Директор: Кім ұйықтап отырған?
Қайыржан: Ешкім ұйықтап отырған жоқ.
Директор: Ал, жаңа қорылдаған кім?
Гүлзат: Ырымтай Құлжабайқызы, балалардың барлығы тыңдап отыр.
Директор:Солай ма? Кешірім өтінемін, мен қателескен болармын.
Гүлзат: С. Сейфуллин өз өлеңдерінде..
Директор: Әне, тыңдаңдаршы..
Қайыржан: (Өзіне назар аудартып) Апай‑апай мен сабақ айтайыншы, мен сабақ айтайыншы. Сәкен Сейфуллин «Ақсақ киік»‑деген өлеңінде..
Гүлзат:Ұланов, мұның не? Рұқсатсыз неге тақтаға шығасың?
Қайыржан: Апай өтінемін сізден, мен айтайыншы. Айтқым келіп тұр..Не айтайын деп едім..
Директор: Айтсын, айтсын. Мен бұл Ұлановты нашар оқиды деп жүрсем. Мұның өзі сабаққа ынтасы жақсы екен ғой. Айта берсін, тыңдайықшы.
Қайыржан:«Арқаның бетбақ деген даласы бар,
Бетбақ шөл ойлы‑қырлы панасы бар...» Гүлзат апай орыныңызға отырмай‑ақ қойыңызшы.
Гүлзат: Неге?
Қайыржан: Қасымда тұрмасаңыз сабақ айта алмай қаламын. Кетпеңізші..
«Киікті қазақ және дейді бөкен...» Апай отырмаңызшы айталалмай қаламын.
Директор: Жарайсың Жасболат! Сенің мұндай қабілетті екеніңді қалай білмегенбіз? Әу баста неге осылай оқымадың. Қане, басқа сабақтардан қалай оқып жүр екенсің, журналды көрейінші. (Мұғалімнің столына келеді)
Қайыржан: Апай, отырмаңызшы.
Директор: Саған не болды? Мен журналды тексерейін деп жатырмын.
Қайыржан: Ертең келіп асықпай отырып тексеріңізші.
Директор: Түсінбедім. Бұл қандай бассыздық а! Мынау немене клоун болып кеткен бе? Тұр дедім ғой былай! Ұланов! Мына жерден кетесің бе, жоқ па?
Қайыржан: Ойбай‑ай, ойбай. Аяғым.., аяғым тартылып қалды. Ауырып барады..ой‑ой...
Гүлзат: Енді қайттік, қатты ауыра ма?
Қайыржан: Иә, жақындамаңыздаршы, ой‑ой ауырып барады. Арырақ тұрыңыздаршы.
Директор: Сабыр ет, шыда. Мына орындыққа отыршы.