Қанат: (сыбырлап) Қайыржан саған бірдеңе айтайын ба?
Қайыржан: Айт.
Қанат: Мен ғашық болып қалдым.
Қайыржан: Ғашық болып? Кімге?
Қанат: Гүлзатқа.
Қайыржан: Гүлзатқа? Мына мұғалімге ме?
Қанат: Иә соған.
Қайыржан: Есің дұрыспа, ол мұғалім ғой?
Қанат: Бола берсін.
Қайыржан: Жынды қойдың миын жегенбісің?
Қанат: Кетші-ей. Сен махаббат жайлы не түсінуші ең. Мен шын ғашық болып қалдым.
Қайыржан: Қияли.
Қанат: Ей, мен ақынмын ғой. Ақындар бір көргеннен – ақ ғашық болады.
Қайыржан: Жасы үлкен болсада ғашық бола бере ме?
Қанат: Махаббат жасқа қарамайды.
Қайыржан: Апа қылайын деп пе едің?
Қанат: Көп болса бес жас үлкен шығар. Түк етпейді. Атестат алып алайын. Сонан соң көреміз. Мен оған жаңа бір өлең шығардым.
Гүлзат: Мерқұрманов Қанат.
Қанат: Мен.
Гүлзат: Отыр.
Қанат: Мен сізге өлең оқып берейінші.
Гүлзат: Өлең?
Қанат: Тыңдаңыз. Білмеймін айта алам ба
жан сырымды...
Ояттым сезім деген
бал шырынды.....
Гүлзат: Бұл неғылған өлең?
Қайыржан: Өзінің өлеңі.
Айтгүл:Өтірік айтады, ұрлап алған.
Сайра: Ол үнемі бірудің өлеңін ұрлап алып, өзімдікі дейді.
Гүлзат: Отыр. Жаңа ғана бос сөз сөйлемеңдер дегенмін. Шешендіктеріңді сабақ айтқанда көремін. Естеріңде болсын, бағаны тек білімдеріңе ғана емес, тәртіптеріңе де қарап қоямын. Түсінікті ме? Келесі сабақта бәрің өздерің жайлы, арман-мақсаттарың, алдағы жоспарларың жайлы жазып келіңдер. Бүгінше ертерек босатамын, орналасуым керек. Үй тапсырмасын ұмытпаңдар. Әзірше сау болыңдар.
3-САХНА
Қанат: Мұғалім, сіз ана екі қызға, Айтгүл мен Сайраға ренжімеңізші. Екеуі әлі күнге бесінші сыныптың оқушысы секілді. Сәл нәрсеге бола сыпсыңдай жөнеледі.