Оқушылар:
- пропорция ұғымын түсінеді;
- пайыз ұғымын түсінеді;
- Санның пайызын, пайызы бойынша санды табады;
- пайызға берілген есептерді пропорция арқылы шешеді.
Сабақ барысы
Сабақтың кезеңі
Педагогтің әрекеті
Оқушының әрекеті
Бағалау
Ресурстар
Басы 7 минут
Ұйымдастыру сәті Амандасу. Көңіл күйлерін смайликтер арқылы білу. Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру
Үй тапсырмасын тексеру. Ой қозғау: 1. Жай бөлшек пен бөлу амалының арасындағы байланысты мысалмен көрсет.
_________________________________________________________________________
2. Жай бөлшекке мысал келтіріп, оған кері санды тауып, қалай орындағаныңды түсіндіріп бер:____________________________________________________________________
______________________________________________________________________
3. АВ кесіндісінің ұзындығы 5см. , СД кесіндісінің ұзындығы 2см. АВ кесіндісінің СД
кесіндісіне бөліндісін тап _____________________________________
Өлшем бірлігін миллиметрге айналдырғандағы бөліндісін жаз:________________________
Бұл екі бөлінді нені білдіреді? ___________________________________________
___________________________________________
АВ кесіндісі СД кесіндісінен қанша есе үлкен болды? _____________________________________
4. Мына проценттерді бөлшекпен жаз:
6% = ____ ; 12% = ____ ;
25% = ____ ; 75%= ____ ;
Психологиялық ахуалға берілген тапсырманы орындайды
Өз бетімен жаңа тақырыпты меңгеру. Қатынас анықтамасын жаз:
___________________________________________
Екі санның қатынасын әріппен жаз:
Алдыңғы Соңғы
мүшесі мүшесі
Оқылуын ауызша айт.
Қатынасқа бірнеше мысал келтір: ___________________________________________
Оларға кері қатынастар жаз: ___________________________________________
Жай бөлшекке кері санды табу мен қатынасқа кері қатынасты табудағы ұқсастықты түсіндір:
___________________________________________
Берілген қатынасқа тең қатынас қалай табылады: ___________________________________________
Мысал келтір: ___________________________________________
Екі санның қатынасын процентпен өрнектеу үшін
___________________________________________
Жаңа тақырыптың мақсатын түсіну үшін мына есептерді жалпы сыныппен талқылау:
1-есеп. Шебер 18 сақина дайындаған уақытта, оның шәкірті 12 сақина дайындайды. Олар бірлесіп жұмыс істеп, 180 сақина дайындады. Шебер неше сақина, шәкірті неше сақина дайындады?
Шешуі: 1) 18 : 12 немесе 3:2 қатынасындай.
3 + 2 = 5
180 : 5 = 36
36 ∙ 3 = 108 , 36 ∙ 2 = 72
Жауабы: 108 сақина , 72 сақина.
2-есеп: 350 г тұзды су ерітіндісі дайындалды. Ондағы тұздың массасының судың массасына
қатынасы 2: 5 қатынасындай. Ерітінді құрамында неше грамм тұз бар? Неше грамм
су бар?
Шешуі: 1) 2 + 5 = 7
2) 350 : 7= 50 (г)
3) 50 ∙ 2 =100 (г) , 50 ∙ 5 =250 (г)
Жауабы: 100 г ; 250 г.
- Берілген қатынас мүшелерінің қосындысын табу керек.
- Санды табылған қосындыға бөлу керек.
- Шыққан нәтижені қатынас мүшелерінің әрқайсысына жеке-жеке көбейту керек.
ҚБ:«Бағдаршам»оқушылардың өздерінің қаншалықты түсінгенін көрсетудің жылдам тәсілі. Оқушыларға қызыл, сары және жасыл түсті карточкалар беріледі.