ҚАЛТАЙ МҦХАМЕДЖАНОВ ДРАМАТУРГИЯСЫНДАҒЫ ТАРТЫС
Қ.Ӛ. Әжиев -
филология ғылымдарының кандидаты, Қорқыт Ата атындағы
Қызылорда мемлекеттік университетінің аға оқытушысы
Белгілі драматург, аудармашы, публицист, театр сыншысы, Қазақстанның халық
жазушысы Қалтай Мҧхамеджановтың қазақ драматургиясының дамуына елеулі ҥлес қосқаны
белгілі. Ол туралы «Қалтайдың ӛзі де бір театр» деген ӛнер адамдарының қҧлағына сіңісті болып,
қанатты сӛзге айналған пікірдің айтылуы бекер емес.
Қалтай Мҧхамеджановтың алғашқы туындысы «Бӛлтірік бӛрік астында» атты комедия
ӛткен ғасырдың 60-шы жылдары ҥлкен резонанс тудырды. Ол баспасӛз беттеріндегі әртҥрлі,
кейбіреуі қарама-қайшы пікірдегі мақалалардың жарық кӛруіне себепші болды. Комедияда совет
жастары жағымсыз тҥрде кӛрсетілген, ҥлкен қоғамдық деңгейдегі мәселе кӛтерілмеген деген
сияқты ӛз заманының талабына сай, кеңес идеологиясы шеңберінен шықпайтын сындар айтылып
жатты. Сонымен қатар М. Әуезов осы туындыға «татымды комедия», «анық талантты табыс» деп
жоғары баға бергені белгілі. Жарты ғасыр бҧрын, яғни 1958 жылы жазылған «Бӛлтірік бӛрік
астында» комедиясы қазіргі кезде де маңызы зор, мәдени қҧндылығы жоғалмаған, кӛркемдік –
эстетикалық мәні ескірмеген шығарма.
Бҧл туындының бҧдан елу жыл бҧрын кӛтерген мәселесі XXI ғасыр тҧрғысынан
қарағанда да әлі кҥнге ӛзекті. Пьеса В. Маяковскийдің ӛлең жолдарымен басталады:
<...>Мы любим парад,
Нарядную песню.
Говорим красиво,
Выходя на митинг.
Но часто
под этим
Абай атындағы ҚазҦПУ-нің Хабаршысы, «Филология» сериясы, №4 (34), 2010 ж.
53
покрытый плесенью
Старенький – старенький бытик …
Бҧл сӛздер комедияның негізгі идеясымен тығыз байланысты. Сыртқы жасанды сҧлулық
ішкі жҧпыны болмысты жасырады. Сӛзі мен ісі қабыспайтын екіжҥзділік қай кезеңде де адамның
қасіретке жетелейтін кемшілігі.
Комедияның басты кейіпкері Сапар университеттің бесінші курс студенті. Ол ауылда
әйелі мен баласы барын жасырып, курстасы Жәмилаға ҥйленгелі жҥр. Жәмиланың әкесі –
лауазымды қызметкер. Ал Сапардың мақсаты – сондай туыстықты пайдаланып Алматыда қалу. Ол
барлық ісін есептеп қойған: «мықтының творчествосынан диплом жазады», кездескен сәтте
мықтыны «әдебиетіміздегі алып тҧлға», «поэзиямыздың мақтанышы» деп небір теңеулерді ҥйіп-
тӛгіп, тілін безеп мақтай жӛнеледі. Сапар жылы, ыңғайлы орынға ӛтірік-айламен жеткісі келген,
сӛзі мен ісі жасанды, сезімі жалған мансапқор ретінде танылады.
Пьесаның соңында кейіпкердің бетпердесі ашылып, ӛтірігі әшкере болады. Ауылдан
келген ағасы Бекен ақсақал кҥйініп Сапарға «бӛрік астындағы бӛлтірік» деген баға береді.
Мҥмкін, осындай теңеу арқылы кейіпкердің келеңсіз қылығы жеке бір адамның ғана қоғамға жат
кемшілігі деген ҧғым қалыптастыруға болатын шығар. Дегенмен комедияның мәтінін талдау
арқылы Сапардың типтік кейіпкер дәрежесіне дейін кӛтерілгенін кӛреміз. Екіжҥзді тоғышар
бейнесі Қалтай Мҧхамеджановтың басқа шығармаларында да кӛркемдік шешімін тапқан.
«Бӛлтірік бӛрік астында» комедиясында тағы да бір сюжеттік желі бар. Ол Сҧңғат пен
Марфуғаның қарым-қатынасы. Марфуға қазақ тіліне шорқақ, қалада ӛскен қыз. Осы образға
байланысты авторға сын да айтылды. Кезінде Ә. Әлімжанов «тіл мәселесін неге қоғамдық мәселе
ретінде қарастыру керек, қала қазағы әртҥрлі себептермен ана тілін меңгере алмаған шығар, оған
назар аударудың қажеті қанша?» /1,116/ - деген пікірде болды.
Бҥгінгі кҥн тҧрғысынын қарасақ, сонау тоқырау заманында Қалтай Мҧхамеджанов қазақ
тілі мәселесін кӛтере білді. Кезінде мән берілмеген ҧлттың кӛкейкесті мәселесін драматург
мысқыл, кекесін кҥлкі арқылы қозғайды. Комедияда тағы бір ӛз тілін шҧбарлап сӛйлейтін, рок-н-
роллға табынатын, космополит Арыстан атты кейіпкер бар. Автор Марфуға мен Арыстан арқылы
ана тілін, тӛл мәдениетін білмейтін шала қазақтың типтік бейнесін сомдаған.
«Бӛлтірік бӛрік астынданы» Қ. Мҧхамеджанов сатиралық комедияға жатқызады. Мҧнда
кейіпкерлердің кемшіліктері, қателіктері шынайы кҥлкі арқылы сыналады. Автор юмор, ирония
сияқты бейнелеу тәсілдерін кеңінен қолданып, комедиялық шығарманың поэтикасына сай
кейіпкерлер арасындағы қақтығыстарды кӛрсетеді.
Қ. Мҧхамеджановтың келесі туындысы «Қҧдағи келіпті» атты комедия. Бҧл шығарма
«Бӛлтірік бӛрік астындағының» жалғасы. Осы аталған екі шығарманы сыншы Сейілбек Жҧмабек
«комедия-дилогия» деп дәл айтқан. Алғашқы пьесадағы Сҧңғат пен Марфуғаға байланысты
сюжеттік желі «Қҧдағи келіптіде» әрі қарай дамиды. Ана тілін білмейтін қазақ қызы Марфуғаның
келешегі не болмақ? Бҧл рухани кеселден айықтыратын жол бар ма? Автор осы сауалдарға екінші
комедияда жауап береді. Марфуға кҥйеуі Сҧңғатпен ауылда тҧрады, мектепте мҧғалім. Орыстанып
кеткен қазақ қызы ҧлттық мәдениеттің рухани бастауы саналатын ауылға келін болып
тҥскендігінің арқасында бастапқы болмысына, ежелгі тҥп-тамырына оралуға мҥмкіндік алады.
Осы пьесада драматург Марфуғаның әке-шешесі сияқты қалада тҧрып даланы ҧмытқан,
ауылды менсінбейтін қазақтар және ауылдың қарапайым тҧрғындары арасындағы қақтығысты
кӛрсете отырып, тағы да ауыл мен қала мәселесін қоғамдық дәрежеде кӛтереді.
Пьесада Сҧңғаттың жанҧялық мәселесімен қатар ӛндіріс мәселесі де қозғалады. Мектеп
оқушылары жаз бойы интернат салу ҥшін кірпіш қҧйған. Колхоз бастығы Сәрсен сол
кірпіштермен cиыр қора салдыру керек дейді. Оған мектеп директоры Кеңес және партия
ҧйымының хатшысы Сҧңғат қарсылық білдіреді. Осындай қақтығыс арқылы автор шынайы
қҧндылықтар мәселесін кӛтереді: адам қымбат па, мал қымбат па? Нәтижесінде, алпыс мың
кірпіштен шопандардың балаларына интернат салынатын болып, ал cиыр қораны колхоз бастығы
ӛзінің жеке қаражатына жасайды.
Қ. Мҧхамеджановтың «Қуырдақ дайын» атты ҥшінші комедиясындағы оқиға темір жол
бойындағы мал шаруашылығымен шҧғылданатын совхозда ӛтеді. Экспедитор Ережеп бастықтың
орынбасары Жақанды балдызы Кҥләнға ҥйлендіргісі келеді. Ережеп ішкі есебін іске асыру
мақсатында әртҥрлі қулыққа барады.
Пьесада жеке бастың мәселесімен қатар шаруашылық тақырыбы да бар. Облисполкомның
орынбасары поезбен ӛтеді. Соған совхозда атқарылған жҧмыстың есебін алып шығу керек.
Жағымпаз Ережеп пен Жақан қосымша сый-сияпат жасап, ҥйткен малдың етін ҧсынады. Осы
орынсыз әрекеті ҥшін олар басшының қаһарына ілігіп облысқа шақырылады. Жақанның «ендігі
қуырдақты сонда кӛрерміз» деген сӛздері астарлы. Сонымен, пьеса атауының екі мағынасы бар.
Абай атындағы ҚазҦПУ-нің Хабаршысы, «Филология» сериясы, №4 (34), 2010 ж.
54
Біріншісі - тіке мағына: Ережептің әйелі Әлима қуырдақ қуырып, оның дайын екенін мәлімдейді.
Екінші, символикалық мағынасы жазықты болып қалған екі кейіпкердің ертең облыс басшысына
барғандағы мҥшкіл халін сипаттайды. Автор Ережеп пен Жақанның жағымпаздық, тоғышарлық
болмысын мысқыл, мазақ кҥлкі арқылы ашады.
Драматург «Ӛзіме де сол керек» атты комедиясында қоғамды жайлап бара жатқан жоғары
оқу орнына орналастыру сияқты келеңсіз қҧбылысты кӛрсеткен. Жҧмыссыз Хайдарбек
алаяқтықпен айналысады. Ол жоғары лауазымды қызметкерлердің атын жамылып балаларды
институтқа тҥсіреді. Осыны табыс кӛзіне айналдырады. Пьеса соңында Хайдарбектің ісі
әшкереленеді. Автор кейіпкеріне «Оқуға кӛбіне беделді қызметкерлердің кӛше таптап жҥрген
әумесер балаларын алып жҥрміз. Олар бес жыл бойы ілініп-салынып, онда да әке беделінің
арқасында зорға бітіреді. Я маман емес, я надан емес әрі-сәрі бірдеңелер шығып жатыр. Шын
мәнінде бҧл болашаққа жасалып отырған зорлық, қиянат». /2,105/ деген сӛзді айтқыза отырып
елдің болашағына тікелей қатысты мәселені тереңнен қозғайды.
Сонымен, Қ. Мҧхамеджанов комедияларында XX ғасырдың екінші жартысындағы замана
келбетін суреттей отырып, негізінен әлеуметтік мәселелерді кӛтереді.. Пьесалардың кейіпкерлері
қоғамдық сатыда әртҥрлі орын алатын жандар: студент жастар, қалада тҧратын тоғышар алаяқтар,
ауыл адамдары. Кӛбіне драматург қарапайым ауыл тҧрғындарының бейнесін сомдайды: агроном,
шопан, жылқышы, мектеп мҧғалімі, кітапханашы т.с.с. Мҧхамеджанов комедияларының
кӛркемдік әлемінде қоғамда орын алған мансапқорлық, тоғышарлық, жағымпаздық, екіжҥзділік,
парақорлық, алаяқтық, ана тілін білмеушілік сияқты келеңсіз қҧбылыстар сыналады. Қаламгердің
ерекшелігі аталған келеңсіздіктер жеке бір адамның басындағы қоғамға жат кемшіліктер ретінде
емес, керісінше жалпы қоғамдық кесел, жҥйенің осалдығы ретінде сипатталады. Драматург
пьесаларының ӛміршеңдігі де сонда.
Қ. Мҧхамеджановтың қаламынан комедиялармен қатар драмалық шығармалар да шықты.
«Менің дертім» атты драманың шығармашылық тарихы кҥрделі. Бҧл пьеса 1962 жылы жазылып
он алты жыл бойы автордың столының тартпасында жатты. 1988 жылы «Біз періште емеспіз»
деген атпен театр сахнасында қойылды.
Бҧл туындыда XX ғасырдың басындағы қоғамдық зҧлмат сӛз болады. Драма кейіпкерлері
Назар мен Қаспақ – НКВД қызметкерлері. Олар 1937 жылғы қанды оқиға куәлары ғана емес,
сонымен қатар жазықсыз ӛлім себушілер. Кейіпкерлер ӛткен кҥндердің қорқынышты кӛріністерін
әр тҥрлі тҥсіндіреді. Осы ӛткенге деген әртҥрлі кӛзқарас олардың арасындағы шиеленіске
себепкер болады. Ӛзіне-ӛзі риза Қаспақ 1937-жыл трагедиясын сол уақыттың ерекшелігі деп, ал
ӛзінің әрекетін сол кҥннің талабы ретінде тҥсіндіреді. Бірақ соған қарамастан Қаспақтың іс-
қимылдарынан оның да ішкі дҥниесі алай-дҥлей екенін кӛреміз:. Қаспақтың «Тірлігім азап, серігім
арақ» /3,95/ « арақ арсызға перде болуға жарайды» деген сӛздерінен іштей қиналып жҥргенін
байқаймыз. Дегенмен, қалай болғанда да, ол ӛз істерін ар сотына салудан аулақ.
Ал Назар ӛткенге мҥлдем басқаша қарайды. Оған ӛткен кҥндердің елесі мҥлдем
тыныштық бермейді. Ол ешқандай кінәсі жоқ Ерден мен оның жары Асылдың ӛліміне қатысы
барлығына қатты қиналып, ар сотының азабын тартады. Автор Назардың ішкі әлемінің
драматизміне баса назар аударған. Ӛзінің досы, кӛн терілі Қаспақ сияқты Назардың да ӛткенді
жылы жауып қоюына болар еді, ӛйткені қазіргі кезде оның кінәсі жайлы ешкім білмейді. Бірақ
кейіпкер олай істей алмайды, есте барды сызып тастап, ӛзінен-ӛзі жасырынып қала алмайды.
Кейіпкердің бар рухани драмасы осында. Жанрлық жағынан пьеса философиялық-әлеуметтік
драма. Мҧнда адам ӛмірінің мәні, болмыс пен сана, тҧлға мен қоғам сияқты философиялық
мәселелер кӛтерілген.
1966 жылы Қ. Мҧхамеджанов «Жат елде» атты пьесасын жазды. Мҧнда соғыстан кейін
Германияда қалып қойған отандастарымыздың шағын тобы туралы әңгіме болады. Олардың
мақсаты әр тҥрлі. Бірі Америка және Германияның қолдауымен «Тҥрік ели» атты ҧйым қҧрып,
тҥрік тілді республикаларды Кеңес ӛкіметінен бӛліп алуға ҧмтылса, енді бір тобы осы ҧйымның
ісін қолдамағанмен, солардың арқасында амалын тауып елге жетіп қалғысы келеді. Ал Америка
мен Германияның ойы осы топтың кҥшімен Кеңес одағына қарсы бағытталған идеологиялық
диверсияны кҥшейте беру.
Драматург бҧл шығарманы мемлекеттік тапсырыс бойынша жазғаны белгілі. Бірақ ол
тапсырыс талабына сәйкес сатиралық комедия емес, саяси- әлеуметтік драма жазған. Тағдыр
тәлкегімен туған жерінен жат елге кеткен адамдар тағдырын кҥлкіге айналдыру қиын. Отанынан
алыс кету - адам ҥшін драма. Әдебиетші-ғалым С. Қирабаев бҧл пьесаны «патриоттық спектакль»
деп атаған. Драманың негізгі мотиві – Отанға деген сағыныш. Жат елдегі қандастарымыздың
сезімі мен қиналыстары ақын Асанның трагедиялық образы арқылы берілген. Сонымен қатар
пьесада сатқындық тақырыбы да бар. Жасырын ҧйымды қҧрушы Қҧрбан бәрінен бҧрын ӛзінің
Абай атындағы ҚазҦПУ-нің Хабаршысы, «Филология» сериясы, №4 (34), 2010 ж.
55
жеке басының пайдасын ғана ойлайды. Сол себепті де оған қатал ҥкім шығарылады. Анасы оны
«шіріген жҧмыртқа» санап, «балам ӛлді» деген кесімін айтады.
«Кӛктӛбедегі кездесу» драмасы Шыңғыс Айтматовпен бірігіп жазылған. Ол терең
психологизмге толы, интеллектуалды-аналитикалық қҧрылымы бар, символдық образымен
ерекшеленетін шығарма. Пьеса оқиғасыз, сол себепті тартыс сыртқы деңгейде емес, іштей
ӛрістейді. Бір мектепте, бір сыныпта оқыған тӛрт дос демалыс кҥні Кӛктӛбеге шығады.
Кейіпкерлердің бірі Кӛктӛбені атақты Фудзиямаға теңейді. Бҧл теңеудің символикалық мәні бар.
Ертеде Жапонияда Фудзияманың басына шыққан монахтар адамға ашпаған сырын айтып,
қҧдайдың алдында рухани тазарудан ӛтетін болған. Осыны еске алған актриса Гҥлжан
қатысушылардың әр қайсысына айтылмаған сырларын кӛпшілікке жайып салып, Кӛктӛбенің
басында тазаруды ҧсынады. Қҧдайдың алдында шынын айтуға барлығы бірдей дайын болмай
шығады.
Драматургтың шығармашылық табысының бірі пьесаның образдар жҥйесіне тағы бір
кейіпкер, Айша апайды енгізуі болды. Қарт мҧғалім бҧрынғы оқушыларынан олардың досы,
сыныптасы Сабыр жайында сҧрайды. Ӛйткені оның есінде бесеуі бірге оқып, бірге жҥріп,
майданға қол ҧстасып бірге кеткен кҥйінде қалған. Ӛзінің ең талантты шәкіртін еске алу арқылы
Айша апай Сабырмен байланысты сюжеттік желіні кҥшейте тҥседі. Қарт мҧғалім есіне тҥсірген
Сабырдың «Мәңгі талас, мәңгі дау» атты ӛлеңі оның асқан талант иесі екендігіне куә. Мҧнда
«Қайткенде адам қалады адам болып?» деген жолдар қайта-қайта қайталанады. Ӛмір адамды
кҥрес, соғыс, ӛлім тағы басқа жағдайлар арқылы сынайды. Адам ӛмір бойы адамгершілікке
емтихан тапсырумен ӛтеді. Ең бастысы - қандай жағдайда да адам болып қалу.
Соғыстың соңына қарай Сабыр «Дабыл ҥні ӛшкенде» атты поэма жазады.
Жауынгерлердің рухын кӛтеретін ӛлеңдер жазумен белгілі болған оның бҧл ісін достары тҥсіне
алмайды. Жауды отанының шекарасынан қуып шыққандарына қуанудың орнына Сабырды
«осының қаншама ӛмірді қыршынынан қиып, қаншама қан қазаға душар ететінін байқайсың ба»,
бҧл жеңістің қҧны қанша деген сҧраулар мазалайды. Осы поэмасы ҥшін Сабыр жазаға тартылады.
Тӛрт досының бірі оны сатып жіберген. Бірақ дәл қайсысы екені жҧмбақ кҥйінде қалады.
Тарихшы Мәмбет бҥкіл қойылым барысында сатқын кім деген сҧрақты қайта-қайта кӛтереді.
Бірақ айналасындағыларға бҧл мәселені қозғау керек емес. Барлығы да бҧл тақырыпты жылы
жауып қойғысы келеді. Олар ҧзақ жылдар бойы бҧл адам жайлы әйелдеріне де айтпаған. Бірақ
Сабыр жарылмаған шиқан сияқты бәрінің есінде. Сол себепті сыныптастардың әңгімесі, олар оны
қаламаса да, қайта-қайта Сабырға келіп тіреле береді. Ӛмірден жылы орнын тапқан Исабек пен
Иосиф Патаевичтің айтуларына қарағанда, Сабыр бҧл кҥндері ішіп кеткен, жанҧясынан
айырылған.
Драма кейіпкерлерінің ӛмірге деген кӛзқарастары әртҥрлі. Олар сол себепті де ортақ
нәрселер кӛп болғанына қарамастан, рухани жағынан бір-бірінен соншалықты алыс. Олар ҥнемі
бір-бірімен сӛз таластырумен болады. Сыныптастардың жҥздесуі ҧзақ сағынышпен кҥткен, рухани
жақын адамдардың кездесуі емес. Әңгімелерінен де кӛңілі жақын жандардың шынайы сӛздерін
ести алмаймыз. Олардың дауларының ең басты себебі табынатын қҧндылықтарының әртҥрлі
болуында. Мысалы, жақындығы сӛздерінен аңғарылатын Мәмбет пен Алмагҥл ӛзара қарым-
қатынастың негізі бір-біріне рухани азық бере білуде деп есептейді. Иосиф Патаевич, Исабек,
Мәмбеттің әйелі Әнуар тоғышарлық тҥсініктің шеңберінен шыға алмаған адамдар. Не актрисалық
ӛнердің шыңына шыға алмаған, не ана бақытына қолы жетпеген Гҥлжан ӛзінің осындай
жағдайына қатты қайғырады. Сол себепті автордың негізгі драматургиялық тәсіл ретінде
дискуссияны таңдап алуы бекер емес.
Пьесаны Сабырдың образымен байланысты сатқындық тақырыбы кӛктеп ӛткен. Бҧл
тақырыпты Моцарт пен Сальери жайлы репликалар кҥшейте тҥскен. Фудзиямаға шығу арқылы
пьеса кейіпкерлеріне сатқындық дертінен тазаруға мҥмкіндік туған сияқты. Бірақ олар бҧл
мҥмкіндікті пайдаланбайды. Авторлар пьесаға таудың етегінде тас тиіп қайтыс болған белгісіз
әйел жайлы жаңа эпизод кіргізеді. Нәтижесінде кейіпкерлер бҧл трагедияға әдейі болмаса да кінәлі
болып шығады. Бірқатар сыншылар бҧл кӛріністі артық деп есептеген еді. Бірақ осы эпизод
арқылы драма кейіпкерлері кезекті сынаққа тҥседі. Мҥлдем әртҥрлі кӛзқарастағы адамдар ақыр
соңында ӛздерінің шынайы орнын тапты. Сатқындар қашып кетті, ал адал адамдар қолымен
істегенін мойнымен кӛтермек болып, қалып қойды. Пьесада сатқын мынау еді деп нақты
кӛрсетілмейді. Оның кім екендігі маңызды емес. Авторлардың концепциясы кінәліні тікелей
кӛрсетуден де кеңірек. Кім сатқын деген сҧраққа жауап беру аз. Оқиғаның драматизмі сатқындық
фактісінің ӛзімен тікелей байланысты. Мәмбет сатқын ӛзі емес екенін біледі. Соған қарамастан ол
жақындарының бірінің сатқын болғаны ҥшін рухани кҥйзеліске тҥседі. Ӛйткені адам ӛзінің ғана
кҥнәсі ҥшін емес, бҥкіл адамзаттың кҥнәсі ҥшін де жауапты. Осындай рухани ізденістерімен
Абай атындағы ҚазҦПУ-нің Хабаршысы, «Филология» сериясы, №4 (34), 2010 ж.
56
Мәмбет ӛз жанҧясының материалдық жағынан басқасына бас ауыртпайтын Досбергенге, жолы
болғыш ғылым докторы Иосиф Патаевичқа, жағдайға бейімделгіш Исабекке, тоғышарлық
кӛзқарастағы Әнуарға тҥсініксіз.
Сонымен
Қалтай
Мҧхамеджановтың
драмалары
психологиялық
мазмҧнымен,
философиялық тереңдігімен ерекшеленеді. «Кӛктӛбедегі кездесу» атты драманың кейіпкері Сабыр
ақынның ӛлеңіндегі «Қайткенде адам қалады адам болып» деген жолдарды Қалтай Мҧхамеджанов
драматургиясының лейтмотиві ретінде қабылдауға болады. Оның драмалары мен
комедияларының негізгі тақырыбы адам тағдыры, адамның кемшіліктері, адамның кҥрделі,
қарама-қайшылыққа толы жан дҥниесі. Комедияларында кҥнделікті тҧрмыстың сынына тҥскен
адам кҥлкіге айналдырылады. Драмаларында адам ерекше психологиялық жағдайлар арқылы:
қасиетті тау Фудзиямада («Кӛктӛбедегі кездесу»), жат елде («Жат елде»), қасіретке толы 1937-
жылды еске алуда («Менің дертім») сыналады.
Қорыта келгенде, Қ.Мҧхамеджановтың пьесаларындағы тартыс табиғаты ӛте кҥрделі:
онда адамның жеке тҧлғаны және қоғамды аздыратын келеңсіздіктермен кҥресі барысында
туындайтын қақтығыстар баяндалады. Драматург адам ӛміріндегі кҥнделікті ҧсақ тіршілікпен
қатар қҧдаймен тілдесу сияқты әртҥрлі дәрежедегі кӛріністерді суреттеу арқылы жеке бастық,
жанҧялық, ӛндірістік істердің деңгейіндегі қақтығыстарды жалпыадамзаттық және мәңгілік
қҧндылықтарды сақтап қалу жолындағы тартыс деңгейіне дейін кӛтереді.
1.
Жҧмабек С. Қалтай Мҧхамеджан. Титан драматург. (Замандастар айнасында)
Шығармашылық портрет. – Алматы: «Ӛнер» баспасы, 2007. – 240 б.
2.
Мҧхамеджанов Қ. Ӛзіме де сол керек.// Мҧхамеджанов Қ. Таңдамалы
шығармалар. Ҥш томдық. 2-т. Пьесалар. Портреттер. Ӛнер жайлы ойлар. -Алматы: Атамҧра,
1998 – 72-107 бб.
3.
Мҧхамеджанов Қ. Менің дертім.// Мҧхамеджанов Қ. Таңдамалы шығармалар.
Ҥш томдық. 1-т. Пьесалар. Сахна сазы. Кинофильмдер туралы. - Алматы: Атамҧра, 1998 - 89-
121 бб.
Резюме
В статье рассматривается поэтика конфликта в драматургии К.Мухамеджанова.
Summary
The conflict in K.Muhamedjanou`s dramatic art is considered in the article.
БАЯН-ӚЛГЕЙ ҚАЗАҚ РАДИОСЫНА 45 ЖЫЛ
Д.Баймолда -
ф.ғ.д., Абай атындағы ҚазҦПУ-дың
аға оқытушысы
2010 жылы шілде айында ӛзінің орнағандығының 70 жылдығын тойлаған Моңғолияның
Баян-Ӛлгей аймағы 1940 жылдан бері «ҧлттық аймақ» деген мәртебеге ие. Моңғолия
қазақтарының осы ҧлттық ерекшелігін ескерген Моңғолия ҥкіметі оу бастан қазақ баспасӛзін,
қазақ тілінде хабар тарататын радионы дамытуды қолға алды.
Алтай тауларының бӛктерінде мал бағып, кҥн кӛрістерін тауып келген Моңғолия
қазақтары ҥшін радио ҥкімет саясатын насихаттайтын тиімді қҧрал болумен бірге аймақ
тҧрғындарын ішкі және сыртқы жағдайлармен, тҥрлі оқиғалармен дер кезінде таныстырып
отырды. Яғни халықтың кӛзін ашып, сауатты болуына кӛмекке келді. Ел астанасы Ҧланбатырдан
алғаш рет қазақ тілінде хабар тарату ісі 1944 жылы кӛктем айында басталыпты. Алайда осы
хабардың тҧңғыш тілшісі, редакторы және дикторы кім болғаны туралы мәлім емес. 1947 жылы
Монғолияның Ҧлттық Радиосы аптасына бір рет қысқаша қазақ тілінде тҧрақты хабар таратуды
қолға алып, қазақ тіліндегі алғашқы хабар таратушы–редакторы болып аймақ тумасы Сәдуҧлы
Қабышай істеді. Қазақша хабарды бастабында С.Қабышай ӛзі моңғолша ақпараттарды негізге
алып, хабар дайындап жҥріпті (1).
1950-ші жылдардан Kеңес елінде жасалған «Родина-52» маркалы шағын радио
қабылдағыштардың еркін саудаға шығуына байланысты моңғолия қазақтары моңғол тіліндегі
хабарлардан басқа Қазақстанның қазақша хабарларын да тҧрақты тыңдай бастады ( 2).
Абай атындағы ҚазҦПУ-нің Хабаршысы, «Филология» сериясы, №4 (34), 2010 ж.
57
1950 жылдан бастап Моңғол Радиосы Ҧланбатыр қаласынан қазақ тілінде хабар тарату
аясын кеңейтуді ойластырып, байӛлкелік қазақ жастарын жҧмысқа шақыра бастады. Қазақ тілінде
берілетін алғашқы хабардың уақыты 15 минут болды. Алғашында қазақ тілінде хабар
дайындайтын арнайы штат дайын болмағандықтан Ҧланбатырда оқитын қазақ жастары хабар
дайындауға кӛмектесіп, эфирге шығып жҥрді. Ел астанасы Ҧланбатырдан берілетін 15 минуттық
қазақша хабарларда «Ҥнэн» секілді партия, ҥкімет басылымында жарияланған ресми ақпараттар
оқылатын. Ел астанасы Ҧланбатырдан ӛз ана тіліндегі радиохабарын есту бҧл моңғолия қазақтары
ҥшін ҥлкен қуаныш әрі тарихи оқиға еді. Ӛйткені бҧл кезде әрбір аймақтың ӛз радиотораптары
болды (3).
1955 жылы Сәдуҧлы Қызырбек, Х.Ауғанбай секілді азаматтар, 1957 жылы журналист
Мәлікҧлы Хизат Монғол Радиосына редактор және аудармашы болып қызметке кірді. 1960
жылдан Моңғол Радиосының қазақ редакциясына Әбілмәжінҧлы Хабылахат, Смағҧлқызы
Займкелер тілші болып жҧмыстарын бастады. С.Займке ӛзінің жазған «Алпысыншы жылдар
хабары» атты мақаласында: –Ол кез аймақта радиостанция орнамағандықтан Баян-Ӛлгей
қазақтары ҥшін Ҧланбатырдан моңғол тіліндегі радио хабар бағдарламасына сыйғызып кҥн сайын
30 минут қазақ тілінде хабар берілетін. Аймақ орталықтан алшақ, қәзіргідей кҥн сайынғы әр
жақты қатынас жоқ болғандықтан аймақ ӛміріне байланысты ақпарат мәлімет табылмайтын. Біз
кӛбінде моңғол тіліндегі хабарлар мен «Ҥнэн» газетіне жарияланған материалдарды және
моңғолдың ҧлттық ақпарат агентігі – МОНЦАМЭ-нің моңғол тіліндегі жаңалықтарынан қазақшаға
аударып беретінбіз,– деп еске алады (1).
Ал 1961 жылы қазақ аймағының ӛмірінде алғаш рет Чехословакия елінің техникалық
кӛмегімен аймақ орталығы– Ӛлгей қаласында қазақ тілінде радио хабарларын тарату станциясы
орнады. Ол ҥшін 1435 гц жиілікте хабар тарататын 60 квт кҥш қуаты, 365 метр биік, 47 бӛліктен
тҧратын 170 тоннадай салмағы бар сол жылдары Азия қҧрылығындағы ең биік антенна орнады.
Чехословакияның кӛмегімен салынған бҧл радиостанцияның хабар тарату қашықтығы 500
шақырымдай еді. Яғни қазақша хабар Бай-ӛлкеден алыс Шыңжандағы қазақ бауырларларға,
Ресейдің Қос-ағаш ауданындағы қазақтарға тіптен Шығыс Қазақстанға дейін жететін. Бҧл бір
жағы қазақша хабардың Ӛлгейден берілуін тілеген бай-ӛлке қазақтарының талай реткі орталыққа
жіберген ӛтініш-тілектеріне сай келсе, екінші жағынан 1960 жылдардың басынан Кеңес Одағы мен
Қытай арасында туындаған саяси араздық, келіспеушілікке байланысты Кеңес Одағының ең
жақын досы саналған Моңғолияның батысында Шыңжаңға қаратылған кҥш қуатты
радиостанцияны орнату сол кездегі саяси шешім болғаны тҥсінікті (1).
Моңғолия ҥкіметінің 1965 жылғы 219/242 жарлығымен ҧлттық қазақ аймағында орнаған
алғашқы радио хабарын тарату редакциясы қҧрамына радио релесі және радио хабарын тарату
жҥйесі еніп, редакцияның жауапты редакторы болып Мәлікҧлы Хизат, алғашқы тілшілері ретінде
Әбілмәжінҧлы Хабылахат, Хашқынбайқызы Кҥлдан қызмет істеп кҥніне қазақ тілінде 30
минуттық хабар беріп тҧрды. Х.Кҥлдан соның алдында ғана Алматыдан КазПИ-ді бітіріп келген
болатын. Қазақ радиосы 1989 жылдан бастап кҥніне 1 сағаттық хабар беретін болды және
редактор, 2 тілші, режиссер, оператор, 4 техниктен қҧралған редакция хабардың мазмҧны, сапасы,
техникалық жақтарына жауап берді.
Аймақтағы Қазақ радиосы да бҧл жылдары Моңғолиядағы социалистік ӛмірдің жақсы
жақтарын, социалистік жарысты жалпы социализм мҧратын насихаттаудан жалықпады.
Социалистік ӛмірдің тек бір жақсы, жағымды жақтарын айтумен болды. Бҧл сол кездегі
Моңғолиядағы коммунистік биліктің жҥргізіп отырған саясаты еді. 1986 жылы Мәскеуде
басталған жариялылық яғни қоғамды демократияландыру процессі осы уақытқа дейін Мәскеу
ымымен жҥріп,тҧрып әлемдік оқиғалардан тыс ӛзінше бейғам жатқан Моңғолияны да шарпыды.
Бҧл бір жағы Моңғолияны кеңес одағының идеологиялық бҧғауынан босатса, екінші жағы Моңғол
қоғамы алдына ӛзінше ӛмір сҥруді қарастыруды жҥктеді. Сондықтан баспасӛз, радио,
теледидардың алдында елдегі ӛзгерістерді халыққа насихаттау, тҥсіндіру, сол жолда қоғамдық
пікір қалыптастырып, шығармашылық қал ахуал орнату қажеттігін атап кӛрсетті (5).
Елдегі саяси ӛзгерістер, демократия мен жариялылық, экономикадағы жаңарулар,
әлеуметтік жағдайлар және мәдени, рухани саладағы тоқыраулар аймақтағы баспасӛз, радио
қызметкерлерін серпілтті, олар ҧлттық мәселелерді батыл айтқан мазмҧнды хабарларды кӛбейтті.
Тіпті радио тыңдаушыларының ӛздері қоғамда болып жатқан жағдайға бей жай қарай
алмайтындықтарын білдірген хаттарын кӛптеп тҥсіретін болды. Осындай хаттар радио эфирінен
беріле бастауы мҧң екен бҧл халықтың жаңа ӛмірге деген кӛзін ашуға, қиындықтарды жеңуге жол
ашты. 1989 жылдан бастап қазақ редакциясының хабар беру уақыты екі есеге ҧлғайтылды яғни
кҥніне екі сағат хабар беретін болды. 1990 жылдың басында коммунистік темір тәртіптің шеңгелі
Абай атындағы ҚазҦПУ-нің Хабаршысы, «Филология» сериясы, №4 (34), 2010 ж.
58
босап, шекара ашылуы мҧң екен моңғолия қазақтары ежелгі атамекені –Қазақстанға қарай кӛше
бастады.
Кӛші-қон, тіл мәселелері радионың кҥнделікті бағдарламасында басты тақырыптар болса
ал салт– дәстҥр, дін мәселелері сондай ақ нарықтық экономика мәселелері ең маңызды
тақырыптар қатарында болды. 1937-38 жылдарғы «эсэргуу» яғни саяси қҧғын сҥргін қҧрбаны
болған қазақтар жайында ел ауызында айтылып келген тақырыпты қазақ радиосы кӛтеріп, ӛз
эфирінен хабарлар бере бастады. Бҧл радионың «Тағдыр» айдарымен тҧрақты беріліп тҧрды. Бҧл
кӛпшілік қауымның кӛп жылдары айта алмай ішінде буып келгенін эфирден жариялай бастауы
расында жариялылықтың арқасы еді.
Баян-Ӛлгей қазақ радиосының 1989-2000 жылдарғы бас редакторы қызметін атқарған
бҥгінде Қазақстанға оралған Бодаухан Тоқанҧлы «Бай-Ӛлке радиосы демократиялық кезеңде»
атты естелік мақаласында: Баян-Ӛлгей аймағы қазақ радиосы Моңғолияда тҧратын ат тӛбеліндей
аз қазақтың ҧлттық болмысын сақтап қалуға қазақ мектептерінен кейін зор ҥлес қосқан бірден бір
киелі орны болды деп атап кӛрсетеді. Оның айтуынша социализм дәуірінде Баян-Ӛлгей
радиосында партия саясатын ҧстанғандықтан еркіндік болмағаны рас.Алайда радио ең бергісі
қазақтың тілдік нормаларының қалыптасуына,әдебиеті мен ӛнерінің қанат жаюына зор ҥлес қосты.
Қазақ радиосының басты ерекшелігі елдегі адам қҧқығын қастерлеген демократиялық қоғамның
туын кӛтерісуі осы демократия негізінде бҧрынғы тҥзу сызық,тар шеңбер,бҧлтартпас жол ӛзгеріп
қоғамның барлық саласында еркіндіктің орын тепкендігі сол еркіндіктің алғы шебінде қазақ
радиосының жҥргендігі дейді ол.
Баян-Ӛлгейдегі Қазақ радиосының қәзіргі бас редакторы Сҧраған Рахметҧлының
айтуынша Баян-Ӛлгейдегі ақпарат қҧралдары соңғы бес-алты жылда біршама ӛзгерістерге
ҧшыраған. Жаңадан теларналар ашылып, FM радиолар дҥниеге келе бастаған. Бірақ, бҧл радио
желілері бҥгінгі журналистика талабына жауап бере бермейтін жағдайда. Ӛйткені бҧған дейін
Ӛлгей радиосында жҧмыс істеп кәсіби шеберліктері шыңдалған журналистердің кӛбі Қазақстанға-
атажҧртқа қарай кӛшіп кеткен ал қалғандарының тәжірибесі, кәсіби журналистіктері жетіспейді.
Баян-Ӛлгийде кӛпшілікпен тҧрақты тҥрде дидарласып тҧратын ақпарат қҧралы – «Баян-
Ӛлгей» радиосы ғана. Радио кҥніне жергілкті уақыт бойынша кешкі сағат 21.00-22.00 арасында 1
сағат хабар таратады: Әрі Моңғолиядағы мемлекет қаржыландыратын бірден-бір ақпарат қҧралы–
дейді С.Рахметҧлы.
Чехословакияның кӛмегімен 1965 жылы ашылған радионың қҧрал жабдықтары ескірген.
Мемлекеттен арнайы қаржы бӛлініп, соңғы жылдары радионың қҧрал-жабдықтарына,
компьютерлерге керекті жабдықтар алына бастаған. Бҥгінгі кҥні Баян-Ӛлгий радиосының толқын
жиілігі 15 квттан аспайды екен. Демек, алыс ауылдар қазақ тіліндегі жалғыз ақпарат қҧралының
ҥнін естуге зар болып отыр. Радио директоры Сҧраған Рахметҧлы осы тығырықтан шығудың
жолын былайша қарастырып жатқандығын айтады:- Келешекте радионы ҧлттық деңгейге
жеткізуді кӛздеп отырмыз, Ол дегеніміз – Моңғолия кӛлеміне шығару, уақытын да аздап кӛбейтуді
жоспарлап отырмыз. Онда Шығыс Қазақстан облысының бірнеше ауданы Ӛлгий қазақ радиосын
тыңдайтын болады. Ал Байӛлкеліктер Алматыдағы «Қазақ Радиосы» мен тығыз байланыста
болуды армандайды тіптен соның Моңғолиядағы бір бӛлімшесі іспетті жҧмыс істесек деген
ойымыз да бар. Бҧл әрине екі мемлекеттің ҥкіметтері арасында сӛйлесіліп шешілетін іс болмақ
дейді ол.
Баян-Ӛлгей қазақ радиосының ӛз алдына отау тіккен 1965 жылдан кейінгі жарты ғасырға
таяу мерзім ішінде осындай даму сатыларына ӛтті. Соның әсері болар, ондағы 150 мың
қандастарымыз ӛзінің қазақы келбетін осы кҥнге дейін таза қалпында сақтап отыр. 1991 жылы
Қазақстанға кӛштің басын алғаш бҧрған да осы қазақтар болатын. Қазіргі ресми есеп бойынша
Моңғолиядан Қазақстанға 100 мыңға жуық қазақ оралды. Алайда, Моңғолияда әлі де 120-130 мың
қазақ тірлік етеді. Қазақ топырағынан тыс ӛмір сҥріп жатқан Моңғолия қазақтарының бҧқаралық
ақпарат қҧралдары сӛз жоқ біздің ақпараттық хабар тарату жҥйеміздің бір бӛлшегі іспетті.
1.
Жел, қанат, қҧс. // Ҧланбатыр. -2005.
2.
Баян-Ӛлгий аймгийн нэвтэрхий толь, 2010.
3.
Журнал «Радио» . – 1956. - №4.
4.
«Жаңа ӛмір» газеті. – 1985. - 25/9.
5.
Моңғолия қазақтары. //Шалқар -1994. - №10.
Достарыңызбен бөлісу: |