Ахметов кенжебай. ӘДебиеттану әліппесі



Pdf көрінісі
бет91/152
Дата19.12.2022
өлшемі2,31 Mb.
#58115
1   ...   87   88   89   90   91   92   93   94   ...   152
Байланысты:
7be5d3766e972ff5b9970344856a2dc2

Оныншы әңгiме 
немесе 


108 
Өлең және өлең сөз
 
Сұрақ. Қай халықтың әдебиетiнде де поэзиялық туындылардың алар 
орны айрықша. Поэзия дегенде ойымыз өлеңге ойысатыны да түсiнiктi. 
Сонда, өлең дегенiмiздiң өзi не? 
Жауап. Бұл сұраққа жауап беру үшiн төмендегiдей сұрақтарға жауап 
iздеуге тура келедi: 1) Өлеңнiң прозадан айырмашылығы қандай? 2) Бiр тiлге 
немесе бiр дәуiрге тән өлеңнiң басқа тiлге немесе дәуiрге тән өлеңнен 
айырмашылығы қандай? 3) Бiр өлеңнiң екiншi өлеңнен айырмашылығы 
қандай? 
Бiр қызығы осылардың iшiндегi ең қиыны – алғашқы сұрақ. Егер оны 
түрлi жастағы адамдарға қояр болсақ, мектеп жасына жетпеген балдырған: 
“Өлең қысқа-қысқа жолдармен жазылады”, оқушы: “Өлеңде ырғақ пен 
ұйқас болады”, студент: “Өлең лирикалық қаһарманның сан қилы көңiл 
күйiн танытатын ой-сезiмдердi бейнелеген поэтикалық тiлдiң ерекше 
құрылымы” деп жауап берер едi. Айтылған үш пiкiр де дұрыс, ал соның 
iшiнде өлең анықтамасына мейлiнше жақын келетiнi балдырғанның жауабы 
болып шығады. 
Сұрақ. Қызық екен?.. 
Жауап. Қызық болса да шындық. Өйткенi бiздiң түсiнiгiмiзде 
қалыптасқан “өлең” ұғымының түп мағынасы грек тiлiнде “қатар, жол” 
деген мағына беретiн “stichos” латынның “бұрылыс” мағынасындағы 
“versus” сөздерiмен өзектес. Ендi “өлең дегенiмiз не?” деген сұраққа жауап 
қарастыралық. 
Белгiлi әдебиет теоретигi, академик З.Қабдолов: “… өлең - еркiн 
сөйленетiн жай сөздер тiркесi емес, ырғағы мен ұйқасы белгiлi қалыпқа 
түскен, шумағы мен бунағына дейiн белгiлi тәртiпке бағынған нақысты 
сөздер тiзбегi” деп тұжырым жасайды, және бiр тұста “… поэзия дейтiнiмiз – 
өлеңдi шығармалар”(Сөз өнерi. 254-255, 1982.) деген ой айтады. 
1998 жылы жарық көрген “Әдебиеттану. Терминдер сөздiгiнде” “өлең” 
терминiнiң бiрнеше мағыналық қолданысы көрсетiлген. “Бiрiншiсi - ән өлең, 
ән салып, ән шырқап айтатын өлең, яғни музыкалық өнер мен сөз өнерiне 
ортақ туынды. … Екiншiсi – көбiнесе жеңiл, ықшамды ғана әуенмен
мақаммен термелеп айтылатын өлеңдер, жырлар, яғни ауызша поэзияның 
туындысы. Үшiншiсi – оқылатын, сөйлеп айтылатын өлең, яғни жазба 
поэзияның туындысы, әр алуан лирикалық шығармалар. Сонымен қатар, өлең 
деген сөздi кең мағынада алып, көлемi қысқалау келетiн поэзиялық 
шығармалардың бәрiне ортақ жалпылама атау ретiнде қолдану да жиi 
кездеседi” (249-бет). Осы еңбектiң “Өлеңшi” терминiне анықтама берiлген 
тұсында: “Өлең деп қазақ поэзиясында әнмен айтылатын өлеңдi де (песня), 
белгiлi бiр әуеннiң сүйемелiмен айтылатын өлең-жырларды, тақпақтап 
айтылатын, оқылатын өлең сөздi де (стих) атай бередi” (255) деген пiкiр 
кездеседi. 


109 
Өлеңге байланысты айтылған бұл пiкiрлердiң дұрыстығына күмән жоқ. 
Дегенмен “өлең” терминiне байланысты нақтылай түсер жәйттер бар. 
Бiрiншiден, анықтамаларға негiз болып тұрған “өлең” сөзi “поэзиялық 
туынды” деген мағынада алынғанын аңғарамыз. Бұл тұрғыда ол орыс 
тiлiндегi “стихотворение” деген түсiнiкпен мәндес келедi. Ал осы 
“стихотворение” сөзiне сөзжасам тұрғысынан талдай қарасақ, оның “стих” 
және “творение” деген сөздердiң бiрiгуi арқылы жасалып, “өлең туынды” 
немесе “өлеңмен жазылған туынды” деген мағына беретiнiн байқаймыз. Бұл 
“өлең” терминiнiң жоғарыда көрсетiлген мағыналардан басқа тағы бiр 
мағыналық қолданыс иеленетiнiн аңғартады. “Ол қандай мағына?” деген 
сұраққа жауап iздер болсақ, гректiң “stichos” сөзiнен өрбитiн “стих” 
мәнiндегi терминдiк мағынасы болып шығады. Ал “стих” дегенiмiз өлең 
емес, өлеңнiң құрамдас бөлшегi.
“Өлең дегенiмiз не?” деген сұрақтың жауабын да, ең алдымен, осы 
мағыналық қолданысқа қатысты қарастырып, өлеңге негiз болатын бөлшекке 
назар аудару қажет. Ал өлең негiзi өлең сөз (стих) болып табылады. Өлең сөз 
– өз ара байланысты, әрi шамалас бөлiктерге бөлшектеуге келетiн жүйелi 
көркем сөз. Шартты түрде алар болсақ, өлеңге қарсы мәндегi әдеби құбылыс 
проза екенi түсiнiктi. Проза тiлi де iштей бөлшектерге бөлiнедi. Прозадағы 
дыбыстық-ырғақтық бөлшектердi колон деймiз. Ал өлең сөзге тән дыбыстық 
бөлшектерге шумақ, тармақ, бунақ, ырғақ жататыны белгiлi. Прозамен 
салыстырғанда өлеңдегi дыбыстық бөлшектеудiң екi түрлi ерекшелiгi бар: 1) 
прозалық мәтiндi мүшелеуде синтаксистiк паузалар басты роль атқарса, 
өлеңдегi бөлшектеушi паузалардың синтаксистiк паузалармен ұдайы сәйкес 
келуi шарт емес; 2) прозада бөлшектеушi паузалар белгiлi бiр дәрежеде 
еркiндiкке мүмкiндiк берсе, өлең сөздегi паузаларда жүйелiлiк қатаң 
сақталады. Аталмыш жүйелiлiкке тәуелдi өлең бөлшектерiн мәтiннiң қағазға 
түскен көрiнiсiнен де айқын көре аламыз. Осы тұста мәтiндегi синтаксистiк 
және поэтикалық бөлшектеушi паузалардың сәйкессiздiгiн бiлдiретiн жеке 
термин бар екенiн де ескерте кеткен орынды. Ол – француз тiлiнде 
“тасымал” деген мағына бiлдiретiн “enjambement” (“анжамбман”) деген 
термин сөз. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   87   88   89   90   91   92   93   94   ...   152




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет