Summary
In the paper ―Patterns of bring up to date temporality relationship in strict sequence between actions‖
the chronological behaviour in the structure of speech communication is studied. The author based her analysis
on a specific and scientifically sample and proves that the semantics indication of duration (potential
variability) and subject activity, temporal discrecity and primary perception are significant for the temporal
semantics manifestation
Абай атындағы ҚазҦПУ-нің Хабаршысы, «Филология» сериясы, №4 (34), 2010 ж.
34
ІЛИЯС ЖАНСҤГІРОВ ПОЭЗИЯСЫНДАҒЫ ТОПОНИМДЕРДІҢ БЕРІЛУІ
З.Ж.Османова–
Абай атындағы ҚазҦПУ-дың мемлекеттік тіл кафедрасының
аға оқытушысы, ф.ғ.к., доцент м.а.
Қазіргі қазақ қоғамындағы ерекше маңызды сипатқа ие болған ҧлттық мҥдделі мақсаттың бірі
– халық рухын, оның ӛзегі – мәдениетті жаңғырту. Осы тҧрғыдан тіл бірден бір коммуникативтік қҧрал
ғана емес, тілдік қарым-қатынас негізінде мәдениетті де анықтайтын ҧғым ретінде мемлекеттік
«Мәдени мҧра» бағдарламасының ӛзекті арқауын қҧрайды. Осы арнаның бірі – жалқы есімдердің
(топонимдердің) лингвомәдени, әлеуметтанымдық жҥйесі.
Топонимика – ономастиканың ӛзіндік ерекшеліктері мол саласы. Ол – лингвистика, география,
этнография және тарих ғылымдарын тоғыстырған, мәні зор кҥрделі жҥйе.
Тҥркі тілдерінде жер-су атауларын зерттеуде қырғыз тіл білімінен – К.Конкобаевтың,
Ш.Жараповтың, ӛзбек тіл білімінен – С.Қараевтың, Л.Каримованың, тҥрік тіл білімінен –
С.Атаниязовтың, татар тілінен – Г.Саттаровтың тағы да басқа ғалымдардың еңбектері топонимиялық
бағыттың кеңінен зерттелуіне тҥрткі болды. Қазақ жерінен атаулар жҥйесін зерттеген Ә.Әбдірахманов,
Т.Жанҧзақов, Е.Қойшыбаев, Е.Ә.Керімбаев сияқты ғалымдардың еңбектері арқылы ҧлттық
топонимиканың лингвистикалық негізі қаланды. Әсіресе, аймақ топонимдерінің тілдік және этномәдени
тҧрғыдан қарастырылуы – қазақ тілінің лексикология, ономастика сияқты салаларын тың деректермен
байытады.
Жер-су атаулары ауқымды қоғамдық қызмет атқаратындықтан, экстралингвистикалық
негіздерге қатысты қалыптасып, дамып отыратын халықтың тӛлтума мәдениеті ретінде ҧлттық
менталитеттің айшықты бедерін танытады. Әрі атамҧрамыз – топонимдер, сол топонимдерді кӛркемдей
кӛмкерген аңыз-әңгімелердің, ақын-жазушы туындыларының ҧрпақ ҥшін тәлім-тәрбиелік те,
тағылымдық та маңызы зор. Осы мәселелерді негізге ала отырып, халқымыздың кӛрнекті ақыны – Ілияс
Жансҥгіров шығармаларында қолданылған топонимикалық атауларды зерттеу арқылы еліміз бен
жеріміздің тың парақтарын ашып, жаңа қырынан тануға болады.
І.Жансҥгіров – табиғат, жер тақырыбын жетік меңгерген дала перзенті. Сол себептен де ақын
поэзиясында тҧнып тҧрған шынайы табиғат галериясы бейнеленген.
Ілияс Жетісу жерінің әр тасын, бір уыс топырағын жырға қосқан. Бҧған бірінші себеп туған
жері болса, екіншіден Жетісу ӛңірі географиялық жағынан да, табиғаты жағынан да ерекше. Бір жағы
таулы, ӛзенді, бҧлақты, нулы болып келсе, екінші жағы шӛлейттеу, тегістеу, қҧдығы молдау жер болып
келген. Осындай жер бедерінің ӛзгешелігіне қарай топонимикалық атаулар да әр тҥрлі әрі мол. Ақын ӛз
шығармаларында тек Жетісу ӛңірін ғана емес, барлық аяқ жетіп, қҧлақ естіген жерлердің бәрін атап
кеткен.
Мысалы: Қараӛткел келіп жатыр, Қарқаралы
Кереку, Баян, Семей, Торғай – бәрі.
Жетісу осында кеп қҧйып жатыр,
Арқаға аунап шӛкті Қаратауы.
немесе,
Жасымнан жырлап едім тауды талай,
Гималай, Кавказ, Жӛңке, Алтай, Алай.
Ордасы ой, кӛңілімнің ала асқарлар
Жырлатпай жҥрегімнен жатсын қалай?
сондай-ақ,
Кавказдай таласпайды аспан-кӛкпен,
Қаһарлы Хантәңірі емес қар бекіткен;
Алтайдай асу бермес асқар емес,
Жӛңкедей жолсыз емес қҧж-қҧж біткен.
Осы мысалдарда кӛрсетілгендей, Жетісуда кездесетін жер-су аттарының ішінде тауларға, ӛзен-
су атауларына қатысты, кісі және ӛсімдік аттарымен байланысты топонимдер де кездеседі.
Кісі есімдеріне байланысты аталған топонимдерге Қарасай, Ӛтегентӛбе, Байторы (ӛзен),
Балтық, Ескелі, Кәлпе, Орақты, Байғазы тәрізді жер аттарын айтып ӛтсек болады.
Ӛсімдіктерге байланысты топонимдер қатарына Аршалы, Алмалы, Балды, Теректі, Доланалы,
Шилі, Кӛкпекті; ал жан-жануарларға қатысты топонимдерге Жыландыбастау, Арқарлы, Текелі,
Қоянды, Балықты, т.б. жер аттарын жатқызсақ болады.
Жетісу жер-су аттарының қҧрамында да Қазақстанның басқа жерлеріндегі топонимдерге
айтылатын сӛздер жат емес, әсіресе тӛбе, сай, шоқы, қора, тас, қҧм, шағыл сӛздерімен тіркесіп келген
атаулар бҧл ӛңірге де тән қҧбылыс. Енді жергілікті жерде топоним тудыруда жиі айтылатын сӛздерден
біраз мысал келтірейік.
Абай атындағы ҚазҦПУ-нің Хабаршысы, «Филология» сериясы, №4 (34), 2010 ж.
35
Төбе: Қҧрақтӛбе, Қҧмтӛбе, Шолақтӛбе, Жаңғызтӛбе, Сандықтӛбе, Аралтӛбе, Тастӛбе,
Дӛңтӛбе, Бҥліктӛбе, Кӛбдіктӛбе, Қошқартӛбе, Қҧлантӛбе, Бәлетӛбе, Қоңыртӛбе, т.б.
Шоқы: Ақшоқы, Қарашоқы, Қызылшоқы, Қорғаншоқы, Сҧлушоқы, Итшоқы, т.б.
Жал: Аяқжал, Ортажал, Бӛлекжал, Жанбасжал, Жетіжал, т.б.
Жетісу ӛңірі де мҧндай ӛзен, кӛл, бастау, бҧлақтардан кенде емес. Бҧрынғы деректерге
қарағанда, Іле және оның солтҥстігіне орналасқан Балқаш кӛліне қарай ағып жатқан Кӛксу, Қаратал,
Лепсі, Бҥйен, Басқан, Сарқан, Ақсу тәрізді ҥлкен ӛзендермен қатар, сол ӛзендердің оң, сол жақтарынан
қҧйылатын кіші ӛзендердің жалпы саны жҥзге жетеді.
Жоғарыда келтірілген мысалдар Ілияс Жансҥгіров поэзиясында кездесетін Жетісу ӛңіріндегі
ӛзендердің аттары ғана. Бҧл ӛңірде бҧдан басқа да кӛл, су, ӛзен, бҧлақ, бастау, тоған, бӛгет, қҧдық
тәрізді аппелятивтер қосылу арқылы жасалған гидронимдер де мол кездеседі. Енді осы сӛздерге жиі
айтылып келген атаулардан біраз мысал келтірелік.
Кӛл: Аралкӛл, Қаракӛл, Жайлаукӛл, Қоскӛл, Тереңкӛл, Сарыкӛл, т.б.
Бҧлақ: Ащыбҧлақ, Белбҧлақ, Сарыбҧлақ, Мыңбҧлақ, т.б.
Бастау: Кӛкбастау, Ағашбастау, Кӛлбастау, т.б.
Ӛзек: Ақӛзек, Кӛкӛзек, Сарыӛзек, т.б.
Су: Ақсу, Тентексу, Кӛксу, Қарасу, т.б.
Гидронимдерді сӛз еткенде, су жҥйелерінде айтылатын арық-атыз атауларына тоқтала кету
жӛн тәрізді. Жетісу тҧрғындары тілінде жиірек қолданылатын су жҥйесінің бірі – тоған сӛзі. Осы
ӛңірден жиналған жҥзден астам гидронимдердің сексен ҥші тоған сӛзінің қосылуымен жасалса, қалған
жиырма бесі арық сӛзінің тіркесуімен жасалған атаулар. Мысал ретінде Тентек ӛзенінен алынатын
Ақтоған, Кәлпетоған, Кӛкарықтоған, Қараталдан су алатын Ақтӛбетоған, Бесағаштоған, Кӛкталтоған,
Жҧмайтоған, Қожайбердітоған және Іле ӛзенінен алынатын кӛптеген атауларды келтіруге болады.
І.Жансҥгіров «Жетісу суреттері» деген ӛлеңінде:
Ақырып айғай салған Кӛксу алып,
Жазыққа шыға келсе іркіп ағып,
Егінші ылғи диқан жалайырлар
Ҥлесед ҥй басына тоған алып.
деген мысалдағы тоған сӛзі тілімізде екі тҥрлі мағынада жҧмсалады:
1) су жинап алатын бӛгет, тоспа; 2) егістік жерге су жіберетін арық. Жергілікті жерден
жиналған диалектологиялық материалдарда да: а) суға салынған кедергі, тосқауыл; б) кеңдігі 2-3
метрдей су жіберетін ҥлкен арық мағынасында қолданылады. Ақын-жазушы шығармаларында тоған су
жҥретін арық мағынасында жиірек кездеседі.
Сӛз жасау моделі бойынша ақын шығармасында берілген Жетісу топонимдерінің ішінен
ерекше кӛзге тҥсетіні сын есімнің -лы(-лі), -ты(-ті),
-ды(-ді) жҧрнағы арқылы жасалған жер-су атаулары. Мҧндай атаулардың біразы ӛсімдіктерге,
ал қалғандары аң т.б. атауларына байланысты айтылады. Сірә, бҧл сол жерде ӛсетін ӛсімдіктің,
жайлайтын жануарлардың молдығына байланысты аталса керек.
Аталған топонимдердің ішінде сан есіммен (екі, ҥш, бес) немесе сан есімнің орнына жҥретін
жаңғыз, қос тәрізді сӛздермен тіркесіп жасалатын атаулар да жоқ емес. Бір-екеуін мысалға келтірер
болсақ, олар: Екіаша, Ҥштӛбе, Қосқара, т.б.
Кейбір жер аттары есім мен етістіктің тіркесуімен жасалған. Мысалы: Тайсойған, Ешкіӛлмес,
Кӛшкентал, т.б.
Қорыта келгенде, І.Жансҥгіров поэзиясына талдау жасай отырып, топонимдер қатарының
молдығына кӛз жеткіздік. Жер-су аттарының тарихына тереңірек ҥңіліп, шығармаларында асқан
шеберлікпен, аса талғампаздықпен қолдана білген. Бҧл – ақын қиялының ҧшқырлығы мен талант
талғамының жоғарылығы.
1. Жҧмалиев Қ. Ілиястың әдеби тіліміздегі орны мен ӛзіне тән ерекшеліктері // І.Жансҥгіров
шығармалары, І т. - Алматы,1960.
2. Нҧрмағамбетов Ә. Жер-су аттарының тек-тӛркіні туралы // Қазақ ономастикасының
мәселелері. - Алматы, 1986.
3. Әбдірахманов Ә. Топонимика және этимология. Алматы, 1975.
4. Жансҥгіров І. Қҧлагер. - Алматы, 1999.
Резюме
В данной статье рассматривается и анализируется топонимический ряд в поэзии
И.Жансугурова.
Summary
The toponymical row in poetry of I.Zhansugurov is considered and analyzed in this article.
Абай атындағы ҚазҦПУ-нің Хабаршысы, «Филология» сериясы, №4 (34), 2010 ж.
36
ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕГІ ҤНЕМДЕУ ЗАҢЫ ТУРАЛЫ
С.Қ.Суатай -
филол. ғ.к., доцент, С.Ж.Асфендияров атындағы ҚазҦМУ-дың
қазақ тілі кафедрасының меңгерушісі
Қоғам дамуында тілдің қарым-қатынас қҧралы қызметінің ерекше екендігі дау тудырмайды,
тіпті, тілдің ӛмір сҥруі сҥру жағдайы да қарым-қатынас қызметінің дәреже, деңгейімен байланысып
жатады, сондықтан да ол жетекші қызмет аталады. Сонымен қатар, тіл осы қарым-қатынас нәтижесінде,
қарым-қатынас ҥдерісінде жҥзеге асатын адамның таным әрекетін бейнелей алатын таңбалар жҥйесі,
ӛйткені тілдің негізінде ойлаумен, санамен байланысты танымдық қызмет жатады. Қарым-қатынас
таным әрекеті тудырған тілдік бірліктердің ӛзгерістерін, ӛмір сҥру жағдайын айқындайды.
Табиғатта ештеңе жоғалмайды, жоқтан бар болмайды дейтін ӛмір заңдылығына тіл табиғаты да
сәйкеседі. Тіл жҥйесіндегі заңдылықтар, жеке аталымдар жойылып, жоғалып, жоқтан пайда болып
жатпайды. Қарым-қатынас қҧралы тіл болса, тіл қҧралы-сӛз. Тілдің басты элементі-сӛз, сӛз-басты тілдік
таңба. Ф.де Соссюрше айтқанда, тіл-акустикалық бейнелердің қоймасы, «ҧғым мен акустикалық
бейненің байланысы-таңба (сӛз-таңба)» (1,53,100) деп аталады. Қарым-қатынас осы қоймадағы
байланысты «жандандырады». Сӛз қарым-қатынаста ӛмір сҥреді. Қарым-қатынаста сӛздің мағынасы
кеңейіп немесе қолданылу ӛрісі тарылып та жатады. Оны сӛздердің пайда болуынан бастап тіл иесінің
жылдан-жылға, заманаларға ілесіп отыратын ҧзақ та шексіз ғҧмырын бейнелеу барысында туындайтын
ішкі мағыналық ӛзгерістері ғана емес, сол тіл иесі ӛмір сҥретін және одан тыс қоғамдағы ҥлкенді-кішілі
оқиға, жағдаят, ӛзгерістердің әсері арқылы тҥсіндіруге болады.
Тіл-этнос ӛмірінің «айнасы», алайда тіл дамуы мен этностың, оның мәдениетінің т.б.
жағдайларының дамуы тепе-тең бір ізбен, тура, сара жолмен жҥретін қҧбылыстар емес. Әрқайсысының
ӛзіндік заңдылығы бар болғанымен, байланыстылығы да дәлелдеуді қажетсінбейтін мәселелер. Тіл кӛп
жағдайда ӛзінің ішкі заңдылықтарына сҥйенеді. Ендеше тіл бірліктерінің пайда болуы, қҧрылымы,
мағынасы т.б. мәселелер ҧлттық мәдениет, ҧлт болмысына қатысты жайттармен байланыста алынып
қарастырылғанда ғана сыры ашылады, олардың тҥп тӛркінінде, ӛң бойында жатқан мәдени танымдық
ақпарат айқын кӛрінеді. Бҧл адамның таным қабілеті арқылы қоршаған әлемді таңбалап-атап, оның
тілдік бейнесін жасаған атам заманнан бері сол атаулардың мағынасына әр алуан ӛзгерістер ену
мҥмкіндігін кӛрсетеді.
Адамның зат қҧбылыс туралы тҥсінігінің жетілуі, дамуы, сӛз мағынасының дамуына,
жіктелуіне, ауысуына т.б. ӛзгерістерге әкеледі. «Денотаттың бір белгісі ерекшеленіп, танымда ҧғым
қалыптастырса, тілде таңбаланып жаңа атау жасалады. Бҧл екіншілік ҥшіншілік туынды мағына болуы
мҥмкін», - дейді. А.Салқынбай (2,331). Адам санасының жетілуі айнала қоршаған әлемді меңгеріп,
игеруімен, тануымен байланысты. Адам баласының танымдық дҥниесінің деңгейі зат, қҧбылыс туралы
ҧғымды дамытады, оның қыр-сырын терең иірімдеріне дейін ашады, ҧғымның дамуы мағыналық
дамуға, ӛзгерістерге, мағынасының жіктелуіне жеткізеді. Әлемнің осы бейнесі тілде атау арқылы
кӛрінеді.
Адамзат баласының қолымен жасалатын мәдениеттің қай тҥрі болмасын белгілі атауға ие
болады., соның нәтижесінде тіл иесінің жадында сақталып, заман кӛшіне ілесе отырып, ҧрпақтан
ҧрпаққа жетіп, заманаларға озып отырады. Ол-тілдің, тіл қҧралы-сӛздің кумулятивтік қызметі, тіл иесі
халықтың ақыл-ойының, дҥниетанымының тҥйіні, ҧлттық рухани, мәдени болмыс, табиғатының
кӛрінісі. Бҧл-адамның таным дҥниесімен, ҧштасып жатқан атау, ат қою мәселесімен тікелей
байланысты жҥріп отыратын ҥдеріс. Әсіресе, қазіргі мәдениеттер арасындағы, мемлекеттер арасындағы
экономикалық т.б. қатынастар кезеңі кӛптеген жаңаруға жол ашып отыр. Ал адам қоғамындағы
ӛзгерістердің тілде бейнеленбеуі, атауға ие болмауы мҥмкін емес, оның шарты-қажеттілік. Сӛйтіп, ӛмір
ағысы тілдік бірліктердің жасалуын, даму ӛзгерістерін таңбалау қажеттілігін тудырады, ол белгілі
кезеңге, уақытқа сай, соған тәуелді болады.
Ықшамдау яғни ҥнемдеу деп, сӛйлеушінің сӛйлеудің мақсатына орай тіл бірліктерін икемді,
ыңғайлы, қолайлы қолдану дағдысын айтады. Дағды нәтиежесі белгілі тіл бірлігіне айналатындықтан,
ықшамдалу (ҥнемдеу) тіл заңдылығы саналады. Ӛйткені ықшамдалу кҥрделі ҥдеріс болып табылады,
оның ӛту барысына тілге тән әртҥрлі қҧбылыстар қатысады. Э.Г.Ризельдің пайымдауынша, тілде
ықшамдалудың: окказионалды және индивидуальді ықшамдау, узуальді ықшамдау аталатын ҥш тҥрі
бар, узуальді ықшамдаудың контекске байланысы жоқ әрі ол табиғатына қарай оккозионалды және
индивидуальді тҥрлеріне қарсы қою арқылы анықталады[3,130]. Осылай тҥрлену ықшамдалатын
қҧрылымдарды узус ҧғымымен байланыстырады.
Узус – бір тілде сӛйлейтін адамдардың басым кӛпшілігі қабылдаған сӛйлеу ҥлгісі, сӛз
қолданудағы әдет, дағды. Тілдің әдеби нормалары дәуір талабына орай азды-кӛпті ӛзгері мҥмкін, ал
узус тҧрақты, халық оны ҥнемі қолданады. Узус тілдік дәстҥрмен ҧштасады, контекстерде не жеке
адамдардың тілінде кездесетін, уақытша қолданылатын сӛз формаларына қарам-қарсы қҧбылыс[4,328].
Окказионалды және индивидуальді тҥрлеріне қарсы қойылу себебі осында деуге болады, сонымен
қатар бҧл ықшамдалудың ҥдеріс екенін дәлелдейді. Ҥдерістің ӛту шамасы ықшамдалатын қҧрылымдар
Абай атындағы ҚазҦПУ-нің Хабаршысы, «Филология» сериясы, №4 (34), 2010 ж.
37
нәтижесін кӛрсетеді. Ықшамдалуды синтагмалық және парадигмалық деп бӛлу де оның осы тіл жҥйесі
мен сӛйлеуге қатыстылығына байланысты туған. А.Мартиненің ойынша, адамның қатысым
қажеттілігінен жеңілдетуге деген талабы тілдік ӛзгерістердің тууына тҥрткі болады, себебі адам
қатысым әрекеті мен ӛзінің ақыл-ой, кҥш-қуаты арасындағы қайшылықты неғҧрлым азайтып,
мақсаттың орындалу шегіне сай кҥш жҧмсауға ҧдайы тырысады [5,126]. Сол арқылы қолданылатын
кҥрделі қҧрылымға, сӛз тіркестеріне ерекше мән, экспрессия ҥстеледі. Айтылатын ой, аталатын
ҧғымның мағынасы қажеттілікке сай тіл бірліктерінің ығысуы, тҥсіп қалуы, қысқаруы тәрізді амалдар
арқылы белгілі тіл бірлігіне сыйғызылады.
Тіл табиғаты сӛйлеу кезінде кей бірліктердің қолдануда тиімсіздігін, оралымсыздығын,
артықтығын байқатады, сӛйлеу мҥшелері қызметін неғҧрлым жеңілдетуді қажетсінеді. Бҧл әрекет
«артық, қажетсіз» сезіліп тҧрған тіл бірліктерінің ығысуына тҥсіп қалуына жағдай жасайды.
Ықшамдалу немесе ҥнемдеу аталатын қҧбылыс сӛйлеу, қатысым қажетінен туындайды. Сӛйлеушінің
мақсаты – айтылатын ойды, жеткізілуге тиім ақпаратты тіл қҧралдарын әсерлі, қолайлы, кӛркем әрі
дыбыстау мҥшелеріне кҥш тҥсірмей, тыңдаушының тҥрпідей тимейтіндей жағымды етіп жеткізу.
Сондықтан А.Байтҧрсынҧлы қазақ тілінде бағыныңқы сӛйлемдердің «толық және ықшам тҥрде»
болатынын, қҧрмалас сӛйлемдерді байланысу тәсіліне қарай «сыйыса, қиыса» қҧрмаласатынын және
жҧбалаң, ықшам тҥрде айтылатындығын кӛрсеткен [6,301]. Осы шҧбалаңқы айтылатын қҧрмалас
қҧрамындағы жай сӛйлемдегі ойды тығыздап, сыйғызу арқылы (Қарабай мен Сарыбай аңға шықты)
ықшамдау ҥдерісі басталады.
С.Аманжолов қҧрмаластарды сыйыстыру жалпы сӛйлемнің мәнін бҧзбайтынын, сондықтан
оның стиль мәселесіне тығыз байланысы барын айтады. Кейбіреу сӛйлемді орынсыз шҧбалаңқы
қҧрайды. Мҧндайда оның сӛйлемін қысқартып, сӛлін ғана алу ҥшін осылайша сыйыстыра қысқартқан
жӛн [7,212], - деп, салалас қҧрамаласты да, сабақтас қҧрмаласты да сыйыстырып қолдану ҥлгісін
кӛрсетеді. С.Аманжоловтың пікірінше бағыныңқы сӛйлемдердің ішіндебағыныңқы сӛйлемдер ған
сыйыстыра айтуға қолайлы (не ексесең, соны аларсың → еккеніңді орарсың). Ал салаластардан
баяндауыштар мен бастауыштары бір сӛздің қайталануы арқылы жасалғандарын сыйыстыруға болады (
Кҥрделі мектепке бет алды, Жақыпбек мектепке беп алды→Кҥрделі мектепке, Жақыпбек мектепке бет
алды; Рахмет тӛмен қарайды, рахмет жауап бермейді, Рахмет ҥндемейді→Рахмет тӛмен қарайды,
жауап бермейді, ҥндемейді). Мҧндайда бірыңғай мҥшелі жай сӛйлемдер пайда болады, сӛйлемнің мәні
бҧзылмайды, сӛйлем мҥшелерін қайталамай ҥнемдеу арқылы орынсыз шҧбалаңқылықтан қҧтылуға
болады деп есптейді.
Осыдан аталған ғалымдардың еңбектерінде қҧрмалас сӛйлем, жай сӛйлемге қатысты сыйысу
термині қолданылып жҥргені байқалады.
Мҧндай қҧрылымдарда мағынаға нҧқсан келмейді. Тек форма ӛзгеріске ҧшырайды.
Айтылмақшы ой бірнеше бірлікке, сӛйлем мҥшесі қызметіне жҥктеледі (Баланы – жастан; Ағадан –
ақыл т.б.). Бҧл туралы Қ.Есенов «Бір бҥтін қҧрмаластағы кейбір синтаксистік компонентердің
осылайша сыйыса жҧмсалуы жалпы сӛйлемнің қҧрылысын ӛзгертіп, оны сӛйлемнің басқа бір тҥріне
айналдырып жібермейді. Сабақтас қҧрмалас сӛйлем компоненттері арасындағы ықшамдалу тәсілі
белгілі бір сӛздің артық, қажетсіздігінен болмай, белгілі бір заңдылықтың нәтижесінен, стильдік
қҧрылыстың нормасынан туындап жатады. Сондықтан да сӛйлем бойынан кездесетін осы бір жайды да
тілдік қҧбылысымыздың арнайы бір тәсілі ретінде қарайтын боламыз» [7,57], - деп тҧжырымдайды.
Бҧл тҧжырымдардан сыйысу ҥдеріс екені аңғару қиын емес, яғни алдымен ірі қҧрылымдар
сыйыстырылады, одан ықшам қҧрылым пайда болады. Мҧндай қҧбылыстар тіл ғылымда компрессия,
контаминация терминдерімен де аталып жҥр. Контаминацияны арнайы зерттеу нысаны еткен
Г.Ақылбаева оны ықшамдаудың бір тәсілі ретінде қарастыра отырып, ассимиляция, редукция эллипсис,
парцеляция қҧбылыстарынан айырмашылығы бар деп тҥсіндіреді [8,12]. Зерттеушінің ойынша, аталған
қҧбылыстар «фонетика саласына», контаминация «синтаксис саласына» тән, контаминацияның
бҧлардан айырмашылығы – тҧтас сӛйлем немесе сӛз тіркесінің бір бӛлігі тҥсіп қалу нәтижесінде
қолданылуы [8,14]. Тҧжырымнан контаминацияның аталған қҧбылыстардан айырмашылығын кӛрсету
мақсаты байқалады. Контаминация қалай жҥзеге асады деген сҧрақ жауапсыз қалады. Контаминация –
сӛз тіркестерінің немесе ҧқсас тҧлғалардың бірігу, тоғысу нәтижесінде туған жаңа сӛз я сӛз тіркесі.
Мыс., қолы жҥйрік деген тіркеске шектесетін қаламы жүйрік ( қолы мен қаламның шектестігінен)
тіркесі шыққан. Ауыз әдебиетіндегі сұр жебе, ақ перен тіркестерінен Нысанбай жырау сұр перен
тіркесін жасаған. Наурызбай сынды сҧр перен [4,159], - деген Ғ.Қалиевтің анықтамасынан
контаминацияның сӛз мағынасын ауыстыру заңдары арқылы жасалғаны анық кӛрінеді. Ендеше
контаминация – сыйыстыру, ықшамдау тәрізді қолданыс мақсатынан туған нәтиже. З.Қ.Ахметжанова
сыйысу нәтижесінен туған фразалар бейнелі әрекет мағынасын білдіретінін, мҧндай қҧрылымдағы (Кісі
қалай жүрсе, көлеңкесі солай жүреді) салыстырмалы мағына қосымша мағына болып табылатынын
кӛрсетеді[8,159], яғни контаминация салыстыру мен бейнелі әрекет мағынасынан туады. Осы
тҧжырымды нақтылайтын кӛзқарас фразеологизмдерге қатысты Е.Жҧбанов, Н.Уәлиев, Г.Қосымова,
Ж.Кӛпбаева, А.Жанпейісова еңбектерінде сӛз болады. Г.Қосымова қазақ эпосындағы фразеологизмдер
бойынша зерттеуінде «мағыналары жақын фразеологиялық тіркестердің біреуінің бір компоненті ӛзара
Абай атындағы ҚазҦПУ-нің Хабаршысы, «Филология» сериясы, №4 (34), 2010 ж.
38
кірігеді»-деп, тілек салды, арды қолдан бермеу, назар сынды т.б. фразеологизмдерді контаминациялану
арқылы қалыптасқан дей отырып, мағыналық қатынасына қарай бірнеше тҥрін кӛрсетеді. Мыс.,
мағыналары жуық және қҧрылысы бірдей қолқа салды мен тілек айтты тіркестерінен тілек салды
фразеологизмі жасалған. Мҧндағы мағыналық әрі тҧлғалық кірігу қлданысқа ерекше рең ҥстейді.
Салыстыру арқылы әрекетті бейнелеу мақсаты осы деп тҥсіну керек. Мҧндай қолданыс мақсатынан
туған фразеологизмдер синоним, вариант ретінде қолдана беруі де, жекелік сипатта қалуы да мҥмкін.
Б.Сағындықҧлының пайымдауынша,... «ҥнемдеу процесінде пайда болатын соңғы нәтиже – белгілі бір
дыбыстың, буынның, сӛздің, тіпті, сӛйлемнің қысқартылып, ықшамдалып айтылуы»[9,68]. Ол тілдің
бҥкіл жҥйесін қамтитындықтан, фонетикада – элизия, апокопа, гаплология, лексикада – метонимия,
морфологияда – сіңісу, кіріккен сӛздер, синтаксисте – эллипсис, толымсыз сӛйлемдер аталатынын айта
келе, «бытырап жҥрген терминдердің барлығының басын қосып, ҥнемдеу заңы деп атаған
дҧрыс»[9,68],- деп тҥйіндейді. Бҧл тҧжырымын ҥнемдеу заңының ҥндесу, ҧқсату заңымен
лингвистикалық ҥйлесім табатындығымен және терминді «ӛте ықшам» санайтындығымен дәлелдеп,
ҥнемдеу заңының тілдің әр саласындағы кӛріністеріне тоқталады.
1. Ф.де Соссюр. Труды по языкознанию. - М., Прогресс, 1977.
2. Салқынбай А. Қазіргі қазақ тілі. – Алматы: ТОО Евро, 2008.
3. Ризель Е.Г. Экономия выражения и устранение избыточных языковых средств в обиходно –
разговорной речи // Иностранные языки в высшей школе. – М.. Высшая школа, 1963. Выпуск 2, 127-131.
4. Қалиев Ғ. Тіл білімі терминдерінің тҥсіндірме сӛздігі. – Алматы: Сӛздік – Словарь, 2005.
5. Мартине А. Принципы экономии в фонетических изменениях. – М.: Иностранная
литература, 1960.
6. Байтҧрсынҧлы А. Тіл тағылымы. – Алматы: Ана тілі, 1992.
7. Аманжолов С. Қазақ әдеби тілі синтаксисінің қысқаша курсы. – Алматы.: Санат, 1994.
8. Есенов Қ. Компоненттері ықшамдала айтылған қҧрмалас сӛйлем // ҚазССРҒА. ҚазССРҒА
Хабаршысы. – 1974. - № 4. - 56-60.
9. Ахметжанова З.Қ. Полипредикативные конструкций казахского языка, выражающие
сравнения // Тезисы докладов всесоюзной тюркологических конференций. – Ф ., 1988, 199-200.
10. Сағындықҧлы Б. Қазақ тілі дамуының негіздері. Таңдамалы туындылар. – Алматы. Ҥш
қиян, 2009.
Резюме
В статье описываются проблемы закона экономии в казахском языке.
Summary
The article reveals problems of economy law in the Kazakh language.
Достарыңызбен бөлісу: |