Пайдаланған әдебиеттер тізімі
1.
ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына «Нұрлы жол - болашаққа
бастар жол» Жолдауы
2.
“Егемен Қазақстан” газеті, Елбасымен бірге-жаңа жетістіктерге
3.
Жолдасбайұлы С. Ежелгі және орта ғасырдағы Қазақстан. А., 1995.
4.
«Нұр Қорғалжын» газеті Мәңгілік Еліміздің – Мәңгілік тілі
5.
Ана тілі ұлт газеті, патриотизм
6.
Қазақстан тарихы » Ортағасырлық Қазақстан »
Қазақ хандығы. XV-XVII ғ
»
Қазақ хандығының құрылуы
7.
Тұңғыш Президент
» Еңбектері
926
ӘОЖ 31.1
УЛСАН ҰЛТТЫҚ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ТЕХНОЛОГИЯ ЖОҒАРҒЫ ОҚУ
ОРНЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУДЕГІ ТӘЖІРИБЕСІ
Құсаин Айбол Қаирқанұлы
Сүлейман Демирел атындағы университет
Ғылыми жетекші: ф.ғ.к., доцент Әйтімбет І.А.
Тйүіндеме.Улсан Ұлттық Ғылым және Технология Жоғарғы оқу орнының(ары қарай
UNIST) білім берудегі тәжірибесі атты тақырыпта мен бұл университеттің оқу үрдісіндегі
және де оқуға түсу ерекшеліктері жайлы жазамын. Оқу үрдісіндегі көбіне таныс "кредиттік
оқыту" техникасы сияқты UNIST университетіндегі жүзеге асып жатқан жаңа тәсілдер мен
стратегияларды таныстары отырып, Қазақстанда сол техникалар мен стратегиялардың
жүзеге асыру маңызын дәлелдеймін. Университетке түсу ерекшеліктерін UNIST
университетінің студенті жүргізген сауалнамаға қарай отырып қарастырамын.
Кіліт сөздер: UNIST, кредиттік оқыту техникасы, Flipped learning, жаһандану.
КІРІСПЕ
Менің Оңтүстік Кореяда оқып жүргеніме бір айдан астам уақыт өтті. Мен Оңтүстік
Кореяның ең үлкен индустриялды қаласы - Улсан қаласындамын. Қаладан 15 шақырым
жерде UNIST
41
университеті орналасқан. Мен осы универге Қазақстанның Сүлейман
Демирель Университеті(енді СДУ) мен UNIST университеті арасындағы келісім бойынша,
"Студенттердің алмасу" бағдарламасы бойынша келдім. Бұл ЖОО
42
-нын таңдаудын
бірнеше себептері бар. Біріншіден, бағдарлама бойынша университет таңдау керек
болғанда мен бірнеше профессор, аға-оқытушылардан кеңес сұрадым. Және көбі осы
университетті ұсынды. Екіншіден, UNIST университетінде талай қазақ достарым
болғандықтан.
UNIST университеті 2009 жылы ғана ашылғанына қарамастан, осы қысқа мерзім
ішінде әлемнің көшбасшы ғылым мен технология университетіне айналды. Алдағы
мақсаты 2030 жылға дейін ғылым мен технология саласында үздік 10 университеттер
қатарына кіру. Университет оқыту барысында бірнеше стратегия қолданады. Атап айтсам:
жаңа техникалар қолдану(Flipped Learning); жаһандану - бүкіл сабақтар ағылшын тілінде
жүргізіледі, және де интернационалды студенттер мен профессорлардың жыл сайын 20%-
ға артуы; әрбір студент кемінде екі саланың маманы болуы тиіс(major - негізгі, minor -
қосымша); үдемелі ғылыми-зерттеу - үрдісті салалар зерттеуіне жағдай жасау(қазіргі кезде
энергияның жаңа буыны және озат материалдар)[1, http://unist.ac.kr]
Жақында, наурыздың 2-сі, UNIST университеті жаңа бір деңгейге көтерілгені жайлы
хабар келді. Прездидент қажетті құжаттарға қолын қойғаннан кейін, UNIST Оңтүстік
Кореяның ғылым және технология зерттеу институты болып қайта туады. Бұл UNIST-ты
Оңтүстік Кореяның әйгілі KAIST
43
, GIST
44
, DGIST
45
сияқты универлердің қатарына
41
Ulsan National Institute of Science and Technology
42
Жоғарғы оқу орны
43
Korean Advanced Institute of Science And Technology
44
Gwangju Institute of Science And Technology
45
Daegu Gyeongbuk Institute of Science And Technology
927
көтереді. Бұл жетістік университеттің системасы тағы да талай позитивті өзгерістер
әкеледі.[2, http://news.unist.ac.kr]
Осындай жетістіктерге жетіп отырған университеттің тәжірибесі Қазақстан сияқты
дамушы елдерге өте пайдалы болады деп санаймын. Осы баяндаманың қорытындысында,
зерттелген технологияларды қолдану, және жүзеге асыру жайлы кеңестер ұсынамын.
Басты мақсат: Оңтүстік Кореяның озық университетінің тәжірибесіне сүйене
отырып, әлемдік стандарттармен сәйкес болатын қазақстандық білім сапасын
қалыптастыруна, нарық қоғамында оның бәсекелестігі мен тартымдылығын арттыру үшін
бағыттар дайындау.
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
Атап өткендей, UNIST оқыту барысында әр түрле стратегиялар қолданады. Осы
бөлімде әрқайсысына жеке тоқталып өтсем деймін. Университет жаңа технологиялар
қолданады. Сабақ басталмас бұрын бізді қысқаша білім системасымен таныстырып өтті.
Сол кезде, оқытушылардың қолданатын бірнеше техникасымен таныстырып өтті. Менің
назарымда қалғаны - "Flipped Learning", яғни тура аудармасы "төңкерілген үйрену."
Flipped learning - ол студенттердің өздері материалды меңгерудің жаңа бір түрі.
Көбінде Қазақстанда қолданатын, бәріне белгілі система ол - сабақ үстінде материалды
түсіндіру, және студенттерге үй жұмысын беріп, олардың материалды ұққанын тексеру
болып табылады. Ал "flipped learning" деген, өз аты айтып тұрғандай, бәрі керісінше.
Студенттер келесі болатын тақырыпты, алдын ала берілген онлайн ресурстардан қарап,
тақырыпты оқып, дайныдалып келуі тиіс. Ал сабақ үстінде студенттер мен мұғалім бірге
activity(шара) ұйымдастырады. Ол шараларда, студенттер тақырыпқа байланысты
тапсырмалар орындайды. Студенттер сұрақтар қойып, жауап алып жаңа материалды
меңгереді. Студенттер бір-бірімен де қатынасу арқылы, бір-біріне көмектесе алады. Бұл
техника тек қана жақсы білетін студенттерге ғана емес, үлгерімі төмен студенттерге де өте
жақсы әсерін береді. Себебі, бұл мұғалімдердің уақыт бөлімін де өзгертеді. Әдетте, мұғалім
сұрақ сұраған, белсенді студенттерге көп көңіл бөледі. Ал бұл техникада оқытуша "тыныш"
студенттерге көбірек көңіл бөлу қажеттігін түсінеді. "Төңкерілген үйрену" оқутышыны
"дана
адамынан",
"нұсқаушыға"
айналдырады.
[3,
928
http://en.wikipedia.org/wiki/Flipped_classroom]
Кесте 1. KIPP Академиясының Flipped learning техникасын қолданудағы
бақылауы [4, http:// http://www.loopinsight.com/2012/08/13/ipads-in-the-classroom-raise-
math-scores-49/]
Бұл техника оқыту процесіндегі өте бағалы техникалардың бірі. Flipped learning
техникасын жүзеге асыру үшін бізге онлайн ресурс қажет. Қазіргі кезде онлайн ресурс табу
қиын емес. UNIST университеті BlackBoard деген система қолданады. Ол онлайн
материалдарды, хабарламаларды және де топтық дискуссиялар үшін арналған ресурс. Әрбір
студент порталға пәнін тіркегенде, ол автоматты түрде BlackBoard-қа тіркеледі. BlackBoard-
қа университеттің портал сайтынан және де мобильді бағдарламалар
арқылы
кіруге
болады.
Университет білім процесіндегі техникалардан басқа, жаңа технологиялар да
қолданады. Әрбір студент университетке түсуімен Student ID card алады. Student ID card-та
студент туралы құжат сақталып тұрады. Және де бұл карточканы банк картасы ретінде
қолдануға болады.
Және де ең негізгі функиялардың бірі - attendance checking system. Attendance
Checking System ол автоматты түрде, мұғалімнің қатынасысыз студенттердің сабаққа
қатысуын тексеру системасы. Студенттер Student ID card арқылы өзінің сабаққа
қатысқанын тіркей алады.
Келесі атап өтетін техника, немесе жүйе десе де болады, кредиттік оқыту жүйесі.
Осы университтің кредиттік оқыту техникасы өте жақсы ұйымдастырылған. UNIST
университетінде әрбір студент қай сабақтарды, қай семестрде алуын өзі шешеді. Бірақ
бәріне де басында келгенде базалық программаларды оқу ұсынылады.
Курс кредиті(кредиттік сағат, кредит) - ол әр сабақтың салмағын(маңыздылығының),
аптасына өтетін сағатын немесе академикалық деңгейін белгілейтін өлшем. [5, http://
http://en.wikipedia.org/wiki/Course_credit]. Студент оқудың аяғында өзінің мамандығына
байланысты, белгілі кредиттер мен белгілі бір кредиттердің санын алып, жабуы тиіс.
Семестр басталғанда студенттерге осы семестрде алуға болатын кредиттер тізімі беріледі.
Сол тізімге қарап студенттер өздеріне ыңғайлы болатындай сабақ кестесін жасайды.
Кемінде студент бір семестрге 12 кредит алуы тиіс. Ал көп кредит алуға шектеу жоқ. Яғни,
929
студент университетті(бакалаврды) әдеттегідей 4 жыл емес, одан да кем уақыт ішінде бітіре
алады.
Бұл кредиттік жүйе Қазақстанда Назарбаев Университетінде іске асып жатыр. [6,
https://nu.edu.kz]
Кесте 2. UNIST университетінде оқыту барысында қолданылатын негізгі
стратегиялар [7, http:// http://www.unist.ac.kr/about-unist/overview/unist-at-a-glance/]
Оңтүстік Кореяда ағылшын тілінде сойлейтін халықтың аздығы. Бірақ жетік ЖОО-
да ағылшын білетін студенттердің саны көп. Себебі, сабақтар интернационалды тіл -
ағылшын тілінде өтеді. Осының арқасында университет шетелден студенттер мен
профессорларды шақыра алады. Кесте 2-де, біз бұл "жаһандану" стратегиясы екенін
көреміз.
Және де осы жерде UNIST университетіне түсу ерекшеліктерін атап өткім келіп тұр.
Университет интернационалды студенттерге бәргі жағдай жасайды. Оқу барысындағы атап
өтілмеген жайт, UNIST университетінде оқу мерзімі Қазақстандағы, және де басқа
мемлекеттердікіне ұқсамайды. Көктемгі семестр наурыз айында басталып, маусым айында
аяқталады. Және де бұл семестр бірінші семестр болып табылады. Ал екінші семестр, күзгі
семестр, тамыз айында басталып, желтоқсан айында бітеді. Бірақ университетке қабылдау
2 семестрде де жүре береді. Себебі, кредиттік жүйе болғандықтан, әр пәнді кез келген
семестр таңдауға болады.
UNIST университеті шетел студенттерін қабылдағандағы ерекшеліктерін, UNIST
университетінің 2-ші курс студенті, отандасым Ерасыл Зейнолланың жүрзіген
сауалнамасына қарап атап өтемін. [8, http://yerassyl94.yvision.kz/post/465086]
Сауалнама сол жерде оқып жүрген қазақ студенттерінің арасында жүргізілді. Мені
таңқалдырған жайт - интернационалды студенттердің арасында ең көбі қазақтар екен.
Сауалнамада қойылған сұрақтар:
1. Сіз халықаралық олимпиада жеңімпазысыз ба?
2. Йә болса, қайсы олимпиада.
3. Сіз республикалық олимпиада жеңімпазысыз ба?
4. Сіз SAT
46
немесе SAT 2 экзаменын тапсырдыңыз ба?
5. Cіз IELTS
47
немесе TOEFL
48
тестін тапсырдыңыз ба?
46
Scholastic Assessment Test
47
International English Language Testing System
48
Test of English as a Foreign Language
930
7. Сіздің ойыңызша, UNIST-ке түсудегі ең басты фактор не болды?
Сауалнаманың нәтижесінде 30%-ы халықаралық олимпиада жеңімпаздары,
жартысынан астамы республикалық олимпиада жеңімпаздары, 25%-ы SAT немесе SAT 2
экзамендерін тапсырған. Бұл университеттің үлкен талаптарын көрсетеді. Және де
студенттің жетістігіне байланысты степендия да тағайындалады. Жалпы степендия 300$
құрайды. Халықаралық олимпиадаларда 3-ші орын үшін 500$, ал 1-ші және 2-ші орындар
үшін 800$ құрамында степендия тағайындалады.
ҚОРЫТЫНДЫ
Қазіргі таңда, әлемдік білім беру үрдісіндегі қарқынды жүріп жатқан өзгерістерде
бәсекеге қабілетті болу үшін, Қазақстанның жоғары білім беру бағыттары мен саясаты
қайта қарастырылып, университеттерде шетел тәжірибелері қарқынды қолданылуда.
Халықаралық білім кеңістігіне бетбұрыс жасаудың басты мақсаты - әлемдік
стандарттармен сәйкес болатын қазақстандық білім сапасын қалыптастыру, нарық
қоғамында оның бәсекелестігі мен тартымдылығын арттыру. Осы мақсаттарды көздей
отырып, менің жасаған баяндамамда шетелдің UNIST университетінің тәжірибесіне сүйене
мынадай тұжырымдарға келдім:
- Қазақстан университеттерін кредиттік жүйеге көшуге даярлап, мамандарды
жалдау;
- оқыту процессіне әлемдік жетік университеттерде қолданылатын жаңа
техникаларды жүзеге асыру(Flipped learning);
- ЖОО-ында ғылыми-зерттеу жұмыстарына жағдай жасап, студенттерді
оқытушымен бірге зерттеу жұмыстарына икемдеу;
- студенттер мен оқытушылардың құрамын көбейту үшін 100%-ды ағылшын тілінде
оқыту;
- шетелден тәжірибесі мол мұғалімдерді шақыру;
- "студенттер алмасу" бағдарламасын жетілдіріп, университеттердің тәжірибесін
арттыру.
ПАЙДАЛЫНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
1.
UNIST университетінің ресми сайты. 2015ж. http://www.unist.ac.kr
2.
UNIST университетінің жаңалықтар сайты. 2015ж., наурыз.
3.
Flipped
learning
-
ағылшынша
мақала.
http://en.wikipedia.org/wiki/Flipped_classroom
4.
KIPP Академиясының Flipped learning техникасын қолданудағы бақылауы
http://www.loopinsight.com/2012/08/13/ipads-in-the-classroom-raise-math-scores-49/
5.
Википедиадағы
курс
кредитінің
анықтамасы.
http://en.wikipedia.org/wiki/Course_credit
6.
Назарбаев Университетінің ресми сайты http://nu.edu.kz
7.
UNIST жайлы. http://www.unist.ac.kr/about-unist/overview/unist-at-a-glance
8.
Ерасыл
Зейнолланың
UNIST-те
жүргізген
сауалнамасы.
http://yerassyl94.yvision.kz/post/465086
ӘОЖ 31.1
МАЛАЙЗИЯНЫҢ ЖОҒАРЫ БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНДЕГІ СТУДЕНТТЕРГЕ
АКАДЕМИЯЛЫҚ ҚОЛДАУ КӨРСЕТУДІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Мұқатаев Нұралы Арыстанбекұлы
Сүлейман Демирел атындағы университет
Ғылыми жетекші: ф.ғ.к., доцент Әйтімбет І.А.
Түйіндеме.
Малайзияның жоғары білім беру жүйесіндегі студенттерге академиялық
қолдау көрсету кешенін ҚР жоғары оқу орындарында қолданудың мүмкіндіктері атты
931
баяндамада Малайзия университеттеріндегі академиялық қолдау көрсету орталықтарының
студенттің жеке оқу траекториясын қалыптастыруға әсер ететін негізгі бағдарламаларына:
академиялық эдвайзер (academic Advising), тьютор (tutoring) талдау жүргізілді, ҚР және
Малайзия жоғары оқу орындарындағы академиялық қолдау көрсету бағдарламаларына
салыстырмалы талдау жасалды. Малайзияның тәжірибесін қолдану негізінде қазақстандық
моделін теориялық тұрғыда негіздеу және отандық университеттерде студентке
бағытталған оқыту ортасын қалыптастыру туралы кеңес бердім.
Кіліт сөздер: академиялық эдвайзер (academic Advising), тьютор (tutoring), ЖОО,
кредиттік оқыту технологиясы.
КІРІСПЕ
Мен Малайзияға келгеніме екі айдың жүзі болды. Қазір мен ел астанасы– Куала-
Лумпур қаласынан 20 шақырым қашықтықтағы UPM
49
деген қаладамын. 2 курстың 2
семестрінде Exchange бағдарламасымен білім алуға келдім. Ақпараттық жүйелер саласын
меңгергім келгендіктен, мені аз ғана уақыт ішінде жақсы даму деңгейіне жетіп үлгерген
және мұндай тәжірибесі Қазақстан секілді дамушы елдерге үлгі боларлықтай мемлекетте
білім алу мүмкіндігі қызықтырды. Бұл туралы толығырақ ғылыми мақалаларда жазғым
келеді. Ал, мұнда Малайзиядағы білім алудан сүруден алған әсерлерім және тәжірибеммен
бөліскім келеді. Осында келгелі Малайзиядағы оқуымның жайын сұраған достарым мен
таныстарымнан ондаған хат алдым. Оларға мүмкіндігінше жан-жақты жауап беруге
тырыстым. Себебі, келесі семестрдегі келетін достарым жеткілікті. Біразы мен секілді алған
әсерлерімен, тәжірибесімен бөліседі деп ойлаймын.
Малайзияның оқыту деңгейі біздің елмен салыстырғанда әлдеқайда көш ілгері. АҚШ
пен Еуропаның білім жүйесінің тиімді тұстарын пайдалана біледі. Халықаралық
стандарттарға сай білім беру жолға қойылған. Бұл елге білім іздеп барушылар алдымен оқу
бағасының арзандығын алға тартады. Австралия, Британия, АҚШ және Сингапурмен
салыстырғанда, бұл елде тұрмыстық шығын да арзанға түседі. Ағылшын тілін меңгеруді
қалайтындар да осы елге жол тартып жатқанын жиі байқаймыз. Малайзияда шетел
студенттеріне біраз жағдай қолайлы көрінеді. Мәселен, Көші-қон қызметінің рұқсаты
болса, шетелдік студенттерге аптасына 20 сағат жұмыс жасауына болады. /6,
http://www.nottingham.edu.my//. Қазір мемлекеттік ЖОО
50
-ның бәрі де шетелмен тәжірибе
алмасуға жақсы деңгей қойған. Соның арқасында талай шәкірттер өзге елде білімдерін
шыңдауда. Малайзияда ЖОО мен ағылшын тілін үйрететін арнайы дайындық курстары
жетерлік. Мен оқып жатқан орталықта оқытушылардың көбі ағылшын, қытай және малай
ұлтынан. Малай тұрғындарының көпшілігі ағылшын тілін жетік біледі. Сондықтан да,
ұстаздарымыздың ағылшын тілін білу деңгейі жоғары. Ағылшын тілін үйренуге бұл үлкен
көмегін тигізіп жатыр. Әрине, біздің елде де ағылшын тілін үйренуге болады. Бірақ
шетелдік азаматтармен бірге қарым-қатынас жасап, күнделікті сөйлесу арқылы тезірек
жаттығасың. Мына жақта 2 мыңнан аса қазақ жастары оқиды екен. /7, http://www.inform.kz
/ Кез келген жерге барсаң, қазақ азаматтарын көзің шалады. Қарындастарымызды көргенде
мәз болып қаламыз. Жалпы, Малайзия – шетелде білім аламын деушілерге ыңғайлы
мемлекет.
Менің пікірімше, Малайзия университеттерін төрт топқа бөлуге болады. ЖОО-дың 1-
тобы бұл білім сапасы күмәнді жеке білім орындары. Мұндай оқу орындары негізінен
шетелдік студенттерді қабылдауға тырысады. Батыстық университеттермен байланыс
жасап, сауатты маркетингтік стратегия жасау арқылы мұндай оқу орындары студенттерді
өзіне тарта біледі. Бұларда білім сапасы тіпті нашар деп айтуға келмейді, алайда мұндай
жоғары оқу орындарының, сабақтары ағылшын тілінде жүргізілетін жақсы қазақстандық
49
Universiti Putra Malaysia
50
Жоғары оқу орын
932
оқу орындарымен салыстырғанда, сапасы төмен. Талаптанып, жоғары нәтиже күткен
студенттердің көп жағдайда көңілі қалып жатады. Көңіл толмаудың бір себебі кейде білім
сапасы емес, студенттердің құрамында болып жатады. Оларды қабылдау барысында
қаржылық мүмкіндіктерінен өзге айрықша талап қойыла бермейді. Қолымда нақты
дәлелдер мен статистикалық мәліметтер болмағандықтан және негізсіз жала жаппау үшін,
нақты оқу орнын атап айта алмаймын. Оның үстіне университет сапасын бағалау үнемі
сынға ілініп жатады. Ең кең таралған университет рейтингтерінің өзі субъективті болып
келеді. Алайда, батыс университеттерімен тығыз қарым-қатынас, түлектерге қос
дипломның берілуі және дардай аты үнемі жоғары сапаға кепіл бола бермейтінін ескеру
қажет.
Жоғары оқу орындарының 2-тобы бұл жеке және зерттеу университеттері статусына
ие болмаған мемлекеттік университеттер. Олардың білім сапасы аса жаман емес және
шетелдік студенттерді мүмкіндігінше көп тартуды өздеріне мақсат етпейді. Олар жергілікті
студенттерді тартуға баса көңіл бөледі, алайда белгілі мөлшерде шетелдік студенттерді де
қабылдайды. Мұндай университетте оқу құны аса жоғары болмайды, өйткені оларға
тікелей мемлекет және ірі мұнай немесе телекоммуникациялық компаниялар демеушілігік
етеді. Мұндай бағыттағы оқу орындарында білім сапасы үнемі жетілідіріліп отырады.
3-топ бұл негізінен жақсы пікірлер айтылатын жеке оқу орындары. Мұндай оқу
орындарына Австралиялық және британдық білім ордаларының тікелей филиалдарын
жатқызуға болады. Мұндай оқу орындары отанындағы бас білім ошақтары секілді білім
сапасын беруге тырысады. Алайда, Малайзиядағы өмір арзан және мұндай оқу орындарын
тарту үшін мемлекет тарапынан ынталандыру шаралары жасалатындықтан, тамақ, жатын
орынды қосқанда оқу ақысы Ұлыбритания мен Австралияға қарағанда анағұрлым арзан.
Алайда, 1-топтағы жоғары оқу орындарымен салыстырғанда оқу ақысы екі есеге қымбат,
тіпті кейде одан да көбірек шығады. Мұндай жоғары оқу орындары бизнес, экономика және
медицина секілді мамандықтардың аз ғана түрлерін дайындайтынын ескеру керек.
ЖОО-ның 4-тобы зерттеу университеті мәртебесі бар немесе осындай мәртебе алу
кезеңінде тұрған мемлекеттік университеттер. Мұндай университеттерді мемлекет
қолдайды. Мысалы, 2013 жылдың бюджетінде 5 университет (UM, UKM, UPM, USM,
UTM) үшін зерттеу грантына 600 миллионов рингит (200 миллион долларға жуық) қаржы
бөлінген. /8, http://studymalaysia.com/. Мұндай университеттер магистр және PhD
дәрежесін алғысы келетіндер үшін маңызды, өйткені мұнда сабақтар ағылшын тілінде
жүргізіледі. Мұндай университеттегі оқытушылардың басым бөлігі шетелдік жетекші
жоғары оқу орындарын тәмамдаған, негізінен Британияда білім алған Малайзия
азаматтары. Бес зерттеу ЖОО-ның арасында – Малая Университетінде оқытушылар
интернационалды, яғни көп ұлтты. Айта кету керек, Малайзия зерттеу университеттері
жетекші халықаралық ғылыми басылымдарында мақала жариялауға құмар келеді. Мұндай
мақалалар олардың рейтингіне ықпал етеді және мақала саны академиялық мансаптың өсу
үшін маңызды факторлардың бірі болып саналады.
Негізгі тақырыбыма үңілсек, басты ерекшеліктердің бірін айтқым келіп тұрғаны, ол-
академиялық қолдау көрсету орталықтары (Academic Support Center) туралы. Малайзия
университеттерінде студентке екі немесе одан да көп академиялық қолдау көрсету
бағдарламаларын (эдвайзер, ментор, тьютор және т.б.) ұсынатын институционалды
ұйымдасқан университеттік орталықтар жүйесі бар, оның ішінде кредиттік оқыту
технологиясы туралы іс қозғаймын. Қазақстанда мәселелердің бірі - білім алушыларға
академиялық колдау көрсету бағдарламаларын ұйымдастыруда негіз болатын шетел
тәжірибесінен зерделеніп жасалған, өзіндік қазақстандық моделінің қажеттігі мен оны
жүзеге асырудағы әдістемелік нұсқаулардың жоқтығы.
Мақсат: Малайзияның жоғары білім беру жүйесіндегі студенттерге академиялық
қолдау көрсету бағытының тәжірибесін жан - жақты зерттеп, кредиттік оқыту
технологиясында студенттерге жаңашыл академиялық қолдау көрсетудің ерекшеліктерін
көрсету.
933
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
Малайзияның жоғары білім беру жүйесінде студенттерге академиялық қолдау көрсету
қызметтері, бағдарламалары оның келесі басты ерекшеліктерінің саласында дамыған: білім
беру үдерісін елдің экономикасының дамуының қайнар көзі ретінде қарастыру, көп
ұлттылық жоғары білім беру; жылдан жылға шетел студенттерінің санының артуы;
университеттер арасында ашық бәсекелестік орнату. Малайзияның жоғары білім беру
жүйесінің көпұлттануы қазіргі қоғамның жаһандану, әлеуметтік, экономикалық өмірдің
интеграциялануы, ұлттық оқшаулану үдерісінің бірте-бірте жойылуының көрінісі.
Малайзияның жоғары білім беру жүйесі, көпұлттану (интернационализация) үдерісін
басым бағыттардың бірі деп санаймын және университеттерінің білім беру құрылымдары
бәсекеге қабілеттілік және табыстылық деңгейі бойынша қайта құрылып, студентті
университет қабырғасында сақтап қалу, студенттің қажеттілігі мен мүмкіндіктерін
қанағаттандыру, студентке қойылатын талаптарды төмендетпей, студентке бағытталған
оқыту қағидасына сай қажетті академиялық қолдау көрсету қызметтерінің рөлін арттыруда.
Кредиттік оқыту технологиясына пайдалану арқылы оқу үдерісін ұйымдастырудың
негізгі міндеттеріне: білім көлемін біріздендіру; оқытуды барынша дараландыру үшін
жағдай туғызу; білім алушылардың өзіндік жұмыстарының рөлі мен тиімділігін күшейту;
білім алушының оқудағы шынайы жетістіктерін оларды тиімді бақылау рәсімдері негізінде
анықтау мәселелері жатады. /4, htpp: www.edu.gov.kz / Білім алушыларды кредиттік оқыту
технологиясының ерекшеліктеріне бейімдеу, олардың ақпараттық хабардарлығы мен
академиялық сауаттылығын арттыру, жеке оқу траекториясын саналы түрде
қалыптастыруды қажет етеді. Осы мәселелерді қанағаттандыру үшін, соңғы жылдары
Қазақстанның жоғары оқу орындарына эдвайзер-оқытушы, тьютор-оқытушы деген жаңа
академиялық қызметтер енгізілуде.
Қазақстандық білім беру жүйесінде «академиялық эдвайзер (Аdvisor) - тиісті
мамандық бойынша білім алушының академиялық тәлімгерінің қызметін атқаратын, оқу
траекториясын таңдауына (жеке оқу жоспарының қалыптасуына) және оқу кезеңінде білім
беру бағдарламаларын игеруіне ықпал ететін оқытушы» деп анықталады./2, c.79 / Эдвайзер,
Қазақстанның жоғары білім беру жүйесінің реформалауымен келген «жаңа феномен» деп
те айта аламыз. Ағылшын тілінен аударғанда, «adviser», «кеңесші», «референт», «белгілі
бір сала бойынша кеңес беруші тұлға» деген мағынаны білдіреді.
Егер, ҚР контексінде, эдвайзер студенттің жеке оқу жоспарын қалыптасуына әсер
ететін «оқытушы- тәлімгер» болса, онда ол «нені оқыту керек?», «оқыту мазмұны неден
тұруы қажет?», «эдвайзердің негізгі және қосымша функциясына не жатады?» деген
бірнеше өзекті сұрақтар туындайды. Бұл сұрақтарға жауапты әлемдік озық тәжірибеден
іздестіріп, оны терең талдау негізіне, икемдеп қолдану немесе ғылыми негізделген
ұсыныстар жасау, университет эдвайзерлерінің қызметінің сапасын арттыруға мүмкіндік
берер еді деп болжам жасай отырып, Малайзияның тәжірибесін қарастырдым. Малайзия
тәжірибесін таңдау, екі себептермен түсіндіріледі: біріншіден, эдвайзер, Малайзияда
студенттерге академиялық қолдау көрсетудің негізгі компоненті, оның басқа
элементтерімен байланыстырушы құралы болып табылады; екіншіден, Қазақстан
университеттері кредиттік оқыту технологиясының американдық моделінің негізінде оқу -
тәрбие үдерісін ұйымдастыруда. ҚР университеттерінде, эдвайзерлердің мақсаты,
міндеттері, іс-әрекет мазмұны, шын мәнінде, оның студенттің жеке оқу траекториясын құру
іс-әрекеті қалай жүзеге асу керектігі бойынша арнайы тұжырымдамалық зерттеу
жұмыстарының болмауы, эдвайзерлердің жұмысына бағыт-бағдар беретін оқу-әдістемелік
құралдардың жетіспеуі, әлемнің озық университеттерінде ғасырдан астам тәжірибесі бар,
бұл қызметтің басымды жақтарын еліміздің жоғары оқу орындарында толыққанды
пайдалануға мүмкіндік бермей отыр. Соның нәтижесінде, кейбір қазақстандық
университеттер эдвайзердің функциясын, сызықтық жүйедегі топ кураторымен шатасып,
алмасып кетіп отыр. Оған, еліміздің жоғары оқу орында куратор-эдвайзер сияқты біріккен
934
қызметтердің енгізілуі дәлел бола алады. Мысалы, ондай біріккен бағдарламалар, үздік
университеттерінің бірі, мен оқып жүрген Сүлейман Демирел атындағы университетінде,
Аль-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінде, Тұран-Астана т.б. сияқты
жекеменшік университеттерде орын алған.
Академиялық эдвайзер бағдарламасына қатысты, қазақстандық, малайзиялық
тәжірибелерге салыстырмалы талдау жасаудан, екі жүйенің басым ерекше тұстарымен мен
ортақ белгілерін айқындадым. (кесте 1).
Кесте 1 - Қазақстан, Малайзия университеттеріндегі академиялық кеңес беру
үдерісінің ерекшеліктері
Қазақстан
университеттеріндегі
академиялық кеңесшілердің (эдвайзер)
ерекшеліктері
Малайзия
университеттеріндегі
академиялық кеңесшілердің (эдвайзер)
ерекшеліктері
1
2
Кафедра оқытушылары тарапынан
жүзеге
асырылатын
төмен
мамандандырылған қызмет
Профессор-оқытушылар құрамынан
тыс, кәсіби мамандармен жүргізілетін
жоғары мамандандырылған қызмет
Студенттер ұжымына бағытталған
Жеке-дара студентке бағытталған
Академиялық
кеңес
берудің
«бұйырушы» (perspective) моделі
Академиялық
кеңес
берудің
«дамытушы» (developmental) моделі
Студенттер
ұжымымен
кездесу
жүргізу жоспары
Әрбір жеке студентпен кездесу
жоспары ( электронды пошта)
Іс-әрекет
мазмұны:
элективті
пәндерді таңдау, студенттің жеке оқу
жоспарын құру, оқу үлгерімін қадағалау.
Іс-әрекет
мазмұны:
студенттің
өмірдегі,
мамандықтағы
мақсаттарын
анықтау;
негізгі
және
қосалқы
мамандануын
іріктеу;
оқу
пәндерін
жоспарлау; сабақ кестесін құру
Академиялық
қолдау
көрсету
құралдары:
студенттер
ұжымымен
жиналыс жүргізу, телефон
Академиялық
қолдау
көрсету
құралдары:
әрбір
студентпен
жеке
кездесулер, электрондық пошта, форум,
онлайн-конференциялар, телефон
Академиялық
қолдау
көрсету
формалары: ұжымдық, шағын топта кеңес
беру, тәртіп, оқу үлгерімі бойынша
жиналыстар
Академиялық
қолдау
көрсету
формалары:
жеке-дара
кеңес
беру,
модерация, студенттер тобымен тренинг,
дамытушы практикалық сабақтар,
Достарыңызбен бөлісу: |