Аналитикалық химия



бет16/47
Дата09.06.2023
өлшемі1,06 Mb.
#100122
түріСабақ
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   47
Байланысты:
Ах сапалық му к лабор

Реакцияның орындалуы: Шыны пластинасына 1 тамшы сірке қышқылды мырыш тұзы ерітіндісін тамызып, оған 1 тамшы K4[Hg(CNS)4] ерітіндісін қосып буландыру қажет. Түзілген кристалдардың пішінін микроскоппен қарастырып көру.
7. Дифенилтиокарбазонның (дитизон) әсері.
Мырыш катионы су ерітіндісінде дитизонмен ішкі комплексті тұз түзеді. Оны ерітіндінің рН 2,5-10 аралығында хлороформмен экстракциялайды, органикалық қабат таңқурай түске боялады.



Реакцияның орындалуы: Мырыш (ІІ) ерітіндісінің 4-5 тамшысына 4-5 тамшы дитизон ерітіндісін қосады. Органикалық қабат қызыл түске боялады. Реакция сілтілік ортада жүретін болса, органикалық қабатпен қатар су қабаты да қызыл түске боялады. Бұл Zn2+ ионын басқа иондар қатынасында анықтауға мүмкіндік береді. Zn2+ болмаған кезде ерітінді сары түске бояалады.


Cr3+ катионының реакциялары.


1. NaOH, KOH әсері.
Сілтілер ерітіндісін хром (ІІІ) тұздарына біртіндеп қосқан кезде сұр – жасыл тұнба түзіледі:

CrCI3 + 3NaOH = Cr(OH)3↓ + 3NaCI


Cr3+ + 3OH- = Cr(OH)3

Хром (ІІІ) гидроксиді амфотерлі, сондықтан ол қышқылдар мен сілтілерде ериді:


Cr(OH)3 + 3H+ = Cr3+ + 3H2O


Cr(OH)3 + NaOH = Na[Сr(OH)4]
Cr(OH)3 + 3NaOH = Na[Cr(OH)6]

Mg2+, Zn2+, Fe2+, Mn2+ қатысында Cr(OH)3 сілтілерде ерімейді, себебі хромиттер түзіледі: MgCrO2, ZnCrO2 т.б. Хромиттер алюминаттарға қарағанда тұрақсыз.


Реакцияның орындалуы: Cr(III) тұзы ерітіндісінің 1-2 тамшысына 1-2 тамшы реагент қосып, сұр-жасыл, күлгін тұнба түзілгенін байқау.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   47




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет