Annotation
Lorenz built a
mathematical model
of the way air moves around in the
atmosphere
. As Lorenz
studied weather patterns he began to realize that they did not always change as predicted. Minute
variations in the initial values of variables in his twelve-variable computer weather model (c. 1960)
would result in grossly divergent weather patterns.
[2]
This sensitive dependence on initial conditions
came to be known as the
butterfly effect
(it also meant that weather predictions from more than about
a week out are generally fairly inaccurate).
445
Lorenz went on to explore the underlying mathematics and
published
his conclusions in a
seminal work titled Deterministic Nonperiodic Flow, in which he described a relatively simple system
of equations that resulted in a very complicated dynamical object now known as the
Lorenz attractor
.
References:
1)
Chapra, Steven C.
Applied numerical methods with MATLAB for engineers and scientistsW. 3rd ed. - 2012
ISBN 978-0-07-340110-2
2) Attaway, Stormy.
MATLABW: a practical introduction to programming and problem solving. 2nd ed. - 2011
ISBN 978-0-12-385081-2
3/1- СЕКЦИЯ
“ҚАЗІРГІ ГУМАНИТАРЛЫҚ ҒЫЛЫМДАРДАҒЫ ӘДЕБИЕТТАНУ ЖӘНЕ
ЖУРНАЛИСТИНАНЫҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ”
УДК 82.0
МАҒЖАН ӨЛЕҢДЕРІНДЕГІ БЕЙНЕЛІЛІК: ЖАРЫС ҰҒЫМДАРДЫҢ ТАНЫЛУ
БЕЛГІЛЕРІ
Байғабылова Гүлнұр
Сүлейман Демирель атындағы университет
Ғылыми жұмыстың проблемасы: Мағжан символизмі аясында жарыс ұғымдар
идеясының мәнін ашу. Жарыс ұғымдардың танылу (гносеологиялық), ақиқаттық (обьективтік)
және өзіндік жеке (субьективтік) белгілерін зерттеу.
Ғылыми жұмыстың болжамы: ақын символизмінен туындайтын «жарыс
ұғымдар»терминінің идеясы мен мәні толық ашылады. Ақынның сөз бен ойды, образ әлемін
жарыстыра суреттеудегі еркіндігі, ерекшелігі талданады.
Зерттеу жұмысының мақсаты: ХХ ғасырдағы қазақ әдебиетінің ұлы тұлғасы, Абай
шыңына иықтаса орналасқан сеңгірі, сыршыл өлең сөздің бәйге бермес шабандозы (2-5-б.)
Мағжан Жұмабаев поэзиясының аясында жарыс ұғымдар символы идеясын талдау, сол арқылы
зерттеу жұмысына тың сипат, мазмұн беру.
Зерттеу нысандары:
- Ақын өлеңдерінің бейнелік сипатын танып- білу;
- Мағжан символизмінің ерекшелігін таныту;
- Жарыс ұғымдар терминінің символмен байланысын зерттеу;
-Жарыс ұғымдардың танылу (гносеологиялық) ақиқаттық
(объективтік) және өзіндік жеке (субъективтік) белгілері, көркемдік
тәсілін, мәнін анықтау;
Зерттеу жұмысының құрылымы: жұмыс кіріспеден, зерттеу және қорытынды
бөлімдерден тұрады.
Ғылыми жұмыстың теориясы Мағжан ақынның поэзиясымен, оның жекелеген
өлеңдермен байланыстырылады.
Жұмысты жазу негізінде талдау, пайымдау, салыстыру, сараптама әдістерін таңдап
алған.
Зерттеу жұмысы кезінде белгілі мағжантанушылардың еңбектері мен түсіндірме
сөздіктер қаралды.
446
Жалпы, зерттеу жұмысының жаңалығы- рухани дүниетаным зерттеушілік тұрғысынан, әдеби
тұрғыдан ерекшелігі- еш жерден көшірілмегендігі.
Дербестік дәрежесі жоғары, себебі жас зерттеушілер Мағжан өлеңдерін зерттеу
барысында жарыс ұғымдар терминін енгізе отырып, зерттеуге өз пайымдауларымен келген.
Жұмыстың нәтижесі ғылыми еңбекте толық көрсетіледі. Сонымен қатар, зерттеудің
түйіні философия ғылымымен, қазақ әдебиеті және сөз өнері тарихымен сабақтасып жатыр.
Ғылыми жұмыстың маңызы зерттеу еңбегін сынып сағаттарында, дәрістерде,
сабақтарда, әр түрлі тәрбиелік шараларда пайдалануға болады.
I Кіріспе
Жұмыстың жалпы сипаттамасы
Қазақ әдебиетінің ұлы тұлғаларының бірі, алдыңғы толқын – Абай мұрасын, Абай
дәстүрін жалғастырушы Мағжан Жұмабаетың қоғамдық-саяси, ағартушылық қызметі – бір
бөлек әңгіме де, ал бірегей ақындық әлемі – әлі толықтай зерттеліп болмаған аса ауқымды ғылым.
Сондықтан аталмыш жұмыста болмысы биік, мәдениеті жоғары, Батыс пен Шығыс әдебиетін
поэзиясында шеберлікпен үйлестіре білген ұлы ақын Мағжан өлеңдері арқылы жарыс ұғымдар
символын зерттеуді басты мақсат еттік.
Ақынның сүбелі өнер туындысына жаңа көзқараспен қарай отырып, жарыс ұғым
идеясына көңіл аудартуды жөн көрдік. Себебі ақын символизмін осы жарыс ұғымдар арқылы
таныту – ақынның көркемдік тағылымына жан бітіретін тақырып деп айтуға болады.
Қазақ тілі тарихын зерттеу әдісі жөнінде лингвистика ғылымында күні бүгінге дейін
диахрония, анахрония, синхрония, анхрония, панхрония т.б. сияқты бірнеше көзқарас қатар өмір
сүріп келеді. Әрине, мұның өзі арғы тегі лингвистика теориясындағы абстракциялардан туған
талас-тартыс болатын. Ол тілді тарихи категория деп тануға әкелді. Олай болса, қазақ
әдебиетінде де классицизм, символизм, реализм, романтизм, импрессионизм сияқты бағыттар әр
дәуір әдебиетінде қызмет жасағаны, қоғамның басты "күшіне" айналғандығы қазақ әдебиеті
тарихынан белгілі. Олай болса, XIX ғасырдың аяғы мен XX ғасырдың басында Еуропадағы
әдебиет пен өмірден бастау алған символизм мектебінің көрнекті өкілі Мағжан өлеңдерінің
ерекшелігі – бейнешілдікпен дараланса, сонымен қатар, ақын өмірі – ұлтымыздың оянуына
сәйкес келді.
Біздің зерттеу нысанымызға алған жарыс ұғымдар идеясы – құдіретті ақын Мағжан
символизмінің ішкі табиғатын танытатын, мағыналық-көркемдік, танымдық балама
термин. Символдардың танылу (гносеологиялық), ақиқаттық (объективтік) және өзіндік
жеке (субъективтік) белгілерін таныту арқылы біз ұлы ақынның өлеңі мен өмірінің
сырларына жақындай түстік. Символ табиғатындағы жарыс ұғымдар бізді ойландырды әрі
ізденіске негіз салды.
Зерттеу бөлімі
I тарау
Мағжан өлеңдерінің бейнелілік сипаты
XX ғасыр әдебиетінің ұлы тұлғаларының бірі С.Мұқанов «ХХ ғасырдағы қазақ
әдебиеті» еңбегінде Мағжанның ақындығы туралы былайша баға береді: "Ақындық жағына
келгенде, Мағжан, әрине, қазақтың күшті ақындарынан саналады. Қазақтың тілін байыту
ретінде, әдебиетіне түрлер енгізу ретінде Мағжанның еңбегі көп. Абайдан кейін тіл өнегесінде
Мағжаннан асқан ақын қазақта болған жоқ [1-283]". Осы пікірге жүгінсек, Мағжан ақынның
суретшілігі, оның ғажайып поэзиясының келісті де көркем әлемі әлі талай ғылыми еңбектерге
сұранып тұрғандығы ақиқат.
447
Мағжантанушылардың
бірі,
филология
ғылымдарының
докторы,
профессор
Ш.Елеукенов 1995 жылы жарық көрген "Мағжан" атты ғылыми еңбегінде ақынның поэзиясын
былайша жіктеп, тұжырым жасайды:
1. Жанрлық жағынан келгенде, ол қазақ лирикасын жетілдірді. Поэзиямыздың сыршылдығын
тереңдетті.
2. Мағжан әр туындысынан өзі көрініп отыратындықтан, оның қолтаңбасын басқа біреулермен
шатастыру мүмкін емес. Ақын өлеңдерімен бірсыдырғы таныс болсаң, сол өлеңдердің қай жылы,
қандай жағдайда туғанына дейін біліп отырасың. Ол қазақ поэзиясын жаңа сападағы
бейнелермен байытты. Ол – жаңа творчестволық контекст иесі.
3."Мағжан қазақ өлеңі өлшемдеріне жаңалық енгізді. Өлең техникасын жетілдірді, жаңа
өлшеулер шығарды, тілді ұзартты". (Ж.Аймауытов)
Мағжан жөнінде бұрын-соңды жазылып жүрген мақала, зерттеу, эсселердің бірқыдыруы
"Бес арыс" жинағында (1992) жарық көрді. Бұлардың ішінде Ж.Аймауытовтың «Мағжанның
ақындығы туралы» көлемді мақаласы, ақын шығармагерлігі жайлы М.Әуезов, Б.Қожанұлының
пікірлері, Мағжан жайында С.Құдаш, Б.Кенжебаев, Ғ.Қаһарманов естеліктері т.б. бар [2-163]
Жалпы, сонау Майқы би мен Аяз би заманынан бастап, адамның ақыл–ойы, парасаты,
жаратылыспен байланысы, адам болмысы, өмір мәні – бәрі ұлы тақырыпқа айналып, пәлсафалық
толғаммен үнемі жырланып келеді. Кейінгі ақылмандар да осы үндестіктің ақиқаттық сипатын
ашуға тырысып, табиғатпен сырласу арқылы өздерінің жан тебіренісін оқырмандарына
сезіндірді. Көптеген дала дарындары, ұлы қыпшақ ұлысының феномендері таңғажайып
ойларымен артқыға сара жол, тың қолтаңба қалдырды. Солардың бірі – ұлы ақын Мағжан
Жұмабаев еді. Ол символизмнің соны соқпағына түсіп, қазақ әдебиетінде бұрын-соңды болмаған
тың әдеби әдісті өзінше жетілдіріп, бояуға бояу, түрге түр енгізді.
Ғалым, профессор Ш.Елеукенов өз зерттеуінде былай дейді: - Мағжан жаңа форма, жаңа
пішінді басқалардан ерекшеленейін деп іздеген жоқ. Өмір сырын тереңірек түсінгісі келді. Кейде
жаңа форма, пішіннің қуатымен жаңа мазмұн ашылмақ. Көркем принциптер соны ойға жол
ашатын құрал ғана емес, сол ойдың өз бітімі де. Символизмге Мағжан романтикаға берілгендігі
себепті барды десек, қателесер едік. Ақын бұл әдіске барғанда, символизм болашақ пердесін
ашатын жаңа мифология туғызады, келешек суретін саясатшылар емес, ақындар салып береді
дегенге кәміл сенді, - дей келіп, оның поэзиясына тән тың бейнелеулер қазақ поэзиясын XX
ғасырда шұғылалы көкжиекке, заңғар биіктікке дейін көтергендігін қолдайды.
Мағжан өлеңдерінің жалпы табиғаты, өлең кестесі, тілі төңірегінде жазылған зерттеу-
монографиялық еңбектерінің негізгі түйіні ақын символизміне келіп тіреледі. Ұлы дарынның
ақындығының шыңы да, оның поэзиясының бейнелелігі де символистік ерекшелігінде
жатқандығын ешкім де жоққа шығара алмайды.
Символизм — ХІХ ғасырдың соңғы ширегі мен ХХ ғасырдың басында Еуропада әдебиет
пен өнерде өріс алған ағым. Символизмнің шығуына буржуазиялық мәдениеттің дағдарысқа
ұшырап, тарихи-әлеуметтік жағдайдың өзгеруі себеп болды. Символизм ағымында жазылған
шығармалар шындықтан аулақтап мистикаға, декаденттік сарындарға бой ұрды деп те
айтатындар бар. Алайда Мағжан сияқты символистер көркемөнердің қоғамдық-әлеуметтік мәнін
ұлығылап, адам болмысын, қоғам жайын танытуды құп көрді. Ал бұған қарама-қарсы кейбір
символистер әлеуметтік мәселелерден бой тартты.
Символизм эстетикасының негізі ХІХ ғасырдың 60-70-жылдарында П.Верлен,
С.Малларме, А.Рембро т.б ақын-жазушылардың шығармаларында көрініс тапты. Символистер
теориялық түп қазығын немістің идеалист философтары А.Шопенгауэр, Э.Гартман, Ф.Ницше
еңбектерінен алды. Ресей символистері батыстық символистердің ұстанған бағытын қабылдап,
идеалистік философия тұрғысында шығармалар жазды (Д.Мережковский, Ф.Сологуб,
З.Гиппиус, К.Бальмонт, т.б.). Орыс символистері сөз өнерін тереңдете мәнерлей түсті. Алғаш
символизм ауқымында біраз шығармалар жазған орыстың көрнекті ақын-жазушылары А.Блок,
448
В.Брюсев, т.б. кейінірек бұл бағыттан мүлдем бас тартты. Қазақ әдебиетінде символизм кең өріс
алмағанымен, оның әсері ХХ ғасырдың алғашқы ширегінде М.Жұмабаев, Б.Күлеев, С.Дөнентаев
т.б. қаламгерлер шығармаларында бой көрсетті. Реализм мен импрессионизм бағытынан бас
тартқан символист-суретшілер картиналарының сюжетін көбіне мифология, мистикалық немесе
фантастикалық сюжетке құра отырып, осыған орай кескіндемелік туындыларында адамның
психологиялық көңіл-күйі мен сезім иірімдерін пошым, сызық пен бояу түсі арқылы беруге
ұмтылды. Бейнелеу өнерінде Г.Моро, О.Редон, П.Гоген, А.Беклин, Э.К. Берн-Джонс, М.К.
Чюрленис, М.А.Врубель сынды қылқалам шеберлері символистік бағытта көркем туындылар
жасады. Ал Мағжан Жұмабаев болса, символистердің жүрген жолымен жүре отырып, бірақ
басқа үнмен, басқа қабылдаумен өмір сүрді.
ХХ ғасырдың басындағы қазақ әдебиетінің тарихында өзіндік бейнешілдік стилімен
дараланған, Мағжанның жаңашылдығы әлем әдебиетіндегі символизмнің пайда болуымен де
байланысты.
Символизм алғаш әлем әдебиетінде романтизммен бірге болды. Кейін романтикалық сарын
өршіл және кері тартпа болып екіге бөлінгенде, ойды бейнелеп жеткізуде шындық пен
жалғандықтың ара салмағын өлшеп көрсететін әдеби құралға айналып, ХІХ ғасырдың ортасында
әдебиетте романтикалық сарын мен реалистік шындыққа қосымша – жаңа әдеби әдіс болып,
Европа және орыс әдебиетінде қалыптасады.
Символизм қоғамдағы саяси ахуалдың өзгеруіне байланысты, бірде күшейіп, бірде
жоғалып отырады. Оны пайдаланушылардың да көзқарастары әр түрлі болады. Өмірдің
шындығын шығармада ашып жазудың қажеті жоқ, оқыған адам қалай қабылдаса солай болуы
керек дегендер, сөз сиқыры арқылы айтпақ образды ойларын оқырман санасына сендіру арқылы
жеткізіп, қайғыртып, қуантып, түрлі көңіл күйге бөлеуі керек деушілер де табылды.
Символизмге: «Оқырман мен суреткерді жақын табыстыратын тәсіл», - деп А.Толстой жоғары
баға береді.
Символизм күш ала келе әдеби стиль ғана емес, қоғамда өзгерістер жасайтын саяси қару,
экономикасы тұралап жатқан елдердің, ішкі ынтымағын ыдыратып, төңкеріліс жасап, басып алу
мақсатындағы соғыс тәсіліне де айналды
Қоғамға тың үнмен келген Мағжан ақын өз өлеңдеріндегі символдар арқылы өзі өмір
сүрген қоғамдағы қуатты ақын екендігін байқатты.Олай болса, ашық та еркін идеяға толы ақын
символизмі айналасындағы зиялы топқа ықпал етпей қалған жоқ. Талғамы биік ақынның
өлеңдері оның бейнешілдік бітімін басқалардан ерекшелеп тұрды.
Мағжан өлеңдерінің бейнелілігі – оның поэзиясының көркемдік деңгейінен ғана емес, ақын
символдарындағы мән мен мағынадан, яғни, суреткердің қоршаған ортаны қабылдаудағы
көзқарасынан , соны жанды образға айналдыра білу мәдениетінен айқын байқалады.Ақынның
бейнелі сөз қолданыстары оның көркем ойын, табиғатпен бірліктегі сезімталдығын ғана
байқатып қоймайды, оның ерекше стильдегі тұлға екендігін аңғартады.
Мағжан ақынның бейнешілдігін мағжантанушылар оның тілімен, өзіндік сөз бояуымен
байланыстырады. Сөз өнері теориясынан белгілі көркем ойды бейнелі жеткізудің қалыптасқан
поэтикалық жүйесі бар:
Троптар – фигуралар - ауыспалы мағынадағы поэтикалық құралдар-фразеологиялық
тіркесті сөздер- риторикалық канондық айшықтаулар- мақал-мәтелдер құрылымындағы
шешендік сөздер т.б. Әрине, Мағжан ақынның суреткерлік көркем суреттеу құралдарын: теңеу,
эпитет, метономия, кейіптеу, т.б. айтпағанның өзінде оның қайталау элементтері ақынның алуан
түрлі тәсіл-әдістерді жетік меңгергендігін білдіреді. Мағжан ақын поэзиясындағы мінсіз сөз
тізбектерін құрайтын «Шолпы», «Толқын», «Жел», «Сағындым» т.б. қайсыбір өлеңдерін алып
қарасаңыз да, ақынның көркем ойлау жүйесін көрсететін бейнелер: шолпы – сезім, толқын –
табиғи жалғастық, жел – уақыт, жел – күңіренген тұтқын, қобыз – кие... т.б. метафоралық
тізбектердің өзі-ақ ақын бейнешілдігінің бөлектігін сездіреді. Байыптап қараған оқырманға бұл
449
– Мағжан бейнешілдігінің бір қырын аңғарту ғана, ең бастысы, оның бейнешілдігінің
ассоциациялық ерекшелігі әлі де болса бізге толықтай зерттелмей жатқандай көрінеді. Осыларды
атай келіп, біз ұлы дарын, ерекше құбылыс Мағжан ақын бейнешілдігінің ассоциоциялық
ерекшелігін төмендегіше жүйелеп көрдік:
Ақын бейнешілдігінің ассоциациялық ерекшеліктері
Символ мен мінез
Символ мен тарих
Символ мен рух
Символ мен халық
Символ мен Ата тек
Символ мен келешек
Символ мен ғылым
Символ мен табиғат
Символ мен көзқарас
Символ мен өмір сүру
Символ мен өркениет
Символ мен руханият
II тарау
Мағжан символизмінің ерекшеліктері
Сократ хакімнің атынан берілетін 27-қара сөзінде Абай былай дейді: "Бұл ғаламды
көрдің, өлшеуіне ақылың жетпейді... және қандай лайықты жарастықты закүнімен жаратылып,
оның ешбір бұзылмайтындығын көресің. Бұлардың бәріне ғажайып таң қаласың... есебіне,
өлшеуіне ой жетпейтұғын дүние әрбір бір түрлі керекке бола жаратылып және бір-біріне
себеппен байланыстырылып, пенденің ақылына өлшеу бермейтұғын мықты көркем законға
қаратылып жасалған». Міне, қарап отырсаңыз, жаратылыстың, табиғаттың, жалпы болмыстың
тілін біліп, оны сөйлету, жандандыру, оның сырларын танып-білу – тек хас шебердің қолынан
келсе ғана керек. Әлем сырын суретші де, жазушы да, қарапайым адам да өз әдебінде зерттейді.
Сөз жоқ, айнала табиғат, ғалам, өмір, жаратылыс, құбылыс, адам өмірі – бәрі сұранып тұрған
символдар.
Мағжанның символикалық сипатта жазылған туындыларын ғалым, филология
ғылымының докторы, профессор Шериаздан Елеукенов бес топқа бөледі [2-203]. Бүгінде ақын
символизмін зерттеуші мағжантанушылар оның бейнешілдік қырына әр түрлі көзқарас пен пікір
білдіріп келеді.
Ақын өлеңдеріндегі символдар – әлеуметтік-қоғамдық қайшылықта өмір сүрген ақынның
біртұтас-бірегей тұлғасын танытатын құрал болды деп айтуымызға негіз бар. Олай дейтініміз,
ақын бейнелерінен өзгеше бір ізденіс көрініп тұр. Біз Мағжан поэзиясын сүйетін және оның
теңдесі жоқ шығармашылығын құрметтейтін жас буын жас ретінде ақын өлеңдеріндегі
символдардың ерекшелігін зерттей отырып, төмендегіше көзқарас білдіріп, ақын
символдарының ерекшеліктерін өзімізше төмендегіше топтадық:
Зерттеуге алынған өлеңдер Символдар
Символдардың ерекшелігі
«Пайғамбар»
Күнбатыс-Күншығыс
Жалпыны жекеге айналдыру
ерекшелігі
«Сүйемін»
Алаш елі
Жеке құбылысты жалпыға
айналдыру
«Шолпы»
Сұлулық
Заттық ұғымды жандандыру
Сағындым
Қалың елі
Мағыналық-сапалық
сипат
беру
«Толқын»
Өмір
Табиғаттық-мағыналық
түсінік
«Жел»
Өксік-мұң
Төңкерісшіл-табиғи
сипат
беру
450
«Мен жастарға сенемін»
Келешек
Прогресшіл-оптимистік сана
сипаты
Ақын өзінің бірегей туындысы «Пайғамбар» өлеңінде жалпылық ұғымда саясатты ала
отырып, Күншығысты идеал тұтады. Күншығыс-ақынның жеке дара елі – Гун елі.
Қайғыланба,соқыр сорлы, шекпе зар
Мен-Күн ұлы, көзімде Күн нұры бар.
Мен келемін, мен келемін, мен келем
Күннен туған, Гуннен туған пайғамбар.
«Гун – түріктің арғы атасы»,- деп ақынның өзі ескерпе беріп кеткендей, бұл өлеңде ақын
ұлттың таңдау жолына, болашағына Гундік, Шығыстық көзбен қарап ғана қоймай, өткен
тарихыңды қадірле деген ишаратты,мақтанышты да анық сездіртіп тұр. Бұл- ақынның жеке дара
мақсаты, таңдауы.
Ал, «Сүйемін»өлеңінде ақын қарт анасын, жарын,Арқасын суреттей-жырлай отырып
былай дейді:
Ұйқы басқан қабағын
Бастыра киген тымағын
Жалқаулықты жар көрген
Жүрген ескі заңымен
Алдындағы малымен
Бірге жусап, бірге өрген,
Алаш деген елім бар,
Неге екенін білмеймін-
Сол елімді сүйемін,- деп жеке азаматтық сезімін күйініш-сүйінішін жалпыхалықтық
құрмет сезіміне- жалпылық ұғымға яғни, елдікке,өзінің ұлы мұраты- халқын шынайы сүю
мақсаттарына айналдырады.
Сайып келгенде, ұлы дарын Мағжан Жұмабаев символдарын ақыл-ой елегінен өткізген адам ғана
ондағы ерекшеліктерді , лұғатты пікірді көрер еді.
Жарыс ұғымдардың өзіндік белгілері, көркемдік тәсілі
Мағжан Жұмабаев шығармашылығының басты ерекшелігі- ақынның өз оқырманымен
жүзбе-жүз, ашық сөйлесуі.Әсіресе, соның ішінде, өзінің жан сырын әр түрлі әдіспен ,
шеберлікпен келістіре сөйлете алуы деп айтуға болады.
Көркемдік пен логикалық таным көрінісінің мейлінше бейнелілігін білдіретін ақын
поэзиясынан әдетте тәжірибелілік, даралық, көрегендік,с онымен қатар, өз ортасымен де,
қоғаммен де байланысын, ерекше ізденісін байқауға болады.Мағжан ақын өз өлеңдерінде
табиғаттың, жаратылыстың, адам құдіретінің жалпы болмысын ашуға тырысты.Мұны
өлеңдерінде жарыс ұғымдар арқылы танытады.
Біз Мағжан ақын шығармашылығын зерттеу барысында жарыс ұғымдар терминін
жалпылық сипатта қолдана отырып, оның ішкі мәніне үңіліп, астарын ашуға, жекелеп, даралап
аңғартуға тырыстық.
Жарыс ұғымдар термині -құдіретті ақын Мағжан символизмінің ішкі табиғатын
танытуға негізделген мағыналық- көркемдік, танымдық балама идеяны білдіретін
шартты ұғым.
Жарысу, қатарласу,өкшелеу өлшемдестігін білдіретін бұл идеяны ақын өзінің өлең
жазудағы әдіс-тәсіліне айналдыра отырып,символизм кеңістігіне бөлек өрнек салады.
Қарап отырсаңыз, осы жарыс ұғымдардың өзіне тән белгілері бар. Табиғатпен қауышып
сырласқан ақын ғана жаратылыстың ееркшелігін көре алады, өйтпесе символист бола ма? Жарыс
ұғымдарды танып-білу барысында оған тән төмендегі белгілерді талдап көрейік:
451
Жарыс ұғымдардың белгілері:
1.Танылу (гносеологиялық) белгісі.
Гносеология – философиялық термин. Таным және оның түрлері, жолдары туралы
философиялық ілім. Гносеология дүниені танып-білуге бола ма деген сұрақтарға жауап
береді.
Ақын өлеңдерінде дүниені, өзі өмір сүрген қоғамды қалай таныды деген идеялықтанымдық
ойларға жауап береді.
2.Ақиқаттық (обьективтік )белгісі.
Ақиқат-философиялық термин. Шындық,дұрыстық
3.Өзіндік жеке (субьективтік) белгісі.
Ақын өз поэзиясында қандай жарыс ұғымдарды пайдаланды, оны жан-жақты, егжей-тегжейлі
көрсету үшін біз талдауымызды кестеге түсірдік.
Кесте №1
Өлеңнің
атауы
Жарыс ұғымдар
Танылу
(гносеологиял
ық)
белгісі
Ақиқаттық
(обьективтік)бе
лгісі
Өзіндік жеке
(субьективтік)бе
лгісі
«Пайғам-
бар»
1.Күнбатыс-
Күншығыс
2.Күншығыс-
Пайғамбар
3.Күншығыс-
Алтынсызық
4.Күнбатыс-
қараңғылық
5.Күнбатыс-
имансыздық
6.Күнбатыс-
Әзәзіл
7.Күн-Гун
8.Түн-Жын
9.Түн-Қайғы
10.Түн-Қан
Бірінші дүние-
жүзілік соғыс
кезіндегі Батыс
пен Шығыс
әлемі
Шығыста бой
көтерген
революциялық
қозғалыс-
дүниежүзін-дегі
қозғалыстың бір
бөлігі ғана
Күн ұлы-Гун ұлы
Шығысты
дәріптеу идеясы
бар
«Пайғамбар» өлеңіндегі қараңғылық, имансыздық, қарын, әзәзіл, жын, қайғы мен қан -
Күнбатысты, ал Пайғамбар, Гун, Алтын сызық.Күн сөздері-Күншығысты ,ондағы саясат әлемін
пернелеп көрсеткені мәлім.Жарыс ұғымдар арқылы ақын шын мәнінде Бірінші дүниежүзілік
соғысты танытты, оның Шығыс әлеміне келіп жетуін айта келіп, Гундік, Алаштық өткенді
іздейді.Оған дәлел мына шумақтар:
Қап-қара түн.Шегір көзді жындар жүр,
Ой артынан ойлар келіп кетеді.
Түн баласы көр көзінен жас төғіп
Күншығыстан бір пайғамбар күтеді.
Өлеңнің
атауы
Жарыс
ұғымдар
Танылу
(гносеологиялық)
белгісі
Ақиқаттық
(объективтік)б
елгісі
Өзіндік жеке
(субъективті
к)белгісі
452
«Сүйемін»
1.Қарт ана –
кәрілік
2.Жары
–
қазан-ошақ.
3.Алаш елі –
Дала заңы.
4.Сарыарқа –
Елі .
Сыншылдық
Алаштық мұрат,
Перзенттік
махаббат.
Ақын – тұтас
ұлттың
жанашыры, сөзі,
тілі.
Елмен, ұлтпен
бірігу идеясы
«Шолпы»
1.Шолпы –
жастық.
2.Шолпы –
сұлу қыз.
3.Жалын
-
сезім.
4.Сәулем-
Періштем.
Шолпының
сыртқы дыбысын
жырлатты.
Сезім жайлы жай
ғана әңгімелеп
тұрған
жоқ,
сезімнің
өзін
сөйлетіп тұр.
Шолпы сыры
арқылы өмір
күйіне,
сезімге ғашық
болу идеясы.
Кесте №2
«Сүйемін» өлеңінде ақын ана, жар, Алаш елі, Сарыарқа ұғымдарын кәрілік, қазан-ошақ,
Дала заңы, Ел идеясымен қатар өре отырып, өзінің сыншылдығын байқатады.
«Шолпы» өлеңі арқылы бір қарағанда тек шолпыны көріп отырған сияқтымыз, демек, ақын
шолпының сыртқы сұлулығын таныту арқылы жастық сезімге бой алдырады.Нәзік жанды
ақынның тап шыны- махаббат.Өлеңде ақын шолпы мен жастықты,сұлу қызды, періштесін
жарыстыра көркем тілмен ,махаббат динамикасының әсерлі күшімен құлпырта
төгілдіреді.Мысалы мына бір әуен-шумаққа мән беріп қарайықшы:
Сылдыр, сылдыр сылдыр...
Қанымды қайнатты құрғыр.
Шық-шық жүрекке тиеді,
Күлпара талқан боп сыңғыр!
Қарап отырсаңыз, екі ұғым,екі құбылыс,екі зат көз алдыңда жанданып,өмір күйіне
айналып, жастарды сезімге ,құштарлыққа, тазалыққа жетелейтіндей...
Достарыңызбен бөлісу: |