Қазақ тіл білімінің өзекті мәселелері манкеева жамал Айтқалиқызы кіріспе


Түбір морфемалар этимологиясының толық көмескіленуі



бет12/248
Дата29.09.2023
өлшемі4,42 Mb.
#111426
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   248
Түбір морфемалар этимологиясының толық көмескіленуі

Этимологияның толық көмескіленуінің нәтижесі, аталып өткендей жорамал элементтер ретінде қолданылатын өлі түбірлер болып табылады. Олар туыстас сөздердің дамыған ұяларын жасамайды. Көптеген жағдайда, олар фразеологиялық тіркестердің, мақалдардың, мәтелдердің, қос сөздердің құрамында қолданылады. Оларды фольклор мысалдарымен дәйектеуге болады. Біз осы үлгідегі мына түбірлерді келтіріп отырмыз: *арна=, *алжы= *асық= *бала=, *бора= *бөле= *бұта= *бадал= *жүде= *жырға= *жалма= *жад/ы/ра= *жамыра= *жуса= *жиді= *жаңшы= *жары= *жосы *жіб-і= *жалық= *жүгін= *кезер= *күрме= *кейі= *қот+ар *қасы= *ом+ыр= *сұ-ла= т.б.


Жоғарыда көрсетілгендей, бұл түбірлердің дамыған гомогендік қатары жоқ және жеке қолданылмайды. Сондықтан қазақ тіл білімінің қазіргі кезеңінде олар түпкілікті этимологиялық реконструкцияға берілмейді. Осы жерде бұл топқа кіретін кейбір ИЕ-ге этимологиялық талдау жасауға әрекеттенудің бірнеше мысалын келтіреміз.


Қазақ лексемасының Көнетүркі сөздігінде bay «таға», «бұғау», «байлам», «түйіншек», «тоқыма» және т.б. мағынасында келтірілетін түбір сөзбен байланысты болуы мүмкін, яғни оның ауыспалы мағынасындағы дамуы болып табылады (ДТС. С.77/.

* бұйыр=


Түркітанушыларда осы етістіктің этимологиясына қатысты түпкілікті пікір жоқ. Алайда, buγur - бұл көне buj етістігінің өзгелік тұлғасы екендігі туралы болжамдар айтылды. Оның қолданылуын вуй/у/ лобнорлық етістігінің buin «бұйыру» ұйғыр диалектісімен көрсету мүмкін екендігі туралы болжамдар айтылды /ЭСТЯ. ІІ Т. С.246/.


*еге=

Осы жерде дербес түрінде ажыратылған түбір кездеспесе де, қазақ тілінде егес= сөзінің мазмұнына жақын егеу, сондай-ақ егейлес сөздері кездеседі /КТТС. ІІІ Т. 255-256 б./. Қараңыз: Екі ел егер болса, епті жігіт хан болар (мақал).




* жала=

Сары ұйғырлардың тілінде йагла «жала» негізін кездестіреміз (ине сұққан кезде)170. Осындай тұлға В.В.Радловта да кездеседі, қараңыз: йеп йагламаса коргымес «ерінсең жіп инеге кірмейді» /РСЛ. ІІІ Т. С.51/.


Тиісінше жала етістігін тарихи тұрғыдан *жақ етістігінен шықты деуге болады. Солай болса да, В.В.Радлов йалга= тұлғасын да атап өтеді /Сонда, С.174/. Осы тұлғаны М.Қашғари да келтіреді: ajag jalγadi «табақты жалады» /МК. ІІІ Т. С.306/. Сөйтіп, оны келесі көне үлгілерден туғызатын қазақ сөзінің екі этимологиясының мүмкіндігі бірдей: jaγla=γ~l – метатеза jal – γa
*ора=

Э.В.Севортян атап өткендей, ора= тұлғасы салыстырмалы түрде біршама кеш қалыптасқан сияқты, өйткені ол көне және ежелгі түркі ескерткіштерінде де кездеспейді. *ор түбірі өз кезегінде түркі тілдеріндегі материалдарда кездеспейді. «Буу», «орау», «аудару» мағыналары М.Қашғари сөздігінде jörgä = Ol ajagin jörgädi «Ол аяғын орады» /МК. ІІІ Т. С.307/. Қазақ тілінде осы тұлға жөрме= «тігу» (тігіс түрлерінің бірі), жөргек, жөргем “қойдың ішегінен бір-біріне оралып, өріліп жасалған ұлттық тағам» атауының құрамында сақталған.


Қазіргі әзірбайжан тілінде «орау» мағынасында, йорга= етістігі қолданылады. Ал қазақ тілінде осы негіз тек баланы орауға (жөргек) арналған зат атауында ғана сақталған. Сөйтіп, мынадай гомогендік қатарды белгілеуге болады: jör//jоr~оr. Осыдан келіп, жөрге= > ора (jör//jоr~оr) болып қалыптасуы мүмкін.


*cұла=

М.Қашғаридың сөздігінде su= “созу”, «тарту» түбірі кездеседі: Ol menä jün sudi «ол маған жүнді берді» (құрғату үшін) /МК. ІІІ Т. 248 С./. Құман171 диалектісінде сула= «тағандау», «тарту» (темір), якут тілінде – суул «құлау», «қирау» негіздері кездеседі172. Түбірдің тарихи фонетикалық, морфологиялық дамуы нәтижесіне сай, мүмкін, қазақ тіліндегі ұсын= етістігін осы қатарда қарауға болар.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   248




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет