Аналитикалық химия


Калий гексациано(ІІ) ферратымен K



бет12/47
Дата09.06.2023
өлшемі1,06 Mb.
#100122
түріСабақ
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   47
Байланысты:
Ах сапалық му к лабор

3. Калий гексациано(ІІ) ферратымен K4[Fe(CN)6] реакция:

CaCl2 + K4[Fe(CN)6] + 2NH4OH → Ca(NH4)2[Fe(CN)6]↓ + 2KCl + 2KOH


Әлсіз сілтілік ортада рН=9 ақ кальций-аммоний гексациано(ІІ) ферратының ақ кристалдық тұнбасы түзіледі, ол тұнба минералды қышқылдарда ериді, ал сірке қышқылында ерімейді.


Реакцияны орындау жолы: Реацияны NH4Cl+ NH4OH буферлік қоспа қатысында қыздыра отырып жүргізеді. Реакцияға Ba2+ ионы кедергі жасайды.
4. Жалынды бояу реакциясы. Кальцийдің тұздарын жалынға енгізгенде жалын қызыл-қыш түске боялады.

6 зертханалық жұмыс




ІІІ АНАЛИТИКАЛЫҚ ТОП КАТИОНДАРЫНЫҢ ҚОСПАСЫН ЖҮЙЕЛІК АНАЛИЗДЕУ



1. Зерттелетін ерітіндіге CH3COONa және K2Cr2O7 қосып, центрифугалайды. Ba2+ ионының тұну толықтығын тексереді

2. Сары тұнба (І) BaCrO4↓ ары қарай зерттелмейді

3. Центрифугат (І) құрамында Sr2+, Ca2+ (CrO42-, Cr2O72- ) иондары бар, оған Na2CO3 (pH>10) қосады



4. Тұнба (ІІ) SrCO3, CaCO3 дистильденген сумен шайып, CH3COOН-те ерітеді

5. Центрифугат (ІІ) зерттелмейді

6. Центрифугат (ІІІ) құрамында Sr(CH3COO)2, Са(CH3COO)2 бар. Sr2+ катионын қыздыра отрып, СаSO4-пен анықтайды, егер бар болса, центрифугаттан Sr2+ ионын (NH4)2SO4 қосып, бөліп алады

8. Центрифугат (ІV) - Ca2+ ионы және (NH4)2SO4 артық мөлшері.
Ca2+ ионын (NH4)2C2O4 немесе K4[Fe(CN)6] қосып анықтайды

7. Тұнба (ІІІ) SrSO4.



Түсініктеме


  1. Зерттелетін ерітіндіден 4-5 тамшы алып, үстіне 4-5 тамшы 2Н H2SO4 тамызғанда, ақ түсті сульфаттар тұнбасы түзілуі керек, ол ерітіндіде Ba2+, Ca2+, Sr2+ катиондары бар екенін көрсетеді.

  2. Сульфаттар тұнбасын карбонаттар тұнбасына айналдыру үшін тұнбаны фарфор табақшаға немесе тигельге ауыстырып, үстіне 6Н Na2СO3 қосып, плиткаға қойып қыздыру керек.

7 зертханалық жұмыс




I, II, III АНАЛИТИКАЛЫҚ ТОП КАТИОНДАРЫНЫҢ ҚОСПАСЫН ЖҮЙЕЛІК АНАЛИЗДЕУ

1. Ерітіндінің жеке бөлігінен NH4+ ионын сілті қосып, қыздыру арқылы анықтау (ерекше реакция)

2. K+, Na+,NH4+, Ag+, Pb2+, Hg22+, Ba2+, Ca2+, Sr2+ +2Н HCI

3. Тұнба (І): PbCl2, AgCl, Hg2Cl2
Анализденеді (ІІ топ катиондарыны қоспасының жүйелік анализін қара)

4. Центрифугат (І) құрамында K+, Na+, NH4+, Ba2+, Ca2+, Sr2+ иондары бар.
+ (NH4)2SO4 қосып, біраздан соң центрифугалайды

5. Тұнба (ІІ): BaSO4, CaSO4, SrSO4 (PbSO4) + 30% CH3 COONH4 (ыстық), центрифугалайды, сонда PbSO4 жойылады, тұнбаны сумен шаяды

6. Центрифугат (ІІ): K+, Na+, NH4+, Ca2+:
а) жеке бөлігінен Ca2+ ионын анықтау
б) жеке бөлігінен Ca2+ ионын K2СO3 қосып тұндырады, фильтрлеп, фильтраттан Na+ ионын К[SЬ(ОН)6] көмегімен анықтайды
в) жеке бөлігінен Ca2+ ионын Na2СO3 қосып тұндырады, фильтрлеп, фильтраттан буландыру және құрыштау арқылы NH4+ ионын жояды. Құрғақ қалдықты біраз суда ерітіп, K+ ионын NaНС4Н4О6 немесе Na3[Со(NО2)6] көмегімен анықтайды

7. Тұнба (ІІІ): BaSO4, CaSO4, SrSO4 + K2СO3 қыздыру арқылы карбонаттарға айналдырып, анализдейді (ІІІ топ катиондарыны қоспасының жүйелік анализін қара)

Түсініктеме
1. Ерітіндінің рН-ын анықтау керек. Егер орта сілтілік рН >7 болса, К+, Na+ катиондары басым болуы мүмкін.
2. NH4+ катиондарын анықтау керек.
А) NH4+ катиондары үшін ерекше реакциясын орындау керек. Пробиркаға 5-6 тамшы NaOH қосып қыздыру керек. Өткір иісті газ аммиак бөлінуі - NH4+ катиондары бар екенін көрсетеді. Бөлінетін аммиакты болжау үшін пробирканың ауызына суланған қызыл лакмус қағазын ұстауға болады. Лакмус қағазы көк түске ауысуы керек.
Б) Несслер реактивімен. Ол үшін зерттелетін ерітіндінің 1 тамшысын шыны пластиканың бетіне тамызып, үстіне 1 тамшы Несслер реактивін тамызу керек, егер қоңыр түсті тұнба түзілсе, NH4+ ерітіндіде катионы бар.
3. II аналитикалық топты анықтау.
Зерттелетін ерітіндінің 5-6 тамшысын алып 2Н HCI қосу керек, ақ тұнба түзілсе AgCl↓, PbCl2↓, Hg2Cl2↓ болуы мүмкін. Оны ІІ аналитикалық топ катиондарының қоспасын анализдеу схемасы бойынша зерттеу керек.
4. III аналитикалық топты анықтау
А) Зерттелетін ерітіндінің 5-6 тамшысын алып 2Н H2SO4 тамшы қосу керек, ақ тұнба түзілсе Ba2+, Ca2+, Sr2+ катиондары болуы мүмкін.
Сульфаттар тұнбасын карбонаттар тұнбасына айналдыру үшін тұнбаны фарфор табақшаға немесе тигельге ауыстырып, үстіне 6Н Na2СO3 қосып, плиткаға қойып қыздыру керек.

BaSO4 + Na2CO3 = BaCO3 + Na2SO4


CaSO4 + Na2CO3 = CaCO3 + Na2SO4
SrSO4 + Na2CO3 = SrCO3 + Na2SO4

Әбден суалған соң плиткадан алып суытып, үстіне 10 тамшы дистильденген су тамызып, 2 қайтара тұнбаны жақсылап шаю керек.


Карбонаттарға 2Н СН3СООН қосып ерітіп, тигельден пробиркаға ауыстыру
керек.
Б) Ва2+ катиондарын бөліп алу.
Ерітіндіден 5-6 тамшы алып 4-5 тамшы CН3СООNa қосып (буфер ерітіндісін жасау керек (СН3СООН+СН3СООNa). К2Сr2O7 –ден 5-6 тамшы қосу керек. Ва2+катиондары бар болса, сары түсті тұнба түзілуі керек.
В) BaCrO4 тұнбасын бөліп алғаннан кейінгі центрифугаттың құрамындағы CrO42- Cr2O72- иондары ары қарай Sr2+, Ca2+ катиондарын ашуға кедергі жасайды, сондықтан Са2+ мен Sr2+ катиондарын қайтадан карбонат күйінде тұнбаға ауыстыру керек. Толық тұнбаға ауысу операциясын және тұнбаны шаю операциясын орындау керек. Түзілген Са2+, Sr2+ карбонаттарына 2Н СН3СООН қосып еріту керек.
Г) Ерітіндіге 5-6 тамшы алып, гипс суын қосып Sr2+ катионы бар ма, жоқ па тексеру керек. Sr2+ бар болса ақ түсті тұнба түзілуі керек.

Sr2+ + CaSO4•2H2O = SrSO4↓ +Ca2+ + 2H2O


Д) Қалған ерітіндіге (NH4)2SO4 қосу керек, сонда ақ түсті тұнба түсуі керек:


Sr2+ + (NH4)2SO4 = SrSO4↓ + 2NH3 + 2H+


Е) Ал Са2+ катиондары бар центрифугатқа [Ca(SO4)2](NH4)2 комплексті тұзы


ретінде ауысады. Осы центрифугатты 2-ге бөліп 1 бөлігіне (NH4)2C2O4 қосады:
(NH4)2[Ca(SO4)2] + (NH4)2C2O4 = CaC2O4 ↓ + 2(NH4)2SO4

2 бөлігіне ацетон немесе этил спиртін қосу керек, (NH4)2[Ca(SO4)2] + ацетон (спирт) → СаSO4 ↓ + 2(NH4)2SO4, сонда 1 пробиркада СаС2О4 ↓, 2 пробиркада СаС2О4 ↓ , 2 пробиркада CaSO4 ↓ тұнбаға түсуі керек.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   47




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет