Қозғалмайтын мүліктің ерекше түрінің бірі кәсіпорын болып табылады. Заң бойынша “кәсіпорын” термині екі мағынада кәсіпорын деп аталады.Шаруашылық жүргізу құқығына негізделген кәсіпорын мен қазыналық кәсіпорын (АК 103-104 баптары). Азаматтық құқық субъектісі ретінде мұндай кәсіпорын мемлекеттік тіркеуден өтеді. Кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру үшін пайдаланылатын мүліктік кешен құқық объектісі түріндегі кәсіпорын деп танылады (АК 119-бабының 1-тармағы). Яғни ондай кәсіпорын құқық объектісі болып табылады, кәсіпорын тұтасымен немесе оның бір бөлігі сатып алу-сату, кепілге, жалға беру шарттарының және басқа да мәмілелердің объектісі болуы мүмкін, ол әкімшілік тәртіппен өзге субъектіге берілуі ықтимал.
Мүліктік кешен ретінде кәсіпорын құрамына оның қызметіне қажетті деген барлық мүлік түрлері енеді. Соның ішінде үйлер, ғимараттар, құрылыстар, құрал-жабдықтар, шикізаттар, өнімдер, жер учаскесіне құқық, талап ету құқығы, борыштар, сондай-ақ атауын белгілейтін белгілер (фирманың атауы, тауар белгілері), егер заң құжатарында немесе шартта өзгеше көзделмесе, және тағы басқа айрықша құқықтар болады. Мүліктік кешеннен қандай да бір объектіні алу заңда немесе шартта көрсетілуі тиіс. Кәсіпорынның меншік құқығы мен басқа да құқықтары басқа тұлғаға һткенде, сол тұлға жоғарыда аталған құқықтарының бәрінің бірдей өзіне берілуін талап ете аладаы.
Азаматтық кодекстің 116-бабының талаптарына сәйкес заттар айналымнан еркін берілетін немесе ауысатын, айналымнан алынып тасталатын және шек қойылатын түрлерге бөлінеді.
Азаматтық кодексте айналымнан алынып тасталатын (шығарылған) зат деп азаматтық құқыққа объект бола алмайтын заттарды айтады. Бұл ретте осы заттар адамдардың меншігінде болмайды деген тұжырым жасалады.
Заң “айналымнан алынып тасталған” деген сөзді басқа да мағынада қолданады – мемлекеттік тәртіптің және қоғамдық қауіпсіздіктің қамын ойлап иелік ету жолы айрықша жағдайға қойылған заттарға қолданылады. Мәселен, айналымнан шығарылған жеке заттарға мыналарды жатқызуға болады: қару, радий, гелий және т.б. Алайда, бұл заттардың көпшілігі мемлекеттің дара меншіктк объектісі болып табылады.
Азаматтар тиісті өкімет орынынң рұқсаты бойынша бұл заттарды алып, оған иелік ете алады (АК 116-бабының 3-тармағы). Берілуге рұқсат етілмейтін заттардың түрлері (айналымнан алынып тасталған заттар) заң құжаттарында тікелей көрсетілуі тиіс.
Азаматтық құқықтың объектілерінің көбі айналым қабілетті болып келетіндігінен өзгеге еркін түрде беріліп, бір тұлғадан екіншісіне ауыса береді. Азаматтық кодексте басқа біреуге беруге болмайтын материалдық емес игіліктер жөнінде арнайы талап бар. Мұндай игіліктер тізімі Азаматтық кодекстің 115-бабының 3-тармағында көрсетілген: олар - өмір, денсаулық, тұлғаның ар-намысы және т.б