106
1.
Қаламгер шығармашылығының жалпы сипаты
поэтикалық
синтаксиске де белгiлi дәрежеде ықпал етедi. Демек, поэтикалық тiлдiң
синтаксистiк құрылымы қаламгердiң қарым-қабiлетiне, дарын деңгейiне
тiкелей байланысты. Себебi шығарма тiлiнiң құрылымы қаламгердiң адамдар
мен олардың iс-әрекеттерiн бейнелеудегi жалпы ұстанымдарына байланысты
жасалады.
2.
Әрине, шығарма тiлiнiң құрылымы барлық жағдайда бiрдей
үлгiде бола беруi шарт емес. Түрлi құбылыстарды, ой-толғаныстарды
бейнелеу барысында қаламгер мейлiнше алуан түрлi синтаксистiк тiркестер,
оралымдар, сөйлемдер құрылымын пайдаланатыны анық. Өйткенi бiр ғана
синтаксистiк құрылым арқылы мазмұн мен түрдiң сәйкестiгiне қол жеткiзу,
яғни сан қилы жағдайларды бейнелеу мүмкiн емес.
3.
Үшiншi жағдайға, яғни оқырманды ескеру мәселесiне тоқталар
болсақ, қандай қаламгер болса да өз шығармасының қалың жұртшылықтың
игiлiгiне айналуын қалайды. Сондықтанда шын мәнiндегi үлкен қаламгерлер
арзанқол түрлiк қулықтардан, өз туындысын саналы түрде күрделендiруден,
сол арқылы шығармасына “әсiрежұмбақ” дарыту сияқты тәсiлдерден бой
тартады.
Әрине, шығарманы жазу барысында қаламгер қолданатын тiлдiк
құралдар, тәсiлдер аз емес. Ал поэтикалық синтаксис туралы сөз еткенде
поэтикалық тiлге тән
айшықтаулар жайына, қысқаша болса да, тоқтала
кеткен орынды. Поэтикалық тiл айшықтауларына
риторикалық сауал,
риторикалық жарлау мен
лептеу, анафора, эпифора, түйiсу, үстемелеу,
параллелизм, шендестiру, эллипсис, инверсия сияқты көркемдеу тәсiлдер
енедi.
Риторикалық сауал қандай да бiр құбылысқа немесе проблемаға
оқырман зейiнiн аудару мақсатында пайдаланылады. Риторикалық сауалға
жауап беру шарт емес.
Риторикалық жарлау мен лептеу осы үлгiдегi қызмет атқарады.
Қаламгер шығарманы баяндап келе жатып кенеттен оқырманға, кейiпкерге,
заттар мен құбылыстарға
қарата тiл қатуы ықтимал. Бұл әрекет те нақты
бiр жауапты қажетсiнбей, тек оқырман назарын сауал арналған нысанаға
ерекше аудару мақсатында қолданылады. Ал нақты бiр затқа баса назар
аударып, оған деген айрықша қатынас, көзқарас қалыптастыру
риторикалық
лептеу арқылы жүзеге асады. Кейде олар риторикалық обращениемен ұштаса
келiп, ақын бейнелеген ой-сезiмдердiң әсерiн одан әрi күшейте түседi.
Тiлдiк айшықтаулар қатарына негiзгi мағыналық ойды арқалаушы
жекелеген сөздердiң қайталанып отыруына негiзделген синтаксистiк
құрылымдарды да қосуға болады. Ондай қайталаулардың қатарына
сөйлемде,
өлеңде немесе тармақта бастапқы сөздер мен сөз тiркестерiнiң
қайталануын бiлдiретiн анафораны, бұған керiсiнше қолданылатын
Достарыңызбен бөлісу: