Гүлзат: Балалар, енді сабаққа кірісейік. Айтгүл, сабаққа пайдаланып жүрген көрнекі құралдар мен фото суреттер қайда?
Айтгүл: Көрнекі құралдар ма, олар шкафтың ішінде. Алып шығайын ба?
Қайыржан:Жоқ! Мен өзім алып шығамын... Апай, бүгінше соларды пайдаланбай‑ақ қойсақ қайтеді?
Гүлзат: Жасболат, көрнекі құралдар бізге үнемі қажет. Және бүгін мектеп директоры барлық сыныптарға тексеріс жүргізеді. Келіп қалуы мүмкін, ертерек алып іліп қойыңдар.
Еділ:Алаңдамаңыз ол кісі бүгін біздің сыныпқа келмейді.
Гүлзат: Неге? Сен оны қайдан білесің?
Қайыржан: Директор апай Еділдің мамасы ғой, үйден ақылдасып келген болар. Келе қалса ол өзі сөйлеседі.
Гүлзат:Не айтып тұрсыңдар? Ол кісі келмеседе бәрібір сабаққа қажетті заттар. Тезірек алып іліңдер.
Қайыржан: Апай оны бүгін іле алмаймыз. Себебі..себебі оларды кеше Еділ үйіне алып кеткен. Бүгін қайта алып келуді ұмытып кетіпті.
Гүлзат: Солай деп бірден айтпайсыңдар ма. Бекер уақытты алып. Еділ, көрнекі құралдарды үйге әкетуге болмайтынын білмеуші ме едің?
Еділ: Кешіріңізші, енді қайталамаймын.. Әй, неге менен көре салдың?
Қайыржан:: Сен директордың баласысың, саған ештеңе істемейді.(Директор келіп қалады)
Директор:Сәләматсыңдар ма?
Қайыржан: Еділ, масқара болдық. Гүлзат апай орындықтан құлап қалса, директор тағы да менен көреді. Шкафтағы «пәлені» қайтеміз?
Директор: Гүлзат Болатқызы, қалай оқушылар түгел ме?
Гүлзат: Бүгін...тек Жұмақанов Ержан ғана сабаққа келген жоқ.
Директор: Ол қайда жүр, Жарайды мен соңғы партаға барып отырайын, сіз сабақ жүргізе беріңіз.
Қайыржан: Ырымтай Құлжабайқызы, соңғы қатардан ештеңе естілмейді, алдыңғы жаққа отырыңызшы.
Еділ: Иә сөйтіңізші.
Директор: Балам‑ау..,то есть Назаров, оның не, тыныш отыр.
Гүлзат: Бүгінгі өтетін тақырып, С.Сейфуллиннің поэзиясы. Қазақтың дәстүрлі қара өлеңімен жастайынан сусындаған Сәкен өз өлеңдерінде...