Алаш көсемсөЗІ: тіл мәселесі көптомдық 2 том Қайрат сақ



Pdf көрінісі
бет5/38
Дата30.01.2017
өлшемі1,66 Mb.
#3031
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   38

І 
Ашық хат
Ғабдолла Шоқаевқа
Бүгін қазақ ескі ұйқысын тастап, жарым-жарты болса да оянды. Бүгін 
қазақ өзінің жұрттығын сақтап, қатарға кіру үшін ғылымнан басқа шара 
жоқ  екеніне  аз-маз  болса  да  иланды.  Соның  үшін  осы  күні  балаларын 
оқытуға бұрынғыдан артық ұмтыла бастады.
Енді  бұл  қазаққа  не  оқыту  керек?  Қалай  оқыту  керек?  Miнe,  бұл 
мәселелерге  жауап  беру,  жалғыз  шәкірттерге  емес,  бәлки  ғылымы  кең, 
пікірі терең қазақ азаматтарының бәріне бірдей міндет. 
Қазақ  осы  күні  мұқалмаған,  қылауы  түспеген,  қалай  жаратылса 
сол  қалпында  тұрған  бір  жұрт.  Қазақта  кірленбеген  сап  закон  бар  – 
тотықпаған,  таза  pyx  бар.  ІІІет  сөздермен  былықпаған  тұнық  тіл  бар. 
Қазақтың кеудесінде табиғаттың берген қуаты әлі шашылмаған. Қазақтың 
миы шөп-шар, жоқ-бармен ашымайды. Енді бұл жұртты ілгері бастыру 
үшін  өзінің  осындай  қасиеттерінен  пайдалану  керек.  Қазақтың  күшін 
бастаған азаматтары оның миын ашытпай, басын айналдырмай түзу жол 
тауып тура бастасын. Біреуі ойға, біреуі қырға тартып басын қатырмасын. 
Қазаққа әр турада оқытқанда да, үйреткенде де, жаздырған, сыздырғанда 
да «өзімдікі» деген бір жол көрсетілсін. Бет-бетімен бытырамай бәрі бір 
соқпаққа түсіп, бір құбылаға жөнелсін. Сонда ғана іздегенімізді тауып, 
көздегенімізге жетерміз. 
Бұл турада үлкен жұмыс, әсіресе мұғалімдер мен жазушыларда. Мұға-
лім жұрттың жанында отырып тілімен үйреткенде, жазушы алыста тұрып 
қаламымен білдіреді. Бұл екеуі әp турада бір жолымен барсын. Мұғалім бір 
түрлі үйретіп, жазушы басқа түрлі жазса қайсысына еруге білмей, жұрттың 
басы  айналады.  Иәки  бүгін  бір  мұғалім  бір  түрлі,  ертең  екінші  мұғалім 
басқа түрлі үйретсе онда да жұрттың миы ашиды. Онан соң мұғалімнің 
тілі мен жазушының қаламы жұрт жатырқайтын болмасын. Мұғалім де, 
жазушы да жұрттың өз сөзімен сөйлеп, өз тілімен жазсын. 
Miнe бұл турада бастап Ғабдолла мырза Шоқаев «Қазақ»-тың өткен 
нөмірінде сөз қозғады. Ғабдолла мырза бүкіл қазақ мектептеріне бір емле, 
бір кітап қабыл етіліп, бәрі бір ізге түссе екен дейді. Бұл тіпті жөн сөз. 
Жоғарыда біздің айтқанымыз да осы. Онан соң Ғабдолла мырза: «Қайсы 
емлені қабыл етейік? Қандай кітаптан оқытайық?» деп сұрайды. Біз бұл 
турада біраз ойлап қарайық. Осы күні бізде «қайсы емле» деп тұрарлық 
жалғыз «Қазақ» емлесінен басқа өзіне белгілі қағидасы, арнаулы жобасы 
бар бір емле бар ма? Емле болу үшін белгілі бір қағидаға, арнаулы бір 
жобаға ерген болу керек. Әйтпесе жүгенсіз әркім тілегенінше жазу – ол 
емле емес. Біз өзіміз өз болғалы маңдайымызға бекіткен жалғыз-ақ емле 
көріп отырмыз. Ол да «Қазақ» емлесі. Рас, осы күні онан басқа да бірне-

40
ше әліпби кітаптары бар. Бірақ бұлардың өздерінің бөлек емлелері бар 
деп болмайды. Бұлар өздері бұралқы әліпбилер. Белгілі бір ізі, тұрлаулы 
жолы  жоқ.  Кейбіреу  сартшаға,  кейбіреу  ноғайшаға  еріп  жазған.  Осы 
күні  ноғайлардың  өздерінде  де  бір  тұрлаулы  емле  жоқ.  Матбұғаттары 
белгілі бір емлемен жазылмайды. Біреуі бір түрлі, екіншісі басқа түрлі 
жазып жүр. Енді сондай өзі қаңғыбас бір емлені алып қазақтың басын 
қаңғыртудың  жөні  болмаса  керек.  Ноғайлардың  өздерінің  жақсы  бір 
емлесі  болған  күнде  де  бізге  ол  емле  бола  алмайды.  Әр  тілдің  өзіне 
арнаулы  емлесі  болу  керек.  Қанша  тартып  созғанмен  бір  тілдің  емлесі 
екінші  тілге  үйлесіп  жетпейді.  Жақсы-жаман  болса  да  осы  күні  мынау 
қазақ емлесі деген жаңа бір емле шықты. 
Бұл  емле  басқаларға  еріп  емес,  бәлки  қазақтың  өз  тілінен  алып 
жасалған емле. Соның үшін бізге осы күні бұдан басқа ұнамды емле жоқ 
деп білеміз. Әрине бұл емле бастан-аяқ түп-түгел, тіпті келіспеген жері 
жоқ  деп  айтпаймыз.  Бірақ  келіспеген  жері  болса  тұра-бара  түзетілер. 
«Енді мұны қабыл еткен соң бір қылына тиме!» деп ешкім айтпас. Әр 
нәрсе бірден түп-түгел болмайды. Дүниеде заман өзгерумен өзгермейтін 
бір нәрсе де жоқ. Емле сондай нәрсе. Қос жүре түзеледі емес пе? Енді 
кітап турасына келсек, осы күні бізде «мынамен оқытайық» деп айтарлық 
әліпбиден басқа кітап жоқ, бірақ бұл кітап жоқтық өмірде тұрмас, бүгін 
болмаса ертең болар. Міне Ахмет Байтұрсынов һәм Міржақып Дулатов 
мырзалар  қазақ  емлесінде  ибтидаи  үш  жылдық  мектеп  кітаптарын 
жазып жатыр. Келер жазға даяр болар деп «Қазақ»-тың өткен нөмірінде 
жазылды. Енді қазақ емлесін қабыл еткен соң оның кітаптарын да қабыл 
ету тиіс екендігі өзінен-өзі мағлұм. Бұл сөз ибтидаи мектеп турасында. 
Егер  онан  жоғарғы  мектептер  бар  екен,  онда  уақытша  ноғайшадан 
оқытпай амал жок.
Ұзын  сөздің  қысқасы:  бүгін  бізге  бір  емлені  қабыл  ету  өте  керек. 
Бұған ешкім қарсы келмес. Емле «Қазақ» емлесі болғаны артық. Дәлел 
жоғарыда  айттық.  Онан  соң  ибтидаи  мектеп  үшін  мына  шығайын  деп 
жатқан кітаптарды қабыл етейік, өзіңнен кітап шыққан соң басқадан іздеп 
не  азап?  Бұл  турадағы  өз  ойымыз  осы.  Енді  басқа  жолдастарымыздың 
ойын білгіміз келеді. Бұл мәселе жалғыз мұсылманша мұғалім, шәкірттер 
арасында ғана қалмасқа тиіс. Miнe, учительски школа һәм семинарияда 
оқып жүргендер иәки осы күні ушител болып тұрғандар да мұны ескерсе 
керек. Бәрібір олар да қазақ баласы оқытатын адамдар. Онан соң біздің 
жазушыларымыз  да  бір  жолға  түссе  екен.  Қазақ  матбұғаты  атаулыдан 
айналдырған бір газета, бір журналымыздың бет-бетімен жазулары тіпті 
келісімсіз  көрінеді.  «Көшбасшы  ала  болса,  көш  алаң»  деген  мақалды 
ескеріп екеуі бір жолға түсуін тілейміз.
Медресе «Хұсейние»-де қазақ шәкірттері есімінен 
Хайреддин Болғанбаев

41
ІІ
Емле хақында
Әркімге де белгілі, біздің қазақ халқына ас-су қандай керек болса, бір 
жөнге салынған өрнекті емле де сондай керек. Ал енді қазаққа қандай 
емлені һәм кімнің шығарған емлесін қабыл етерге? Мұның хақында көзі 
ашық, терең ойлылар өз пікірлерін айтар. Біз өзіміз соңғы жылда шыққан 
Ахмет Байтұрсыновтың емлесін қабыл етеміз.
....школындағы қазақ балалары
ІІІ
Бауырлар!
Өлген елді тірілткен, жығылған елді тұрғызған, тынысы біткен елге 
дем  берген,  ғұмырынша  басқалардың  аяғы  астында  езіліп  жатқан  елді 
кұлшылықтан  құтқарып,  басқалар  қатарында  өзінің  елдігін  жоғалтпай, 
дүниеде  жасауға  сүйреген  бір  нәрселер  бар.  Ол  нәрселер:  оқу  һәм  әр 
ұлттың  өз  әдебиеті.  Үйдің  орнықты  салынуы  үшін  негіз  қандай  керек 
болса,  әдебиетіміздің  негізді  жасалу  үшін  бір  жөнге  салынған  дұрыс 
емле де сондай керек. Қазіргі уақытта жақсы-жаман болса да біздің де 
өз әдебиетіміздің басы құралып келеді, соның үшін емлемізді бір жөнге 
салуға  тиіс.  Біз  өзіміз  қазақ  үшін  Ахмет  Байтұрсыновтың  шығарған 
емлесін һәм сол емледе жазылған кітаптарды қабыл көреміз.
Б.С.Қатпағай
ІV
Біз де қабыл етеміз
Құдайға шүкір, қазақтың қамын ойлап, кемшілігін толтыруға, жақсы-
лықты  үйретіп,  жамандықтан  тыюға  әр  жерден  түзу  пікірлі  азаматтар 
шығып  жатыр.  Өзіміз  білмесек,  білдіретін  кісіміз  жоқ  болса,  не  қылар 
едік? Осы кезде қазақтың керегі көп, олардың арасында керегірегі ғылым 
һәм ғылымға құрал болған кітаптар. Бұл күнге шейін өз тілімізде ғылым 
құралдары жоқ еді, міне енді бұлар да бола бастады. Бола бастағандығы 
сол, қайсысын қабыл етеміз деп сұрап жатыр. Біз өзі түсінуімізше, таза 
қазақ  тілінде  шын  мағынасымен  төте  жолмен  тәртіп  етілген  Ахмет 
Байтұрсыновтың шығарған емлесін қабыл етеміз һәм осы жолмен жазы-
лып  жатқан  Ахмет  Байтұрсынов  пен  Міржақып  Дулатовтың  мұнан 
бұлай  шығарған  кітаптарын  бірге  қабыл  етеміз,  елге  шығып  мұғалім 
болғанымызда осы жолмен білгенімізше оқытуға тырысамыз. 
Орынборда 5-нші махалледе қырық шамалы қазақ 
шәкірттерінің өтініші бойынша: Жанғазы Жолаев, 
Әбуәллис Садықов, Аймұхамет Жанатаев

42
V
Қалаған емлеміз
«Қазақ»  істі  бастан  бітіре  барайын  деп,  жазуын  қағидалы  емле  деп 
айтарлық дәрежеге жеткізді, соның үшін (Ғабдолла Шоқаевтың сұрауына 
жауап беріп) Қазандағы қазақ шәкірттері «Қазақ» емлесін қабыл еттік.
Кенжеғали Ғабдуллин

Құрметті Ғабдолла Шоқайұлы!
Сіздің  38-нші  нөмір  «Қазақ»  газетасында  қазақ  шәкірттерінен  оқу 
оқыту, қандай кітап, қандай емлені қабыл ету турасында пікірлерін сұрап 
жазған хатыңызды оқып көрдік. «Бойыңа қарап тоныңды піш» дегендей, 
аз  ақылымызбен  қысқа  жауап  береміз.  Әр  қайсымызға  белгілі,  біздің 
қазақ ішінде кейбір жерде ғана болмаса, бала оқыту реті Нұх пайғамбар 
заманынан  бері  келе  жатқан  десе  де  болады.  Әкеміз  «Әлібке  кусни  ‘ 
ан»  деп  оқыса,  баласы  «біз  әбижид,  һауздан»  оза  алмадық.  Көресіз, 
айырмасы  аз.  Соңғы  арада  ноғайша  әліппелер  шықты.  Мұны  надан 
қазақ  «ата,  бата,  ағаш,  көмір  ...»  деген  не  өзі  деп  көп  ұнатпайды.  Екі-
үш жыл арасында басқа алифбилер болды. Бұлары да қазақ пайдасына 
көп аспады: маймылдың көзілдірік киемін дегені сияқты, надан моллалар 
кітапты бұлай аударды, олай аударды, қатарлап тізген қаріптен басқа еш 
нәрсе  көре  алмай,  қызыл  сандықтың  түбіне  салып  жібереді.  Бұл  арада 
кітап  шығарушыларда  да  айып  бар:  асын  беріп,  қасығын  бермей.  Енді 
не қыларымыз деп тұрғанда Ахмет Байтұрсынов бірнеше «Оқу құралы» 
деген кітаптар шығарды. Алдыңғы айтылым өткен әліппелердегі болған 
кем-кетік осы оқу құралдарында бітелген: бірінші, бұл кітаптар қазақтың 
жалпақ  тілімен  жазылған,  сондықтан  қазақ  балалары  тез  түсінерлік 
оңай.  Екінші,  мүмкін  қадыр  бір  қаріпке  екінші  қаріпті  қосқан  уақытта 
бір мағыналы сөз шығарылып жазылған. Үшінші, «Баяншы»деген кітап 
қосқан.  Бұл  кітапта  «Оқу  құралы»-мен  қалай  пайдалану,  баланы  қалай 
оқыту һәм жаздыру керек екендігі көрсетілген. Шу дегенде көпке бірдей 
жазу оңай емес. Сондықтан А.Б.-ның әліппесін ұнатпайтын да кісілер бар 
шығар, сонда да олардың қолдарында да осы жолмен оқытуға керек деп 
ұстап тұрған мінсіз кітаптары болуы қиын болар. 
Көп сөзден бір сөз, біздің ойымызша қолдағы оқу құралдарының тәуірі 
А.Б.-ның  әліппесі,  осымен  балаларды  оқыталық,  ең  болғанда  қазақ  өз 
тілін өзі түсінеді ғой. Мұнан кейінгі шыққан кітаптарды кезінде көрерміз.
Ш. Б. Ішкі ордалық

43
VII
Емле хақында 
Әдебиеті болмаған жұрт осы заманда жұрттан есептелмейді. Керек осы 
заманда, керек бұрынғы замандардағы халықтардың басқа жұрт қасын-
да қадірлі, құрметті болулары, басқа жұрттардағы өрнек, үлгі болулары 
әдсбиеттері арқасында болады. Әдебиеті болмай өткен жұрттан қандай 
жақсы, қаншама қаһарман (ер), атақты болса да олардың тарихынан бір 
соңғыларын түк сыбаға ала алмайды. 
Бір жұрттың әдебиеті деп сол жұрттың ойлаған ойларын, көңілдеріндегі 
тілектерін, ұстаған жолдарын (идеал), жүріс-тұрыстарын басқаларға нақ 
солардың  өздері  қылып  аңғартуларына  айтылады.  Бұларды  аңғартуға 
матбұғат, жазу-сызу деген нәрсе қызмет қылады. 
Әдебиет – жан, матбұғат соның тәні. Бір халықтың әдебиеті қандай 
мол, кең болса да матбұғаты жоқ болса, ол жұрт мылқау жұрт болады.
Мына біздің әдебиетіміз бұрынғы бабаларымыз заманасында да қандай 
бай, кең еді һәм бабаларымыз арасында білім мағарифқа қызмет қылған, 
дүниеге бас болған адамдар да болып өткен еді, бірақ олар заманында 
матбұғатымыз  жоқ  болғандықтан  еңбектерінің  бірі  де  білінбей  қалды, 
болмаған сияқты болды. Анау күнгі әдебиеттерінің сақталып келгендігіне 
400 жыл толғанына той қылған армяндар бізден саны аз халық еді. Біздің 
бабалар бастық құрып, кісі болып жүрген кездерде олардың бәлки аттары 
да  жоқ  еді.  Неден  олар  олай  ілгері  кеткенде,  біз  бұлай  қалғанбыз?  Біз 
ерте туып кеш қалғанбыз, сондықтан. Енді өткен іске өкініш жоқ. Мұнан 
былай қарайық.
(Былайғысы бар) 
Медресе «Ғалие» шәкірттері
Емле хақында
(басы 41-нші нөмірде)
2-3  жылдан  бері  біздің  жұрт  арасында  да  милли  әдебиетімізді  осы 
таза  күйінше  жоғалтпай  сақтау  керек  деген  ой  туа  бастап  еді.  Милли 
әдебиетімізге жарақты, оған тура келетін қару-жарақтар ішінде мұқтаж 
болғанымыз тілімізге жететін белгі – қарпіміз жоқ еді. Бұл кемшілігіміз-
дің  орнын  толтырмағанда  матбұғатымыз  барлыққа  шықпайды.  Бұл 
турада  Байтұрсынов  Ахмет  мырзадан  басқа  жігерлеп  кіріскен  кісі  де 
жоқ  еді.  Қатынды  бастан,  баланы  жастан.  Басы  оңбағанның,  аяғы  да 
оңбады деп әдебиетіміз-матбұғатымыз жас бала, оғанп қызмет қылатын 
белгілерімізді бастан түзетін, осындай кірісіп кетпей тұрған шағымызда 
бекітіп  алмасақ,  істің  ортасына  кіріп  кеткен  соң  басқа  ағайындарымыз 
сияқты батпақтан шыға алмай діңкеміз құрыр.

44
Miне,  сол  ең  керекті ісімізді  қарауға  жұртымыздың  қолы жаңа  тиген 
болса  керек.  38-нші  «Қазақ»-та  Шоқаев  осы  туралы  жұртқа  сөз  ашып, 
сауал қылған екен. Әрине бұған білімді азаматтарымыз түптен ойланып 
бір қарар, бір ынтымаққа келіп бітіруге керек. Енді осы оқу-жазуды түзетіп 
бірыңғай қылу турасында біздің тапқан ойымыз, кеңестеріміз мынау: 
Байтұрсынов  Ахмет  мырзаның  шығарған  алифби-оқу  құралы  дәріс 
кітабы қылып оқытуға әбден жарайтын келіскен деп білдік. Ол мырзаның 
түзетіп  шығарған  белгілерінен  кейбіреулері  біздің  ойымызша  артық, 
кейбіреулері кем болатын көрінеді. Бізше түзетілетін белгілер мынаулар:
1)  Біздің  тілде  бір  сөздің  жуандық,  жіңішкелігі  сол  сөздің  ішіндегі 
дауысты белгілердің жуандық, жіңішкелігінен келгендіктен, жуандық иә 
жіңішкелік үшін айырым белгіге қажет жоқ. Соның үшін жіңішкелікке де 
кіші қылып алған «ﻋ» керек емес, артық.
2) Дауыссыз белгілер табиғаттарында жіңішке.
3) «
و
» ны жарты дауыстырақ (көмескі) һәм кәкінді қылып алдық. «
وﺍﺑ
» 
(бау), «
وﺍﺗ
» (тау), «
ﺭوﻗ
» (қор), «
ﺭۇﻗﺖﺁ
» (құр ат) дегендегідей.
4) «
و
» (басы үшкүл, үш қырлы) мұны «о» орнына аламыз. «
ﺭوﺳ
» (сор 
(топырақ) дегендеріндегідей.
5)  «
ۇ
»  (мұның  басы  үшкүл,  үш  қырлы,  үстінде  үтірі  бар).  Мұны 
«ө»  орнына  аламыз.  «
زۇﻛ
»  (көз  (көретін  көз),  «
زۇﺳ
»  (сөз  (сөйлейтін) 
дегендердегідей. Бұл екеуін бұ суретте алуымыз дауыстары «
و
» мен «
ۇ
» 
дан басқа болғандықтан һәм басқа ағайын-бауырларымызда бұ дауыстар 
көп болмай, өзімізге хас (арнаулы) сияқты болған соң алдық. 
6)  «

»  («

»  үстіне  «

»)  мұны  арабтың  «

»  орнына  алдық.  Бұл  өз 
алдына жеке бір белгі. «
ﻥﺃ
» (ән (күй), «
ﻥﺃﺳ
» (сән (зейнет), «
ﮫﻧﯾﺭﺃ
» (әрине) 
дегендердегідей.
7)  «
چ
»  «ч»  дауысындағы  белгі,  қазақ  тілінде  естілмейді.  Мұны 
тастап  дауысымызға  лайық  «
ش
»  ны  алдық.  Бұл  белгі  басқа  ағайын-
бауырларымызда болса, мұның һәм «
ژ
», «
ۋ
» лары емле үйреткенде басқа 
тілден кірген есебінде қылып алынар дедік.
Қол қойдық: Ахметжан Күзембаев, Әбілғазы Иманбеков
Бекмұхаммет Хусейнов, Иса Тоқтарбеков, Шаһмардан Ғұмаров, 
Нұғман Манаев, Камаледдин Жайсақов, Ғаббас Ханафиев, Нұрхан 
Еленов, Хамза Ибраһимов, Маһарбан Ермектасов, Мырзахмет қожа 
Кланов, Зәкір Ғабдуллин, Мәннан Тұрғанбаев, Молдахмет Ержанов, 
Қақан Әбдулкәрімов, Хасан Ожаров
жазу жөндеу
Жазу  жөндеу  мәселесі  араб  қарпін  қолданған  жұрттың  көбінде-ақ 
қозғалып  жатыр.  Бұл  мәселені  Стамбұл  түріктері  де,  Русиа  түріктері 

45
де  осы  күнде  мықтап  қолға  алып  жатыр.  Оны  қолға  алдырып  жатқан 
қазіргі  жазу  ісіндегі  зор-зор  кемшіліктер.  Ол  кемшіліктер  әуелі  араб 
қаріптерінін  әр  қайсысы  әлденеше  түрлі  болғандығынан,  мысалы,  бас 
түрі, орта түрі, аяқ түрі, жеке түрі барлығынан. Екінші араб әліппесінде 
дауысты  дыбыстардың  арнаулы  қаріптерінің  жоқтығынан.  Әp  қаріптің 
бірнеше түрлі болуы қазірінде көп іске ауырлық келтіріп, зарары тиіп тұр. 
Әсіресе бұлай болуынан зарар шегіп тұрған екі іс: бірі – оқу ісі, екіншісі 
–  матбұға  ісі.  Бұл  екеуі  де  халықтың  мәдениет  жолында  алға  басуына 
себепкер болатын істердің бас дәрежелісі. Қаріп түрінің көптігінен оқу 
ісіне тиетін зарары сол: балалар бір қаріптің түрін танып, есіне сақтау 
орнына  бірнеше  түрін  танып,  есінде  сақтамақшы.  Бір  нәрсені  білуден 
бірнеше нәрсені білу әрине ауыр болмақшы. Матбұға ісіне тиетін зарары 
сол: бір қаріпті сатып алу орнына матбұғашы бірнешеуін аларға керек. 
Бір қаріпке төлейтін ақшадан бірнеше қаріпке төлейтін ақша әрине көп 
болмақшы.  Олай  болған  соң  матбұға  қымбатқа  түспекші.  Екінші  қаріп 
түрі  көп  болса,  қаріп  қоятын  ұясы  көп  болады.  Неғұрлым  ұясы  көп 
болса  соғұрлым  жиюы  ауырламақшы,  жию  жұмысы  шабан  жүрмекші. 
Сөйтіп аз адаммен істейтін ісін көп адамға істетіп, аз уақытта істелетін 
істі  көп  уақытқа  созып,  матбұға  ісін  қымбатқа  түсірмекші.  Бастырған 
кітап, газета, журнал сияқты нәрселер матбұға қымбаттығынан қымбат 
басылып шықса, олардың жұртқа таралуы ауыр болмақшы.
Осындай кемшіліктерін түзетіп, жазу ісін жөндеуге әркім талаптанып 
жатыр.  Жалғыз-ақ  ойлары  бір  жерге  жиылып,  ынтымаққа  келіп,  бата 
қылуына қалып тұр. Олардың жазу түзету турасындағы істерінің көшесі 
мынау:  бір  қаріптің  бір-ақ  түрі  болсын  дейді,  яғни  бас  түрі,  орта  түрі, 
аяқ  түрі,  жеке  түрі  болмай,  бұлардың  біреуі-ақ  алынсын  дейді.  Олай 
деудің  мәнісі:  осы  күнгі  қаріптердің  қайсысының  да  болса  түр  негізі 
ескі  қаріптерден  алынған.  Ескі  қаріптердің  бәрі  де  тіркеспей,  жеке-
жеке жазылған. Бұрынғы тасқа, қыш тақтайларға жазылған жазулардың 
қаріптерінің бәрі жеке-жеке. Тіркестірген жазу бергі замандарда шыққан. 
Оның  шығуына  себепкер  болған  матбұға  жоқ  замандарда  кітаптардың 
қолмен жазылғандығы, кітаптарды шапшаң жазу үшін асығыс қаріптерді 
жалғастырып,  тіркестіріп  жазған.  Сонан  бірте-бірте  тіркестіріп  жазу 
дағдылы қалып болып кеткен. Кітапты бастыру амалы табылғанда Eвропа 
халықтары баспа қаріптерін жасау үшін жалғасқан, тіркескен қаріп түрін 
алмай, негізгі жеке түрін алған. Сондықтан олардың баспа қаріптерінің 
әр  қайсысы  бір-ақ  түрлі.  Араб  баспа  қаріптерін  жасағанда,  себебі  неге 
екенін білмейміз, негізгі жеке түрін алмай, жалғасқан жазба түрін алған. 
Бұлай  ету  зор  қате  болған.  Басында  істелген  қате  осы  күнге  шейін 
түзетілмей келе жатыр. Eвpoпa халқы жоғарыда айтылған кемшіліктерін 
көре тұрып сол күйінде қалдырмай, ол қатені әлдеқашан түзетер еді. Азия 
халқының  дағдылы  соқпағынан  бұрылып  аяқ  басуының  ауырлығынан 

46
сол қатені түзетуді жаңа ғана қолға алып жатыр. Түркияда «Ислах харф» 
жәмиғаты,  Ысмағұл  әпенді  Хақыбек,  Русиада  Зәкір  әпенді  Рамиев, 
баспашы Харитонов Бабай һәм Ғабдолла әпенді Албаров бұлардың бәрі 
де  баспа  хәріптердің  бас,  орта,  аяқ,  жеке  түрлері  болмай  бір-ақ  түрлі 
болуын көздегенде, ойлап тапқандарын алифби етіп майданға шығарып 
отыр. Бұлардың ойлап тапқандарын қазірінде төртке бөлуге болады. Бірі 
парсы, араб қаріптерінің осы күнгі жеке түрін алмақ һәм баспа мен жазба 
екеуіне де жеке-жеке қоймақ. Бұлай болуды қолайлаушылар «Ислах харф» 
жәмиғатында, екіншілері бас һәм аяқ түрін ғана алмақ. Бұлар Түркияда 
«Танин» газетасына жақ адамдардан шыққан пікір. Үшіншілері жалғыз 
ғана бас түрін алмақ. Бұлай ойлаушы Албаров әпенді. Төртіншілері бас 
түрі, басқа түрі демей, қай баспаға қолайлы, келістісін алмақ. Олардың 
түрлерін өзгертіңкіреп сұлуламақ. Мұны шығарып отырған Рамиев әпенді 
мен  Харитонов  Бабай.  Бұл  екеуінің  ойлары  баспа  турасында  бір  деуге 
болады: қаріптерінің арасында айырмасы аз, жазу қаріптерінің келгенде 
екеуінің  арасы  алыс.  Рамиев  әпенді  жазба  осы  күнгі  қалпында  қалсын 
дейді.  Харитонов  баспа  қаріптердің  өзгерген  түріне  қарай  жазба  да 
өзгерілсін дейді. Оның жазба қаріптері араб қаріптеріне тіпті ұқсамайды, 
теріс қаратып қойған латын қаріптсріне ұқсайды. 
Осы айтылған төрт пікірдің қайсысы алынары қазір белгісіз. Жақын 
арада  Стамбұлда  «Жәмиғат  Хейрие  Исламие»  залында  Әбдулғазиз 
Шауыш әпенді бас болып қаріп жөндеу, емле түзету мәселесі турасында 
кеңес  құрған.  Ол  кеңесте  түрік,  араб,  иран  жазулары  –  бәрі  де  дыбыс 
бойынша жазылатын болсын деп бата қылысқан. Әбдулғазиз әпенді «Дар 
эл-фунун»  ашу  жайын  кеңеспекке  Мединеге  кетіп,  сонан  қайтқан  соң 
жазу түзету жұмысын қолға алып, тірілтпекші болған. 
Осылардың  бәрі  де  жазудың  түзетіп  жөнге  салуға  мезгіл  жеткенін 
көрсетеді. Тіршілік ісі жарысқа айналған заман. Уақыт қымбат. Кешіккен 
кейін қала бермекші. Шапшаң істерлік іс шабан істелсе, ол қып-қызыл 
залал.  Оңайлықпен  үйретерлік  нәрсені  қиындықпен  үйрету  балаларға 
обал.  Араб  алифбиінің  кемшілігінен  матбұға  ісінде  шабандық,  оқу 
ісінде ауырлық, емле ісінде тәртіпсіздік. Осы кемшіліктерді жою үшін әр 
жерде-ақ жол қарастырып, іздеп жатыр. Біздің де емле түзету ісіміз сол 
жұмыстардың бір тарауы.
Басқа түрік балаларының қаріп һәм емле түзету ісіне қарасақ, олардың 
бізден,  біздің  олардан  айырылатын  жерлеріміз  бар.  Біздегі  бар  дыбыс 
оларда жоқ, оларда бар дыбыс бізде жоқ көрінеді. Біздегі бар сөздердің 
түрлері оларда жоқ, оларда бар түрлері бізде жоқ. Сондықтан біз қазақ 
тілін  тастап  басқа  түрік  тілдерінің  біріне  қосыламыз  демесек,  айырық 
жерде айырыла, бірдей жерде біріге іс ету тиіс. Солай ету қазақ тіліне 
керек жұмыстарда да боларға тиіс. Тіліміздегі харакаттар болсын, сөздің 
түрлері болсын басқаларда бар болса, солармен бірдей жаза білуі тиіс. 

47
Олардан  басқа  болса,  басқа  жазылуы  тиіс.  Бірақ  айырылымы  аз 
жерлерді айырысы жоққа есеп етерге керек. Қазіргі жазу жұмысы екіге 
бөлініп  тұр:  бірі  баспа  қаріптерді  түзету,  екіншісі  сөзді  дыбыс  басына 
қаріп  қойып  жазу,  баспа  қаріптердің  жоғарғы  айтылған  түрлерінің 
түйінінде қолайлаған біреуін алар. Бұл іс барша араб алифбиін тұтынған 
халықтармен  бірге  көретін  іс.  Қазақ  тіліндегі  дыбыстарға  керек  қаріп-
терді  алып,  қазақ  жазуының  емлесін  жөндеп  тәртіпке  салу,  ол  өзіміз 
істейтін  жұмыс.  Біз  қазақ  тіліне  араб  алифбиінде  бар  қаріптерден  бас-
басына қаріп арнап алып, сол қаріптермен қазақ сөздерін еш кемшіліксіз 
жазып  отырмыз.  Араб  қаріптері  қазақ  тіліндегі  дыбыстарға  жетпеген 
жерлерін, яғни, қаріппен толықтыруға болмайтын жерлерін, жаңа қаріп 
алсақ жұрт жатырқар деп, қағидамен толықтырдық. Қазақ сөзін жазуға 
кемшілігі жок, осы жарайды деп тұрмыз. Мұнан да гөрі, қаріп көбейтпей, 
оңайырақ  жолын  тапқан  адамдардың  айтқанын  қабыл  етуге  даярмыз. 
Бірақ қиындату жағына баспаймыз.
Бізден  басқа  түріктер  де  дыбыс  басына  қаріп  жазуға  түсейін  деп 
жатыр.  Хасан  Әли  әпендінің  «Мұғалім»  журналы  осы  жөнде  жұмыс 
бастап жатыр. Түркия, Иран, Араб баршасы да дыбыс басына қаріп қойып 
жазуды ұнатқанын жоғарыда айтып өттік. Биыл жаз «Шура» журналы да 
бұл  туралы  анкета  (сұрау)мен  жұрттың  пікірін  байқап  еді,  көбі  дыбыс 
жазуды түрік тіліне қабылдап, араб сөздеріне ғана қабылдамап еді. Олай 
болса  араб  пен  түрік  сөзін  айыра  білу  әркімнің  қолынан  келмейді  деп 
қойып еді. Енді арабтар дыбыс жазуын қабыл етсе, біздің ноғай ағайын-
дар да қабыл етер деп ойлаймыз. Исмағұл әпенді Гаспиринский бұ жолда 
да ноғай қарындастарымызға басшылық қылатын көрінеді: «Тәржіман» 
газетасын оқитын адамдар байқайтын шығар, Исмағұл әпенді дауысты 
емлені қолдана бастағанын.
Бұ жоғарыда жазылғаннан көрінеді: дыбыс жазуын қолайлап, тұты-
нуға  түскен  жалғыз  біз  емес,  басқалар  да  қолайлап,  соған  түсейін  деп 
жатыр. Әр қайсысы өз тілінде бар дыбысқа араб қаріптерінен қаріп арна-
мақшы.  Біздің  қазақ  тіліне  арнаған  қаріптеріміз  «Қазақ»  газетасы  мен 
«Оқу құралы» кітаптардағы. Ендігі жұмыс соның кемшілігі болса көр-
сетіп, түзету. Түзеткенде ауырлық жағына емес, жеңілдік жағына түзету.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   38




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет