Қайыржан: Жоқ! Отырмаймын. Құдай сақтасын. Сіздер одан да екеуіңіз бірге барып дәрігер шақырып келіңіздерші. Көрмей тұрсыздар ма, қиналып барамын.
Директор: Не болды сонша бажылдап. Жанының тәттісін қарашы. Қазір уқалап беремін.
Қайыржан: Не дейсіз? Жо‑жоқ, рахмет. Сіз емес, сіз емес балаңыз уқаласын. Еділ, не қарап отырсың көмектессеңші...
Директор: Балам, то есть Назаров кел көмектес.
Еділ: Осылай уқалайын ба?
Қайыржан: (сыбырлап) Тез мамаңды алып кет.
Еділ: Қоңырау соғылған жоқ қой.
Қайыржан: Ақымақ, тез алып кет мамаңды.
Еділ: Ол мені тыңдамайды.
Қайыржан: Бол. Бір амалын тап.
Еділ: Мама, мен бағана үтікті токқа қосып., қара басып ұмытып.,өшірмей кетіппін.
Директор: Ойбу, үй өртеніп жатыр деші. Иттің ғана баласы, сен‑ақ сөйтесіңде жүресің.
Енді қайттім? Гүлзат айналайын мен кеттім, сен барып дәрігерді шақыр. Бұларға бірдеңе болып қалса басымызбен жауап береміз. Әй жүгірмек бүлдіреді де жүреді. (Екеуі кетеді)
Қайыржан: (терезеден) Гүлзат апай, дәрігер шақырмай‑ақ қойыңыз. Жазылып кеттім.
Еділ: Мама, бармай‑ақ қойыңыз. Енді ғана есіме түсті, үтікті токтан ажыратып кеткенмін. (қоңырау соғылады) Ержан, Ереке, тұр, тұр қоңырау соғылды. Үзіліске шығайық.
6-САХНА
(Гүлзат апай сабаққа ерте келіп жазу жазып отыр, Қанат кірді.)
Қанат: Сәлеметсізбе,апай. Әлі қайтпағансыз ба? Апай,Мен сізге өз өлеңімді оқып берейін. Көптен бері ойымда жүр еді.
Гүлзат: Жарайды. Оқысаң оқы.
Қанат:
Аймен, Күнмен, жұлдыздармен тең бе едің,
Қол жетпейтін махаббатым сен менің.
Жаутаң қағып жанарыңа қараймын,
Жан сырымды қалай ғана сезбедің.
Гүлзат: Тамаша. Өзің әртістер секілді жан жүрегіңді беріп оқиды екенсің. Театр институтына барсаңшы. Байқаймын, бұл өлеңің «К»‑ деген қызға арналған секілді.
Қанат: Қайдан біліп қойдыңыз?
Достарыңызбен бөлісу: |