Абай атындағы ҚазҦпу-нің Хабаршысы, «Филология» сериясы, №4 (34), 2010 ж


алды.  Одан  кейінгі  он  жыл  ішінде  “сауда”,  кітап  шығару  мен  баспа  ісіне  буржуазиялық



Pdf көрінісі
бет12/19
Дата05.02.2017
өлшемі2,34 Mb.
#3456
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   19

алды.  Одан  кейінгі  он  жыл  ішінде  “сауда”,  кітап  шығару  мен  баспа  ісіне  буржуазиялық 
кәсіпкерліктің  енуі  кезінде  мемуаристика  қосымша  қолдау  (стимул)  алып,  оның  басылуы 
тҧрақты  сипат  иеленеді.  Осының  нәтижесінде  мемуардың  жариялануы  авторлардың  кӛзі 
тірісінде,  олардың  белсенді  араласуымен    басыла  бастайды.  Енді  мемуарлар  неғҧрлым 
белгілі  мерзімді  басылымдарда,  соның  ішінде  газет  нҧсқасында,  тарихи  журналдарда    да 
жарық  кӛре  бастайды.  Сонымен  мемуаристің  “авторлық  ӛзіндік  санасы”  деген  сол  уақыт 
ҥшін  жаңа  қҧбылыс  пайда  болады.  Енді  мемуаристер  ӛздерін  толыққанды  әдеби  ӛмірдің 
белсенді  қатысушылары  ретінде  сезіне  бастады.  Мәселен,  XVIII  ғасырда  кҥнделік  жҥргізу 
немесе естелік жазу ісі жария бола бермейтін. Осы дәуірдегі мемуарлық ескерткіштері  XIX 
ғасырдың  алғашқы  он  жылында  ғана  баспа  бетін  кӛргені,  ал  біршама  бӛлігі  реформа 
уақытында басылғаны белгілі болды.  
Сонымен,  мемуаристиканың  жариялылығы  бірден  жҥзеге  аспаған  екен.  Ол  ҥшін 
мемуарлық  туындылар  ҧзақ  жанрлық  дамуды  бастан  кешкен.  Мемуар  оқырман 
кӛпшіліктің  қолына  тиіп,  әр  тҥрлі  басылымдарда  жариялана  бастағаннан  кейін-ақ, 
автордың  жеке  ісі  болудан  қалады.  Ол  енді  рухани  ӛмір-дің  қоғамдық  қҧбылысына 
айналады.  Осыдан  кейін  ғана  мемуарист-публицистің  тҧлғасы  әйгіленіп,  мемуарлар  әдеби 
процеске  ене  бастайды  да,  кӛркемдік-стилистикалық  ағым  мен  дәуірдің  эстетикалық 
болмысында  ӛз  ізін  қалдырады.  XIX  ғасырдың  екінші  ширегінде  тарихилыққа  деген 
қызығушылық ӛсіп, оның принциптері ақыл-ой қызметінде орныға бастаған кезде, мемуар 
қоғамның  тарихи  санасының  бӛлін-бейтін  бӛлшегіне  айналды.  Осыдан  келіп  мемуарлық 
шығармашылықтың  жаңа  пайымдағы  әлеуметтік  белгісі  келіп  шығады:  мемуар  елдің, 
халықтың,  мемлекеттің  тарихи  қозғалысындағы  кезеңдік  мәнді  қҧбы-лысқа  айналды. 
Осының ізінше мемуарлық туындының қҧндылығы, яғни, қоғамның ӛткен тарихты тануға 
деген ықыласы туындайды. Бір жағынан алғанда, мемуарлық шығармалардың “жасырын 
эволюциясы”  оларды  жалпы  қоғамдық  мойындаудан  аулақтатып,  “канондық”  ҥлгінің 
болмауы,  ӛзінен  алдыңғылардан  ҥйрену  мҥмкіндігінің  шектеулігімен  ерекшеленгені  мәлім. 
Жалпы  алғанда,  кҥнделік  пен  естеліктердің  тууы  имманентті,  сабақтастықтан  ада  болып, 
авторлар бір-бірін білмейтіндей, белгісіздік жағдайында болды. Сӛйтіп, әр кезде мемуарлық 
шығармалар жаңадан туғандай  әсер беріп, бҧл оның  даму жылдамдығына кедергі  жасады. 
Яғни, жанрдың туып, қалыптасуы тҧйықталған шеңбер жағдайына ӛтті.  
XX  ғасырдың  басы,  яғни  1917  жылдардың  катаклизмі  мен  одан  кейінгі  жылдар 
Ресейдегі  мемуарлық  дамудың  жемісті  тенденциясын  ҥзді.  Ӛзінің  саяси  қуғын-сҥргінімен, 
идеологиялық  шектеу-лігімен,  кҥштеу  мен  белгілі  тҧлғаларды  қоғамнан  оқшаулауымен 
келген  тоталитарлық  нәубет  мемуарлық  шығармашылықтың  аясын  айтарлықтай 
тарылтты.  Әрине,  осындай  қыспақты  кезеңде  де  естеліктер  мен  кҥнделіктер  жазылды. 
Алайда,  олар  неғҧрлым  аз  болды,  екіншіден  тек  “ӛзі  ҥшін”  ғана  жазылды  немесе  жат 
кӛздерден  алыста  жасырылды.  Естеліктердің  жариялануы  қатаң  цензуралық-редакторлық 
қысымнан  ӛтті.  1920-1930  жылдарға  дейін  біршама  жақын  арада  жазылған  мемуарлар 
жариялануға  жіберілді.  Мәселен,  Ресейдегі  тӛңкерістік  қозғалысқа  қатысушылардың 
естеліктері  жарияланды  да,  кейіннен  олар  мҥлдем  тоқтатылды.  Осылайша  биліктің 
қоғамның  тарихи  жадын  ӛшіруге  ҧмтылуы  мемуаристиканың  жарияланымдық  қызметін 
ҧзақ мерзімге ҥзуіне әкелді.  
Жалпы,  мемуарлар  зерттеушілердің  назарын  ӛткеннің  елесі,  тарихтан  жететін 
ақпарат  ретінде  ертеден  аударып  келеді.  Осы  тҧрғыдан  келгенде  отандық  историография 
бағытында мол тәжірибе орнықты. Сол сияқты мемуардың әр тҥрлі нҧсқаларын, мәтіндерін 
салыстырып,  стилистикасын  анықтап,  тарихи  мәліметтерді  жеке  және  ресми  деректермен 
салғастыру,  нақтылау  жҥргізілді.  Мемуардың  тууындағы  дата,  атрибуция,  туу  жағдайы, 
автордың  оқиғаға  қатыстылығы,  оның  ӛмірбаяны,  әлеуметтік  мәртебесі,  тҧрмыстық 
қатынасы  т.б.  мәселелерді  біз  неғҧрлым  терең  қарастыра  алсақ,  соғҧрлым  ондағы  ӛткен 
дәуір туралы мәліметтерді терең әрі нақты ала аламыз. Ӛз кезінде зерттеуші Н.Эйдельман: 
“Ресей кӛп еске алады, яғни кӛп ойланады. Осыдан келіп ӛз-ӛзін терең тани бастады да ӛзін  

Абай атындағы ҚазҦПУ-нің Хабаршысы, «Филология» сериясы, №4 (34), 2010 ж. 
 
 
64 
 
еркін  сезіне  алды”,  -деп  жазған  [4,340-б.].  Ендеше,  мемуар  ӛткен  мен  бҥгінгінің  арасын 
жақындатып отыратын әдеби-мәдени қҧбылыс болмақ.        
 
1. Вопросы литературы. № 1-2. - М., 1999.  
2.  Эйхенбаум Б.М. О прозе. О поэзии. Сборник статей. - Л., 1986.   
3. Гинзбург Л. О психологической прозе. -Л., 1971.           
4. Эйдельман Н. Из потаенной истории России XVIII-XIX веков. - М., 1993.     
 Резюме 
   В статье рассматриваются этапы формирования и развития русской мемуаристики.  
 
Summary 
    The article analyzed  step formation and development of Russian memorial 
      
 
                                      
 
АБАЙ,  ШӘКӘРІМ  ШЫҒАРМАЛАРЫНДАҒЫ  ТІРЕКТІ ҦҒЫМДАР 
 
 С.Д.Ізтілеуова –  
 филология ғылымдарының докторы, Абай атындағы ҚазҦПУ-нің «Абайтану»  
 ҒЗО-ның жетекші ғылыми қызметкері 
 
Жаратқан  Иеміз  ӛзгенің  жан  дҥниесін  жақсарту  ҥшін,  ӛзге  ҥшін  қайғырып,  мҧңға  батырып, 
кҥйіндіріп,  Жаратушысымен  табыстырып,  тура  жолын  кӛрсетемін  деп  жҥрегіне  махаббат  отын  жандырып, 
ӛзгенің болашағынан ҥміт кҥттіріп, сӛйтіп жҥріп ӛмірден ӛткен Абай сынды жылы жҥректі, ыстық қайрат пен 
нҧрлы  ақыл  иесін  қазақ  жҧртына  сыйға  тартты.  Абайдың  шығармашылық  әлемі  арқылы  оның  жан- 
дҥниесіндегі  ел-жҧртына  деген  ыстық  ықыласы  мен  айрықша  бір  жақындықты  танимыз.  Осы  бір  ерекше  
Абайдың:  
Жҧртым-ай, шалқақтамай сӛзге тҥсін, 
Ойланшы, сыртын қойып, сӛздің ішін. 
Ыржыңдамай тыңдасаң нең кетеді, 
Шығарған сӛз емес қой әңгіме ҥшін, – 
ӛлеңінде  ақын ӛзінің жҧртына деген жан  айқайын  жеткізу болатын. Заманды жӛндеу ҥшін жҧртын  
жӛнге салмақ,   ақынның  бар талпынысы  ішкі-жан дҥниенің сапалы жақтарын    ел-жҧртына насихат ету еді. 
Абай  адам  мен  жҧрт  мҥддесін  қатар  қоя  отырып,    баса  назар  салғаны  адамның  ішкі  әлемі-нің  қыр-сырына 
ҥңілу. Сондықтан  ол былай дейді:  
Бір кісі мыңға, 
Жҥз кісі сҧмға 
            Әлі жетер заман жоқ. 
 Қадірлі басым, 
    Қайратты жасым 
                    Айғаймен кетті, амал жоқ. 
                   Болмасқа болып қара тер, 
                              Қорлықпен ӛткен қу ӛмір. [1, 90] 
Заманға қарап кҥйзелгенімен мәселенің мәні адамның ішкі мазмҧнының  сапасыздығында екендігін 
тҥсінген ақын:  
    Басында ми жоқ
Ӛзінде ой жоқ, 
                       Кҥлкішіл кердең наданның. 
   Кӛп айтса кӛнді, 
        Жҧрт айтса болды – 
                        Әдеті надан адамның. [1, 88 ] 
Адам  мен    халықтың    рухани  әлемін  тҥзететін  оны  ҧштастыратын    білім,  ғылым,  ӛнер,  еңбек  деп 
тҥйіндейді.  Ақынның  әрбір  тҥйінді  сӛздері  әбден  екшеленіп,  ой  сҥзгісінен  ӛтіп,  сарапталған    адамды  тәр-
биелеуге бағытталған ойлар.  Абай отыз екінші қара сӛзінде: Адам кӛңілі шын мейірленсе, білім-ғылым-ның  
ӛзі  де  мейірленеді,  тезірек  қолға  тҥседі.-дейді.  Адамның  жеке  тҧлға  ретінде  жетілуінің  бірден-бір  жолы  - 
білім мен ғылым екендігін  осы қара сӛзінде  терең талдайды.  Ал  отыз сегізінші қара сӛзінде: Кҥл-лі адам 
баласын қор қылатын  ҥш нәрсе бар. Сонан қашпақ керек: Әуелі – надандық, екінші – еріншектік, ҥшінші – 
залымдық  деп  білесің.  Надандық  –  білім  –ғылымның  жоқтығы,  дҥниеден  еш    нәрсені  оларсыз  біліп 
болмайды.  Білімсіздік  хайуандық  болады.  Еріншектік  –  кҥллі  дҥниедегі  ӛнердің    дҧшпаны.  Талап-сыздық, 
жігерсіздік,  ҧятсыздық,  кедейлік  –  бәрі  осыдан  шығады.  Залымдық  –  адам  баласының    дҧшпаны.  Адам 
баласына дҧшпан болса, адамнан бӛлінеді, бір жыртқыш хайуан хисабына қосылады.  
 

Абай атындағы ҚазҦПУ-нің Хабаршысы, «Филология» сериясы, №4 (34), 2010 ж. 
 
 
65 
 
 
ЕЛ   
БОЛМЫСЫН-
ДАҒЫ   БЕС  
ҚАСИЕТ 
 
ҒАДЕЛЕТ 
 
ТАЗА ЖҮРЕК        
 
ТЕРЕҢ  
ҒЫЛЫМ 
 
БОСТАНДЫҚ 
 
МАХАББАТ 
 
Бҧлардың емі, халқына махаббат, халық  ғаламға шапқат, қайратты тҧрлаулы, ғадаләт ісінің алды  – 
артын    байқарлық  білімі,  ғылымы  болсын  [2,  142  ]  –  дейді.  Адам  бойындағы  кері  кетушілікке  себепкер 
болатын қасиеттерді және де оның халықтық сыпат алуы ойшыл ақынды кҥйіндіреді. Абай  ӛзі ӛмір сҥр-ген 
ортасының, елінің  және адамзаттың надандығына тӛзе алмай, ӛзінің мҧң-зарын қағазға тҥсіреді. Бірінші қара 
сӛзінде: «Ақыры ойладым: осы ойыма келген нәрселерді қағазға жаза берейін, ақ қағаз бен қара сияны ермек 
қылайын,  кімде  –  кім  ішінен  керекті  сӛз  тапса,  жазып  алсын,  я  оқысын,  керегі  жоқ  десе,  ӛз  сӛзім  ӛзімдікі 
дедім  де,  ақыры  осыған  байладым,енді  мҧнан  басқа  ешбір  жҧмысым  жоқ».  Ақын  ой  қорыта  келе,  осындай 
тоқтамға  келеді.  Себебі,  қазақ  жҧртын  жӛндеу  оны  рухани  деградациядан  шығару-дың  жолдарын  кӛздейді 
ақын.  Оны  адам  жанын  нәрлендіруден  бастау  керектігін  ақын  бірден  пайым-дайды.  Абай  қара  сӛздерінде 
адам  жанын  рухани  байытудың  жолдарын  терең  танымдық  жҥйемен  жҥйе-лейді.  Адам  жаны  жайлы 
толғаныстарынан  «жан»  ҧғымын  кеңінен  тануға  болады.  Жетінші  қара  сӛзінде:  «Дҥниенің  кӛрінген  хәм 
кӛрінбеген сырын тҥгелдеп, ең болмаса денелеп білмесе, адамдықтың орны бол-майды. Оны білмеген соң ол 
жан адам жан болмай, хайуан жаны болады. Әзелде  қҧдай тағала  хайуанның  жанынан  адамның  жанын ірі 
жаратқан, сол әсерін кӛрсетіп, жаратқаны».  Абайдың осы ойларынан кӛзге кӛрінбейтін абстракциялық, бірақ 
адам ӛмірін айшықтайтын маңызды ҧғымдар туралы мағлҧмат аласың. 
          Менсінбеуші ем наданды, 
           Ақылсыз деп қор тҧтып. 
          Тҥзетпек едім заманды, 
           Ӛзімді тым-ақ зор тҧтып. 
          Таппадым кӛмек ӛзіме, 
           Кӛп наданмен алысып. 
           Кӛнбеді ешкім сӛзіме, 
Әдетіне  қарысып  [1,  132]  -  дейді  ақын.  Абай    сонымен  қатар,  қазақ    ортасының    даму  жҥйесінің 
артта  қалуын  тҥсіне  отырып,  оны  жӛндеудің  кӛздерін    рухани  әлемді  жетілдіруде  деп  есептеді.  Қазақ  
халқының  болмысында  жалпы  дҥниетанымында  рухани таным басты орынға  қойылған. Сондықтан бо-лар, 
адамның  ішкі  жан-дҥниесін  жӛндеу  ҥшін,  адам  ӛзін-ӛзі  тануы  керек  деген  тоқтамға  келеді.  Бҧл    пайымы  
ойшыл  ақынның    тҥркі    дҥниесіндегі  асыл    ойлар    және    қазақтың    ӛзіндік    дара  философиясы  мен 
болмысындағы  рухани дҥниелердің  жемісі. Рухани дҥние  қоғамның  дамуына ӛзіндік әсері етеді. Абай-дың  
жан  айқайының    астарында  халқына  деген  шексіз  махаббаты  жатыр.  Егер  адамда  осындай  сҥйіс-пен-шілік 
болмаса, басқаның жай-кҥйіне  деген мейірім оянбас еді. Абайдың  елін сҥюі  халқының кем-кетігін, рухани 
жоқ-жітігін жамап-жасқап, жетілдіру  болатын, соның негізінде  ел болмысындағы мінді ашық кӛрсете білді. 
Ҧлттық  дҥниетаным мен ҧлттық тағылымды терең бойына сіңірген ойшыл ақынның бағдар-бағыты халқын 
рухани дағдарыстан шығару болатын. Ақынның жан қиналыстарыда осы тарапта айрықша танылады.  
 Жартасқа бардым, 
 Кҥнде айғай салдым,  
       Онан да шықты жаңғырық. 
 Естісем ҥнін, 
 Білсем деп жӛнін, 
           Кӛп іздедім қаңғырып. 
                    Баяғы жартас – бір жартас, 
Қаңқ  етер,  тҥкті  байқамас  [1,  92]–  дейді  Абай.  Абайдың  жан  айқайын,  іштегі  қалың  дертін  ҧғар 
ағайын жоқ, орта жоқ, ҧғатын елі жоқ, сондықтан ол былай дейді:  
 Атадан алтау, 
 Анадан тӛртеу, 
             Жалғыздық  кӛрер жерім жоқ, 
 Ағайын бек кӛп,  
Айтамын ептеп, 
           Сӛзімді ҧғар елім жоқ. 
                    Моласындай бақсының 
Жалғыз  қалдым  –  тап  шыным!  [1,  92]  Қазақ  ортасының  жетіле  алмай  жҥргені  ойшылды  қатты 
толғандырады,  жан  айқайын,  рухани  жалғыздығын  ақын  осылай  береді.  Осы  толғаныстар  ақынның  ӛзімен 
ҥзеңгілес,    рухани  шәкірті  Шәкәрімнің  шығармашылығында  да  ащы  шындықпен  айқындалады.  Шәкәрім 
Абайдың  жан  айқайын  дәл  солай    тҥсініп,халқының  білімсіздігін,  ӛркениетті  ел  қатарына  ҧмтыла  алмай, 
кежегесі кері кетіп, еңбек пен білімділілікті ҧштастыра алмай, рухани жетіле алмай отырғанын айқын танып 
және де осы кҥйден қҧтылудың жолдарын кӛрсете білді. Шәкәрім былай дейді:  
Іздеген ғашық болып бес нәрсем бар. 
Берейін атын атапҧқсаңыздар:  
 Махаббат, ғаделет пен таза жҥрек, 
 Бостандық, терең ғылым, - міне, осылар [3, 423] 
    
                                  
       
 
 
 

Абай атындағы ҚазҦПУ-нің Хабаршысы, «Филология» сериясы, №4 (34), 2010 ж. 
 
 
66 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 Ақынның  ел  бойынан  таба  алмай  отырған  бес  нәрсесінің    жеке  тҧлғаның  жетілуіне  де  қажетті 
қҧндылықтар  екені  сӛзсіз.  Шәкәрім  ел  бойындағы  кемшілікті  кӛре  отырып,  одан  қҧтылудың  жолдарын 
кӛрсетеді.  Қазақ ӛмірінің рухани тоқырауда екендігі, билік басындағы адамдардың халық тағдырын  аяққа 
басулары,  қазақтың  білім  мен  ғылымға  марғаулығы,т.б.  адамзат  ӛркеніне  қазақтың  ілесе  алмай,  кенжелеп 
қалып қоятын кезеңдерін ақын кҥйіне жырлайды. 
Ақыл,  білім,  еңбек,  ғылым,  жаңашылдық,  махаббат,  таза  жҥрек  жетіспей  жатыр.Шәкәрім  халық 
болмысындағы кемшін қалған тҧстарды кӛре отыра, жӛнделудің жолдарында кӛрсетіп отырады. Ел мҥддесі, 
адам  тағдыры  ақынның  ӛзек  жарды  ойынан  туындаған,  ӛмірлік  принциптерін  айқындайтын  ҥлкен 
мәселе.Қазақ  ҧлты  еңбекқорлыққа,  білімділікке,  ғылым  игеруге  ҥйрету  арқылы  тәрбиелеудің  мәні  зор  деп 
есептейді ақын: 
      « Жер жҥзі жабылғанда ғылым жаққа, 
        Қазақ жҥр қҧмарланып қҧр шаттыққа, 
        «Анау—қу, мынау—пысық, мен—батыр» - деп, 
          Айналды бірін- бірі қҧрытпаққа. 
          Ойда жоқ: ``ӛнер біліп, жол табайын ``, 
          Жалмауға жалықпайды ӛз маңайын. 
           Мҧның тҥбі не болар деген жан жоқ, 
           Ҧрлық, ҧрыс, араздық кҥнде дайын» [3, 166]-дейді. 
Ақын халық болмысын,  психологиясын,  мінезін, ішкі  сапалық қасиеттерін шындықпен суреттейді. 
Қазақ қоғамының кемшіліктерін кӛрсете отыра, оның болашағының баяндылығы ел бірлігі, ел еңбекқорлығы 
мен білім мен мәдениеті, рухани дамуында деп есептейді ақын. Халықтың ырыздығы, елі  мен жеріне деген 
дҧрыс  кӛзқарасынан  туындайды  дейді  ақын.  Әрине,  Шәкәрім  кӛтерген  осы  мәселелер  тӛңірегінде  де  Абай 
ойларының  желісін  аңғарамыз.  Ӛйткені  екі  ақынның  да  әлеуметтік  тақырыптарға    жазған  жырлары  қазақ 
болмысын терең толғайды және ел-жҧрттың адамгершілік қасиеттерін арттыру, имандылыққа, тәубеге келу 
тәрбиесі ортақ ойлардан туындаған. 
   Абайдың  руханилық  сарыны  Шәкәрімде  де  ӛзінше  әр  қырынан  тҥрленіп  отырады.Абай 
шығармашылығының  ықпалын  Шәкәрімнің  кез-келген  мәселені  тереңдете,  тіптен  кең  ауқымда  суреттеуде, 
тәрбиелік  –тәлімдік,  танымдық  мәселелер  де  ортақтастық,  жалғастық  тауып  жатқандығын  байқаймыз. 
Шәкәрім  поэзиясының  ӛзіндік  тҥрі  бӛлек,  сан  қырлы,  бояуы  мол,  тілі  жатық,  санаңа  тікелей  әсер  берер 
қуатты ойлары мол. 
      « Сынасын деп жазғанмын
          Сынама деп шатпаймын. 
         Қазақтың мінін қазғанмын, 
         Айтқанымнан қайтпаймын»- дейді ақын. 
   Абайдың жан айқайын жан- дҥниесімен тҥсініп, оған ҥн қоса білген шәкірт Шәкәрімнің ҥні қатқыл 
да,  батыл  да,  ӛткір.  Қиналыстан  гӛрі,  ӛктемдік  басым,келешекке  сеніммен  қарап,  болашаққа  ҥміт  артады 
ақын.  Шәкәрім  ӛмір  сҥрген  кезең  аумалы  -  тӛкпелі,  солақай  саясаттың  адамдардың  рухани  ӛмірін  ҧрлаған, 
жақсы  мен  жайсаңынан  ажыратып,  кӛкейлеріне  ҥрей  мен  қорқыныш  жайлатқан  сҧрықсыз  заман  болатын. 
Адамдарды  Алласынан  алыстатып,  тек  қана  сол  саясаттың  дегеніне  бет  бҧрғызғанын  ақын  жақсы  тҥсінді. 
Ары  қарай  халқының  болашағының  бҧлдырлығын  ақын  кӛре  білді.  Сондықтан  ол  «адам  тҥзеу»  идеясы 
арқылы  адам  ӛмірін  рухани  жӛндеу  мәселесін  кҥн  тәртібіне  қойды.  Алдымен  адамға  бір  жаратқанын  есіне 
алып,  оған  ден  қоюды,  адамның  ӛзінің  ішкі  әлеміне  ҥңілудің  маңыздылығын  жӛн  деп  санады  ақын.  Жеке 
тҧлғаны  тәрбиелей  отыра,  халық  болмысын  кері  кетіретін  надандық  пен  мақтан,  кҥндестік,  кӛзбояушылық, 
кӛре алмаушылықтан арылу, қазақ       баласының  болашақта ӛз орнын тауып, халық игілігіне қызмет 
ететіне сенеді ақын. Сондықтан ол былай дейді: 
              «Қазақтың қайнар даласы, 
                Жетілер оқып баласы. 
               Шошытатын мені сол- 

Абай атындағы ҚазҦПУ-нің Хабаршысы, «Филология» сериясы, №4 (34), 2010 ж. 
 
 
67 
 
                Олардың кҥндес, таласы». 
   Ол  кемшіліктерді  кӛрсете  отыра,  оны  жоюдың  да  жолдарын  алға  тартып  отырады.  Елдің  рухани 
серпілісінің маңызы зор. Рухани тозу, жҧтаң тарту халық ҥшін ең қауіпті. Ол ҥшін адами қҧндылықтар, ар 
мен  ҧжданды  халық  болмысына  берік  орнату  қажет.  Ал  жекенің  жетілуі,  оның  қалыптасуы  қоғамның 
дамуына жол ашады.  Ақ жҥрек пен таза ақыл, еңбек, ынсап, ақ пейіл, мейірім, шыдам, шыншыл, харакет, ақ 
ниет, әділет халық ӛркеніне, қазақ болмысын рухани жҧтаудан азат ететін негізгі тіректер деп есептейді ақын. 
                                        
 
 
 
 
 
 
 
 
   
 
       
       
              
 
 
 
      
 
Мемлекеттің нығаюына, оның қоғамдық ойына әсер ететін фактор  жеке  тҧлғаның рухани дамуы. 
Шәкәрімнің  шығармашылығының  дені  жеке  тҧлғаның  қалыптасу  процессіне  арналған.  Қазақ  жҧртының 
ӛркенниетті қоғам қҧруға  бейімделуін, әсіресе адамның рухани жетілген бейнесін кӛксейді ақын.  
 Қазақ  халқының  ӛркенниеттілікке  жетелеген  Абай  мен  Шәкәрімнің  мҧраларының    ел  мен 
жҧртының кӛлеңкелі тҧстарын жеріне жеткізе сынауының астарында оларға  деген зор сҥйіспеншілік жатыр 
еді. 
 
                 1.          Абай. Екі томдық шығармалар жинағы. Т.1. – Алматы: Жазушы, 2005. 
2.
 
      Абай. Екі томдық шығармалар жинағы. Т.2. – Алматы: Жазушы, 2005. 
3.
 
      Қҧдайбердіҧлы Ш.  Екі томдық шығармалар жинағы. Т.1. – Алматы: Ел-шежіре, 2008. 
 
Резюме 
В  данной  статье  рассматриваются  значимые  понятия  в  творчествах  великого  казахского  поэта-
мыслителя А.Кунанбаева и его поэтического наследника Ш.Кудайбердиева.  
 
Summary 
This  article  describes  the  point  of  emphasis  in  the  works  of  the  great  Kazakh  poet-philosopher 
A.Kunanbayev and his poetic heir Sh. Kudaiberdiyev 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
ТАЗА  АҚЫЛ 
ЕҢБЕК 
АҚ  ПЕЙІЛ     
АҚ   ЖҮРЕК 
ШЫНШЫЛ 
ШЫДАМ 
МЕЙІРІМ    
ЫНСАП 
 
РУХАНИ   
ТІРЕКТЕР 
АҚ  НИЕТ 
ХАРАКЕТ 
ӘДІЛЕТ
 
 

Абай атындағы ҚазҦПУ-нің Хабаршысы, «Филология» сериясы, №4 (34), 2010 ж. 
 
 
68 
 
 
Б.Қ. Қапасова 
ПМПИ, Павлодар қаласы 
 
 
ҚАЗАҚ БАЛАЛАР ФОЛЬКЛОРЫ: ҚОҒАМ МЕН КӚРКЕМ БЕЙНЕ 
 
Фольклор  мен  ауыз  әдебиеті  ҥлгілері  де  ҧрпаққа  рухани,  танымдық  тәрбие  беруде 
ӛзіндік  әсер  етіп  келгені  белгілі.  Кейінгі  кеңестік  кезеңде  партия  социализмге  берілген, 
болашақ коммунизм қҧрылысшыларын дайындау талаптарын басшылыққа алды. Әдебиеттің 
негізгі міндеті ӛнер екендігі назардан тыс қалды. Осы тҧста әдебиеттің ең басты міндеттерінің 
бірі баланы ортаға бейімдеу, қоғам талаптары мен бала қажеттілігін, ыңғайын сәйкестендіре 
білу, соған қарай әрекет ету мәселесін талдау басты орынға шықты. Кеңестік кезеңде кейіпкер 
бейнесі  тҥрлі  оқиға  ҥстінде,  психологиялық  және  логикалық  тартыста,  кӛркем  тҧрғыдан 
неғҧрлым  толық  ашылды  деуге  дәлел  болатын  туындылар  жазылды.  Әдебиеттегі  кейіпкер 
қалыптасуы,  жасалуы  да  қоғамға  қатысты  болып,  қоғамдағы  әр  кезеңнің  кӛркем  туынды 
жасайтын  оқиғалары  және  соған  орай  кӛркем  тҧлға  жасауға  негіз  болатын  мінез 
ерекшеліктері кеңірек қамтылды.. 
Жинақтап  айтар  болсақ,  қоғамның  әр  саласының  сипатын  танытатын  кӛркем 
бейнелердің  тҥрлі  ерекшеліктеріне  қарай  ортаға  ыңғайлануы  немесе  сол  ортаға  қарсылығы, 
сол  ортаны  жасаудағы,  сол  ортаға  елді  ҧютудағы  орны  т.б.  қоғам  мен  кӛркем  кейіпкер 
арақатынасы  суреттеледі.  Әрине,  ең  бастысы,  балалар  бейнесінің  жасалуындағы  тың 
ізденістер  кӛбіне-кӛп  жолбасшы  бола  алады.  Сондықтан  да,  кӛркем  бейненің  ортамен 
қатынасын кӛрсетуде  заман  ӛзгерісі,  ӛмір  тынысы кӛркем  бейненің  жан  дҥниелері  мен  ішкі 
сезім иірімдері болып шығады. Бҥгінгі кӛркем бейне бала-ертең қоғамды жасаушы. Осыдан-
ақ, ел-ҥміті, халық-тілегі, ҧлт-арманы балалар шығармаларындағы тҥйін бҥгін ҥйдегі отырған 
бала ертеңгі ел тізгінін ҧстар азамат ретінде ӛзін қалай ҧстауы керек, нені білуі керек, қандай 
мінез-қҧлық  сипаттарын  басты  ҧстаным  етуі  қажет,  азаматтық  тҧлғасына  қажет  қасиеттер 
қандай деген мәселелер арқылы орта талаптары шығады. 
Адамзат баласы әдебиетті ӛнер туындысы етіп қабылдауда тек қана ӛнердің қағидасы 
жақсылыққа бағыттау, ізгілікті мҧрат ету идеясын ҧстанғаны белгілі. Басқа кезеңдерді былай 
қойғанда қазақ қоғамының неғҧрлым бірізді, бір идеяны жалпылай ҧстанған тҧсының жемісі - 
ауыз  әдебиеті  мен  фольклордағы  шығармаларға  талдау  жасауда  кейіпкерге  ӛсу,  даму  ҥшін 
керекті  мінез  -  қҧлық  сипаттары  сӛз  тыңдап,  ақыл  айтыла  бастаған  кҥннен  бастап  бірге 
жҥретініне кӛз жеткіземіз.  
-Тҥлкі, тҥлкі, тҥлкішек.. 
Тҥнде қайда барасың? 
-Апам ҥйіне барамын. 
-Апаң саған не береді 
-Ешкі сауып,сҥт береді. 
-Оны қайда қоясың? 

Абай атындағы ҚазҦПУ-нің Хабаршысы, «Филология» сериясы, №4 (34), 2010 ж. 
 
 
69 
 
-Тал тҥбіне қоямын 
-Қасқыр ішіп кетсе қайтесің? 
-Жылай-жылай қоямын. 
Балаға  кҥнделікті  ӛмір  ағысы  тҥсіндіріледі,  яғни  барлық  адамдардың  да  тыныс-
тіршілігі  ортақ,  ас,  тамақ  қажеттілігі,  туыс-туысқандық,  жақындық  міндеті,  парызы  туралы 
айтылып келіп, соңында қолда барды сақтай білу, қорғай білу, идеясы беріліп, егер сақтауға, 
қорғауға шама, мҥмкіндік келмеген шақта не істеу керек деген дҥниені шешеді. Қиындыққа 
шыдау,  тағдыр  деп  халық  атаған,  алдын-ала  сызылған,  маңдайға  жазылған,  о  бастан 
белгіленіп  қойған  істен  қашып  қҧтыла  алмас  адамзат  баласының  да  пенде  ретіндегі 
дәрменсіздігі  айтылады.  Бҧл  халықтың  «Жазмыштан  озмыш  жоқ»  деген  ғасырлар  тҥйген 
ойын бала санасына, бала қабылдауына сай жеткізген.. Сондай-ақ, фольклорда да бала жасын, 
ортасын басты назарда ҧстай білген. 
Қазақ халқы ӛз дҥние танымын, тҥсінік, тағлым-тәрбиесін балдырған сӛз ҧға бастаған, 
айналаны  байқай  бастаған  шақтан  санасына  сіңіре  бастайды.  Баланың  жас  ерекшеліктерін 
ескеру,  қабылдау,  тҥсіну,  ойлау  қабілеттері  шебер  сәйкескен  бҧл  жырлар  -  қай  кезеңде  де 
балалар  ӛлеңдері  ҥшін  классикалық  ҥлгілер.  Айналаны  танып,  ортаның  ерекшеліктерін, 
қасиеттерін  білуге  талпыныс  жасай  бастаған  балдырғанға  санауды  ҥйрете  бастайды.  Қазақ 
балалар фольклорында балалар санамағының бірнеше тҥрлері бар. Басты мақсаты балаға сан 
ҥйрету болса, келесі кезекте тілін жаттықтыру, ойлау қабілетін ҧштау, айналаны таныстыру, 
әр  затқа  қалай  қарап,  қандай  қатынас  жасауды  ҥйрету  т.б.  қызметтерін  ескерсек,  бала  ҥшін 
міндетті тҥрде қажет туынды екені сӛзсіз. Сондай санамақтардың бірінде  
-Бір дегенім-білеу, 
-Екі дегенім-егеу, 
-Ҥш дегенім-ҥскі, 
-Тӛрт дегенім-тӛсек, 
-Бес дегенім-бесік, 
-Алты дегенім-асық
-Жеті дегенім-желке, 
-Сегіз дегенім-серке, 
-Тоғыз дегенім-торқа, 
-Он дегенім-оймақ
-Он бір қара жҧмбақ, - деп тҥйеді. 
Бҥлдіршінге  айналасындағы  әр  затты  мынау-білеу,  мынау-егеу,  мынау-ҥскі  немесе 
мынау-серке,  мынау-оймақ  деп  кӛзге  кӛрінер  заттарды  таныстыра  отырып,  әр  заттың 
ерекшелігін,  қызметін  тҥсіндіреді.  Таныстыратын заттар-  кҥнделікті  бала  пайдаланар, қажет 
дҥниелер.  Бірден  бастап,  онға  дейінгі  сандарды  санауды  ҥйретіп  қана  қоймай,  алғашқы 
дҥниетанымдық  тҥсінік  бастауы  да  байқалады.  «Он  дегенім-оймақ,  Он  бір  қара  жҧмбақ»  - 
болып  аяқталуы  қоршаған  ортадағы,  дҥниедегі  бар  затты  тану,  ҧғу,  білу  мҥмкін  емес,  біз 
ҧқпайтын, тани алмайтын зат, дҥние бар деген ой әліппесінің алғашқы беті ашылады. Әлемде 

Абай атындағы ҚазҦПУ-нің Хабаршысы, «Филология» сериясы, №4 (34), 2010 ж. 
 
 
70 
 
адамзат  тани  алмайтын  зат,  қҧбылыс  бар  екендігі,  адам  баласы  дҥние  тҧтқасы  бола 
алмайтындығы сыналап санаға сіңіріле бастайды. 
Қазақ  балалар  лирикасында  толық,  талдау  жасалуды  қажет  ететін,  ҧрпақ,  әдебиет 
ҥшін  әлі  де  қызмет  етеді  дейтін  ӛлеңдер  аз  емес.  Тіпті  бір  ғана  ауыз  әдебиеті  ҥлгілерін 
толығымен  алсақ  та  бала  ҧғымына  негізделген,  тілі  тҥсінігіне  сай,  азамат  ретінде 
қалыптасуына қажет туынды деп кез келгенін алсақ та қателеспесіміз анық. Жазба әдебиетте 
дәстҥр  жалғастығының  озық  ҥлгілері  де  мол.  Кӛркем  бейненің  ашылуының  шығармадағы 
негізгі  бӛліктері:  тақырыптық-идеялық  сипат  пен  кейіпкер  бейнесі  десек,  сан  тҥрлі 
ерекшеліктен  әр  қаламгердің  айқын  стилін,  тҥрлі  бейнеге  лайық  сан  алуан  ой,  тҥйіндерін 
табамыз.  Ал  кӛбірек  сынға  ілінген  балалар  ӛлеңдеріндегі  тақырып,  идея  тіпті  кейіпкер 
мінезіндегі ҧқсастықтар ақын стилінің әлсіздігінен емес, «Ортақ біздің ҥйіміз, Тӛбемізде кӛк 
аспан»  мен  «Советтік  менің  ӛз  елімнің»  тіршілігіндегі  мақсат,  бір  міндет,  бір  қалып,  яғни 
біркелкі ортақ жҥйенің әсері.  
Қазақ балалар  лирикасының жанрлық жағынан  толығуы  әр  кезең, қоғам шындығын, 
сипатын  кӛрсетуімен  ҧштасып  жатады.  Әдебиеттегі  тҥрлі  тақырыпқа  арналып,  сан  алуан 
сандалған ҥлкенді-кішілі бейнелер де жанр табиғатының ауқымын кеңейтуге қызмет етті. 
Лирика  -  сӛз  ӛнерінің  бір  тҥрі,  адамзат  тілі  ӛнерінің  жарқын  ҥлгісі.  Ӛлең  ақынның 
эмоциялық  ойын  ғана  емес,  ішкі  жан  дҥниесіндегі  қоғамдық  сананың  сипатын  сыртқа 
шығарады.  Эмоциялық  ақыл  медитативті  ойды  ақын  тҥсінігінің  қоғамдық-тарихи  сипатын 
ашады.  Кейіпкердің  қоғамдық  тҥсінігі  қоғамның  барлық  қабаттарын  қамтиды,  тарихи, 
әлеуметтік  ӛмірінің  жағдайларынан  қҧрылады.  Сондықтан  да  бір  қоғамда,  бір  кезеңде  ӛмір 
сҥретін  адамдар  ҥшін  бірқатар  ортақ  ерекшеліктер мен  заңдылықтар  тән.  Дегенмен  енді бір 
қоғамдағы  адамдардың  ендігі  бір  ортасы  -  жан-дҥние  сипаттарына  қарай  жекелік 
айырмашылықтарға  ие.  Шығарма  жанрының  ӛзгешілігі  қозғар  тақырып  тҥпкі  ой,  стиль, 
кӛркем  бейне  ерекшеліктерін  қамтиды.  Жалпы  жанрдың  ӛзі  автор  ҧстанымының  да 
кӛрсеткіші.  Осы  тҧрғыдан  келгенде,  балалар  шығармалары  ересектерге  арналған 
туындылардан  кӛп  ӛзгешеленеді.  Бҧл  әсіресе  лирикалық  шығармаларға  қатысты.  Себебі 
әдебиет  таным,  тҥсінік,  тәрбие  ретіндегі  қызметін  балалар  ҥшін  лирикалық  туындылардан 
бастайды.  Ал  лирикалық  туындылардың  жалпы  әдебиеттегі  жанрға  қарай  жіктілісі  басқа 
әдебиет  текстерінен  әлдеқайда  кең.  Қазіргі  қазақ  балалар  әдебиетінде  фольклордың  барлық 
тҥрін  кездестіруге  болады.  Бҧлардың  мән-маңызы  ҧлттық  сана,  дәстҥр,  тағылым,  тәрбие 
қҧралы болуымен бірге: 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   19




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет