлық-кҥнделік жазбалар жазуды 
әсіресе, әскери-дворяндық ортадағы  тіптен жас адамдар бастады: мәселен, И.П.Липранди 17 
жасында,  А.С.Михайловский-Данилевский    18  жасында,  Н.Д.Дурново  19  жасында  жазған. 
Ал.  А.С.Пушкин  болса  ӛзінің  ӛмірбаяндық  жазбаларын  Петербургтен  айдауға  кеткен  соң, 
Кишиневте  22    жасынан  бастап  жҥргіз-ген.  Герцен  ӛзінің  белгілі  эпопеялық  мемуары 
“Былое  и  думы”  шығармасын  40  жасында  1840  жылдың  соңында  рухани  дағдарыс  пен 
отбасылық драмадан соң жазған.  
Мемуаристиканың осындай  жанрлық табиғаты тек мемуарға, естелікке  ғана емес, 
кҥнделікке  де  белгілі  бір  дәрежеде  қатысты.  Олардың  арасындағы  айырма  ең  алдымен 
болмысты кӛрсету ерекшелігінен туындайды: ол кҥнделікте синхронды тҥрде, естеліктерде 
ретроспективалы  тҥрде  беріледі.  Егер  кҥнделік    оқиғалары  стихиялы  ағыммен,  яғни  кӛз 
алдында ӛткен “әлі онша айқындала қоймаған, ӛмірлік процесс әлі  шешімін таппаған тҧста” 
жазылса,  естелік  ӛткен  ӛмірдің  “әбден  ойластырылған”,  алыс,  жақын  оқиға-лардың 
сҧрыпталған  тҥрі.  Осыдан  келіп  кҥнделік  пен  естелік  қҧрылымының  айырмасы  шығады: 
бірін-шісінде дискреттік-ҥзік, айырымды оқиғалар, екіншісінде ӛзара байланысты, сюжеттік 
және  компо-зициялық  жағынан  тҧтас,  қҧрылымды  әңгіме  болады.  Осымен  қатар 
мемуарлық  практикада  ӛткен  мен  қазіргі  кезеңде  жазылған  кҥнделік  материалдары  оның 
бастау  материалы  болады.  Яғни,  мемуарлық  баяндауды  қҧру  кезінде  олар  кӛп  ретте 

Абай атындағы ҚазҦПУ-нің Хабаршысы, «Филология» сериясы, №4 (34), 2010 ж. 
 
 
61 
 
кҥнделік  жазбаларына  айналып  отырады,  естеліктердегі  қазіргі  жағдайды  сипаттауда  ол 
ӛзінен ӛзі кҥнделік жазбасына айналып кетеді. Кҥнделік жазу кӛп ретте ҥзіліп қалады: автор 
ӛзінің санасындағы бҧрын ӛтіп кеткен оқиғалар мен адамдарды еске алып отырады. Кҥнде-
ліктегі  мемуарлық  элементтер  жазбалардың  жазылу  жиілігі  мен  жҥйелілігіне  байланысты. 
Мҧндай 
“микроструктураның 
ҥзілмелілігі” 
 
XIX-XX 
 
ғасырлардағы 
орыс 
мемуаристикасының  кӛптеген  мҧрала-рына  тән.  Мәселен,  әдебиетші  А.Я.Булгаков,  әскери 
тарихшы А.И.Михайловский-Данилевский, ірі әскери басшы және дипломат Н.Н.Муравьев-
Карский, публицист К.К.Арсеньев т.б.  
Естелік пен кҥнделік ӛзінің мақсаты жағынан да жақын. Бҧны ажырату қиын емес. 
Біз маңызды саяси және әдеби-қоғамдық оқиғаларды, белгілі адамдармен кездескен кездегі 
әсермен  жазылған  кҥнделіктерді  болашақ  естеліктердің  материалы  екенін  білеміз. 
А.С.Пушкин  1833-1835  жылдар  арасында  жазылған  кҥнделігін  ӛмірбаяндық  жазбалар  мен 
ӛзі  немесе  басқалар  ҥшін  жазуға  керекті  дҥние,  “ӛз  кезеңінің  тарихы”  ҥшін  материал  етіп 
пайдаланбақ  болғаны  белгілі.  Тіпті  кҥнделікті  ӛз-ӛзіне  есеп  беру  немесе  тәрбиелеу 
мақсатындағы  ағымдық-тҧрмыстық  мақсатта  жҥргізілген  жазбалардың  ӛзінен  тап 
мемуардағыдай  болмаса  да,  “тарихилықтың  сипаты”,  ӛзінің  тҧлғасын   таныту  байқалады. 
Бҧлардың арасындағы айырма кҥнделікте тарихи айналым осы кҥнгі жағдаймен шектеледі, 
ал  мемуардағы  тарихилық  ӛткенмен,  тарихқа  айналған  оқиғалармен  толығады.  Қалай 
болған  кҥнде де  естеліктер мен кҥнделіктер генетикалық және қолданбалы жағынан  ӛзара 
туыстас шығармаларға жатады.   
 Мемуаристика  алыстағы  ӛткеннің  немесе  тез  арада  ӛтіп  кететін  қазіргінің  ӛткенін 
бере отырып, тҧтастай болмыстың тарихи-нақты, шынайы табиғатын ашуға бағытталады. 
Мемуар  жанрының  бҧл  сипаты  Ресейде  осы  жанрдың  енді  қалыптаса  бастауында  ӛзінің 
принципті  сапасын  “Шынайы  баяндау  немесе  Гавриил  Добрыннің  ӛзінің  жазғаны” 
(“Истинное  повествование  или  жизнь  Гавриила  Добрынина...  им  самим  писанная...”); 
“Менің  ӛмірімнің  шынайы  жазбалары  (теңіз  офицері  С.Я.Унковскийдің  естелік-тері)” 
“Истинные  записки  моей  жизни”  (воспоминания  морского  офицера  С.Я.Унковского); 
“Кейбір  ресейліктердің  жазбалары,  олардың  ӛздері  жазған  шынайы  повестер” 
(П.З.Хомяковтың  хаттары),  (“Похождения  некоторого  россиянина,  истинная  повесть  им 
самим  писанная”  (записки  П.З.Хомякова);  “Андрей  Болотовтың  ӛзінің  суреттеуіндегі  ӛмірі 
мен бастан кешкен хикаяттары,” (“Жизнь и приключения Андрея Болотова, описанные им 
самим”) т.б. жазбалар белгілі болған. Осындай және бҧған ҧқсас мемуарлардың кіріспесі мен 
атауларында “шынайы” деген сӛздің келуі, олардың ойдан шығарылмай, нақты бір адамға 
тиісті екені, аты-жӛндерінің кӛрсетілуі олардың шынайы туындылар екенін дәлелдей тҥседі. 
Осындай  мәселелер  бҧл  жанрға  “ойдан  шығарылған  баяндаудың”  (Пушкиннің  тарихи 
романға байланысты  қолданған  термині) тән  еместігіне  байланысты  даулы  мәселеге  назар 
аудартты.  Бҧл  мағынада  Белинский  “мемуарға  қандай  да  ойдан  шығарудың  жат  екенін”, 
“оған тек шынайы оқиғаның дәл, нақты берілуі ғана бағалы” болатындығын айтқан.  
Осы  ретте  қазіргі  әдебиеттану  мен  сында  мемуардағы  шындық  пен  ойдан  шығару 
туралы  мәселелер  басқа  қырынан  әлденеше  рет  талданды.  Мәселен,  “шынайылылықты 
шығармашылық  ойдан  шығару  элементтерімен  ҥндестірудің  жемісті  болатындығы”, 
“кӛркемдік  ойдан  шығару  мен  фантазияның  мемуарда  ҥлкен  роль  атқаратыны”  және  т.б. 
айтылды.  Бҧл  тҧжырымдарда  “кӛркем  ойдан  шығару”  эсте-тиканың  неғҧрым  кең 
категориясымен теңестіріледі.  Алайда,  бҧл шындықты  эстетикалық тҧрғыда  игеру-дің  тек 
бір  тәсілі  ғана.  “Эстетикалық  қызмет  адамның  санасында  ҥздіксіз  жҥзеге  асып  отырады; 
ӛнер  оның  тек  жоғары  шектегі  сатысы  ғана”;  “эстетикалық  мағына  ҥшін  ойдан  шығару 
шарт  емес”  [3,6-б].  Сондық-тан  да  “мемуарлық”  туындылар  кӛп  ретте  шынайы  әдеби 
шығарма болады.  
Алайда,  мемуарда  жалпылау,  типтендіру,  адамның  сезім  дҥниесіне  психологиялық 
бойлау  қандай  дәрежеде  де  кездесіп,  ойдан  шығару  саналы  шығармашылық  шарт  ретінде 
беріледі.  Мемуарда  мҧндай  “ферменттердің”  кездесуінің  бірқатар  себептері  бар:  қандай  да 
мемуаристе  дәуірдің  ахуалына,  оқиғаға  қатысушылардың  әрекет  мотивіне  орай,  олардың 
жадыларындағы  қателіктер  мен  ӛшу,  жекелеген  эпизод-тардың  “ҥнсіздігі”,  детальдардың 
жетіспеуі,  ӛткеннің  картинасын  толық  беру  мҥмкіндігінің  болмауы,  соңында  автордың 
ойдан  қосуы.  Мҧндай  бҧрмалауларды  айғақтау  мемуардың  сын  тарихының,  дереккӛз  бен 
тарихи-әдеби  талдаулардың  міндеті.  Бҧл  нақты  жағдайларға  сәйкес  дербес  шешіледі. 
Мемуар мен кӛркем-тарихи проза арасындағы шектеудің шарттылығын да естен шығармау 
керек.  Кейде  шындық  пен  ойдан  шығаруды  ҥйлестірген  аралас  баяндау  тҥрі  де  кездеседі. 
Негізінен  мемуардан  кӛркем  ойдан  шыға-руды  бӛлу  мемуарды  “әдеби-кӛркем  процесс 

Абай атындағы ҚазҦПУ-нің Хабаршысы, «Филология» сериясы, №4 (34), 2010 ж. 
 
 
62 
 
заңдылығы”  аясында  қараумен  байланысты.  Шын  мәнінде  әдеби  реңктің  мемуарда  басым 
болуының  да  ӛз  заңдылығы  бар.  Себебі  мемуар  шебер  жазушының,  дарын-ды  тҧлғаның, 
яғни, шығармашылық бейнелеуге бейім адамның  қаламынан туады.  
Мемуаристика  ӛзінің  ерте  даму  сатысында  қандай  да  бір  белгілердің  аясында 
қаралуы  мҥмкін.  Бірақ  ол  ешқашан  қандай  да  бір  кәсіби  салада  тҧйықталып  қалған  жоқ. 
Мемуар  жанрының  басты  ерек-шелігін  зерттеуші  К.Ваншенкиннің  айтуынша:  “Мемуарды 
тек әдебиетшілер ғана жазбайды. Оның тамаша ҥлгілерін  артистер, суретшілер, ғалымдар, 
әскерилер, яғни,  роман немесе әңгіме жазу ойына келмейтіндер жазады”. Мҧндай тар-әдеби 
әдіс  кезінде  мемуаристиканың  жалпы  мағынасы  кӛмескіленеді.  Мемуар  негі-зінен,  тек 
кӛркем  ғана  емес,    қоғамның  тҧтас  рухани  мәдениетіндегі  қҧбылыс.  Сондықтан  оған 
неғҧрлым  кең  мәдени-тарихи  және  тарихи-дерекнамалық  маңыз  берген  жӛн.  Мҥмкін  бҧл 
жағдайда  “әдеби  мемуар”  деген  терминнің  ӛзін  нақтылай  тҥсу  керек  шығар.  Егер  оның 
астарында жазушылық ортадан шыққан  және  ең бастысы дәуірдің  әдеби ӛмірін суреттеген  
мемуардың бір ғана кәсіби тҥрлілігі айқындалса, онда еш қарсылық жоқ. Бҧл жерде театр, 
әскери,  дворяндық,  шенеуніктік,  кӛпестік  және  т.б.  мемуарлар  туралы  да  айтқан  орынды. 
Егер “әдеби  мемуар” термині белгілі бір уақыттағы мемуар мәдениетінің  барша байлығын 
қамтитын болса, онда бҧл қолданыстың дҧрыстығы кҥмәнді.  
Орыс мемуаристикасының туған сәтінен бастап даму эволюциясына кӛз жҥгірту аса 
қызғылықты.  Орыс  әдебиеттануында  “История  дореволюционной  России  в  дневниках  и 
воспоминаниях”  деп  аталатын  іргелі  библиографиялық  анықтамалық  жарық  кӛрген.  Бҧл 
XV  ғасырдан  бастап,  1917  жылға  дейінгі  ара-лықты  қамтитын  бес томдықта (он  ҥш  кітап) 
26  мың  библиографиялық  жазбалар  бар  екен.  Бҧл  еңбек  тарихи  дәуірлердің  ауысымы 
кезіндегі  мемуардағы ӛзгерістердің кӛлемін анықтауға мҥмкіндік береді.  
Егер  мемуарлық  шығармалардың  санына  келсек,  XVIII  ғасырға тиісті  мемуарлық 
шығармалардың  саны  жҥзге  тарта.  Ал,  XIX  ғасырдың  бірінші  жартысындағы  олардың 
саны  (нақты  реформаға  дейінгі  кезеңде)  тӛрт  мыңдай  болған.  Ал,  XIX  ғасырдың  екінші 
жартысы  мен    XX  ғасырдың  басында  (1917  жылға  дейін)  тӛрт  есе  ӛскен,  яғни,    17  мыңға 
жеткен.   Мҧнда  Ресей туралы  шетел  авторларының  мемуарлық  мҧ-ралары  да  қамтылған. 
Бҧлар  тӛңкеріске  дейінгі  орыс  мемуарлық  әдебиетінің  даму  тенденциясын  кӛр-сетеді. 
Мемуар  жанрына  деген  принципті  ӛзгеріс  жаңа  жҥзжылдықта  айқын  кӛріне  бастады.  XIX 
ғасыр  орыс  мемуаристикасындағы  “жҧлдызды  сәт”  болды.  Бҧл  дәуірде  мемуар  гҥлденіп, 
тақырыптық кӛкжиегі кеңіп, ӛмірбаяндық баяндау тҥріндегі жҥздеген шығармалар жоғары 
тарихи  қҧндылыққа  айналып,  дәуірдің  болмысын  жан  жақты  қамтыды.  XIX  ғасырда 
еуропалық мемуарлық классикаға айналған туындылар  жарық  кӛріп,  мемуаристика  жаңа 
мәдени-қоғамдық  мәртебеге  ие  болды  да,  олардың  рухани  ӛмірдің  басқа  салаларына  деген 
ықпалы  кҥшейді.  XVIII  ғасырда  мемуаристиканың  қалыптасуының  ерте  кезеңінде,  яғни 
ӛтпелі  дәуірде  кӛне  менталитетке  сай  дворяндық  ортадан  шыққан  мемуарист  ішкі  рухани 
болмысы  шектеулі  болғандықтан,  тек  “ӛзінің  жеке  отбасылық  тарихын”  сипаттаудан 
аспады. 
Осындай 
отбасылық-әулеттік, 
“ҥй-ішілік” 
доминантқа 
сәйкес 
естелік 
мемуаристердің  мойындауынша  “ӛзі  туралы,  ӛзі  ҥшін,  ӛздерінікі  ҥшін”  жазылды.  Яғни 
ӛзінің  жеке  рухани  сҧраныстарын  қанағаттандыру  ҥшін,  балалары  мен  ҧрпақтарына 
арналып,  отбасылық  дәстҥрлерді  нығайту  мақсатында  жазылып,  автор  мен  оның 
жақындары ҥшін қадірлі іске айналды.  
Мемуарлық  шығармашылық  қоршаған  ортадан  оқшауланды:  ешқандай  кӛпшілік 
сипат  алмады,  әулет  ортасынан  алысқа  мәлім  болмады,  халыққа  жетпеді.  Бҧл  дәуірде 
ешқандай  қолжазба  мемуарлардың  таралғаны  я  жарияланғаны    туралы  тәжірибе 
кездеспейді.  Яғни,  кӛзі  тірісінде,  оның  ішінде  автордың  қатысуымен  мемуардың  басылуы 
сол  кездегі  орыс  мәдениеті  дәстҥрінде  орын  алмады.  Яғни,  тҧтас  жҥз  жылға  созылған 
мемуаристиканың бастапқы жағдайы осындай еді.  
XIX  ғасырда  болған  орасан  ҥлкен  ӛзгерістер,  Ресейдің  еуропалық  аренадағы, 
әлеуметтік-саяси  қатынастағы,  идеологиядағы  жағдайы,  білім  мен  кітап  шығару 
саласындағы табыстары, ағымдық-қоғам-дық ӛмірдің кҥрделенуі және жаңаруы осылардың 
бәрі  тҧлғаның  рухани  белсенділігіне,  тарихи  ӛзіндік  сананың  қозғалысына,  оның  ар 
жағында  мемуарлық  шығарманың  мақсатына  әсер  етпей  қалған  жоқ.  Алдыңғы  орынға 
қазіргі  жағдайдағы  қоғамдық  ӛмірге  деген  неғҧрлым  жаңа  кӛзқарас  шығып,  мемуарлар 
жариялылық  сипат  иеленіп,  жарық  кӛре  бастады.  Осының  бәрі  мемуаристиканың 
публицистикалық  баста-уының  кҥшейіп,  оның  қоғамдық-әдеби  қозғалыстың  ағымына 
ілесуін туғызды. Алдымен одан жанды, оқу-ға қызғылықты материалды кӛрді. Олар: әдеби, 
публицистикалық, тәрбиелік, азаматтық-адамгершілік сипатта болды.  

Абай атындағы ҚазҦПУ-нің Хабаршысы, «Филология» сериясы, №4 (34), 2010 ж. 
 
 
63 
 
Мҧндай ӛркендеудегі алғашқы қозғалыстар  XIX ғасырдың бастапқы жылдарында, 
дәуірдің  мәдени  ахуалы  мен  тҧлғаның  тарихты  тану  сезімінде  ӛзгерістер  туған  мезетте 
байқала  бастады.  Осы  кезде  оқырман  кӛпшілікке  арналған  ірі  мемуарлық-ӛмірбаяндық 
баяндаулар жазылды да, мемуаристердің ӛздері олардың “қоғамдық сипат” алып, неғҧрлым 
кең таралуыларына кҥш салды.  
Мемуаристиканың  сол  заманғы  баспа  мен  қоғамдық  ӛмірге  жақындау  процесінде 
маңызды роль атқарып, Ресейдегі мемуаристиканың  дамуына айтарлықтай қоғалыс берген  
1812  жыл    болды.  Әсіресе,  соғыстан  кейінгі  25-30  жылдары  мемуардың  дамуы  ересен  кҥш 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   19




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет