10. Қыстақтарда су мәмлелері
Өмірінде пара алып көрмеген өзімізге белгілі бір мұғалім бір кезде мұраптыққа сайланды.
Байлардың берген парасын алмай, парақорлықпен күресу жолына түсті. Байлар мен
кедейлер су пайдалану жұмысында тексеріле бастады. Сондықтан, байлардың арық
76
жерлеріне су жетпей, құрғауға айналды. Су аздықтан бұрын екпейтін жерлерін кедейлер
гүлдендіре бастады.
Параменен мұғалімді өздеріне қарата алмаған соң байлар мұғалімнің үстінен уез әкімге
шағым жасап, мұғалімді мұраптықтан қалдырды. Парақорлық, екіжүзділік қыстақтарда
баяғыдан келе жатқан ескі әдеттің зоры еді.
Парақорлық, дүниеге сатылу қыстақтарда әлі қалмай келе жатқан, қара табан кедейлер
өкіметі оны бітіру қамына кірісуі қажет. Жаңа су заңы қанша жақсы (шынында
жетпестіктерді толып жатыр) болғанменен, әлі іс жүзінде жүргізілетін емес көрінеді.
Жаңада парақорлықпен судың арық бойында қорғауы жақын арада бітетін емес сияқты.
Су жұмысында жүргендердің қыстақтарда істейтін пайдалы ісі тақырыпты жазудың
қажеті жоқ. Ол белгілі қыстақтарда істейтін коммунист, коммунист емес қыстақ
коммунистері алғы кеңестер өкіметін пайдаланушылар екенін партияны тазалағанда мәлім
болған. һәм әзіргі мектептерден керекті іскерлер жақын арада даярланып шығатын емес
көрінеді. Ескі, оңбаған әдеттерді құртатын заман. Бірақ, кедейлер хүкіметі неғұрлым
шұғыл қимылдаса, соғұрлым ескі жұрнақтарды ерте құртатыны анық.
11. Су шаруасының күшеюі
Қара халық арасында шаруа ісін күшейту үшін, су жұмысына хүкіметтің араласуы өте
қажет.
Жер суды өз қолына алған кедейлер мемлекетінде әсіресе, ескеретін іс осы, өйткені,
жергілікті жұрттардың арасында ілгеріден қолданып келе жатқан әдеттерге қарағанда, һәр
диханның пайда зиянында көпшіліктің ісі болымды су иесінің өзінің ғана қожалығы
жүріп, пайдасы табылатын еді. Қазіргі кезде олай емес. Су ісі мемлекеттің өз қолында
болады.
Судан шығатын барлық пайда, мемлекет қалтасына түсетін болғандықтан, су шығару
жұмысы алға басып, суы жоқ шөлдерге де енді. Су шығаруға болады. Бұрын көпшіліктің
пайдасы орнына, аз кісілердің ғана пайдасы табылып, алғы мақта сияқты пайдалы заттар
ғана егілетін еді. Жаңада пайдасы аз заттарды судан қысып, бірте-бірте егілуден шығару
қамында еді.
Енді, бір жағынан су жұмысы тәртіпті жолға құрылып, екінші жағынан су байлығы
мемлекет қолына өту қажет.
Мемлекет су байлығын өз қолына алса, бос жатқан жерлерге де су шығарып егуге
болатыны анық.
«Су пайдаланудан шығатын пайда, һәм су пайдалану мәселелерінің негіздері әлі
шешілмей келеді», - деп, профессор Шаяновтың айтқанында тіпті қате жоқ.
Енді кедейлер хүкіметі тұсында әркім іште жатқан білімін сыртқа шығару үшін жол ашық.
Шеберлер ақыл-айла табатын болса, оған да тоқтау қажет.
Түркістанда су мөлшері алғы бір қалыпта тұрмайды. Судың көп болуы таудағы қардың
шамасынан һәм еруіне қарай болады.
77
Бір ауданда егілетін егін бір түрлі ғана болмай, бидай, арпа, тары сияқты түрлі-түрлі
болады. Жаңада кейбір егінге су көп, кейбіреулеріне аз керек болады. Сондықтан егілген
егіннің түріне қарай судың керекті мөлшері, егістіктің ауданы белгіленеді.
Кейбір аудандарда судың көп келетін мезгіліне егістікті суғару мерзімі үйлеспейді.
Осындай үйлеспейтіндіктердің болмауы тиіс, һәм оны екі жолменен жою мүмкін.
1) Әдейі де қамау жасап, су сақтау жолы;
2) Судың мөлшері һәм келетін мезгіліне қарай суғаруды керек қылатын егіннің түрін егу.
Түркістанда осындай жолдарменен шаруа ісін көтеру, су жұмысын тәртіпке салу мүмкін.
Біздің мақсатымыз су тақырыпты жаңа заңды тексергенде шығатын пайдаларды
қарастыру емес еді. Осы мақалада жазылған пікірлерді оқушылар жақсы аңдаса, біздің
мақсатымыз орындалғаны болады.
Севастиянов
ЖЕТІСУ ХАЛҚЫНЫҢ ТҰРМЫСЫ ТАҚЫРЫПТЫ
Жетісуда қырғыз-қазақ тіршілігі, айрықша кедей кембағалдар тіршілігі күннен-күнге
қиындасып баратыр. Не үшін деген сауал бола қалса, мынадай жауаптар көрсетуге тура
келеді:
1) Жетісу қара қырғызы 16-жылғы төңкеріс себебінен қытай барып, жадыған-шешкендей
болып, мал-мүлік, жаңада бірсыпыра бастан арылып, қайта келген соң, қырғызды қырып
қуып жіберіп, жерін алған отаршылдарының зорлық зомбылықтары 21-жылға шақты
дәурен сүріп, зорға дегенде 21-жылда Кеңес хүкіметінің арқасында, 16-жылғы тәртіп
жіберген жерлеріне ие болып, міне, енді төбелікті тұрмысқа бас қойып, кіргелі екінші
жылға аяқ басты.
2) 17-18-жылдарда жылан жылдың жұты һәм ақтардың бәлекеті болып бір жақтан жұтқа
ұшырап, екінші жақтан Жетісу қазақ-орыстары бүлгіншілік салып, Жетісудың Темірқазық
жағындағы төрт (Алматы, Қапал, Жаркент, Лепсі) уезде бүліншілік болып, аңқау қазақ-
қырғыз әркімнің өзін қарап әлі осы күнге дейін әлсіреп есін жинай алмай, басын жаңа
көтеріп келе жатыр. Бірақ, Жетісудың езілген жерлі халқының мынау хәлі жаңа шыққан
жазғы жапырақ сияқты азғантай суық болса, тоңып жоқ болатындай бір түрде тұр.
3) Жетісу қырғыз-қазағы айрықша қара қырғыздың 15 мыңдап басы Қытайда басы
байланып, көзінен қанды жас ағып, ары Аллаға жетіп, қытай халқының ойнаған құмарына
бәйгі болып, келе алмай, ері құл, әйелі күң орнында Қытайда жатыр, бұда бізге бір намыс.
4) Жетісу облысы бур-бур (кіндік)-тен жырақ болғандықтан, киім һәм басқа адамға
керекті заттардың жоқтығы, егерде айтылмас заттар бара қалса, Жетісу жерлі халқының
қолына берілмейінше, бәлки ортадағы пайдакеш алып сатар арқылы барғандықтан, Жетісу
қазақ-қырғызының демі кесіліп, діңкесі құрып, айласы кеткенде жалаңаш отыра алмай,
қаншалық қымбат болса да, айландырған азғана шаруасынан сатып айырылатұғын болды.
Мына бұл әңгіме (бур-бур)-дағы түрлі мекемелердің Жетісудан мал һәм егін алу үшін
жіберген контрагенттерінің әңгімесі.
78
Тағы да мынадан басқа тері, жүн, май һәм бал сияқты һәм нәрселердің жерлі халықтан
қатынасынан басқа кетіп жатуы ап-ашық белгілі мәселе.
Тағы да мынау шаруа сақтығына зарар болған мәселенің бірі азық-түлік мекемесінен
шыққан агенттердің дала халқының тұрмысына һәм ахуалына әбден ашына (үйір)
болмайынша, яки, олардың надандығын пайдаланып, өздерінің жан қалталарын
қайғыртып, қайбір жерде салынған жобадан тысқа шығып, мал жинаулары, ол жобаны
біліп жауап берген адамдарға қолындағы мандаттың мағынауы көшінен пайдаланып,
қорқытып пара (рисует) алынуыдыр.
5) Жетісудың кедей - кембағалдарына ең ыңғайсыз келіп отырған жұмыс түрлі табиғат
байлығына (монополия) болу.
Мысалға алалық, аңшылық мәселесін: Жетісу қазақ-қырғыз кедейлерінің табиғаттан
тартып ала тұрған артықша пайдасы һәм қала тұрған тіршілігі түлкі, қасқыр (бөрі), сусар
һәм, басқа жабайы айуандарды ұстап, өздерінің тілеген жерлеріне һәм тілеген нәрселеріне
сатып ала тұрған еді. Түлкі, сусар сияқты қымбатты мехлардың Россияда һәм Еуропада
бағасы һәр кімге мағлұм. Бірақ, бізден Жетісуда ең жақсы түлкіге внешторг екі мата
береді. Мұнан басқа жерге сатса айыптар болады.
14-жылда орта түлкі 5 сом еді. 50 тиыннан бір түлкіге он жақсы мата алып, бес басы бар
кедей бір түлкі сатса, жылдың көйнек штанын қамдап, артық алғаны аяқты мал қылып
шаруа көбейте тұрған еді. Мына бұл айтысқан аңдарға бұлайша қамау түсті. Жетісудың
қанша мың аңменен ауқат қылған кедейлер ап-ашық зарар болып тұрмысқа кесірі тие
тұрған болды.
Мұнан басқа, түзгіндерін совнархоз алып, осы өз ықтиярыменен коңегіне артып өзіне
керекті нәрсесіне алмасып алушы кедейлер өзінен алдырған бөрідей болып базарға
жүктеп барған. Қурайына өзі тұз салып алып қалды.
Жетісуда қайнатпа тұз, қазып ала тұрған һәм көлді кешіп, сүзіп ала тұрған тұздан бары
әуелден қырғыз-қазақ кедейлерінің қолында еді. Бұл күнде совнархоз қолына алды. Нар
жағын Құдай білсін. Ақшаны көп берген бай баяғы сорлы кедейді жалдайды - ау деген
қауіп бар.
Бұл жерде мінін айтып өте тұрғаным мынау: түлкі, сусар бөрігі болған монополияны күрт
есіне алып, өзгертпесе неше мың жарлы жалшылардың түпкілікті кәсібіне кірте бола
тұрған болды. Бұлай қарағанда, түлкі, бөрі деген сөз уақ мәселе сияқты көрінгенменен,
Жетісу сияқты аңға бай һәм жарлы жаршылардың көбірек тіршілігі соған байланған.
Бұған хүкіметтің асасырып салып кедей тіршілігіне лайықты жолменен шығу тиіс-ау деп
білем.
6) Жетісуда қырғыз-қазақ жер пайдасын қандай көріп жатыр. Бұл турада агроном
болмағанменен де Бішпек, Қарақол, Нарын уезіндегі жерін түз-түзі қанша өнім берері
мағлұм болып отыр. Қара қол уезінің күнбатыс тарапындағы көп жері Нарын уезі бүтін
Бішпектің законы. Районы-ақ топырақ аяқты малға жайлы бір жерге екі жылдан артық
егілсе егін шықпайды. Екінші түрлі айтқанда, арықтап өнімі қуаты бітіп басқа жұп
шығады. Екі жылдан бері егін салдыру компаниясы бұл жерлерге күштеп айдаусыз жер
қоймай, жарақты жердің бәрі айдалды. Міне, мұндай бұлай айтылмыш райондарда егін
болмау ашық көрініп тұр. Мұндағы жерге мехнат қылып ауқат қылған кедей -
кембағалдардан мұнан соңғы тұрмыс һәм күн көріс қиынға айналып отыр. Мұның қамын
әзір таң ойланып шарасын қылмаса, кедейлер әлі де алдына босып кетуге айналып отыр.
79
Мұның шарасы - бір сыпыра жарлы жалшыны Шуаский организацияның сулаған жеріне
көшіруге қалғанын ұйымдастырып аңшылық кеңшілік сияқты табиғат байлығына кіріп
монополияны олардың үстінен алу керек.
Олай болмағанда айтылмыш райондағы кембағалдардың тұрмысы харап болғаны, жалпы
жер пайдасын күшпен халық анықтап әлі түсінген жоқ.
16-жылдан бергі тарттырып жіберген жерлерін хүкімет қайтарып берді. Бағызы жерлерде
салынған қышлақтар сол салынған бойынша кедейлерге тиді. Кедейлер сол орындары
кәдімгі қышлақ сияқты азырқы тұрмысқа лайықтап, басқа жұрттай гүлдендіріп бара
жатқаны аса көрінбейді.
Баяғы далаға көнген халық салақтау көрінеді. Мұндай пейілді тастау керек. Жанындағы
отырықшы халықтан үлгі алып тіршілік жарысына кірудің заманы жетті. Әзірқы заманның
түрін көрген соң кедей табысы уақыт өткермей өл-тал мынау жұмысқа кірісу керек еді.
Қайта қара топырақ төбелікті пайдасы бола тұрған жерге ұйымдасып, қышлақ болу (есің
барда етек жап) деген мақалды ойға алып, мына осы бақтысы заманды ғанибет біліп
пайдаланып қалу. Орынсыз үйірсектікті қойып, бай манаптың азғыруына кірмей, бір күнді
босқа өткізбей өлтіруінің қамын қылу тиіс еді.
Бірақ, аңғарған кедей аз-ау дейім.
Айырықша шу ішіндегі кедей тобы тезден өлтіруі тиіс еді. һәр Мұсаның бір Ферғауыны
бар дегендей, әр кедейдің ішінде аяқты шаруалы, ауқаттысы яки, атқа мінген манабы
болып, солардың тіліне еріп кедей, кербез тәртіп келген дәулетті қайтарғалы отыр, кедей
мұнан сақтану керек.
Енді анадан айтылған сөздің құйтымағы тезден шын кедейдің еңбекшілін басын қосып,
үйістіріп жатақ лайықты жерге отырғызып, қалған жерге жарты көшпен андан қалған
аяқты малға лайықты жерлерге, бүтін көшпенді еріксіз иемдендірмесе, қазақ-қырғыз жер
пайдасын тезден түсіне қояды деуге ерте көрінді.
7) Жерлі халық арасында іш жырту мәселесі жұрттың шаруасына өте қолайсыз болған
жерлер көп болып отырады. Мұның жайы мынандай: мәселен, бір болыстағы түрлі
бөлімдер әр қайсысы өзінше «мен болыспын» деп ат міну, сойыс қой алу, отын, үн сияқты
адамға керекті нәрсенің бәрін халықтан алады.
Тағыда әр қайсысы өзінің жүретін жолын білместен екінші жұмыстарға қатысады.
Мәселен, болыстағы халық - ағарту бөлімі болысы ревкомның жұмысын қылғысы келеді.
Яки, шын әділ судьяның жұмысын қылғысы келеді. Қатындарға бостандық хат беру
турада, қысқасы соның сияқты штанды күйінен деп киіп жатушылар аяқ алдынан табыла
береді.
Қысқасын айтқанда, дала халқының бір болысында 11 дана болыстық, дағуасын қылған
болысты мекеме бар; 1) Ревком, 2) Волком, партия, 3) Союз «Қосшы», 4) Шын отдел, 5)
Союз молодеж, 6) Начальник милиция, 7) Рафкерей, 8) Зем. отдел, 9) Азық бөлімі, 10)
Кооператив, 11) Оқу бөлімі, мұнан басқа Басфком, Қарағай басы, Докторлар мекемесі ,
тағы бөлімшелері бар.
80
Міне, осылардың бәрі, андан мен шоңмын деп қырғыз-қазақ бишараның атын мініп,
қойын сойдырып отырғаны. Мұның ішінде тағы бір үлкен қалыпты судья хатынан басын
ашып, қырғыз-қазақтың ең кем түсе тұрған орны міне осы.
Осындай жерлерде арқасы бүтін, мінілмеген ат айғыр яки, собай бие табу мүмкін емес.
Жауыр болу бұ жақта тұрсын, біраз алысқа мінген жылқы қайта келуі сирек. Көбісінше
маңайы бас жесір қатын, жетім бала, кедей кембағалдардың мінілген алаусы қайта тию
қымбат екен.
Көбінше халық арасындағы партияшылық шатақ мына осы, мансаптарды таласып болады
екен.
Егерде облыста уездердегі іс басы азаматтардың тамағы тартыңқы, тамыр-таныс туған
ұрығы аз болып, болсынуы ревкомды сенімді таза нық адамнан қойып, белгілі наказды
беріп тұрса, мынау тәртіпсіздік басылар деген ойдамын. Ондай болмаған тағдырда, халық
арасы осы барысыменен барса, жұрт қамын ойлайтұрған азаматтар есеп қылғыз, қырғыз-
қазақтың әзіргі шаруасы он жылға жетпестен төгенуіне мен кепіл.
Қатаған
Басқарма: «Шолпан» қырғыз-қазақ журналы болғандықтан нәм мақала жазушы жолдас
Қатаған басқармадан әдейі де өтінгендіктен бұл мақаланы өзгертпей қырғыз тілінде
басып отырмыз.
Әдебиет бөлімі
ҚЫР СУРЕТТЕРІ
1) Кешке дөң басында
Жаздың жайлы кеші. Бойды сергітетін қоңыр салқын дымқыл тынық ауада біліне
бастаған. Зәрі қайтқан қызыл күн әлсізденіп таудан асып, ұясына кіріп барады. Қызыл
сеңдей болып, батар күнге ентелеп қамап тұр.
Қара көк, тұңғиық аспан күн батысқа тақаған жерінде Қызыл тұрғынның толқынданып,
кейбір жерінде қызулы өрттің жалдай жайнап тұр. Күннің ақырғы сәулесі түсіп тұрған тау
бастары көлеңке басқан қоңыр жердің алтын шатырындай болып нұрланып,
қызғылттанып тұр.
Дөң басы, кәзіргі уақытта өзгеше көңілді. Кешке жақын у-шуы көбейіп, азан-қазан болған
ауылдан шығып, биік сары дөңге көтеріліп келе жатқанда, көңіл жерден кетіп, аспанмен
екі ортадан орын алғандай. Жоғары жүре бергісі келіп биіктен - биікке тарта бергендей
болады.
Әншейінде қиын десек те, оңашалық жалғыздықтың дәл осы уақытта тәтті жайлы
екендігіне мойындайсың. Өзіңе-өзің тигендей, ерік қолыңа келгендей болып сергисің.
Жеңілесің, менің де көңілімдегі осы хәлдің шындығына көзімді жеткізбекші болғандай
болып, сары дөңді қаптаған бетегемін сары күде бұралып, сумаңдаған салқын желдің
лебімен басын изеп шын шындайды.
81
Белгісіз үміт түрткен қомағай көз айналаны шарлайды. Кейде, шарықтап аспанға кетеді.
Тұңғиық көктің тілін ұққысы келгендей. Кейде созылып жатқан сары даланың мұңын
білгісі келеді.
Кейбір жерде, көз ұшында, аспан төніп жерге қонып, жақындасып, шыдасып
сырласқандай көрінеді. Кейде жерден көтерілген биік таулар иректеліп, аспанға
созылғандай.
Күн батыстан басқа жақтың пішімі сұрғылт тартып, көңіліне дағдылы ой түсіп
мұңайғандай. Алыстағы қара қошқыл тауда бетіне көлеңкедей әжімі жылып салқын
пішімімен түнергендей.
Ептеп қоңырқай тартқан иесіз дала. Жеңіл тұманды жамылып, мұңыменен сазарғандай ....
жым-жырт.
Бірінің аяғынан бірі көрініп қабатталған, жақындағы биік сары дөңдер күн батқан соң,
тыныштыққа бой ұрып, жүре тартып құлази бастағандай.
Күн батып болған... Күнбатыстағы көрікті, қызыл ажар минут сайын бәсеңдеп, дүниені
қаптаған сұрлықтан жеңіліп барады. Жас сұлудың үзілген жердегі түсіндей болып қаны
тамған қызыл бетке аз-аздап көкшіл сұрғылт өлім таңбасы араласқанға ұқсайды.
Дүние қалың қайғысымен жүдегендей жым-жырт болған өлім тыныштығындай зор
салқын тыныштығымен мұңды шерін сыртына шығарғандай.
Бірақ, бұл қайғы мен жыр, бұл мұң әлсіз көздің ыстық жасына, нәзік жүректің аласұрған
қайғысына ұқсамайды.
Қайта сол жасты тиятын, сол қайғыны айықтыратын қуат бергендей болады. Белгісіз үміт
ойға кіріп салқын тыныштық бойға сіңіп, табиғаттың шерлі күйімен қосылып әлсіз, нәзік
қиялды тербеткендей болады...
Үлкен ата-анаңның бейітіне ұқсаған, қалың сары дөң жұмырланып ішіне бүккен үлкен
сырын ашқандай. Мұнда жансыз емеспін, мұнда да өмір бар. Бірақ, мұндай салқын
сабырлы бол дегендей болады...
Тыныштық тауып өмірге жаңа қуат алған көңілмен етектегі шашылып жыбырлап жатқан
ауылға қараймын.
Қабат-қабат қалың таулардың арасында айырылып жатқан жасыл сайдың бойын құлай
қонған 3-4-ақ ауыл.
Аралары жақын... бәрінің де айналасы жыбырлаған неше түлік мал бірі мен бірі қосылып
жатыр. Әрбір үйдің жер ошағынан будақтап бықсып шығып жатқан түтіндері кейде
аспанға шығып, кейде өлкеге жайылып тарап жатыр...
Ауылдардың арасымен жасыл сайды жарып аққан жіңішке өзен кейде сумаң қағып тура
ағып, кейде иреліп жас жалындай жылмаңдап, ойнақ салып ағып жатыр...
Жаңа жамыраған қозылар енелерімен бірге, у-шуынан басылып, ауылдардың екі
жағындағы адырларға тырағайлап өріп бара жатыр...
82
Кешегі суға жаңа қайтып келе жатқан топ-топ жылқы ішіндегі түсі айқын қылаңдарымен
шұбарланып, айрықша жарастық пен жасыл жалқынның үстінде пыр-пыр етіп келе жатыр.
Шыңғырып тебіскен, үйірін іздеп кісінеген дауыстары кешкі ауада қатты жаңғырып
естіліп тұр.
Еркектің көбі су жағында әңгіме құрып, жылқы аралап жүр.
Ауыл кешке өзгеше жанданып, қызықтанып тұрғандай, үйде отырған жан жоқ. Қатын,
бала, кемпір-шалға шейін тыста. Әркім әртүрлі шаруамен қарбаласып жүр. Жасыл шөптің
үстінде көз қуантатын жарастықпен тұрған ақ үйлерден шыққан қолы бос қыз келіншек
біресе қалжыңдасып күліп су жаққа барып, біресе топтанып ойнап, дөң асып кетіп жатыр.
Бұлардың тобынан жырылып қалған сұлу қыз ақ көйлек, қара кемзалымен ауылдың түсін
ашып, арқадағы ақ шолпы, қолдағы қос білезіктерін сылдыратып жүргенде, даланың ерке
тәтті күйін еске түсіргендей болады.
Жұқа қара шапанын ақ білегіне арта салып, бұда бір дөңнен асып барып отырып, омырау
қалтасынан бүктеліп салған хатты алып оқып отыр...
Өзенді өрлеп, cap шегірдің шабытты кезінде қос ілдірмек болып келе жатқан бозбала,
суды қағып, жылжып келе жатқан боз жорғаны қайта-қайта тепсініп асығып келеді...
Бөріккен суық қабақты анда-санда бір қағып өзен бойына қадалып келе сар шегірдің
алтындай сары көзінен ашуменен от бүркіп тұрғандай иіріп иек қаққандай болып кей-
кейде қылмыңдаған басынан өлімнен де таймайтын ізденген жау екені білініп тұр.
Бас шалқайтып кекшитіп, екі қанатын салбыратып жіберіп, шыдамсызданып отырып
аңшының қолғап киген қолын жембасары мен тегеурінімен сығымдап қысып қояды... Бір
мезгілде асығып келе жатқан аңшы таста отырған екі қаздың үстіне келіп қалып қайта
жалт берді. Жемді көзі шалып қалған cap шегір қолына жата қалды...
Аңшы жылдамдатып, кейін шегініп келіп боз жорғаны қамшылап, дабылды ыңғайлап
алып шаба жөнелді... Бірер секундтың шамасында қаздарға жақындап келіп, қаршығаны
серпіндетіп лақтырып жіберіп, дабылды қағып-қағып қалды.
Дабылдың даусынан шошынып ұшқан қаздар садақтың оғындай суылдап жөнелді...
Құлшынып жөнелген сар шегір ұшқыр қанатын сып - сып еткізіп екі, үш қаққанда әлі
күнге қарбаласып жөнделе алмай бара жатқан қаздардың астына барып қалды...
Келесі секундта сар шегір мәшиненің айналасы бір айналыс жасағанда аспандағы үш
құстың шұрқ-шұрқ еткен шапшаңдығы ұйқы-тұйқы болып, жан таласқан қарбалас көрінді.
Аржағында аңырап тұрған аңшы, қабақ қаққандай уақыт өткенде бір қарады. Шалқасынан
ұстап сығымдап төмен қарай созылып келе жатқан сар шегір көрінді. Қыран жерге жемін
алып түсіп, басып отырды. Аман қалған қаз аспаннан түсе қалып, сабаласа да сар шегір
жемін жіберген жоқ.
Аңшы атып, борбайлап шаба жөнелді.
83
Табиғаттан сол жерде алған «сабырлы бол» деген сабағымды ұмытып, мен де етектегі сар
шегірге қарап домалай жүгірдім.
2) Түнгі ауыл
Майдың түні. Желсіз тынық һауа, тыныштыққа батқан табиғат. Қалың ұйқыда қалғып тұр.
Самаладай жарық толған ай. Сағат сайын сызылып, маңдайға таман қалқып келе жатыр.
Қара қошқыл аспанда жымыңдасқан жиын, жұлдыз шашып тастаған күмістей безендіріп
жайнатып тұр.
Аспандағы жарқыраған сұлулар, сулыкет жердегі ұйқыға жеңгізіп, тұмсарып қалқып
тұрған тау тоғайға, наз араласқан қалжыңмен күліп қарап тұрғандай.
Айналада қабат-қабат шың тау, табиғат кәрі көңілін ауыр ойын алғандай. Төгіскен салқын
қабағына ескі әжімі жиылғандай ой шыңына батып тұр.
Қара қоңыр көлеңкеге басқан сайлар ай жарығы түспей түн қараңғылығы басқан теріскей
бетті алыстан қара үңгірдей үңірейіп тау үшін түнергендей қылып есірдендіріп тұр. Бұның
үстіне дүниені басқан ой, тыныштық аруаққа сорылған жым-жырттық, мұң мен сіреңіп
төгілген - ай. Сәулесі жүрек қанын қаттырақ соқтырып, көңілді күлімсіреуін болмыс үміт,
рахат күйін құрғандай болды.
Тауды жарған кең үректе еркелеп иіріліп кей жерінде керіліп ұйықтап жатқандай әрекеті
көк жағының ортасын жарып аққан тынымыз жіңішке өзі қане бір қалыпты сыбырынан
жаңылмай, аспандағы ай, жұлдызбен сырласып, сормаң қағып, өлең айтып жатқандай.
Бірақ бір қалыпты жас білмейтін ойнақ мінезі, бірде жүзі жарқырап күліп, бірде қорланып
тұмсарып аққан қанымнан байқалғандай. Өзен жағасын жағалай шыққан жасыл тоғай.
Жесір ауада тыныштық алып, дүние намазына үйіп тұр.
Өзек шалғынның шетінде, бетке сала қонған ауылда ару жуынап басылып, іздеген
тыныштығына жеткендей болып, тыныш алып ұйқыда тұр. Түңліктері жаюлы, үлкен ақ
үйлерді ән сау ісі төгіліп, ақ нұры мен жұмылдырып созғандай, үйлер жұмырланып
шаңғыған ақ түсті мен өзектің түсін ашып, ұядағы ақ жұмыртқадай жарастығын толтырып
тұр.
Алыстан қарағанда жұмырлаған үйлердің ұйқыдағы пішімі жұмыр таудың сырттай үлкен
салқын сырты ішіне бүккендей. Ауылдың қонағы толған малда, бегіт тыныштық алған...
ұйқыда.
Рахатты жарық түнде жайлы тыныштығына сүйсініп жатқан бірен-саран қойлардың
меңіреген дыбыстары естіледі. Кейбіреулері ұйқысынан оянып, тұра келіп шашалады.
Көп қой қалың ұйқымен жусап жатыр.
Көп күй, ән демейтін сиырларда қотанның шеттерінде әр жерге шашылып, тынығып
жатыр.
Қотанның тау жақ шетіне матастырып тастаған түйелер айқыш-ұйқыш болып шөгіп
жатып, керек-терек пысылдайды. Кейбірі теңгір-теңгір жөткіріп, пысқырып жатыр.
84
Ауыл жақтан осы секілді бір қалыпты мал дыбыстарынан басқа анда-санда сергек
күзетшінің сарылып жалыққан даусы, салған айтағы есітіледі. Тау ұйқыда жатып,
жаңғырып жауап қайтарады.
Күзетшінің бір қалыппен сүзіп айтқан қашып талған айқайында белгілі кейбір сияқты күй,
түн тыныштығының күйіне ұқсайды. Сызылып жүдеу тартып ағарып келе жатқан таң
күйіне ұқсайды.
Бұл өзеннің ішінде де бір тыныштыққа бой ұрған салқындық, кеңдік бар.
Болымсыз мұң зар араласқан қайғының да сарыны бар.
Бұл айқай, түндегі қуаттың біріндей болып шыққан сайын дүние барын жер өзіне ертіп
еліктіріп, жаңғырықтық биік аспанға көтеріліп кетіп жатыр.
Адамның әншейіндегі әлсіз даусы табиғаттың дыбысын сыртылына тіл қосатын мезгілі
болса, осы болар-ау деген ой көңілге нық орнаған секілденеді.
Достарыңызбен бөлісу: |