Қазақ тіліндегі үстеулер тарихы



бет3/16
Дата14.10.2023
өлшемі211,66 Kb.
#114891
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16
Байланысты:
Қазақ тіліндегі үстеулер тарихы

А. Байтұрсынұлы

А. Байтұрсынұлы үстеу сөздерді әуелі шылау сөздердің құрамында демеу, жалғаулық, одағай сөздердің қатарында қарастырып оған сөз үстіне қосылып сөздің мағынасын толықтыратын сөздер - деген анықтама береді. Алайда кейіннен жеке сөз табы ретінде бөліп алып бес мағыналық топқа бөледі: 1) нықтаулық, 2) сынаулық, 3) өлшеулік, 4) мекендік, 5) мезгілдік. Ғалым зат есім, сын есім, есімдік, етістік сөздердің лексика-грамматикалық ерекшеліктерін ескермей, олар сөйлемде қалай? деген сұраққа жауап берсе, үстеу болады деген жаңсақ пікірде айтады [ 5, 256 б.].

С.Аманжолов

30-шы жылдардың аяғы мен 40-шы жылдардың басында үстеу сөз таптары мектеп оқулықтарында да жеке сөз табы ретінде қарастырылып, біршама зерттеулерге ие болды. Профессор С.Аманжолов: үстеу дегеніміз істің қимылын, белгісін, мезгілін, білдіретін сөз - айта келіп, оларды екі топқа бөліп қарайды. Етістіктен тіркесетін үстеулер, жеке есімдермен тіркесетін есім үстеулері. Етістік үстеулерінің өзін екі топқа бөледі: анықтауыш үстеулер (қолма-қол, ауызба-ауыз, дәл, жақсы, жаман) және мезгілдік үстеулер (кеше, бүгін, былтыр.) Есім үстеулерге орасан, бейне, тым, тіпті және т.б. үстеулерді жатқызады [ 6, 94 б. ].

Н.К.Дмитриев

1930-1940 жылдары жарық көрген еңбектерде біршама тең болжамдар болды, дегенмен арсында үстеулерге деген көзқарас біржақты болып, бірін бірі қайталады.Бірақ біз атақты түркітанушы ғалым Дмитриевтің еңбегін ерекше атауымызға болады.Ол өз еңбегінде ғылымға бір жаңаша деректер әкілді. Ғалым үстеулердің толық дербес сөз табы ретінде жеке мағынасының әлі де болса қалыптаспағанын, тек синтаксистік қатынас барысында кезкелген сөз табымен байланысып, үстеулік мағына беретінін айтты.

Түркітанушы бұл топтағы үстеулерді синтаксистік үстеулер немесе сын есімдік үстеулер деп қараған. Сонымен қатар ғалым үстеу сөз жасағын, олардың жасалуындағы морфологиялық синтаксистік тәсілдерді жеке бөліп алып, екі тәсілдің арасында айырымдық белгілерін қойып әр тәсілдің өзіндік ерекшеліктерін анықтады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет