Ержан: Ей, екеуің елден бұрын келіп алыпсыңдар ғой. Не өсіп кеттіңдер ме, ас‑салау қайда?
Еділ: Ереке қалайсыз?
Ержан: Қайтадан амандас. Мәдениеттілік деген қайда, кісі сыйлауды білмейсіңдер.
Еділ:Ереке көңіл‑күйің жоқ қой?
Ержан: Шаршап тұрмын. Түнде бір маңызды мәселені шешемін деп әлі ұйықтаған жоқпын. Үйдегілер «сабағыңа бар»‑ деп қуып жіберді. Қысқасы былай... Мен қазір шкафқа кіріп ұйықтаймын. Сен екеуің ештеңе білдірмейтін болыңдар. Ұқтыңдар ма? Біреу‑міреу мазамды алса менен жақсылық күтпеңдер.
Қайыржан:Ереке, бірақ өткендегідей қатты қорылдамашы.
Еділ: Қорылдағанды қойшы ұйқы сұрайтының бар екен. Мұғалім сезіп қоймасын.
Ержан: Мен сендерге не айтып тұрмын! Осыдан мұғалім біліп қойса, мұрындарыңды бет қыламын. Көп сөзді қойып мұғалімдеріңе ие болыңдар. Шкафқа ешкім жоламайтын болсын. Мен кеттім.
Еділ: Жайлы жатып жақсы тұр.
5-САХНА
(Сыныпқа біртіндеп балалар келе бастайды.)
Қанат: Мен өлетін шығармын.
Қайыржан: Оны қайдан білдің?
Қанат: Өзің ойлашы, қанша уақыт өтті. Гүлзат апайға бір ауыз сөз айта алған жоқпын. Мұғаліміне ғашық болу деген, тарихта болмаған жағдай.
Қайыржан: Жақсы емеспе, тарихта қаласың.
Қанат: Сен ол кісіге «Қанат сізге қатты ғашық, ақындарды қинауға болмайды. Әйтпесе арақ ішіп кетеді, обалына қаласыз, бірақ ешкімге айтпаңыз» - деп айтшы.
Қайыржан: Жарайды, айтайын.
Қанат: Рас айтасың ба?
Қайыржан: Атестат алып алайық, содан кейін айтамын.
Қанат: Одан кейін өзімде айта аламын. Басында жай қызығушылықпа десем, бұл нағыз махаббат болып шықты. Өмірімде бірінші рет. Өйткені оны көрсем дірілдеп ештеңе айта алмаймын. Түсімде де көремін. Қайыржан, мен оған лақап ат қойып алдым.
Қайыржан: Лақап ат? Қалай деп қойдың?
Қанат: «Катя».
Қайыржан: Катя?
Қанат: Солай лақап атпен «Катя»‑деп атамасам біреу сезіп қояды. Ешкімге айтпа. Айтгүл естісе құримын.
О, Катя, Катя.
Қашан үйлен дейді батя.
(апай кіреді)