Алматы №1 (135) 2012


Аз миы айрандай ашып кеткен



Pdf көрінісі
бет57/446
Дата10.10.2022
өлшемі4,15 Mb.
#42089
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   446
Аз миы айрандай ашып кеткен 
Ақыры төркініне
Байтал мініп қашып кеткен (К. Әмірбек, 
35 б.). «Миы ашыды» (мең-зең сенделді, басы 
қаңғыды. [3, 391 б.] тұрақты тұлғасының негі-
зінде семантикасы өзгереген «аз миы айран-
дай ашып кеткен» метафора арқылы мағы-
налық реңкі к‰шейген окказионал сипаттағы 
фразеологизмі жасалып отыр.
Г.И. Шаранда былай деп жазады: «Фразео-
логиялық тұлға құрамына қосымша компо-
ненттің енуі оның контекспен өзара тығыз 
қарым-қатынасының орнауына м‰мкіндік бе-
реді, тұлғаның абстрактілі образын белгілі бір 
шамада нақты образға айналдырады және 
жекелеген компоненттердің тура мағынасын 
жояды, оларды фразаның көркемдігін к‰шейте 
отырып, нақтылайды [4, 187 б.]. Эмотивтік 
әсер алу мақсатында осы тәсіл көркем мәтін-
дерде көп қолданылады.
Г.С. Покрасс «прибавление слов или слова 
к одному из компонентов подразумевает нару-
шение «принятого способа выражения» и при-
ходит к выводу: «в результате такого намерен-
ного нарушения фразеологизм восприни-
мается в двух планах – традиционном и пере-
осмысленном», - деп жазды [5, 7 б.].
Біздің қарастырып отырғанымыз қалыпты 
фразеологизмдердің плеоназм тәсілі арқылы 
окказионал фразеологизм реңкіне ие болуы, 
дәст‰рлі узуал тіркестерінің құрылымын өз-
гертіп жаңа, бірқолданар тосын тіркестердің 
жасалуы, әрдайым айтыла-айтыла жауыр бо-
лып кеткен тұлғаларды жаңғырту, «жарқ» 
еткізу мақсатында жасалатындықтан, әрі олар 
ұтымды шығып жатқан тұлғалар болатын 
болса, мұндай тіркестердің ФТ нормасына 
әкелетін зияны жоқ болар деп ойлаймыз.
Екі механизатор әлденеге келісе алмай бір-
бірінің жағасына жармасып, 
ауыздарынан ақ 
ит кіріп, қара ит болып шығуда... (Д. Тұр-
лыбек, 8 б.). «Аузынан ақ ит кіріп, қара ит 
шығады» – аузына келгенін оттап, балағат-
тайды [3, 66 б.] деген мағынаны білдіреді 
және қалыпты ФТ-ның құрамына «болып» 
етістігінің қосылуы нәтижесінде б‰тіндей бір 
фразеологизмнің іс-әрекетіне қосымша мән 
‰степ, әрекетін нақтыландыра т‰седі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   446




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет