107
Үстемелеу (градация) деп
бiрiнен соң бiрi келетiн сөздердiң, тiркестердiң
кейiнгiсiнiң алдындағы мағынаны дамыта, тереңдете, кеңейте орналасуы
айтылады. Поэтикалық үстемелеу де, қайталаулар сияқты,
нақты бiр ой-
сезiмге, құбылысқа баса назар аударып, оған ерекше серпiн, қуаттылық,
әсерлiлiк дарыту масатында қолданылады.
Параллелизм – синтаксистiк құрылымы жағынан ұқсас келетiн екi
немесе одан да көп құбылысты қатарластыра бейнелеу. Қызметi жағынан
параллелизм теңеуге жақын. Ал
мағынасы қарама-қарсы сөздер мен сөз
тiркестерi арқылы түрлi құбылыстар арасындағы немесе бiр ғана
құбылыстың өз iшiндегi кереғарлықтарды бейнелеу үшiн қолданылатын
тiлдiк айшықтау түрi антитеза немесе шендестiру деп аталады.
Сөйлемде
жекелеген сөздердi, кейде тұтастай тiркестердi тастап кету эллипсис
аталады да, қаламгер айшықтаудың бұл түрiн айрықша толқу-толғаныс
үстiнде тұрған кейiпкерлер күйiн көрсету үшiн
олардың сөйлеу тiлiнде жиi
пайдаланады. Кейде сөзбен бейнелеуге тiл қуаты жетпейтiндей аса күрделi
құбылысты оқырманның түйсiкпен қабылдауына сенген жағдайда да
қаламгер эллипсис тәсiлiне жүгiнедi.
Қаламгердiң поэтикалық синтаксисiнде
сөйлемдегi сөздердiң қалыптан
тыс орналасу ретiн бiлдiретiн инверсия құбылысы да өзiндiк орынға ие.
Негiзгi мағыналық ойды арқалаған сөздi сөйлем құрылымында оқшаулай
орналастыру арқылы қаламгер сол сөзге оқырманның ерекше зейiнiн
аударуды көздейдi.
Қысқасы, әдебиетте өмiрлiк шындықтың көркем бейнесiн жасау
қаламгерлерден халықтың тiлдiк қазынасынан сүзiп алынып, қажет тұстарда
сөз зергерлерiнiң өңдеуiнен өткiзiлген сан қилы тiлдiк құралдарды мейлiнше
алуан қырынан шығармашылықпен пайдалануды талап етедi. Алайда, көркем
шығарма тiлiнiң маңызы мен оны талдап-тану әдiстерiне қатысты пiкiрлерде
әлi күнге дейiн алшақтық сақталып келедi.
Бұл орайда тiл мен
сөйлеу
ұғымдарын бiрiне-бiрiн қарсы қоюға бейiм жалпы лингвистикадағы түрлi
көзқарастар да едәуiр роль атқаруда. Екiншi жағынан, аталмыш алшақтықтың
сақталуына себепкер жағдайлардың қатарына өнер туындыларындағы
“технология”
мен
идеологияның
қарым-қатынасын
қарастыратын
эстетикалық көзқарастардың әрқилылығын,
поэтикалық тiл дамуына тән
“iшкi заңдылықтарды” жеткiлiктi бағаламау немесе тым асыра бағалауды,
сондай-ақ, көркем сөздi талдаудағы “имманенттiк” (бiр нәрсеге қатыстылық)
тенденцияның ықпалдылығын және көркем шығарма тiлiнiң ерекшелiктерiн
бiртұтастықта жүйелi талдаудың қиындығын қосуға болады. Қазiргi таңда
әдебиеттану мен тiл ғылымының
жетiстiктерiн жинақтай отырып, шығарма
тiлiн кешендi тұрғыдан талдап-тануға байланысты iзденiстердiң жүрiп
жатқанын да айта кеткен орынды.
Достарыңызбен бөлісу: