Тҥйін
Мақалада неміс, қырғыз тілдеріндегі екпіннің таралуы туралы мәселе қарастырылған.
Summary
In this article accent realization in German and Kirghiz languages is considered.
Абай атындағы ҚазҦПУ-нің Хабаршысы, «Филология» сериясы, №4 (34), 2010 ж.
45
ТҤРКІ ТІЛДЕРІНІҢ ЖІКТЕЛУ ЖӘНЕ ГРАММАТИКАЛЫҚ ТҦЛҒАЛАР ЖАЙЫНДА
К. Шаймерденова –
Л.Н.Гумелов атындағы Еуразия ҧлттық университеті
Тілдік зерттеулер негізінен екі бағытта жҥргізіліп келеді: бірі - тілді басқа ғылым
салаларымен (психология, мәдениеттану, әлеуметтану, когниталогия, логика, философия, елтану,
тарих) байланысты зерттеу; екіншісі-тілдің қҧрылымдық жҥйесін тереңірек және ҧлттық тілдің
табиғатын толық ашып кӛрсету мақсатындағы тілдік бірліктердің тҧлғасы мен мазмҧндық жағын,
олардың арақатынасын тілдің ӛз заңдылықтары тҧрғысынан қарастыру.
В.В.Радлов тҥркі тілдерінің фонетикалық жҥйесіне сҥйене отырып, оларды: 1. Шығыс
группа, 2. Батыс группа, 3. Орта Азия группасы, 4/ Оңтҥстік группасы деп 4 топқа бӛлген.
Профессор В.А.Богородицкий тҥркі тілдерін орналасқан географиялық орнына қарай
бӛлуді ҧсынған. Ол 7 топқа бӛледі. С.Е.Малов тҥркі тілдерін 4 топқа бӛледі: 1. Ең кӛне тҥркі
тілдері, 2. Кӛне тҥркі тілдері, 3. Жаңа тҥркі тілдері, 4. Ең жаңа тҥркі тілдері. Тҥркітануда тҥрліше
топтастырулар бар. Солардың ішінен Н.А.Баскаковтың жіктеуіне бҥгінгі кҥнге дейін ғылыми
ӛзгеріс енген жоқ. Ғалым классификациясында тҥркі тілдерінің тарихын, қазіргі жағдайын,
этникалық қҧрамын толық есепке алуды ҧсынған. Н.А.Баскаковтың жіктеуі: 1. Батыс хун. 2.
Шығыс хун. Батыс хун тілдеріне: бҧлғар тобын, оғыз тобын, қыпшақ тобын, қарлҧқ тобын, ал
шығыс хун тілдеріне: ҧйғыр-оғыз тобы, қырғыз-қыпшақ тобын жатқызады. Тҥркі тілдеріндегі
тҥбір морфемалардың фонетикаалық қҧрылымын жан-жақты қарастырған Н.А.Баскаков тҥркі
тҥбірінің СVС тҧлғалы болып келетіні жайлы қарақалпақ тілі деректері негізінде дәлелденген
болатын.
Туыстығымен бірге бҧл тілдердің әрқайсысы бір-бірінен ӛзіндік (фонетикалық,
лексикалық, грамматикалық) ерекшеліктерімен де жіктеледі, бӛлінеді. Грамматикалық,
морфологиялық жайын салыстыру арқылы әр тілдің сӛз таптарында грамматикалық тҧлғалардың
ерекшелігін, тҥрлі кӛрістерін тілдік деректерден, тҧлғалардан анық байқауға болады. Сӛз
таптарының ішіндегі кең кӛлемді, ауқымдысы – етістік. Барлық тҥркі тілдерінде етістік сӛз
табының кӛптеген категориялары белгілі. Етістік – қимыл-әрекетті, қалып пен кҥйді білдіретін,
етіс, рай, шақ, жақ, сан, болымсыздық категорияларын арнайы грамматикалық тҧлғалар жҥйесі
арқылы білдіре алатын сӛз табы. Етістіктің есімдерден грамматикалық тҧлғалар арқылы
бӛлектенуі тҥркі тілдерінде бір сипатта ӛтеді. Оның себебі: етістіктердің есімдерден негізгі
жіктелісі ататіл, негіз тіл дәуірінде басталған ҥдеріс.
Етістіктің аталған категорияларының ішіндегі рай категориясы кӛп сӛз етіледі. Рай
категориясы рай тҧлғаларынан тҧрады. Қазақ тілі оқулықтары рай категориясын әдетте былай деп
анықтайды: сӛйлеуші лебізінің я сӛйлеуші пікірінің ақиқат шындыққа қатысын білдіретін тілдегі
тиісті фонетикалық, лексикалық, грамматикалық тәсілдер арқылы берілетін амал-тәсілдерінің
жҥйесі етістіктің райы деп аталады [1]. Рай категориясының мазмҧны мынадай бӛліктерден
тҧрады: 1. Іс жайлы хабар - бҧл мән ең алдымен ашық рай тҧлғалары арқылы беріледі, 2. Істің
істелу мҥмкіндігін, оның орындалу дәрежесін білдіру - бҧл мәндер қалау, шартты райлар тҥрлері
арқылы беріледі. Тҥркі тілдері грамматикаларында рай тҥрлері әр тҥрлі болып келеді. Олардың
саны 4-тен 12-ге дейін жетеді. Мысалы, қарайым тілінде тӛрт тҥрлі рай кӛрсетілген – ашық,
бҧйрық, қалау, шартты райлар, қазақ тілінде негізінен осы райлар аталып жҥр. Ал гагауз тілінде
бҧлардан басқа мақсат (міндет-долженствовательное наклонение) райы бар. Якут тілінде он тҥрлі
рай аталады: ашық рай, бҧйрық рай, шартты рай, мҥмкіндік рай, бекіту (қостау) рай, мақсат рай,
болмаған не істелмеген істі білдіру райы, әдеттегі болған істі білдіру райы, ҥндеу райы, болжау
райы т.б., әзірбайжан тілі мамандарының бір тобы бҧл тілде тӛрт рай тҥрі бар десе, екінші бір
тобы он екі рай тҥрі бар деп кӛрсетеді.
Қалау рай (оптатив) тҥркі тілдерінде қалау рай мәнін туғызатын тҧлғалар деп мыналар
аталады: -ғай, -ай, -асы, -а,-са, -сар. Қалау рай мағыналарының берілу тәсілдері бірдей емес. Сібір
мен Алтайдағы тҥркі тілдерінде қалау рай мәндері жекеше, кӛпше I жақта, кейде I, II жақтарда
кӛрінеді. Ал I, II, III жақтарда бірдей қалау рай мәні ӛте сирек ҧшырайды. Тҥркі тілдерінде кӛп
таралған қалау рай тҧлғалары –ғай, -ай, -ғой кӛне тҥркі тілінде келер шақ мәнін туғызып, жиі
қолданылған. Қазіргі тҥркі тілдерінде де бҧлар кең қолданылады. –ғай тҧлғасы етістік тҥбірге
жалғанады да, одан кейін –мын, -сың, -быз, -сыз,-сыңдар, кей тілдерде III жақта –лар кӛптік
Абай атындағы ҚазҦПУ-нің Хабаршысы, «Филология» сериясы, №4 (34), 2010 ж.
46
жалғауы жалғанады. –ғай тҧлғасының тҥркі тілдеріндегі жіктелу ҥлгісі қазақ тіліндегі ҥлгіден
алшақ емес. Мысалы, алғаймын, алғайсың, алғай, алғаймыз, алғайсыздар, алғайсыңдар, алғай. Бҧл
тҧлғаның нақ осындай жіктелу жҥйесі ортағасырлық жазба тілдерінде қолданылған. Салар тілінде
бҧл тҧлға –ғыйы тҥрінде айтылады: алғыйы, якут тілінің грамматикасында «возможное
наклонение» дейтін рай тҥрі айтылады. Бҧл жалпы тҥркілік қалау рай тҧлғасы –ғайдың ӛзгерген –
айа, -эйе,-ойо,-ойэ нҧсқасымен жасалатын рай тҥрі: мин бара-йабын, ен бара-йағын, бҧйрық рай:
мен барғаймын, сен барғайсың, ол барғай. Осы аффикстің фонетикалық нҧсқасы –ай, -ый тҥркі
тілдерінің кӛпшілігінде қолданылады: әзірбайжан: алым, қазақ: алайық, татар: алыйым, чуваш:
пулам (болайын), якут: ылым(алайым). Кӛне тілдерде де қолданылған: кӛне тҥркі тілі: йатайын,
олдрайын, алай, білай, орта ғасыр жазбалары: ӛлдҥрейім, варайым, йашурайын, алай, кӛрейім,
иэгелім, берейік т.б. Бҧл аффикс –алы тҥрінде де айтылады. Бір тілдің ӛзінде –ай, -ғай, - алы
тҥрінде жарыса қолданылуы бар: қазақ тілінде: барғаймыз, барайық, баралық. Осындай қолданыс
тҥркі тілдерінің біразында кездеседі. Дегенмен, нҧсқалардың әрқайсысының ӛзіне тән қолдану
шегі бар: егер –ғай барлық ҥш жақта айтылып қолданылатын болса, -ай,-алы нҧсқалары I жақта
ғана айтылады, қазақ тілінде: барайын, баралық, барайық; қырғыз тілінде: жазалық; башқҧрт
тілінде: қарайым (қараймын), һәйләшейік (сӛйлесейік).
Қалау рай тҧлғаларының жақ жалғауларын қабылдау тәртібі біріңғай емес: -ғай тҧлғасы
осы, келер шақ тҧлғаларының ізімен жіктеліп, соларға жалғанатын жақ жалғауларын қабылдаса
(барғай-мын, барғайсың, барғаймыз), -ай тҧлғасы мен –алы тҧлғасы жедел ӛткен шақ тҧлғасының (
–ды) ізімен жіктеліп, соған тән қосымшаларды қабылдайды: барайық, баралық. Бірақ –ай тҧлғасы
жекеше I жақта шығу тегі белгісіз –ын тҧлғасын қабылдайды. Бҧл тҧлғаның арғы негізі қандай
тҧлға екені жайлы айқын пікір жоқ. Мҥмкін, бҧл да –ым тҧлғасының бір нҧсқасы, соңғы
элементология жасаудың нәтижесі болар. Тҥркологияда бҧл туралы осындай пікірлер айтылады.
Екінші жағынан, осы тҧлғаны барғаймын тҧлғасының ӛзгеріске тҥсуінің нәтижесі деп қарауға
болмас па еді: бар+ғай+мын > бар+(ғ) ай+мын > бар+ай (м) ын (бар+ай+ын). Ғ дыбысының кӛп
буынды сӛздер қҧрамында әлсіз, тҧрақсыз екендігі белгілі жай. Дәлелдеуді қажет ететін ерекшелік
–м дыбысының жоғалып кетуі. Мҧны ҧқсас тҧлғаларды бір-бірінен жіктей айтуға ҧмтылудың
нәтижесі қарауға болады. Грамматикалық мәні ӛзгеше болса да, келер шақ тҧлғалары осыған ҧқсас
жолмен ӛзгереді. Қалау райлы мәнді жақ мағынасынан жіктеп, ерекшелеп айтуға ҧмтылудан
осындай тҧлғалық ӛзгеріс пайда болады.
А.Н.Кононов: Етістіктің келер шағын есімше, шартты рай, қалау райдың қатынасымен
қарайды. Кӛне ҧйғыр жазуы ескерткіштеріндегі тілдердің қалау райы: алғай (алғай), бірейін
(барайын), ішідәлелім (естиік), алайын (алайын), білейн (білейін), болайын (болайын), тегмекей
(тимегей), келмекей (келмегей). Тҥрік, әзірбайжан, гагауыз тілдерінде келер шақ мәнінде
колданылатын –асы тҧлғасы сол тілдердің ортағасырлық кҥйінде қалау рай жасаған. Мысалы, ал-
асы-бын, ал-асы-сән, ал-асы, ал-асы-быз, ал-асы-сыз,-ал-асы.Бҧл тҧлға кейінгі даму барысында
тҥгелдей келер шақ мәнін алып, орнығып қалған. Дегенмен, оның шақ тҧлғасы ретінде орнығуы
ерте кезден болған қҧбылыс. Махмҧд Қашғари сӛздігінде йа қурасы оғур – жақ тартатын уақыт
тәрізді деректер кӛптеп келтірілген. Ал мҧндай қолданыстар жаңағы тҧлғаның шақ тҧлғасы
ретінде орнығуына дәлел болады. Осы сӛздіктегі тек қана таза келер шақ мәнінде қолданылатын
қосымша –ғай,-гей,-қай,-кей кейде соңғы –й дыбысынсыз да қолданылуы ҧшырасады. Бҧл
қосымшамен келген етістіктер болжалды уақытты да, сӛйлегеннен кейін кӛп ҧзамай болуға тиісті
істі де білдіруі мҥмкін. Мысалы, Ол йа қурғай – ол ҥй салса етті; Ол меңе келгей – ол маған келгей
еді. Бҧл тҧлғаның ерекшелігі I, II жақтарда жақ жалғауынсыз қолданылады, сӛйлемнің қай жақта
айтылғандығын оның қҧрамындағы жіктеу есімдіктерінен белгілі болады. Қазақ тілінде
қолданылатын осындай тҧлға келер келер шақ мәнін де қосады. Мен барғаймын – тілек,
сенімсіздік. Соңғы модальдық XI ғасырдағы тҥркі тілдеріндегі осы қосымшаның болжалды уақыт,
мезгіл мәнінен шықса керек. Қазақ тіліндегі бҧл қосымшаның 2-ші ерекшелігі – дара
қолданылғанда жіктік жалғауларын қабылдайды. Негізінен, қалау рай мен бҧйрық райлары
«Диван» тілінде кейде тҧлғалық тҧрғыдан ерекшелінбейді. Морфологиялық тҧлғалардың мәні
контекске қарай ажыратылып, я қалау мәнінде, я бҧйрық мәнінде ҧғынылады. Сондай тҧлғаның
бірі- а(йын), е (ейін). Қазақ, қарақалпақ тілдерінде –ғай, -гей, -қай,-кей; қырғызда –гай; ӛзбекте –
ай, -ғай; ҧйғырда-ғай, -гәй, -қай, -кәй. Қырғыз тілінде осы аффикстен кейін эле кӛмекші
етістігімен қосылып айтылады. Қалау райдың жіктік жалғауымен айтылуы:
Жекеше тҥрі: Қазақ тілінде: мен барғаймын, сен барғайсың, ол барғай; қырғыз тілінде:
мен барғай элем, сен барғай элен, ал барғай эле; ӛзбек тілінде: мен борғайман, сен борғайсан, у
борғай;
Кӛпше тҥрі: Қазақ тілінде: біз барғаймыз, сендер барғайсыңсыңдар, олар барғай; қырғыз
тілінде: биз барғай элек, сиздер барғай элеңиздер, алар барғай эле; ӛзбек тілінде: биз борғаймиз,
Абай атындағы ҚазҦПУ-нің Хабаршысы, «Филология» сериясы, №4 (34), 2010 ж.
47
сиз борғайсиз, олар борғайлар. Етістіктің тҥбіріне –қы,-кі,-ғы,-гі аффикстері, олардың соңына
тәуелдік жалғаулары қосылып, оған кел етістігі тіркеседі. Қазақ тілінде: I оқығым келеді,
оқығымыз келеді, II оқығың келеді, оқығыларың келеді, III оқығысы келеді, оқығылары келеді;
қырғыз тілінде: I алгым келет,алгыбыз келет, II алгың келет, алгыңар келет,III алгысы келет,
алгысы келет.
Қазақ тілінде қалау райдың мынадай да жасалу жолдары бар: -са,-се аффиксі қосылған
шартты райлы етістік игі еді сӛздерімен қосылып, ол барса игі еді тҥрінде де айтылады.
Қарақалпақ, ҧйғыр тілінде шартты райлы етістік е кӛмекші етістігімен тіркесіп айтылып, қалау
рай мағынасында қолданылады: алседи (алса еди), барседиң (барса едиң), кӛрседи (кӛрсә еди).
Ноғай тілінде: -гъы, -ги,-къы,-ки. Осы –гъы жҧрнағы тәуелдік жалғауы және кел кӛмекші
етістіктің тіркесуі арқылы жасалады. Жекеше тҥрі: I баргъым келеди, баргъым келди, баргъым
келген (я хочу пойти, мне хочется пойти; я хотел пойти, мне хотелось пойти), II баргъынъ келеди,
баргъынъ келди, баргъынъ келген ( ты хочешь пойти, тебе хочется пойти; ты хотел пойти, тебе
хотелось пойти), III баргъысы келеди, баргъысы келди, баргъысы келген (он хочет пойти, ему
хочется пойти, он хотел пойти, ему хотелось пойти).
Кӛпше тҥрі: I баргъымыз кел//ди//ген (мы хотим пойти, нам хочется пойти), II
баргъынъыз кел//еди//ди//ген (вы хотите пойти, вам хочется пойти), III баргъылары
кел//еди//ди//ген (они хотят пойти, им хочется пойти).
Н.А.Баскаков қарақалпақ тіліндегі қалау рай туралы: «Параллельно с формой на –асы,-еси
в каракалпакском языке встречается более древний вариант этого аффикса –гъы/сы,-ги/си,
который позволяет предположить, что происхождение этой формы связано с аффиксами, с одной
стороны, -гъы,-ги т.е. аффикса имени действия и с другой -сы,-си образующими в своем сочетании
формы субстантивированного причастия желательного наклонения, например, ал-брать, взять,
ал-гъы-сы: сенин алгъысынъды алдым – я получил то, что должен был взять; то,что ты должен
мне. В отношении генезиса формы на –гъы –сы, -ги-си и –а-сы, -е-си а также повидимому
морфологический редуцированной современной формы желательного вида на –гъы(сы), -ги(си) +
аффиксы принадлежности, исторически совпадающей с первым вариантом данной формы на –гъи-
сы, ги-си, можно предполагать, что все эти аффиксы являются вариантами более старой его формы
на –гъы-сы, -ги-си, состоящей и аффикса имени действия -гъы,-ги и аффикса -сы,-си, образующего
форму стремления, желания» деген Сонымен қатар саха (якут) тіліндегі -ыыһы тҧлғасы осы –
асы тҧлғасының фонетикалық нҧсқасы (ы,а,һ,с). Бҧл тҧлға саха тілінде нақтылау, мақҧлдау райын
(утвердительное наклонение) жасап, мәні мен қызметі тҧрғысынан қалау райынан онша
ерекшеленбейді. Мысалы, бар–ыыһы–бын (баруым керек), бар–ыыһы–ғын (сірә, барайын).
Әзірбайжан, тҥрік, гагауыз тілдерінде қалау рай мәнін беретін –а тҧлғкасы: ал-а-м; ал-а-г; -ал-а-
сан; ал-асы-ныз; ал-а; ал-а-лар. Жалғанатын жақ қосымшаларына қарағанда, бҧл тҧлға қазақ
тіліндегі аламын (алам) тҧлғасынмен бірдей. Тек айырмашылық қазақ тілінде кӛпше тҥрі I жақта -
мыз қосымшасы қолданса, әзірбайжан тілінде әдетте –ды ӛткен шақ тҧлғасына жалғанатын –қ (ғ)
қосымшасын қолданады. Екінші айырмашылық кӛпше тҥрі II жақта бар (әзірбайжан тіліндегідей -
сыңыз) тҧлғасы қазақ тілінде қалау рай мәнін бермейді, тек келер шақ, ашық рай мәнін береді. Бҧл
жерде бірыңғай, бір сипатты тҧлғалар тҥркі тілдерінде әр тҥрлі мәнге ие болады. Қалай болғанда
да әзірбайжан т.б. оғыз тобындағы тілдерде қолданылатын қалау райдың бҧл тҥрі қазақ тіліндегі
келер шақ тҧлғасы аламын (алам) тҧлғасымен генезистік байланыста болады. Келер шақ мәні мен
қалау рай бір грамматикалық мағынаның екі тҥрлі кӛрінісі екені талас тудырмайды. Ал тілдердің
даму, тіл қҧрамындағы тҧлғаладдың функциялық жағынан жіктелу дәуірінде жазба тілдің әсері
арқылы мәндес, қызметтес тҧлғалар ӛзара жіктеліп, бір-бірінен ажырап отырған. Мҧндай жіктеліс,
әсіресе екі тіл ыңғайында жҥрген заңды қҧбылыс. Қалау райдың тҧлғасын кӛрсететін жҧрнақтар: -
ғай,-гей,-қай,-кей, -қы,-кі, -ғы,-гі т.б. Мысалы, келгеймін, келгейсің, келгей. Аналитикалық
тәсілмен жасалған қалау рай кӛне қыпшақ тілінде: келгей едің, келсе игі еді.
Етістіктің рай категориясы қарақалпақ тілінде – «мейил», қырғыз тілінде - «ыңгай», ӛзбек
тілінде – «майл», ҧйғыр тілінде - «мәйил», тҥрікмен тілінде -«форма» деп аталады.
Салыстырылған тілдерде етістіктің рай категориясы субъектінің іс-әрекетке, қимыл-қозғалысқа
кӛзқарасын білдіреді. Рай категориясы етістіктің тҥбіріне шақ, жақ жасаушы форманттарды
қосып, әр тҥрлі модалділік мағыналарға ие болады. Сондықтан рай категориясы айтушының
пікірге тек объективтік кӛзқарасын ғана емес, субъективтік кӛзқарасын да білдіреді. Бҧл рай
категориясының модалділікті білдіретіндігін де кӛрсетеді.
1.
Баскаков Н.А. Ногайский язык и его диалекты. – М., 1940.
2.
Баскаков Н.А. Каракалпакский язык. Фонетика и морфология, II ч. – М., 1952.
Абай атындағы ҚазҦПУ-нің Хабаршысы, «Филология» сериясы, №4 (34), 2010 ж.
48
3.
Айдаров Ғ., Қҧрышжанов Ә., Томанов М. Кӛне тҥркі жазба ескерткіштерінің тілі. –
Алматы, 1971.
4. Кононов А.Н. Грамматика современного узбекского литературного языка. – М.-Л.:
Наука, 1960.
5. Томанов М. Тҥркі тілдерінің салыстырмалы грамматикасы. – Алматы, 1992.
6. Қайдаров Ә., Оразов М. Тҥркологияға кіріспе. – Алматы, 1985.
7. Нҧрмаханова Ә. Тҥркі тілдерінің салыстырмалы грамматикасы. –Алматы, 1982.
Резюме
В статье рассматриваются грамматические формы тюркских языков.
Summary
The grammatical forms of Turkic language are considered.
Абай атындағы ҚазҦПУ-нің Хабаршысы, «Филология» сериясы, №4 (34), 2010 ж.
49
Ә Д Е Б И Е Т Т А Н У
ПРОЗАДАҒЫ ЛИРИЗМ
С.Ш.Айтуғанова -
филология ғылымдарының кандидаты, доцент,
Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ҧлттық университеті
Әдебиет тарихының дамуында лирика ерекше орын алады. Бҧл ҧғым тікелей адамның ӛзін
ӛзі тануының дамуымен байланысты. Тҧрмыстың терең мәніне жетуге талпынған адам тҥйсігі
зерттеудің негізгі нысанына айналды. Гегель басқа ӛнер тҥрлеріндегідей емес, лирикада «мазмҧн
мен форма дәуір және ҧлттық колоритпен анықталады» деген болатын. Мҧнымен қатар лирикалық
туындының жалпы табиғатын да анықтауға болады: ол адамның ішкі, рухани қҧндылықтарына
негізделген, жеке және сонымен қатар әрбір тіршілік иесі ҥшін жақын туынды.
Лирикалық шығармада шын мәнінде ой, сезім, кӛңіл кҥй, эмоциялар, яғни адам жанының
кез келген нәзік кҥйі бейнеленуі мҥмкін. Демек, лиризм әдеби тәсіл немесе ағымдық қҧбылыс
ретінде лирикалық прозаның алтын діңі екені даусыз. Ӛйткені мҧндай туындыларда басты идея
кейіпкердің іс-әрекеті, әлеуметтік тіршілігі арқылы ғана емес, толғанысы, қуаныш-сҥйініші, ӛмірге
кӛзқарасы, кҥмбірлеген кӛкірек кҥйін шертетін шуақты сезімі арқылы келісім табады.
Лирикалық проза лирикаға қатыстылықты, эмоциональдықты сақтай отырып, оған
қарағанда кҥрделірек, кӛп жақты, эпосқа тән «лирикалық кӛңіл кҥйдің динамикалық образын, ал
кӛбіне тҧтас кӛңіл кҥй тобын» білдіреді [1, 176].
Сол сияқты егер эпикалық шығармада автор ӛз кейіпкерлерімен қарым-қатынасқа тҥссе,
лирикалық прозада автор ӛз кейіпкеріне қарсы тҧра алмайды, мҧнда бір ғана кӛзқарас, бір ғана
мақсат болады. Мҧнда лирикалық кейіпкерге қарсы тҧру, тіпті тең тҥсу деген тҥсінік жоқ.
Лирикалық кейіпкер шығарманың ең қҧнды ӛзегі болып табылады.
Лирикалық проза суреттеу және бейнелеу қҧралдарының кҥрделі қҧрылымын кӛрсетеді.
Олар лирикалық кӛңіл-кҥйді кӛрсету ҥшін эпикалық тәсілдерді пайдаланады.
Мҧндай туындыларда оқиға ойлар мен сезімдердің дамуының кӛлеңкесінде қалады.
Оқиғалар мен детальдар сезімді анық бейнелеуге қажетті қҧрал ретінде қолданылады. Осыдан
лирикалық кейіпкер тап болатын уақыт шексіздігі, хронологиялық реттіліктің сақталмауы,
характерді толық ашуға кӛмектесетін «жанама» кейіпкерлер орын алады.
Зерттеушілердің айтуы бойынша лирикалық прозаның эпикалық шығармадан басты
айырмашылығы – ойдың талқылауға кӛнбейтіндігі. Мҧнда бірінші орында семантикалық мән
емес, сӛздің әуені тҧрады. Мҧнда сюжет айтарлықтай рӛл атқармайды, лирикалық жазушының
шеберлігі неғҧрлым жоғары болған сайын, соғҧрлым оның әңгімелерінде сюжет белгісіз болады.
Лирикалық прозада бастан-аяқ ҥзілмей дамып отыратын сюжет кездеспейді. Алайда
кейіпкерлердің бҥкіл бастан кешкен кӛңіл-кҥй әсерімен белгілі бір желі пайда болып отырады.
Оны лирикалық желі деп атауға болады. Лирикалық прозаның қаһарманы эпостық
шығармалардағы секілді кҥрделі, желілі оқиғаларға, іс-әрекеттерге негізделмейді, қайта ойламаған
жерден кҥтпеген жағдайды, ӛзгерістерді бастан ӛткеріп отырады.
Лирика прозада орын алғанымен, мінезді жан-жақты ашып кӛрсетуді мақсат етпейді. Ол
кейде тіпті бір характердің қалыптасуын да кӛрсетпуі мҥмкін. Лирикалық шығармаларда іс-әрекет
сюжеті кӛңіл-кҥй сюжетімен сабақтаса беріледі. Характерлер арасындағы қақтығыс емес, әртҥрлі
әсерлердің, толғаныстардың ауысуы лирикалық шығармалардың қҧрылымын анықтайды. Оның
сюжеті кейде сезімнің жан-жақты ашылуымен, кейде оның дамуын, сезінуін кӛрсетумен
байланысты. Бҧлардың біреуі бір шығармада, енді бір бір шығармада кӛрініс тапса, кей
шығармаларда осының бәрі қабаттасып келіп жатады.
Алуан тҥрлі кӛңіл-кҥйдің, алаңдаушылықтың, толқулардың араласып келуі, сонымен бірге
олардың сезімнің пайда болуын кӛрсетуге, рухани ізденістердің негізгі мәнін, олардың мағынасын
тереңнен тҥсінуге арналған қоршаған ортамен ӛзара қарым-қатынасы лирикалық шығарманың
композициялық қҧрылымының негізін қҧрайды.
Абай атындағы ҚазҦПУ-нің Хабаршысы, «Филология» сериясы, №4 (34), 2010 ж.
50
Мҧндай шығарманың композициялық қҧрылысы лирикалық кейіпкерге, соның тебіреніс-
толғаныстарына сәйкес қалыптасады. Ӛмір кӛріністері лирикалық кейіпкердің кӛзімен
суреттеледі.
Сонымен, поэзиядағы сияқты лирикалық прозаның да бейнелеу қҧралы жазушының
сезімі мен ой толғамы. Дегенмен поэзияға қарағанда лирикалық проза қаламгердің жан әлемін
ашуда лирикалық қана емес, әңгімелеудің барлық эпикалық тәсілдерін емін-еркін пайдалана
алады.
Лиризмнің әдеби қҧбылыс ретінде дамуы XVIII-ші ғасырдың екінші жартысынан
басталады. Зерттеушілер лиризм туралы айтқанда, оның Руссо, Стерн, Карамзиннің
шығармаларымен, сол дәуірдегі, қоғамдағы тарихи-әлеуметтік ӛзгерістермен байланыстырады.
Осыған байланысты, әдебиетте жаңа принциптер, жаңа критерийлер, жаңа эстетикалық идеялар
шыға бастады. Әр тҥрлі бағыттағы және әр тҥрлі әдістерді қолданатын суретшілердің,
кӛркемӛнершілердің, жазушылардың шығармаларында «лиризм» ҧғымы орныға бастайды. Алайда
әдабиетте лиризмнің теориялық жағынан гӛрі, практикалық жағы әлдеқайда тез дамыды.
«Лиризм» ҧғымы жайлы алғаш Гегельдің еңбектерінен кӛре аламыз. Гегельдің ойынша,
романтикалық шығармалардың мазмҧнының артықшылығы - жеке адамның ішкі рухани ӛмірін,
сезімдердің әр алуандылығын бере алуы. Бҧл тҧрғыдан алғанда, ішкі толғаныстар сырттай беріле
алмағандықтан, кҥрделенеді. Осыдан келе, жазушы кейіпкердің ішкі әлемін беру ҥшін лирикаға
жҥгінеді. Дәл осы жерде Гегельде «лиризм» ҧғымы жайлы сӛз болады. Оның айтуынша, «лиризм –
романтикалық ӛнердің негізгі стихиялы ерекшелігі болып табылады» [2,506].
Ал Белинский лиризмнің поэзияның ерекше бір тҥрі екенін, оның ағылшын әдебиетінде
тҧнып тҧрғанын сӛз етеді. Ол: «Лиризм болмаса, эпопея мен драманың прозалығы кҥшті болар
еді», - дей келе, лиризм кӛркем шығармаға нәзіктік, сҧлулық, шынайылық дарытатынын айтады
[3,296].
Белгілі орыс ғалымы Г.Н.Поспелов ӛз еңбегінде: «Лиризм - әдеби шығармалар
мазмҧнының «тҥр» аспектісіне жататын қҧбылыс емес, оны шығарманың пафосы дей аламыз, ал
пафос дегеніміз, жазушының шығармадағы белсенді идеялық-эмоционалдық тҧрғыдан берген
бағасы», - дейді [4,119]
«Лирикалық ӛнер әрі романтикалық, әрі реалистік негіздерде ӛмір сҥреді», - деген
С.А.Липин лиризмнің белгілі бір кӛркемдік әдістер мен бағыттарға тәуелсіздігін, психологизм
сияқты әдебиеттің «тектік» қасиетіне бейім екенін аңғартады [5,132].
Зерттеуші Б.А.Ахундов: «Лирикалық романда идеялық салмақ «эпикалық» емес,
лирикалық бӛлімге; кейіпкер істері мен әрекеттерін сипаттауға емес, оның толғаныс, әсерлену,
сыр ашу сәттеріне тҥседі»,- деп жазады [6,278].
Бірқатар зерттеушілердің еңбектерінде «сыршыл» деген сӛз кӛп кездеседі. Лирикалық
проза – ең қҧнды нәрсе туралы оқырманмен сӛйлесу дегенді білдіреді. Алайда кез келген «сыр»
лирикалық сипатқа ие бола алмайды. Мәселен, 60-жылдардың соңында «лирикалық проза» мен
«сыршыл проза» ҧғымдары қатар қолданылып, әр тҥрлі мағына берді. Кейде екеуі бір топта
қарастырылып, лирикалық шығармалар деп аталды. Нақты зерттеулердің болмауы лирикалық
прозаның айналасында осындай тҥрлі пікірлер тудырды. Зерттеушілердің әрқайсысы ӛз
ҧстанымдарын дәлелдеуге тырысты. Осылардың бәрі лирикалық прозаға тән ерекшеліктерді
анықтауға септігін тигізеді.
Қазіргі әдебиеттануда «лиризм» ҧғымы лириканың синонимі ретінде де қолданыла береді.
«Әдебиеттану терминдер сӛздігінде» лирикалық прозаға мынадай анықтама берілген: «Лирикалық
проза – қара сӛз жанрындағы автордың нәзік кӛңіл-кҥйімен, сезім әсерімен суарылған
щығармалар. Лирикалық проза ӛз алдына жанр болып саналмайды, тек прозаның стильдік бір тҥрі
ретінде қарастырылады». Мҧндай шығарманың композициялық қҧбылысы лирикалық кейіпкерге,
соның тебіреніс-толғаныстарына сәйкес қалыптасады. Ӛмір кӛріністері лирикалық кейіпкердің
кӛзімен қаралып суретеледі.
М.П.Князева лиризм ҧғымын ҥш аспектіде қарастырады: «Біріншісі – кӛркем
шығарманың лирика тҥсінігімен байланысты тектік сипатының мәні; екінші – шығармада автор
ҧстанымы айқын кӛрінетін кӛтеріңкі эмоционалды, субъективтіленген баяндаудың тҥрі; ҥшіншісі
– жазушының шындыққа идеялық-эмоционалдылық қатысын, оның ҧстанымын ашып кӛрсететін
кӛркемдік пафостың жеке тҥрі» [7, 156].
Рухани проза шындық, жақсылық, сҧлулық туралы ҧғым қалыптастырады. Лирикалық
прозада «ассоциативтік» қҧрылым мен ерекше эмоциональдық «атмосфера» бар.
Кӛркем қҧбылысты суреттеу қҧралдарының, кӛркемдік тәсілдердің жҥйесі арқылы ғана
анықтауға болмайды. Сонымен қатар мҧнда мазмҧндық негіз бен жалпыэстетикалық
Абай атындағы ҚазҦПУ-нің Хабаршысы, «Филология» сериясы, №4 (34), 2010 ж.
51
тенденциялардың ықпалы да маңызды рӛл атқарады. Оның себебін дәуірден, адамзат
тҧрмысындағы «мәңгілік» сҧрақтардан іздеу керек.
Лирикалық прозада кӛптеген мәселелер ӛзіндік тҧрғыдан ашылады. Мәселен, мҧндай
шығармаларда автор тҧлғасы ерекше кӛрінеді. Кей шығармаларда автор ӛзі басынан ӛткізген,
сезінген, ойлаған жағдайларға баса назар аударады. Мҧнда автор тҧлғасы авторлық «менінің»,
яғни ғҧмырбаяндық әңгімелеушінің аясында қалыптасады.
Лирикалық жазушыны да ӛзекті мәселелер толғандырмай қоймайды, ол да қайғырады,
мҧңаяды, қуанады. Онсыз ол мҧндай шығарма тудыра алмас еді.
Әдебиетте шындықты бейнелеудің әртҥрлі формалары болғанымен, белгілі стильдік
біртҧтастық байқалады. Яғни, шебер қаламгердің ӛзіндік бір даралығы, әр шығарманың ӛзіне тән
стильдік ерекшелігі болғанымен, барлық шығармаларына ортақ стилі де байқалады. Сондықтан әр
жазушының шығармалары ӛзіндік бояуларын сақтай отырып, стильдік белгілерінің ҧқсастықтары
жағынан ҥлкен бір стильдік ағымды қҧрайды.
Шығармашылық бірігудің әдісі болатын стильдік қҧбылыс қаламгерлердің белгілі бір
ауқымын қамтиды. Ол әдіс негізінде бой кӛтеріп, әдістің ӛзіндік ерекшеліктерін сақтайды.
Әдебиеттегі стильдік ерекшеліктерді қарастырғанда зерттеушілер жеке стильдік бірліктің
ортақ жақындығын атап кӛрсетеді.
М.М.Бахтин: «кӛркем стиль сӛзбен емес, әлем және ӛмір қҧндылықтарымен жҧмыс
істейді; оны адам мен оның әлемінің қалыптасу және аяқталу тәсілдерінің жиынтығы ретінде
анықтауға болады, ал бҧл стиль қарым-қатынасты тҥсіну ҥшін білу қажет дерекке, сӛзге, табиғатқа
деген қатысты білдіреді»,-дейді [8, 169].
Лиризм ағым ретінде пайымдасақ, ол адамның жан әлемінің нҧрлы шуақпен асқақ
бейнеленуі, қуанышы, шаттығы, дархан мінез қҧбылыстары, терең жан сезімі, кҥйініш-сҥйініші,
алдағы таңға ҥмітпен, сеніммен қараушылығы, яғни ӛмірдегі шындықты шығарманың мазмҧны
мен тҥп бірлігін сақтай отырып, ҥлкен танымдық кӛркем дҥниеге айналдыру тәсілдері деуге
болады. Бҧл - дәуір тынысын бейнелейтін қыртыс қатпары мол алуан мінез, кҥрделі болмыстың
жасалуы, қимыл-әрекет ӛрісінің кеңеюі деген дҧрыс.
Сол сияқты лиризм табиғаты жазушының мол ізденісін, суреткерлік парызын байқататын
қҧбылыс.
Қазақ әдебиетіндегі лирикалық прозаның бастауы Б.Майлиннің "Шҧғаның белгісі",
М.Жҧмабаевтың "Шолпанның кҥнәсі", М.Дулатовтың "Бақытсыз Жамал", Ж.Аймауытовтың
"Кҥнікейдің жазығы", "Ақбілек", С.Ерубаевтың "Менің қҧрдастарым" атты шығармалары болып
табылады.
Лиризмнің жемісті бағдар айшықтарын М.Әуезов, С.Сейфуллин, Ғ.Мҥсірепов, Т.Ахтанов,
М.Иманжанов, Т.Әлімқҧлов, Ә.Әлімжанов тәрізді қазақ қаламгерлері де дәстҥрді жалғастыра
отырып, орнымен пайдалана білді. Бҧл қаламгерлердің шығармаларында лиризм психологизмнің,
психологизм лиризмнің ажырамас ӛрімі ретінде стиль тҥзушілік қызмет атқарысты.
Әсіресе 60-жылдардан бастап қазақ прозасы лиризм ӛрнектеріне бай, идеялық бағыты
айқын туындылармен толыға тҥсті. Олардың қатарына С.Мҧратбеков, Қ.Ысқақов, Ж.Молдағалиев,
Т.Жармағамбетов, Ә.Кекілбаев, Ж.Тҥменбаев, Т.Нҧрмағамбетов, О.Бӛкей т.б. кӛптеген
қаламгерлерді жатқызуға болады. Қаламгерлердің ізденістері лирикалық прозаның
композициясына ӛзгерістер енгізуге итермеледі және ол қадамдар ежелгі озық әдеби ҥрдістерді
ӛнерпаздықпен пайдалана білуге жетеледі. Фольклорлық сарындар, тарих пен бҥгінгі таң
оқиғаларын салыстыра бейнелеу, кӛне аңыз, әңгімелерде тҥйінделген ӛмір ақиқаттарына қазіргі
шындықтан ҥндестік іздеу арқылы психологиялық толымдылыққа қол арту- прозаның барлық
жанрында бел алған стильдік тенденция.
Алпысыншы жылдардағы лиризмнің негізгі ерекшелігі туралы сӛз болғанда, бір
зерттеушілер лиризмнің негізгі ерекшелігі – «кейіпкерлердің ішкі дҥниесіне нәзіктікпен қарау»
десе, енді біреуі – автобиографиялықты, ҥшінші біреуі – баяндаудың эмоционалдылығын атап
кӛрсетеді. Әрине, бҧлардың бәрі де лиризмнің негізгі ерекшелігі бола алады.
Лирикалық прозаның даму ӛрісін талдағанда, оның бҥкіл композициясынан, тҥр мен
мазмҧн бірлігінен, стильдер ерекшелігінен, сезім кҥші мен жарқындығынан, ішкі драма қуатынан,
сӛздердің пәрменділігі мен ӛткірлігінен, реалистік шындығынан толып жатқан кӛркемдік
қасиеттер табамыз.
Лирикалық прозаның мҥмкіндіктерін асыра бағаламау және оны кӛркемдік бейнелеудің
басқа формаларына қарсы қоймау жағын қатаң қадағалай отырып, лиризм қаламгердің ӛмір
қҧбылыстарын кеңірек, молырақ бейнелеуіне бӛгет болады, кедергі келтіреді деген пікірдің
шындыққа сәйкес еместігін де ескеру керек. Себебі лиризмнің қамтитын аясының қаншалықты
кең екені бірталай факторларға тығыз байланысты. Мәселен, ол жазушының жеке басына да,
Абай атындағы ҚазҦПУ-нің Хабаршысы, «Филология» сериясы, №4 (34), 2010 ж.
52
ӛмірдің қай жағын суреттейтіндігіне де, оның мақсат-мҧратына, ой-сезіміне де, яғни дҥние
танымына тығыз байланысты.
Жалпы, прозалық шығармалардың міндеттерінің бастысы - кейіпкер мінезін ашу, характер
жасау. Бҧл тҧрғыда лирикалық шығармаларда бір немесе бірнеше типтендірілген характерлердің
сәтті сомдала тҥсетінен айтуға болады. Шығармалардың ортақ бір сюжетке немесе бірнеше
сюжеттерге қҧрылатындығы лирикалық шығармалардың дҥниеге келуі ҥшін аса қолайлы алғы
шарттар болып есептеледі. Сондықтан да бҧл шығармалардың ӛзіндік ерекшелігі оның кӛлемінде
ғана емес, мазмҧн тереңінде жатыр.
1. Словарь литературоведческих терминов. / Редакторы-составители Л.И.Тимофеев и
С.В.Тураев. –М., 1974.
2. Гегель Г.В. Эстетика: В 2-х томах. – М., 1999. - Т.2.
3. Белинский В.Г. Разделение поэзии на роды и виды. – М., 1978. - Т.3.
4. Поспелов Г.Н. Теория литературы. – М., 1978.
5. Липин С.А. Идейное единство и художественное многообразие советской 6розы. – М.,
1974.
6. Ахундов Б.А. Литературные направления и стили. – М., 1976.
7. Князева М.П. К истории понятия «лиризм». В кн.: Миропонимание и творчество
романтиков.–Калинин, 1986.
8. Бахтин М.М. Эстетика словесного творчества. – М., 1979.
Резюме
В статье определяются некоторые характеристики лирической прозы. Учитывая мнений
нескольких исследователей,создаются концепции.
Summary
In this clause become clear some descriptions lyric prose. Consideration opinions several
researchers, spring up conceptions.
Достарыңызбен бөлісу: |