Қамқорлық және сүйіспеншілік
Сіздің қолыңыздан келетін ең маңызды нәрсе – ӛзіңіздің
балаңызға деген "ерекше" махаббатыңыз бен қамқорлығыңыз.
Сәбиге келетін болсақ, анасымен, оның күтушілерімен және басқа
адамдармен жақын, тығыз қарым-қатынаста болу баланың
денсаулығына және оның дамуы үшін түбегейлі маңызды.
Бала дайын болғанша күтіңіз
Баланы бірдеңені жасауға итермелеу, мәжбүр ету керек
емес. Қаланған кірпіш сияқты бала бойында әрбір дағды бірінен
соң бірі қалыптасады. Баланың жасына қарамастан оның
икемділігі дамыған болуы керек. Сондықтан:
- Сіздің балаңыздың даму сатысы қандай дәрежеде екендігін бақылап, оны
анықтаңыз.
- Келесі қадамыңыздың қандай болатындығын ойланыңыз.
- Баланың келесі мүмкіндіктерін дамытуға бірнеше тапсырмаларды әзірлеп
қойыңыз. Бұл мәселеде сізге әлеуметтік немесе медицина қызметкерлері
кӛмектеседі.
Баланың күшті жақтарын дамытыңыз
Ӛз
балаңыздың
әлсіз
(немесе
дамуындағы
кемшіліктерді) тұстарын қабылдаңыз және оның күшті
жақтарын дамытыңыз. Балаңыздың қолынан келетіндігін
бақылаңыз және оның арнайы қабілеттіліктерін дамытуға
кӛмектесіңіз. Баланың дамуындағы кемшіліктер үшін оның
алдында ӛзіңізді кінәлі сезінбеңіз.
Балаңызға ӛзге балалармен ойнауға рұқсат беріңіз
Дамуында кемшіліктері бар балалар ӛзге балалармен ойнай жүріп ӛздеріне
үлкен пайда келтіреді. Ӛзінен жасы кіші дені сау балалармен ойнай отырып олар
кӛп нәрсені үйренеді, бірақ олармен бірдей деңгейде дамиды. Бұл дені сау балалар
үшін де жақсы, себебі олар жеке ерекшеліктерін сыйлауды және кӛмекке мұқтаж
жандарға кӛмектесуді ерте үйренеді.
Ӛзіне ӛзі кӛмек кӛрсету дағдысына үйретіңіз
Балаңыздың мейлінше ӛз бетімен қызмет етуіне жағдай жасауға
тырысыңыз. Егер ата-аналар балаларына кішкентай бала ретінде қарап, олар үшін
барлығын ӛздері істесе, онда олардың дағдыларының (айталық, тамақтануына
немесе ӛз бетінше киінуге) дамуына қандайда бір кедергі келтіруі мүмкін.
Керісінше баланы ӛздігімен бірдеңені жасауға үйретіп, егер кӛмек керек болған
жағдайда кӛмектескен дұрыс.
Ӛз үйіңізді бейімдеңіз
Денсаулығында кемшілігі бар бала ӛздігімен үйде және аулада қозғала
алатындай, ӛзін жақсы сезініп, барынша рақаттана алуы үшін үйді және іргелес
аумақтарды мұқият қарап, ӛзгертулер жасағанда ойланған жӛн.
Баламен жұмыс жасағанда белгілі тәртіпті орнатыңыз
Егер сіздің кестеңіз тығыз болса, күн сайын белгілі бір уақытты балаңызбен
бірге арнайы ойындарды ойнауға және тапсырмаларды орындауға бӛлуге
тырысыңыз. Осылайша сіз әр күні балаңызға қажетті дағдыларды дамытып
жатқандығыңызды білетін боласыз.
Балаңыз жүруге дайын емес кезінде жүруді
күштеп үйрету, ол оған "ТЕЗ СЕКІР" деп айтқан
секілді
Ол уақытта сіз оған қиын ӛткелден тәй-тәй
арқылы кӛмектесу
Қоғамдастықтың қолдауы
Барлық әлемде дамуында кемшілігі бар балаларға кӛмектесу үшін
қоғамдастық алдын ала шаралар қолданады. Тӛменде келтірілген бастамалар,
қоғамдастықтың қолдау кӛрсетуімен атқарылатын жоспарлар:
- Қоғамдастық дамуында кемшіліктері бар балалар мен ересектерді
анықтауға және оларға кӛмек кӛрсету үшін комитет құруда. Мұндай комитеттердің
құрамына медицина қызметкерлері, сонымен қатар дамуында кемшілігі бар
балалар және дені сау адамдар енгізіледі.
- Комитет мүшелері дамуында кемшілігі бар балалармен олардың
отбасыларына қалай кӛмек кӛрсетілу керектігі жӛнінде білім алады.
- Дамуында кемшілігі бар балаларға дұрыс кӛмек кӛрсету үшін әдетте,
комитет мүшелері ата-аналармен жұмыс жасайды және оларды үйретеді.
- Жергілікті шеберлер балдақтар мен белбеулер, дамуында кемшілігі бар
адамдар үшін ортопедиялық аппараттар сияқты кӛмекші құралдар жасап үйренетін
шеберханалар жиі құралыды. Сондай-ақ олар ӛзгелерді де осындай құралдар
жасауға үйретіп, кӛмектеседі. Мұндай жұмыстардың орындалуы үшін оларға
құрал-жабдықтар қажет, бірақ материалдардың басым бӛлігін осы жерден табуға
болады.
-
Дамуында кемшілігі бар балаларға кӛмектесу үшін мұндай
бағдарламаларға дені сау балалар да қатыса алады, олармен бірге ойнайды және
жұмыс істейді. Сондай–ақ кейде олар дамуында кемшілігі бар балалар үшін
ойыншықтар жасауға да қатысады. Біршама елдерде шағын ӛндірістің құрылуынан
ойыншық жасау кӛбейді, ақшаға мұқтаж қоғамдастық үшін ойыншықтарды
дайындап, оларды сатады.
- Кейбір елдерде шағын ӛндірістердің салынуынан ойыншық дайындау
қарқыны ӛсті, сондай-ақ, кейде олар дамуында кемшілігі бар балалар үшін
ойыншық жасауға қатысады. Ақшаға мұқтаж жандар үшін ойыншықтарды жасап
және оларды сатады. Оған дамуында кемшілігі бар балалар да қатысуға болады.
Біздің мақсатымыз бала алдындағы есікті жабу емес ашу.
Осы ауылдың тұрғындары
жылтыр түзу жолдар,
балаларга ойын аймағын жасап
әр адамның оңай жүруіне және
ӛзін қоғам мүшесі сезінуге
мүмкіндік береді.
Ерекше бала үшін кітап жасау
Егер балаға арнап кітап жасасаңыз
кез-келген бала ӛзін ӛзгелерден
ерекше сезінеді. Баланың фото
суреттерін және оның сүйікті
суреттерін енгізіңіз. Әр тақырыпқа
бӛлек бет арнап әр бет соңына
жеңіл бір сӛйлем жазыңыз.
Кітапты дайындап болған соң
балаңызға оны оқып беріңіз.
Әдебиеттер тізімі
Evans, J. 1998. Inclusive ECCD: A fair start for all children. Coordinators Notebook,
No.22.
Roe, D. 2001.Autism Spectrum Disorder. Canberra, Australian Early Childhood
Association.
http://www.babble.com/baby/baby-health-safety/autism-guide-spectrum-disorders-pdd-
ASD/
(Accessed 29 July 2011)
Talay-Ongan, A. 2004.Early Development Risk and Disability. Sydney, Pearson
Education.
http://pediatrics.about.com/od/birthdefects/f/down_syn_causes.htm
(Accessed 29 July
2011)
UNESCO. 2009. Teaching Children with Disabilities in Inclusive Settings, Bangkok,
UNESCO.
http://www.unescobkk.org/news/article/teaching-children-with-disabilities-in-
inclusive-settings/
(Accessed 12 July 2011)
UNESCO. 2001.
Understanding and Responding to Children’s Needs in Inclusive
Classrooms.
Paris,
UNESCO.
http://www.unesco.org/education/educprog/sne
(Accessed 5 April 2011)
UNICEF
et
al.
2010.Facts
for
Life.4
th
edition.
New
York:
UNICEF.
www.factsforlifeglobal.org
(Accessed 5 March 2011)
Werner, D. 2009. Disabled Village Children.2
nd
edition. Berkeley, California, The
Hesperian Foundation. With thanks to the author and publishers of Disabled Village
Children for permission to reprint the illustrations
Кемшіліктері бар балалар ата-аналарына пайдалы сілтемелер тізімі
http://www.satr.kz/index.php?newsid=90-Кемшіліктері
бар балаларға экономикалық,
құқықтық қолдау САТР орталығы
http://www.invalid.kz/index.php - Кемшіліктері бар адамдарға экономикалық,
құқықтық қолдау
http://inclusion.kz/node/20 - Барлыққа жаппай білімнен - әр адамға білім
www.damu-komek.kz
- Кӛмек - Даму Бағдарламасы, кемшіліктері бар
кәсіпкерлерге қолдау
www.inva-life.ru
Мүгедектік ӛмір сүру, бірақ мүгедек болмау!
meyra.kz Meyra Ortopedia мүгедектерге арналған техникасын сату Meyra фирмасы
susg.kz «SU Service Group» Қазақстандағы оңалту техникасының орталығы
smile-travel.co.il Smile-travel туристік компаниясы. Кемшіліктері бар адамдарға
қиыншылықсыз саяхат, демалыс, емдеу қызметтерін кӛрсету.
invalirus.ru Бүкіл ресейлік мүгедектер сайты.
zhandanu.kz Тирек-қимыл ақппараты бұзылған мүгедектердің қоғамдық бірлестігі
туралы Тараздық порталы
shyrak.kz «ШЫРАК» Мүгедек әйелдердің ассоциациясы».
Парламенттік Институтының Блогы. Мүгедектік мәселелерінің
аналитиқалық зерттеуі. Оқыныздар, түсініктер жазыңыздар.
deti-angeli.ru «Бала-
періште» - ауыр науқас балалардың ата-
аналыр бірлестігі.
uchi.kz Қазақстандағы білім А дан Я ға дейін. ҰБТ, үниверситетке түсу, жұмыс,
грант және репетитор табу.
agoi.kz
Алматы қаласының мүгедектер
қоғамы
ardi.kz "АРДИ" мүгедек-балалардың ата-аналарының қауымдастығы
Svsnevro.kz SVS NEVRO Қоғамдық Бірлестігінің сайты
dark.os.kz Қазақстан Республикасының диабетикалық қауымдастығы
ymit.ng.kz "Yмiт-Надежда" Қоғамдық Бірлестігі
tirlik.karaganda.kz Тiрлiк- Мүгедектердің ерікті қоғамы
zrvkz.narod.ru Мүгедектердің
ӛмірін
жақсарту
сайты
openned-book.narod.ru Мүгедектердің ӛміріндегі қиыншылықтар туралы сайт
pediatrics.med.kz ҚР ДМ Педиатрия және балалық хирургия ғылыми орталығы
semeyood.narod.ru Шығыс-Қазақстан облысының №2 онкологиялық диспансері
detdom.kz "Қайырымдылық" Ерікті Қоғам " Қоғамдық Бірлестігі
leykoz.narod.ru Аққандылық ауру адамдарының қарым-қатынасы сайты
Кесте
Нені білемін
Нені білгім келеді
Нені уйрендім
Біз мектепке барамыз
9-буклет
Біз мектепке барамыз
Мектеп ӛмірінің бастамасы - әрбір бала
ӛмірінің бастапқы кезеңі. Барлық ұлдар мен қыздар
нақты мемлекеттің заңдарымен анықталған жас
ерекшеліктерінде мектепте оқуды бастау қажет.
Кӛп жағдайда бұл жас ерекшелік 5 пен 7 жас
аралығында болады.
Бұл балалар үшін ӛте қызықты кезең
болғанымен, бір жағынан ӛздеріне таныс емес
әлемге енген бүлдіршіндер үшін стресстер мен
тынымсыздық уақыты да болуы мүмкін. Тіпті оған дейін мектепке дейінгі
мекемеге қатысқан балалар болса да мектепке алғаш бару - ӛте маңызды әрі ерекше
қадам.
Кӛптеген балалар үшін бұл - үлкен сынақ. Олар мектептен ӛте ерте үлгермей
шығып қалады. Сіз мүмкін, ең жоғары үлгермей шығып қалу бірінші сыныпта,
содан кейін екінші сыныпта екенін білгенде таң қалатын боларсыз? Кӛптеген
дамыған елдерде бірінші сыныпқа барған балалардың кемінде жартысы мектептен
шығып қалады немесе екінші жылға қалдырылады.
Сіздің қоғамдастықта қандай жағдайлар? Қай жаста балалар мектепке
барады? Барлық ата-аналар балаларын сол жаста мектепке жібере ме? Бастауыш
мектепті ұлдар мен қыздардың басым кӛпшілігі оқып аяқтайды ма? Егер жоқ болса,
олар қашан және неліктен мектептен оқшауланды?
Мектеп - балалардың бақытты және жемісті тәжірибе алатын алтын ұясы
болуы қажет. Аталған бүктемеде біз ата-аналар мен басқа да қоғамдастық мүшелері
пайдалана алатын, балаларының мектепке сүйіспеншілікпен, зор ынтасымен баруға
кӛмектесетін бірқатар әдіс – тәсілдерді қарастырамыз.
Ата-аналар да алғашқы ұстаздай
Баланың білім алуға құқығы дүниеге келген сәттен басталады. Бірақ, бұл
баланы жылдам мектепке апару дегенді білдірмейтіндігі сӛзсіз! Білім алу - бұл тек
қана мектепке бару емес.
Бұл барлық ӛмір ағысында оқу және даму мүмкіндігін алуды білдіреді. Ата-
аналар бұл мүмкіндікті бала ӛмірге келгеннен бастап сәбиін қолына алу, баласымен
сӛйлесу және ойнау арқылы ұсынады. Ата-ана мен бала арасындағы мықты,тығыз
байланыс келесі білім алу мен дамудың негізі болатын іргетастың құрылуына
кӛмектеседі. Ата-аналар ғана ӛз балаларының алғашқы ұстаздары.
Алғашқы жылдары ата-аналар балаларының оқуына
септігі тиетін кӛптеген мүмкіндіктер бере алады. Тіпті ӛздері
білім алмаған немесе аз оқыған, ресурстары жеткіліксіз ата-
аналардың ӛзі балаларына мектепке барар алдында жақсы
серпін бере алады. Олар балалардың оқу-білімге, танымға
деген қызығушылығын оятуға, мысалы, балаларға ертегілер
мен тарихи әңгімелер оқып - әңгімелеу, ән айту, әріптер және сандармен әртүрлі
ойындар ойнау, сурет салу, басқа балалармен ойнауына мүмкіндік беру, ӛзіне жаңа
қызықты орындар мен материалдар ашуына мүмкіндіктер беру арқылы әсерін
тигізеді.
Біз, ерте дамытудың сапалы бағдарламаларына қолы жеткен балалардың
мектепте жақсы үлгеретінін білеміз. Ата-аналарға осындай мүмкіндіктерді, егер
бар болған жағдайда, пайдаланған тиімді. Сонымен бірге, бағдарлама таңдауда
олардың сақ болғаны жӛн. Жоғары сапалы, жақсы бағдарламаның формальды және
академиялық болуы міндетті емес. Бағдарлама балалардың ойын арқылы оқуына,
олардың дамуына септігі тиетін қызықты сабақтар мен шараларға ӛзге балалармен
және ересектермен бірге қатысуына бағытталу керек.
Мектепте табысты болу
Неліктен кӛптеген балалар мектептен оқшауланады немесе қалады?
Кішкентай балалар оқығанды ұнатады. Балаңыздың ӛмірге келген сәтін есіңізге
түсіріңізші. Оның миы дамыған, тек қана қосылуын күтуде. Балалардың
кӛпшілігінде алғашқы 5-6 жылда бірнәрсе дұрыс жүрмейді. Мектепте табысты
болуы үшін балаларға не керек?
- Олардың дені сау болуы қажет
Жақсы денсаулық пен дұрыс тамақтану балалардың мектепке зор ықыласпен
баруы және жақсы үлгеруі үшін ӛте маңызды. Ӛмірдің алғашқы жылдарындағы
жеткіліксіз тамақтану мидың дамуына теріс ықпал етеді; бұл бірінші кезекте ойлау
қабілетінің дамуы мен оқуына әсер етеді. Жеткіліксіз тамақтанған балаларда кӛңіл
әлсіз дамыған, олар белсенді емес және ӛз эмоцияларын бақылауға тӛмен. Мұның
бәрі баланың мектепте қиын жағдайда қалуына әкеліп соқтырады. Бала мұндай
жағдайда мектепке деген қызығушылығын тез жоғалтуы және сабақтарға қатысуды
тоқтатуы мүмкін. Жиі ауыратын балалар да сабақтардан кӛп қалады және
сыныптастарынан үлгерімі тӛмен болады. Мектеп оларға тартымды болмай қалады,
сол себептен ондай балалар сабаққа қатыса жүріп, тӛмен білім алуы мүмкін.
- Олар балалармен достасып үйренуі және құрбыларымен бірге ойнаудан
ләззат ала білуі қажет
Кӛптеген кішкентай балалар үшін мектепке барған кезде достар табу ӛте
маңызды. Мектеп ӛмірін бастаған уақытта балалар ӛзге балалармен және жанұядан
тыс ересектермен қарым-қатынас жасай білуі қажет.
- Олар оқудан ләззат алуы қажет
Дені сау кішкентай бала табиғатынан ізденгіш
және ӛзін қоршаған әлем туралы бәрін білгісі келеді.
Егер бұл ізденгіштік дамытылған болса, яғни, бала
бойындағы
зерттеуге,
әртүрлі
материалдармен
ойындарға
деген
ынтаны
қолдаса,
ересектер
балалармен әңгімелесіп, сұрақтарына жауап берсе,
онда балаларға оқыған ұнайды және жағымды мектеп
ортасында олар табысқа жететін болады.
Мектепте оқуды бастаған кезде балалар нені білуі қажет?
Мектепте оқуды бастаған кезде балалар кӛптеген нәрсені білуі керек деген
тұжырым бар. Кестеде келтірілген білім мен дағдыларға қаралық, ата-аналарға
кӛмектесетін бірнеше ақыл-кеңестер ұсыналық.
Мектепте оқуды бастаған кезде
балалар нені білуі қажет?
Ата-аналар қалай кӛмектесе алады?
- Әлеуметтік және
эмоционалдық дағдылар:
- Ӛзге балалармен және
ересектермен жағымды ӛзара
әрекеттесу
- Ережеге сүйену
- Ӛзгелермен кезектесе отырып,
бірнәрсе жасау
- Бірге жұмыс істеу
- Оқу құралдарымен,
жабдықтарымен бӛлісу
- Ӛзгелер пікірімен санасу
- Ӛзінің қылығын жеткілікті
жақсы бақылау
- Ӛмірге келген сәттен бастап, баламен
тығыз байланыста болыңыз.
- Балаңыздың ӛзге балалармен жиі
ойнауына, әсіресе үш жасында, ықпал етіңіз.
- Егер ойын кезінде балалар арасында дау
болған жағдайда, олардың ӛзі шешуіне
мүмкіндік беріңіз. – Балалар кезектесіп
және бір-бірімен бӛлісіп ойнайтын
ойындар ойнаңыз.
- Балалар үйде дағдыланатын жай
ережелер құрыңыз.
Ӛзіне кӛмек дағдылары:
- Ӛзін-ӛзі күте білу-
дәретхананы пайдалану, киіну,
тамақтану және т.б.
- Ӛзінің дүние-мүліктерін қарау
- Қауіпсіздік ережелерін сақтау
- Балаларды дәретхананы пайдалануға,
қолын жууға, тісін тазалауға, киінуге
және т.б. үйрету
- Егер мектепте тағам салынған сӛмке
немесе қорапша ұстау қажет болса,
балаңызды оны қолдануға, ашып-жабуға
мектепке бармай тұрып үйретіңіз.
- Балаңыздың атын барлық мектеп
құралдары мен киіміне жазып қойыңыз
- Балаңызға биреу тиіскен немесе
қорқытқан жағдайда не істеу
қажеттігін түсіндіріңіз.
Физикалық дағдылар:
- Мектеп ойындарына қатысу –
жүгіре білу, лақтыру, қағып алу,
допты аяқпен тебу және т.б.
- Қолда дұрыс ұстау
-Балаңызбен оның физикалық
дағдыларын дамытатын - жүгіру, лақтыру,
қағып алу, допты аяқпен тебу және т.б.
ойындар ойнаңыз.
- Балаға тапсырма беріңіз.
- Жазба мүліктер
- Қайшыны қолдана білу
- Қарындаш пен қылқаламды дұрыс
ұстау
- шынықтырылған қолдар мен саусақтар;
мысалы, ұсақ нәрселерді алу үшін
қысқыш пайдалану, қамырмен ойнау.
- Қарындаш пен сурет салуға арналған
қылқаламды пайдалануға кӛбірек мүмкіндік
беріңіз (мүмкіндігінше, қалың, қою).
- Баланы қайшыны қолға ұстауға және
онымен қолдануға үйретіңіз, ұштары
қайраусыз кішкентай қайшыны
пайдаланатын тапсырманы кӛбірек беріңіз.
Тіл дағдылары:
- Мұқият тыңдау
- Анық сӛйлеу
- Ойыңды дұрыс жеткізу үшін
сӛздер қолдану
- Кӛптеген мұғалімдер балалар
ӛз есімін жазып білуі керек деп
күтеді.
- Тыңдау
- Баламен кезектесе сұрақ қою және жауап беру
арқылы әңгімелесу.
- Ертегілер мен тарихи шежірелер
оқу және әңгімелеу, баладан түсінгенін
қайталап айтуын ӛтіну.
- Бірге әуен тыңдау және оны талқылау.
- Тыңдау ойындарын ойнау, мысалы:
сыбырлау, кӛшедегі дыбыстарды ажырату
және т.б.
- Бала орындай алатын қарапайым
тапсырма беріңіз. Тапсырманы
қайталамауға тырысыңыз; мұндай жолмен оны
мұқият тыңдауға үйретесіз.
- Балаңыз нашар естиді деп санасаңыз,
уақытында кӛмекке барыңыз.
- Сӛйлеу.
- Жаңа сӛздер қолдана отырып баланы
сӛйлеуге тартыңыз. Сұрақ қойыңыз және бала
жауабын тыңдаңыз.
- Сақ болыңыз: баланың сӛздік қателерін жиі
түзете бермеңіз, бұл баланың аз
сӛйлеуіне, сенімсіздігіне әкеледі.
- Бала кӛбірек сӛйлейтін ойындар мен
сабақтар қолданыңыз, қуыршақтар,
ертегілер, рӛлдік ойындар, серуендер және т.б.
- Фотолар мен иллюстрацияларды қолдана
отырып, балаңыздың сабақтары
туралы ӛз кітабыңызды жасақтаңыз.
Математика
- Санамақ білу.
- Кеңістік ұғымдарын білдіретін
сӛздерді ұғыну – жоғары, тӛмен,
соңында, жанында және т.б.
- Ұқсастығы мен
айырмашылықтары бойынша
нәрселерді топтау.
- Санамақпен бірге рифмалық ӛлеңдер мен
әндер айту. Мұндай ойындар
нәрестелерге де ұнайды.
- Балаларға ойындар үшін әртүрлі кӛлемдегі
және пішіндегі шаршылар беру.
- Балалармен сӛйлесе немесе оларға
тапсырма бере отырып, санамақты
қолданыңыз.
- Балаңызбен бірге жүріп нәрселерді
санаңыз, мысалы: баспалдақпен
кӛтерілгенде, жұмыртқа жинау арқылы
және т.б.
- Балаға жеміс-жидектер, жапырақтар,
кез-келген нәрселер арқылы іріктеу мен
топтауды ұсыныңыз. Олардың ұқсастығы мен
айырмашылығы туралы талқылаңыз.
- Балаңызбен қандай да бір объектінің астына,
артына, маңына жасырынып қалатын ойын
ойнаңыз, бұл жағдайда бала естиді және бұл
сӛздердің мағынасын оңай ұғады.
Мектепке барар кезі жақындағанда, ата-аналар мен жанұяның басқа
мүшелері баланы, яғни:
- Баласымен бірге мектепке бару;
- Мектепте баланы кӛптеген қызықты сәттер күтіп тұрғанын айту арқылы
дайындай алады.
Ал, бала мектепке барғаннан кейін ата-аналар:
- Баласымен мектеп туралы әңгімелесуіне, мектепте жаңа нені оқып-үйренгені
туралы қызығушылықтарын білдіруіне болады.
- Мектеп ӛмірінің жұмыстарына қатысады.
Сыныпта ойындар мен белсенді оқытулар ұйымдастыратын бірінші және екінші
сынып мұғалімдеріне кӛмектеседі. Мұндай жағдайда бала кӛп нәрсеге үйренуі
мүмкін.
Тӛмендегідей тиісті тақпақтар арқылы сандарды үйрену үлгісі:
ОНҒА ДЕЙІН САНАЙЫҚ!
Қолға қалам алайын,
Қанша сан бар жазайық.
Қарап тұрмай, сандарды
Қайта-қайта санайық.
Достарыңызбен бөлісу: |