Қазақ тіліндегі үстеулер тарихы



бет4/16
Дата14.10.2023
өлшемі211,66 Kb.
#114891
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16
Байланысты:
Қазақ тіліндегі үстеулер тарихы

В.М.Насилов

  • Белгілі ғалым, түркітанушы профессор В.М. Насилов үстеулер V-VIII ғасырларда, дербес сөз табы ретінде қалыптаса қоймағандықтан әлі де даму үстінде екендігін айтқан болатын. Енесей ескерткіштері ішінде үстеу сөздердің өте сирек кездесетіндігін, қайсібір үстеулердің пайда болуы, жасалу жолы әлі аяқтала қоймағандығы жөнінде И.А. Батманов, З.Б.Арагачи, Г.Ф. Бабушкин тәрізді ғалымдар өз пікірлерін білдіреді.

Л.М.Щербат

Л.М. Щербаттың айтуы бойынша, ескі өзбек тілінде үстеу сөздер түрлендіруші формалары жоқ кей жағдайда мүлдем қатыспайды дегеннен гөрі кейбір сөз түрлендіруші формалары бар. Бірақ олар тұрақты көнеленген, аралық синтагмалық байланысы үзілген грамматикалық көрсеткіш ретінде танылады. А.Н. Кононов оpыс пікірлерді қостап, қазіргі тіл тұрғысынан нақтылай түседі. Ғалым өзбек тіліндегі үстеулер қимылдың алуан түрлі белгілерін, өту дәрежесін білдіреді. Негізгі морфологиялық ерекшелігі түрленуші сөздердің барлығымен қатынасқа түсуі болып есептеледі дейді.

Біз енді үстеулердің қазақ тіл білімінде зерттелуі жайлы шолу жасап көрсек,. XX ғасырдан бастап, қазақ тіліндегі үстеулер зерттеле бастады. Орыс ғалымдары В.Катаринский, П.М. Мелиоранский, М.Терентьевтің еңбектерінде алғаш үстеулерге байланысты зерттеулер ұшырасады. Олар өз зерттеулерінде үстеулерді жеке сөз табы ретінде қарастырып, олардың семантикалық топтарын ажыратып, өзіндік белгілерін айқындауға тырысты. Бірақ бұларда түркітанушы ғалымдар сияқты үстеулердің семантикалық топтарын ажыратуда қателіктерге жол берген. Яғни үстеулерді демеулік, септеулік, есімдік, одағай және модаль сөздердің қатарында қарастырып келген. Осының нәтижесінде олардың лексикалық топтарының саны көбейіп кеткен. Үстеулердің синтаксистік қызметі, сөзжасам және грамматикалық табиғаты мүлдем сөз болмаған. Осындай кемшіліктерге қарамастан аталмыш еңбектердің үстеу сөз таптарын танып, білуге негіз болғанын жоққа шығаруға болмайды. Г.В. Архангельскийдің Қазақ тілінің грамматикасы деген 1927 жылы басылып шыққан еңбегінде үстеулер белгісіз себептермен морфорологиялық емес синтаксистің құрамында қарастырылған. Ол үстеулерді:1) наречие дополнения; есе, әбден; 2) наречие образа действия (сынаулық үстеу) олардың бірі етістіктен немесе есімдерден жасалған: дереу, дүркін, бекер, сөйтіп; 3) деепричастия и качественные прилагательные служат наречиями: құлап жатты, жақсы айтты; 4) количественные наречия (өлшеулік үстеу): неғұрлым, соғұрлым, сонша, мұнша; 5) наречия времени (мезгілдік үстеу) бұрын, ертеде, мана, атм заманда; 6) наречия места ( мекендік үстеу): осы жерде, ары, бері, мұнда;7) отрицательные наречия: жоқ, емес, жорта. Автор үстеудің жеке сөз табы ретінде лексика-грамматика табиғатын танып, ажыратудың айқын өлшемдері болмағандықтан, осындай қателіктерге ұрынды [4, 47-49 б.].



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет