Аналитикалық химия



бет11/47
Дата09.06.2023
өлшемі1,06 Mb.
#100122
түріСабақ
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   47
Байланысты:
Ах сапалық му к лабор

7. Жалынды бояу реакциясы. Барийдің ұшқыш тұздарын (хлорид, нитрат) жалынға енгізгенде жалын сарғыш-жасыл түске боялады.


Sr2+ ионының реакциялары
1. Sr2+ катионы барий катионы сияқты күкірт қышқылымен, қымыздық, көмір, хром қышқылдарының тұздарымен тұнба түзеді. Ал гидрофосфаттармен, сілтімен, гипс суымен тұнба түзбейді.
2. Натрий родизонатымен реакция:
Фильтр қағазына 1 тамшы стронций тұзы мен 1 тамшы натрий родизонатын тамызғанда, қызыл-қоңыр түсті стронций родизонаты түзіледі:





Ал тұз қышқылын тамызғанда дақ жойылады, яғни тұнба еріп кетеді. Бұл реакция K2CrO4 қатысында жүреді, себебі SrCrO4 тұнбасының ерігіштігі төмен. Осы қасиетін стронцийді барийден бөліп алу шін пайдаланады. Яғни фильтр қағазына 1 тамшы K2CrO4 және 1 тамшы зерттелетін ерітінді тамызады. Сонда қағаз сары түске боялады, себебі SrCrO4 және ВаCrO4 тұнбалары түзіледі. Сосын 1 тамшы натрий родизонатын тамызады. Сонда ерітіндіде стронций болса, қызыл-қоңыр дақ пайда болады, Ал стронций жоқ болса, дақ сары болып қалады.


3. Жалынды бояу реакциясы. Стронцийдің ұшқыш тұздарын (хлорид, нитрат) жалынға енгізгенде жалын ал-қызыл түске боялады.


Сa2+ ионының реакциялары
1. Сa2+ катионы барий және стронций катиондары сияқты күкірт қышқылымен, гидрофосфатпен, карбонатпен, сілтімен тұнба түзеді. Ал хроматпен, дихроматпен, гипс суымен Сa2+ катионы тұнба түзбейді. Натрий родизонатымен Сa2+ катионы сілтілік ортада күлгін тұнба түзеді, ол тұнба тұз қышқылында ериді.
2. Оксалатпен реакция:

CaCl2 + (NH4)2C2O4 → CaC2O4↓ + 2NH4Cl


Ақ түсті кальций оксалатының кристалдық тұнбасы түзіледі, ол тұнба минералды қышқылдарда ериді, ал сірке қышқылында ерімейді (барий мен стронций оксалаттарынан айырмашылығы).




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   47




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет