Айдын байыс қҰланиек сәт сапар



бет17/23
Дата29.08.2022
өлшемі106,89 Kb.
#38301
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   23
МОДЕРНИЗМ

Бокалымен шайқап Бордо шарабын,


Қара вуаль сәл бүркейді жамалын.
Бұл кешегі қойлы ауылдың қызы еді,
Бүгін сылқым бикеші екен қаланың.

Бокалымен шайқап Бордо шарабын,


Көзәйнегі жасырады жанарын.
Кеше әкесі махоркадан өлгендей,
Түтін еміп қытықтайды танауын.

Бокалымен шайқап Бордо шарабын,


Аймалайды күн жұп-жұқа сағағын.
Даяшыны шақырғанда дауыстап,
Дәл тұсынан танып, өтіп барамын.

Бокалымен шайқап Бордо шарабын,


Қайта ойнатты саксофонның бал әнін.
Аман болшы, қызыл-жасыл кафеге,
Қойлы ауылдан қашып келген қарағым.

ЕЛ АЙЫРЫЛҒАН

Көк жайлау кеңдік тілеп көкірегім,


Концерт көріп қайтпаққа бекіп едім.
...Сахнаға жайғасты көп қазақ кеп,
Көтеріп сырнай, қобыз, жетігенін.

Қарт күйші шықты ортаға сәл кешігіп,


Жорға күй кетті кенет паң көсіліп.
Қара шанақ зар төкті тартқан сайын,
Салқыны кер заманның залға есіліп.

Күйге балқып, арқамыз қозар мына!


Кенет бұлдыр дүние бозарды да,
Қара нарға таңып ап шаңырағын,
Көп адасқан көш келді көз алдыма...

Шоңғалды асқан қалың көш ыңыранып,


Күнге барып тірелгей түбі барып!
Құдіретке қайран күй кетті айналып,
Көмейімнен қиқуды жұлып алып!

Зорға шыдап отыр ем, «қайрандадым»!


Жалт қарады жарты зал – жайдарманым.
«Этика! Бұл кім?!» деген шықты күбір,
Қара көз қазақпын ғой, аймандарым!

Соқтықпалы-соқпалы жол о бастан...


Өгей санап өзімді «қара басқан»,
Үйге қайттым, кеудемде күй құлазып,
Көз алдымнан көш кетпей көп адасқан.

БАЯНАУЫЛ


Баянауыл басында балалы құр.
Халық әні

Баянауыл, көне мүсін, көк сеңгір!


Бөрігімен бұлт сыпырған көп сенде ұл.
Биігіңе қарап, басым айналды,
Шіркін, сондай өлең жазып өтсем бір.

Ақын ұлдың кешкен күні дүрбелең,


Қара суық қалтыратты іргеден,
Етегіңде дамылдайын, Ақбеттау
Басыңдағы жағаласпай құрменен.

Сөзбен сомдап бұлт жасырған шыңыңды,


Айтқызбай-ақ ұғатындай сырымды.
Жорықтан соң елді аңсаған батырдай,
Сайыңа кеп сағынышым жығылды.

Беу, Жасыбай, үмітімді үзбеп ем,


Су бетінде сылаң қағып жүзді өлең.
Ақын біткен жүреді екен о бастан,
Жаяу Мұса жүріп өткен ізбенен.

Жанарыма тоят болмай сүгірет,


Көкейіме көштің, Баян, құдірет.
Тати ма екен, сенің түйір тасыңа,
Кеудемдегі жыр деп соққан жұмыр ет?!



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   23




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет