Қанат Жүнісов алғАШҚы махаббат (комедия) Кейіпкерлер: Қанат – оқушы Гүлзат


Гүлзат: Мерқұрманов. Сенің де есейіп, ақылыңның толып тұрғаны байқалмайды. Бірақ поэзияға деген ынтаң бар секілді, ол жақсы. Қанат



бет4/12
Дата06.02.2023
өлшемі123 Kb.
#65347
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Гүлзат: Мерқұрманов. Сенің де есейіп, ақылыңның толып тұрғаны байқалмайды. Бірақ поэзияға деген ынтаң бар секілді, ол жақсы.
Қанат: Өлең деген жетеді. Тағы оқып берейін бе?
Гүлзат: Жоқ. Кейін бір уақыт болғанда тыңдаймын.
Қанат: Сізге бірдеңе айтайын ба?
Гүлзат: Иә, айт.
Қанат: 2005 тің балаларын мен ұстаймын ғой.
Гүлзат: 2005 несі? 2005 бала ма? Түсінбедім, ұстағаны қалай?
Қанат: 2005 деген 2005 жылы туылған балалар деген сөз. Ұстаймын дегенім ‑ бәрі өз қолымда, менен қорқады деседе болады. Сондықтан анау-мынау шаруалар болса айтыңыз. Кез-келгенін шешемін.
Гүлзат: Солай ма?
Қанат: Солай. Үйіңізге өзім шығарып саламын. Жаңадан келдіңіз. Жолда қабаған иттер бар, бұзық балалар бар дегендей.
Гүлзат: Мерқұрманов, сенің қолыңнан бәрі келе ме?
Қанат: Иә келеді. Гүлзат: Онда ертең ата-анаңды ертіп кел.
4-САХНА
(СЫНЫП ІШІ)
Қайыржан: Еділ, бүгін балаларға керемет бір қызық көрсетейік.
Еділ: Қандай қызық?
Қайыржан: Күлкіден ішектері түйіліп қалатындай қызық жасаймыз.
Еділ: Тағы біреуді мазақ етпекпісің?
Қайыржан: Иә. Жақсы емеспе, рахаттанып күлеміз. Ел біразға дейін әңгіме қылып айтып жүреді.Мұғалімді мазақ етеміз.
Еділ: Қай мұғалімді?
Қайыржан: Гүлзат апайды.
Еділ: Қой‑ей. Гүлзат апай мектептегі ең жақсы мұғалім, басқаларға істесеңші.
Қайыржан: Басқаларына істеуге болмайды. Олар менің жасағанымды бірден біліп қояды. Ал Гүлзат апай жаңадан келген ештеңе сезе қоймас.
Еділ: Сонда не істейсің?
Қайыржан: Апай отыратын орындықтың бұрандаларын босатып қоямын. Отыра қалған кезде құлап түседі. Керемет емес пе? Мұғалімнің қалай құлайтынын көрейік. Айдай сұлу апайдың аяғы аспаннан келіп жатса қызықтың көкесі сонда болады.
Еділ: Аяғы аспаннан келеді деймісің?
(Ержан келеді)


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет