Әріптестердің жауаптары
Түрлі тізбектелген сабақтар мен коучингтерге қатысып жүргендіктерін және де сын тұрғысынан ойлауды да айтып
өткендері де болды. Тапсырмадағы сұрақтарға жауап беру арқылы тақырыпты аша түсті.Жалпы мұғалімдерге бір сұрақтың
ұшын көрсетсең, дөңгелетіп ала жөнеледі.Осы жағынан маған әріптестермен жұмыс жасаған ұнайды.Олардың да тілін табу
оңай шаруа емес,көңілдерінен шығу керек,ол үшін еңбегімізді сіңіру қажет екен. Мен қазіргі кезде өзімді жақсы бағытта
алып келе жатырмын.Оқу жылының барысында төрт тізбектелген сабақ пен бір Lesson Studu-ге сабақ өтілді.Олардағы
болған өзгерістер мен жаңалықтарды « Бұл өмірдің мәні-сіз бен біз емес пе!» тақырыпта тәлімгер мен тәлім алушы
арасындағы іс-шараларды көрсеттім. Мұндағы мақсатым бірлесіп жасаған жұмыстарымыздан шыққан нәтижелерді көрсету
арқылы әріптестеріміздің беделін көтеру,арадағы қарым-қатынасты нығайту болатын.
Коучингті жалғастыра келе,сергіту сәтінің орнына «Әріптердің дауысы» атты психологиялық тренинг өттім.Бұл
тренингте мұғалім мен оқушы арасындағы қарым-қатынасты нығайту үшін және жиі болатын стресстік жағдайды осы
жаттығу арқылы құтылуға болатынын,орындау арқылы байқадық.
Коучингтің барысында Бірлескен жұмыстың
көрінуі
Презентациялау кезінде Блум таксономиясына интербелсенді
тақтаның көмегімен түсінік беріп өттім.
Жалғасы бар(Ойлаудың барлық түрлеріне)
Презентацияның соңында мұғалімдердің сұранысымен,
төмендегі кестедегідей Блум таксономиясының деңгейлері
бойынша
сұрақтары
мен
тапсырмаларына
тоқталып,қорытындыладым. Жалғасы бар
Мұғалімдер коучинг соңында стикерлерге рефлексия жазып
тақтаға жапсырып, кері байланыс орнатылды. Мұғалімдер:
«Бірлескен жұмыс жасай отырып, бірлестікке, бір–біріміздің
пікірімізді тыңдауға үйрендік, - деп жазды. «Сабақ өз мақсатына
жетті. Әр кез осындай бірлесіп жұмыс жасап жүре берейік,»- деген сөздермен өз ойларын білдірді. «Болашақта осындай
коучингтер жиі болып тұрсыншы» деген ұсыныстар жазылды.
7
Сәтті жақтарына мен әріптестерімнің белсенділіктерін, топтық жұмыста ұйымшылдықтарын, проблемалық ситуация
жасап, оған жауап шешімін іздегендерін жатқызар едім. Кедергілерге сын тұрғысынан ойлауға дағдыланбағандықтарын
айтар едім.Өткізген коучинг –сессиямдағы сәтсіздіктерді жеңу үшін көп оқып, көп іздену керек деп шештім. Оқыту
мақсатына қатысты болашақта мен коучинг тақырыбына байланысты тапсырмалардың одан да қызықты және маңызды
болып өтуі үшін қызықты етіп жарнамалар жасап, тапсырмаларды алдын – ала беруге, топтарда өзін-өзі басқаруын жолға
қою, алдын-ала тақырыптар тізімін мұғалімдер назарына ұсынар едім. Сондай-ақ өз білімімді курстарда ғана жетілдіріп
қоймай, білім саласындағы енгізіліп жатырған жаңалықтармен танысып, оларды өз іс-тәжірибемде қолданумен шектелмей,
мектептегі әріптестеріммен бөлісуге және әдістемелік журналдарға жариялауды ұсыныс жасар едім.
Коучингтің қысқа мерзімді жоспарын ұсынып отырмын.
Коучингтің
тaқыpыбы
Блум таксономиясы бойынша танымдық салада оқу мақсаттарының категорияларын
қолдану
Мерзімі
28 наурыз 2015ж
Мaқcaты
1.
Оқу нәтижелерін өлшеу әдістемесін анықтау және осы нәтижеге қол жеткізу мақсатында
жоспарланған оқыту мен оқу жаттығуларын көрсету
Күтiлeтiн
нәтижe
Мұғалім сабақта қойған мақсаттарына қол жеткізе алды ма, жоқ па екенін білуге мүмкіндік
береді
Қoлдaныл-
ғaн әдic
-тәciлдep
Топтағы бірлескен және ұжымдық жұмыс,іс-әрекетті зерттеу,
CТO,миғa шaбyыл,тoпқa бөлy,oй шaқыpy,Жас ерекшеліктеріне сай оқыту,Оқу үшін бағалау және
оқуды бағалау
Рecypcтap
Cлaйдтар,мapкep,cтикepлep,интepбeлceндi тaқтa,постер,әдістемелік-көмекші нұсқаулық
парақшалары
Кeзeңдep
Уaқыт
ы
Кoyчepдiң ic-әpeкeтi
Мұғaлiмдердiң ic-әpeкeтi
Ұйымдac-
тыpy кeзeңi
7м
Cәлeмдecy
Тoпқa бөлy
3м
Жұпқа бөлу
Алманың суреті бар стикердің
артына жиналған мұғалімдердің санына
қарай Білу,Түсіну,Қолдану,
Талдау,Жинақтау,
Бағалау деп жазып қою
Тақырыпқа
тоқталу
5м
Блум таксономиясы туралы аздап түсінік
беру
Бір слайдты көрсету арқылы не
өтілейін деп жатқан туралы қысқаша
айтып өту
Oй шaқыpy
20м
І-тапсырма
« Алма»
тақырыбына ойлау деңгейле-рін қолдана
отырып,сұрақ қою моделін қолдану
1.Білу.Алманы пайдаланудан денсаулық
үшін қандай пайдасы бар?
2.Түсіну.Алма мен апельсинді
пайдаланудың денсаулыққа пайдасын
салыстыр
3.Қолдану. Бәліш пісіру үшін алманың
қандай түрі жарамды,неге?
4.Талдау.Алмамен тамақ
дайындаудың төрт тәсілін сипаттаңыз
және олардың қайсысы денсаулыққа
анағұрлым пайдалы екенін
түсіндіріңіз.Сіздің сөздеріңізді
айғақтауға арналған сілтемелер беріңіз.
5.Жинақтау.Алма бәлішінің
пайдасыз рецептісіне өзіңіздің
қалауыңызша басқа заттарды қосып,бір
пайдалы рецепт жасаңыз.Өзіңіз таңдап
алған заттардың алғашқысынан
пайдалырақ екенін дәлелдеңіз.
Сергіту сәті
10м
Пcиxoлoгиялық тpeнинг:
«Әріптердің дауысы»
«А»-дауысын айтыңыз-ол сіздің бүкіл
денеңіздің сауығуына көмегін тигізеді.
«Е»-қалқанша без жұмыстарына әсер етеді
«И»миыңызға,көзіңізге,құлағы-ңызға әсер
етеді
«О»-жүрегіңізбен,өкпеңізге әсер етеді
«У»-қарныңыздың маңындағы дене
мүшелеріңізге
«Х»-денеңіздің тазаруына
«Ха» көңіл-күйіңіздің көтерілуіне әсер
етеді
Мұғалім мен оқушы арасындағы
қарым-қатынасты нығайту үшін,жиі
болатын стресстік жағдайды мынадай
жаттығулар жасау арқылы
құтылуымызға болады.
Денеңізді бос ұстап
отырыңыз.Денеңізді мұрныңызбен ішке
тартып,демді сыртқа шығарар кезде
қатты бар даусыңызбен
А,Е,И,О,У,Х,Ха- деп дауыстап
шығарамыз
Презентация
5м
Блум таксономиясына түсінік беру
Қорытынды
5м
Рeфлeкcия
5м
Кepi бaйлaныc
Oй пiкipлepiн cтикepгe жaзaды
8
ОҚО Қартау ауданы Таскен тұрғын алабы №103 ЖОМ
Пәні :Химия Сыныбы:8
Мұғалімі: Кадиракынова Гүлбану Несипбекқызы
Сабақтың тақырыбы: Бейорганикалық химияның негізгі кластары арасындағы генетикалық байланыстар.
Сабақтың мақсаты:
А) білімділік: Күрделі бейорганикалық қосылыстардың бір-біріне айналу заңдылықтарымен таныстыру және
генетикалықайналым қатарын құра білуге үйрету, негізгі бейорганикалық қосылыстар жайындағы білімді жүйелеу.
Класаралық генетикалық байланыстарды түсіндіру.
Ә) дамытушылық: Оқушылардың заттарды бір-бірінен ажырата білу, химиялық реякция теңдеулерін жаза білу, есептерді
шығара білу біліктерін дамыту.
Б) тәрбиелік: Оқушыларды ұйымшылдыққа, жауапкершілікке, қоршаған ортаны қорғауға тәрбиелеу.
Cабақтың типі: жаңа білімді меңгерту сабағы.
Сабақтың түрі: аралас сабақ.
Сабақтың әдісі: топтастыру, ой тастау, түсіндірмелі, сұрақ-жауап.
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақтадағы слайдтар, металдардың электрохимиялық кернеу қатары,
қышқылдардың,негіздердің,тұздардың суда ерігіштік кестесі.
Сабақтың барысы:
2.
Ұйымдастыру кезеңі: (2мин)
3.
«Қызығушылықты ояту» кезеңі. (10мин)
а) Оқушылардың назарын тірек-сызбаларға аудару.
ә) Дәптермен жұмыс.
3.Мағынаны тану сатысы. 15 мин.
4.Ой толғаныс кезеңі. 15 мин.
а) Негізгі идеяны суреттеу стратегиясы.
ә) ВЕНН диаграммасы.
5. Үйге тапсырма беру. 2 мин.
6. Бағалау. 1 мин.
1.Ұйымдастыpу кезеңі:
Сынып бөлмесінің тазалыгын, сабаққа дайындығын, оқушылардың сабаққа қатысуын, борды, оқу құралдарының
түгелдігін тексеру.
2. Қызығушылықты ояту кезеңі:
2.1. Бұрынғы білетінмен жаңа білімді ұштастыру.
1. Химия ғылымының ірі екі саласын ата
2.Бейорганикалық химияның қандай маңызды кластары бар?
3. Оксидттер деген не? Олар қалай жіктеледі?
4.Негіздерге анықтама бер. Оларды жікте.
5. Қышқылдар деген не? Олар қалай жіктеледі?
6.Тұздар қандай заттар? Оларды жікте.
2.2.Ой шақыру стратегиясы.
Оқушының өз ойын тұжырымдауы. Оқушылардың үйден орындап келген «Бейорганикалық химияның негізгі
кластарының қолданылуы мен маңызы» тақырыбындағы тірек- конспектілерін қорғауы.
3. Мағынаны тану сатысы.
3.1. «Түртіп алу» стратегиясы
Өткен сабақта сызып дайындалған «түртіп алу» кестесін толтырып отырады.
«+» «-» «!»
« ?
3.2. Негізгі идеяны суреттеу стратегиясы:
- Негізгі идеяны түсіну үшін, бейорганикалық қосылыстардың бір күйден екінші бір күйге айналу сызбанұсқасы
түсіндіріледі.
-Оқушылар элекронды оқулықтағы жай заттардан күрделі заттардың түзілуін суреттейтін тірек- сызбамен берілген
көрсетілімді талдайды.
1. Ca CaO Ca(OH) CaSO4
2. S SO3 H2SO4 CaSO4
сызбанұсқалары түсіндіріледі.
-Электронды оқулықтағы екінші көрсетілімненCu CuO CuCl2 Cu айналымын көріп, талдап, реакция
теңдеулерін дәптерлеріне жазады.
Жеке кластардың өзара байланысы арқылы заттардың бір-біріне айналуы генетикалық (тектік) байланыс деп аталады.
3.«Ой толғаныс» кезеңі.
Бар зат жоғалып кетпейді, жоқтан бар пайда болмайды, заттар тек бір күйден екінші бір күйге ауысып отырады.
4.1. Деңгейлік тапсырмалар:
1-деңгей:
2Mg + … = 2MgO
MgO + … = Mg(OH)2
Mg(OH)2 + 2 … = MgSO4 + 2H2O
2-деңгей: Генетикалық айналым қатарын құрастыр.
9
3-деңгей: Төмендегі айналымдарды жүзеге асыратын тірек-сызбаны орында:
(Оқулықтағы жаттығулар орындалады)
4.2. Ойлан, тап!
1. 4 грамм натрий сумен әрекеттескенде түзілген натрий сілтісінің мөлшерін есепте.
2. Генетикалық айналымның нәтижесінде 200г ерітінді түзілді. Оның құрамында 10г тұз бар. Ерітіндідегі тұздың
массалық үлесі қанша?
4.3 .ВЕНН диаграммасы.
Негіздердің және қышқылдардың айырмашылығы мен ұқсастығын түсіндіретін ВЕНН диаграммасын орында.
4.4.ББҮ кестесін толтыр.
«Түртіп алу» стратегиясы бойынша орындап отырған кестелеріңді пайдаланып, «Білемін», «Білгім келеді».
«Үйрендім» кестесін толтырыңдар.
5. Үйге тапсырма беру.
1. Химиялық қосылыстардың қолданылуын, химия ғылымының маңызын сипаттайтын 4 шумақ өлең жазып келу.
Мысалы:
Химиямен медицина дамыған,
Өндіріс те химияны таныған.
Химиясыз кірмес жердің құнары,
Мұндай ғылым әркез биік тұрады!
* * * * *
Маңғыстау облысы, Түпқараған ауданы, Ақшұқыр ауылы,
Ақшұқыр мектеп-лицейінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
Байекеева Рысгул Биргалиевнаның
5-сыныпқа арналған әдебиет пәнінен қысқа мерзімді жоспары
Сабақтың
атауы
Сәкен Жүнісов «Ақырғы бәйге» ( «Ақан сері» романынан
үзінді)
(1-сағаты)
Сілтеме
Слайд «Сәкен Жүнісов», «Суреттер топтамасы», «Тірек
сөздер», «Мағынаны таны»
Жалпы
мақсаттар
Сәкен Жүнісовтің өмірі мен шығармашылығынан мәлімет
алу, шығарманың мазмұнын, сөз мағыналарын ұғыну.
Оқыту
нәтижесі
Сәкен Жүнісов туралы мәлімет алады, шығарманың
мазмұнымен танысады,мағыналарды таниды,тұлғаны
таниды.
Негізгі
идеялар
«Құлагер-Ақанның қанаты»
Тапсырмалар
1.
«Шынжырлау»
(5 мин)
2.
«Галереяға саяхат»
(тақырыпты ашу 1 мин)
3.
«Миға шабуыл»
4.
«Тірек сөздер арқылы болжау»
5.
«Сұрақ-жауаптар арқылы салыстыру».
6.
«Мағынаны таны»
7.
Өздік жұмыс
8.
(15 мин)
9.
Сергіту сәті
( психологиялық жаттығу 2 мин)
Шығармашылық жұмыс:
Постер қорғау
(10 мин)
«Сен маған, мен саған»
. (3 мин)
Кейінгі
тапсырмалар
Үй тапсырмасы: І-ІІ-ІІІ бөлімдерін оқып келу
тапсырылады.
«Түртіп алу»
Мазмұны
Мұғалімнің іс-әрекеті
Оқушының іс-әрекеті
Ұйымдастыру
бөлімі
(5 мин)
Үй
тапсырмасын
сұрау
(5 мин)
Тұсаукесер
(1 мин)
Оқушылармен амандасып,түгендеу. Адамның
ұмтылатын үш биігі арқылы (дәулет, билік,
даналық)топқа бөлінеді,ережелермен танысу, топ
басшысын сайлау
Әр топтан «Менің Республикам» өлеңін
«Шынжырлау» әдісі арқылы сұрау.
«Галереяға саяхат» бәйгенің аттарының
суреттерін көрсету арқылы тақырыпты ашу.
Оқушылар мұғаліммен амандасады, 3топқа
бөлінеді.Ережелермен танысады. Тіл туралы
мақал-мәтелдердің жартысын айту арқылы топ
басшысы анықталады.
Оқушылар үй тапсырмасына берілген өлеңді
әр топтан бірінің айтқанын бірі жалғастырып
жатқа айтады.
10
«Тірек сөздер
көмегі»
«Болжау»
және
«Салыстыру»,
«Мағынаны
таны»
Өздік жұмыс
(15 мин)
Сергіту сәті
(2 мин)
Шығармашыл
ық жұмыс:
постер қорғау
(10 мин)
Қорытынды
(3 мин)
Үй
тапсырмасын
беру
(1 мин)
Бағалау
(2 мин)
Рефлексия (1
мин)
Дайын слайдтан тірек сөздер арқылы Сәкен
Жүнісовтің өмірі мен шығармашылығы жайлы
болжау, сұрақ-жауап арқылы салыстыру.
Сөздік жұмыс:
Сыншы- жылқыны танып, сын айтатын адам;
танти беру- бос сөйлеу;
арам ет-пайдасы жоқ ет;
ағындайтын-тез қимылдайтын;
жаратылысы бөлек-Алла ерекше жаратқан деген
мағынада;
азашылар-асқа келгендер;
шаң қаптыру-шаңда қалдыру;
жымысқы әдісі-қулығы;
қылаң-бозғыл түсі басым, ақшыл;
баран-жылқының түсі:қара қоңыр, қаракер.
Оқушыларға шығарманы өз бетімен оқуды
тапсыру
«Мен өзіме жақсылық ойлаймын,мен саған
жақсылық ойлаймын,мен бәріне жақсылық
ойлаймын» дене жаттығуын жасатады.
Шығарманың үш бөліміне ат қою,мазмұнын
постер арқылы түсіндіру тапсырылады
«Мен саған, сен маған»
Оқушылар бір-біріне сұрақ қояды
Шығарманың І-ІІ-ІІІ бөлімдерін оқып келу
тапсырылады.
Топ басшысының сабақты бағалау парағы
арқылы формативті және сумативті бағалауы және
басқа топтардың постерді қалай қорғағандығын
бағалауы.
Өз ойларын, сабақтан алған әсерлерін баяндау.
Оқушылар суреттер көру арқылы,сыни
тұрғыдан ойлана отырып, тақырыпты ашады.
Оқушыларға слайд арқылы , Сәкен Жүнісов
туралы тірек сөздерге қарап болжап айтады,
содан соң, мұғалімнің мәліметімен сұрақ-жауап
арқылы салыстырады.
Оқушылар сөздік жұмысты ұғып алады.
Оқушылар шығарманы өз бетімен топқа
бөлініп, оқып шығады.
Оқушылар көңілдене орындайды.
Оқушылар топтық жұмыс жасап, постер
арқылы мазмұндап, шығарма бөлімдеріне ат
қояды.
Оқушылар бір-бірінің сұрақтарына жауап
береді.
Оқушылар үйге берілген тапсырманы
күнделіктеріне « түртіп алады.»
Оқушылар жеке топ басшысының ұпай беруі
арқылы, ал постер жұмысын әр топтың
басшылары өзара бағалайды.
Оқушылар сабақтан алған әсерлерін айтады.
Мұғалімнің жазбалары: Сабағымда оқушыларды «Шаттық шеңберіне» шақырып амандасып, түгендеуді жүзеге
асырдым. Адамның ұмтылар үш биігі( дәулет, билік, даналық) арқылы топқа кезекші оқушы өзі жереби тастау арқылы
бөлді. Содан соң топ ережелерімен таныса отырып, тіл туралы мақал-мәтелдің жартысын айтқан оқушы топ басшысы болып
сайланды.
Үй тапсырмасын сұрауда көп уақыт алмас үшін «Шынжырлау» әдісі тиімді болды. «Тұсаукесер» бөлімінде «Галереяға
саяхат» әдісі арқылы оқушылар сұраққа жауап беру арқылы ашты.
Керек мәліметті алу үшін, «Тірек сөздер көмегі» зор болды. Оқушылар болжам айтты, сыни ойлана алатындықтарын
көрсетті. Топ болып жауап берді. А оқушы барлығына өзі жауап беруге тырысты. Ал В оқушы болжамды жақсы айтып, «
Мағынаны таны» бөлімінде де белсенді болды. Содан соң өздік оқу тапсырмасы оқушылардан төзімділікті талап етті. Топ-
топ болып орындап, постер қорғады. Сабақтың сергіту кезеңі оқушылардың әрі қарай жақсы жұмыс жасауына көмектесті.
Постер қорғауда оқулықпен де қатар жұмыс жүрді. Оқушылар сурет салып, қызығушылығы артты. Ал оны қорғауда сөйлеу
мәдениеті дамып, өз ойларын ашық айтты. А оқушы сұрақ қоя білді және топ басшысы ретінде топ мүшелерін әділ
бағалады. В оқушы рефлексия кезеңінде сабаққа жақсы түсінгендігін айтты. Барлық оқушылар рефлексия кезеңінда ынта
білдірді. Үйге тапсырманы күнделіктеріне «түртіп алды». Оқушыларға шығарманың І-ІІ-ІІІ бөлімдерін оқып келу
тапсырылды.
Ақшұқыр мектеп-лицейінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Байекеева Рысгул Биргалиевнаның 5-
сыныпқа арналған әдебиет пәнінен қысқа мерзімді жоспары
Сабақтың атауы
Сәкен Жүнісов «Ақырғы бәйге» ( «Ақан сері» романынан үзінді)
(2-сағаты)
Сілтеме
«Зымыран сұрақтар», «Видеоролик»
Жалпы
мақсаттар
Сәкен Жүнісовтің өмірі мен шығармашылығынан мәліметті қайталау, шығарманың
мазмұнымен толық танысу, сөз мағыналарын ұғына отырып,білімдерін толықтыру.
Оқыту
нәтижесі
Сәкен Жүнісов туралы мәліметті қайталайды, шығарманың мазмұнымен толық
танысады,мағыналарды таниды,тұлғаны таниды.
Негізгі идеялар
«Құлагер-Ақанның қанаты»
Тапсырмалар
4.
«Зымыран сұрақтар»
(5 мин)
5.
«Болжау»
(3 мин)
11
4.«Миға шабуыл»
5.Өздік жұмыс
6.Постер дайындау
(10 мин)
7.Сергіту сәті
(5 мин)
8.Постер қорғау
(7 мин)
Кейінгі
тапсырмалар
Үй тапсырмасын беру: ІV-V-VІ бөлімдерін оқып келу.
«Түртіп алу»
Мазмұны
Мұғалімнің іс-әрекеті
Оқушының іс-әрекеті
Ұйымдастыру
бөлімі
(5 мин)
Үй
тапсырмасын
сұрау
(9 мин)
Тұсаукесер
(3 мин)
Жаңа сабақ:
Шығармашылы
қ жұмыс
(10 мин)
Сергіту сәті
(5 мин)
Қорытынды
(7 мин)
«Түртіп алу»:
(Үйге тапсырма
беру
2 мин)
Бағалау
(2 мин)
Рефлексия
(2 мин)
Оқушылармен
амандасып,түгендеу. Асықтар
арқылы(Қылаң, баран, торы) үш
топқа бөлінеді.Ережелерді қайталау.
«Зымыран сұрақтар» арқылы
сұрау
«Болжау»стратегиясын пайдалану
арқылы тақырыпты ашу.
Шығарманың бөлімдерін өз
беттерімен әрі қарай оқып танысу,
бөлімдеріне ат қою, постер дайындау
тапсырылады.
Дене жаттығуын жасату
Постер қорғайды.
Шығарманы толық оқып келу.
«Бағдаршам» арқылы өзін-өзі
бағалау, топтардың бірін-бірі
басбармақ арқылы бағалауы.
Оқушылар сабақтан алған
әсерлерін сұрау
Оқушылар мұғаліммен амандасады,топқа
бөлінеді.Ережелерді еске түсіреді.
Оқушылар үй тапсырмасына берілген тапсырманы
сұрақтарға жауап беру арқылы айтып береді..
Оқушылар видеороликтен қарап, болжау арқылы,сыни
тұрғыдан ойлана отырып, тақырыпты ашады.
Оқушылар өз бетімен топтық жұмыс жасай отырып,
шығармамен әрі қарай оқып танысады,мазмұндайды,
шығармашылық жұмыс жасайды.
Оқушылар әуенмен қосылып,дене жаттығуларын
жасайды.
Оқушылар әр топтан шығып постер қорғайды.
Оқушылар күнделіктеріне тапсырманы түртіп алады.
Оқушылар өздерін-өздері бағалайды,топтар бірін-бірі
басбармақпен көрсетіп,ишара білдіру арқылы бағалайды.
Оқушылар сабақтан алған әсерлерін айтады
Мұғалімнің жазбалары: Бұл сабақта да оқушылар асықтармен жылқы түстері(қылаң, баран, торы) үш топқа бөлінді.
Оқушылар түрлі-түсті асықтармен бөлінді. «Зымыран сұрақтар» арқылы үй тапсырмасын сұрау оқушылардың шығарманы
оқып келгендігін білдірді. Бейнеүзікке қарап, сыни ойланып, шығарманың қалай өрбитініне болжам айтты. Шығарма
бөлімдерін өздігінен А оқушы да, В оқушы да қызыға оқуға кірісті. Бөлімдеріне ат қоюда топ болып ортақ шешімге келді,
постер дайындады. Оқушылар бір жағынан сыни ойланып, шығармашылық жұмыс жасады. Содан соң сергіту сәтінде дене
жаттығуларын жасау үшін ғаламтордағы «Көңілді күн» әнін қосыла орындап дене жаттығуларын жасады. Ал постер
қорғауда сөйлеу мен оқу дағдылары қатар орын алды.
Үйге тапсырма шығарманың қалған бөлімдерін оқып келуге тапсырма берілді. Бағалауда «Бағдаршам» әдісі өз тиімділігін
көрсетті. Әр оқушы жақсы, өте жақсы, нашар деген түстердің тұсына өз есімдерін жазды.
Ал топтар бір-бірін басбармақпен бағалады. Бағалауда бір-біріне жақсы баға қойды. Сабақтан алған әсерін айтуға бәрі
ұмтылды.
Ақшұқыр мектеп-лицейінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Байекеева Рысгул Биргалиевнаның 5-сыныпқа
арналған әдебиет пәнінен қысқа мерзімді жоспары
Сабақтың атауы
Сәкен Жүнісов «Ақырғы бәйге» ( «Ақан сері» романынан
үзінді)
Ақан серінің тағдыры
(3-сағаты)
Сілтеме
«Зымыран сұрақтар», «Тірек сөздер», «Ақанның портреті»,
«Топтастыру»
«Ақан серінің қайғысы», «Рефлексия», «Түртіп алу».
Жалпы мақсаттар
Ақан серінің өмірі мен шығармашылығымен танысу,
білімдерін толықтыру.
Оқыту нәтижесі
Сәкен Жүнісов туралы мәлімет алады, шығарманың
мазмұнымен танысады,мағыналарды таниды,тұлғаны таниды,
топтастырады, шығармашылық қабілеті ашылады,білімі
кеңейеді.
12
Негізгі идеялар
«Ақан серінің өмірі -өнеге»
Тапсырмалар
1.«Зымыран сұрақтар»
3.«Тірек сөздер көмегі» және «мәліметтерді
толықтыру»
2.«Тұлғаны таны»
4.«Болжау»
5. «Топтастыру»
6.Ойтолғау жазу
Кейінгі тапсырмалар
Үй тапсырмасына Ақанмен сырласу хатын жазып келу.
«Түртіп алу»
Мазмұны
Мұғалімнің іс-әрекеті
Оқушының іс-әрекеті
Ұйымдастыру бөлімі
(3 мин)
Үй тапсырмасын сұрау
(5мин)
Тұсаукесер
(1 мин)
Жаңа сабақ
(10 мин)
Тақтамен жұмыс
«Топтастыру»
(2 мин)
Сергіту сәті
(5 мин)
Негізгі бөлім:
Шығармашылық жұмыс
(10 мин)
Үйге тапсырма беру
(2 мин)
Рефлексия
(5 мин)
Бағалау
(2 мин)
Оқушылармен амандасып,түгендеу.
Төрт түлік арқылы төрт топқа
бөлінеді,ережелермен танысады.
«Зымыран сұрақтар» қою арқылы
үй тапсырмасы сұралады.
«Тұлғаны таны» Ақан серінің
портретін көрсету арқылы тақырыпты
ашу.
Слайдтан тірек сөздерге қарап, Ақан
сері туралы жорамал айту,мәліметтерді
толықтырып, өздерінің айтқандарымен
салыстыру.
«Ақан кім?» топтастыру
«Құлагер» әнінен үзінді тыңдау
«Ақан серінің қайғысы»
тақырыбына шағын ойтолғау жазу.
Ақанмен сырласу хатын жазып келу.
Рефлексия парағын толтыру:
1.Меңгердім:______________
2.Мені қызықтырады:_______
3.Сұрағым бар:_____________
4. Менің тілегім:_________
«Білім ағашы»
арқылы өзін-өзі бағалау.
Оқушылар мұғаліммен амандасады, 4 топқа
бөлінеді.Ережелермен танысады.
Оқушылар үй тапсырмасын сұраққа жауап
беру арқылы айтады.
Оқушылар портреттегі қай тұлға екенін
табады. Сыни тұрғыдан ойлана отырып,
тақырыпты ашады.
Оқушылар тірек сөздерді пайдаланып, Ақан
сері туралы өздері айтып береді.
Оқушылар Ақан туралы мәліметті
топтастырады.
Оқушылар ерекше сезіммен ән тыңдайды.
Оқушылар шығармашылықпен айналысып,
жеке және топтық жұмыс жасайды.
Оқушылар үй тапсырмасын ұғынып алады.
Оқушылар рефлексия парағын толтырады,
мұғалімге жинап береді.
Оқушылар бүгінгі алған білімдері мен алған
бағасын «Білім ағашы» арқылы білдіреді.
Достарыңызбен бөлісу: |