Қалас жамалов әлемдік өркениет іздері: ежелгі шығЫС



Pdf көрінісі
бет30/113
Дата01.12.2022
өлшемі36,74 Mb.
#54227
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   113
Сына жазулар. Жазу өнерінің мәдениет тарихында алатын 
орнының үлкендігі және онсыз бүгінгі өркениет жетістіктерінің 
мүмкін еместігі түсінікті. Зерттеушілер жазу өнерінің ең ежелгі
түрі – сына жазуын ойлап тапқан осы Қосөзен тұрғындары болғанын 
көрсетеді және сына жазуларының пайда болу, жазылу уақыты б.д.д. 
ІV мыңжылдықтың ортасы деп белгіленеді.
Қазіргі уақытта Еуропа, Азия, Америка мұражайларында 
250 мыңдай шумер жазу өнері жәдігері бар, соның тек аз ғана 


89
бөлігі зерттелген. Шумерлер тілінде жазылған ұзақ-сонар мәтіннен 
тұратын алғашқы мәліметтер б.д.д. ХХІV ғасырға жатады. Саз 
кітаптардың 95 пайызы еңбек құралдарының тізімі, есепке алу, 
қолхаттар, есеп беру, құрбандық шалу рәсімдері туралы мәліметтер, 
ғибадатхана мүліктері және т.б. шаруашылық мазмұнындағы 
мәтіндерді құрайтыны анықталған. Осыдан зерттеуші ғалымдар шу-
мерлер жазу өнерінің экономикалық ерекшеліктерге, шаруашылық 
сұраныстарына сай өмірге келгені жайлы тұжырым жасайды. Демек, 
қоғамда өмір сүрудің жөн-жоралғыларын реттейтін заңдар жинағын, 
экономикалық есептер және шаруашылықты жүргізу тәсілдерін есте 
ұзақ сақтаудың жолдарын қарастыру жазу өнерінің пайда болуына 
алып келді. Ылғал жерге түскен аң-құс іздерінің ұзақ сақталатынын 
адамдардың көруі, содан ой түюі, яғни өмір тәжірибелері жазу 
өнерінің өмірге келуіне түрткі болды. Археологтар алғашында 
сазға жазу үшін ұшталған ағаш, кейін металдан жасалған шегелер 
қолданылғанын дәлелдеп көрсетеді. 
Шумерлердің жазу өнері –
адамзат тарихындағы еңбек құ-
ралдарын пайдалана білуден кейін 
пайда болған ең ғажап жетістіктің 
бірі. Алдыңғы буын, ата-баба-
лардан жеткен, ғасырлар бойы 
жинақталған өмірлік тәжірибені 
жазып, болашаққа жеткізудің жаңа 
жолдарының пайда болуы өркениет 
жолына 
түсуді, 
эволюциялық 
шыңдалуды жеделдетті. Алғаш-
қы қауымдық құрылыстан бас-
талған тарихи даму ондаған 
мыңжылдыққа созылса, ал жазу 
өнері пайда болғаннан кейін адам-
зат қоғамының жеткен жетістіктері 
мен маңызды табыстары мол. 
Абстрактілі ойлау мүмкіндігіне 
ие болған, парасатты адамның 
болашаққа мәлімет қалдыруға, 
уақыт пен кеңістік арқылы ақпарат 
Суретте: Ежелгі шумер 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   113




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет