Абай атындағы ҚазҦпу-нің Хабаршысы, «Филология» сериясы, №4 (34), 2010 ж



Pdf көрінісі
бет15/19
Дата05.02.2017
өлшемі2,34 Mb.
#3456
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19

Summary 
This  paper  considers  the  literary  time  in  the  short  story  "The  Happy  Ones"  by  L.  Ulitskaya,  a 
contemporary Russian writer. 
 
 
А.БАҚТЫГЕРЕЕВА ШЫҒАРМАЛАРЫНЫҢ ЖАНРЛЫҚ ӚРІСІ 
 
А.Шәдібекова - 
ҚазҦПУ-дың ізденушісі 
 
Қазақ  поэзиясында,  әдебиеттану  ғылымында  ӛлең  жанрын  лирикалық  текке  жатқызып  келеді. 
Мҧның әрине, ӛзіндік себептері бар. Басты критерий бейнелеу тәсіліне байланысты екендігі белгілі: авторлық 
баяндау  арқылы  жазылатын  шығарманы  эпикалық  текке,  қаһарманның  толғанысы  арқылы  туатын 
шығарманы  лирикалық  текке,  ал  шығарма  кейіпкерлерінің  ӛзара  сӛйлесуі,  қақтығысуы  арқылы  жазылған 
шығарманы драмалық текке жатқызу тек қазақ әдебиеттану ғылымында ғана емес, әлемдік  тәжірибеде бар. 
Ендеше,  бҧл  әлемдік  әдебиет  теориясында  нақтыланған,  толыққанды  зерттелген  деп  айта  аламыз.  Дей 
тҧрғанмен, кейде тек пен тҥрді шатастыру, кейде екеуін бір нәрсе деп қарау әлі де болса кездесетіндігі рас.  
Біздің  зерттеу  нысанымызға  алған  ӛлең  жанры  іштей  тақырыбына,  сарынына  қарай  саяси-
әлеуметтік,  азаматтық,  интимдік,  пейзаждық,  философиялық  лирика  деп  бӛлінсе,  образдылық,  сыртқы 
формалық  сипатына  қарай  сатиралық  ӛлеңдер,  мысал  ӛлеңдер,  балладалар,  толғаулар  т.б.  болып  жіктеледі. 
Әрине,  бҧлай  жіктеудің  шартты  нәрсе  екендігін  де  естен  шығармауымыз  қажет.  Ӛйткені  әдеби  жанр 
дегеніміздің  ӛзі  заманмен,  қоғаммен  бірге  дамып,  жаңарып,  жасарып  отыратын  диалектикалық  қҧбылыс. 
Қалай десек те жанр шығарманың форма категориясы болғанымен, оған да біз кӛркемдік тҧрғыдан қараймыз. 
Ӛйткені  «кӛңілдегі  кӛрікті  ойды»  ӛз  оқырманына  жеткізудің  бір  жолы  –  суреткердің  ӛз  шығармасының 
жанрын  жаза  баспай  таңдай  алуы.  Егер  шартты  тҥрде  жоғарыда  айтып  отырған  «кӛңілдегі  кӛрікті  ойды» 
шығарма  тақырыбы  деп  алсақ,  осы  тақырыпты  оқырман  кӛңілінен  шығатындай  етіп  ашудың  бір  кӛркемдік 
жолы жанрды таңдай алу. Бҧлай деп отырғанымыз қазақ әдебиетінде жанрын, тақырыбын тапқан кӛркемдігі 
жоғары  туындылармен  қатар,  жанрды  жасытып,  тақырыпты  игере  алмаған  шығармалардың  да  кездесіп 
қалатыны ӛкінішті. Ендеше, суреткер ҥшін тақырып таңдау мен идеяны жеткізу сияқты жанрлық ізденіс те 
қажет  екендігі  даусыз.  «Әдебиет  қоғамдық  сананың  бір  тармағы  болған  соң  ол  ӛз  дәуірінің,  ӛз  қоғамының 
мақсат,  тілегін  білдірмей  тҧра  алмайды.  Оның  мазмҧндық,  формалық  ӛзгерістері  осыған  байланысты  ӛтіп 
жатуға тиіс» [1,5],-деген ғалым М.Базарбаевтың пікірі де осыны аңғартса керек. 
Осы тҧрғыдан кӛз жіберер болсақ, Ақҧштап Бақтыгереева бҧл мәселеде де қҧр алақан емес сияқты. 
Жалпы  табиғатынан  Ақҧштап  лирик  ақын,  лирикалық  поэзияның  белді  ӛкілдерінің  бірі.  Ақын 
шығармашылығына зерделей қараған оның поэзиясының дені лирикалық ӛлеңдер екендігіне кӛз жеткіземіз. 
Поэма,  дастан  сынды  эпикалық  текке  Ақҧштап  кӛп  бара  қоймаған.  Бҧны  ақынның  кӛркем  формалық 
ізденістегі талғампаздығымен, ӛзіне талап қоя алуымен ғана тҥсіндіре алар едік.  
Кез  келген  суреткер  даралағын  зерттеп,  зерделеуде,  оның  қалам  қарымын  анықтауда  біз  қазақ 
поэзиясының жҥріп ӛткен жолына, ӛткен тарихына, дәстҥр мен жалғастық мәселесіне ҥңілмей пікір тарқата 
алмасымыз  заңды.  Бҧл  бҥгінгі  поэзиямыз  ҥшін  де  аса  қажет  екендігі  сӛзсіз.  Ақҧштап  шығармашылығына, 
соның  ішінде  кӛркем  форма  ізденістеріне  назар  сала  отырып  бҧл  заңдылықтан  біздің  аттап  кете 
алмайтынымызға кӛзіміз жетті. Оның дәлелі Ақҧштап шығармашылығында бой кӛрсететін шығыстық дәстҥр.  

Абай атындағы ҚазҦПУ-нің Хабаршысы, «Филология» сериясы, №4 (34), 2010 ж. 
 
 
85 
 
Ҧлттық поэзиямыздың терең тамырларына кӛз жҥгіртер болсақ оны біз шығыс әдебиетінсіз елестете 
алмаймыз. Шығыс әдебиетінің ҥлгілері, әсіресе, ғашықтық дастандары «Сейфҥлмәлік», «Бозжігіт», «Мың бір 
тҥн»,  «Тотынама»,  «Шахнама»,  «Ләйлі  –  Мәжнҥн»,  «Таһир  –  Зуһра»,  «Фархат  –  Шырын»  т.  б.  мен  ислам 
дінін  насихаттап,  адамзат  баласын  имандылыққа  шақыратын  «Сал  –  сал»,  «Зарқҧм»,  «Сейітбаттал»  сияқты 
шығармалардың  біздің  әдебиетімізге  тигізген  әсер-ықпалы  аз  емес.  Қазақ  әдебиетінің  шығыс  әдебиетімен 
байланысының бір кӛрінісі – ауыз әдебиетіндегі белгілі сюжеттердің негізінде жаңа шығарма туғызу, халық 
аузындағы аңыз-әңгімелерді, хикаялар мен әпсаналарды, шығыс поэзиясындағы кейбір сюжеттерді жаңадан 
жырлау.  Бҧл  дәстҥр  туралы  М.  Әуезов:  «Кӛпке  мәлім  болған  тарихи  шындықтар  бойынша,  шығыста  бір 
классик  жырлаған  тақырыпты  келесі  буында  бір  шығыс  ақыны  әңгіме  ететін,  тың  дастандар  шығаратын 
дәстҥр бар. Бҧлайша бір тақырыптың әр ақында қайталануы еш уақытта аударма деп танылу керек емес. Ол 
ӛзінше бір қайта жырлау, тыңнан толғау немесе ақындық шабыт-шалым сынасып, жырмен жарысу есепті бір 
салт еді… Шығыс поэзиясы бҧл салтты заңды деп біліп, осы дәстҥрге «назира», «назирагӛйлік» деп атау да 
берген» дейді [2, 150]. Ақҧштап Бақтыгерееваның жанрлық ізденістеріне назар сала оытырып, ақынның осы 
дәстҥрден ҥлгі алып, оны жанына жақын тартқанын аңғаруға болады. Олай деуімізге себеп ақын қаламынан 
нәзира  дәстҥрінде  туған  «Айнамкӛз»,  «Боранды  тҥн»,  «Сауық  кеш»,  «Жылқышы  хикаясы»,  «Саралжын  – 
аққулар мекені», «Алуаш», «Ақсақ қҧлан», «Ақсақ қыз аңызы» сияқты хикаяттары. 
Ақынның «Айнамкӛз», «Боранды тҥн», «Сауық кеш», «Жылқышы хикаясы», «Саралжын – аққулар 
мекені»,  «Алуаш»  сияқты  хикаяттарына  Мҧхит  әндерінің  шығу  тарихы,  әнші  ӛмірі  туралы  халық  аузында 
жҥрген аңыз әңгімелер негіз болған.  
Соның бірі «Айнамкӛз» хикаяты: 
Пенде емес малын санап, жатар шӛгіп, 
Жез таңдай ән мен жырды қатар тӛгіп, 
                                                    Сыймаған бір ауылға сері Мҧхит 
  Жиірек кетеді екен сапар шегіп,- [3,328] 
деп  басталады.  Егер  кӛркем  шығарманың  композиялық  қҧрылымы  тәртібімен  қарасақ  бҧл  – 
экспозиция. Бірақ ақын ӛзі таңдаған жанрдың жауапкершілігін, кӛтерер жҥгін анық аңғарады. Сондықтан да 
әрбір  айтар  ойдың,  шығарма  оқиғасына  қатысты  әрбір  деталь  мен  сюжеттің,  образ  сомдауға  қатысты 
дәйектер  мен  деректердің  нақты,  қысқа,  дәл  болуын  қадағалайды.  Осы  бір  шумақ  ӛлеңнің  ӛзінен  сері 
Мҧхиттың ӛмір жолы мен тағдыр-талайы, оның ішкі әлемі туралы біле аламыз. Ақын Мҧхиттың тҧтас ӛмір 
жолын:  қайда,  қашан  дҥниеге  келді,  қандай  ортада  ӛсті  т.б.  дерек-дәйектерді  беріп  жатпайды.  Негізгі 
ақындық  мақсат  ән  тарихына  байланысты  аңызды  шығарма  желісіне  арқау  етіп  отырғандықтан  мҧндай 
ӛмірлік  деректерді  келтірмеген.  Бірақ  «Пенде  емес  малын  санап,  жатар  шӛгіп»,  «Сыймаған  бір  ауылға  сері 
Мҧхит» сияқты ӛлең жолдары серінің ӛмірлік ҧстанымынан, ішкі әлемінен хабар береді.   
Қазақ  серілері  оттың  басының,  ҥй  ішінің  айналасында  жҥретін  адамдар  емес.  Олардың  сҧлу  да 
сымбатты, сонымен бірге қиын тағдыры ел аралап жҥруге жазылған. Олар ҥшін ӛмірдің барлық ләззаты осы, 
ӛз  жанының  жарасын  да  осы  ойын-сауықпен,  той-думанмен  емдейді.  Мҧхит  та  сондай  ерекше  жаратылған 
жан.  Қобда  бойын  аралап  жҥріп  бір  отырыста  ақын-әнші  бір  аруға  жолығады.  Кӛрген  сәтте  қыз  жанын 
жаралаған  ауыр  қайғының  ізін  оның  «мҧң  аралас  жалын  тӛккен  жанарынан»  байқайды.  Ол  -  ӛзінің 
сҥймегеніне  атастырылған  қыз  шері  еді.  Ақын  қыз  портретін  жалаң  суреттемейді,  оның  ішкі  жан  дҥниесі, 
ақыл-парасаты, қайғы-мҧңымен астастыра, бірлікте береді.  
Тӛгілтіп ақ кӛйлектің бҥрмелерін, 
                                                        Ҧғына ҥнсіз тыңдап білмегенін. 
Ақ білек шәй ҧсынған батыл ғана, 
       Ҧялшақ дірілдейді гҥлдей ерін. [3,330] 
Әдемі  сурет!  Ешкімді  де  бей-жай  қалдырмайтын  бояуы  қанық,  сыры  терең,  ойлы  сурет!  Тағы 
айтамыз бҧл ақын шеберлігі, суреткердің ой-қиялының жҥйріктігі.  
Ақын ӛз шығармасын Мҧхиттың «Айнамкӛз» әнінің сол жерде орындалуымен аяқтайды. Осы әннің 
ӛмірге келуіне себеп болған ару бойжеткеннің адам кӛзін сҥріндірер сҧлулығы ғана емес, оның ішкі мҧңы, ӛз 
сҥйгеніне қолы жетпей, тағдыр қҧрбандығы болып бара жатқан қыздың қайғы-қасіреті дегенді айтады. Бар-
жоғы осындай бір әннің ӛмір келу тарихына арналған туынды ӛзінің кӛркемдігімен де, мән-мазмҧнымен де 
ерекше. Жоғарыда айтып кеткеніміздей, бҧл бҧрыннан ел арасында тараған аңыз желісіне қҧрылған шығарма 
болғанымен,  адам  жанына  әсерлі,  оқырманын  бей-жай  қалдырмайтын  хикаят.  Ақын  халық  жадында 
бҧрыннан  бар  дҥниенің  ӛзін  жаңа  қырынан  танытып,  ӛзгеше  кӛркем  мәнермен  қайта  жырлауы  нәтижесіз 
емес.  Ал  ақынның  осындай  бірнеше  шығармасын  тек  Мҧхиттың  ӛмірі  мен  тағдыр  жолына,  оның  әндерінің 
шығу тарихына, Мҧхит ӛміріндегі елеулі кезеңдерге арнауы ақынның туған жер топырағынан шыққан тарихи 
тҧлғалар ӛміріне бей-жай қарамайтындығын кӛрсетеді. 
Ақҧштаптың «Ақсақ қҧлан» шығармасына ертеден қҧлағымызға сіңісті болып кеткен хан ҧлының аң 
аулап  жҥріп  қайтыс  болуы,  оның  ӛлімін  естірткен  адамның  кӛмейіне  қорғасын  қҧямын  деген  жарлығы,  ел 
арасынан  шыққан  ақылды-тапқыр  адамның  хан  ҧлының  ӛлімін  кҥй  арқылы  жеткізуі  негіз  болған.  «Ақсақ 
қҧлан» кҥйінің шығу тарихы туралы бірнеше аңыз-әңгімелер болғанымен барлығының келіп саятын сюжеті 
осыған ҧқсас. А.Сейдімбек бҧл аңызды Шыңғыс ханның ҧлы Жошының ӛлімімен байланыстыра келе, кҥйді 
шығарып,  ҧлы  Жошының  ӛмірден  озғанын  Кетбҧға  жырау  осы  кҥй  арқылы  жеткізген  деген  пікір  айтады 
[4,148]. Қалай болғанда да ҧрпақтан-ҧрпаққа ауызша таралып келген осы аңыз желісі Ақҧштап ақынды бей-
жай қалдырмаса керек.  
«Ақсақ  қызы  аңызы»  да  бізге  сонау  Қорқыт  ғҧмыр  кешкен  замандардан  сыр  тартады.  Бҧл  да  ел 
аузында бҧрыннан бар аңыз желісі. Әдемілігі мен кӛркі бірінен-бірі асқан қырық қыздың қҧлағына алыстан 

Абай атындағы ҚазҦПУ-нің Хабаршысы, «Филология» сериясы, №4 (34), 2010 ж. 
 
 
86 
 
кҥй әуені жетеді. Мҧңды-шерлі кҥйді жақыннан тыңдап, сол кҥйді орындаушы адамды жақын жерден кӛруге 
ынтыққан  қырық  қыз  сапарға  аттанады.  Олардың  арасында  бір  ақсақ  қыз  болады.  Сырдың  қҧмды  даласын 
кезіп келе жатқан қырық қыз  шӛлді, ыстықты, қҧмды дауылды жеңе алмай біртіндеп қала  береді. Соңында 
тек ақсақ қыз ғана Қорқытқа жетеді. Бірақ сол жерде қайтыс болады.  
Ел аузындағы осы аңыздың бір нҧсқасында ақсақ қыз Қорқытпен отау қҧрады. Ӛзімен бірге шыққан 
отыз  тоғыз  қыздың  жолда  қайтыс  болғанын  ақсақ  қыз  аузынан  естіген  Қорқыт  қапа  болып,  мҧң-шерленіп 
соның әсерінен «Сарын» атты кҥй ӛмірге келеді.  
Әрине,  Ақҧштап  шығармасында  ақсақ  қыздың  Қорқытқа  жетіп  қайтыс  болуына  таңдануға 
болмайды. Мҥмкін ақын аңыздың осындай нҧсқасын естіп, соны негізге алған шығар. Мҥмкін бҧл ақындық, 
суреткерлік  шешім  шығар.  Қалай  болғанда  да  ақын  ел  аузындағы  осы  бір  аңыз  әңгімені  поэзия  тілімен 
ӛрнектеуді мақсат тҧтқан.  
Шығыстық нәзира дәстҥрі негізінде жазылған Ақҧштап хикаяттары ӛзінің кӛркемдігімен кӛз тартар 
әдеби жаратындылар.  Ақын аңыз желілерін сақтай отырып,  бҧрыннан бар аңыз-әңгімелер арқылы таныс та 
бейтаныс дҥниелерді ӛмірге әкелген. Таныс деуіміз хикаят желілері бҧрыннан бар аңыздарға қҧралғандығы, 
ал  бейтаныс  деуіміз  халық  аузындағы  осы  аңыз-әңгімелер  поэзия  тілінде  тҥрленіп,  жаңарып,  жасарып 
шыққан.  
Ақҧштап  лирикасындағы  жанрлық  ізденістің  тағы  кӛрінер  тҧсы  ақынның  хат  ҥлгісіндегі  ӛлеңдері. 
Әлемдік әдебиет тарихында танымал жазушылардың белгілі шығармаларымен қатар, олардың эпистолярлық 
мҧралары да оқырман қауым ҥшін қызықты, тартымды дҥниелердің бірі болғандығын білеміз. Сонымен бірге 
ӛз  шығармаларын  хат  тҥрінде  жазған  немесе  хаттарды  шығармаға  айналдырған,  сондай-ақ  белгілі 
қаламгерлердің  жазысқан  хаттарын  кітап  етіп  шығару  дәстҥрі  де  бар.  Қалай  болғанда  да  хат  кӛркем 
шығармамен байланысып, астасып жатқан дҥние. Олай дейтініміз жазысқан сан алуан хаттарда тек амандық-
саулық,  хабар-ошар  білу  мен  білдіру  ғана  емес,  сол  хат  иесінің  сырлары,  пайым-тҥсінігі,  дҥниетанымы 
кӛрінетіндігін жоққа шығара алмаймыз. Сондықтан да кӛптеген суреткерлер ӛз шығармаларының бір саласын 
хат ҥлгісінде жазуды машық еткен. Эпистолярлық әдебиет  – эпистолография (гр. Жолдау, ҥндеу) сан алуан 
хат  тҥрінде  жазылған  шығармалар  [5,232].  Зерттеуші  Р.Сыздықова  тҥркі  жазба  әдебиетінде  хат  тҥрінде 
қалыптасқан жазу дәстҥрі болғандығын айтады [6,231].  
Ақҧштап  Бақтыгерееваның  «Анама  бірінші  хат»,  «Анама  екінші  хат»,  «Қыздардан  келген  хаттар», 
«Анаға  хат»,  «О  дҥниеге  хат»,  «Ауылға  хат»,  «Сыр  бойына  сәлем  хат»  ӛлеңдері  хат  ҥлгісінде  жазылған 
туындылар.  Кӛріп  отырғанымыздай  аталған  шығармалардың  арасында  анаға  жолданған  хаттар  біршама. 
«Анаға бірінші хатта»: 
                            Ӛзіңді, анам, ӛмірде 
                            Ренжіткен жерім кӛп. 
                            Әжем келін дегенге 
                            Мен де жҥрдім келін деп.  
                            Ене сырын ҧғып шын, 
                            Ӛр кӛңілін қия алмай, 
                          Он екі жыл жҥріпсің 
                          Ӛз қызыңды сҥйе алмай. [3,33] 
Бҧл тек Ақҧштап басындағы жай ғана емес. Қазақтың бала тәрбиелеудегі ҧлттық ерекшелігінің бірі. 
Мҥмкін  бҥгінгі  кҥн  ҥшін,  педагогикалық-психологиялық  тҧрғыдан  қарағанда  әбес,  тіптен  ғылыми  жағынан 
дҧрыс  емес  те  болар.  Бірақ  бҧл  біздің  ҧлттық  санамыз  ҥшін жат  емес.  Мҧндай  туған  шешесінің  атын  атап, 
мойындамай  келген  баланы,  ӛз  баласын  енесінен  имене  мейірлене  қҧшағына  қыса  алмай  келген  келінді 
қазақтың әр отбасынан кездестіруімізге болады. Қазақ ҥшін оның еш әбестігі жоқ, тіптен ата-енені сыйлап-
қҧрметтеудің бір тҥрі болып есептеліп, дәстҥр ретінде қалыптасып та кеткен.  
Ҧрдың мені амал жоқ 
                                                                   Қателік боп ісімде, 
   Ҧрдың мені «анам» деп 
          Айтпағаным ҥшін де. [3,34] 
Лирикалық  кейіпкер  ҥшін  ана  шапалағы  ыстық,  қымбат.  Кейін  осы  шапалақты  сағынады.  Ӛлең-
хаттағы  оқырманды  тебірентіп,  жҥрегіне  жылылық  сыйлайтын  туындының  осы  ҧлттық  сипаты.  Басқа  ҧлт 
ҥшін оғаштау кӛрінетін осы қазақы дәстҥр біздің барлығымыз ҥшін ыстық, қымбат. Ақын осы бір нәзік, адам 
кӛңіліне  әсері  басым  нәрсені  дәл  тауып  ӛлең-хатқа  тҥсіре  білген.  Ақынның  анасына  жазған  хаттарының 
барлығында дерлік анаға айтар сыры, анасына деген сағынышы бейнеленген.  
«Қыздардан  келген  хаттар»  тӛрт  хатқа  бӛлінген,  соңында  жауап  бар.  Бҧл  ӛлең-хаттарға  ақынмен 
сырлас оқырман-қыздардан келген хаттар негіз болған. Кӛбіне алданған, от басқан қыздар ақынға жан сырын 
аша ақыл сҧрай хат жолдағандығы байқалады. Мәселен, бірінші хатта: 
             «Сҥйемін» деді ол, қҧшағын жайды, 
Кӛбелек болып ҧштым мен. 
    Сонымен мендік махаббат айы 
     Аспады, апа, ҥш кҥннен,- [3,96] 
десе, екінші хаттың иесі: 
Сезімнің ӛртендім де алауына, 
       Арбалдым жас жігіттің жанарына. 
  Енді ӛзім жігіттерді алдар едім, 
                  Қолымды байлап отыр мына бала,- [3,96] 

Абай атындағы ҚазҦПУ-нің Хабаршысы, «Филология» сериясы, №4 (34), 2010 ж. 
 
 
87 
 
деп, хат жазады. Ӛкініштен гӛрі кектену, назалы қыздың характерін берген ақын жауап хатында: 
                                                           Жастықта алау жалынбыз, 
                                                           Жылжиды баяу сағым-кҥз. 
                                                           Киелі сезім махаббат 
    Абай болғайсың, ару қыз!- [3,97] 
деген, апалық, аналық ақылын айтады. Енді ақын ӛз сіңілілеріне арнаған осы бір ӛлең шумақтарын 
неге  хат  тҥрінде  жазды  деген  сҧраққа  жауап  іздеп  кӛрсек.  Жоғарыда  айтып  кеткеніміздей,  ақынды  ӛз 
кӛңіліндегі  ойын  тҧщымды,  маңызды  беру  ҥшін  мазалайтын  нәрсенің  бірі  жанр.  Яғни,  қай  жанрда  жеткізу 
керектігі.  Осы  тҧрғыдан  кӛз  жіберсек,  от  басқан  сіңілілерінен  хат  алу,  жауап  жазу  дәстҥрлі  дидактикалық 
ӛлеңдерден  гӛрі  ҧтымды,  сәтті.  Қазақ  қыздарының  арасында  алданған,  от  басқан  қыздар  да  бар,  абай 
болыңдар деген ақылмандық сӛзден гӛрі, осындай қыздардың атынан сыр-хаттар жазу табылған әдеби тәсіл. 
Ендеше Ақҧштаптың бҧл ізденісін де сәтсіз деп айта алмаймыз. 
 
1.
 
Базарбаев М. Әдебиет және дәуір. – Алматы: Жазушы, 1966. - 272 б. 
2.
 
Әуезов М. Әр жылдар ойлары. – Алматы: Жазушы, 1959. – 189 б. 
3.
 
Бақтыгереева А. Ақ шағала. – Алматы: Ӛлке. 2001. – 424 б. 
4.
 
Тарақты А. Кҥй шежіре. – Алматы: КРАМДМ-Ясауи, 1992. - 488 б. 
5.
 
Ергӛбек Қ. Баян ғҧмыр. - Алматы: Жазушы, 1991.- 318 б. 
6.
 
Сыздықова Р. Қазақ әдеби тілінің тарихы. - Алматы: Арыс, 2004.- 288 б. 
 
Резюме 
Статья посвящена исследованию жанровых особенностей поэзии А.Бактыгереевой. 
Summary 
In this article is considered janry poetic differences of A.Baktigereyeva. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Абай атындағы ҚазҦПУ-нің Хабаршысы, «Филология» сериясы, №4 (34), 2010 ж. 
 
 
88 
 
ДРАМАДАҒЫ СӚЙЛЕУ ҚАТЫНАСЫНЫҢ ПРАГМАТИКАСЫ 
 
А.С.Шыныбекова –  
ф.ғ.к., доцент,  М.Тынышпаев атындағы Қазақ кӛлік  
және коммуникациялар академиясы «Тілдер» кафедрасының оқытушысы 
 
 Драмалық шығарманың тілін талдау  дегеніміз  – әрекет етуші  пьеса кейіпкерлерінің тілін 
талдау  болып  табылады.  Кӛркем  әдебиеттің  ерекше  тҥрі  ретінде  драма  ӛзінің  ерекшелігіне  сай, 
кейіпкерлердің  сӛйлеу  тіліне  қҧралады.  Егер,  эпостық  және  лирикалық  шығармалармен 
салыстырғанда драмалық образдың нақтырақ екенін және ―әбден пісіп жетілген нақтыланған және 
кезек  кҥттірмес  ӛмірдің  қарама-қайшылығын  бейнелейтінін‖  [1]  ескерсек,  онда  әрбір  драмалық 
дискурс репликасының да кӛтеретін жҥгі де сәйкесінше ӛседі. Осыдан барып о бастан қатынасқа 
негізделген  драманың  сӛйлеу  тілін  зерттеудің  ӛзектілігі  келіп  туындайды.  Драмалық  сӛйлесім 
қандай да бір тҧрмыстық саладағы дискурстың ӛзінше  бір «қҧймасы». Драмалық сӛйлесім ӛзінің 
табиғаты және бағыты бойынша – дауыстап айтуға қҧрылған – тікелей ауызша сӛйлесім. ―Жазушы 
ҥшін  кӛркем  сӛз...  -  драмалық  әрекетті  дамытудың  жалғыз  қҧралы  болып  табылады.  Пьесада 
барлығы сӛз арқылы жасалады.… ‖, – деп жазған болатын атақты сӛз шебері және әдебиеттанушы 
В. Успенский  ―Заметках о языке драматургии‖ [2]. деген ӛз еңбегінде. Сӛйлеу сипаты, оны беру 
тәсілі  персонаждың ең терең бейнесін, оның санасының тҥрін, ойлау ерекшелігін,  эмоциясы  мен 
кӛңілін ашады. Белгілі К.С. Станиславский айтқандай, ―сӛйлеу дегеніміз – әрекет ету‖.  
Кейіпкерлер,  олардың  мінездері  мен  кӛзқарастары,  сол  сияқты  ӛзара  қарым-
қатынастары, қарсылықтары мен қақтығыстары сӛйлеу арқылы кӛрінетін әдебиет жанры - 
драма  –  сӛйлеу  әдебінің  нысаны  ретінде  прагматикалық  кӛзқарас  тҧрғысынан  талдауға 
тиімді де. Сӛз драмада персонаждың сӛйлесімі сияқты қҧнды, ӛйткені сӛйлеуші (одан кейін 
тҧратын  автордың  да)  интенциясын  бейнелеуші  болып  табылады.  Реципиент  сӛздің/ 
сӛйлесімнің  арқасында  (оқырман  –  драмада-кӛрермен)    шығарманы  дҧрыс  тҥсіне  алады 
және сонда ғана кӛркем қатынас туындайды, ол  (кӛркем шығарма) сол ҥшін де жазылады. 
Драмада  сӛздің  прагматикалық  қызметі  –  сӛйлеу  әсері,  интеракция  –  оның  жанрлық 
ерекшеліктеріне  сай  ӛседі:мҧнда  әрбір  сӛз  кӛп  қабатты  және  кӛп  қызметті  болып  келеді, 
онда  кӛтерілетін  сҧрақтың  қоғамдық  маңызы  мен  сезім  шытырмандығы  жағынан  олар 
орын  бермесе  де,  пьеса  кӛлемі  бойынша  романға  қарағанда  біршама  аз.  Мҧнда  біз 
драмадағы  сӛз/сӛйлесімнің  екі  жоспарлы  болатынын:  жақынырақ  қарастырсақ,  қатыстық 
мақсатқа  жетуді  білдіретінін,  олар  бір  кейіпкердің  басқаға/  басқаларға  қатысты  әсер  ету 
қҧралы және сонымен қатар - автор мен кӛрермен/оқырманның қатынастары мен әсер ету 
қҧралдары  болатынын ескеруіміз керек. Яғни, драманың  «ішкі  коммуниканттары»  - оның 
әрекет  етуші  тҧлғалары  мен  сӛйлеуді  жіберуші  (автор)  және  оның  адресаты  – 
кӛрермен/оқырман  тҥріндегі  «сыртқы  коммуникант»  туралы  айтуға  болады.  Мҧнда 
сӛйлесімдік  және  сӛйлесімдік  емес  -  әлеуметтік  –  комму-никанттардың  ӛзара  әсері  сияқты 
коммуникативтік  актілерге  және  соған  сәйкес  –  тілдік,  тілді  қолданудың  әлеуметтік 
ережесіне кӛңіл аударылады.   
Ауқымды 
әлеуметтік 
контекстегі 
сӛйлесімдік 
қатынас 
мәселесін 
зерттейтін 
лингвистикалық прагматика дәстҥрлі тілдік қҧбылысты талдаудың жҥйелік-қҧрылымдық тәсіліне 
қарама-қарсы  «әрекеттегі  тіл»,  «жағдаяттағы  тіл»  зерттеу  арнасынан  ӛткен  ғасырдың  соңғы 
ширегінде тіл білімінің саласы ретінде қалыптасты; оның негізгі постулаты іс-әрекет тҧрғысынан 
тіл  фактілерін  оқып  ҥйрену  болып  отыр.Ч.Моррис  айтып  ӛткендей,  прагматика  қатынас  кезінде 
коммуниканттарға  әсер  ету  ҥшін  тілдің  қолдануын  қарастырады.  Прагматиканың  пайда  болуы 
сӛйлеу  әрекетін  зерттеумен,  сӛйлеу  механизмін  талдаумен,  сӛйлеудің  әлеуметтік  актісімен  
байланысты.Оның  орталығында  сӛйлеуші  тҧлғасы  мен  қаты-нас  процесіне  әрбір  сӛйлеушінің 
енгізген  субьективті  бастамасы  орын  алады.  [3].  Лингвопрагматика  тҥсінігінің  бастапқы 
пәнаралық  сипаты  «адам  және  тіл»  мәселесін  жасауда  лингвистикалық,  психолингвистикалық 
және  әлеуметтік  лингвистикалық  қана  емес,  сонымен  бірге  әлеуметтік-тарихи,  ҧлттық-мәдени, 
этнографиялық  және  т.б.  факторларға  да  ӛз  мҥддесін  негіз-дейді.  Сӛйлеу  қатынасы  сӛйлеу 
актілерінің  тізбегінен  тҧратындықтан,  лингвапрагматикадағы  ең  маңызды  болып  саналатын 
теория  –  сӛйлеу  актілеріне  оны  қҧраушы  ҥш:  иллокуция  (мақсат)  –  локуция  (шығару  -
произнесение)  –  перлокуция (нәтиже) сәйкес келетін   -  Дж.Остин, Дж.Серльдің және  т.б. сӛйлеу 
актілер-інің  теориясы  саналады.[4].    Егер  иллокуция  –сӛйлесімді  жіберушінің  вербальді  және 
вербальді  емес  қҧралдарды  таңдауын  анықтай-тын  сӛйлеу  актісінің  негізгі    буыны  болса,  онда 
перлокуция  –  бҧл  –  адре-сант  сӛйлеу  арқылы  адресатқа  ықпал  ететіндіктен,    сол  ҥшін  қатынас 
жҥзеге асатындықтан, перлокутивті тиімділікке қарай ҧмтылады. 

Абай атындағы ҚазҦПУ-нің Хабаршысы, «Филология» сериясы, №4 (34), 2010 ж. 
 
 
89 
 
Алғаш  рет  Р.Якобсонның  лингвистикалық  мақсатқа  пайдаланған  сӛйлеу  қатынасының 
қарапайым  ҥлгісін  негізге  алайық.Оған  адресант  –  хабарлау  (оның  формасы,  байланыс  желісі, 
коды,  контекст,  қатынас  жағдайы)  –  адресат  жатады.  Зерттеу  мақсатымыздан  келіп,  сол  ҥлгіні 
«тыңдаушы актісі» факторымен немесе Т.А. ван Дейк [5] енгізген аудитивті актісімен, сол сияқты 
жіберушінің (сӛйлеуші) вербальді емес әрекетін ескере отырып толықтыруды қажет деп отырмыз. 
Соңғысын ғалым И.П.Сусов енгізген болатын [6]. Драмада олар автор ремаркасы арқылы беріледі.  

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет