Алматы №1 (135) 2012



Pdf көрінісі
бет56/446
Дата10.10.2022
өлшемі4,15 Mb.
#42089
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   446
Вестник КазНУ. Серия филологическая, №1(135).2012 47 
мының кеңеюінің нәтижесінде белгілі бір 
деңгейде оның семантикасының өзгеретіндігі 
байқалады: фразеологиялық тіркес мағынасын 
айқындайды немесе к‰шейтеді, фразеология-
лық тіркестің метафоралық мағынасын кон-
тексте суреттелетін шынайы өмір құбылыс-
тарымен байланыстырады, фразеологизмдер-
дің құрамында узуста байқалмаған жаңа ма-
ғына реңкінің немесе жаңа окказионал мағы-
наның пайда болуына м‰мкіндік береді. Бұл 
пікірдің дұрыстығын біз де құптай отырып
мұндай құбылыстардың қазақ тілінде де кез-
десетіндігіне мысал келтіре кетелік. Өзі өмір 
с‰рген өлкенің ‰лкен бек, әкімі болған Аллаяр 
жасы алпыстан асып
көңілі д‰ниенің ыстық-
суығына торыққан шағында билік орнын өзі-
нің ең әділ деген сенімді уәзіріне өткізіп беріп, 
ғұлама, данышпандықпен аты шыққан Лұқпан 
хакім әулиеге келіп ж‰гінген (Ж. Ахмади, 71 
б.). «Ыстық-суығына бірдей төзді» - жақсы-
жаман к‰нінде бірге болды; асты-‰стіне т‰сіп 
бар қуаныш-қайғысына бірге ортақтасты [3, 
576 б.] деген мәнге ие. Ал жаңа сипаттағы 
тіркес екі т‰рлі тәсіл арқылы жасалып отыр. 
Біріншісі, тұрақты тұлғаның алдына сөз 
ендіру арқылы; екіншісі, соңғы етістікті 
тіркесті басқа сөзбен алмастыру нәтижесінде 
«көңілі д‰ниенің ыстық-суығына торыққан» 
эмотивті окказионал тұлғасы пай-да болған.
Содан к‰н ашылып шыжи бастағанда Бо-
лашақтың 
беделі қаулап өсіп ж‰ріп береді 
(О. Әубәкіров, 151 б.). Бұл сөйлемдегі беделі 
қаулап өсті тіркесі - беделі артты – қадірі 
асты; абырой-айбары елге жайылды [44, 108 
б.] деген мағынаны білдіреді. Беделі артты 
тіркесімен ФТ-ның лексикалық құрамын жай-
малап қолдану тәсілі негізінде беделі қаулап 
өсті жаңа тұлғасы пайда болды. Қаулап өсу 
тіркесін естігенде не оқығанда бізде шөптің, 
бидайдың т.б. қаулап өсуі ассоциациясы туын-
дайды. Сондықтан бұл сөйлемдегі фразеоло-
гиялық тұлға ерекше бейнелілікке ие болып, 
өзіне оқырманның, тыңдаушының назарын ау-
дартады.
Төзе-төзе


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   446




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет