Вестник КазНУ. Серия филологическая, №1(135).2012 343 Сөздердің дұрыс айтылуын қамтамасыз
етуде фонетикаға, сөз мағыналарын ажырата
білу ‰шін лексикаға, сөздерді дұрыс қолда-
нып ойды жеткізу мақсатында синтаксис
салаларына ерекше көңіл бөлген жөн.
Қорыта айтсақ, грамматикалық тұлғалар-
дың да мәнін т‰сіндіру өзге тілді дәрісхана-
ларда кәсіби қазақ тілін оқытудың сапасын
арттырады. Сонымен қатар, орыс тілді сту-
денттердің ауызша сөйлеу дағдыларын қалып-
тастыруда және сабаққа деген қызығушы-
лығын арттыруда мамандыққа негізделген
мәтіндердің мәні зор.
______________
1. Алдамбергенова Г.Т. Кәсiптiк мектептердiң орыс
бөлiмi оқушыларының қазақша сөйлеу тiлiн құрылысшы
мамандығына сәйкес мәтiндер арқылы дамыту: Пед. ғыл.
канд. … дисс. – Алматы, 2002. -161б.
2. Қадашева Қ. Жаңаша жаңғыртып оқытудың ғылыми
әдiстемелiк негiздерi: өзгетiлдi дәрiсханалардағы қазақ
тiлi: Пед. ғыл. док. … дисс. – Алматы, 2001. – 301 б.
3. Оразбаева Ф. Тілдік қатынас негіздері. А., 2005
Р. Тусупкалиева, Б. Тансикбаева Эффективные методы обучения казахскому языку, связанные по специальности
В статье рассматриваются роль текстов, связанных по специальности в изучении казахского языка.
R. Tusupkalieva Tansikbaeva B.Effective methods of teaching Kazakh language related to a specialty
The article discusses the role of texts related to the specialty in the study of the Kazakh language.
Р. Ә. Шаханова, п.ғ.д., профессор Абай атындағы ҚазҰПУ А. О. Тымболова, ф.ғ.д. , доцент, Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ КӨПТІЛДІ МӘДЕНИ ТҰЛҒАНЫҢ ҰЛТТЫҚ СИПАТЫ Б‰гінгі таңда ұлт көшбасшысы Н.Ә. Назар-
баев отандық білім беру саласына ‰лкен мін-
деттер ж‰ктеп отыр. Кез келген мемлекет өзі-
нің азаматтарына сапалы әрі заманауи білім
алуға қолжетімді де, қолайлы жағдай туғы-
зуды ел дамуының бірден-бір кепілі санай-
тындығы анық. Cондықтан ‰кімет жастарды
халықаралық біліктілікке сай біліммен қам-
тамасыз ету ‰шін мемлекеттік тілді, орыс тілін
және шет тілдерін меңгерту арқылы олардың
тілдік санасын дамытуға айрықша көңіл бө-
луде. Отандық білім ж‰йесі қазақстандық
жастардың келешекте шетелдің жоғары оқу
орындарында білім алуын еш қиындықсыз
жалғастыруына м‰мкіндік туғызып, бәсекеге
лайықты, жоғары сапалы бірнеше тіл игерген
маман даярлауды көздеп отыр. Елімізде көп-
тілді білім беру әдістемесінің дамуын анық-
тайтын негізгі бағыттар қалыптасып та ‰л-
герді. Осыған орай, қазіргі таңда біздің алды-
мызда, әлемдік деңгейде оқытылып жатқан
тілдердің рөлін саралау, оларды меңгертудегі
нәтижелілік пен тілдік дайындық әдістемесін
көтеру тұрғысынан маңызды мәселелер тұр.
Елбасының биылғы «Әлеуметтік экономи-
калық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты
бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауын-
да «патриотизм, мораль мен парасаттылық
нормалары, ұлтаралық келісім мен толерант-
тылық, тәннің де, жанның да дамуы, заңға
мойынұсынушылық жатуы тиіс деген талап
бар. Бұл құндылықтардың, меншіктің қандай
т‰ріне жататынына қарамастан, барлық оқу
мекемелерінде сіңірілуге тиіс деген шешімі де
қадап айтылды. Көп ұлттық пен көп тілділік
осы құндылықтардың бірі және біздің еліміз-
дің басты артықшылығы болып табылады.
Қазақ тілі, біздің Конституциямызға сәйкес,
мемлекеттік тіл болып табылады. Бұл біздің
Конституцияның нормасы, оны бұзуға еш-
кімге жол берілмейді» деген Елбасының сөзі
мемлекеттік тілдің мәртебесін тағы бір нақ-
тылап берді деп ойлаймыз.
Көптілділік – көпмәдениетті тұлғаны қа-
лыптастырудың негізі болып табылады. Ын-
тымақты халықаралық өзара қарым-қатынас-
тар көптілдік білім берудің дамуына т‰рткі
болды. Ел мен елдің арасындағы мәдени ық-