Атты студенттердің IV жоо аралық дәстүрлі ғылыми конференциясының ЕҢбектері



Pdf көрінісі
бет125/135
Дата21.02.2017
өлшемі15,88 Mb.
#4636
1   ...   121   122   123   124   125   126   127   128   ...   135

 

Пайдаланылған әдебиеттер: 

1.

 



2007 жылғы Қазақстан Республикасыныңы Конституциясы. 

2.

 



Қазақстан 

Республикасы 

Білім 

және 


ғылым 

минисрлігінің 

ресми 

сайт 


материалдары. 

www.edu.kz

 

3.

 



ҚР Білім туралы Заңы (27.07.2007, №319). 

4.

 



ҚР жалпыға бiрдей құқықтық бiлiм беру туралы ереже (1995 жылы 21 маусым, №2347) 

5.

 



А. Базилова, Л.Бисенғали 

«Халық заңды көп білмейді тереңдеп, жай еңбекпен күн көреді 

әрең деп»

 http://almaty-akshamy.kz/ 

6.

 

http://www.ombudsman.kz/



 ҚР-ның Адам құқықтары жөніндегі Уәкілі 

7.

 



Поправки  в  Закон  об  Образовании  –  круглый  стол  в  мажилисе.  Цель  –  реализация 

програмной установки НДП «Нур Отан» — «Приближение казахстанского образования к 

мировым стандартам». 

www.parlament.kz

 ресми сайтының материалдары. 

8.

 



Выступление Министра образования и науки Республики Казахстан Ж.К.Туймебаева на 

тему: «Цели высшего образования Республики Казахстана на пути к Болонскому процессу» 

5 февраля 2009 г., Алматы КазНУ им. Аль-Фараби. 

 

4/2 - СЕКЦИЯ 



«XXI ҒАСЫРДАҒЫ ӘЛЕУМЕТТІК-ГУМАНИТАРЛЫҚ ҒЫЛЫМДАРДЫҢ 

ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ» 

 

УДК 323.22.28 

 

«ТӘУЕЛСІЗДІК АЛҒАН УАҚЫТТАН БЕРГІ ОРТАЛЫҚ АЗИЯДАҒЫ 

ТРАНСШЕКАРАЛЫҚ СУЛАР МӘСЕЛЕСІ ТӨҢІРЕГІНДЕГІ ПАЙДА БОЛҒАН 

ҚАЙШЫЛЫҚТАР» 

 

Жәнібекова Лаура Маратқызы 

Абылай хан атындағы Қазақ Халықаралық Қатынастар және Әлем Тілдері 

Университетінің 

Ғылыми жетекшісі – к.ф.н.,доцент Аухадиева Ш.Д. 

 

Орталық  Азиядағы  трансшекаралық  сулардың  қолданылуының  бүгінгі  таңдағы 



проблемалық  мәселеге  айналуы.  Аймақтағы  ауыз  –  су  тапшылығы,  оның  тиімсіз 

пайдаланылуы  мен  қарама–қайшылықтардың  пайда  болуы.  Орталық  Азиядағы 

трансшекаралық  сулардың  пайдалануына  байланысты  аймақтағы  мемлекеттердің 

арасындағы  келісімдері  мен  халықаралық  аренада  шешім  іздеуін  талқылау.  Орталық 

Азиядағы трансшекаралық сулардың аясында пайда болған  мәселерге жауап іздеп, оның 

шешімін табуға тырысу. 



920 

 

Возникшие проблемы в Центральной Азии по вопросу использование трансграничных 



рек.  Дефицит  пресной  воды  в  регионе,  его  неправильное  использование  и  появление 

противоположности  между  странами  Центральной  Азии.  Соглашении  и  договоры  по 

вопросам использование трансграничных рек Центральной Азии и его решение в мировом 

порядке.  Способы  решение  проблем  использование  трансграничных  рек  в  Центральной 

Азии.    

Problems encountered in Central Asia on the use of transboundary rivers. Water scarcity in 

the region,  its  misuse and the emergence of antagonism between the countries of Central  Asia. 

Treaties and agreements on the use of transboundary rivers in Central Asia and its solution in the 

world order. Methods for solving the problems of transboundary rivers in Central Asia. 

Кілт  сөздер:  трансшекаралық  сулар,  конвенция,  миграция,  лидерлік,  сепаратизм, 

экстремизм, терроризм, геосаяси, геосаясат, инвестор, экономика, суэлектрстанциялар.  

1990  жылы  алып  держава  болған  Кеңес  Одағының  ыдырауы  тарихта  ең  үлкен 

өзгерістердің  біріне  айналды.  Әлемде  жаңа  үрдіс,  жаңа  саяси  бағыт  пен  экономикалық 

өзгерістер  орын  ала  бастайды.  Соның  ішіндегі  Орталық  Азиядағы  мемлекеттердің 

егемендікке қол жеткізгендігі әлемнің назарын өзіне аудартты. Тарихы, мәдениеті, тілі, діні 

ұқсас бұл мемлекеттер: Қазақстан, Өзбекстан, Түркменстан, Қырғызстан және Тәжікстан. 

Жаңа  тәуелсіз  мемлекеттер  алдында  үлкен  жұмыстар  жатты.  Әрқайсысы  өзінің  саяси 

жолын таңдап, экономиканы дамыту жұмыстарымен айналыса бастады. Кеңестік ықпалдан 

құтылған Орталық Азия мемлекеттері бүгінгі таңда бір арнаны таңдап дамып отырғанымен, 

аймақта  қалыптасқан  түрлі  проблемаларда  жоқ  емес.  Табиғаты  өте  бай,  халқы  елу  бес 

миллиондай  болған  Орталық  Азия  мемлекеттері  арасында  ұлтаралық  қақтығыстар, 

шекаралық келіспеушіліктер, саяси лидерлік мәселесі, миграция, сепаратизм, экстремизм, 

терроризм,  Ауғанстаннан  келетін  қауіп,  сыртқы  күштердің  қызығушылығы,  есірткі 

тасымалы және трансшекаралық сулар сияқты өзекті мәселелер туындап отыр. Осы өзекті 

мәселелердің  ішінде  менің  тоқтағым  келіп  отырған  тақырып  –  трансшекаралық  сулар 

мәселесі.  

Су  –  тіршілік  көзі.  Орталық  Азиядағы  тұрақтылық  пен  әлеуметтік-экономикалық 

жағдайдың тұрақты болуы ауыз судың бар болуынада байланысты. Орталық Азиядағы ең 

негізгі трансшекаралық сулар көздері: 

 

Арал теңізі – Қазақстан мен Өзбекстан; 



 

Әмудария мен Сырдария;  



 

Іле; 



 

Тарым; 



 

Ертіс; 



 

Тобыл, Орал, Ішім;  



 

Каспий теңізі; 



 

Талас, Шу өзендері. Жалпы Орталық Азияның геосаяси орналасуы әлемдік мұхиттан 



алыста  жатыр.  Еуразияның  жүрегінде  орналасқан  бұл  мемлекеттерде  ауыз-су 

тапшылығын шегіп отырғандығы сонау тарихтан белгілі. [1] 

Жалпы ауыз-судың мәселесі әлемдегі бітпейтін дау көзіне айналған. Ол түсінікті. Су 

ауа секілді негізгі тіршілік көзі. Ол болашақта ең қымбат ресурстың біріне айналып, ол үшін 

қақтығыстар  басталары  хақ.  Себебі  дүниежүзінің  3%  -  ғана  ішуге  жарамды  болып 

табылады.  Қалған  пайызы  ащы  судан  тұрады.  Су  көздеріне  қатысты  әлемдік  ұйымдарда 

қабылданған бірқатар құжаттарды атап өтсек: 

 



1966  жыл.  Хельсингідегі  халықаралық  құқық  ассосациясы  қабылдаған 

«Халықаралық сипатқа ие су көздерін дұрыс қолдану ережелері» атты келісім; 

 

1992  жыл.  БҰҰ  төңірегіндегі  Еуразиялық  экономикалық  комиссиясының 



«Трансшекаралық  суларды  және  халықаралық  су  көздерін  тиімді  қолдану  мен 

қорғауға алу» атты конвенциясы; 



921 

 



 

1997  жыл.  БҰҰ  төңірегіндегі  «Халықаралық  су  көздерін  қолдану»  атты 

конвенциясы.[2] 

Еуропа елдерінің бұл салада айтарлықтай тәжірибесі болғанымен, әлемдік деңгейдегі 

су тапшылығының ошақтары артып келеді. Әлемдік деңгейдегі трансшекаралық сулардың 

тиімді  қолданудың  механизмін  жүйелестіру  жалпы  адамзаттың  болашағы  үшін  ауадай 

қажет. Сол мақсатта тарихы бір, мәдениеті, тілі, діні ұқсас түркі тілдес Орталық Азиядағы 

– Қазақстан, Тәжікстан, Өзбекстан, Түркменстан және Тәжікстан елдері тәуелсіздік алған 

жылдардан бастап аймақтағы трансшекаралық суларды бірлесе қолдану концепцияларын 

іздей  бастайды.  Оның  алғашқы  жұмыстары  ретінде  төмендегідей  келісімдер  мен 

конвенцияларды атап өте аламыз: 

-

 



Кеңестік  кезеңде  яғни  1974-1982  жылдар  аралығында  Орталық  Азиядағы  су 

тапшылығының ахуалы арта бастады. Оның негізгісі біз білетін Арал теңізінің апаты 

еді. Аймақтағы алғашқы екі үлкен сушаруашылық бассейні құрылған болатын. Ол 

Әмудария  –  кеңсесі  Үргенші  қаласында  және  Сырдария  –  кеңсесі  Ташкент 

қаласында еді. бұл ұйымдардың пайда болған уақытынан бастап кемшііктерге толы 

болды. Су көзінің ауылшаруашылық мақсатында  әр мемлекетке әр-түрлі деңгейде 

беріліп, судың сапасы бақылаусыз қалып, аймақтағы халықтың су көздерінің қадірін 

білмей  есепсіз  пайдалануы  соңында  Арал  теңізінің  орны  толмас  экологиялық 

ахуалына әкеліп соқтырды.  

-

 



Осы  бес  мемлекеттің  ішінде  Қазақстан  Республикасы  ғана  «Трансшекаралық 

суларды  және  халықаралық  су  көздерін  тиімді  қолдану  мен  қорғауға  алу»  атты 

конвенциясына мүше болған жалғыз мемлекет. Тіпті аймақтағы Қытайдың өзі бұл 

ұйымға мүше емес; 

-

 

1991жылы  10  қазанда  Орталық  Азия  елдерінің  ауыз-су  министрлері  кездесіп, 



аймақтағы «Мемлекетаралық су көздерін тиімді пайдалану» атты келісімге отырып, 

1992  жылы  18  ақпанда  оның  жұмысын  бастайды.  Бұл  келісім  арқасында 

«Мемлекетаралық сушаруашылық бақылау комиссиясы» құрылады; 

-

 



1993 жылы 4 қаңтарда бес министр Ташкент қаласында «Арал теңізін құтқарудың  

халықаралық форумын» құрады.  

 

1993 жыл 26 наурыз. ТМД төңірегіндегі «Су көздерін тиімді пайдалану» атты келісім 



негізінде  «Арал теңізіңің мәселесін шешу, Арал маңындағы экологиялық апаттың 

алдын-алу,  аймақтағы  әлеуметтік-экономикалық  әлеуетті  жақсарту»  мақсаттары 

бойынша келісім; 

 



1994жылы Түркменстаннан басқа төрт мемлекет Орталық Азиядағы экономикалық 

одақты құрады. (2005 жылы Еуразиялық экономикалық одағына қосылып кетеді);    

 

1995  жыл.  Нүкіс  және  Ыссық-көл  декларациясы.  Мемлекетаралық  тұрақты  даму 



комиссиясының құрылуы;    

 



1997  жылы  Қоршаған  ортаны  қорғау  мен  су  көздерін  тиімді  қолдану  жайындағы 

Алматы декларациясы; 

 

2001 жылы Шанхай ынтымақтастық ұйымы құрылды; 



 

2003 жылы БҰҰ басқаруымен Душанбеде ауыз-су мәселесі бойынша форумы өтті. 



[3] 

Жоғарыда  аталып  өткен  келісімдер  нәтижесінде  Қазақстан  Республикасында  бірқатар 

жобаларда жұмысын бастаған болатын: 

-

 



 «Сырдария  ағысын  бақылау  және  Арал  теңізінің  солтүстік  бөлігін  сақтап  қалу» 

мақсатында  2001-2006  жылдар  аралығында  Америка  Қазақстанға  21млн.  доллар 

көлемінде қарыз береді; 

-

 



 «Арал  теңізін  суландыру»  2001-2004  жылдар  аралығында  Кувейт  жағы  елімізге 

13,65млн. доллар несие береді

-

 

«Қазалыны  суландыру»,  2001-2003  жылдар  Германия  банкі  Қазақстанға  5,3  млн. 



доллар несие береді; 

922 

 

-



 

«Нұра – Ішім өзендерін қалпына келтіру мен оны қорғау», «Қазақстанның солтүстік-

шығыс  аймағын  ауыз-сумен  қамту  және  санитария  жұмыстарын  қолға  алу»  

мақсатында  Қазақстанға  Халықаралық  қайта  құру  дәне  даму  банкі  1999-2002 

жылдарға 696 млн.доллар несие береді; 

-

 



АҚШ  халықаралық  даму  агенттігінің  қолдауымен  Қазақстанның  Отырар 

ауданыныңхалқы таза сумен қамтамасыз етілді; 

-

 

 АҚШ  халықаралық  даму  агенттігі  Қазақстанның  оңтүстік  аймағында  16  ауылдық 



аймағында 96 жобалық жұмысын жандандырмақ

-

 



БҰҰ  даму  бағдарламасының  аясында  Арал  теңізінің  ахуалын  шешуге  тырысып 

жатыр.  


Трансшекаралық сулар мәселесін шешуде Қазақстан белсенді әрекеттер жасауға тырысып 

отырса  оның  көршілері  туралы  олай  ймақтағы  ауыз-су  тапшылығы  бірте-бірте 

қақтығыстың  себептері  мен  экологиялық  ахуалдың  өрістеуіне  себеп  болып  отыр. 

Аймақтағы су тапшылығының сезініп отырған – Қазақстан, Түркменстан және Өзбекстан 

болып  саналады.  Қырғызстан  мен  Тәжікстан  географиялық  ерекшелігіне  сәйкес  таулы 

аймақта орналасқандықтан су көздеріне бай болып келеді.[4]Дегенмен бұл екі мемлекеттің 

саясаты құбылмалы сипатқа ие. Ортақ жүйенің болмауы нәтижесінде экологиялық ахуал 

өршіп келеді: 

-

 

Сырдария, Ертіс, Іле өзендерінің ластануы мен тиімсіз пайдалануы күн санап артып 



келеді; 

-

 



Орал,  Тобыл,  Ертіс  және  Ішім  өзендерімен  Ресей  жағынан  су  ағысымен  келіп 

отырған  түрлі  химиялық,  мұнай  қалдықтары,  мыс,  цинк,  сульфат  секілді  ауыр 

металдардың  кесірінен  Қазақстандағы  трансшекаралық  сулардың  ластануы 

көрсетілген мөлшерден асып кеткен.  

-

 

Зайсан  мен  Балқаш  көлдеріндегі  су  балансы  мен  табиғатының  өзгеруі  орын  алып 



келеді; 

-

 



Қазақстан  мен  Қырғызстан  арасындағы  Шу  мен  Талас  өзендерінің  сағасындағы 

суының азаю мен өндірістік қалдықтардың артуы арқасында су көздерінің ластануы 

артып  келеді.  Бұл  өзендердің  азаюына  тағы  үлкен  себептер  ауылшаруашылық 

мақсатта көп көлемінің кетуі, аймақтағы ауа райының жылы болуына қарай Талас 

өзенінің тартылып бара жатқандығына себеп болып отыр; 

-

 



Сырдария  өзенінің  металдармен  ластануы  аймақтағы  халықтың  денсаулығы  мен 

табиғатқа зиян болып отыр; 

-

 

Бүгінгі  таңдағы  дүниежүзілік  ең  үлкен  ахуал  Арал  теңізінің  катастрофасы  болып 



табылады. Арал теңізің ұтымсыз пайдаланудың кесірінен бүгінгі таңда орны толмас 

өзгерістерге әкеліп соқтырды; 

-

 

Каспии  теңізінің  жыл  өткен  сайын  экологиясының  бұзылуына  мұнайдың  ашық 



алынуы,  ауыр  металдар,  түсті  металдар,  химиялық  қоспалар  теңізге  тікелей  кетуі 

ауыр  жағдайларды  туғызып  келеді.  Каспии  теңізінің  суы  көтеріліп  келе 

жатқандықтан  жағасындағы  көптеген  өнеркәсіптер  су  астына  кетіп,  теңізді 

ластануына екінші үлкен мәселе туғызып отыр; 

-

 

Тоқтагүл  суэлектрстанциясының  қыс  мезгілінде  толып  кеткендіктен  оны  жіберу 



аймақты су басып халықтың өмірі мен табиғатқа кері әсерін тигізіп отыр;  

-

 



Достық  каналымен  Оңтүстік  Қазақстан  аймағында  ауылшаруашылық  мақсатта 

қолданылуы тиіс су көзінің азайып кетуі; 

-

 

Рогундық Суэлектрстанциясының салынуы аясында пайда болған талас



-

 

Өзбекстан мен Қырғызстанның арасында кикілжің пайда болып Сырдария өзенінің 



суқоймасын  дұрыс  пайдаланбауы  нәтижесінде  аймақты  қыс  мезгілінде  су  басып, 

жазда су тапшылығы жиілеп кеткен. [5] 

        Жоғарыда атап өткен мәселердің пайда болуына аймақтағы елдердің арасындағы 

келісімдердің  болмауы  нәтижесінде  болып  отыр.  Трансшекаралық  сулар  мәселесін 

шешетін  құқықтық  жүйенің  қалыптаспауы,  республикалардың  бөлектену  саясатын 


923 

 

жүргізуі,  бұл  мемлекеттердің  қоғамдық-саяси  және  экономикалық  деңгейінің  түрлі 



дәрежеде болуы, адам санының өсуі, саяси лидерлік тұрғысынан мойындамаушылық, 

экология  саласындағы  мамандардың  аздығы,  ұйымдардың  жұмысының  нәтижесіз 

тоқтап қалуы, шекаралық кикілжің секілді проблемалар бірлесе дамуға кедергі болып 

отыр. 


Бұндай жағдайдың жалғасуы аймақтағы бес мемлекет үшін көптеген орны толмас 

қасіреттерге әкеліп соғуы ғажап емес. Су балансының өзгеріп, өзендердің деградациясы, 

су  жануарларының  өліміне,  ауылшаруашылық  көздеріне  суды  пайдалана  алмай 

қалуына,  жанжалдың  пайда  болуына,  сыртқы  күштердің  аймаққа  еркін  әсер  етуіне, 

адамдардың денсаулығы мен табиғатқа кері әсерін бірге ала келеді. Осы мақсатта бұл 

мәселерді шешу үшін біз мынадай ұсыныстарды қарастыру керек деген шешімге келдік: 

- Бес мемлекеттің заң жүйесіне трансшекаралық сулардың мәселесін шешу мақсатында 

жұмыс жасайтын жүйесін қалыптастыру;  

- Зиянды қалдықтардың бақылаусыз су көздеріне кетуін тоқтату; 

- Бір-бірімен көрші жатқан мемлекеттердің тарихын ұмытпай, бауырлық қатынастарды 

жақсартып ортақ идея негізінде аймақтағы ынтымақтастықты нығайту; 

-  Сыртқы  мемлекеттерден  көмек  сұрамастан  бұрын  аймақтағы  интеграциялық  үрдісті 

дамытуға қадамдар жасау; 

- Мемлекеттік жекешелену идеясын жою; 

- Экономикалық жағдайды тұрақтандыру; 

- Су көздерін пайдаланудың тереңдетілген мемлекетаралық ынтымақтастығын құру; 

-  Экологиялық  және  экономикалық  жағдайды  жақсарту  мақсатында  әр  мемлекеттің 

өзара қарым-қатынасын арттыру; 

- Су көздерін пайдаланып жатқан халыққа оның маңыздылығын ақпараттық құралдар 

арқылы жеткізіп отыру, табиғатпен етене өмір сүруді және үнемшілдікке үйрету; 

-  Әлемдік  ұйымдардың  тәжірибесін  ала  отырып,  осы  бағытта  институттарды  салып 

білікті мамандарды даярлау; 

- Әлемдегі ірі ұйымдармен қатынас орнату; 

- Инвесторларды, халықаралық қаржы институттардың көмегіне жүгіну; 

- Экологиялық апатпен күресу үшін шетелдік тәжірибені пайдалану. 

Осындай жұмыстарды атқару және аталған кемшіліктерді жою арқылы Орталық Азия 

елдерінің  арасындағы  трансшекаралық  сулар  мәселесі  ақырындап  жауабын  тауып,  бір 

арнаға түсіп тиімді пайдаланар еді. Халқының саны 65,7 млн.болған Орталық Азия ТМД-

дағы ірі аймақтардың  бірі болып табылады. Ауыз-су мәселесінің шешімін табу маңызды 

орынға ие. Әр мемлекет тарихында өзінің дамуы көптеген қиыншылықтардан тұрған. Сонау 

Еуропа мен Американың қалыптасуына көз жүгірте кетсек, бүгінгідей алып держава болмас 

бұрын түрлі тоқырауды басынан кешіп, ғасырдар бойы қалыптасу жолын іздеп келген. Сол 

сияқты  Орталық  Азиядағы  елдердің  интеграциясы  күшейіп  болашаққа  қадам  басуы  әлі 

алда. Аймақ табиғи байлыққа өте бай, жері кең болғандықтан өзіне әлем назарын қаратып 

отыр.  Сыртқы  күштердің  Орталық  Азия  аймағына  тікелей  араласпауы  мақсатында 

аймақтық достық қатынастар артып, гүлденуі тиіс.  

 

Қолданылған әдебиеттер: 

1.

 



http://voprosik.net/problema-vody-v-srednej-azii/

 [1] 


2.

 

http://www.unece.org/fileadmin/DAM/env/water/publications/brochure/Convention_R_A4.



pdf

 [2] 


3.

 

http://www.vestnik-kafu.info/journal/7/257/



  [3] 

4.

 



http://www.carecnet.org/programs_and_projects/water_initiatives_support/proekt-

mezhsektoralnoe-vodnoe-partnerstvo-po-transgranichnym-vodotokam-stran-centralnoj-azii/

  [4]  

5.

 



http://group-global.org/ru/publication/17054-regionalnye-problemy-centralnoy-azii-v-

oblasti-vodnyh-resursov

 [5] 


924 

 

ӘОЖ 1751 



ТӘУЕЛСІЗ ҚАЗАҚ ЕЛІ- МӘҢГІЛІК ЕЛ ДАМУЫНЫҢ МАҢЫЗЫ  

Құмарбек Алма 

Сүлейман Демирел атындағы университет 

Инженер және жаратылыстану ғылымдар факультеті 

Ғылыми жетекші :  PhD, ф. ғ. к. Тебегенова А. Т. 

Түйіндеме: Мәңгілік Ел - Елбасының ерлігі, бейбітсүйгіш халқымыздың бірлігі мен бүгіні, 

халқымыздың тарихи арманы, біздің болашағымыз. Тәуелсіздік- халықтың тойы, елдің тойы. Қалың 

Қазақ,  алты  алаш  туған  күн,  мерейтой.  Отанымыз  Қазақстанымыз  туралы  айтарымыз  да 

мақтанарымыз да көп-ақ! Байтақ ел, күн сәулетті Қазақстан бүгінде дамудың даңғыл жолына түсті, 

сол себепті де менің бұл жұмысымда: Тәуелсіз қазақ елі бар. Әлемде егемен Қазақстан бар. Оның 

көп ұлтты тату халқы бар Қуатты экономикасы, сенімді саяси жүйесі бар. Ең бастысы – бүгіннен 

нұрлы, бүгіннен кемел болашағы бар екенін көрсету. 

Кілт сөздер: Қазақстан , Мәңгілік Ел, Елбасы,  Ата заң 

 Кіріспе 

  Мәңгілік  Ел  -  Елбасының  ерлігі,  бейбітсүйгіш  халқымыздың  бірлігі  мен  бүгіні, 

халқымыздың  тарихи  арманы,  біздің  болашағымыз.  Тәуелсіздік-  халықтың  тойы,  елдің 

тойы.  Қалың  Қазақ,  алты  алаш  туған  күн,  мерейтой.  Отанымыз  Қазақстанымыз  туралы 

айтарымыз да мақтанарымыз да көп-ақ! Ендігі жеңіс те ерлік те біздің қолда. Дербес болуға 

бағыт  алған  егемен  еліміз  -  Қазақстанды  көркейтетін,  шаңырағын  биіктетіп  байытатын, 

абыройын  асырып,  өз  бақытының  иесі  болуына  қол  жеткізіп  отыратын,  білім  мен  білік 

жолын  таңдаған  кейінгі  ұрпақтар,  яғни,  біз  жұмыла  еңбек  етуіміз  қажет.  Байтақ  ел,  күн 

сәулетті Қазақстан бүгінде дамудың даңғыл жолына түсті. Өлшеусіз табиғат байлығымен 

ғана емес, ең алдымен сан түрлі ұлттардан құралған халқының ауызбірлігімен аты шықты. 

Бүгінгі  Қазақстан  —  өзі  орналасқан  аймақтың  ғана  емес,  бүкіләлемдік  проблемаларды 

талқылауда  және  шешуде  ықпалды  рөл  атқаратын  ел.  Елбасы  Нұрсұлтан  Әбішұлы 

Назарбаевтың пікіріне әлем саясаткерлері ықылас қоятын болды. Елдің ішкі экономикалық 

жүйесі  түбірімен  өзгеріп,  дамыған  өркениетті  елдердің  ешқайсысынан  кем  түспейтін 

нарықтық қатынастар құрылды. Соның негізінде Қазақстан дүниежүзілік экономикада өз 

орны бар елге айналды. Жиырма үш жыл ішінде Қазақ халқының ұлттық санасы жаңғырып, 

өзін - өзі тану, өзінің бай ежелден қалыптасқан тарихы мен ұлттық дәстүрлерін құрметтеу, 

ұлы  тұлғаларын  бүкіл  дүниеге  таныту,  бай  рухани  қазынасын  әлемдік  өркениетпен 

ұластыру бағытында қыруар шаруалар атқарылды. Қаншама рет туы тігіліп, қаншама рет 

туы  қайта  қисайған,  қаншама  мемлекеттің  құрамында  болып,  қаншама  рет  мемлекетсіз 

қалған әрі көне, әрі жас Қазақ халқы қайтадан әлемдік дүбірге қосылып, әлем елдерімен иық 

тіресуде.  Тәуелсіздік  –  ең  алдымен  Қазақ  халқының  бостандыққа  ұмтылған  асқақ 

армандары  мен  қайсар  рухының  жемісі.  Сондықтан  да  біз  үшін,Тәуелсіздік  күні  –  ең 

қастерлі күн. Біздің еліміз – бүкіл әлем қауымдастығы мойындап отырған тәуелсіз, егемен 

мемлекет.  Әр  мемлекеттің  өз  заңы  болады.  Еліміздің  Конституциясы  –  Ата  заң  барлық 

Заңдардың  негізгі  басты  құжаты.Ата  Заң  мемелекеттің  болашақ  дамуындағы  бағдаршам 

десек  те  болады.  Оның  ең  қымбат  қазынасы  адам.  Біздің  міндетіміз-Конституцияға  аса 

ұқыптылықпен  қарап,  өзіміздің  елімізді,  өткенімізбен  бүгінгі  тарихымызды, 

жетістіктерімізді қалай құрметтесек Ата заңымызды солай аялауымыз қажет. Ата Заңымыз 

біздің  бостандықтарымыздың  негізіне  айналды.  Көп  ұлтты  Қазақстан  елі  тыныш,  бейбіт 

өмір  сүруде.  Біздің  еліміз  бүгінгі  таңда  достықтың  мекені.  Әрине  бұл  Елбасымыз 

Н.Ә.Назарбаевтың сындарлы саясатының арқасы. Қазақстан халқы осыдан 20 жыл бұрын 

тарихи таңдау жасап, бағыт-бағдарын, жүрер жолын айқындады. Еліміз 1995 жылы өзінің 


925 

 

талғам-талқысынан  өткен  басты  құжатын  -  төл  Конституциясын  жүрек  қалауымен 



қабылдады.  Жасампаздықтың  жаңылмас  жарғысы  болған  Конституция  біздің  барша 

жарқын істеріміздің қайнар бастауына айналды.Қастерлі құндылығымыздың қағидаттарын 

бұлжытпай  орындаудың  нәтижесінде  біз  қысқа  мерзімде  мызғымыс  мемлекеттігімізді 

орнатып,  тәуелсіздігімізді  тұғырлы  еттік.  Ата  заң  тәуелсіздігіміз  бен  тұтастығымыздың 

кепілі  ретінде  біздің  бірлігімізді  бекемдеп,  елдегі  тұрақтылық  пен  татулықтың  берік 

тұтқасы  болды.  Конституция  -  мемлекеттік  биліктің  қайнар  көзі  -  халықтың  өзі  екенін 

айқындады. Жаңа Конституция қабылдау арқылы Қазақстан жаңа дәуірге қадам басты. Ата 

Заңның қабылдануы конституциялық құрылыстың құқықтық негізін қалады, мемлекеттік 

тетік және қоғамдық, саяси жүйенің негізгі қағидаттарын орнықтырды. Адам мен азаматтың 

Конституциялық мәртебесін белгіледі. Биыл Ата заңымыздың қабылданғанына 20 жыл. Бұл 

мерейлі  күнді  еліміздің  әр  өңірі  ерекше  шабытпен  атап  өтеді.  Себебі  ел  азаматтарының 

өмірі  мен  ұстанатын  принциптері  тікелей  Ата  заңға  қатысты.  Еліміздің  Ата  заңы 

қабылданған  күнді  салтанатпен  атап  өту  республика  халқының  азаматтық  борышы. 

Қазақстан  Еуропа  төрінен  адамзатқа  көшелі  ойын,  көсем  сөзін  жеткізді.  Тарихында  бар 

көсемдігін, табиғатында бар парасатын танытты. Қиырлар мен қияндарға төрткүл дүниенің 

терезесі тең болсын деген сарабдал саясатын танытты. Шартарапты аузына қаратты. Бүгінгі 

қазақ даналар мен даралардың кемеңгерлігі қонған тұлғаның тәлімімен тербеліп жетті. Сол 

тұлғаның өз сөзімен айтсақ, бүгінге: «Тәуелсіз қазақ елі бар. Әлемде егемен Қазақстан бар. 

Оның көп ұлтты тату халқы бар Қуатты экономикасы, сенімді саяси жүйесі бар. Ең бастысы 

– бүгіннен нұрлы, бүгіннен кемел болашағы бар. Сол күнге берік сенім бар. Қазақтың қыран 

ұшса  қанаты  талатын,  құлан  жортса  тұяғы  тозатын  ұлан  ғайыр  шексіз  даласы  бүгінде 

дүбірге толы. Өйткені бабалар ақ білектің күшімен, ақ найзаның ұшымен талай басқыншы 

жаудан  қорғап  қалған  алып  кеңістіктегі  құрылған  тәуелсіз  елімізді  дүние  жүзі  танып, 

сындарлы  саясатына  жан  –  жақты  қолдау  білдіруі  ғанибет.Тәуелсіздікті  көксеп,  көксей 

жүріп  күресіп  қанша  буын  алмасты,  қанша  арман  өз  бесігінде  тұншығып,  қанша  үн  өз 

күйігіне шарпылды, өртенді... Бүгінгі күн сол бабалардың желеп – жебеуімен, Елбасының 

бастап – бағамдауымен, халықтың қолдап – қуаттауымен келген ақжарма қуаныштың күні, 

сан  мың  тілектің  жарылқанған  сәті,  «ақ  түйенің  қарны  жарылды»  деген  әдемі  тіркестің 

астарындағы айтпақ болған ақиқаты осы болар?! Елбасымыз еліміздің рухын көтеретін, ұлы 

мақсаттарға  жеткізетін  «Мәңгілік  ел»  ұлттық  идеясын  жариялады.  «Қазақстан  -2050»  - 

Мәңгілік Елге бастайтын ең абыройлы, ең мәртебелі жол.Елбасымыз – әлем мойындаған, 

жаһанға атағы жеткен, бүгінгі заманның көшбасшысы, тумысынан кие дарыған қайраткер, 

туған  халқының  Бәйтерегі,  Көсемі,  Кемеңгері.  Елінің  аманатын  арқалаған  тірегі,  алтын 

діңгегі! Елім деп еміренген ұлын, ерінің қадірін білген біздің тәуелсіздігіміз, 550жыл бұрын 

өркениетті елдің іргетасын қалаған Қазақ хандығының 550 жылдығы баянды болғай. Рухың 

бұла, мекенің берекелі болғай! Қазақ елі, мәңгі жасай бер! 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   121   122   123   124   125   126   127   128   ...   135




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет