254
емес. Әр мәдениетті, сауатты адам ана тілін жетік білуімен қатар өзге тілдерді міндетті түрде
білуі керек. Көп ұлтты елімізде бірнеше тілді білу – басқа ұлт өкілімен тіл табысуға, оның
көңілінің кілтін табуға ықпал ететіні сөзсіз. Тіл – рухани байлық,
ата-бабаларымыздың
қалдырған мұрасы, сондықтан әр адам қаншалықты өз тілін жақсы білсе, соншалықты өзге
тілдерді меңгеруге, құрметтеуге тиіс. Нельсон Мандела айтқандай: «Егер біреумен түсінікті
тілде сөйлессең, тіл табыса аласың. Ал оның ана тілінде сөйлер болсаң, ол сені жүрегімен
түсінеді». Бүгінгі таңда бәсекеге қабілетті, сұранысқа ие маман болу үшін кем дегенде үш
тілді білу – қажеттілік, басты талаптардың бірі. Егер тарихқа үңілетін болсақ, көп тілді білудің
қаншалықты маңызды екенін қазақтың Абай, Шоқан сияқты ұлы ғұламалары өз үлгі-өнегесі
арқылы көрсеткенін естен шығармайық. XX ғасырда даңқты жазушы Бауыржан
Момышұлы: «Бір тіл білген адам - бір адам, екі тіл білген адам - екі адам» деген сөздерімен
оны дәлелдеп берген. Білім мен ғылымға жақын болудың негізі - көптілділік.
Биылғы оқу жылында мектеп табалдырығын «Әліппе» оқулығын құшағына алып аттаған
болашақ иелерін ана тілімен қатар басқа тілдерге де үйрету басшылыққа алынып отыр.
Өйткені, үштілділік
– ХХІ ғасырдың білім беру басымдықтарының бірі. Өркениетті дамыған
елдердің қатарына ену мақсатына жетудің негізгі факторы – заман талабына сай білім беру.
Мемлекетімізді дамыған 30 елдің қатарына тек сапалы білім жеткізеді. Осыған орай, ұстаздар
қауымына әлеуметтік-мәдени қатынастар
жасай алатын, өз елін, тілі мен дінін, мәдениеті мен
ұлттық құндылықтарын басқа елдерге таныта алатын жан-жақты дамыған, бәсекеге қабілетті
азаматтарды қалыптастыру жүктеліп отыр. Сондықтан еліміздің орта мектептерінде бірінші
сыныптан бастап қазақ, орыс, ағылшын тілдерін оқыту енгізілуде. Үш тілді оқыту
оқушылардың тыңдалым, айтылым, оқылым және жазылым сияқты дағдылары арқылы сөйлеу
әрекеттерін қалыптастыруға бағытталған. Үштілді оқытуды дұрыс жолға қоятын, оңды
нәтижелерге жеткізетін құралдарға жаңа деңгейлік оқулықтар мен жаңа әдістемелер жатады.
Педагогтердің міндеті - барлық заманауи әдіс-тәсілдер арқылы шәкірттерге сапалы,
жаңашыл
білім беру. Қоғам дамуымен қатар, адамды тәрбиелеуге, білім беруге жаңа талаптар қойылып
отырғаны баршамызға мәлім. Сол талаптарға сай қазақстандықтарды болашақ өмірге
дайындау - үлкен жауапкершілік. Еліміздің ертеңін қандай ұл-қыздарымызға
тапсыратынымыз біздің – педагогтердің қолында. Заманауи қоғам: «Ұстазы жақсының
ұстамы жақсы», – деп ұстазға үлкен талап пен міндет артып отыр.
ХХІ ғасырда білім
саласында еңбек етіп жатқан азаматтарға қыруар жұмыстар жүктелуде, өйткені
жаңартылған
білім беру бағдарламасының негізгі міндеттерінің бірі шәкірт жүрегіне жол тауып, биік
белестерге жетелеудің жолын қарастыру. Қазіргі әлемде барлық азаматтары тек бір тілде
сөйлейтін ел жоқ. Бірнеше тілді жақсы білетін адам жаһанданған әлемде өзін жайлы сезінеді,
үлкен ақпарат ағынына қол жеткізе алады. Сонымен бірге оқу мен жұмыс мүмкіндіктерін
кеңейтеді. Сондықтан Қазақстандағы көптілділік азаматтардың коммуникативтік бейімделуі
ретінде қарастырылды. Сонымен қатар шет тілдерін үйрену адамның ақыл-ойы мен ойлау
қабілеттерін дамытуға оң әсерін тигізеді. Адам өмірі
бір қалпында тұра бермейді, әр күн
өзгерістер, жаңашылдық, түрлі күтпеген жәйттарға әкеледі, сол жағдайларда біздің
азаматтарымыз кез-келген ортаға коммуникативті-бейімделген болуы керек. Қазақ тілін
тереңдетіп оқыту, көптілділікті меңгеруді жолға қою бүгінгі
таңдағы жаңартылған
мазмұндағы орта білім жүйесіндегі педагогикалық үрдістің негізгі бағыттарының бірі болып
табылды. Әр ұстаздың міндеті - жастарға тілдерді меңгеру өмір жолындағы табыстың кепілі
болып табылатынын, бір саты жоғары көтерілуге, қарым-қатынастың кең кеңістігін қамтуға
жағдай туғызатынын жеткізе білу.Үштілділік - жастарды жарқын болашаққа жетелейтін жол.
Бірнеше тілді білу біздің өміріміздің шекарасын кеңейтеді. Бұл біздің өмірлік іргетасымыздың
маңызды кірпіштерінің бірі. Бірнеше тіл білу әр адамға шексіз мүмкіндіктер ашып, дүниеде өз
тетігін тауып қалануға ықпалын тигізеді, себебі, үштілділік
– ХХІ ғасырдың негізгі
басымдықтарының бірі. Әрине, тіл үйрену оңай нәрсе емес. Алайда, біздің әлемде бәрі мүмкін,
бастысы
– өз күшіне деген сенімділік. Ағылшын мақалында айтылғандай: «When there is a will,
there is a way» («Тілек бар жерде мүмкіндіктер де бар»). Тілдерді білу бізге сенімді болашақ