Реакцияның орындалуы: Мырыш тұзының ерітіндісінің 2-3 тамшысына 2-3 тамшы (NH4)2S ерітіндісін немесе H2S қосу қажет (рН=1).
4. Na2CO3, K2CO3, (NH4)2CO3 әсері.
Сілтілік металдар және аммоний карбонаттарының әсерінен негіздік тұз түзіледі:
2ZnSO4 + 2Na2CO3 + H2O = Zn2(OH)2CO3 + 2Na2SO4 + CO2↓
Ақ түсті, барлық минералды қышқылдарда, сілтілер мен (NH4)2CO3-те ериді.
Реакцияның орындалуы: Ерітіндінің 2-3 тамшысына Na2CO3 ерітіндісін қосу қажет.
5. K4[Fe(CN)6] әсері.
Калий гексацианоферраты мырыш (ІІ) катиондарымен ақ түсті тұнба түзеді:
3ZnSO4 + 2K4[Fe(CN)6] = 2K2Zn3[Fe(CN)6]2↓ + 3K2SO4
3Zn2+ + 2K4+ + 2[Fe(CN)6]4- = 2K2Zn3[Fe(CN)6]2↓
Сұйытылған минералды және сірке қышқылында ерімейді, бірақ сілтілерде ериді.
Көптеген катиондар Fe (II, III) Ni2+, Cо2+ т.б. K4[Fe(CN)6] – мен комплексті тұздар түзеді, сондықтан мырышты бұл реакциямен анықтауға кедергі жасайды. Ал осы топ катионы Al3+ комплексті тұз түзбейді, яғни топ ішінде Zn2+ осы реакциямен анықталады.
Реакцияның орындалуы: Ерітіндінің 3-4 тамшысына осындай мөлшерде реагент қосып, буландырғышта қыздырып, ақ тұнба түзілгенін байқау.
6. (NH4)2[Hg(CNS)4] әсері.
Аммоний тетрароданомеркуратының (ІІ) әсерінен ақ кристалдық тұнба түзіледі:
Zn2+ + [Hg(CNS)4]2- = Zn[Hg(CNS)4]↓
Қышқылдық ортада кристалдың пішіні үш бұрыш, оларды микроскоп арқылы көруге боады. Бейтарап немесе сілтілік ортада кристалдар пішіні крест немесе көп тармақты болып келеді.
Аl3+ және Cr3+ иондары кедергі жасамайды. Көгілдір аралас кристалдар түзеді, Сu2+ күлгін кристалдар түзеді. Fe3+ иондары түзбейді, бірақ мырыш иондарымен ілесе тұнбаға түсіп, қою түсті тұнба түзеді. Аммоний тұздары да анықтауға кедергі жасайды.
Достарыңызбен бөлісу: |