«ахмет байтурсынов основатель казахского языкознания»


Пайдаланылған әдебиеттер тізімі



Pdf көрінісі
бет116/117
Дата17.10.2022
өлшемі3,65 Mb.
#43576
1   ...   109   110   111   112   113   114   115   116   117
Байланысты:
«АХМЕТ БАЙТҰРСЫНОВ - ҚАЗАҚ ТІЛ БІЛІМІНІҢ АТАСЫ» АТТЫ ОБЛЫСТЫҚ СЫРТТАЙ ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯНЫҢ МАТЕРИАЛДАРЫ

 
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі: 
1.https://www.bugin.kz/1468-alash-qayratkerlerininh-til-turaly-aytqan-kesteli-oylary 
Марғұлан Ақан. Алаш қайраткерлерінің тіл туралы айтқан кестелі ойлары. 2019 
2.https://anatili.kazgazeta.kz/news/10394«Байтұрсынұлы жазуы» атанған Ахмет Байтұрсынұлы 
әліпбиінің жарық көргеніне жүз жыл 2012 
3. Байтұрсынұлы Ахмет Б 20 6 томдық шығармалар жинағы. Тіл – құрал (қазақ тілі мен оқу-
ағартуға қатысты еңбектері). – Алматы: «Ел-шежіре», – 2013 Т. ІІІ: –384 б. 
ҮШТІЛДІЛІК – БОЛАШАҚҚА ЖАСАЛАТЫН СЕНІМДІ ҚАДАМ 
 
Успанова Жулдыз Айтжановна, 
Әлім Рыскүл Әлібекқызы, 
Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының 
«Дарынды балаларға арналған
БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ лицей-интернаты» КММ
қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері 
Қай кезеңде болмасын, көп тілді меңгерген халықтар мен ұлттар алдыңғы қатарлы 
елдердің қатарына кіріп, өзінің қабілетін, даму деңгейін кеңейтіп отырады. Қазіргі таңда
әлемнің алпауыт мемлекеттері көп тілді, әсіресе, халықаралық тілдерді меңгеруді маңызды 
міндет деп санайды. Сондықтан бізде де өз халқымыздың қарыштап дамып, өркениеттен 
кенже қалмау үшін көп тілді меңгеруіміз қажет. Бұл заман талабынан туындап отырған 
қажеттілік. Себебі, бірнеше тілде еркін сөйлей де, жаза да білетін маман бәсекеге қабілетті
тұлғаға айналатыны сөзсіз. Тұңғыш Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев «Үштілділік - болашақ 
ұрпақтың әлемдік білім нарығындағы есіктің ашар кілті болмақ», - деген бастамасымен өз 
Жолдауын ұсынған болатын [1]. Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» 
атты Жолдауын негізге ала отырып, Қазақстандағы көптілді білім берудің факторлары мен 
негіздерін, Қазақстандағы көптілді білім беру мәселелерін, көптілділіктің теориялық 
негіздерін зерттеу жұмыстары жүргізілді. Тұңғыш Елбасымыздың Жолдауында айтылғандай, 
Қазақстан халқы үш тілді: қазақ, орыс және ағылшын тілдерін меңгерген жоғары дамыған 
мемлекет ретінде қабылдануы тиіс.
Қазіргі уақытта адам екі, тіпті одан да көп тілде еркін сөйлей алатын, өзінің ұлттық 
мәдениетіне қатыстылығын сезінетін, өзі сөйлескен адамның төл мәдениетін түсінетін және 
құрметтейтін, мәдениетаралық диалогқа қатыса алатын тұлға ретінде сипатталады. Яғни, 
бүгінгі өзекті мәселелердің бірі – үштілділік. Бүгінгі таңда осы жаңа бастамаға көшу 
жұмыстары жасалып жатыр. Соған орай қазіргі таңда бұл тақырып БАҚ өкілдері мен түрлі 
ұйымдар ұйымдастырып жатқан семинар, конференциялар мен баспасөз өкілдерінің өзекті 
тақырыбына айналды. Алайда, бұл жаңа бастаманы қолдаушылар мен оған наразылық 
тудырушы пікірлер де аз емес. Қолдаушылар: «үштілділік арқылы заман талабына сай өмір 
сүреміз» деп қуанып отырса, қарсы болғандар: «ана тіліміз көлеңкеде қалып қояды» деп үркіп 
отыр. Наразы танытушылардың басты мәселесі – оқушыларға үштілді меңгерудің қиынға 
соғу мүмкіндігінің басым екендігін алға тартады. Біздің ойымызша, біз бүкіл әлем халқы үш 
тілді пайдаланатын мәдениетті ел ретінде танылуға тиіспіз, үштілділікке көшу арқылы біз тек 
өзімізді емес, еліміздің дамыған елдердің қатарына қосылу жұмысына да оң әсер етеміз деп 


256 
ойлаймын. Біз ана тілімізді меңгеріп, орыс тілін жетік біліп, шетел тілінде еркін сөйлей білсек, 
жаһанмен байланысымыз нығаяр еді. Көптілділік басқа елдерде де кездеседі. Мысалы, 
Малайзия - көп этносты, көп салалы мемлекет. Он сегіз миллион тұрғынның елу бес проценті 
малайлықтар. Мемлекеттік тілі – малай тілі. Ресми тілдері үшеу – ағылшын, қытай, тамиль. 
Олардың нарықты жоспарлау, қоғамды дамудың жаңа кезеңіне шығару тәжірибесінен 
үйренеріміз көп. Малайзияның экономикалық қарқын алуы жыл сайын 8-9 пайызға артып 
отыр. Дегенмен, үштілділікке қарсылық білдіргендердің де пікірін елемеуге болмайды. Себебі, 
орыс тілі мен ағылшын тілін көп мемлекеттер қолданады деп, соларға беріліп, қазақ тілімізді 
ұмытып кетпеуіміз керек. Біздің мемлекеттік тіліміз осы – қазақ тілі. Ол - біздің алтын 
діңгегіміз. Бір діңгекпен көтерілген шаңырақтың жан-жағынан уықтар қадалып, оның 
беріктігін қамтамасыз етеді. Жан-жағынан өзге тілдер мемлекеттік тілді қолдап, уық секілді 
қадалады.
Қай елді алмасақ та, оның байлығы, қайнар көзі - саналы ұрпақ. Саналы ұрпаққа жететін 
ештеңе де жоқ, атам заманнан халқымыз бала тәрбиесіне ерекше көңіл бөлген. «Тәрбие - тал 
бесіктен басталады», - деген асыл сөз, содан қалса керек. Сол тал бесіктен кейін тәй-тәй басып 
балабақшаға келеді. Баланың бірінші тәрбие алатын ортасы - отбасы болса, екінші ортасы – 
балабақша. Жалпы, бала сәбилік шағының көп бөлігін балабақша қабырғасында 
өткізеді, сондықтан жаңа айтып кеткен саналы ұрпақ тәрбиесінің, көп үлесі балабақшаға, яғни 
тәрбиешілерге байланысты. Бүгінгі күнде тәрбиешілердің, ұстаздардың әлеуметтік абыройын 
арттыруымыз керек. «Балаға қай тілде білім берсең, түбі сол елге қызмет етеді» деп бекер 
айтылмаған. Осы жайға аса көңіл бөліп, балаға білім берер алдында ана тілін бойына толықтай 
сіңірген жөн. Тілге деген, Отанға деген отансүйгіштік сезімін оята алсақ, ол бала «өз тілін 
құрметтеуді» үйренеді [2]. 
Білім саласындағы үштілділік жүйесі - біздің болашаққа жасалатын қадамдардың
сенімді кепілі. Сондықтан да бұл бағытта қарқынды жұмыс жүргізілуде. Басты мақсат – 
оқушылардың тілді жақсы меңгеруіне жағдай жасау. Өзге тілде оқитын мектептердегі балалар 
қазақ тілін, қазақ мектептегі балалар орыс тілін жақсы меңгеріп шығуына мүмкіндік туғызу. 
Сондай-ақ, ағылшын тіліне тек арнайы мектептің оқушылары ғана емес, барша қазақстандық 
балалар жетік болуына жол ашу. Бұның біздерге, балаларға, не пайдасы бар? Ағылшын 
әлемдік қарым-қатынас тілі ғана емес, ғылым мен технология, алдыңғы қатарлы ілімнің тілі 
болып отыр, сол себепті біз бұл тілді жетік меңгеріп, алған білімімізді практика жүзінде
қолдана алуымызға жақсы мүмкіндік көзі болмақ. Ағылшын тілін білу, сізге, таңдаған кез 
келген іскерлік талпыныстарыңызға көмектесетіні сөзсіз. Ағылшын тілі әлемнің кез келген 
жерінде осы тілде сөйлейтіндер үшін мансаптық мүмкіндіктер мұхитын ашады. Сол сияқты 
ол медицина, есептеуіш техника және т.б. сияқты түрлі салалар мен кәсіптер үшін сөзсіз 
талапқа айналды. Қарқынды дамып жатқан әлемде қолжетімді деректер мен ақпаратты 
барынша тиімді пайдалану үшін біз түсінетін ортақ тілдің болуы өте маңызды. Нәтижесінде, 
ағылшын тілі әлеуметтік саладан саяси салаларға дейінгі әр түрлі білімдердің қоймасына 
айналды. Ағылшын тілінің маңыздылығы қазір түсінікті болғандықтан, біз ағылшын тілін 
неліктен үйренуіміз керек деген сұраққа көшеміз. Біріншіден, бұл - жаһандық тіл. Бұл тілде 
бес адамның біреуінің сөйлейтіні немесе түсінетіні жиі кездеседі. Сонымен қатар ағылшын 
тілін үйрену оңай жұмысқа тұруға көмектеседі. Ол көптеген салалардың тіліне 
айналғандықтан, жақсы компанияда жақсы жұмысқа орналасу мүмкіндігін автоматты түрде 
арттырады. Сонымен қатар бұл жаңа адамдармен танысуға көмектеседі. Бұл 53 елдің ресми 
тілі болғандықтан, оны үйрену тілдік кедергілерді жоюға көмектеседі. Ең бастысы, ол да - 
интернеттің тілі. 
Қазіргі заман – жасампаз заман. «Елу жылда – ел жаңа» дейтін болсақ, қазір бес жылда 
адам танымастай өзгерістер орын алуда. Үштілділікке қатысты жаңа өзгерістер, еліміздің 
дамуына, тың серпін алып келері сөзсіз. Бұл біздің ұрпағымыз, болашағымыз үшін алар орны 
ерекше. Анамыздың ақ сүтімен бойымызға дарыған – ана тілімізді сақтай отырып, басқа да 
тілдерді білудің еш әбестігі жоқ деп білеміз. Мынау кешегі ата-бабамыздың асыл арманы, 


257 
біздің еш жұрттан кем болмай, саналы да білімді қазақ болуымыз емес пе еді?! Ендеше сол 
күн туды! 
Үштілділік - біздің болашаққа жасалатын сенімді қадамдардың бірі дегенге толықтай 
келісеміз. Өздеріңіз білесіздер, білім ордасы адами капиталдың қалыптасатын орны, 
сондықтан біз өз мектебімізде бұл үшін барлық жағдай жасауға тырысамыз. Біздің білім беріп 
отырған «Дарынды балаларға арналған БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ лицейінде оқу пәндері үш тілде 
өткізіледі. Осы бағытта жұмыс жасап келеді. Біздің мектеп мұғалімдері шет тілдерін жетік 
меңгерген және сол бойынша оқушыларын болашаққа дайындайды. Берілген білімнің 
нәтижесінде оқушыларымыз үштілді еркін меңгеруде. Мысалы, бізде жаратылыстану 
бағыттарындағы сабақтар ағылшын тілінде жүргізіледі. Ағылшын тілін еркін меңгерген 
оқушылар түрлі халықаралық жарыстарға қатысып, жүлделі орындарды иеленуде. Қазіргі 
таңда оқушыларымыз бірнеше тіл білгендіктен, басқа тілді адамдармен еркін қарым-қатынас 
жасай алады. Сол себепті де біздер үштілділділікті қолдаймыз. Бұл - заман сұранысы. Ал 
біз өсіп келе жатқан жас ұрпағымыздың өз заманының сұранысына лайық болғанын 
қалаймыз. Жалпы қазақ халқының басым көпшілігі екі тілде, яғни өз ана тілі мен орыс 
тілдерінде еркін сөйлейді. Ал ағылшын тілін үйрену басқа адамдармен түсіністік үшін қажет. 
Біздер ағылшын тілін үйрену, сол тілде еркін қарым-қатынас жасай алу ешбір 
аудармашыларсыз әлеммен тіл табыса алуға жағдай жасайды деген сенімдеміз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   109   110   111   112   113   114   115   116   117




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет