Аралық ғылыми­практикалық конференция II том



жүктеу 8.09 Mb.

бет39/78
Дата22.12.2016
өлшемі8.09 Mb.
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   78

Дүйсенбаева Г.Ж. 

Алматы Университетінің   оқытушысы  

 

КӘМЕЛЕТКЕ ТОЛМАҒАНДАРДЫҢ ПАЙДАҚОРЛЫҚ ҚЫЛМЫСТАРЫНЫҢ 



ҚҰРАМДАРЫНЫҢ КРИМИНОЛОГИЯЛЫҚ СИПАТТАМАСЫ 

 

Abstract.  In  this  article,  we  considered  minors  in  commercial  crime,  object,  objective 

side, subject and subjective aspect, and commercial crime forensic research minors. 



     Keywords: crime, minor. 

 

Кəмелетке  толмағандардың  пайдақорлық  қылмыстарына  жалпы    қылмыстық­



құқықтық  сипаттама  беру  кəмелетке  толмағандардың  пайдақорлық  қылмыстарының 

құрамдарына,  оның  объектісін,  объективтік  жағын,  субъектісін  жəне  субъективтік  жағын 

сипаттаудан, сондай­ақ олардың белгілерін сипаттаудан тұрады. Кəмелетке толмағандардың 

пайдақорлық  қылмыстылығының  детерминациясы  мен  алдын  алу  шараларына  жүргізген 

сараптама  жеткіншек  жастардың  рухани  жəне  өнегелік  қасиеттерін  сақтап  қалу  үшін 

бұқаралық  ақпарат  құралдарының  бостандығын  заң  арқылы  шектеу  керектігін  көрсетіп 

отыр.  Педагогтар  мен  Ішкі  істер  органдары  қызметкерлерінің  75,5%­ы  мұндай  шара 

қабылдау қалайда керек деген пікір айтып отыр [1]. 

Қазіргі  кезде  қылмыс  жайында  немесе  оны  жасаған  адамдар  жайында  азды­көпті 

ақпараты бар адамдардың басым көпшілігі ол туралы тиісті орындарға хабарламайды.  

Кəмелетке  толмағандардың  пайдақорлық  қылмыстарының  құрамдарын  сипаттау 

барысында  тонау  (ҚК  178­бабы),  қарақшылық  (ҚК  179­бабы)  жəне  қорқытып  алушылық 

(ҚК  181­бабы)  сияқты  қылмыстардың  құрамдарының  объективтік  жағының  жəне 

субъективтік  жағының  белгілерін  сипаттауға  ерекше  көңіл  бөлінеді.  Өйткені,  бұл 

қылмыстарды  кəмелетке  толмағандардың  жиі  жасайтындығы  жəне  осы  қылмыстарды 

жасағаны  үшін  ҚК  15­бабында  қылмыстық  жауапкершілік  14  жастан  басталады  деп 

бекітілген. Бұл факторларды қарастырғанда отандық криминологияның қоғам өмірінің аса 

маңызды  төрт  саласын:  экономикалық,  əлеуметтік,  саяси  жəне  рухани­өнегелік  салаларды 

бөліп алатындығын ескеру керек. Олар өзара тығыз байланыста. Дегенмен, бұл салалардың 

əрқайсысын  өзінше  бөлек  қарастырған  жөн,  себебі,  біріншіден,  қылмыстылықтың  өзге 

əлеуметтік құбылыстармен байланыстылығы тұрғысынан ерекшелігін білу керек, екіншіден, 

қоғам  өмірінің  бұл  салаларын  зерделеу  зерттеу  объектісін  талдағанда  қандай  ақпарат 

пайдалану керек екендігін айқындауға мүмкіндік береді. 

Кəмелетке толмағандардың пайдақорлық қылмыстарының объектісі. Қылмыстық қол 

сұғушылық объектісі əрбір қылмыстың қажетті элементі. Кез келген қылмыс ол белгілі бір 

объектіге қол сұғу. Еш нəрсеге қол сұқпайтын қылмыс өмірде болмайды. Жасалған қылмыс 

салдарынан қандай əлеуметтік игілікке əрқашан жəне сөзсіз нұқсан келеді дейтін болсақ, ол 

–  қылмыстық  заң  қорғайтын  қоғамдық  қатынастар.  Сондықтан  да  қылмыстың  мəні 



314 

 

қоғамдық қатынастардың бұзылуында жатыр.  



Сонымен,  оларды  бұзғаны  үшін  қылмыстық  заңда  жауапкершілігі  қарастырылған 

қылмыстық  заң  қорғайтын  қоғамдық  қатынастардың  жиынтығы  жалпы  қылмыс  объектісі 

болып  табылады,  яғни  пайдақорлық  қылмыстардың  жалпы  объектісі  де  осы  қоғамдық 

қатынастар болып табылады.     

Меншікке қарсы қылмыс жасағанда меншіктің бұл қатынастарына залал келеді. Яғни, 

мүлікті  талан­таражға  түсіргенде  меншік  қатынастары  іс  жүзінде  қол  сұғушылық 

объектісіне  айналады.  Ал,  өндірістік  меншік  қатынастарының  қандай  да  бір  өзгерісі 

иемдену,  пайдалану  жəне  билік  ету  құқығын,  яғни  өндірістік  қатынастардың  құқықтық 

қабығын – меншік құқығын бұзады. 

Қазақстан  Республикасының  Азаматтық  кодексі  мен  Қазақстан  Республикасының 

«Меншік туралы» Заңына сəйкес меншік иесі өз мүлкін иемдену, пайдалану жəне оған билік 

ету  құқығын  өз  қалауынша  жүзеге  асырады.  Меншіктің  нақты  формасы  тікелей  объект 

болып табылады, яғни ол мүлікті иемденуге, пайдалануға жəне оған билік жасауға қатысты 

қоғамдық  қатынастар  –  мысалы,  адамның  жеке  меншігі.  Меншікке  қарсы  қылмыс 

объектісіне  мұндай  көзқарас,  ең  алдымен,  республикадағы  экономикалық  көзқарастарға 

байланысты: көп  формалы меншікте бірдей  қорғауды қамтамасыз ету, нарықтық  қатынас, 

шаруашылық  жүргізудің  əртүрлі  формасы,  өндіріс  құралдарын,  тұрғын  жайды 

жекешелендіру.  

Масқаралайтын  болып  табылмайтын  өзге  де  мəліметтерді  жариялау  жəбірленушіге 

елеулі  зиян  келтіруі  мүмкін,  мысалы  бизнеске  шығын  келтіретін  коммерциялық  құпияны 

жариялау, бала асырап алу құпиясын не отбасы жəне жеке өмірге қатысты жəне тағы сол 

сияқты мəліметтерді жариялау» [2]. 

«Қорқытып  алушылық  туралы  істер  бойынша  сот  практикасы  туралы»  Қазақстан 

Республикасы  Жоғарғы  Сотының  2006  жылғы  23  маусымдағы  №  6  нормативтік 

қаулысының  1 тармағында  «кінəлі адамның  қалаған  мақсатына жеткеніне не жетпегеніне, 

талап  еткен  мүлкін,  мүлкін  иелену  құқықтарын  алғанына  не  алмағанына  немесе 

жəбірленушінің  мүліктік  сипаттағы  əрекеттерді  жасауға  қол  жеткізгеніне  қарамастан 

жəбірленушіге  қорқыту  арқылы  мүліктік  талаптар  қойылған  сəтте  қорқытып  алушылық 

аяқталған болып есептеледі» ­ деп көрсетілген.  

Қазақстан  Республикасы  Жоғарғы  Сотының  2006  жылғы  23  маусымдағы  №6 

нормативтік  қаулысының  13­тармағында берілген:  «Қорқытып  алушылық  тікелей  ниетпен 

жəне пайдакүнемдік себеппен сипатталады, яғни қорқытып алушы жəбірленушіден мүлікті, 

мүлікке  құқықты  тегін  алуды,  кінəлінің  немесе  өзге  тұлғалардың  пайдасына  мүліктік 

сипаттағы басқа əрекеттерді жасауға қол жеткізуді қалайды, осы орайда қорқытып алушы 

талап еткенін алуға өзінің нақты немесе ықтимал құқығы жоқ екенін ұғынады жəне басқа 

тұлғаның есебінен заңсыз баюға тырысады». 

Кəмелетке  толмағандардың  пайдақорлық  қылмыстарының  субъектісі.  Пайдақорлық 

қылмыс жасаған адамның қылмыстық­құқықтық сипаттамасы адамның жасы, жауаптылық 

қабілеті, рецидив, бір уақытта бірнеше қылмыс жасағандығы, ол үшін нақты тəсілдер мен 

əдістерді пайдаланғандығы, күш қолдану тетігі, оның  формалары туралы заңдық  мəні  бар 

деректердің жиынтығын құрайды. 

Заң шығарушы 14 жастан қылмыстық жауапкершілікті белгілегенде мына жағдайлар 

ескерілген: 

­ əрекеттің  қоғамға қауіптілік дəрежесі; 

­  жасы  кəмелетке  толмаған  жасөспірімнің  жасаған  əрекетінің  қоғамға  қауіптілігі,  өз 


315 

 

əрекетін бақылай алатын қабілеті. 



Көрсетілген  қылмыстар  үшін  14  жасқа  жеткен  адамды  қылмыстық  жауапқа    тарту 

ғылыми  дəлелді  деп  ойлаймыз,  себебі  заң  шығарушы  бұл  жерде  жасы  кəмелетке 

толмағанның қаншалықты өсіп­дамығандығын негізге алады. Адам бұл жаста едəуір дамып, 

білім алады, жасаған əрекетіне есеп алады, оның қоғамға қауіптілігін түсінеді. 

Астана қаласы мен Алматы қаласының  Ішкі істер департаменттерінің статистикалық 

мəліметтеріне жасалған талдама ұрлық жасаған (57%), тонаған (32%), қарақшылық жасаған 

(26%)  жəне  бопсалаушылықпен  айналысқан  (24%)  кəмелетке  толмағандар  арасында 

рецидивтер үлесінің жоғары екендігін көрсетті. 

Мысалы,  топтасқан  қылмыстардың  80%­на  жуығын  бір  жерде  тұратын,  бұрыннан 

таныс,  бос  уақыттарын  бірге  өткізетін  кəмелетке  толмағандар  жасайды  екен.  Олар 

криминалдық  ортаның  ықпалына  ұшырап,  өздерінің  өмірдегі  дұрыс  бағдарын  жоғалтып 

алады, теріс жолға түседі [3].  

Кəмелетке  толмағандар  топтасқан  қылмысты  ересектерге  қарағанда  2­2,5  есе  жиі 

жасайды екен. Бұл олардың əлі қатая қоймағандығымен байланысты. 

Пайдақорлық қылмыстар жасайтын кəмелетке толмағандар тобының құрамы біртекті 

емес, жас жағынан да əрқалай болып келеді. 

Мынадай криминалдық топтарды бөліп алуға болады: 

1) тек кəмелетке толмағандардан тұратын; 

2) ересектер мен кəмелетке толмағандар қатысқан

3) кəмелетке толмағандар мен жас балалар қатысқан; 

4) ересектер, жас балалар жəне кəмелетке толмағандар қатысқан. 

Тек  кəмелетке  толмағандардан  ғана  тұратын  топтардың  өзіндік  үлесі  54,7%­ды 

құрайды. 

Кейбір авторлардың пікірінше, мұндай топтардың үлесі – 70,5%­ды, ал аралас топтар – 

29%­ды құрайтын көрінеді [4]. 

Кəмелетке  толмағандардың  қылмыстық  топтарының  үшінші  типін  шартты  түрде 

«криминалдық»  деп  атауға  болады,  бұлар  жасөспірімдер  мен  кəмелетке  толмағандардан 

тұратын, биік деңгейде дамыған, қылмыстық кəсіппен ұзақ уақыт айналысып жүрген топтар 

(айталық, Тараз, Қарағанды, Алматы қалаларындағы).  

Микроортаның маңызын қарастырғанда, кəмелетке толмағандардың қылмыстық жолға 

түсуіне əсер ететін факторлар ретінде оған дұрыс тəрбие бере алмаған отбасын, бос уақытты 

бірге  өткізетін  жəне  қоғамға  қайшы  іс­əрекет  көрсететін  дос­жарандарын  жəне 

педагогтардың жұмысындағы жіберген қателіктерін айту керек [5]. 

Тиісінше,  кəмелетке  толмағандардың  пайдақорлық  қылмыстарының  ерекше 

детерминанттары, негізінен, жасөспірім болатын жəне қалыптасатын ортада: отбасында, оқу 

жəне жұмыс орындарында, демалыс орындарында жатыр. 

Жасөспірімге тұрмыс жағдайы айрықша əсер етеді. Бірақ кейбір тұрмыстық жағдайлар 

баланы  жан­жақты  дамытудың  орнына,  оның  дамуына  кедергі  болады.  Тұрмыстың 

атқаратын рөлінің толықтай жүзеге асырылуы, бəрінен бұрын, оның материалдық негізіне 

(үй­жайдың  жасақталуына,  киім­кешек,  тағаммен,  басқа  да  қажетті  заттармен  қамтамасыз 

етілуіне),  сондай­ақ  рухани  құндылықтардың  күйіне  (білімге,  мəдениетке,  дəстүрге, 

əлеуметтік байланыстарға жəне тағы басқаларға) тікелей байланысты [6]. 

Д.А.  Шестаков  «отбасылық  десоциализация»  деген  ұғым  енгізді,  оның  мағынасы  – 

сыртқы  əлеуметтік  құбылыстардың,  оның  ішінде  əлеуметтік  ортаның  əр  түрлі 

кемшіліктерінің  салдарынан  отбасында  криминогендік  процестер  жүреді,  нəтижесінде 


316 

 

отбасының мүшесі теріс əдеттерді бойға сіңіреді, қылмыс жасауға дейін барады. 



Зерттеулер  барысында  балаларды  теріс  жолға  итермелейтін,  отбасында  кездесетін 

көптеген факторлар айқындалды. 

Оларға жататындар: 

­  ата­ананың,  отбасының  басқа  мүшелерінің  қылмыстары,  қоғамға  пайдалы  жұмыс 

істемеуі, маскүнемдікке салынуы; 

­ қоғамдық тəртіпті бұзуы; 

­ дау­дамайда дөрекілік, қатыгездік таныту; 

­ мейірімсіздік; 

­ ашкөзділік; 

­ ретсіз жыныстық қатынастар

­ үлкендердің бала тəрбиесіне көңіл бөлмеуі; 

­ педагогикалық дəрменсіздігі; 

­ отбасында берік эмоционалдық байланыстың жоқтығы; 

­ отбасының бұзылуы, материалдық қиындықтар жəне т.б. 

Д.А. Шестаков бұл факторларды екі критерий бойынша топтастырады: 

1)  адамды  бұзатын  факторлардың  қайда  екендігіне  қарай  (отбасында  ма,  əлде  одан 

тысқары ма?); 

2) отбасының криминогендік нəтижеге қалай қарайтындығы [7]. 

Осы  кезге  дейін  кəмелетке  толмағандардың  пайдақорлық  қылмыстарын  алдын  алу 

проблемаларына  зерттеу  жүргізген  қазақстандық  ғалымдардың  зерттеу  жұмыстарымен 

салыстырғанда  бұл  жүргізілген  зерттеу  жұмысында  қоғамдағы  қайшылықтар  кəмелетке 

толмағандардың  пайдақорлық  қылмыстарының  көзі  ретінде,  кəмелетке  толмағандардың 

пайдақорлық криминогендік себебінің қалыптасу себептері мен жағдайлары, оның олардың 

қылмыстық  іс­əрекеттеріндегі  себептік  рөлі  қарастырылған,  пайдақорлық  қылмыстар 

жасайтын  кəмелетке  толмағандардың  жеке  басында  болатын  өзгерістердің  алдын  алудың 

жəне  олардың  қылмыстық  іс­əрекеттерінің  жеке­дара  алдын  алудың  жаңа  шаралары 

ұсынылған болатын. 

Қысқасы,  адамды  қоршайтын  əлеуметтік  орта  оның  өнегелік  қасиеттерін 

қалыптастырады, ал теріс ықпал неғұрлым күшті болған сайын адамның теріс жолға түсуі 

де  тездейді.  Кəмелетке  толмағанның  пайдақорлық  қылмыстарына  қоршаған  ортаның 

тигізетін  əсерін  оны  тікелей  қоршаған  микроорта  мен  макроортаның  оған  байланысы  бар 

бөлімін талдау арқылы анықтаймыз. 

Сонымен 

қатар, 


кəмелетке 

толмағандардың 

пайдақорлық 

қылмыстарын 

криминологиялық зерттеудің нəтижелері қылмыстылықтың басқа түрлері үшін де маңызды, 

біріншіден, қылмыстық іс­əрекеттің детерминанттары адам кəмелетке толғаннан кейін де өз 

əрекетін  тоқтатпайды,  екіншіден,  есейген  сайын  кəмелетке  толмаған  қылмыскерлер 

дəстүрлі пайдақорлық жалпы қылмыстық іс­əрекеттер жасаудан көзге аса іліне бермейтін, 

бірақ қоғамға қауіптілігі жоғарырақ қылмыстар жасауға көшеді. 

Кəмелетке 

толмағандардың 

пайдақорлық 

қылмыстарының 

объективтік 

детерминанттарының  негізгі  блоктары  деп  қазіргі  қоғам  мен  мемлекеттегі  жаппай 

дағдарысты  жəне  кəмелетке  толмаған  əлеуметтенетін  отбасы­тұрмыс,  демалу­сайрандау, 

оқу­жұмыс салаларындағы өзгерістерді санауға болады. 

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі: 

1  Елисеев  С.А.  Вопросы  теории  и  практики  предупреждения  корыстных  преступлений.  ­ 


317 

 

Томск, 1989. ­ 287 с. 



2  «Парагра»  Ақпараттық  жүйесі.  «Қорқытып  алушылық  туралы  істер  бойынша  сот 

практикасы  туралы»  Қазақстан  Республикасы  Жоғарғы  Сотының  2006  жылғы  23 

маусымдағы № 6 нормативтік қаулысы. ­ 3 б. 

3  «Параграф»  Ақпараттық  жүйесі.  «Əскери  қылмыстар  жөніндегі  істер  бойынша  сот 

тəжірибесі туралы» Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2005 жылғы 28 қазандағы 

№ 6 нормативтік қаулысы. ­ 5 б. 

4  Кудрявцев  В.Н.  Причинность  в  криминологии.  ­  М.:  Юриздат,  1968. 

­ 300 с. 

5  Миненок  М.Г.,  Миненок  Д.М.  Корысть:  Криминологические  и  уголовно­правовые 

проблемы. – СПб., 2001. – 287 с. 

6 Бородин С.В. Борьба с преступностью: теоретическая модель комплексной программы. – 

М., 1990. – 310 с.  

7 Протасов В.И. Теория права и государства: Проблемы теории права и государства. – М.: 

Юрайт­М, 2001. – 277 с. 

 

 УДК 34.01 



Ергозова Ж.Д. 

з.ғ.м., оқытушы Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті, 

Талдықорған, Қазақстан Республикасыe­mail: zhannusik88 

 

ҚАЗЫБЕК БИ ЖӘНЕ ҚЫЛМЫСТЫҚ ДАУЛАР 

 

Abstract. Kazybek bi and criminal disputes. Islam, Sharia the Muslim legislation were used 

Curan, tradition, the law I rely and Kazakh bi, the truth assembly an oath I take main means do 

court the matter of argument resolve and creates an order. 

Кілт сөздер: Қылмыстық жаза, əдет­ғұрып, сот, айыппұл, уəде, шариғат, құн төлемі. 

 

Ислам діні таралған барлық жерде мұсылмандық шариат заңдары қолданылды десек, 



əлбетте,  қателесер  едік.  Өйткені,  сан  ғасырлар  бойына  сол  халықтардың  сезімі,  елдің 

физикалық,  географиялық  табиғи  жағдайлары,  сондай­ақ  қоғамдық­əлеуметтік  өмірінің 

түрі,  экономикалық  жағдайы,  ғылым  мен  өнерінің  өсіп­өркендеу  мөлшері,  оның  үстіне 

мінез­құлықтары  мен  діни  сенімдері  тікелей  əсер  етіп,  қалыптасқан  əдет­ғұрып  заңдары 

өміршеңдігімен  ислам  діні  қағидаларымен  біте  қайнасып,  араласып  қабысып  кеткен 

болатын. Сондықтан да ислам заңгерлері сол елдердің əдет­ғұрпымен де санасуларына тура 

келді. Бұл жəйт, əсіресе, біздің қазақ тайпалары арасында айрықша көрінеді. 

Мұсылмандық  сот  даулы  мəселелерді  шешерде  əуелі  Құранға,  сонан  соң  хадис­

сунналарға, кейін барып заң білгірлерінің пікірлері ижма мен қиясқа, қала берді əдет­ғұрып 

заңдарына  сүйене  отырып  қараса,  ал  қазақ  билері,  рас  Құранды  ант  алуда  басты  құрал 

еткенімен, бұрыннан қалыптасқан ата­баба жолына, жөн­жосық, қағида­ережелеріне сүйене 

отырып  шешкен.  Біз  бұл  арада  əдет­ғұрып  заң  нормаларындағы  талаптар  Құран  не  суна 

талаптарына кереғар емес, қайта етене жақын екендігін баса айтқанымыз мақұл.  

Мұсылмандық  сот  (қазы)  істі  ауызекі,  көпшілік  алдында,  алдын  ала  даяргерліксіз 

жүргізеді. Қазақтарда да сот ісі (би) дəл осылайша ашық аспан астында, жиналған көпшілік 

алдында өткен. Даулы істі шешуді қазы не муфти алып барған. Біздерде билер жүргізген. 

Қаралатын  істе  «ант  алу»  өте  маңызға  ие.  Ант  беруші  кəмелетке  жеткен,  ақыл­есі  бүтін 


318 

 

болуы шарт. Балалардың, есі бүтін еместердің, мастың анттары жəне зорлап ант ішкізу, т.б. 



антқа  саналмайды.  Антты  дауыстап  жария  айтады.  Жазып  ант  беруге  болмайды. 

Мылқауларға  ыммен  айтуларына  болады.  Шариат  заңы  ант  беруден  бас  тартуға  рұқсат 

етпейді. Бас тартатын болса, бір құл азат етуі тиіс не 10 аш­жалаңашты тойғызу не киіндіру, 

оған хал­ахуалы жетпесе 3 күн ораза тұтуы тиіс[1]. 

Өтірік ант беруге мүлдем болмайды. Өйткені күнəнің ең үлкеніне өтірік ант беру де 

жатады. Оның үстіне өтірік сөйлеу – күпірлік. Қазақтар да бұл талапты қатаң сақтаған. 

Уəде  ету  де  ант  беруге  жақын.  Уəдені  асығыс,  ойланбай  ашуланып  тұрғанда  беруге 

рұқсат етілмейді. Шариат заңы уəде беретін адамды күштеп емес, өз еркімен айтуын талап 

етеді. Уəде бір, Құдай да бір деп, уəдеге опа етіп, уəде еткеннен соң ол нəрсені істеуі керек. 

Қазақтарда да уəденің үдесінен шығып, орындап отырған. 

Қарғану да уəде беру мен ант ішуге ұқсас. Ешкім беталды қарғана бермеген. Ант ішу 

де,  уəде  беру  де  жəне  қарғану  да  қазақ  тайпаларында  ежелден­ақ  болып,  тəңірі,  əруақ 

атынан, ал ислам енгеннен соң Құран ұстап, Алла атынан айтатын болған. 

Ислам  діні  бойынша  Алла  əркімге  жақсы  не  жаман  істер  істеуге  ерік  берген.  Тек 

жақсы  іске  Алла  риза  болып,  жаман  істерге  реніш  білдіре  отырып,  бəрібір  жақсысын  да, 

жаманын да амалға асыруға мүмкіндік береді. Болса да жаман іс істеушілер Алла тарапынан 

тыйым  етілген  шекке  өтуімен  бір  қатарда  сол  ісіне  жауап  беруі  тиіс.  Сөйтіп,  құқық 

бұзушылық  3  топқа  бөлінеді.  «Алла  құқығына»  қол  сұғу  (яғни  мұсылман  қоғамына  хауіп 

төндіретін)  –  белгілі  де  нақты  хадд­санкциямен  жазаланады.  Ал  екінші  топқа  жеке 

индивиттер құқығына қол сұғушылар – қисас, қауад не дийа жазасымен, ал үшінші топқа 

қалған қатаң жаза қолданылмайтын іс­əрекеттер тазирмен жазаланады.  

Хадд  категориясына  7  қауіпті  қоғамдық  қылмысты  жатқызады.  Олар:  

1)  жезөкшелік,  2)  арақ­шарап  ішу,  3)  ұрлық,  4)  тонаушылық,  5)  ойнастықтығы 

дəлелденбеген жалақорлық, 6) діннен безу, 7) көтеріліс жасау. 

Ұрлық жасағандарға Құранда да қатаң жаза қолдануды, яғни ұрылардың қолын кесуді 

бұйырған. Əлбетте, ұры есі бүтін, азат əрі кəмелетке жеткен болуы тиіс.  

Ұрлық деп  қасақана жасырын ұрлағанды айтады. Ұрының  қолын кесу үшін  бірнеше 

талаптарды қанағаттандыру қажет. Ұрланған зат бағасы белгілі бір мөлшерге сəйкес болуы 

қажет.  Ұрланған  зат  Құран  тыйым  салмаған  (яғни  арам  емес)  базарда  сатылуға  рұқсат 

етілген  болуы  керек.  Ал  арақ­шарап,  доңыз  етін  ұрлау  хаддқа  жатпайды.  Ханифистер  тез 

бүлінетін тағамдарды да, Құран қолжазба данасын да ұрлық деп санамайды. Қазақтарда да 

көкөніс,  ауланған  балық,  далада  аң  аулау  кезінде  атылған  аң­құсты  білдірмей  ұрлауды 

ұрлық деп санамаған. 

Ұрының əуелі оң қолын, екінші рет қолға түссе, сол аяғын (тізеге дейін), үшіншіде сол 

қолын,  төртіншіде  оң  аяғын  кескен.  Ұрлыққа  бірнеше  адам  қатысса,  олар  бірдей  жауап 

береді. 


Ұрлықты дəлелдейтін талаптар: куəлер куəлігі, ұры өзі мойындау, ханафийлер кедей 

шарасыздан  ұрлық  қылса,  қолын  кескізбеген.  Жұт,  ашаршылықта  ұрыларға  қол  кесуді 

қолданбауды үндеген. Қазақтарда да ұрлық істеушілерге 27 есе артық жаза қолданған. 

Жезөкшелік  (зинақорлық)  –  Исламдағы  ең  бір  ауыр  қылмыс.  Өйткені,  қоғам 

отбасынан  тұратыны  белгілі.  Сол  отбасына  қол  сұғу  не  болмаса  болашақ  ұрпақ  таратар 

адамның  ар­ұятын  аяққа  басу  деп  саналған.  Сондықтан  да  Құранда  бұл  жайлы  өте  жиі 

ескертеді.  Зинақорлық  жасаушыларға  100  рет  дүре  соғылып,  кейін  өлгенге  дейін  таспен 

атқыланған. 



319 

 

Зинақорлығын дəлелдеу үшін 4 адам куəлік беруі, не зинақорлар өздері мойындаулары 



шарт. Құранда: «Кімде­кім күнəсіздерге жала жауып əрі 4 куə келтіре алмаса, ондайларға 80 

дүре соғыңдар жəне еш уақытта оларды куəлікке жүргізбеңдер, өйткені тек өкініштен тоба 

етіп  түзелгендерінен  басқалары  бұзылғандар.  Əлбетте,  Алла  кешірімді  де  рақымды» 

делінген. 

Қазақтарда да зинақорлар қатты жазаланған. Қылмыс үстінде ері өз əйелі мен ойнасын 

ұстап алып, екеуін де өлтіріп жіберген. Тас боран етіп өлтіру де болған. 

Тонаушылық  –  Құранда  ең  ірі  қылмыстардың  біріне  жатқызылатын іс­əрекет.  Мұны 

істеушілердің  екі  аяқ,  екі  қолын  кесуге,  өлтіруге  немесе  қоғамнан  қуып  шығуға  үндейді. 

Олар жалған фəниде де, о дүниеде де масқара болып, ауыр азапқа ұшырайтынын ескертеді. 

Тонаушыларды жазалауда да талаптар бар. Тонаушы кəмелетке жеткен, ақыл­есі бүтін 

адам  болуы  қажет.  Қылмыскер  мен  құрбандық  не  тоналушы  туысқандық  қатынаста 

болмауы керек. 

Тонаушылық  кісі  өлімімен  болса,  онда  шегелеп  керіп  өлтіру,  ал  кісі  өлімінсіз 

тонаушылық  болса  аяқ­қолдарын  кесумен  жазаланады.  Құрандағы  норма  бойынша  қолға 

түспей тұрып тонаушы өкініштен тоба қылып жалбарынса, онда өлімнен құтылады. Бірақ 

діни тұрғыдан күнəсі өтелуі əрі тазир жазасы қолдануы тиіс[2].   

Өлім жазасы əр түрлі жолдармен жүзеге асырылған: қылмыскердің басын қылышпен 

кесу, тас боран етіп өлтіру, дарға асу т.б. 

Адамның дене мүшелеріне зақым келтіргенде дəл сондай зақым келтіріледі. Мысалы, 

қолға  –  қол,  аяққа  –  аяқ,  мұрынға  –  мұрын,  көзге  –  көз,  т.б.  Əлбетте,  бұл  ежелден  келе 

жатқан  қағида  Құранда  да  сақталған.  Бірақ  адамның  белгілі  бір  мүшесі  үшін  құн­айып 

алынған. 

Шариат  Құранға  негізделген  бір  не  басқа  қылмыстар  үшін  өзгермейтін  санкция 

белгілеумен бір қатарда қазыларға (сот, би) кейбір жазаны өз білгенінше белгілеп шығаруға 

мүмкіншілік  береді.  Мұндай  өз  білгенімен  жазалауды  тазир  (үкім  шығарушылық)  дейді. 

Əрине, Құранда не басқа бір шариат негіздерінде кездеспеген тəртіп бұзушылықты қазы өз 

білгенімен жазалайды. Бұл дəстүр, яғни өз білгенінше жазалау біздің қазақ билері арасында 

да кең қолданған. «Бас жарылса бөрік ішінде, қол сынса жең ішінде» деп, дауды өрбітпей 

бітістіріп, кешірім сұратып, айыбын бергізіп татуластырып отырған. Бұл, əрине, ел арасына 

бүлік  түспесін  деген  ниеттен  өрбіген.  Екі  ру  ел  қырқысарға,  қан  төгісуге  дейін  барғанда 

ақылды  билер  ел  дəстүрін,  əдет­ғұрпын,  салт­санасын,  жөн­жосығын  сəтті  пайдалана 

отырып,  екі  руды  татуластырып,  бірінің  баласын  біріне  алып  беріп  туыстастыруға  дейін 

барған. 

Қазақтарда қылмысты қасақана не абайсызда жасағанына мəн берген. Мысалы, қазақ 

билері қасақана кісі өлтіру, кісіні ерекше қаталдықпен өлтіру, екі не одан да көп кісі өлтіру, 

жан  күйзелу  үстінде  ашумен  кісі  өлтіру,  абайсызда  кісі  өлтіру  жəйттеріне  қатты  назар 

аударған. Абайсызда кісі өлтіргендерге жарты құн, ал аң аулап жүргенде не ойын үстінде 

кісі  өлтіргендерге  құн  төлетпей,  тек  кебін,  ас­суын  төлеткен.  Кісіні  аса  қаталдықпен 

өлтіргендердің өзі өлтіріліп, оның үстіне құн төлеткен. Құн 1000 қой, не 100 түйе болған. Өз 

ауылындағы кісіні өлтірсе, əрі ол күндіз болса қылмыс салмағы ауырлай түскен. 

«Қанға – қан, жанға – жан» дəстүрін жұмсартып, құн алып, құн беру мəмілесін шығарады. 

Бұрын құн алынса атақ­даңқына, руының күшті­əлсіздігіне қарай еселеп алынып, əділеттік 

əлсірейтін­ді. Қазыбек «қанға – қан, жанға – жан» дəстүрі орнына жеті айып тағайындаған 

[17, 454 б.]. Олар мыналар:  

Бірінші айып – «қара қазан» төлеу. 


320 

 

Екінші айып – «қара нар» 



Үшінші айып – «қара мылтық» 

Төртінші айып – «қара шолақ бие» 

Бесінші айып – «қара кілем» 

Алтыншы айып – «жетім беру» 

Жетінші айып – «жесір бастатқан тоғыз» жəне «Жеті жарғыда»  көрсетілген құн.  

Сол  секілді  «Жеті  жарғыда»  малымен  тартатын  жазаларға:  айып  төлеу,  тоғыз  айып 

тарту, ат – тон мен шапан кигізу, т.б. жатады. 

Тоғыз айып тарту үш түрлі болады:  

1)  бұл  тоғыз  түйе  бастатқан  тоғыз,  яғни  бір  түйе,  сауылатын  екі  бие,  екі  тай  (түйе 

бастатқан тоғыздағы екі бие құлынымен жəне ішіндегісімен 6 бас саналған);  

2)  жылқы  бастатқан  тоғыз,  яғни  бір  жылқы,  екі  сауын  сиыр  бұзауымен  жəне  екі  ірі 

қара мал (мұнда да сауын сиыр еміп жүрген бұзауы жəне ішіндегі төлімен);  

3) тоқал тоғыз, бұлар сегіз малдан – қозысы, ішіндегі төлі бар екі қой жəне бір бойдақ 

қой мен бір теке.  

Айып төлеу, ат­тон мен шапан кигізуде кінəлі жақ көрсетілген айып мөлшерін төлей 

отырып, өз кінəсін мойындап, ел алдында аяғына жығылып, жəбірленушіден кешірім сұрау 

міндеттелген.  Əсіресе,  кісі  өлімі  аса  жауапты  болып,  би  шығарған  кесім  орындалмаса, 

жəбірленуші тарапқа барымта жасауға рұқсат етіледі. Бірақ, барымта жасалынатыны алдын 

ала ескертіліп, оған күндіз бару, барымталап алынған малдың тиістісін алып, артығын үш 

күннің ішінде өздеріне қайтару талап етіледі. Егер қайтарылмаса, ұрлық есебінде саналып 

үш тоғыз (27) айып салынады[3].  

Өлтіру мен денеге зақым келтіру іспетті қылмыстық жазаларды өтеуді құн дейді. Өлім 

үшін  қылмыскер  құн  төлеп,  өз  өмірін  сақтап  қала  алған.  Бірақ,  құн  мөлшері  өте  көп 

болғандықтан (ер адамға 1000 қой, əйелдер үшін жартысы, болмаса 100 түйе, əйелдер үшін 

50 түйе), бүкіл руластары төлеуге мəжбүр   болған.   Бұл  бір  жағынан  өте   дұрыс   қадам.   

Өйткені,  екіншілей руластары араларында қандықол болмауын өздері қадағалайды, əйтпесе 

құн төлей беріп, ол рудың күйреуі ықтимал. Денеге зақым келтірушілерге берілетін жазалар 

да  нақты  көрсетілген.  Мысалы,  бір  көз  үшін  жарты  құн,  екі  көзге  толық,  соққыдан  адам 

жынды не сал болып қалса толық құн, еркектігін жоқ етсе толық құн, əйелдің екі емшегін 

кессе  толық  құн,  т.б.  Құн  кесімін  шығарған  би  үшін  берілетін  сый­сияпат  бұл  құнның 

сыртында болған. «Жеті жарғыда» билерге берілетін билік ақы сол кесімнің оннан бірі. Ал 

сұлтан,  төре,  қожаларды  өлтіргендерге,  оларды  ақсүйек  деп,  7  есе  құн  алынған  [4].  Ал 

денеге зақым келтірсе қарапайым адамдарға қарағанда қыруар құн салынған.  

«Жеті  жарғы»  заң  ескерткішінде  исламдық  сипаттың  айқын  екендігін  көреміз.  З. 

Радлов  «Қазақ  даласына  ислам  кеш  келді»  деген  көзқарастың  қате екенін  ерекше  атайды. 

Исламның  ықпалы  монғол  үстемдігінен  алдын­ақ  күшті  болған.  Оны  біз  Левшиннің 

жазбаларынан  толық  байқаймыз.  Мысалы,  əйел  құны  ер  адам  құнының  жартысына 

теңестірілуі, діннен безгендердің  тас боран етілуі, зінəқорлықты 4 куə əшкере етуі, жаназа 

оқылуы,  неке  қиылуы,  ант  ішуде  Құран  ұстап  Алла  атымен  айтылуы,  т.б.  мысалды 

келтірілген. 

Бұл  жерде  біз  мына  жайтты  ерекше  ескерткіміз  келеді.  Құн  алынғанда,  төленгенде 

өзінің өлген адамы үшін құнын алушы адам құнды өзі алмайды жəне өзінің туыстарына да 

бермейді,  өзгелерге  немесе  алыс  кедей  туыстарына  береді.  Себебі,  ел  ішінде  өз  əкесінің, 

ағасының, баласының құнын ішті деген сөз айтылады деп санайды.  



321 

 

Билер  соты  əдеттік­құқықтық  сот  мекемесі  рөлін  ойнап,  əдеттік  құқықтардың 



қалыптасуына,  дəуіріне  сай  өзгертіп  отыруға  ықпал  етті.  Мысалы,  сыртқы  саяси  жағдай 

күрделілігіне  орай  əрбір  жауынгердің  аты  үй  қасында,  қалған  кезінде  мінуге  сай  тұруы 

қажеттілігін ескеріп, ондай атты ұрлағандарға өлім жазасы берілуін айтсақ дұрыс болады. 

Қаз дауысты Қазыбек талап арызға шек қоймаған. Бұл жайлы И.А. Козлов қырық жыл өтсе 

де  талап  арызға  шек  қойылмайтынын  текке  жазбаған.  Оның  үстіне  Қазыбек    биді  екі 

талапкер  жақ  таңдап  алғанына  қарамай,  сот  отырысына  елге  сыйлы  басқа  билерді,  дана 

ақсақалдарын шақырып, солардың көзінше əділ билік үкімін шығарып, оларды разы еткен. 

Қоғамдық  маңызы  бар  қылмыстық  істерді  қарағанда  Қазыбек  екі  жаққа  да  айыптау 

жəне  айғақтарын  түгел  айтуға,  куəлер  санын  шектемеуге  мүмкіндік  берген.  Кəмелетке 

келмегендерді,  ауру,  есі  дұрыс  еместерді  ғана  емес,  беделсіз,  өтірік  сөйлеп  аты 

шыққандарды  да  іске  қатыстырмаған.  Қазыбек  қоғамдық  маңызы  бар  қылмыстық  іс­

əрекеттерге  қатаң  қарап,  шағым  жалған  болса,  ондайларды  көп  алдында  масқаралап, 

жазалаған.  Əрі  екіншілей  куə  болудан  мақұрым  еткен.  Міндетті  түрде  қылмыскерге 

келтірген зиянды өтеткен. 

Қазыбек  би  қылмыс  жасаған  адамның  кінəсін  ауырлататын  немесе  жеңілдететін 

жағдайларды ескеріп отырған. Əсіресе, қылмыс өз үйі ішінде бала­шағасы алдында жасалса, 

үлкен  мөлшерде  жасалса,  қылмысты  бірнеше  адам  бірігіп  əрі  қару­жарақ  қолданса,  ауру, 

дəрменсіз адамға қарсы жасалса, əйелдерге күйеуі көзінше зорлық жасалса, қоғамға кесірлі 

қылмыс  жасалса  оларға  аяусыз  қараған.  Ал,  егер  істеген  қылмысын  өзі  мойындап, 

пұшайман  жесе,  ру­елінің  намысы  үшін  жасаса  ондай  қылмыстарға  жеңілдікпен  қараған.                                                             

Қазыбек  көбіне  ар  жазасына  ерекше  мəн  берген.  Өйткені,  қазақтардың  ұғымы  бойынша 

көптің алдында қызару, талқыға салынудан артық жаза жоқ. «Қоянды қамыс өлтіреді, ерді 

намыс  өлтіреді»  дегендей,  ар­намысты  қазақтар  бəрінен  де  жоғары  қойған.  «Малым  – 

жанымның садағасы, жаным – арымның садағасы» деп, қолдан келсе арына дақ түсірмеген. 

Сөйтіп,  Қаз  дауысты  Қазыбекті  өзінің  даналығымен  ел  бірлігін,  тыныштығын  сақтап, 

қылмысты болдырмау жолында ерен еңбек еткен ұлы билердің бірі дей аламыз.  

Қазақ  қоғамында  Тəуке  хан  қазақ  əдет­ғұрып  құқық  жүйесін  қолдап­қуаттағанымен, 

отырықшы  аудандарда  қылмыстық  іс­əрекеттер  шариат  заңымен  немесе  соған  жақын 

реттермен  қаралған.  Шариат  бойынша  ең  ауыр  қылмыстар  қатарына  жезөкшелік,  арақ­

шарап  ішу,  ұрлық,  тонаушылық,  жалақорлық,  діннен  безу,  кісі  өлтіру,  не  дене  мүшесін 

зақымдау,  билікке  қарсы  көтеріліс  жатқызылған.  Ұрының  қолы  кесілген,  маскүнемдер 

дүреленген, қалғандарына өлім жазасы берілген. Отырықшы аудандарда өлім жазасын дарға 

асып  орындаған.  Өлімнен  құн  беріп  құтыла  алған.  Құн  мөлшері  қазақ  əдет­ғұрып  құқық 

жүйесіндегідей.  Бұл  шариат  заңына  өте  ұқсас  мөлшер.  «Жеті  жарғы»  заңдары  түптеп 

келгенде шариат (мұсылмандық) заңдарымен астарласып, бірегейленіп жатады. Мысалы:  

Шариат заңы бойынша: 1) толық құн (дийат) екі көзін шығарып мүлдем зағип етсе; 2) 

екі құлағын кессе жарты құн; 3) мұрнын кессе жарты құн; 4) екі қолын кессе, жарамсыз етсе 

толық құн; 5) əрбір саусаққа – оннан бір құн; 6) омыртқасын сындырып сал етсе – толық 

құн; 7) сынған тіс үшін əр тіске қырықтан бір құн; 8) əйелдің екі емшегін кессе толық құн; 

9) еркек піштірілсе толық құн; 10) қатты соққыдан адам жынды болса толық құн [5.]. «Жет 

жарғыда»  кейбір  айырмашылықтары  болмаса  ұқсас  екенін  көріп  отұрмыз.  Екі  заң 

нормаларында да екіқабат əйелдің ішіндегі бала үшін де құн алынған. Мысалы, қазақ əдет­

ғұрып 

құқық 


жүйесі 

бойынша 


бала 

жаңа 


біліне 

бастаса  

1  тоғыз,  бес  айлыққа  дейін  3  тоғыз,  5  айлықтан  жарық  дүниеге  келгенше  жарты  құн,  ал 

жарық көрсе толық құн төленген. Шариат заңында да бала адам түріне енгенше 100 мысқал, 



322 

 

егер 



жаны 

кіріп, 


дем 

алатын 


болса 

толық 


құн  

(1000 мысқал алтын) төлеген. Егер екіқабат əйел өлтірілсе, онда екі құн: əйел жəне ішіндегі 

баласы үшін құн төленген [2]. 

Шариат заңы бойынша бас жарылса 1 түйе (бізде ат­шапан айып), егер еті жұлынса 3 

түйе, ал терісі тамырларымен жұлынып, сүйегі көрінсе 10 түйе, сүйегі сынып қақ бөлінсе 15 

түйе,  егер  миына  дейін  жарақат  терең  түссе  33  түйе  айып  салынады.  Қазақтардың  əдет­

ғұрып  заңдары  мен  «Жеті  жарғыда»  бұлайша  тереңдетіліп  жаза  көрсетілмеген.  Тек  «Жеті 

жарғыда» ат теуіп, өгіз сүзіп өлтірсе, мал иесі босағаға байласа толық құн, жапсарға байласа 

жарты құн, үйдің артына не белдеуге байласа ат­тон айып беріледі деп көрсетілген. Біреудің 

жұмсауымен  кетіп  бара жатқан  адам адасып, суықтан не ыстықтан, суға кетіп,  отқа күйіп 

өлсе,  жұмсаушы  адам  жарты  құнын  төлейді  деген  «Жеті  жарғы»  заңы  қазір  де  сұранып 

тұрғандай.  Қаз  дауысты  Қазыбек  қылмыс  пен  қылмыстық  жазаларға  сол  үшін  зор  көңіл 

бөлген. 



1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   78


©emirsaba.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал