Қарағанды облысы. Жаңаарқа ауданы
«№132 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ
бастауыш сынып мұғалімі
Омарова Перизат Муратовна
3-сынып
Пәні: математика
Тақырыбы :Үш таңбалы санды бір таңбалы санға ауызша көбейту.
Мақсаты: 1.Үш таңбалы санды бір таңбалы санға көбейтуді бекіту,жылдам есептеу дағдысын қалыптастыру;
2.Оқушылардың ой-өрісін,логикалық ойлау қабілеттерін,математикалық тілін,шығармашылық белсенділіктерін дамыту;
3.Оқушыларды алғырлыққа,тапқырлыққа және жарысу арқылы тез,дұрыс есептеуге тәрбиелеу.
Түрі :«Ақшақар мен 7 ергежейлі» ертегісі желісіндегі саяхат сабақ
Әдісі:түсіндіру,көрнекілік,сұрақ-жауап,практикалық,ойын.
Көрнекілігі:Инт.тақта,сабақ барысы слайдтар,ертегі кейіпкерлері
Барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушылардың зейінін,назарын психологиялық жаттығу арқылы сабаққа аудару «Алақан жаттығуы»
-
Балалар сабағымызды бастамас бұрын бір-бірлеріңе алақандарыңды біріктіріп,жүрек жылуын бір-бірлеріңе
беріңдер.
Балалар хормен: Күн жарығын алақанға саламын
Жүрегіме басып ұстай қаламын
Ізгі әрі нәзік,жарық,мейірімді,
Болып кетер сонда дереу жан-жағым.
Мұғалім: - Балалар,айтқан тілектерің қабыл болсын!Енді ,барлығымыз жақсы көңіл - күймен сабағымызды бастайық!
Дәптерімізді ашып,бүгінгі күнді жазып қояйық!
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:-Балалар үйге қандай тапсырма берілді?
72
-Үйге 230 беттегі № 2 тапсырмаберілген болатын.Қане,оқып жіберейік:
16:5=3(қалд.1) 28:3=9(қалд.1) 57:6=9(қалд.1)
5·3=15+1=16 3·9=27+1=29 9·6=54+3=57
- Тамаша,балалар,сонымен біз өткен сабақтарда екі таңбалы санға бір таңбалы санды бөлуді,және үш таңбалы санға бір
таңбалы санды ауызша көбейтуді үйрендік.
ІІІ. Өткен материалды пысқтау :- Ендеше,балалар бүгінгі сабағымыз ерекше болмақ. Бүгінгі сабағымызды «Ақшақар
мен 7 ергежейлі» ертегісі кейіпкерлерінің қатысуымен жүргіземіз.Ол ертегі естеріңде ме?Жақсы, тақтаға назар
аударайық,бүгінгі тақырып «Үш таңбалы санды бір таңбалы санға ауызша көбейту».Бүгін біз үш таңбалы санға бір таңбалы
санды ауызша көбейтуге байланысты есептер шығарамыз;
Өзіміздің алғырлық,тапқырлық қасиеттерімізді көрсетеміз.
Олай болса балалар ергежейлі әлеміне қош келдіңдер! -Мына суретте ертегі кейіпкерлері берілген,олардың әрқайсысының
тапсырмалары бар екен.
1салайд: Бірінші ергежейлі тапсырмасы:
«Ойлан тап»ойыны .Ауызша.
423·2=846 421•2=842 43·2=86 424·2=848
433·2=866 413·2=826 134·2=268 334·2=668
Жарайсыңдар ,балалар, тапсырманы орындап шықтық,мұндай тапсырмаларды өткен сабақтарда орындадық, келесі
сабақтарда да орындаймыз,Бірінші ергежейлінің тапсырмасынан өттік.
-Жарайсыңдар ,балалар!
2слайд:Екінші ергежейлі тапсырмасы::Ергежейлінің тапсырмасын тыңдайық:Математикақ диктант. №3.Өрнектер
құрып,мәндерін тап.
24·2=48 244·2=488 23·3=69
112·2=224 31·3=93 322·3=966
36·2=72 132·3=396
-Жарайсыңдар, балалар!Екінші ергежейлінің тапсырмасынан өттік.
3 слайд: Үшінші ергежейлі тапсырмасы: Оқулығымыздағы 232 беттегі №5тапсырма.Мәтіндік есеп берілген.
Сүт фермасында таңертеңгілік сауымда сауыншының көмекшісі 124л сүт,ал сауыншы одан 2 есе көп сүт сауды.Сауыншы
көмекшісімен бірге неше литр сүт сауды?
С.көмекшісі-124 л Ш:124+(124·2)=372л
Сауыншы-?,2есе көп ? Ж: 372л сүт сауды.
-Жарайсыңдар ,балалар,өздеріңнің шапшаңдықтарыңды,тапқырлықтарыңды көрсетіп жатырсыңдар.
4 слайд: Төртінші ергежейлі тапсырмасы:Жарайсыңдар ,балалар,шамалы сергіп алайық.Сергіту сәті.Жарайсыңдар
,балалар,ергежейлінің
келесі тапсырмасынаназар аударайық.
5 слайд: Бесінші ергежейлі тапсырмасы:Енді келесі тапсырмада оқулықтан № 6 тапсырманы орында дейді.Теңдеулерді
шеш:
1оқушы:900-х=241•22 оқушы:х+166=322·3
900-x=482 х+166=966
x=900-482х=966-166
x=418
х=800
900-418=241•2 800+166=322·3
484=484 966=966
6 слайд: Алтыншы ергежейлі тапсырмасы:№8 тапсырма
Ұзындығы 8см,ал ені одан 4 есе кем болатын тік төртбұрыш сыз.Тік төртбұрыштың периметрі мен ауданын тап.
а-8см Ш: 8:4=2( b) S=a·b
b-?,4есе кем P=(а+b) S=8см·2см
P-? P=(8см+2см) ·2 S=16см.кв
S-? P=12см
Қортынды :Алма теру ойыны арқылы сабақты бекіту.
7 слайд:Жетінші ергежейлінің тапсырмасы:
Ақшақарға алма теруге көмектесу: «Алма теру »ойыны
240·2=480 721·1=721 309·3=927 209·4=836
823·0=0 108·4=432 320·3=960 308·2=616
-Жарайсыңдар ,балалар,сонымен ергежейлілердің тапсырмаларынан сүрінбей өте алдыңдар.Жарайсыңдар,балалар!
-Сонымен сендерге бүгінгі сабақта не қиын болды? Не ұнады? Несімен қызық болды?
Бағалау:Ендеше ,ергежейлілер сендерді қалай бағалады екен қарайық. Кім көп ергежейлі жинады? Тамаша!
Үйге тапсырма : №2 231бет.
73
Маңғыстау облысы, Түпқараған ауданы, Ақшұқыр ауылы,
Ақшұқыр мектеп-лицейі, орыс тілі пәні мұғалімі:
Аманжанова Салиме Копжурсиновна
Краткосрочное планирование по русскому языку
Аманжанова Салима, учитель русского языка и литературы Акшукурской школы-лицея
Предмет: русский язык Класс 7
Тема занятия:
Речь. Текст.
Ссылки:
Учебник 7 класса, календарные планы
Цели:
Дать понятие о речи, тексте, проверить знание учащихся , развивать творческое
воображение и память.
Результаты обучения:
уметь отвечать на вопросы, уметь составлять предложения, написать небольшие
рассказы
Ключевые идеи:
Простое предложение, распространенные и нераспространенные предложения,
словосочетание, диалог, монолог
Вре
мя
Стратегии
Ресурсы
Содержание урока
Деятельность учителя: что я буду делать?
5
мин
Игра на
закрепление
Деление на
группы
Раздаточ
ные
материалы
Орг.момент
Приветствие
Деление на группы
Психологический настрой
10
мин
оценивание
ИГРА
Рабочие
тетради с
домашним
заданием
Проверка домашнего задания
Дети каждой группы задают друг другу вопросы
20
Ми
н
Диалоговое
обучение,
КМ «Постер»
Новая тема.
Речь. Текст.
а)
Вступительное слово учителя
б) прослушивание аудиозаписи учащимися
в) Определение монологической и диалогической речи учащимися
г) Работа по таблице
д) Чтение текста учащимися
Выполнение заданий учащимися
Прием «Мозговой штурм»
Почему автор решил написать этот рассказ?
О ком этот рассказ?
Почему отец не сразу купил книгу?
Как люди хотели помочь в его беде?
Почему они это сделали?
По каким поступкам можно судить о людях?
Почему рассказ называется « Несколько слов о доброте»?
Обьясните.
Есть ли место таким поступкам ,как отзывчивость, доброта в
нашей жизни? Приведите примеры.
20.
Индивидуальная работа . Упражнение 9
21.
Работа в паре
Дети 1 группы составляют монолог
Дети 2 группы составляют диалог
22.
Фишбоун
5
Ми
н
Формативное и
суммативное
оценивание
Рефлексия
Устная обратная связь
5
мин Оценивание
Формативное оценивание
Дополнительные задания, домашнее задание
Подготовить текст- описание на тему «Осень»
74
Маңғыстау облысы. Түпқараған ауданы. Ақшұқыр ауылы
Ақшұқыр мектеп-лицейінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
Бекхожина Назгул Абдраситовна
Сабақтың тақырыбы: Ұстаз. Ғалым. Қайраткер.
Сабақтың мақсаты: Өлкеміздің біртуар азаматы, қоғам қайраткері –Өмірзақ Озғанбайұлының өмір жолымен,
шығармашылығымен таныстыру, тұлғалық қасиеттерін ашып, өскелең ұрпаққа үлгі ету.
Сабақтың көрнекілігі: Ө.Озғанбайұлының кітаптары, слайд, бейнежазбалар.
Сабақтың барысы:
Мұғалім:
Өзінің бітім-болмысымен, азаматтық келбетімен, терең білім, көркем тіл, сұңғыла ойымен бүгінгі қазақ даласына кең
танылған тұлға Өмірзақ Озғанбайұлының шығармашылық жолы танытып, үлгі етуге арналған «Ұстаз. Ғалым. Қайраткер.»
атты тәрбие сағатына қош келдіңіздер!
Пайымы келбетіне жарасатын,
Көтерген азаматсың Алаш атын.
Толқындап тебіреніп сөйлегенде
Тәнті етті ақыл менен парасатың.
Жат пиғыл, бөгде сөзге қарамайсың,
Күйбең мен күйкіліктіқаламайсың.
Әділдік, адалдықты қорғар кезде
Қақ жарған қара тасты қарағайсың.
Сөйлейді өзің жайлы өлең бүгін,
Сөйлетпей қоймас сенің кемелдігің.
Өзіңе жұртты тартып тұрады ғой
Кеңдігің, Биіктігің, Тереңдігің, - деп Темірхан Медетбек ақынның тебіренуі тегіннен-тегін емес.
Назарымызды экранға аударайық ! (Ө.Озғанбай туралы бейнебаян көрсетіледі).
Мұғалім:
«Өзін елінің бөлінбес бөлшегі санайтын азамат бақты да, сорды да елімен бірге көруге пейіл болады, ... елінің бейнетін
жеңілдетуге күш салады. Сол жолда қажыр-қайратын аямайды. Сондай өрелі сана иесі ғана азамат атануға әбден лайық.
Мен осындай санаттан табылатындар қатарына өзімнің қанаттас інім Өмірзақ Озғанбайұлын қосар едім...» - деп Әбіш
Кекілбаев ағамыз баға берген болатын. Олай болса, ағамыздың өмір жолымен танысып өтейік.
оқушы
Өмірзақ ОЗҒАНБАЙ 1941 жылы Маңғыстау облысының Құрық кентінде туған. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері,
педагогика ғылымының кандидаты, тарих ғылымының докторы, академик. 35-тей кітаптың және 200-ден артық ғылыми
мақалалардың авторы. Қазақстан Республикасының ХІІІ шақырылған Жоғарғы Кеңесінің депутаты, Қазақстанның тұңғыш
сенаторы, қос палаталы Парламент Сенаты комитетінің төрағасы, Қазақ Білім академиясының президенті, белгілі қоғам
қайраткері. Ел алдындағы еңбегі «Құрмет», «Парасат» ордендерімен және медальдармен марапатталған. ҚР білім
саласының құрметті қайраткері, Түрікменстан, Қазақстан, КСРО халық ағарту саласының үздік қызметкері, АҚШ-тың және
Маңғыстау облысы Ақтау қаласы, Қарақия ауданының құрметті азаматы.
Озғанбай ағадан қалған тұяқ – Өмірзақ бір адамға жетерлік қиындықты көтере жүріп ержеткен. Түрікмен жерінде
мектеп жанындағы интернаттан тәлім алған ол ел басына түскен соғыс қасіретін көзімен көріп, соғыстан оралмаған әке
жүгін көтерген ананың тәрбиесінде есейіп, базарлы балалық дәуренді соғыс ұрлаған, ашқұрсақ күйде бастан кешірген ұрпақ
өкілдерінің бірі.
Сол 1940-50 жылдардағы қытымыр әлеуеттік жағдай осы тұрғылас ұрпақтың ерте есеюіне, жан-жағына абай, сергек
болып қалыптасуына әсер етті.
Қалай ержетіп, азамат болса да Өмірзақтың көңілінде бір түйткіл кетпей-ақ қойды. Әке қай жерде, қай далада
мәңгілікке көз жұмды, қай жердің топырағы бұйырды?! – деген сұрақтар көңілінде ұялап шықпады, жүрсе де, тұрса да бір
бүйірден соқты да тұрды. Ең болмағанда бір окопта бірге жатқан, қанды жорықта бірге жортқан бір адам кездеспегені, отты
да, ойранды жылдардың кімдерді қай жердің қойнына тапсырғанын білетін болар ма, сірә? Мың сан майдангердің
баршасының Берлинде болу мүмкіндігі бола бермейді. Қанша азамат туған елге оралмады, қаншасы хабарсыз кетті, қай
жердің топырағымен араласты – бұл көптің сұрағы, көптің зары. Өмірзақ ағамыз да «сол көптің бірімін ғой», - деп көбіне
өзіне-өзі тоқтам жасаған екен.
«Адам дүниеден озады, бірақ оның рухы өлмейді. Рух дүниені аралап кезіп жүреді, риза болса – мирасқорына қонады»
- деген бар.
Өмірзақ ағамыздың Алла тағала сыйлаған өз қабілетімен еңбегі өрге басты. «Асқаралы тауға шығу үшін, әуелі тау
етегіне жетіп, өзіңді-өзің сына, әрмен қарай жүре алам ба» деген сөз бар. Дәл осылай өмір баспалдақтарынан өтті. Бәлкім,
сол жаугершілікте қол бастайтын, бейбіт күнде жол бастайтын баласы болса, әкенің арманы орындалғаны болар.
2-оқушы 1959-1977 ж.ж. мектеп мұғалімі, мектеп директорының орынбасары, аудандық оқу бөлімінің инспекторы,
аудандық, қалалық партия комитетінің бөлім меңгерушісі қызметтерін атқарған.
3-оқушы 1977-1994 ж.ж. Маңғышылақ облыстық партия кабинеті жанындағы «Білім» қоғамының басшысы, облыстық
мұғалімдер білімін жетілдіру институтының директоры, облыстық кәсіптік-техникалық және білім басқармасының
бастығы;
4-оқушы 1994-1995 ж.ж. ҚР Жоғары Кеңесінің депутаты;
5-оқушы 1995- 1999 ж.ж. ҚР Парламенті Сенатының депутаты, сенаттың комитет төрағасы;
6-оқушы 1999-2001 ж.ж. Ы.Алтынсарин атындағы Қазақ білім академиясының президенті болды.
7-оқушы 2001-2007 ж.ж. Қазақ экономика университетінің проректоры, мұнай компаниялары басшыларының кеңесшісі.
Қазіргі таңда «Ардагерлер ұйымы» республикалық қоғамдық бірлестігі орталық кеңесінің төрағасы.
75
8-оқушы Ағамыздан төрт ұл, бір қыз бар. Ұлдары: Құралбай, Қуанышбай, Абзал, Бердіғали барлығы да жоғары оқу
орындарын бітірген, үйлі-баранды, халық шаруашылығының әртүрлі салаларында еңбек етеді.
(Интерактивті тақтадан ғылыми дәрежесін растайтын куәліктері мен ордандері, Елбасымен кездесу барысындағы
суреттері көрсетіледі)
Мұғалім: өздерің көріп отырғандай алдарыңызда ағамыздың бірнеше кітаптары тұр. Осы кітаптар туралы атып өтейік:
1-оқушы
«Халықтан асқан ұстаз жоқ» атты кітабын Ұлы Отан соғысынан оралмаған қатардағы жауынгер, ардақты әкесі -Озғанбай
Шопықұлының рухына арнап жазған. Жұртшылыққа ұсынып отырған жинағында осы қымбат тәліми мұрамыздың небір
асылдарын халқымыздың қалыптасу, даму, пайда болуының себеп-салдарын талдап көрсетеді. Байырғы ұстаз ретінде
олардың небір інжу-маржандарын елеп-екшеп қазіргі жас өскінді оқытып тәрбиелеуге пайдаланудың тиімді жақтарын,
мүмкіндік жағдаяттарын ұсынады.
2-оқушы
«Адай көтерілісі» І томында ағамызды тарихшы ретінде тани аламыз. Қазақ тарихы бұралаңдар мен жұмбақтарға,
«ақтаңдақтарға» толы. Тарихшы ғалымдарымыздың, зиялы қауым өкілдерінің зерттеу еңбектері, ой-талғамдары осы
тұжырыммен тоқайласып жатады. Төл тарихымыздың күнгейі кіреукеленуден, беткейі бүркемеленуден ада бола қойған жоқ.
Тарихымыздағы осындай тұстардың біріне 1929-1931 жылдардағы Қазақстанда, соның ішінде Маңғыстауда орын алған
халық наразылығы, бас көтерулері болып табылады. Әлеуметтік-экономикалық және өзге проблемалардың шиеленісуі,
шешілмеуі осы өңірдегі 1930-1931 жылдардағы халық көтерілісінің алғышартын құрады.
Осы уақытқа дейін құпия келген, еш жерде ашық айтылмаған тақырыпты қозғап, архивтерден шаңын қағып жинай
отырып, ақиқатты жазып шығады.
3-оқушы
«Ұстаз. Ғалым. Қайраткер» кітабы Өмірзақ ағамыздың 70 жылдық мерейтойы қарсаңында келген барлық ізгі-тілектер,
құттықтаулар, арнау хаттар жиынтығы десек те болады. Яғни халық арасында осы ұлы үш қасиеті арқылы танылғандығын
дәлелдей түсетін кітап.
4- оқушы
«Отты жылдар» атты кітабында Отан соғысына қатысқан майдангер әкелеріміздің қанды қапаста жүрсе де аузынан әзілі
түспей табан астында тауып айтқан тапқыр сөздері мен ұтқыр жауаптары, өткір де өнегелі әзәл-қалжыңдары
топтастырылған. Сонымен қатар бұл жинақта сол бір қасіретті жылдардың қас-қағым сәттік езу жиғызарлық оқиғалары
мен майдан даласының тыныс-тіршілігін, ерекше жайттарды, қазақи болмыс пен ұлтымыздың биік өресін көрсететін
фотосуреттер топтастырылған.
5-оқушы
«Қара нар керек бұл іске...» атты кітабында Өмірзақ ағамыздың халық алдында азды-көпті атқарған істері, Отанымыздың
бүгіні мен ертеңіне қосқан ой, пікір, ұсыныстары, сүріне жүріп үйренген, үйрене жүріп сүрінген м сәттерінен жазған
мақалалары, еңбектері жарық көрген.
6-оқушы
«Адай жылқысын түлеткендер» атты кітабы жергілікті жердің қатаң табиғи-климаттық жағдайында өмір сүріп, өсіп-
өнуге қолайлы, бейімделген түлік Қазақтың Адай жылқысы туралы бар деректер мен Адай жылқысын бүкіл әлемге
танытушылар туралы жазылған.
7-оқушы
«Жадымда жүрген жақсылар» атты кітабында өлке тарихын кеңінен зерттеген. Құдайкеұлы Ер Қосай, Сүйіндік Қосайұлы,
Есекмерген батыр, Маңғыстаудың Атағозысы, Қонай батыр, Құлбарақ батыр, Сүйінқара батыр, Қармыс, Шабай, Ер Шотан,
Ер Төлеп, Иса-Досан батырлар және Айтуған, Қалнияз жыраулар туралы, Мәтжан би мен Қашаған ақын туралы жазып,
келер ұрпаққа өшпес мұра қалдырды.
Мұғалім: Мінеки, оқушылар, кітаптары туралы мағлұмат алып, ағамыздың бойындағы сан түрлі қырларын аша алдық.
Қандай қырларын тани алдық? «Топтастыру» стратегиясы бойынша бетшеге түсірейік.
Өмірзақ Озғанбайұлы
«Кейіпкерге хат» стратегиясы
Өмірзақ Озғанбайұлына хат жазамыз.
Мүғалім: Назарымызды тағы да бейнежазбаға аударайық! Ағамыздың замандасы, бірнеше жыл бірге қызметтес болған,
педагогика ғылымының кандидаты - Мамаева Жантөре Жәкішқызымен болған сұхбат.(Ағамыздың бойындағы жақсы
қасиеттері туралы айтып өтеді).
Мұғалім: Ағамыздың даралығын мойындап, жыр арнаған адамдар да аз емес.
8-оқушы:
Шежіреші ақын – Қаржаубай Рейімбайұлы былай деп жырға қосқан болатын:
Өмірзағым – жанкүйері еліне,
Маңғыстауым – атамекен, жеріне.
Ізденімпаз, самғап білім көгіне,
Рухымен қуат берген еріме.
Өмірзағым – ардагерлер ағасы,
Мәдениет, тарих тану данасы.
Ізеттілік үлгінің дарасы,
Рухымды – қуат берген сағасы.
Зияткерлік қоғам даму панасы,
Азамат! – деп, ардақтаған Алашы.
76
9-оқушы:
Бестөбені мәңгілік мекен қылған,
Аруақты Қосай деген атадансың.
Жыраулық пен дыраулық Нұрымға өткен
Ішінде Сүйіндіктей шақадансың.
Қарсыластың сөзінен қармақша ілген
Қазаққа сөз қалдырған Қашағансың.
Ардагерлер саудагер болмасын деп,
Жағдайын әлеуметтің жасағансың.
Айламен саясатқа жақындатып,
Қайламен қисайғанды қашағансың.
Демалысқа шықса да дем алмайтын
Атқа мінер шалдарға атамансың.
Мұғалім:
«Өз жақсыларымызды өзіміз ұлықтамасақ, өз жайсаңдарымызды өзіміз қызықтамасақ, онда өз ырысымызды өзіміз
тепкеніміз, өз тілеуімізді өзіміз кескеніміз» - деп Әбіш данамыз айтқандай, әрдайым өз ұлыларымыз бен ұлдарымызды
ұлықтап, олардың игі істерінен тәлім-тәрбие, өнеге ала білейік деп қорытындылағым келеді.
Қойлыбай Қаражанов, Жанбибі Дүйсенбаева «Майдангер ұстаздар», «Астана Медиа Пресс» 2014ж;
Өмірзақ Озғанбай «Халықтан асқан ұстаз жоқ», Алматы, 1996ж;
Өмірзақ Озғанбай «Қара нар керек бұл іске» Астана, 1998ж;
Өмірзақ Озғанбай «Көкжиек» «Қанар» баспасы, Алматы, 2001ж;
«Адай көтерілісі» Алматы, «Нұрлы әлем» 2010ж; І том (27-40 бет)
«Адай көтерілісі» Екі томдық жинақ «Восстание Адаецев в 1931 году» Алматы, 2010ж;
Өмірзақ Озғанбай, Бесінбай Бегеніш «Адай жылқысын түлеткендер» Алматы 2011ж;
Өмірзақ Озғанбай «Халық комиссары» Алматы, 2006ж;
«Жас-ай» медициналық ақпараттық журналы, «Ұлттың ертеңі ұлағатты ұрпақ» 16-17 бет №4(13) 2011ж;
Гани Карин « Интересные собеседники» 151-164 бет, Алматы, 2014ж;
Өмірзақ Озғанбай, Көпболсын Бекмағанбет «Отты жылдар әзілдері мен аңыздары» Алматы, 2014ж;
Өмірзақ Озғанбай «Жадымда жүрген жақсылар» Алматы, 2014ж;
Өмірзақ Озғанбай Дорога в будущее» Алматы, 2006ж;
Өмірзақ Озғанбай «Замандас келбеті»Алматы, 2014ж.
* * * * *
Жамбыл облысы Байзақ ауданы
Сыдық Абланов атындағы орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі
Бекмуратова Айгул Козбаевна
Пән: Әдебиеттік оқу . 4 «Б» сынып
Сабақтың тақырыбы: Ана құшағында. Ғ.Мүсірепов
Сабақтың мақсаты:
1.
Білімділік: Мәтінді дұрыс түсініп оқи білуге,өз ойларын ортаға салып,топпен жұмыс істеуге,ананың бала
өміріндегі орнын білуге үйрету.
2.
Дамытушылық: Өзекті,түйінді ойын ашық айтуға жағдай жасау және байланыстырып сөйлеу дағдысын
қалыптастыру,әртүрлі тапсырмалар беру арқылы ойлау қабілетін дамту.
3.
Тәрбиелік: Ананы құрметтей білуге,адамгершілікке тәрбиелеу.Батырдың да,алыптың да
анадан туатындығын,сондықтан ана өмір бастауы екенін ұғындыру.
Әдіс-тәсілдері : СТО стратегиялары,әңгімелеу,көрнекілік,талдау,топтық жұмыс.
Сабақтың типі: аралас сабақ
Сабақтың түрі: дәстүрлі емес.
Ресурстар: АКТ,маркер,плакат,фишкалар.
Сабақтың барысы:
Сабақтың кезеңдері:
Мұғалімнің іс-әрекеті
Оқушының іс-әрекеті
Үй тапсырмасын
тексеру. 5 минут
Әр топтан бір-бір оқушыдан үй тапсырмасын айтады
(фишкамен бағалап отырамын) әр жауапты
Әр топтан бір-бір оқушыдан
айтады,оқушылар сұрақтар қояды.
Фишкамен бағалау.
Қызығушылықты
ояту 5 минут
Топтастыру
стратегиясы
Өлеңді үнтаспадан тыңдату.
АНА –сөзін тақтада топтастыру
ұсынылады.
«Ана құшағы» дегенде ойларыңа не келеді?
Оқушылардың жауабы (АНА)
Мейірімді,ақкөңіл,жүрегі жылы.
Ағайын алтау болса –ана біріе.т.б .Күн
шуақтарын жапсырып шығады.
Оқушылардың жауабы.
77
Мағынаны тану
15 минут
«Оза оқу» әдісі
«Түртіп алу» әдісі
«Қарлы боран» әдісі
Сергіту сәті:
«Оза оқу» әдісі бойынша Ғ.Мүсірепов жайлы
мәлімет жинап келуге үйге бергенмін.
Оқушыларға Ғ.Мүсіреповтың «Ана құшағында»
қаламменнен үтір нүктесіне дейін түрте отырып оқу
беріледі.
1.Анасы Қайрошты қайда іздеп келеді?
2.Ана мен баланың ыстық сезімін қалай әңгімелеуге
болады?
3.Қайрош неліктен анасымен бірге ауылға кетіп
қалмады?
4.Сендер Қайроштың орнында болсаңдар не істер
едіңдер?
Оқушылар үйден автор жайлы
дайындалып келеді.
Оқушылар «Ана құшағында» мәтінін
түртіп ала отырып оқиды,түсініксіз
сөздірге тоқталады,талқыланады.
Оқушылар топта ақылдаса отырып
сұрақтарға жауап
береді.
Ойтолғаныс
8 минут
«Рөлдегі оқушылар»
әдісі
1.-топ: «Ана» тақырыбына мақал-мәтелдер айту
2-топ: «Ана» сөзіне бес жолды өлең жазу.
3-топ: Бір шумақ өлең оқу.
.....................................................
1-топ: «Ананың аялы алақаны»
Тақырыбынды сурет салу.(постер)
2-топ:»Анаға арнау» ашық хат жасау.
3-топ: Анаға хат жазу
Әр топ өздеріне берілген тапсырманы
орындайды.
Бағалау
5 минут
Өзін-өзі бағалау,өзара
бағалау
Оқушыларға өздерін бағалауды ұсынамын.
Оқушылар бүгінгі атқарған
жұмыстарын ескере отырып,алдымен
өздерін,содан соң бір-бірін бағалайды.
Үй тапсрмасын беру
2 минут
«Меің анам» тақырыбына әңгіме жазу.
Оқушылар күнделіктеріне жазып алады.
Кері байланыс.
2 минут
Оқушыларға кері байланыс сұрақтарын қоямын.
-Бүгінгі сабақта сізге не ұнады?
-Өз жұмысыңа көңілің толды ма?
-Сабақты қаншалықты түсіндің?
Оқушылар өз ойларын жазып
даналық ағашына іледі.
Айман Орынбаева
Қызылорда облысы Жаңақорған ауданы Бірлік ауылы
№55 С.Қожанов атындағы орта мектептің
бастауыш сынып мұғалімі
Сыныбы: 3 (үшінші)
Пәні: Әдебиеттік оқу
Сабақтың тақырыбы: Батыр Бауыржан.
Сабақтың мақсаты: Білімділік: Оқушылардың Бауыржан Момышұлы жайлы білімдерін «Батыр Бауыржан» әңгімесінің
мазмұнымен идеясын ашу.
Дамытушылық: Оқушылардың сөздік қорын, тіл байлығын жетілдіру, ой – өрісі дамыту.
кеңейту.
Тәрбиелік: Оқушыларға патриоттық тәрбие беру. Отанды сүюге және ерлікке баулу. Достыққа ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ
Сабақтың әдісі: Ізденушілік, ой–қозғау, екі жақты күнделік, Венн диаграммасы, сұрақ-жауап, эссе
Сабақтың көрнекілігі: Батыр Бауыржан суреті, слайд.
Сабақтың барысы:
Психологиялық дайындық,
үнтаспадан «Сарбаз» әнін тыңдатам.
Елді қорғайтын ағаларымызды кім деп атаймыз?
Сарбаздар
І. Қызығушылықты ояту
- Қандай батыр аталарымызды білеміз?
Батырлардың есімдерін атайды.
ІІ. Үй жұмысын сұрау.
“Нұркен” өлеңін мәнерлеп жатқа айту.
Сұрақтар беріп, пысықтау.
1. Нұркен кім?
2. Ақын халық басындағы ауыр күнді неге теңейді?
3. Өлеңде Нұркеннің ерен ерлігі жөнінде нені суреттенген?
ІІІ. Мағынаны тану.
Батырдың есімі – Бауыржан Момышұлы . Бауыржан туралы жазған Мәлік Ғабдуллиннің “Батыр Бауыржан” мәтінімен
танысамыз.
78
Автордың өмірбаянымен танысу. М.Ғабдуллин.Ұлы Отан Соғысының батыры. Менің майдандас достарым“,“Алтын
жұлдыз”, “Майдан очерктері”,“Сұрапыл жылдар” атты кітаптары бар. Жазушы,әдебиет зерттеуші, қоғам қайраткері,Кеңес
Одағының Батыры. 1915 ж. Көкшетау облысы, Зеренді ауданында дүниеге келді.1973 ж. Алматы қаласында өмірден өткен.
Оқулықпен жұмыс. Мәтінмен таныстыру.
Бауыржан Момышұлының өмірбаянымен танысамыз.
Бауыржан атамыз Жамбыл облысы Жуалы ауданы,Көлбастау ауылында дүниеге келді. Жеті жылдық мектепті
бітіргеннен кейін біраз уақыт мұғалім болған.
Генерал-майор И. В. Панфиловтың басшылығымен Алматы маңында жаңадан жасақталған 316 атқыштар
дивизиясының құрамында майданға аттанды. Батальон, полк, командирі қызметтерін атқарды.Кейін гвардиялық
дивизияны басқарды. Әскери шеберлігімен ерекше көзге түседі . Орден, медальдармен марапатталады. Кеңестер
Одағының Батыры атағын алады. Екінші дүниежүзілік соғыстың даңқты жауынгері. Халық қаһарманы, қазақтың
көрнекті жазушысы.
Дәптермен жұмыс
Мәтін ішінде кездескен мақалдарды тауып, дәптерге жазу.
«Екі жақты күнделік әдісі»
•
Полк-3-5 не одан да көп батальоннан тұратын әскери бөлім.
•
Батальон-бірнеше ротадан құралған әскери бөлім.
•
Рота-батальон құрамына енетін әскери бөлімше.
•
Командир-әскери бөлімнің бастығы.
•
Бұйрық-әкімшілік орындары тарапынан берілетін әмір.
•
Бекініс-сырты қоршалған қамал, қорған. Алдын-ала дайындалған қорғаныс орны.
•
Дивизия-бірнеше полктардан құралған әскери бөлім.
•
Қорғаныс-жаулардан қорғану үшін жасалған бекініс, қамал.
•
Мәжіліс-белгілі бір мәселені талқылау үшін бас қосатын отырыс, жиналыс.
•
Намыс-адамгершілік, ар, абырой, ұят.
Жаңа сабақты бекіту. (Сұрақ - жауап)
1941 жылы қандай оқиға болды?
Бауыржан жігіттерге не айтты?
«Қазақ баласы –ар мен намыс иесі» дегенді қалай түсінесің?
Суретке қарап «Батыр Бауыржан» атты әңгіме құрау.
Ой толғаныс
Біз екі батырды оқыдық. Екі батырға мінездеме беріп көрелік.
Венн диаграммасы .
Үйге тапсырма: “Мен таныған Бауыржан ата” (Эссе жазу)
* * * * *
Алматы облысы. Жамбыл ауданы. Мәтібұлақ ауылы
Мәтібұлақ аулындағы орта мектеп МДШО КММ
бастауыш сынып мұғалімі
Сауданова Жанат Жумашевна
Сыныбы
2
пәні
Әдебиеттік оқу
Сабақтың
тақырыбы
М.Мақатаев «Қарттарды сүйем»
Сілтемеле
р
Әдебиеттік оқу «Атамұра» 2013ж 141-142 бет
«Әдебиеттік оқу» оқыту әдістемесі.
Жалпы
мақсаты
М.Мақатаев «Қарттарды сүйем» өлеңімен , шығармашылығымен танысады.
Мәтінінің мазмұны мен идеясы меңгереді. Шығармашылықпен жұмыс істеуді,
ойлау шеберлігі мен сөйлеу мәдениеті дамиды.
Күтілетін
нәтиже
М.Мақатаев «Қарттарды сүйем» өлеңімен , шығармашылығымен танысады.
Мәтінінің мазмұны мен идеясын меңгереді. Үлкендерді құрметтеуді, бағалауды
үйренеді.
Типі
Жаңа сабақты меңгерту
Құрал-
жабдықтар
Интерактивті тақта (флипчарт)
Көрнекіліг
і
Слайд, видео, мультфильм
Сабақ
кезеңдері
Мұғалімнің іс-әрекеті
Оқушының іс-әрекеті
Уа
қыты
Модуль
түрлері
Кіріспе
бөлім
23.
Екі көзің не үшін керек?
24.
Екі қолың не үшін керек?
25.
Құлақ деген не үшін керек?
26.
Жүрек деген не үшін керек?
27.
Тіл мен жағың не үшін керек?
28.
Ал аяғың не үшін керек?
Жақсыларды көру үшін!
Елге көмек беру үшін!
Ақыл-кеңес тыңдау үшін!
Жауларымнан қыңбау үшін!
Ақиқатты айту үшін!
Шетте жүрсем, туған
жерге қайту үшін!
2
мин
Оқыту мен
оқудағы жаңа
тәсілдер
АКТ-ны
қолдану
79
Оқушыларды «Баба», «Шежіре»,
«даналар» деп топқа бөлу.
Оқушылар «Ата», «Әке»,
«бала» деп топқа бөлінеді.
«Ханның тағы» әдісі бойынша өткен
сабақты пысықтау.
Әр топтан 2 оқушыдан
шығады. Қалған топтар
сұрақ қояды.
3
ми
н
Оқыту мен
оқудағы жаңа
тәсілдер
Білу
«Қарт» деген ұғымды қалай түсінесіңдер?
Қарт туралы мультфильм көрсету.
Қарт кісінің бойынан қандай қасиеттерді
байқадыңдар?
Постермен жұмыс. өз
ойларын білдіреді.
Мультфильмді көреді.
Қарт адамның басты
қасиеттерін анықтайды.
(даналығы, көрегендігі,
сабырлығы,ақылшы т.б.)
3м
ин
СТО
АКТ-ны
қолдану
Түсіну
Оқулық-
пен жұмыс
Ақ сүт берген ананың
Балада хақы көп болар. Ана
деген мейірлі, Сыйлай гөр,
балам, анаңды. Ата деген қадірлі,
Сыйлай гөр, балам, атаңды.
«Алпамыс жырынан»
Өлеңді 1-2 рет қайталап,
жатқа айтады.
5
мин
М.Мақатаев туралы видео көрсету.
Кім туралы көрдіңдер?
Алаштың ақберен ақыны М.Мақатаевтың
«Қарттарды сүйем» өлеңімен танысамыз.
Видеоны көреді.
Бүгінгі сабақтың
тақырыбымен танысады.
3
мин
АКТ-ны
қолдану
Қолдану
Қарттарды сүйем
1-топ
Мен қарапайым қарттарды сүйем!
Не деген керім еді!
Бабалардың баласы-қариялар
Сиреп бара жатқандай көрінеді.
2-топ
Сақалыңнан айналдым, қарт-бабалар,
Ұрпағыңа не айтарсың артта қалар? О,
тірі шежірелер, қалдырыңдар, Қанеки, нелерің
бар, салтқа жарар?
3-топ
Қанеки, нелерің бар, аталарым? Ұрпағыңа
ұранғып апарамын. Сенімдерді ақтаймын,
ақтаймын да, Сендердің мұрагерің
атанамын.
Мәнерлеп оқып беру.
«ДЖИКСО» әдісі
Оқушылар өлеңді оқиды,
мазмұнын түсіндіреді.
Өлеңді тізбектей оқиды.
10
мин
Оқыту мен
оқудағы жас
ерекшелік
Талдау
1-топ Өлеңнің авторы кім? Ол туралы
не білесің?
2-топ Өлеңге сүйеніп, қарт ұғымына
мағынасы жуық сөздерді тауып жаз. Ол
сөздерді «Күн шұғыласына» орналастыр.
3-топ Мұрагер дегенді қалай
түсінесіңдер?
Постермен жұмыс.
баба, ата
шежіре
қария
3
мин
СТО
Сергіту
сәті
Компьютерлік гимнастика
Қимылмен орындайды
3
мин
Жинақтау
Қарттарым асыл қазынам,
Қырда жүрсем сағынам.
Сенімдеріңді ақтаймын,
Салт-дәстүрді сақтаймын.
--------------------қазынам,
--------------------сағынам.
-------------------ақтаймын,
------------------сақтаймын.
5
мин
Дарын
дылық
ты анықтау
Бағалау
Оқушының шығармалығы (видео)
Нұрайдың ата-әжесін қалай құрметтейтінін
көрдік. Ал,
сендер өз отбасындағы қарт ата-әжелеріңді
құрметтейсіңдер ме?
Балалар өз ойларын
ортаға салады.
2
мин
Оқыту мен
оқудағы жас
ерекшелік
Үйге
тапсырма
М.Мақатаев «Қарттарды сүйем»
өлеңін жатқа айту.
Күнделіктеріне жазып
алады
2
мин
Бағалау
Қорытынды бағаны хабарлау
Өзін-өзі бағалау
2м
ин
Оқу мен
оқытуды
бағалау
Рефлексия
Оқушылар толтырады.
Оқыту мен
80
№
Жұмыстар түрлері
Сабақта өзіңді қалай
орындадым деп
ойлайсың? (Астын сыз)
1
Мен сабақта қалай жұмыс
істедім?
Белсенді/ салғырт
2
Бүгінгі сабақта орындаған
тапсырмаларыма менің...
Көңілім толды/көңілім толмады
3
Сабақ маған....... көрінді
Ұзақ болып/қысқа болып
4
Сабақта мен....
Шаршадым/ қайта сергек болдым
5
Сабақтың тапсырмалары
маған.... болды
Пайдалы/пайдасыз
6
Сабақ туралы өз ойыңды
жинақтап жаз
*
оқудағы жаңа
тәсілдер
Оңтүстік Қазақстан облысы. Қаратау ауданы
Таскен тұрғын алабы №103 ЖОМ
Мұғaлімнің aты-жөні:Сералиева Айжамиля
Пәні: Қaзaқ әдебиеті Сыныбы: 9
Қысқa меpзімді жоспap
Сабақтың
тақырыбы:
Бұйрық рай
Сабақтың
мақсаты:
Етістіктің райлары туралы түсінік алу, бұйрық райдың жасалу жолдарын түсіну
Оқыту
нәтижелері:
Етістіктің райлары туралы түсінік жинап, бұйрық райдың жасалу жолдарын түсінеді
Сабақтың әдіс-
тәсілдері:
. «Шаттық шеңберін» құру,.«Жеміс –жидек жинау»тәсілі,«Айналмалы бекет» тәсілі,«Кубизм»,
Галерея,АКТ
Сабақ
кезеңдері
Уақыты
Мұғалімнің іс-әрекеті
Оқушының іс-әрекеті
Ресурстар
Кіріспе
3 мин
Сәлемдесу.
Оқушыларды түгелдеу. Оқу
құралдарын дайындатып
зейінін сабаққа аударту.
Психологиялық дайындық.
«Шаттық шеңберін»
құру.Топпен тілек айтады.
«Жеміс –жидек жинау»тәсілі
Мұғаліммен сәлемдеседі.
Оқу құралын
дайындап,зейінін сабаққа
аударады. Оқушылар бір-
бірінің қолын ұстап шеңбер
болып тұрады.«Жеміс –
жидек жинау»тәсілі арқылы
топқа бөлінеді
Жеміс жидектер
мен кәрзеңке
Үй
тапсырмасын
сұрау
12 мин
«Ротация әдісін қолдану
арқылы үй тапсырмасы
сұралады .
Плакаттарға сұрақ-жауап
жазу арқылы жүргізіледі
Топтық бағалау
жүргізіледі
Сергіту сәті
2 мин
Жұмбақ жасыру
Оқушылар жұмбақтарға
жауап беру арқылы сергиді
слайдтар
Таныстырыл
ым
Жаңа сабақ
5мин
Бұйрық райындағы мақал-
мәтелдерді тақтадан ұсынып
мағынасына талдау жасалады
Оқушылар мақал
мәтелдерді оқу арқылы
бұйрық мәнді сөздерді табу.
слайдтар
Негізгі бөлім:
15мин
«Айналмалы бекет» тәсілі
арқылы жаңа сабақ
түсіндіріледі .оқушылар өздері
оқып қорғаушы орнында
қалады ,басқа оқушылар
топтарды аралап жаңа сабақты
түсініп қайтады.
183,184,185-жаттығуларды
тапсырмасына қарай
орындайды.
Топтарға бөлінген
тассырмасына қарай
түсіндіру шараларын
жүргізеді .Топтасу арқылы
оқушылар сабақты өз
бетінше меңгереді.Жаттығу
жұмыстарын тақтада
орындап топтар бір-бірінікін
тексереді.Әр топ бір
жаттығудан орындайды
Оқулық ,А3
парақшалары
Қорытындыл
ау
5-мин
Венн диограммасы
Семантикалық карта
тапсырмаларын орындау
Венн диограммасы
арқылы ашық рай мен
бұйрық райдың ұқсастығы
мен айырмашылығын
Венн
диограммасы бар
плакат,маркер
81
анықтайды
Рефлексия
1 мин
Галерея
Оқушылар сынып
қабырғасына өз пікірлерін
жазып қалдырады
стиккер
Бағалау
1 мин
Мұғалім бағалауы
Өздердерін
бағалауы,топтық бағалау
Күнделік
,журнал
Үйге тапсырма
1 мин
Үй тапсырмасын беру 186-
жаттығу
Күнделікке үй
тапсырмасын жазады.
Күнделік
Қарағанды облысы. Жаңаарқа ауданы
№ 132 жалы орта білім беретін мектебінің
Бастауыш сынып мұғалімі Смагулова Лайла Темирбаевна
Пәніқазақ тілі Сыныбы 2- сынып
Сабақтың тақырыбы:Дыбыс және әріп
Сабақтың мақсаты:
1.Дыбыстар және әріптерді ,и,й,у әріптерінің жазылуы туралы алған білім,біліктерін қайталау;Я, Ю дыбыстарының
қосарлы дыбыс екенін және жазылуын еске түсіру.
2.Әр түрлі тапсырмалар орындату арқылы оқушыларды шығармашылыққа баулу. Сөздік қорын,көру зейінін және есте
сақтауындамыту;
3. Топпен жұмыстар арқылы ұйымшылдыққа, бірін - бірі тыңдай білуге,табиғатты аялауға,үлкендерді сыйлай білуге
тәрбиелеу.
Сабақтың әдісі:топпен жұмыс, сұрақ-жауап,ой қозғау,түсіндіру
Пәнаралық байланыс:математика,ағылшын тілі, дүниетану,өзін-өзі тану
Көрнекілігі:семантикалық карта, слайд,
І.Ұйымдастыру кезеңі
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру
490-жаттығу
У қандай дыбыс?
Дауыстыдан соң және сөз басында дауыстыдан бұрын келген у дыбысы дауыссыз дыбыс болады.
Дауыссыз дыбыстан соң сөз басында дауыссыздан бұрын келген у дыбысы дауысты дыбыс болады.
Семантикалық карта
У дауысты
У дауыссыз
тауық
+
қауын
+
су
+
уылдырық
+
жусан
+
сурет
+
уақыт
+
Алдымыздан Аяжан мен Елдос шығып:Балалар, сандардың құпиясы туралы тереңірек білу үшін Білімпаз атайға сандар
апара жатқанбыз. Алдымыздан мыстан кемпір шықты да, бір санды ұрлап әкетті Енді соны табуға бара
жатырмыз.Көмектесесіңдер ме?
Мыстан кемпір: Әуелі сұрақтарға жауап беріңдер.
Ой қозғау
Дыбыс дегеніміз не?
Әріп дегеніміз не?
/Жазу тілінде белгілейтін шартты белгі әріп деп аталады/
Демек, дыбысты айтамыз және естиміз ал әріпті жазамыз және көреміз.
Дауыстар нешеге бөлінеді?/Дауысты,дауыссыз/
Дауысты дыбыс қалай жасалады?
Ауа – өкпеден кедергісіз шығып, үннен ғана тұратын дыбыстарды дауысты дыбыстар дейміз.
Дауыссыз дыбыс қалай жасалады?
Айтқанда ауа кедергіге ұшырап шығатын дыбыстар дауыссыз дыбыстар деп аталады.
Әріптер жиынтығы қалай аталады?
Алфавит
Ағылшын тілінде қанша әріп бар?
26
Нешеуі дауысты дыбыс?Дауысты дыбыстарды ата.
6 A ,E, I ,O, U, Y
Нешеуі дауыссыз дыбыс?
20
ІІІ.Мағынаны таныту.
Түсіндіру
82
ЦБР /электронды оқулық/ №4066 сабақ
Аюда бар
Тиінде жоқ
Оюда бар
Түйінде жоқ (Ю әрпі)
Я, ю әріптері әдетте дыбыстардың қосындысын білдіреді.
Я қандай дыбыс?
Я - қосарлы дауысты дыбыс.
Я әрпі қандай дыбыстардан құралған?
Я әрпі йа дыбыстарынан құралған.
Сөздейадыбыстары естілгенімен,жазуда олардың орнынаяәрпі жазылады.
Ю қосарлы , дауысты дыбыс.
-Ю әрпі қандай дыбыстардан құралған?
Сөздейудыбыстары естілгенімен,жазуда олардың орнынаюәрпі жазылады.
Ескерту!
И+у естілуі бойынша кей сөздер солай жазылады.Мысалы:Миуа-өсімдік,кейуана-жасы ұлғайған,кәрі,қарт мағыналарын
білдіреді.айуан –жабайы аңдар, хайуан.
ІҮ.Тақтамен жұмыс
Көркем жазу
Ю ю Я я
494-жаттығу Сөздерді көшіріп жаз.
Аю,оюшы,көркею,пияз,зиян, мия./иу,йа/
Ю,я әріптері қандай дыбыстардың орнына жұмсалған?
495-жаттығу
Орны ауыстырылып берілген сөздерден сөйлем құрап жаз.
Әкем шөп маялады.Көктемде өзен суы молаяды.Ғ -ұяң, дауыссыз дыбыс.Әлия - озат оқушы.
Я әрпі қай дыбыстардың орнына жазылып тұрғанын айт.
Я әрпінің алдынан келген дауыстының астын сыз.
Ү.«Мықты болсаң,тауып көр» ойыны
Шарты:Дыбыс саны мен әрпі саны бірдей сөздерді сол бағанға,бірдей еместерді оң бағанға жаз.
Кептер,қия, дала, кітап,аяз, таяқ, жол, сәбіз,қоян,шаян, балық,ою,қию.
496-жаттығу
Қай сөздергеуәрпін қосқандаюболады?Сол сөздерді көшіріп жаз.
Жию, түс,кию,ұмтыл,үю, қою,жаю,талпын.
Ескерту!
Сөздегіиәрпінен соң у жазылмайды,южазылады: кию, қию,жию
ҮІ.Топтық жұмыс
1 топ Криптограмма. ҚАЗАҚСТАН
Мұнда топқа криптограмма беріледі. Берілген топ өздеріне ең көп сөз тауып жазады.
2 топ
2 9 4 7 5 3 8 6
р б ы л а і т к
932736- бірлік/ шыққан сөзге дыбыстық талдау жасау/
3 топ«Әрқашан күн сөнбесін» тақырыбына сурет салу
497-жаттығу
Көп нүктенің орнына и,я, ю әріптерінің тиістісін қойып, сөйлемдерді көшіріп жаз.
София үйдің ішін жинады.Балапан ұядан ұшты.Бұлт қоюлана түсті.Күнге көп күюзиян.Шөптер сарғаябастады.Ақ
аюМұзды мұхитта болады.
498-жаттығу Өлеңде нелер туралы айтылған?
Түлкі туралы сипаттау мәтінін құрастыру. .
Түлкі – жыртқыш аң. Оның түсі қызғылт, құйрығы ұзын болады. Ол далалық жерді мекендейді. Ол қоян, тышқан аулайды.
Қоянның құлағы ұзын, құйрығы үлпілдеген қысқа.Түсі ақ,сұр болып келеді. Қояндар өзіне үйшік дайындамайды, қысқа
азық жинамайды. Бұта түбінде, орман жиегінде тіршілік етеді.
Ой қорыту
1.Қазақ тілінде неше әріп бар?
А)43
Б)42
С)41
2.Қазақ тілінде дауыссыз дыбыстар нешеге бөлінеді?
А)5
Б)4
С)3
3.Жуан дауысты дыбыстарды көрсет.
А).а,ә,қ,т
Б)о, а,ы,ұ
С)ә,і,е,ү,и
4.Үнді дауыссыз дыбыстарды тап.
83
А) л,м,н,р
Б) қ,р,н,с
С)ш,қ,п,т
5.Дауыссыз дыбыстар түрлерін белгіле.
А)Жуан,қатаң, үнді
Б) қатаң, ұяң,үнді
С)жуан,жіңішке
Ағылшын алфавитінде тұрған екінші әріп қандай? B
Төртінші тұрған әріпті ата.D
Қорытынды:
Құпия сандар 1,7,9
Құпия сан туралы не білеміз?
1-мамыр Қазақстан халқының бірлігі күні
Аяжан:Рахмет.Көмектескендеріне , біз риза болдық.
Білімпаз атадан 1, 7, 9 сандарының құпиясын білуге бара жатырмыз. Ал сендер оның құпиясын білесіңдер ме?
Тәуелсіздікпен бірге халқымыз Мәңгілік Мұраттарына қол жеткізді.
Мәңгілік Ел болу біздің өз қолымызда. Бұл үшін өзімізді үнемі қамшылап, ұдайы алға ұмтылуымыз керек.
Байлығымыз да, бақытымыз да болған Мәңгілік
Мәңгілік елмен бірге – жарқын болашаққа бірге қадам басайық!
Мәңгілік Елдің тұрғындары және соны дамытушы сендерсіңдер,жас ұрпақ!
Үйге 499-жаттығу
Рефлексия Бүгінгі сабақ сендерге ұнады ма?
Бағалау
* * * * *
Темирбекова Орынгул
Учитель русского языка и литературы
Тупкараганский район, Акшукурская школа-лицей
Класс: 6
Предмет: Русский язык
Достарыңызбен бөлісу: |