ІV ТОП КАТИОНДАРЫНЫҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ
IV топқа Al3+, Cr3+ Zn2+ As3+ As5+ Sn2+ Sn4+ катиондары кіреді. Алюминий және мырыш катиондары тұрақты тотығу дәрежесін көрсетеді, қалғандары айнымалы тотығу дәрежесін көрсетеді.
Топтық реагенті сілті ерітіндісі. Сілті әсерінен гидроксидтер тұнбасы түзіледі (мышьяктан басқа):
AlCl3 + 3NaOH → Al(OH)3↓ + 3NaCl
CrCl3 + 3NaOH → Cr(OH)3↓ + 3NaCl
ZnCl2 + 2NaOH → Zn(OH)2↓ + 2NaCl
SnCl2 + 2NaOH → Sn(OH)2↓ + 2NaCl
SnCl4 + 4NaOH + 2H2O → H2[Sn(OH)6]↓ + 6NaCl
H2[Sn(OH)6] → Sn(OH)4↓+2 H2O
Олар амфотерлі гидроксидтер, сондықтан сілтінің артық мөлшерінде ериді:
Al(OH)3 + NaOH → Na[Al(OH)4]
Cr(OH)3 + NaOH → NaCrO2 + 2H2O
Zn(OH)2 + 2NaOH → Na2[Zn(OH)4]
Sn(OH)2 + 2NaOH → Na2SnO2 + 2H2O
H2[Sn(OH)6] + 2KOH → K2[Sn(OH)6]↓ + 2H2O
Сонымен қоса, амфотерлі гироксидтер қышқылда да ериді:
Al(OH)3 + 3HCl → AlCl3 + 3H2O
Cr(OH)3 + 3HCl → CrCl3 + 3H2O
Zn(OH)2 + 2HCl → ZnCl2 + 2H2O
Sn(OH)2 + 2HCl → SnCl2 + 2H2O
H2[Sn(OH)6] + 6HCl → H2[SnCl6] + 6H2O
As (ІІІ) және As(V) катиондары сілтімен мышьякты және мышьяк қышқылдарының тұздарын түзеді:
AsCl3 + 6NaOH → Na3AsO3 + 3NaCl + 3H2O
AsCl5 + 8NaOH→ Na3AsO4 + 5NaCl + 4H2O
Cілтілік металдар карбонаттары мырыш ионын негіздік тұз түрінде тұндырады, бұл тұз аммиакта және қышқылда ериді:
2Zn2++3CO32-+2H2O → Zn2(OH)2CO3↓+2HCO3-
Алюминий, хром, қалайы (ІІ) және (IV) карбонат әсерінен гидроксид тұнбасын түзеді (қайтымсыз гидролиз):
3AlCl3 + 2Na2CO3 → Al2(CO3)3 + 6NaCl
Al2(CO3)3 + 3H2O → 2Al(OH)3↓ + 3CO2↑
№8 зертханалық жұмыс
ІV ТОП КАТИОНДАРЫНЫҢ САПАЛЫҚ РЕАКЦИЯЛАРЫ
Al3+, Cr3+, Zn2+ , As (III, V), Sn (II, IV)
Al3+ ионының реакциялары:
1. NaOH, KOH әсері.
Сілтілік ерітінділерде алюминий ақ түсті тұнба түзеді:
AlCl3 + 3NaOH → Al(OH)3↓ + 3NaCl
Реакцияның орындалуы: Зерттелетін ерітіндінің 2-3 тамшысына тамшылатып сілті ерітіндісін тұнба түзілгенше қосады. Түзілген тұнбаны екіге бөліп, НСІ және NaOH ерітінділерінде ерітіп көру қажет.
2. NH4OH әсері.
AlCl3 + 3NH4OH = Al(OH)3↓ + 3NH4Cl
Ақ тұнба түзіледі, реагенттің артық мөлшерінде ерімейді.
3. Ализаринмен реакция.
Аммиактық ортада ал-қызыл түсті комплексті қосылыс «алюминий лагы» деп аталатын алюминий ализаринаты түзіледі.
Реакцияның орындалуы: Реакцияны қағаздың бетінде жүргізеді. Реакцияға хром, мырыш және қалайы (ІІ) катиондары кедергі жасайды.
4. Алюминонмен реакция.
Ауринтрикарбон қышқылының аммоний тұзы (алюминон) алюминий катионымен қызыл түсті компоекс түзеді:
Реакцияның орындалуы: Пробиркаға 3-4 тамшы алюминий тұзын алып, оған 2-3 тамшы CH3COOH және 3-5 тамшы алюминон қосады. Қоспаны су моншасында қыздырып, араластырып, сілтілік ортаға дейін 2Н NH3 қосады (лакмус немесе универсальной индикатор қағазыбойынша), сонан соң 2-3 тамшы (NH4)2CO3 тамызады. Қызыл жылтыр зат түзіледі. Темір (III) ионының әсерін сілті қосу арқылы, кальций әсерін аммоний карбонатын қосу арқылы, ал хром (III) әсерін аммиак қосу арқылы жояды.
5. Кобальт нитратымен реакция:
2Al2(SO4)3 + 2Cо(NO3)2 → 2Co(AlO2)2 + 6SO3↑ + 4NO2↑ + O2↑
Реакцияның орындалуы: Реакция фильтр қағазының бетінде жүргізіледі. Фильтр қағазына алюминий тұзын, азот қышқылын тамызып, құрғатады. Сонан соң кобальт нитратын тамызады. Фильтр қағазын жағады, сонда қағаздың күлі көк түсті болады, себебі кобальт алюминаты немесе «тенар көгі» түзіледі. Реакцияға мырыш, хром, мыс (ІІ), никель (ІІ) кедергі жасайды.
Zn2+ катионының реакциялары.
1. NaOH, KOH әсері.
Сілтілік ерітінділерде мырыш ақ түсті тұнба түзеді:
ZnSO4 + 2NaOH = Zn(OH)2↓ + Na2SO4
Zn2+ + OH- = Zn(OH)2↓
Ол амфотерлі гидроксид, рН=6,8-8,3 аралығында тұнбаға түседі, қышқылдарда ериді, ал сілтінің артық мөлшерінде рН>11 гидроксокомплекс түзе ериді:
Zn(OH)2↓ + 2H+ = Zn2+ + 2H2O
Zn(OH)2↓ + 2OH- = [Zn(OH)4]2-
Достарыңызбен бөлісу: |