Атты студенттердің IV жоо аралық дәстүрлі ғылыми конференциясының ЕҢбектері



Pdf көрінісі
бет58/135
Дата21.02.2017
өлшемі15,88 Mb.
#4636
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   135

 

Кесте №3 

«Жел» 

1.Жел- тұтқын 

2.Жел- аманат 

3.Жүйрік жел-өксік мұң 

4.Жел-жанған 

жүрек 

Абақтыдағы 

азамат, 

тұтқын. 

Кейіптеу, 

пернелеу 

әдістермен 

берілген. 

Революци

я 

толқыны,

қуғын—

сүргін. 

Революци

онер-

лердің 

өмірі 

«Не 

бостандық, не 

құлдық» 

идеясы 

453 

 

«Мен 



жастарға 

сенемін» 

1.Жастар-Арыстан, 

Жолбарыс Қыран 

2.Жастар-жалын 

Жастар- Ар-намыс 

3.Жас қыран-балапан 

4.Жас қыран- таза 

жүректер 

5.Жастар-тұлпар 

6.Ұраны-Қасиетті құран. 

 

Ағартушылықде



мократтық 

мақсат-


мұрат.Қоғамдық 

толқуға қосылу 

Ел 

болашағы


-жастар. 

Жастарды 

тәрбиелеу 

идеясы. 


                             

 

 

«Жел»  өлеңінде  ақын  жел  мен  тұтқынды  қатар  қоя  отырып,  желге  адамға  тән  рух  

береді.Жел  адамша  сөйлеп,  адамша  демалып  тұтқынға  аманат  алып  келіп  тұр.Қамыққан 

тұтқынмен бірге жел де уһілеп, қуаты кеміп, ол да қажыған.Екі ұдай ұғымдар:жел мен өксік мұң, 

жанған  жүрек,  тұтқын-  бәрі  бірге  қайғы  үстінде..Осы  қайғылы  сәт  өлең  өрімінде  абақтыдығы 

тұтқынды таныту арқылы ашылады. 

«Мен  жастарға  сенемін»өлеңінде  бөлек  бір  ырғақ  бар.Ол  жастыққа  тән 

қозғалыс,серпін,күш-қайрат,жалын.Осы  мықты  рухты  ақын  көптеген  жарыс  ұғымдар  арқылы 

айшықтайды және бұл ұғымдар жастық жалынға ғана тән екендігіне кәміл сенесің. Ақын өлең 

аясында ағартушылық-демократтық идеясын ортаға салады. 

                         

 

                        Алаш айбынды ұраны, 



                        Қасиетті құраны

                        Алаштың олар құрбаны, 

                         Мен жастарға сенемін! 

                                       Мен жастарға сенемін, 

                      Алаш атын аспанға 

                      Шығарар олар бір таңда, 

                                      Мен жастарға сенемін! 

 

                                       Кесте №4  

Өлеңнің 

атауы 

Жарыс ұғымдар 

Танылу 

(гносеологиялық



 белгісі 

Ақиқатты

қ 

(объектив

тік) 

белгісі 

Өзіндік 

жеке 

(субъект

ивтік) 

белгісі 

«Сағын-

дым» 

1.Абақты- қара тас 

2.Абақты-қара көлеңке 

3.Бостандық-сағыныш 

4.Өткен күндер-жыл құсы 

5.Ойлар-қара жылан 

6,.Достар-келешек 

7.Пана-тәңірі 

Тап пен таптың 

ымырасыз күресі 

Омбы 

түрмесін-



дегі тағдыр 

Тап емес, 

ұлт бар 

Алаш елі 

идеалы 

 


454 

 

«Сағындым»  өлеңі  –  ақын  сезімталдығының  шынайы  болмысын  байқататын  кесек 

туынды.Екі ұдай сезім бірдей өріліп келіп,ақынның мұңы мен қайғысы толық көрінеді, тап пен 

таптың арасындағы күрес идеясы мен мұндалап көрініп тұрмаса да, оның зардабы көз алдыңда 

жанды картинаға айналып сала береді.Абақты –символ, оның жарыс ұғымдары-қара тас, көлеңке, 

қара жылан... қандай өкінішті, қандай сұмдық трагедия...Ақын ақиқаты- тап жоқ, ұлт бар. 

                                               Кесте № 5 

Өлеңнің 

атауы 

Жарыс 

ұғымдар 

Танылу белгісі 

Ақиқаттық 

белгісі 

Өзіндік белгісі 

Толқын 

1.Толқын-

жалғастық 

2.Толқын- 

үйлесім 


3.Толқын мен 

толқын-сезім 

мен махаббат 

4.Толқын-өлім 



 

Табиғаттық 

сезім 


Ақынның 

дүниені, 

жаратылысты 

қабылдауы 

Өткеннің, 

бүгінгінің, 

ертең-ертеңгінің 

жалғастық 

идеалы 

 

«Толқын» өлеңі- ақынның болмыспен, қоршаған ортамен тікелей байланысын білдіретін 

бөлек ырғаққа толы, сезімтал екпінге қүрылған жанды өлең. 



                Толқыннан толқын туады, 

               Толқынды толқын қуады. 

                           Толқынмен  толқын жарысад. 

               Күңіренісіп кеңеспен, 

               Бітпейтін бір егеспен, 

                         Жарысып жарға барысад. 

Ақынның  өзіндік  жеке  көзқарасы  өткен  мен  бүгінгінің  арасындағы,  ұрпақ  пен  ұрпақ 

жалғастығын  баяндауға  құрылып  тұр.  Өлеңде  ақын  табиғаттық  сезімін  таныту  арқылы 

жаратылысты біздерге қалай қабылдауға, сезінуге болатындығын баяндайды. 

  

Жалпы,  ұлы  ақын  Мағжан  ақынның  өмірлік  мұраты,  ақындық  кредосы,  суреткерлік 



бағдарламасы-  күреске,  ойға,  мұңға,  қуанышқа,  сағынышқа,  ең  бастысы,  елін  сүйген  үлкен 

жүрекке  толы  болды.Ол  ұлтшыл  ақын  еді,  оның  ұлтшылдығы    даналықтан,  асыл  мұраттан, 

біліктен, ойшылдықтан, бір бөлек феномендік қасиеттерден тұрады.Уақыт заңы алға жылжыған 

сайын осындай асыл ұлдарын жоқтайды. Бұл- заңдылық, өйткені мұндай асылдар  ілуде бір- ақ  

рет туады. 

      Мағжан  ақынның  мектеп  материалында  жоқ,  сирек  талданған  кейбір  өлеңдерін    зерттеу 

барысында  суреткердің  өз  оқырмандарына  жарыс  ұғымдарды  шебер  астастыра,тамаша 

үйлесімде танытқандығын байқауға болады. 

 

         Мысалы, бүгінгі жасөспірімдерге үлкен ой салатын «Шылым» өлеңінің идеясы   тек   



мораль мәселесімен  ғана байланыста  алынбаған.Бір қараған адам бұл өлеңде жарыс 

ұғымдардың бар- жоғын да айыра алмауы мүмкін. Жарыс ұғымға тірек болып тұрған ақынның 

Өзі. 

Кейде ұмытып, 

Түтін жұтып 

Шашаламын, жөтелем 

Өмір құрақ 

Үміт жырақ 

У ішемін де өлемін. 


455 

 

 Өлеңдегі      жарыс  ұғымдар  меңзеу  түрінде  астарлай  берілген.  Жас  зерттеуші  ретінде    жарыс 



ұғымдардың  танылу  белгілерін  былай  таратуға  болады.  Шылым  -  бұл  жерде  ақынның  мұңға 

батқан сәті, оқшаулануы. Ол бекерден- бекер шылым шегіп отырған жоқ, оның ішінде бір қайғы 

бар,  сол  қайғыны  шылыммен  қайтарып  отырғандай  көрінеді.  Демек,  шылым  -қайғы.  Ал  оған 

қарама -қарсы жарыс ұғым ретінде келешек алаңсыз өмірді алып тұр,ол- ақынның үміті.  Қайғы 

мен үміт ақын кеудесінде бірдей өріліп, екі  түрлі  бояумен астасқан.Екінші  жарыс ұғымдарды 

бояу түсімен астастыра алуға болады, шылым- қара түсті у, ал үміт -жасыл түсті құрақ.  



Кесте №6 

Өлеңнің 

атауы 

 

Жарыс 

ұғымдар 

Танылу 

(гносеологиялық)

белгісі 

Ақиқаттық 

(объективтік)б

елгісі 

Өзіндік жеке 

(субъективтік)бе

лгісі 

«Шылым» 

1Шылым  – 

ішті  жеген 

қайғы, 


оқшаулану 

 2.Үміт 


келешектегі 

алаңсыз 

өмірі 


3.Шылым- 

қара 


түсті 

у,дерт. 


Үміт-  жасыл 

түсті құрақ. 

 

Қоғамның 



іріп- 

шіруі 


Жарқын 

болашаққа 

үміттену 

 

 



Ақын 

мұңы- 


қоғам 

мұңы. 


Кермек 

татыған,у  іспетті 

қоғам шындығы 

 

Түңілу 



емес, 

болашақтан 

үміттену  идеясы 

бар  


                                                 

 

 



«Ескендірдің мүйізі»  өлеңінде ақын әлемдік билеуші  Ескендір Зұлқарнайынның ешкім 

білмейтін бір құпиясын суреттейді. Оның басында мүйіз бар. 



Ескендірдің басында 

                                         Екі мүйіз- нысана. 

        Жабайы жұртқа көрсетсе

                                          Қасиеті қала ма? 

Ескендір ер жасынан 

Қос мүйізін жасырып, 

Алмайды екен еш уақыт 

Дулығасын басынан. 

Әрі қарай оқып отырсақ, осы құпияны тек оның шашын алатын бір ғана адам біледі, ол- 

шаштараз. Ақын оны былайша суреттейді: 

Шаштараздың жүрегін 

Мынау сыр бірақ өртеді

Әрі қарай оқиға былай өрбиді:шаштараз шыдай алмай осы сырды жас қамысқа айтады, 

оны жел естіп, ұшырып алып бұл сырды күллі адамдарға таратады.Сөйтіп, 

Таң да атты шаштараз 

Дар ағашқа асылды. 

Осы өлеңде қанша ғибрат бар.Ақын өлеңіндегі жарыс ұғымдар не?Қарап отырсақ, өлеңде 

екі  кейіпкер  бар,  Бірі-  атақты  қолбасшы  болса,  екіншісі-  қарапайым  шаштараз.  Өлеңнің 

шарықтау шегі жазамен аяқталды. Демек,өлеңдегі жарыс ұғымдарар ,алдымен құпия  болса, оған 



456 

 

қарама  қарсы  жарыс  ұғым-жариялылық.  Құпия-  Ескендірдің  тектік  бейнесі,  ал    жариялылық, 



құпияны  ашу  -шаштараздың  тексіздігін  байқатып  тұрғандай  көрінеді.  Бүгінгі  өмірмен 

байланыстырсақ,  шаштаразды  сатқын,біреудің  ішкі  сырын  сақтай  алмайтын  опасыз  ретінде 

айтуға болатын шығар. Ал меніңше, ақын бұл жерде басқа мағынаны нысана етіп алған сияқты. 

Зерттеушілік  ойымша,  ұлы  адамның  құпиясын  сақтау  да  тектілік,  ол  да  пенде  ғой.Мүмкін 

шаштараз ақылды болса, өмірі басқаша аяқталар еді ғой. Неге шаштараз Ескендірдің құпиясын 

адамдарға емес, алдымен жас құраққа айтты, содан соң жел...таратты.Демек, жас құрақ пен жел 

нені бейнелейді?Бірі адамдар ортасы болса, бірі күллі әлем образында тұрғандай. 

 

                                   Кесте №7 



Өлеңнің 

атауы 

 

Жарыс 



ұғымдар 

Танылу 

(гносеология 

лық)белгісі 

Ақиқаттық 

(объектив- 

тік)белгісі 

Өзіндік жеке 

(субъектив-

тік)белгісі 

«Ескендір- 

дің мүйізі» 

1.Құпия- 

Ескендірдің 

тектік  бейнесі,   

жариялылық, 

2.Құпияны 

ашу-шаштараз 

дың тексіздігі 

3.Жас 

құрақ- 


адамдар 

4.Жел- 


күллі 

әлемнің образы 

Күштілік  пен 

тектілік. 

Әлсіздік 

пен 


тексіздік 

 

Аңыздық 



сипатқа 

ие 


феномендік  кие 

туралы 


Біліп  істеген 

бір 


қатең 

білмей істеген 

мың  қатеңнен 

де күшті. 

Аңдамай 

сөйлеген 

ауырмай 

өледі. 


                                          

 

Ұлы  ақынның    мектеп  материалында  оқытылмайтын  туындысының    бірі  -қара  сөзбен 



жазылған  «Балапан  қанат қақты» өлеңі. 

Балапан  қанат  қақты...Солтүстіктің  суығына  шыдай  алмады.Жас  еді,  қанаты  да 

қатып  кеткен  жоқ.  Амалсыз  қақты.  Ойы  жан  дәрмен  жылы  жаққа  жетпек,  егіз  Есіл 

Нұраның тәтті суларын ішіп, Аралдың ыстық құмын құшпақшы. 

Балапан баспана таба алмады. 

Балапан қанат қақты... 

                                             

          Бұл өлеңдегі жарыс ұғымдар:  суықтық пен жылылық, жоқшылық пен молшылық, сонымен 

қатар, балапан мен жас сәби. Ақын өлеңде басты символ етіп балапанды  алған. Сол балапан неге 

өзі  туған    суық  мекенді  ұнатпайды,  себебі  неде?  Әрине,  мұның  шешімін  әркім  өзінше 

топшылайды. Неге балапанның  баспанасы жоқ? Бұл да өз оқырманын ойлантатын сұрақ. Бұған 

жауапты  оның  жетімдігінен  іздеуге  болатын  сияқты.  Алайда  ақын    өлеңде    тек  балапанның 

баспанасыз  екендігін  ғана  айтқан  .Демек,  ақын  жарыс  ұғымдар  арқылы  жоқшылық  пен 

әлеуметтік ортада өмір сүрген  балапанның өз өміріне деген  наразылығын  берген. Балапан өз 

отбасында    ғана  бақытты.  Өз  елім  –өлең  төсегім  деген  идея  ақынның  өмірлік  кредосын 

байқататындай.  Екіншіден,  ұлы  суреткер  осы  өлең  арқылы  адамдардың  жан  дүниесіне  назар 

аудартып тұрғандай көрінеді. 

                                      Кесте №8 

Өлеңнің 

атауы 

Жарыс 

ұғымдар 

Танылу 

(гносеология 

Ақиқаттық 

(объектив- 

Өзіндік жеке 


457 

 

 



лық)белгісі 

тік)белгісі 

(субъектив-

тік)белгісі 

«Балапан 

қанат 

қақты» 

1.Суықтық- 

жылылық 

2.Жоқшылық-

молшылық 

3Балапан-  жас  

сәби 

Қоғамның 



әлеуметтік 

жікшілдікке 

бөлінуі 

Таптар 


арасындағы 

айырма,  оның 

жас 

балаға 


әсері 

Қоғамнан 

өз 

орнын 


таба 

алмаған тағдыр 

Балапан 

өз 


отбасында  

ғана бақытты. 

Өз елің немесе 

өз  үйің-өлең 

төсегің. 

 

Қорытынды 

 

«Мағжан  өлеңдерінің  бейнелілік  :  жарыс  ұғымдардың  танылу  белгілері  »  еңбегін 

мағжантану  ғылымына  қосылған    ізденіс      деп  айтуға  болады.  Осы  еңбектегі  жарыс  ұғымдар  

идеясының  төркінін  барлар  болсақ,  жарыс  ұғымдар  термині  -құдіретті  ақын  Мағжан 



символизмінің  ішкі  табиғатын  танытуға  негізделген  мағыналық-  көркемдік,  танымдық  

балама  идеяны білдіретін шартты ұғым екендігін білдік. 

   

 Шындығында,  жарысу,  қатарласу,өкшелеу  өлшемдестігін  білдіретін  бұл  идеяны  ақын 

өзінің  өлең  жазудағы  әдіс-тәсіліне  айналдыра  отырып,символизм  кеңістігіне  бөлек  өрнек 

салғандығы ғажайып бір әлем,ғажайып бір мектеп болып танылды.Біз жарыс ұғымдар идеясын 

талдау  арқылы  жарыс  ұғымдардың  өзіне  тән  белгілері  бар  екендігін  де  талдап,  оған  өзіндік 

көзқарас бердік. 

         

Ғылыми ізденістің аясында   Мағжанның ең таңдаулы өлеңдері алынып, оның мағыналық-

көркемдік, танымдық- сапалық  идеясы екінші  бөлек бір қырымен алынды,яғни, жарыс ұғымдар 

өлшемдестігімен салыстырылды. 

           

Біздің  басты  мақсатымыз:  ақын  өмірімен  біте  қайнасып  жатқан  түнған  ой  дүниесін, 

шалқар мұхит дүниетанымын  кең эфирдегі  сұллу келісімді алып ұғым- жарыс идея арқылы ашу,  

осы мақсатымыз жүзеге асты деп есептейміз. 

          Қазақтың  тәлімдік,  тағылымдық,  ғибратты  ой-  пікірлерінің  отыз  ғасырлық  тарихын  келісті 

баяндайтын он томдық «Қазақтың тәлімдік ойлары» антологиясының  төрт кітабы жарық көрді. 

Мұнда  ертедегі  түркі  ауыз  әдебиеті  тағылымынан  бастап,(  мұның  өзі  41  жанрлық  түрге 

жіктелген)  барлық  тарихи-  аңыздық  жырлар,  қара  сөздер,  қазақ  халқының  идеалистік- 

материалистік көзқарасын білдіретін жырлар, сезім күйді шертетін өлеңдер, оптимистік жырлар 

т.б.  жинақталып,  жүйеленген.Сол  сияқты,  бүгінгі  күні  Мағжанның  таңдамалы  жинақтары 

болғанымен,  біздің  ойымызша,  бұл  аздық  етеді.Мағжан  ақын  шығармашылығына  арналған 

антология жазылса, құба-құп болар еді. 

         

Демек, Мағжан өлеңдеріндегі жарыс ұғымдарды тану үшін осы еңбек барысында көңілге 

тоқырлық, жүрекке ұяларлық төмендегі дүниетанымдық қағидаларға назар аудартамыз: 



               -Мағжан символизмінің жарыс ұғымдармен берілгендігі; 

               -Жарыс ұғымдардың өзіне тән белгілері бар екендігі; 

              -Жарыс ұғымдар идеясы мағыналық- көркемдік, танымдық мағынаны                              

        құрайтындығы. 

Ғылыми жұмысты барлық дәрісханаларға оқуға ұсыныс жасаймыз

 

Пайдаланылған әдебиеттер

 

1.

 

С.Мұқанов «ХХ ғасырдағы қазақ әдебиеті» 

458 

 

2.



 

Ш.Елеукенов «Мағжан», «Астана полиграфия», 2008 ж. 

3.

 

«Қазақ әдебиеті энциклопедиясы»  

4.

 

«Саяси сөздік», Алматы, 1994 ж. 

5.

 

Мағжан Жұмабаев шығармалары, Алматы «Жазушы», 

 1989 ж. 

 

УДК 82.0 



НАЗЫМ ХИКМЕТ ПЕН СӘКЕН СЕЙФУЛЛИН ПОЭЗИЯЛАРЫНДАҒЫ 

АВТОРЛЫҚ САНА МЕН ОҚЫРМАНДЫҚ ТАНЫМ 

 

Сейілхан Хорлан 

Ғылыми жетекшісі: ф.ғ.к., доцент Керімбекова Баян 

 

   

Қазіргі кезде ғылымда автордың екі түрі көп сөз болады. Бірі-биографиялық автор, яғни 

көркемдік кеңістіктен тыс тұратын шығармашылық тұлға, оның өз өмірі мен тағдыры болады. 

Екіншісі- көркем мәтіннің ішіндегі, яғни образға, белгіге айналған автор. Тіл  мен айтылымның 

өнер  құбылысына  айналу  барысы  мен  құпиясы  көп  жағдайда  көркем  әлемді  оны  жасаушы 

тұлғамен қосқабат бағалауға негіз болып жүр. Өзімізге таныс мәтіндерді «Бұл– Мағжан», «Бұл–  

Бейімбет»  деп  жиі  айтамыз.  Осындай  метонимияның  астарында  оқырманның  мәтіннен  автор 

тұлғасын  көруге  деген  ынтызарлығы,  яғни  мәтін  арқылы  ондағы    авторды  білуге  деген  ниеті 

жататыны түсінікті.   

Әдеби шығарманы түсіну, түйсіну, пайымдау, талқылау үрдістері кезінде авторға деген 

қызығушылықтың ерекше болатыны түсінікті. Көркем мәтінді оқырман қабылдауы да аталмыш 

мәселені  күрделендіре  түседі.  Бұл  бағытта  қарама-қарсы  екі  үрдіс  анық  байқалады.  Бірі  –  

оқырманға  көркем  туындыны  өзінше  бағалауға  барынша  еркіндік  беру,  оны  автордың 

идеясынан, ұстанымынан, еркі мен жігерінің әсері мен ықпалынан тәуелсіз ету, оқырман талдауы 

мен бағасына үстемдік дарыту арқылы өз дегендеріне жетуді көздеген психологиялық ғылыми 

мектеп өкілдері.  

Қаламгердің  жеке  өмірінің,  ол  өмір  сүрген    кезеңдегі  қоғамдық-әлеуметтік  болмыстың 

деректерінің оның шығармаларында көрінуі әрқилы себебі көп. Суреткер шығармасында өзіне 

ұқсас, мұңдас, сырлас кейіпкерлерді жиі бейнелейді деген пікірлер белгілі. Әдеби туындыларда 

автордың өзінің көркем автопортреті де,  пседопортреті де кездесіп тұратыны белгілі жайттар. 

Жазушының  өмірі  мен  шығармашылық  қызметінің  деректерін  жетік  білуге  ол  жазған  көркем 

туындыны, сол уақыттағы әдеби үрдісті жүйелі талдауға көп көмектеседі.  

Қаламгердің  жеке  өмірі  мен  шығармаларының  арасындағы  байланыстың  өте  күрделі 

екендігін  рас.  Әдеби  туынды  өз  авторларының  образын  әсірелеп,  өзінше  «пиар»    жасауға 

арналуы да әбден мүмкін, өйткені жазушы мәтінде нақты болмысты емес, оқырманына өз қиялын 

бейнелеу арқылы өзінің «менін» емес, «антименін»  көрсетуге ұмтулы ғажап емес қой. Арманы 

мен ішкі сұраныстарына сай бола алмаған өзінің нақты өмірін басқа қырынан жаңғырту үшін 

жазушының өз туындысында жаңа авторлық «маска» киетініне мысалдар көп. Сонымен  қатар, 

ақынның өлеңі мен оның өміріне кіргіп кететінін, А. Пушкин мен С. Есенин тағдырының жанрға, 

жанрдың  биографияға  айналғанын  дәлелдеген  орыс  ғалымдары  бар.  М.  Мақатаевтың  өзін 

өлеңінен  іздеуді  аманат  еткені  тегін  емес,  осындай  ақпараттарды  ғылыми  нысанаға 

айналдырудың мәні көп.  

«Мәтіндегі  автор»  мәселесі  сөз  болғанда  ұлттық  әдебиеттегі  оның  көріністері  туралы 

талай әңгіме айтылған. Өмір тануды басқаша ұғып,түзіктіктен гөрі  бұзықтыққа үйір болғандар, 

өз қағынан өзі  жеріп, ділі, тілі,  салты мен халқынан қорынғандай өзге боп көрінуге әуес елес 

біздің  әдебиетте  де  бар.  Демек,  «мәтіндегі  автор»  сипатын  айқындау  мен  бағалау  үшін 



459 

 

экспрессивтік, эмотивтік, интенсивтік, бейтараптық, салғырттық, ежарлық, іңкәрлік, құштарлық 



сияқты ұғымдардың орынды, әрі  жиі қолданып отырғаны тиімді екені байқалады. [1, 88]. 

Назым Хикмет -  

1902 жылы 17 қаңтарда Грекияның Солоника жерінде дүниеге келген 

түрік ақыны, жазушы, қоғам қайраткері, драматург. "Романтик коммунист", "Ғасыр романтигі" 

деген  аттармен  танымал  болған  ақын.    Саяси  ойлары  үшін  өмірінің  көп  жылдарын  қуғында, 

түрмеде  өткізген.  Өлеңдері  көптеген  тілдерге  аударылған  және  көптеген  марапаттармен 

марапатталған. Қуғында жүргенде Орхан Селим, Ахмет Огуз, Мүмтаз Осман және Ерджүмет  Ер 

деген бүркеншек аттармен жүрген. "Ит үреді, керуен жүреді" кітабы Орхан Селим деген атпен 

шыққан. Тыйым салынған өлеңдері үшін ақынның үстінен 11 рет сот ісі қозғалады. 12 жылын 

Стамбул,  Анкара,  Чанкыры,  Бурса  қалаларының  түрмесінде  өткізеді.  1951  жылы  түрік 

азаматтығынан айырады, бірақ 2009 жылы өлімінен 46 жылдан соң азаматтығы қайтарылады. 

Өмірінің соңын Мәскеуде өткізген ақын сол жерде дүние салады . 

 

Алғашқы жинағы  "Күн жұтқандар жыры” Бакуде жарық көрді (1928). Ол бұл кезеңдердегі 



өлеңдерінде көбіне ерлік пен батырлықты дәріптеді.“835 жол өлең” (1929), “Варан – 3” [3](1930), 

"1+1=1" (1930), “Дауысын жоғалтқан қала” (1931) атты өлеңдер жинағында түрік халқының ауыр 

тұрмысын суреттеді. Ал “Джиоконда және Си-Я-у” (1929) поэмасы мен “Бенерджи өзін-өзі неге 

өлтірді?”  (1932)  атты  өлеңмен  жазылған  романында  Азия  мен  Африкадағы    отаршылдықты 

сынады.  “Қу  бас”  (1932),  “Өліктің  үйі”  (1932),  “Ұмытылған  адам”  (1935)  пьесаларында 

адамдардың  қоғамдағы  рөлі  туралы  жазды.  “Түнде  келген  телеграмма”  (1932)  өлеңдер 

жинағында түрік халқын демократия жолындағы күресте табандылыққа шақырды. “Портреттер” 

(1935)  жинағы  мен  “Таранта  Бабуға  хаттар”  (1935)  поэмасында,  “Неміс  фашизмі  және 

нәсілшілдік”  (1936)  атты  еңбегінде  фашизмді  және  оны  қолдаушы  түрік  ұлтшылдарын  сынға 

алды. 1938 жылы ол 28 жылға сотталып, 17 жыл түрмеде отырды. Абақтыда “Адам панорамасы” 

тарихи  дастанын,  “Түрмеден  жазылған  хаттар”  атты  өлеңдер  топтамасын,  “Махаббат  туралы 

аңыз”, “Жүсіп – Зылиха” пьесаларын жазды. 1950 жылы түрік үкіметі оны түрмеден босатуға 

мәжбүр  болды.  1951  жылы  Мәскеуге  келіп,  мұнда  “Түркия  туралы  әңгіме”  (1952),  “Ғажайып 

жан” (1955), “Иван Иванович бар ма еді, жоқ па еді?” (1956), т.б. еңбектер жазды. Назым Хикмет 

Ран түрік өлеңіне соны ырғақ, екпін, ұйқас түрлері мен “еркін өлең” аталатын жаңа үлгіні енгізді. 

Алғашқы өлеңдері асқақ ой мен сырлы сөздерге құрылса, кейінгі жылдары терең лиризмге бой 

ұрды. Назым Хикмет Ран өлеңдері түрік поэзиясына зор ықпал етті, оның есіміне байланысты 

әдеби ағымдар пайда болды. Оның сценарийі бойынша “Бір  кварталдан шыққан екеу” (1957), 

“Іңкәр  бұлттар”  (1959),  “Шаңырағың  шайқалмасын”  (1963)  атты  кинофильмдер  түсірілді. 

“Махаббат туралы аңыз”  атты балет қойылды. Назым Хикмет Ран өлеңдері көптеген тілдерге 

аударылды. Оның пьесалары Еуропа, Америка, Азия елдерінің театрларында сахналанды. Қазақ 

тілінде “Өлеңдер” (1952), “Өлеңдер мен дастандар” (1958), “Махаббат туралы аңыз” (1974) атты 

кітаптары  жарық  көрді.  “Фархад  –  Шырын”    пьесасы  қазақ  театрлары  сахнасында  қойылды. 

Назым Хикмет Ран Халықар. Бейбітшілік сыйл-ның иегері (1950).[2,3]. 

  

Сәкен қазақтың ырғала қозғалған көшіне жаңа қарқын қосты.  Сәкен халықтың тұрмысын 



Жұматтың образы арқылы, кедей ауылы арқылы берсе түрік ақыны Назым Хикмет сол кездегі 

халық саны 30 млн халықпен береді. "Европаға еліктеген сол кездегі түріктің саясаты халықты 

аштыққа  апарды"  деп  зар  жылады  ақын.  "Германия  мен  Францияның  аузына  барын  тосып 

отырған елдің халқы аш болмағанда кім аш болады?!" деп жырына қосты. Революционер ақын 

дейтінімізде сондықтан. Назым поэзиясында ұлттық идея кеңінен орын алған. Мысалы "Аштар" 

атты өлеңі ("Açlarіn Gözbebekleri"):  



 

Değil birkaç  

değil beş on  

otuz milyon  

aç  


460 

 

bizim!  



Onlar  

bizim!  

Biz  

onların!  

Dalgalar  

denizin!  

Deniz  

dalgaların!  

Değil birkaç  

değil beş on  

30.000.000  

30.000.000!  

Açlar dizilmiş açlar!  

Ne erkek, ne kadın, ne oğlan, ne kız  

sıska cılız  

eğri büğrü dallarıyla  

eğri büğrü ağaçlar!  

Ne erkek, ne kadın, ne oğlan, ne kız  

açlar dizilmiş açlar!  

 

Аштар 

Ей, әлеумет!  

Мұнда болсын назарың! 

Естіле ме саған 

Мынау азалы үн? 

Күңіренген біреу емес- 

Тұп-тура 

Отыз миллион! 

Тартқан аштық азабын... 

Олар мен 

Біз- 

Біртұтаспыз бәрміз. 

Қиналса олар - 

ауырады жанымыз.  

Қасірет пен қайғы да 

Ортақ біздерге.  

Бір теңіздің  

Біздер ортақ толқындарымыз... 

Біреу емес 

Аһ ұрғандай 30 млн! 

Тірі өлік!  

Шетсіз-шексіз ашарықтар тізліген, 

 Бұлар тіпті, не бала, 

Не кәрі емес- 

Шеттерінен құр аруақ, 

Бәрі -елес. 

Бұлар -ағаш , 

Жапырағы үзілген... (Аударған: Қ. Жұмағалиев). [6,72]. 


461 

 

        Тар жол, тайғақ кешіп жүрген бұл екі ақынның елге сағынышын өлеңдерінен көруіміз 



қиын емес. Сәкеннің 1918 жылы жарық көрген "Сағындым" өлеңі Мағжанмен де, алыстағы 

бауыры Назыммен де үндесіп жатыр. Мысалы: 

Туғалы қапас көрмеген, 

Көкіректе кектер кернеген. 

Талпынып құлаш сермеген 

Айтайын ішкі сырымды: 



 

Мал бағып, шауып ойнаған, 

Үйреткен асау бойлаған... 

Көк жасыл шөбі жайнаған 

Сағындым еркін даламды.  

 

Қымызы бал шараптай, 

жігіті бағлан манаптай, 

Тұлпары тарпаң қанатты 

Сағындым бейбіт елімді. [7,12]. Сәкен десек, ең алдымен, «Жас қазақ марсельезасы» мен «Тар 

жол, тайғақ кешу» еске түседі. Жүз рет, мың рет, бұл шығармалар – Қазан төңкерісіне арналған, 

соның  жоғын  жоқтап,  табысына  қуанған  дүниелер.  Бұл  төңкеріс  қазақты,  әсіресе,  кедейді 

жарылқайды деп Сәкеннің имандай сенгені, жанығып еңбек еткені рас. Коммунистік идеология 

тұсында таптық күреске назарды мықтап аудардық та, ұлттық таным-білікті, ұлттық қажеттікті 

елей  бермедік.  Әйтпесе  Сәкеннің  ерлікке  шақырған  жігіттеріне,  жүнжімеуге  үндеген 

азаматтарына ең алдымен айтқаны, «Қызыл ту – шылауың» деп түсіндіргені: 

Патшадан әділдік жоқ еді, 

Ұлықтар парақор тоқ еді, 

Бұқара халықты кем тұтқан 

Жек көрген, итімен тең тұтқан, 

Қоспаған санына адамдық 

Айламен ұстаған надан ғып, – деген Әнұранның екінші шумағында қандай мән бар деп ойладық 

па?!  «Өңгеден кем халық» деп айтып салғанын түсіндік пе? Мен Сәкенді  сол кезде қазақ пен 

отаршылдық  арасына  жік  салайын,  ұлттық  намысты  ту  қылып  көтерейін  деп  отыр  деуден 

аулақпын. Өз елінің езілгенін, қаналғанын, қорлық-зорлық көргенін, тұщы етіне ащы таяқтың 

тигенін  ұмыта  алмаған  жанның  Қазан  төңкерісі  арқылы  әділдік,  теңдік,  бостандыққа  жетуге 

талаптанғанын енді аңғармасқа болмайды. Бұл тілекті алашордашылдар да айтты, жазды, әрекет 

жасады,  тіпті  Ресейдің  Советтен  басқа  әртүрлі  үкіметтермен  байланысу  арқылы  қазақты 

жақылыққа жеткізбек болғаны өтірік емес. [8,12]. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   135




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет