Алаш көсемсөЗІ: тіл мәселесі көптомдық 2 том Қайрат сақ



Pdf көрінісі
бет4/38
Дата30.01.2017
өлшемі1,66 Mb.
#3031
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   38

«ҚАЗАҚ» гАЗЕТІ 
(1913–1918)
«Қазақ» газеті – отандық журналистика тарихында айрықша орны 
бар, халықтың «көзі, құлағы һәм тілі» болған жалпыұлттық тәуелсіз 
басылым. Газет 1913 жылғы ақпаннан 1918 жылғы қыркүйекке дейінгі 
аралықта Орынбор қаласында аптасына бір рет, 1915 жылы аптасына 
2 рет шығып тұрды. Таралымы – 3000 дана, жекелеген нөмірлері 8000 
данамен  таралды.  Басылым  басқармасы  1914  жылғы  жаңа  жылдық 
45-нөмірінде  газетті  10  облыстың  қазақтары  жаздырып  алатынын 
хабарлаған.  Бұған  қоса  «Қазақтың»  Уфа,  Қазан,  Петербург,  Мәскеу, 
Орынбор,  Томск  қалаларында,  сондай-ақ  Түркия  мен  Қытайда  да  өз 
оқырмандары болды. 
«Қазақ»  газетінің  бірінші  бас  редакторы  Ахмет  Байтұрсынов, 
шығарушысы  «Азамат»  серіктігі  болды.  А.Байтұрсыновтан  кейін 
«Қазаққа»  алаш  қайраткерлері  Міржақып  Дулатов  пен  Жанұзақ 
Жәнібеков басшылық жасады. 
Орынбор  губернаторы  Ресей  Жоғарғы  баспасөз  басқармасына  га-
зетті мына бағыттар бойынша шығаруға рұқсат бергенін мәлімдеді:
1.Үкіметтің бұйрық-жарлықтары. 2.Мемлекеттік Дума, мемлекет-
тік  Кеңес  жұмысы.  3.Ішкі  және  сыртқы  хабарлар.  4.Қазақтың 
тарихы  мен  тұрмыс  жайы.  5.Этика,  тарих,  этнография  және  мәде-
ниет  мәселелері.  6.Экономика,  сауда,  кәсіп,  ауыл  шаруашылығы,  мал 
шаруашылығы.  7.Халық  ағарту,  мектеп,  медресе,  тіл  және  әдебиет 
мәселелері.  8.Тазалық,  денсаулық  және  малдәрігерлігі  жайы.  9.Фелье-
тондар. 10.Корреспонденциялар мен жеделхаттар. 11. Жергілікті хро-
ника. 12.Суреттер. 13.Почталар (хаттар). 14.Құлақтандырулар. 
«Қазақ»  газеті  –  ХХ  ғасыр  басындағы  күрделі  кезеңнің  айнасы 
іспеттес.  Сол  кезеңде  қазақ  халқының  ең  маңызды  өткір  мәселелері-
нің бәрі де газет беттерінде батыл жарияланып тұрды. Елдің зарына 
айналған жер мәселесі «Қазақта» үздіксіз көтерілді, оқу-ағарту ісі, дін 
жайы,  өнер-білімнің  құны  хақындағы  материалдар  көптеп  басылды. 
Алты жылға таяу ғұмырында қазақтың мұңын шағып, жоғын жоқтады. 
Әлеуметтік салада елді өрге сүйреді, қазақ халқының өзге елдермен тең 
болуын көкседі, өз билігі өзінде болуын мұрат тұтты. Мақсатқа жету 
үшін қазақты өнер-білім, ғылым жолында еңбектенуге шақырды.  
«Қазақ»  газетінің  айналасына  ұлттың  озық  ойлы  зиялы  азамат-
тары  шоғырланды.  Сол  тұста  қаламды  серік  еткен  Алаш  азаматта-
рының  барлығы  дерлік  «Қазақ»  газетінің  тұрақты  авторлары  болып 
табылады. 

31
Оренбург. 10 февраль
«Қазақтың»  бастапқы  нөмерінде  «төңіректе  түнерген  бұлттар  кө-
рінеді»  дедік.  Ол  айтқанымыз  түнеріп  шыққан  бұлт  сықылды  «мынау 
қалай болар» деп кісіге ой түсіретін нәрселер еді. От басының уайымын 
қойып, жұрт басының қайғысын ойласақ ой түсіретін нәрселер әр тарап-
тан көрінеді. Қалыпты шаруамыз өзгеріліп, қалпымыз да өзгерілейін 
деп  тұр.  Қалпымыз  өзгеленсе,  қалай  болатынымыз  белгісіз,  іргеміз 
тұтас, ыдырамай, бірыңғай жатқан халық едік. Енді арамызға бөтендер 
келіп кірісейін деп тұр. Бөтендер кіріскенде халіміз қандай болар? Тарих 
жолына  қарағанда  келімсек  жұрт  күшті  болса,  тұрғын  жұрт  аяқ  асты 
болып  азып-тозып  жоғалмақшы.  Тұрғын  жұрт  күшті  болса,  келімсек 
жұрт сіңіп, тұрғын жұрттың түріне түсіп, бөтендігі жоғалмақшы. Екеуі 
де тең болса, бір-бірінен кем болмай, біріне-бірі жем болмай, қатар тұрып 
күнелтіп, әр қайсысы өз алдына ұлт болып тұрмақ. Қазақ енді бірыңғай, 
іргесі тұтас қалпында, бұл күйінде тұpa алмайды. Егін шығатын жерге 
егіншілер  келіп  орнап  жатыр,  мал  бағатын  жерге  мал  өсірушілерді 
алып келіп орнатпақшы, балығы бар жерге балықшылар қондырмақшы. 
Қысқасы,  о  жолмен,  бұ  жолмен  болсын  қазақ  арасына  бөтен  жұрттар 
кірейін деп тұр.
Істің бәрі жалғыз-ақ тамақ асырап, күн көруге қалса, өз бетінен күн 
көре алмаса, өзге жұрттың есігінде жүріп, малайлықпен тамақ асырап, 
қазақ тіршілік етеді ғой. Біз қазақ тіршілігін ойланып, қалай болар деп 
уайым,  қылатын  тіршілігіміз  ол  тіршілік  емес.  Қазақ  деген  қашаннан 
өз  алдына  ұлт  болып,  Еділден  Ертіске,  Оралдан  Ауғанға  дейін  тұтас 
тұрған  халық  еді.  Арамызға  әр  түрлі  жұрт  кіріскенде  солармен  қатар, 
атымыз жоғалмай, қазақ ұлты болып тұра аламыз ба? Осы біздің төсекте 
дөңбекшітіп  ұйқымызды  бөлетін  нәрсе.  Басқа  жұртпен  араласқанда  өз 
алдына ұлт болып, өз алдына тілі бар, өз тілінде жазылған сөзі (әдебиеті) 
бар жұрттарға не тұрады. Өз тілімен сөйлескен, өз тілімен жазған жұрттың 
ұлттығы еш уақытта адамы құрымай жоғалмайды. Ұлттың сақталуына да, 
жоғалуына да себеп болатын нәрсенің ең қуаттысы – тіл. Сөзі жоғалған 
жұрттың өзі де жоғалады. Өз ұлтына басқа жұртты қосамын дегендер әуелі 
сол жұрттың тілін аздыруға тырысады. Егерде біз қазақ деген ұлт болып 
тұруды тілесек, қарнымыз ашпас қамын ойлағанда тіліміздің де сақталу 
қамын қатар ойлау керек. Қазақтың осы күнгі ісінің бетіне қарағанда һәм 
мұнан былай ісіміздің беті осы болса, қазақ тілі азып жоғалуға ықтимал. 
Біз келімсек жұрттан кем болмас үшін оқымай тұра алмаймыз. Оқымасақ 
басқалармен қатар тіршілік ете алмайтынымыз сүттей ақ, күндей жарық. 
Оқығанда ісіміз осы қалпында болса, тіліміздің азып жоғалуы да анық. 
Қазақтың балалары қалай оқып жүр?

32
Елде оқыса, он жыл оқып хат жазуды білмейтін ескі жолмен оқиды. 
Шаһарда  оқыса,  я  сарт,  я  ноғай  медреселерінде  оқиды.  Рус  школында 
оқитыны русша кітап, үйренетіні русша жазу, қазақша көбі оқи да, жаза 
да  білмейді.  Мұсылман  медреселерінде  оқығандардың  естігені  әдеби 
тіл,  оқығаны  әдеби  тілмен  жазған  кітап,  жазғанда  да  сол  кітаптардың 
тіліне салып еліктеу. Ол әдеби тіл деген қандай тіл? Араби, фарсы сөздер 
көп  кірген  тіл.  Неғұрлым  араби,  фарсы  сөздер  көп  қосылса,  неғұрлым 
қара халық түсінуге ауыр, тіпті түсінбейтін болса, соғұрлым әдебиырақ 
болады  деп,  тұтынған  жолдан  шыққан  тіл.  Бұл  тіл  халықтан  тумаған, 
жаны  жоқ  тіл.  Мұсылманша  оқығандарымыз  әдеби  тілімен  сөйлейміз, 
әдеби тілімен жазамыз, қазақша жазсақ әдеби болмайды деп қазақ тілімен 
жазуға ұялады, қорынады. 
русша  оқығандарымыз  қазақ  тілімен  пікірімізді  толық  айта 
алмаймыз, жетпейді, русша жазғанымыз оңай дейді. Қысқаша, русша, 
мұсылманша  оқығандарымыз  қазақ  тілімен  жазуға  қорынып,  біреуі 
русша жазады, біреуі әдеби тілмен жазады.
Бұлардың өз тілінен қорынып жиренетін себебі не? Менің ойлауымша, 
бұл әдеттенуден бірі русша оқып, бірі әдеби тілмен оқып қазақша жазу 
әдетінде  болмағандық.  Әдетінде  жоқ  нәрсе  қалыптан  тысқары  болып, 
басында  ерсі  көрінеді.  Қазақ  тілі  мен  жазу  әдетінде  болмаған  соң 
русша  һәм  мұсылманша  оқығандарымыз  қорынады.  Бір-біріне  жазған 
хаттарында қазақша жазбайды. Бұлай істеулері ұнамды емес. Бірақ қазақ 
балаларын  аталары  осы  күнгі  оқытуына  қарағанда  «бұл  неге  солай?» 
деп ғажаптанар да іс емес. Сегіз, тоғыз жасынан оқуға түссе, оқыған тілі 
басқа болса, оқитын кітабы басқа тілде болса, жазғанда сол кітаптардан 
үлгі алып жазса, олар қайдан қазақша жазуға әдеттенер? Мұнан былай да 
осы бетімізбен жүре берсек, ақтығында қазақ тілі азып-тозып, бірте-бірте 
тұтынудан  шығып,  әуелі  қазақша  жазу  ұят  көрінер,  сонан  соң  қазақша 
сөйлеу  ұят  көрінер,  онан  әрі  не  болары  белгілі.  Оқыған  жастарымыз 
қазақ  тілінен  жиренсе,  қарттарымыз  мың  жасауға  болмаса,  қазақ  тілі 
жан сақтайтын орын жоқ. Сондықтан бұлтақтамай осы бастан істің бетін 
тура жіберу үшін анықтап ашатын нәрсе мынау: қазақ тілін сақтау керек 
пе, болмаса русша болсын, басқаша болсын сөйлеуге жараған соң бәрі 
тіл ғой, қазақ тілі жоғалса жоғала берсін дейміз бе? Біздің газетіміздің 
таңбасы «Қазақ», яғни қазақтығымызды сақтау Қазақтық әрине аты мен 
тілі жоғалмаса сақталады. Бұл айтқанымыз русша, я басқаша оқымасын 
деген емес, русша тілін де білу керек. Бірақ өз тілінен жиренбеске керек 
деген сөз. Тұтынбаған нәрсе жоғалады. Он жыл, он бес жыл еңбек етіп, 
қиналып рус яки әдеби тілдерді үйренгендерге өз тілімен жазуды үйрену 
қиын  деп  ешкім  айта  алмас.  Русша  біздің  де,  әдеби  тілді  білудің  де 
орындары бар. Біздің қарауымызша оларды өз орындарына жұмсау тиіс. 
Ақырында  айтатынымыз,  әдеби  тілді  сүйетін  бауырларымызға  газетті 

33
қазақтың  қара  тілімен  жазғанымыз  ұнамсыз  көрінсе,  ол  кемшілігімізге 
кешу өтінеміз. Жұрт үшін шығарылған нәрсе жұртқа жақын болуы тиіс. 
Аспандағанмен жерден алыс кете алмаспыз. Артылдық дегенмен елден 
алыс кете алмаспыз.
Сайлау
(Болыс һәм кандидат бекімесе сайлау қайта болады)
Степное положениенің 70 статьясында айтылған: «Губернатор болыс, 
кандидатты бекітпесе, не қайта сайлау шығарады, не өзі қалаған кісіні 
болыс иә кандидат қояр» деп.
Еуропа  жұрты  тастан  қалса,  ендігі  жарыста  тағы  жарысам  деп 
азаптанбай, тас өткен соң, сайлауды, таласты қойып, шаруаға айналады. 
Оларда сайлау рәсімі осындай ақылға ұнамды жолда болады. Біз сияқты 
үлгісіз,  рәсімсіз  жұрт  қалса  не  қылады?  Төрдегі  басын  есікке  сүйреп, 
малды  төгіп,  бұтып-шатып,  оттап,  дүнияда  жоқ  бәлені  тасы  озғанға 
жабады. Хакімші халықтың көбіне сүйенсе күшті болады. Көп қойған, 
тасы  озған  болыстың  хакімі  жүреді.  Закон  сайлауды  халықтың  көбіне 
береді. Қазақ жұрты адам болатын болса, осы закон арқылы өз тізгінін 
өзі алып жүретін жөні бар. Мұндай әділ һәм жұртқа пайдалы законның 
қадірін  білмей,  сорлы  қазақ  сайлау  аяғын  бітпейтін  дау  қылды.  Болыс 
көп сайлаған болмай, бөтен елден орыс жетелеп әкелген бұралқы болды. 
Мұның сөзін тыңдаған адам жоқ, мұның болыстығында не қасиет. Бұл 
болыс болған елде не береке?!
Өстіп  жетелеп  қойған  бұралқыдан  бүлік  болатынын  правительство 
өзі  де  білетін.  1905  жылда  16  июньде  бір  закон  шықты,  мұның 
орысша  аты  мынау:  высочайше  утвержденное  16  июля  1905  г.  мнение 
Государственного Совета
1
. Осы законның алтыншы бөлігінде айтылған. 
«Ішкі  министр  70  статьяны  өзгертуге  тиісті,  орнына  закон  жобасын 
кіргізсін. Ақмола, Семей, Жетісу, Орал һәм Торғай губернаторлары қазақ 
болысын бекітпесе, қайта сайлау шығарсын» деп.
1905 жылы жұртқа жақсылық жазы жайылып келе жатқанда қазаққа 
бұралқы болыс болмасын, болыс сайлаумен болсын деген закон шыққан. 
Қазақтың қай бір облысында өткен сайлауда орысша хат білмейтін кісі 
болыс  болмайды  деп,  қазақтың  бұрыннан  болыс  болып  жүрген  қадірлі 
кісісін жолдан қалдырды. Қазақ болысы орысша хат білсін, орысша хат 
білмесе, тасқа тусуге жарамайды деген закон бұл күнге дейін жоқ. Сөзін 
адам тыңдайтын халыққа қадірсіз сорлы жастар «мен орысша білемін» 
деп болыс бола қалды. Бұл жас болыстың бұрынғы бұралқы болыстан 
1
 Правительств, Вести. 136, 25 июня 1905 г.

34
несі  артық?  Халық  пайдасын  білетін,  жөн,  жол  көрген,  әділ  кісі,  жұрт 
сөзін тыңдап, құрметтеген кісі болыс болатұғын жөні бар ғой. Орысша 
хат білу – тілмаштарға құл болмас үшін ғана керек қой!
Бай айтты деп, орысша білем деп болыс болған жастардың орысшасы 
иттің  жорғасындай  орысша  еді-ау.  Бұл  орысша  білетін  жыртақы  жас, 
болыс мырзаларда не кінә бар? Үлгісіз, рәсімсіз өскен, алдында көргені 
қаптама өсек, өтірік жала.
Үндістан моллалары сабақты тақтайға жазып, міне қара дейді екен. 
Бұғып,  еңбектеп  жүріп  жұрт  пайдасын  «қазақ»  нұсқалап  жаздым.  Та-
лапты аға-іні, халыққа қызмет қылатын болса» осыны құлаққа тақ!
Қыр баласы 
жазу мәселесі
Қазақ  дыбысына  қарай  қаріп  түзету  турасындағы  ойым:  бұл  қаріп 
түзету деген бүгін ғана басталған сөз емес. Шаһ Тахтински «уау» орнына 
цифрлар да салып қараған. Бірақ оны қауым қабыл алмаған соң қалған 
және біздің қарпіміз – араб қарпі. Оны өзгертуді жұрт ұнатпайтындығы 
белгілі болған. Қауым қабылдамаған қаріп қала берген де. Жолы болған 
«г, ң, в» секілділер ретке кіріп кеткен. А.Б. мырзаның хамзасы (
ء
) мен 
қос  нүктесін  (:)  жұрт  қабылдағаннан-ақ  ұнатамыз.  Бірақ  хамза  әліф 
орнына  жүруші  еді.  Оны  басқа  қаріпке  қоймаймыз  деп  әуре  қылар-ау 
деп шошимын. Сірә, солай қыла қалса, менің ойыма келетұғыны баспа 
машинасына реті келсе, кейде үтір орнына үлкен «уау» салсақ жазуымыз 
едәуір  түзелер  еді  деп  ойлаймыз.  Біздің  тілде  екі  үст  бар:  бірі  (-),  бірі 
(׀), яғни бірі харакат, бірі әліф, мұның әуелгісі жіңішке, соңғысы жуан 
айтылған  қаріптерге  харакат  болады.  Мысалы,  бірі  –  хәммасы,  бәрі 
болғаны дегендей. Бізде үш түрлі аст бар: бірі болар болмас білінетұғын 
орысша  «ы»  секілдірек,  менің  ойымша  мұндайға  түк  салмасқа  керек. 
Бірақ  састы-састы,  асты-асты  деген  секілділер  да  не  аст,  не  сәкінмен 
ғана  білдірілсін.  Егер  де  мұндай  «ы»  секілді  аст  сөздің  аяғына  келсе, 
«и» қойылсын. Себебі, ондайды біз «ы» қылып оқимыз, ноғай һәм басқа 
түріктер «и» қылып оқиды. Екеуіне де бөгет жоқ. 2-ші аст «е» секілді, 
оған «и» қою керек. Егерде сөз аяғында келсе «о» «

» яғни қай рәсмие 
қою керек. 3-нші «и» сықылды, екі яғни «
ڍڍ
» «ии» салу керек. Мысалы, 
сииыр, қиисық дегендей. 
Бізде  үтір  екі  түрлі.  Мысалы,  бүр  ағаштың  бүрі,  бор  –  ақ  топырақ. 
Сіздер «у» бар дерсіз, жоқ! Ол «уауға» сүкін болады. Мысалы, бу – байла, 
бура  –  түйе  дегендей.  Бірақ  бұл  үтір  «уаулар»  жуан-жіңішкеге  (бірдей 
қаріптерге айтылғанда һәр қайсысы екі түрлі болып, төрт түрлі дыбыс 

35
шығады. Мысалы, бүр – ағаш бүрі, бір айналдыр, бор – ақ топырақ, бөрі –  
қасқыр. Міне, байқасаңыз жуанына уау, жіңішкесіне үтір салдым.
Шаһкерім
Шаһкерім  ақсақалдың  бұл  сөзіне  «Айқап»  журналының  9-ншы,  10-
ншы  нөмірлерінде  жазылған  Ғ.Мұса  мырзаның  сөзіне  қысқалап,  сөз 
қайырып өтемін. Шаһкерім ақсақалдың керек деп отырған қаріп үстіне, 
астына қойылатын үтір, аст, сүкін, аст һәм «уау» жалғыз жазғанда ғана 
емес, басқа сөзге де қойыларға керек. Баспа жүзінде оның қолайсыздығы 
мол. Егер де осы күнгі тұтынып отырған матбұғат тастарымен харакат 
қойып  бастырсақ,  бастырған  нәрсеміз  екі  есе  қымбат  түседі.  Олай 
болатыны харакатпен бастыру қиын, екінші орын көп алады. Харакатсыз 
баспаның екі жолын харакатты баспаның бір жолы алады. Егер де оған 
тағы қаріп үстіне қаріп қоюды қоссақ, мысалы «
», « » онда тіпті 
орынды  тағы  көбірек  алмақшы,  бастырған  нәрсені  ол  тағы  көбірек 
қымбаттандырмақшы. Қымбат басылған нәрселерді қазақтың алу жағын 
да ойламай болмайды. Жүз бет боларлық нәрсеміз екі жүз бет болса, екі 
жүз елу бет болса, оған матбұғат екі есе, иә екі есе жарым қымбат алады. 
Сондықтан бұл қолайсыз болып табылады. Егер матбұғаттың бұл күндегі 
тұтынып  жүрген  тастарынан  басқа  тас  істеп  бастыратын  болсақ,  яғни 
үтір, үст, сүкін, һәм «уау» – бәрін де қаріп тастарымен бірге құйдырсақ, 
мысалы «
وۥ
» сияқты еткізіп. Онда ол орынды осы күнгі жолдарымыздан 
көп  алмайды.  Бірақ  оның  қолайсыздығы  басқа  жағынан  болады.  Сол 
айтылған бес белгі бір ғана қаріпке емес, барша дауыссыз дыбыстардың 
қаріптерінің бас болып, орта болып, құйылатын тастарының тұруының 
бәрімен  бірге  құйылмақшы.  Олай  болғанда  осы  күнгі  матбұғат 
тастарынан басқа құйдыру керек болады мынадай тастарды: «


ۥ


» – 
бұл бір ғана «б»-ға керек болатын тастардың өскені. Жалғыз «б» үшін 
матбұғаттың  қаріп  құятын  ұясының  көбеюі  он  болады.  Бұрынғы  төрт 
ұясымен «б» қарпінің ұясы он төрт болмақшы. Тек қосылатын қаріптің 
әр  қайсысында  сондай  ұя  болмақшы.  Тек  қосылатын  қаріптер  л,  м,  н, 
и, яғни он төрт қаріп. Бұлардың әр қайсысының бұрынғы төрт ұясына 
жаңадан он ұя қосылып, бұрынғы 56 ұяның орнына 196 ұя болмақшы. 
Тек қосылмайтын қаріптер төртеу: д, р, з, у. Бұлардың бұрынғы ұясы екі-
екіден сегіз болса, жаңадан әр қайсысына он ұя артық қосылып, 48 ұя 
болады. Қысқасы, жоғарыда айтылған бес белгіні қаріп тастарына қосып 
құйдырсақ, бұрынғыдан басқа 180 ұя жаңадан қосылмақшы.
Матбұғаттың  қаріп  ұялары  көбейсе,  қаріпке  шығаратын  ақшасы 
көбеймекші,  екінші  қаріп  жию  жұмысын  қиындатып,  жұмыс  жағын 
қымбаттатпақшы.  Бұрынғы  қаріптердің  ұясы  мысалы  жүз  болса,  енді 
оған жүз сексен қосылса, 280 болмақшы. Жүз жерден теру мен екі жүз 
сексен жерден теру бірдей болар ма?

36
Қысқалап айтқанда, бұлай харакаттарды қаріптермен бірге құйдырсақ 
та  бастырған  нәрселеріміз  жай  бастырудан  екі  есе,  хатта  үш  есе 
қымбатқа  түспекші.  Және  де  соңғы  уақытта  мұсылман  матбұғаттары 
осы  күнгі  қаріптердің  баспа  жүзінде  қиыншылығы  көп  деп  оңай  етуге 
жол қарастырып жүр. Қиындығы – ұясының көптігі. Орыс қарпі 35, оған 
35 ұя керек. Қаріп басына бір-бір ұядан қаріптің 35 қарпінің азайтқанда 
жүз шамалы ұя керек. Қаріп басына екі иә төрт ұядан. Мұны қиынсынып 
жүргенде оған тағы 180 ұя жаңадан қосып қаріп қойдырсақ, онда өзіміз 
матбұғат алмасақ, басқа матбұғаттарға олай етіп бастыра алмаймыз.
Бұлардан  басқа  Шаһкерім  ақсақалдың  жете  ойламаған  жерінің  бірі 
мынау: қазақ тіліндегі дыбысқа қарап ат қоймай, қаріпке қарап дыбысқа 
ат қоймақшы. Мысалы, аст, үст, үтір, сүкін деп. Сондықтан «у» жоқ, оған 
сүкін бар дейді де жазады «
ﺍﺭو

ڊۥ
», «
ﺭﺑۥ
» деп.
Біз  ежік  балалардың  басын  қатырады  деп,  сол  саутиә  жолына 
(звуковой)  түсеміз  деп  жүрміз.  Сол  саутиәмен  бала  оқытсақ,  қазақ 
тіліндегі дыбыстарды өз қалпында айтпай «үтір» демей, дыбысын айтып 
оқытсақ, онда қалай «у» жоқ болады? Мысалы, «
و

ﺑۥ
» деген сөзде «у» 
жоқ десек, «б»-ның үстіндегі не дыбыс деп айтамыз һәм оның артындағы 
екінші сүкін қойғанын дыбыс деп айтамыз?
Біз мұның екеуін де «у» дейміз, бірақ екеуінің арасында орыстардың 
«и» дыбысы мен «й» дыбысының арасындағыдай айырмасы бар дейміз. 
Балаларды ежікке қайырып түсіреміз десек, шыны да сол. Ежікпенен де 
балаларды  оқытуға  болады.  Бірақ  жолы  қиын,  усул  саутиә  жолы  оңай. 
Оңайдан  қиынға  түскеніміз  қанша  қолайлы?  Ғ.Мұса  мырзаның  сөзіне 
қарайтын жауап келесі нөмірде болар.
А.Б.
жазу мәселесі
Ғ.Мұса мырзаның сөзіне түгел жауап қайырмай, жалғыз-ақ аяғында-
ғы пікірінен қорытып шығарған менен артық жері турасында сөйлеймін. 
Әуелі екеуіміздің айырылатын жеріміз: Ол «у» орнына «
و
»ды алды да, 
«о»  үшін  «
ۇ
»ды  лайық,  яки  басқа  бір  белгі  жасалық,  мысалы,  «
و
»дың 
құйрығын  қайырып  қоялық  дейді.  Мен  «у»  орнына  «
ؤ
»»  аламын,  «о» 
орнына «
و
» ды аламын. 
Менің  олай  еткенім:  «о»  дыбысы  қазақ  сөзінде  анық  толық  дыбыс, 
ноғай тілінде біздің «о» дыбысы келетін жерлерімізге толық «у» келеді. 
Мысалы:  біз  «от»  дейміз,  ноғайлар  «ут»  дейді.  Біздер  «тоқ»  дейміз, 
олар  «туқ»  дейді.  Бұл  сөздерді  осылай  жазсақ,  біз  өзімізше  «о»  айтып 
оқуымызға  кемшілігі  жоқ,  ноғайлар  өзінше  «у»  етіп  оқуына  кемшілігі 

37
жоқ.  «У»  біздің  қазақ  сөзінде  қысқа  айтылады:  біздің  «у»  дыбысымыз 
келетін  жерде  ноғайларда  да  қысқа  «у»  келеді.  Мысалы:  «тұр»,  «жүр» 
ноғайлардың  «Ақ  йол»  журналында  қарасаңыз  «
و
»  һәм  «
ۇ
»  әріптерін 
нақ бізше жазып отыр. Ол бірімізден біріміз көріп алып отырған емес, 
екеуімізді бір жерден шығарып отырған түрік тілінің табиғаты. Қысқасы, 
«о»  орнына  «
و
»  алып,  «у»  орнына  «
ۇ
»  алғаннан  қазақ  тіліне  келер 
кемшілік  жоқ.  Қайта  ноғаймен  ереуіл  келмеске  пайдасы  бар.  Ереуіл 
келмеске ықтималы бар жерде ереуіл келу де қажет жоқ. 
Бұл  «
ۇ
»  дың  Ғ.Мұса  мырзаға  ұнамайтын  жері:  «
و
»  үстіне  «үтір» 
қойып жату қиын дейді. Осыны онша дәлелді сөз емес деймін. Өйткені 
орыс  сөздері  үшін  «
و
»  үстіне  үш  нүкте  қойып  «
ۋ
»  қылып  жазуды 
қиынсынбағанда,  қазақ  сөзіне  дсгендс  «
و
»  үстіне  бір  үтір  қою  қанша 
қинар  екен.  Керек  болған  соң  «
ج
»ді  «
چ
»  айтуды,  «
ز
»  ді,  «
ژ
»  айтуды, 
«
ك
» ні «
ڭ
» айтуды қиынсынбаған жол бар емес пе? Солардан бұл қанша 
қиын? Қанша ерсі?
2-нші қайырылатын жеріміз: «ы» дыбысының қарпі сөздің басында, 
ортасында  қалмай  жазылсын  дейді.  Мен  «ы»  дыбысының  қарпі  «
ى
» 
болсын  да,  ол  сөздің  аяғында  қалмай  жазылсын,  басқа  орындарда  ол 
жазылмағанда  сөздің  мағынасы  бұзылып,  кемшілік  келерлік  болса, 
жазылсын деп едім. Оқуға кемшілік болмаса, сөздің мағынасына кемшілік 
келмесе, жазуға жеңілдігі болса «ы» дыбысынын хәрпін жазбағанда не 
залал  көреміз  деген  ойым  еді.  Мысалы:  «
»  («қысымшылық»),  
«
»  («еркіншілік»)  қаріптерін  түгел  жазсақ  бұлай  жазылмақшы:  
«
»  («қысымшылық»),  «
»  («еркіншілік»).  Осы  сөздер- 
ді  «
ڍ
»  сіз  жақсы  да,  мағынасы  бұзылмайтын  болған  соң  «ڍ»  ді  жазба- 
сақ  та  болмай  ма?»  деген  едім.  Мысалы,  «
»  («қысым-шылық»),  
«
» («еркіншілік») деп жазсақ, кемшілік болар ма? 
3-нші айрылатын жеріміз: мен «э» дыбысына «
ڍ
» («и»)лерді аламын, 
Ғ.Мұса  мырза  «
ى
»  лерді  алайық  дейді.  Мен  «
ڍ
»  («и»)  лер  сөздің  бас 
буынында  жазылсын,  басқа  буындарында  «
ه
»,  «

»  жазылсын  деймін. 
Ғ.Мұса мырза сөздің аяғынан басқа жердің бәрінде «
ى
» («і») жазылсын, 
аяғында ғана «
ه
», «

» жазылсын дейді. Меніңше, мысалы: «
ﻚﮫﺳڍﺍ
» (есек),  
«
ﻚﮫﺳﯾﻛ
»  (кесек),  «
ﻚهﺭﯾﻛ
»  (керек),  «
ﻱهﺩﮫﻛ
»  (кедей),  «
ﻱﮫﮔﮫﻟﯾﻛ
»  (кілегей),  
«
ﻱﮫﮔهﺭۇﭼ
» (шүрегей) деп жазбақшымыз, оныңша: «
ﻚﺳڍﺍ
» (есек), «
ﻚﺳﯾﻛ
» 
(кесек),  «
ﻚﯾﺭﯾﻛ
»  (керек),  «
ﻱﯾﺩﯾﻛ
»  (кедей),  «
ﯽﯾﮔﯾﻟﯾﻛ
»  (кілегей),  «
ﯽﯾﮔﯾﺭۇﭼ
» 
(шүрегей). 
Оның  «
ڍ
»  «и»  лерден  гөрі  «

»  лерді  артық  көретіні  нүкте  қойып 
жатудан  нүкте  қоймау  жеңіл  дейді.  Нүкте  қоймаудан,  қоймай  жазудың 
жұмысы аз болғанмен оның жаттығы мол емес не? Жетек, шелек, есек 
деп жазсақ, бұрынғы есек, шелек, житек деп жүрген күйінде оқу; жітік, 
шілік, ісік деп жазсақ, житек, шелек, есек мағынасында оқымай, жітік, 

38
шілік, ісік мағынасында оқылары ықтимал. Мен қаріптерді өзгерткенде 
халық  жатсынбай,  хат  білетін  адамдар  үйретпей-ақ  оқып  кетерлік 
болғандай ғып өзгерттім. Бұрынғы «
ڍ
» лерді оқып жүргенде «
ڍ
» лерді де 
оқып кетеді, бұрынғы «
و
»-ды оқып жүргендер «
ۇ
»-ды да оқып кетеді. «

» 
лерді үйретпей «э, 

»-ды оқып кетер деп айта алмаймын. 
Мен  бұл  «

»  белгілерін  былтыр  әліппе  жазып  жүргенде  «э»  емес, 
«ы» орнына алмақшы болып бір ұйғарып, тағы да ол ойдан қайтып едім. 
Қайтқаным оны қойсақ та, қоймасақ та оқуы бір ғой, қойып не қыламыз 
деген  едім.  Мысалы:  мысық,  арық,  арыс  деген  сөздерді  мысық,  арық, 
арыс деп жазсақ, екеуінде оқушылар бірдей оқиды ғой деп «

» («і»)лерді 
алмай тастап едім. Түбінде бұл белгілер алынатын болса, «э» дыбысына 
емес,  «ы»  дыбысына  алуға  лайық.  Өйткені  «ы»  орнына  алсақ,  жұртқа 
үйретусіз қабылдануы ықтимал.
4-нші  айырылатын  жеріміз:  меніңше  созбасына  дауысты  дыбыстар 
келсе, ол сөзді жазарда басына сүйеніш таяқ қоямыз, оныңша ол керек 
емес.  Оны  керек  қылғаным,  халық  әуелі  шатасынбас  үшін  еді,  екінші 
басқа түріктерден тым оқшау кетпес үшін еді. Онан басқа керегі бар деп 
өзім  де  айтпаймын.  Оның  жаттығы  мынау:  «
ﯽﻟﻏۇﺍ
»  (ұғлы)  деген  сөзді  
«
ﻝوﺍ
», «
ﯼﻟﻏۇ
» (ол) деген сөзді «
ﻝو
» деп жазсақ, жаттық аз. Егер де «
ﻖﺗﺳﺍ
» 
(астық) деген сөзді «
ﻖﺗﺳﯾ
» (ыстық) деп, «
ﻰﻏﻟﺍ
» (алғы) деген сөзді «
ﻰﻏﻟﯾ
» 
(ылғы),  «
ﻥﺗﻗﺍ
»  (ақытын)  деген  сөзді  «
ﻥﺗﻗﯾ
»  (ықытын)  деп  жазсақ  мұның 
жаттығы мол болады. Менің басына «

» (а) қойып жазалық дегенім сонан. 
Көп  қаулы  қылса,  ол  «

»  ды  алып  тастауға  да  болады,  онда  бірақ  «ы» 
орнына «

» (и) лерден басқа хәріп алу керек болады. 
5-нші  айрылатын  жеріміз:  мен  «

»  ны  дәйекше  етіп  сөз  алдына 
қоямын.  Ол  жіңішкертетін  әріптердің  үстіне  қойылсын  дейді.  Оның 
айтуынша, бір сөзде жіңішкертуге тиісті қаріп біреу болса бір «

», екеу 
болса. екі «

», үшеу болса үш «

» қою керек, меніңше бір сөздің ішінде 
жіңішкертетін  қаріп  біреу  болсын,  көп  болсын  жалғыз  ғана  «

»  қою. 
Мысалы: «
ﻥؤوﺭؤﺟ
» (жүруін) меніңше «
ﻥؤؤﺭؤﺟﻋ
» жазылмақшы, оныңша 
«
ﻥﯝﯝﺭﯝﺟ
»  жазылмақшы.  Меніңше  «
ﺭﺩﺎﺑﻋ
»  (білдір),  оныңша  «
ﺭﯾﺩﺎﯾﺑ
»; 
меніңше «
ﺭﯾﺑﯾﺟﻋ
», оныңша «
ﺭﯾﺑﯾﺟ
»; меніңше «
ىﺩﺭﺩﻟوﺑﻋ
» (бүлдірді) оныңша 
«
ىﺩﺭﯾﺩﻟوﺑ
» болмақшы. «

»ны дәйекше қылып алдына қоюдан, әp қаріптің 
үсті-үстіне  қойып  жатудың  қандай  артығы  барын  біле  алмадым.  Және 
Ғ.Мұсаның  бір  айырылатын  жері:  дауысты  дыбыстар  9  боларға  керек. 
Мысалы: 

 (a), 
ﻋﺃ
 (ә), 
و
 (о), 
ﻋو
 (ө), 
ؤ
 (ұ), 

 (ұ), 
ى
 (и), 
ﻋى
 (i), 
ه
 (e). Бұл бір 
дыбыстың екі түрін екі басқа дыбысқа санағандықтан. Бір дыбыста екі 
түрлілік жалғыз бұл дыбыстарда емес, басқаларында да бар. Олардың екі 
түрін екі дыбысқа санамағанда, бұлардың екі түрін екі дыбысқа санаудың 
жөні жоқ.
А.Б

39

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   38




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет