Қанат Жүнісов алғАШҚы махаббат (комедия) Кейіпкерлер: Қанат – оқушы Гүлзат


Айтгүл: Әй білгіш. Кім айтты саған оны сұлу деп, кім айтты саған оны қыз деп. Ол мұғалім. Иә жаңадан келген мұғалім. Қайыржан



бет2/12
Дата06.02.2023
өлшемі123 Kb.
#65347
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Айтгүл: Әй білгіш. Кім айтты саған оны сұлу деп, кім айтты саған оны қыз деп. Ол мұғалім. Иә жаңадан келген мұғалім.
Қайыржан: Қойшы-ей, жап-жас қой.
Сайра: Мұғалім болса қайдан жас болады, кәрі қыз шығар.


2-САХНА
(Осы кезде мектеп директоры сыныпқа жас мұғалімді ертіп келеді.)
Директор: Сәләмәтсіңдар ма балалар?
Оқушылар: Сәләмәтсіз бе?
Директор: Отырыңдар. Жаңа оқу жылдарың құтты болсын. Каникулда жақсы демалдыңдар ма? Енді оқуға кірісеміз. Биыл сендерге сабаққа ерекше күш салу қажет. Уақыт тез өтеді. Мемлекеттік емтихан тапсырасыңдар. Озат түлектер көбірек шықса бәрімізге абырой. Балалар, меқтебімізге жас маман келді. Танысып қойыңдар. Аты – жөні Кәріпбаева Гүлзат Болатқызы.
Қанат: Қайыржан жаңағы айтқан қызың осы ма?
Қайыржан: Иә.
Қанат: Мынауың кукла ғой. Қайтіп мұғалім болып жүр.
Директор: Бүгінгі күні еліміздің болашағы үшін, білім ордаларының өркендеуі үшін жас мамандар ауадай қажет. Бір жағы Гүлзат апайларың бұл ауылға бөтен емес. Бұдан былай сынып жетекшілерің Гүлзат Болатқызы болады. Мынау сыныптың журналы. Жұмысыңызды бастай беріңіз. Түсінбеген сұрақтар болса, кабинетіме келіңіз. (кетеді)
Гүлзат: Иә, қал-жағдайларың қалай?
Оқушылар: Өзіңіз қалайсыз? Апай қай жақтан келдіңіз? Мұғалім қай үйде тұрасыз? Апай нешедесіз? Қайда оқыдыңыз? Апай.. Апай.. Мұғалім.. Мұғалім..
Гүлзат: Тыныш!
Оқушылар: Жақсы ұрсады екенсіз Дауысыңыз әдемі екен. Жарасып тұр. Тағыда айқайлаңызшы. Апай әдемі екенсіз. Апай, апай.....
Қанат: Ей, тыныш! (орнынан атып тұрады)
Айтгүл: Мынаны жын соғып қалған ба? Апай бұл Қанат деген ең бұзық оқушы. Директорға айтып қойыңыз.
Қайыржан: Мұғалім Айтгүлге сенбеңіз. Ол біреумен ұрсыспаса жүре алмайды.
Гүлзат: Шуылдап болдыңдар ма? Балалар тәрбие сағатын өтпегендерің көрініп тұр. Сендерді он бірінші сыныпта оқиды деп кім айтады. Қане, орындарыңа отырыңдар. Алдымен жақсылап танысайық. Журнал бойынша атаймын..
Абылайева Салтанат- мен
Аралханова Гуһар - мен
Жұмақанов Ержан - мен
Жүнісова Сымбат - мен
Исабекова Гауһар - мен
Қабыланбеков Қайыржан ‑мен
Молдашев Нұржан - мен.....


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет