Гүлзат: Мен барлығын да білемін ғой. Айтгүлдер айтқан. Өлең арнап жүрген қызың бақытты екен.
Қанат: Ол өзінің бақытты екенін әлі білмейді.
Гүлзат: Қанша айтқанмен азамат болып қалдыңдар. Білдіру керек, ретін тауып айту керек.
Қанат: Айтайын десем, ұрсады ма деп қорқамын.
Гүлзат: Қанат, сен қандай жаны нәзік жансың. Өзің қалаған гүлді үзіп алуға қимайсың. Жалпы біреуді шынайы жақсы көру асыл қасиет. Менің де сен сияқты ақынжанды сіңілім бар. Ол да өлең жазады. Мінезі саған ұқсайды. Жақында келеді, таныстырайын ба?
Қанат: Жоқ? Маған «К» ‑ғана ұнайды.
Гүлзат: Сен дұрыс түсінбедің..Мейлі өзің біл.
Қанат: Неге екенін білмеймін, оған жан сырымды айтайын десем, жүрегім тарсылдап, көзім қарауытып, дауысым дірілдеп, тілім байланып...
Гүлзат: Қанат, сен бір түрлі мазасызданып тұрсың. Бір жерің ауырып тұрған жоқ па?
Қанат: Жүрегім ауырып тұр.
Гүлзат: Жарайды, Қанат. Енді үйіңе қайта ғой. Уайымдама, бәрі жақсы болады.
7-САХНА (Келесі көрініс.Гүлзат пен Қайыржанның үйі қабырғалас салынған, ауласы бір.)
Қанат: Катя қай бөлмеде жатады екен‑ә. Шіркін терезесінен сығалап көрсе.
Қайыржан: Екінші терезе тұрған бөлмеде жатады.
Қанат: Оны қайдан білесің?
Қайыржан: Кейде сығалап қараймын.
Қанат: Есің дұрыс па? Ол менің қызым ғой. Мен сені дос деп жүрсем.
Қайыржан: Бәрібір ештеңе көрген жоқпын. Төсегін салады да, бірден жарықты өшіріп тастайды..
Қанат: Бұдан былай оның терезесінен қарасаң, мұрыныңды бұзамын.
Қайыржан: Бұзғыш болсаң анау Гүлзат апайға қырындап қоймай жүрген Айболдың мұрнын бұзсайшы.
Қанат: Е, оның шаруасын шешіп қойғам. Ертең кешке қаладан нағашы ағам келеді. Көптен бері хабарласпаған еді. Әскерде болыпты, десант дейді. Аты Батыр. Десант болса жақсы төбелесетін шығар. Сол келсін соған айтып Айболдың сазайын береміз.
Қайыржан: Жарайды, Гүлзат апай жатып қалған ау шамасы. Кейін тағы келерміз.
8-САХНА
(Келесі көрініс. Қайыржанның ауласы) (Батыр Қанатты іздеп,дауыстап сахнаны бір жүріп өтеді)
Достарыңызбен бөлісу: |