Тҥйін
Қазақ мектебінің оқушыларына орыс тілін меңгертудегі негізгі қҧрал мәтін болып табылады.
Сондықтанда біздің мәтінді гипермәтін технологиясы аясында бастауыш сыныптарымен қатар жоғары
сынып оқушылары ҥшін жаттығулар жҥйесін ҧйымдастыру. Лингвистикалық ғылымның жетістіктері
тҥсіндірме сӛздікті 7 сынып оқушылары сабақта пайдалану арқылы мәтін компетенциясын
қалыптастыру.
Summary
The ―Text‖ is one of the major educational units of students. Therefore we attempted to show text
selection process in context of hypertext technology, as well as to show the exercises‘ system organization not
only at elementary but high schools as well. Establishment of students‘ text competency based on linguistics
science and to show what wide range of achievement could be attained using wordbooks in teaching Russian
language to students who study in Kazakh schools.
Абай атындағы ҚазҦПУ-нің Хабаршысы, «Филология» сериясы, №4 (34), 2010 ж.
25
МЕЗГІЛ МӘНДІ СӚЙЛЕМДЕРДІҢ СИНОНИМДІК ҚАТАРҒА ТҤСУ ҚАБІЛЕТІ
А.Б.Жангираева -
Абай атындағы ҚазҦПУ-дің мемлекеттік тіл кафедрасының
аға оқытушысы
Мезгіл мәнді сӛйлемдердің ыңғайлас сӛйлемдерге біршама ҧқсас келеді. Алайда бҧлар олардан
мҥлдем басқа сӛйлемдер екенін ескерген жӛн. Дәлірек айтқанда, ыңғайлас сӛйлемдерде
қҧрмаластардың компоненттеріндегі сӛз болатын оқиғаның бір мезгілде немесе іркес-тіркес уақыт
ішінде болып жататыны баяндалса, ал мезгіл мәнді сӛйлемдерде уақыттың әр тҥрлі кездеріне қатысты
оқиғалар әңгіме арқауы болып отырады. Мезгілдес дегенде, қҧрмаластың сабақтас тҥрі ойға оралатыны
шындық. Мҧның ӛзі сабақтастың табиғатына да сай келеді. Осыған орай синонимдік қҧбылыстар да
кӛзге тҥседі. Әлбетте, бҧл ретте синонимдік мағына реңкке байланысты. Қҧрмаластың ӛз ішінде,
сондай-ақ қҧрмаластың әр тҥрлерінің арасында, содан кейін қҧрмалас сӛйлем мен жай сӛйлемдер
арасында синонимдік қҧбылыс кездеседі. Филология ғылымының докторы М.Томановтың кандидаттық
диссертациясының бір тарауы сӛз тіркесінің синтаксистік синонимикасына арналған. (1;69) Бҧдан
бҧрын оның мақаласы жарияланған еді. Екеуінде де зерттеуші мезгілдік қатынастағы сӛз тіркесінің
синонимдерін мағынасына қарай топтаған, әр топтың жасалу тәртібін, жалғануға тиісті қосымшалар
мен тіркескен кӛмекші сӛздерді талдап кӛрсетеді. (2;5)
М.Томанов бірден мезгілдік қатынастағы сӛз тіркестерінің синонимикасы туралы сӛзді бастап
кетпей, әуелі қазақ тіліндегі синтаксистік синономия қҧбылысының жалпы мәселелеріне аздап тоқтала
кетеді. Автордың синтаксистік синонимдер жайлы жалпы тҥсінігі принципті дау туғызбайды. Мҧндай
синонимдерді ӛзара тепе-тең мағыналы деп қарамай, оны тілдің икемділігін танытатын фактор деп білуі
― сӛз тіркесінің синонимикасына қатысты ойлы пікір.
Ал, ғалым М.Серғалиев мезгіл мәнді қҧрмаластың әр тҥрлерінің арасындағы, содан кейін
қҧрмалас сӛйлем мен жай сӛйлемдер арасындағы синонимдерді зерттеді.(3;193)
Синтаксистік синономия реальдық шындықтың сан алуан факторлардың әр тҥрлі нәзік
реңктерін синтаксистік қҧралдар арқылы дәл берудегі тілдің мол мҥмкіндігін танытады, реальдық
қатынастардың анық берілуін қамтамасыз етеді, бір конструкцияның орынсыз қайталана бермей, тҥрлі
конструкцияларда келіп, соның нәтижесінде сӛйлеу (жазу) тілінің сҧлулығына, мҥсіндене тҥсуіне
әсерін тигізеді.
« Тілдің ӛсіп, кӛркеюі ҥшін, бай әдеби тіл боп жетілуі ҥшін синонимика категориясының
айрықша маңызы бәрімізге мәлім», - деп атап кӛрсетеді кӛрнекті ғалым І.Кеңесбаев.
Мезгіл бағыныңқы сабақтастың ҥлкен бір тобы бағыныңқыдағы әрекеттің басыңқыда сӛз
болған әрекеттен кейін жҥзеге асатынын, демек, бағыныңқыда айтылған әрекет орындалды ма, жоқ па,
орындалса, жақында ма, кӛп уақыттан кейіннен бе – ол жағы беймәлімдеу болады да, басыңқыда
айтылған оқиғаның орындалғаны білініп тҧрады: мҧндайда бағыныңқының баяндауышы есімшеге -ша,
- ше жҧрнағы жалғанған сӛзге аяқталады. Мысалы: Қыз қалаға кіріп жоқ болғанша, Қобыланды батыр
соңынан кӛз алмай қарап тҧрды (І.Есенберлин). Жҧрттың дуылы басылғанша, Ақан ҥндемеді
(С.Жҥнісов).
Мҧндай сабақтастың бағыныңқысында қашан сӛзінің қосылып, кҥшейтпелі мағына беретіні де
бар. Мысалы: Қашан ҧйқым келгенше,оның қасына мен де барып отырам. (С.Мҧқ).
-ша-ға аяқталғанда басыңқыдағы оқиғаның созылыңқылығы біршама танылады да, ал қашан
сӛзі кірістірілгенде, ол созылыңқылық қасиет одан сайын айқындала тҥседі.
Бағыныңқының баяндауышы дегенше деген сӛзбен біткенде, бҧдан гӛрі шапшаңдық,
жылдамдық сезіліп тҧрады: мысалы: Ҥйдің әйелі кӛсеуді екінші рет сілтеймін дегенше, мен зыта
қашып, ҥйден бір-ақ шықтым. (Ӛ.Қанахин). Әйтеуір қҧлансәріден тҧрып, сарайына, ҥйіне бір кіріп,
жҧмысына барма дегенше, кӛп тірліктің басын қайырып тастайды.(Ӛ.Кҥмісбаев). Салыстырыңыз: ...
сен тиек жасағанша, мен бір әңгіме айтып берейін. Мҧндай сӛйлемдерді бір-бірімен алмастыруға
болмайтын жайлар да кездеседі, яғни мағыналары бір жерден шыға бермейді. Мәселен, дегенше-ні
орынды-орынсыз қосақтай беру қисынды кӛріне бермейді. Мысалы: Қыз қалаға кіріп, жоқ боламын
дегенше, Қобыланды батыр соңынан кӛз алмай қарап тҧрды деу ауызекі тілде айтыла берер, ал ой
сарабынан ӛткізілуге тиісті жазба тіл жағдайында қолдану ыңғайсыз кӛрінуі әбден мҥмкін. Олай
болуының табиғи себебі бар. Ол себеп бағыныңқылығы мен басыңқы сыңарлардың мағыналық
байланыстарына тікелей қатысты. Мәселен, бағыныңқы сыңарларда дегенше сӛзі болмай, кез-келген
есімше тҧлғалы сӛзге –ша жҧрнағы жалғанса да, басыңқының баяндауышының әсерімен қимыл-
әрекеттің шапшаңдығын білдіретін кезі де болады: Сен тиек жасағанша, мен бір әңгіме айтып бере
қояйын.
Әрине, мҧнда басыңқыдағы оқиғаның тездігі бірден кӛзге ҧрып тҧрады, алайда сол оқиғаның
шапшаңдығына қарап, бағыныңқыдағы оқиғаның да тез орындалатынын аңғару қиындыққа соқпас.
Абай атындағы ҚазҦПУ-нің Хабаршысы, «Филология» сериясы, №4 (34), 2010 ж.
26
Тҧщы, дәмді судан бҥйірі шыққанша қан ішіп, басын кӛтере бергенше, соңындағылар да
жетті тәріздес сӛйлемнен де осыны аңғарамыз, ӛйткені бағыныңқының баяндауышын ... кӛтере бере
– ақ, ...кӛтере берем дегенше дейтін сӛздермен алмастыруға болады.
Мезгілдік мағынада қолданылатын бағыныңқының қҧрамында дегенше сӛзінің жҥруі кей
жағдайларда сол сӛйлемге бҧл мағыналармен қоса, юморлық, сатиралық реңк те беріп отырады.
Мысалы: Кҥрекке таянып тҧрды дегенше, Зылиханы айналдырған осы ойлар. (Б.Майлин).
-ша тҧлғалы баяндауышты бағыныңқы -ға дейтін тҧлғалы баяндауышпен орын алмастыра
алады : ― Жҧрттың дуылы басылғанға дейін Ақан ҥндемеді.
Келтірілген сабақтастар салаласпен синоним бола алады: ― Жҧрттың дуылы басылып еді,
оған Ақан ҥндемеді.
Дәл осылайша мезгіл бағыныңқы сабақтастың бҧл тҥрі жай сӛйлеммен синонимдік қатарға
тҥседі.Бҧл жолы сабақтас компоненттерінің жеке-дара сӛйлем болатыны белгілі: Жҧрттың дуылы
басылды. Оған дейін Ақан ҥндемеді.
Мезгіл бағыныңқы сӛйлемдердің бір тобының басыңқысындағы оқиға бағыныңқыдағы
оқиғағаның жҥзеге аса бастауымен байланысты болып келеді. Бҧл тәріздес бағыныңқының
баяндауышы бірде кӛмектес септігінің жалғауын жалғаған сӛзге, енді бірде шартты райдың -са
тҧлғасымен -ақ демеулігіне аяқталады: Лида келісімен, тәртіп орнап, вагон іші жарқырай
бастады.(Ғ.Мҥс.). Анам есіктен кӛрінді-ақ, ыңқылдай бастайым. (М.Сҥнд.).
Қалай .... солай сӛздері қатысқанда, кӛмектес септігіндегі сӛз бір ретте дҥркінділік сезімді,
ондай жағдайда, басыңқының баяндауышы алғашқыдағыдай ӛткен шақ тҧлғасында емес, ауыспалы
келер осы шақ тҧлғасында тҧрады: Шыңғыс Қҧсмҧрын еліне қалай аға сҧлтан болып тағайындалды,
солай осы кҥзекке екі бӛлмелі кеңсе ҥйі салынды. (М.Әуезов). Белгілі дәрежеде салыстырмалық
мағына да белең береді, бірақ негізгі мағынаның салмағы мезгілде жатқаны да тҥсінікті.
Сабақтас сӛйлем салалас сӛйлеммен синоним болып келеді: Иілген ағаштың бҧтақтары
электрдің жалаңаш сымына тиіп кетеді де, одан сайын шатыр-шҧтыр, жарқ-жҧрқ ете қалып, уыс-
уыс ақшыл шоқ шашырайды. Айырмашылық, біздіңше салалас сӛйлем жағдайында кҥшейтпелілікке
немесе қайталамалылыққа айрықша мән беру бірінші қатарға қойылады, ал сабақтаста бҧлайша мән
беру ҥшін логикалық екпінді баяндауыш тобына (бағыныңқының) тҥсіру қажет болады.
Келтірілген сӛйлемдердің (сабақтасы да, салаласы да) жай сӛйлеммен синоним болу сәттерін
айтпасқа болмайды.
Иілген ағаштың бҧтақтары электрдің жалаңаш сымына тиіп кетеді. Одан сайын шатыр-
шҧтыр, жарқ-жҧрқ ете қалып, уыс-уыс ақшыл шоқ шашырайды.
Кҥшейтпелік немесе қайталамалық қасиет жай сӛйлемде арта тҥседі. Әсіресе қатар тҧрған жай
сӛйлемнің алдыңғысының баяндауышы екіншісінің пысықтауышы қызметінде сӛйлемнің басында
тҧрғанда, логикалық екпіннің ӛзі еріксіз соған тҥсіп, әлгі қасиетті бар мҥмкіндігінше айқындайды.
Синонимдік қҧбылыстар мезгіл бағыныңқы сабақтастың ішінде екі компонентінде оқиғаның
бір мезгілде болатынын баяндайтын тҥрде де кездеседі. Мҧндай бағыныңқының баяндауышы шартты
райдың -са тҧлғасына немесе -ған тҧлғалы есімшенің жатыс септігінде тҧрған формасына аяқталады:
Ақан асыға киініп, кҥркеден шыға келсе, комбайндар кӛлде жҥзген қаздардай егін теңізінде қатар-
қатар жҥзіп келеді.(З.Ш.). Қанипа ҧмтыла бергенде, жас милиционер білегінен шап беріп ҧстай
алды.(С.О.).
Жалпы алғанда, шамалас болғанымен, бағыныңқыдағы оқиға, қҧбылыстың сәлде болса, бҧрын
істелгенін білуге болады.
Сӛйтіп, мезгіл бағыныңқы сабақтас сӛйлемдер тіліміздің байлығын арттыруға белгілі дәрежеде
ҥлесін тигізе отырып, осылайша сӛйлемнің кӛптеген тҥрлерімен синонимдік қатарға тҥсіп отырады.
1.
Томанов М. Словосочетания, выраженное временное отношение в казахском языке.:
Автореф дисс ... канд. – Алматы, 1959. - 69б.
2.
Томанов М. Мезгілдік қатынастағы сӛз тіркесінің синонимдігі туралы. //Вестник АН
Казахстана, 1959. -8б.
3.
Серғалиев М. Синтаксистік синонимдер. - Алматы: Мектеп, 1981. -193б.
Резюме
В этой статье рассматривается синонимия временных предложений.
Summary
This article concerns the ability of foumation synonymous clause sentences.
Абай атындағы ҚазҦПУ-нің Хабаршысы, «Филология» сериясы, №4 (34), 2010 ж.
27
ҚАЗАҚ ТІЛІ МӘТІНДЕРІНДЕГІ ӘРІПТЕРДІҢ СТАТИСТИКАСЫ
Қ.С.Мамаев -
филология ғылымдарының кандидаты,
Академиялық инновациялық университет
Жоғары оқу орнынан кейінгі білім бӛлімінің меңгерушісі
Қазіргі таңда ақпараттарды ӛңдеудің, сақтаудың және тҧтынушыларға жеткізудің маңызы кҥн
ӛткен сайын артуда. Кҥнделікті ӛмірде әрбір адам ақпараттың ―маңызды‖ және ―маңызсыз‖ тҥрлерін
қабылдап, таратады. Ақпараттың кейбір тҥрінің жекелеген адам ҥшін ғана маңызы болса, енді
біреулерінің мемлекет, бҥкіл адамзат ҥшін маңызы орасан болуы мҥмкін. Сондықтан ҧлт, мемлекет,
адамзат ҥшін қҧнды ақпараттарды заманауи компьютерлік техника жәрдемімен жинақтап, ӛңдеу және
оны ҧрпақтан-ҧрпаққа жеткізу – бҥгінгі кҥннің талабы.
Ақпараттың кез келген тҥрі, мейлі ол ӛнер туындысы, бейнефильм, математикалық формула
болсын, компьютер жадына электрондық импульстер арқылы ―0‖ мен ―1‖ цифрларының ретсіз тізбегі
тҥрінде енгізіледі. Сондықтан қазақ тілінің компьютерлік қорын қҧруда ақпараттың компьютерге
енгізілу жолы мен сақталу тәртібін білудің мәні зор.
ХХ ғасырдың 70-жылдарынан бастап профессор Қ.Б.Бектаев лингвостатистикалық әдістер мен
электрондық есептеуіш машиналарды қолдана отырып тҥркі тілдерін зерттеумен шҧғылданды /1/.
Қ.Б.Бектаев және оның А.Жҧбанов, Ә.Ахабаев, Д.Байтанаева, Қ.Молдабек, А.Белботаев, Б.Қалыбеков
сынды шәкірттері осы сала бойынша елеулі жетістіктерге қол жеткізді. Аталған ғалымдардың қазақ
тіліндегі мәтіндердің морфологиялық қҧрылымына жасаған талдаулары зат есімдердің, етістіктердің
және сын есімдердің сҥбелі ҥлесін зерттеу нәтижелері дәлелдей тҥседі. Қазақ мәтіндеріндегі
сӛзтҧлғалардың, сӛздердің қолданылу жиіліктеріне, лексикалық бірліктердің статистикасына талдаулар
жасалынып, зерттеулер жҥргізілді.
1990 жылдары профессор А.Қ.Жҧбанов ӛзінің ―Тҥркі тілдерінің машиналық қорын жасаудың
алғышарттары‖ атты еңбегінде: ―...Тілдің машиналық қорын жасау ҥшін оны мынадай қҧрамдармен
қорландыру керек:
1) машина қорының негізгі сӛзтізбегі; 2) иллюстрациялық текстер қоры; 3) терминология
қоры;
4) академиялық сӛзтізбек – грамматика қоры; 5) тіл процессорларының қоры; 6) лингво-статистикалық
база; 7) лексикография-лық база; 8) лингвистикалық алгоритмдер мен программалар қоры‖ деп саралап
кӛрсеткен болатын /2, 37/. Ғалымның ҧсынған осы алғышарттарын қазақ тілінің компьютерлік қорын
қҧру барысында негізге алуға болады. Осы мақсатта қазақ мәтіндеріндегі таңбалар мен әріптердің
қолданылу жиіліктерін, олардың сӛз басында қолданылу статистикасын анықтау қажеттігі туындайды.
Осы орайда ―Әліппе‖ оқулығының 1995 жылғы ―Рауан‖, 2002 жылғы ―Атамҧра‖ баспаларынан
жарық кӛрген нҧсқалары, бастауыш мектептің 1-4 сыныптарына арналған ―Ана тілі‖ оқулықтарының
2001-2004 жылдардағы, ―Ана тілі хрестоматиясы‖ оқу қҧралдарының 1998-2004 жылдардағы нҧсқалары
мәтіндеріндегі әріптердің санына статистикалық зерттеулер жҥргізілді. Әрбір оқулық пен оқу
қҧралындағы таңбалар саны, әріптер саны, сӛзқолданыс саны және сӛзқолданыстың орташа
ҧзындықтары анықталды (1-кесте).
1-кесте
Р.н.
Оқулықтар,
оқу қҧралдары
атаулары
Таңбалар
мен бос
орындар-
дың жалпы
саны
Тек бос
орындар
саны
Тек
таңбалар
саны
Әріптер
саны
Сӛзқолданыстардың
саны
орташа
ҧзындығы
1.
Әліппе (1998)
20964
3696
17268
16154
3099
5,57
2.
Әліппе (2002)
28014
4828
23186
21739
4417
5,25
3.
Ана тілі
(1-4 сыныптар)
1140935
169992
970943
895667
165942
5,85
4.
Ана тілі
хрестоматиясы
(1-4 сыныптар)
841439
123681
717758
662153
123288
5,82
―Әліппе‖ оқулығының 2002 жылғы нҧсқасында 1998 жылғы нҧсқасымен салыстырғанда әріп
саны 1,35 есеге, сӛзқолданыс саны 1,42 есеге артық болғанымен, ондағы сӛзқолданыстардың орташа
Абай атындағы ҚазҦПУ-нің Хабаршысы, «Филология» сериясы, №4 (34), 2010 ж.
28
ҧзындықтары 0,32-ге кем. Демек, ―Әліппе‖ оқулығының кейінгі нҧсқасында сӛзқолданыстар санының
басымдығына ондағы әрбір сӛзқолданыстың орташа ҧзындығының қысқалылығы әсер еткен.
―Ана тілі‖ оқулықтары мен ―Ана тілі хрестоматиясы‖ оқу қҧралдарының мәтін кӛлемдері
ҥлкен болғандықтан, сӛзқолданыстардың орташа ҧзындықтарының 5,85 және 5,82-ге тең екендіктері
анықталды.
Қарастырылған мәтіндердегі таңбалар санының әріптер санына қатынасы 1,06-1,08
сандарымен ӛрнектеледі. Мҧнда мәтін кӛлемінің ҧлғаюына қарай қатынас мӛлшерінің де артатындығы
байқалады. Мәтіндегі таңбалар санының әріптер санынан артық болуы заңды қҧбылыс. Себебі,
сӛйлемдер, ондағы сӛздер бір-бірінен тыныс белгілері арқылы ажыратылып отырады.
Мәтіндерінің кӛлемдері 16154 және 21739 әріпті қҧрайтын ―Әліппе‖ оқулығының 1998, 2002
жылдардағы нҧсқаларында а, е, ы, т, н, р, л, қ, і, д және с әріптерінің қолданылу жиілігі жоғары
екендігі анықталды. Қос мәтінде де осы әріптер жиіліктерінің кему реті бойынша біркелкі орналасқан.
―Әліппе‖ оқулығының 1998 жылғы нҧсқасында әрбір 100 әріптің 16-сын – а, 7-еуін – ы, е, 6-ауын – н,
5-еуін – і,р,л, 4-еуін – т, д, с әріптері қҧраса, 2002 жылғы нҧсқасында 17-сі - а, 6-ауы - е, і, 5-еуі - т, н, р,
л, 4-еуі - қ, і, д және 3-еуі с әріптерінен тҧрады.
Мәтін кӛлемдері 895667 және 662153 әріпті қҧрайтын ―Ана тілі‖ оқулығы мен ―Ана тілі
хрестоматиясы‖ оқу қҧралдарында а, е, ы, н, і, т, р, д, л, с, қ және б әріптері жиіліктерінің кему реті
бойынша тізімнің бас жағында орналасады. 1-4 сыныптарға арналған ―Ана тілі‖ оқулығында 100 әріптің
13-і – а, 8-і - е, 7-еуі - ы,н, 6-ауы - і, 5-еуі - т, р, д, 4-еуі - л, с, қ және 3-еуі б әріптері болса, 1-4
сыныптарға арналған ―Ана тілі хрестоматиясы‖ оқу қҧралында 13-і - а, 8-і - е, ы, 7-еуі - н, 6-ауы - і, 5-
еуі - т, р, д, л, 4-еуі - с және 3-еуі - қ, б әріптері екендігі анықталды.
Ф, э, ю, һ, ц, ч, ь, щ, ъ, ѐ әріптері әрбір 10000, 100000 әріптің ішінде 1-2 рет қана және одан аз
қолданылған. Мәтін кӛлемдері анағҧрлым шағын ―Әліппе‖ оқулығының 1998, 2002 жылғы
нҧсқаларында да осы 10 әріптің қолданылу жиілігі тӛмен.
Әрбір мәтіндегі әріптер қолданылу жиілігі бойынша кему ретімен орналастырылып,
нӛмірленді (рангіленді). Олардың рангілерінің арасындағы байланысты анықтауда Спирменнің рангілік
корреляция коэффициенті қолданылды. Аталған коэффициенттің ―Әліппе‖ оқулығының 1998, 2002
жылғы нҧсқалары бойынша есептелген мәні - 0,981-ге, ―Ана тілі‖ оқулығы мен ―Ана тілі
хрестоматиясы‖ оқу қҧралы бойынша мәні 0,996-ға тең. Тәжірибе барысында мәтін кӛлемдері бір-
бірінен қатты ерекшеленетін ―Ана тілі‖ оқулығы мен ―Әліппе‖ оқулығының 2002 жылғы нҧсқасындағы
әріптердің қолданылу жиіліктері арасындағы байланыс 0,985-ке тең. Бҧлар – тура байланыстың ӛте
жоғарылығын кӛрсетеді. Демек, қазақ тіліндегі әріптердің қолданылу жиілігінің ретсіз еместігі,
олардың белгілі реттілікті сақтай отырып қолданылатындығы жайлы тҧжырымдауға негіз бар.
Жалпы, мәтіндегі әріптер статистикасына талдау жҥргізуде олардың сӛз басында қолданылу
жиілігін анықтаудың лингвистикалық статистика ҥшін мәні зор. Орыс тіліндегі мәтіндерге қатысты бҧл
мәселемен ХХ ғасырдың 70-жылдары кеңес ғалымдары Р.Г.Пиотровский мен А.А.Пиотровскаялар,
қазақтың кӛрнекті ғалымы Қ.Б.Бектаевтар айналысқан /3, 126-127; 4, 73-75/. Аталған ғалымдардың
зерттеулерінде орыс тіліндегі мәтіндерде п (0,207), н (0,085), и (0,070), с (0,064), о (0,052), в (0,051), к
(0,040), м (0,038), д (0,037), а (0,036), я (0,035), з (0,032), м (0,031), ш (0,030) және ф (0,029) әріптерінің
сӛз басында қолданылу ықтималдығы ӛзгелерінен жоғары екендігі анықталған. Атап айтқанда, әрбір
100 сӛздің 20-сы - п, 8-і – н, 7-еуі – и, 6-ауы – с, 5-еуі – о, в әріптерінен және т.с.с. басталады.
―Әліппе‖, ―Ана тілі‖ оқулықтары мен ―Ана тілі хрестоматиясы‖ оқу қҧралындағы әріптердің
сӛз басында қолданылу жиілігін анықтауда келесі қарапайым іс-әрекеттер орындалды:
1. Бас әріптер мен бос орындардан кейін орналасқан кіші әріптер саны анықталды.
2. Сӛз басында қолданылған әріптер мен сол әріптің мәтінде қолданылған жалпы санына
қатынастары есептелді.
895667 және 662153 әріптен тҧратын ―Ана тілі‖ оқулығы мен ―Ана тілі хрестоматиясы‖ оқу
қҧралындағы сӛзқолданыстардың 72%-ы а (0,132), е (0,079), ы (0,074), н (0,069), і (0,060), т (0,053), р
(0,051), д (0,047), л (0,046), с (0,038), қ (0,035), б (0,028) әріптерінен басталатындығы анықталды. 100
сӛздің 13-і - а, 8-і - е, 7-еуі - ы, н, 6-ауы - і, 5-еуі - т, р, 4-еуі - д, л әріптерінен және т.с.с. басталады.
Зерттеу барысында жоғарыдағы 12 әріптің рангілерінің ӛзгермейтіндігіне кӛз жеткізілді.
Енді жекелеген әріптердің сӛзқолданыс басында қолданылуын қарастырайық. Зерттеу
барысында ―Ана тілі‖ оқулығы ҥшін ж әрпінің 85%-ы, б әрпінің 71%-ы, х әрпінің 55%-ы, ә әрпінің
54%-ы, к әрпінің 49%-ы, қ әрпінің 46%-ы, э әрпінің 41%-ы, ш әрпінің 33%-ы, о әрпінің 32%-ы және ӛ
әрпінің 30%-ы сӛздің бастапқы әрпін қҧрайтындығы анықталды. Осылайша ―Ана тілі хрестоматиясы‖
оқу қҧралы ҥшін ж әрпінің 86%-ы, б әрпінің 74%-ы, х әрпінің 60%-ы, ә әрпінің 49%-ы, и әрпінің
48%-ы, қ әрпінің 45%-ы, ф әрпінің 41%-ы, ш, ӛ әріптерінің 32%-ы, ц, о, с әріптерінің 30%-ы сӛз басында
қолданылғандығына кӛз жеткізілді.
Й әрпінен басталатын сӛзқолданыстардың ҥлесі ―Ана тілі‖ оқулығы ҥшін 0,05%-ды, ―Ана тілі
хрестоматиясы‖ оқу қҧралы ҥшін 0,006%-ды ғана қҧрайды. Ң, ь, ъ, ѐ әріптерімен басталатын
сӛзқолданыстардың кездеспеуі – заңды қҧбылыс.
Абай атындағы ҚазҦПУ-нің Хабаршысы, «Филология» сериясы, №4 (34), 2010 ж.
29
Қазақ тіліндегі мәтіндерде сӛзқолданыс басында ең жиі қолданылатын а әрпі орыс тіліндегі
мәтіндерде 10-орында болса, жиілігі жӛнінен екінші, ҥшінші орындарды иемденетін е, ы әріптері орыс
тіліндегі мәтіндерде сӛзқолданыс басында жиі қолданылатын алғашқы 10 әріптің қҧрамына енбейді.
Керісінше, орыс тіліндегі мәтіндерде сӛзқолданыс басында жиі қолданылатын п әрпі қазақ тіліндегі
мәтіндерде сӛзқолданыс басында жиі қолданылатын алғашқы он әріп қҧрамында кездеспейді. Демек,
қазақ және орыс тіліндегі мәтіндерде сӛзқолданыс басында қолданылатын әріптер тізбегінің бір-
бірімен ҥйлеспеуі олардың жалғамалы (агглютинативті) және флективті-синтетикалық сияқты тҥрлі
тілдік топтарға жататындығын аңғартады.
Зерттеу нәтижесінде алынған статистикалық мәліметтерді бастауыш мектептің ―Әліппе‖, ―Ана
тілі‖ оқулықтарын, қос тілді сӛздіктерді қҧрастыруда қолдануға болады. Мәтіндегі әріптердің кездесу
жиіліктерінің статистикасының қазіргі таңда қазақ тілінің компьютерлік қорын қҧруда, мәтінді бір
тілден екінші тілге автоматты тҥрде аударуда, оны компьютерде ӛңдеп, сақтауда және тҧтынушыларға
жеткізуде практикалық мәні бар.
1.
Бектаев К.Б. Статистико-информационная типология тюркского текста. - Алма-
Ата: Наука, 1978. -184 с.
2.
Қазақ тексінің статистикасы. ІІ шығарылуы: (―Лингвистикалық жҧмыстарды
автоматтандыру және тіл статистикасы‖ тобы қызметкерлерінің еңбектері). –Алматы: Ғылым,
1990. -208 б.
3.
Пиотровский Р.Г., Бектаев К.Б., Пиотровская А.А. Математическая лингвистика:
Учеб. пособие для пед. ин-тов. - М.: ВШ, 1977. – 383 с.
4.
Бектаев К.Б., Пиотровский Р.Г. Математические методы в языкознаний. Ч.1. -
Алма-Ата: КазГУ им.С.М.Кирова, 1973. – 281 с.
Резюме
В статье приводится результаты статистического анализа казахских текстов на уровне букв.
Summary
The article is focused on the results of the Kazakh texts statistical analysis, the analysis is performed
on the letters level.
Достарыңызбен бөлісу: |