Қазақстан республикасы 45minut kz – 45minut org Ұстаздарға арналған басылым редакциясы



Pdf көрінісі
бет11/20
Дата22.12.2016
өлшемі2,51 Mb.
#101
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   20

Қорытынды:
Алматы мемлекеттік қорығы                          қызыл қасқыр
Қорғалжын  қорығы                                        барыс, түркістан сілеусіні
Наурызым қорығы                                           шиетұмсық
Марқакөл қорығы                                            аққұтан, ләйлек,  мәрмәр
Ақсу –жабағылы қорығы                                аяқсыз кесіртке,шұбар жылан 
Бетбақдала қорығы                                         бүркіт, жорға торғай, косаяқ,
Үстірт қорығы                                                 қабылан, сусары,күзен, көксуыр
Батыс алтай қорығы                                       3 саусақты ергежейлі қосаяқ, ителгі
Барсакелсес қорығы                                        балық түрлері, қарақұйрық
Қызыл  кітапқа  тіркелгелмеген   жануарларды алып  тастау суретке  қарап.
Жаңа сабаққа байланысты  3 топ оқушылары бір – біріне  5 сұрақтан қояды.
Рефлексия жазу бүгінгі сабақтан  не білдім, не білгім келеді, не білетін  едім.
Үйге тапсырма:  Қызыл кітапқа енген жануарлар
Оқушыларды бағалау:
* * * * *
Малдыбаева Гүлзипа Нышанқызы
Математика пәні мұғалімі
№104    Ы.Алтынсарин атындағы жалпы орта мектебі
ОҚО, Сарыағаш ауданы, С.Саттаров ауылы
Сабақтың тақырыбы: Көлемді бірліктері. Куб дициметр (дм ³) 
Сабақтың мақсаты: Білімділік:
Параллелепипедтің     көлемін   есептей   білуге   үйрету.Куб   дециметр   өлшем   бірлігімен
таныстыру.
Дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілетін дамыту.
Тәрбиелік: Тапқырлыққа, шапшаңдыққа тәрбиелеу.
Сабақтың әдісі: сұрақ – жауап, көрнекілік, түсіндіру.
Сабақтың көрнекілігі:геометриялық фигуралар,сызба нұсқа т.б.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ.
Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру. Оқушылардың назарын сабаққа аудару.

Үй тапсырмасын тексеру. (Ауызша)

Жаңа ұғым.  Жаңа сабақ өткен сабақтағы материалдарды қайталаудан басталады. Көлемнің өлшем бірлігі – куб
дециметрдің қажеттігі әр түрлі мысалдармен негізделеді.
Балалар, қолымдағы қандай фигура?
Тік төртбұрыш.
Ал мынау қандай фигура?
Шаршы.
Осы фигуралардың неше өлшемі бар?
Екі өлшемі бар.
Қандай өлшем?
Ұзындығы, ені.
59

-     Мына фигура қандай фигура?
Куб.
Кубтың неше өлшемі бар?
Үш өлшемі бар. Ұзындығы, ені, биіктігі.
                               -Енді, оқушылар, тақтаға қарай-
                                мыз. Тақтаға тік бұрышты пара-
                                ллелепипед тәріздес жәшік су-  
                                реті, өлшемдері 5 дм, 2 дм және      
                                1 дм.Оның   көлемін табу керек.        
Біздер көлемді     қандай өлшем бірлікпен өлшеуді білеміз?
- Куб сантиметрмен.
Сондықтан, жәшіктің өлшемдерін сантиметрмен өрнектеңдер: 5 дм = 50 см,  2 дм = 20 см,  1 дм = 10 см.
Демек, жәшіктің көлемі: 50∙20∙10 =10000 (см ³) 
Оқушылар, сантиметр өлшем бірлігінен де үлкен қандай өлшем бірлік бар?
Дециметр.
Тік бұрышты параллелепипед тәріздес жәшіктің көлеміне, өлшем бірлігіне қарай отырып көлемді куб сантиметрден басқа
қандай өлшем бірлігімен есептеу қолайлы деп ойлайсыңдар?
Дециметрмен.
Кейде  тік   бұрышты  параллелепипедтің  көлемін  куб    сантиметрмен     өлшеген  қолайлы  бола  бермейді.  Тік  бұрышты
параллелепипедтің  өлшемдері дециметрмен берілсе,көлемді куб дециметрмен(қысқаша дм
3
)  өлшеген қолайлы болады, яғни
5∙2∙1=10 (дм³)
4.   Оқулықпен жұмыс. 
а) Жаңа ұғымға байланысты жаттығу. № 3
-     Не туралы айтылған?
Аквариум.
Аквариум  не тәріздес?
Тік бұрышты параллелепипед.
Қандай өлшем бірліктері белгілі? Не белгілі?
Ұзындығы, биіктігі, ені.
Не белгісіз? 
Көлем.
Ұзындығы – 9 дм.
Ені – 4 дм.
Биіктігі – 6 дм.
Көлемі - ?
9∙4∙6  =216(дм ³)
ә) Танымдық жаттығу.  №4
Балалар, қазір қандай мезгіл?
Күз мезгілі.
Күз мезгілінің нешінші айы?
Үшінші, соңғы айы.
Ертеңгі күннің жадын айтындаршы?
1 – желтоқсан.
Қыс мезгілі.
Қыс мезгілі несімен көрікті, қызықты?
Қарымен.
Қыста қандай спорт ойындарын білесіңдер?
Хоккей, шаңғы т.б.
№4 «Шаңғылар жарысы» ойыны арқылы орындалады.
б) Қайталауға арналған жаттығулар.  
№5 (Әр түрлі тәсілмен шығару)
1 тәсіл:  (5+3) ∙ 7=8∙7=56                        
2-тәсіл:  5 ∙ 7 + 3 ∙ 7 = 35 + 21=56                                                                                                                           
№6  “Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар” ойыны арқылы орындалады. Карточка бойынша орындалады.
№8  Тест жүйесі бойынша орындалады.
5. Ой-түйіндеу. 
 Дұрыс жауапты таңдау тесті арқылы сұрақтарға жауап алып, сабақты қорытындылау.
. Көлемнің қандай өлшем бірлігімен таныстық?
а) дециметр;         ә) сантиметр;          б) метр
2.Кубтың немесе параллелепипедтің көлемін қандай амалмен табамыз?
а) бөлу;                 ә) көбейту;            б) азайту
3.Кубтың неше өлшем бірлігі болады?
а) екі;                     ә) үш;               б) бір
6. Үйге тапсырма. № 2,7 – тапсырмалар.   7.  Бағалау.
60

Молдыбаев Нұржан Дәженұлы
Физика пәні мұғалімі
№104    Ы.Алтынсарин атындағы жалпы орта мектебі
ОҚО, Сарыағаш ауданы, С.Саттаров ауылы
Сабақтың тақырыбы: Люминесценттік шамдар.
 2.Сабақтың мақсаты:
 а) Оқыту: люминесценттік шамының құрлысы, қызметі, түрлерімен танысу. 
б) Дамыту: люминесценттік шамдары туралы түсінігін, ой-өрісін дамыту. 
в) Тәрбиелік: ұқыптылыққа, үнемділікке үйрету. 
3. Сабақтың түрі: Демонстрациялық.
 4. Сабақтың әдісі: Баяндау, сұрақ-жауап, ойын.
 5.Пән аралық байланыс физика «Қыздыру шамы», химия «Инертті газдар» (Ar, Ne т.б ) 
6. Сабақтың көрнекілігі: люминесценттік шамының құрлысы, қыздыру шамы плакат, қыздыру шамын ток көзіне қосу 
құрылғысы. 
7. Сабақтың барысы: 1.Ұйымдастыру. 
2.Үй тапсырмасын сұрау. 
Мұғалім:оқушылар, өткен сабақта үйге қандай тапсырма берілгенін кім айтады? Оқушы:өткен сабақта үйге берілген 
тапсырманың тақырыбы «Қыздыру шамы» 
Мұғалім:олай болса, үй тапсырмасын пысықтау мақсатында және сіздердің үй тапсырмасына дайындықтарыңды тексеру 
үшін, мына сұрақтарға жауап беріп көрелік.
 1-сұрақ: Жарық шамын кім ойлап тапқан? Жауабы: Орыс электротехнигі А.Н. Лодыгин.
 2-сұрақ: Қыздыру шамы дегеніміз не, оны қандай мақсаттарға қолданады? Жауабы: Қыздыру шамы жасанды жарық көзі
болып табылатын құрал,ол бөлмені жарықтандыру үшін қолданылады. 
3-сұрақ: Қыздыру шамындағы вольфрам қыл сымның балқу температурасы қанша градусқа тең? Жауабы: 3370 
Мұғалім:қыздыру шамын құрылғы арқылы айнымалы тоққа қосып көрсетеді. Енді осы қыздыру шамының құрылысы
неден тұрады екен (қыздыру шамының плакаттағы суреті ілінеді). Қыздыру шамының құрылысы: 1-вольфрам қыл сым; 2-
металл өткізгіш; 3- вольфрам қыл сымды дәнекерлеу шынысы; 4- ауаны айдап шығару түтігі; 5- қыздыру шамының мойыны;
6- түйіспе. 
8. Жаңа сабақты түсіндіру Мұғалім: оқушылар біздің бүгінгі жаңа сабағымыздың тақырыбы «Люминесценттік шамдар».
Қыздыру шамдарынан кейін өмірге, осы люминесценттік шамдар енген. Люминесценция латынның «жарық» және «әлсіз
әсер білдіру»- деген мағынасынан шыққан. Люминесцеттік шам дегеніміз – жарық ағыны негізінен, ультракүлгін сәулесінің
әсерінен люминофордың жарқырауынан пайда болған газ разрядтық жарық көзі. Люминесценттік шам жарық беру үшін
қолданылады.   Оның   қыздыру   шамдарынан   артықшылығы   электр   энергиясына   үнемді   келеді,   яғни   тоқты   аз   жейді.
Сондықтан оны өндірісте, тұрмыста кеңінен қолдануға болады(т.б.) 
Ой сергіту жұмбақтары: 
Онсыз жерде жылу жоқ,тіршілікті көру жоқ. (Күн) 
Аспанда жарық және жылу берер күн бар, Бөлмеде жарық және жылу берер не бар? (Қыздыру шамы) 
Түнде көп, күндіз жоқ. (Жұлдыздар) 
Ия   оқушылар   біз   бұдан   табиғатта   жарық   пен   жылуды   күн   көзінен   алатын   болсақ,   тұрмыста   қыздыру  шамдарынан
алатынымызды білдік. Люминесцеттік шамдардың жұмыс істеу ұзақтығы қыздыру шамдарына қарағанда ұзақтау келеді.
Люминесценттік шамның кең тараған түрі сынапты шам, оның ішкі бетіне люминофор ағылған, әр түрлі формадағы шыны
түтік. Түтіктің екі ұшы арқылы оның ішіне спираль тәрізді электроттар енгізілген. Шамның жұмыс істеу мерзімін ұзарту
үшін,  түтік  ішіне  сынап тамшысы мен белгілі  бір мөлшерде инертті  газ енгіземіз(аргон - Ar,неон-Ne) Люминесценттік
шамды   айнымалы   ток   көзіне   қосқанда   сынап   атомдары   электр   өрісі   әсерінен   қозғалысқа   түсіп,   люминофор   қабырғаға
соғылып,   жарық   шығарады.   Шамның   жұмыс   істеу   мерзімі   10000   сағат.   (Люминесценттік   шамды   іске   қосу   сұлбасы
сызылады- ЛБ-80 екі шамын БЛ -2- 80 трансформатромен қосу сұлбасы). 
9.Жаңа сабақты бекіту сұрақтары. 
1.   Люминесценттік   шамның   қарапайым   шамдардан   айырмашылығы   неде?   Ж:   жұмыс   істеу  мерзімі   ұзақ   және   жақсы
жарықтандырады. 
2.Түтік ішіне қандай газдар енгізіледі? Ж: сынап, инертті газдар (аргон,неон). 
3.Түтіктің ұштары арқылы не енгізіледі? Ж: Спираль тәрізді электродтар. 
4.Шынының ішкі бетінде не болады? Ж: люминофор қабаты. 
5.Люминесценттік шамды не үшін қолданады? Ж: жарық беру үшін қолданады. 6.Дроссельдің қызметі қандай? Ж:шамдар
арқылы өтетін токты шектейді. 
8.Оқушылар білімін бағалау. 
9.Үй тапсырмасы.Оқулықтан «Люминесценттік шамдар» оқу.
* * * * *
                              
61

  Сүйінбаева Ж. Қ.
                  №32 «Қуаныш» МДҰ тәрбиешісі Ақтөбе қаласы
Балаларға жол ережесін үйретейік! (Ата-аналарға ақыл-кеңес)
Қоғам үшін баланың денсаулығы мен өмірінің қауіпсіздігі- ең басты байлық . Сондықтан
мектепке дейінгі ұйымдарда жолда жүру ережелеріне үлкен көңіл бөлінуде. Статистика
бойынша, өкінішке орай , жол апаттары көптеп болуда. Соның ішінде балалардың  жол
апатына душар болуы жоғары көрсеткішті көрсетеді. 
Сол себепті  балалардың  өмірінің қауіпсіздігі дағдыларын мектепке дейінгі кезеңде
қалыптастыру қажет.  Жол заңы дұрыс жүріп, абай болуды талап етеді. Жол тәртібін бұзба,
ол қатер тудырады.  Жолдың қалыпты қозғалысы  көбінесе  балалардың жол бойында қалай
болса  солай жүріп, доп қуалайтыны, жүріп бара жатқан машинаға жабысатыны,
қалтарыстан жолға шығып келетіні салдарынан бұзылады.   Жол тәртібін бұзғандықтан кейбірулер машина  дөңгелегіне  
ілініп қаза тауып,  кейбіреулері жарақат алады. Кейбіреулері өмірлік мүгедек болып қалады.  
Балалар жолда жүру заңын сіз бен бізден үйренеді. Балалар үлкендердің  жүріс-тұрысының  жақсы жағын да, жаман 
жағын да қабылдайды. Көп жағдайда  балалар жолда жарақат алып, түрлі жағдайға ұшырап жататыны  көлік 
жүргізушілерінің  ғана кінәсінен емес, ол көбінесе балалардың жол жүру ережесін білмегендіктен болады. Балаларға  жолда 
жүру ережелерін үйретіп, үнемі оған үлгі көрсетіп және жүріс-тұрысын қадағалап,  балаларды көшеде болатын қауіпті 
жағдайлардан сақтандыру әрбір ата-ананың міндеті.
Мектеп және мектепке дейінгі мекемелерде балаларға арнап «Жолда жүру ережесі» тақырыбында оқу іс-әрекеттері және 
түрлі шаралар ұйымдастырылып өткізіледі. Сондықтан әрбір бала үйретілетін  «Жолда жүру ережесі» тақырыбындағы іс-
әрекетті мұқият тыңдап, өткізілген іс-әрекеттен қорытынды жасап отыруға міндетті. Балаларды жолда жүру ережелерімен 
таныстыру мақсатында ойындар, әңгімелер, серуен кезіндегі ойын түрлері, конкурстар, сұрақ-жауаптарды кеңінен қолдану, 
балалардың жол ережесі туралы түсініктерінің қалыптасуы мен білімдерінің жетілуіне көмектеседі.
Балаларды жол жүру ережелеріне үйрету- ата-ана мен үлкендердің тұрақты, үздіксіз жұмысы.  Бағдаршам белгілерімен, 
жолда жүру ережелерімен,   жаяу жүргіншілер жолы, көше жиегіндегі жолдармен (тротуармен)  таныстыруды жүзеге асыру 
көзделген.  Балалар өмірінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін , оларды жол  жарақаттарынан сақтау үшін алдымен жолда, 
көшеде жүру ережелерін, жолда жүру тәртібін үйретуіміз керек. Үйде ата-ана, мектепке дейінгі ұйымда балабақша 
тәрбиешілері бірлесіп, балаларға жол ережелері туралы үйретер болсақ, балалар жол апатының алдын алар едік. 
Құрметті ата-аналар мен ересектер!
 Балалық жол-көлік жарақаттары 
ең 
ауыр, бірақ олармен балаларды қорқытуға болмайды. Үлкендердің мақсаты 
көшедегі тәртіп ережелерін баласына 
үйрету және 
олар үшін өнеге болу.
                                    Есте сақтаңыз:
Кішкентай жүргіншілер 
жақсы мен 
жаманды үлкендерден үйренеді. Сондықтан әрқашан және барлық жерде қызу 
қозғалыстағы қала көшелерінде, тар ауыл аралық жолда «Жол қозғалыс ережелерін» сақтаңыз.
        Б і л г е н і м і з   ж ө н !
Балалардың   жол   үстінде   қайғылы   оқиғаларға   ұшырауының   негізгі   себебі-жол   қозғалысының   қарапайым   ережелерін
сақтамау болып табылады. Өз қауіпсіздігің үшін мына ережелерді мықтап есте сақта!  

Жүріп бара жатқан автобус не маршруттық таксиде барлық кезде тұтқадан ұстап тұр.

Ролик, велосипед және скейтборд тепкенде мұқият және абай бол.
4.
Жолдың арғы бетіне тек бағдаршам тұрған немесе жаяу жүргінші өтетін жерден өт.
5.
Тек қана бағдаршамның жасыл түсі жанғанда  ғана жолдан өт.
6.
Жүріп бара жатқан  көлік алдынан кесіп өтпе.
7.
Жолдың  көлік жүретін бөлігінде ойнама.
8.
Егер жаяу жүргінші жүретін жол жоқ болса, онда көлік қозғалысына қарама- қарсы жолдың оң жағымен 
жүр.
* * * * *
Ақтөбе қаласы 
№32  «Қуаныш» МДҰ-ның  музыка жетекшісі
 Аетова Лидия  Тоғанас қызы
«Шатырда тұратын Карлсонның сыйлығы» - мерекелік ертеңгіліктің сценарйі.
Балалар әуенмен әсем безендірілген залға кіреді. Би /көктем/ композициясымен балалар кіреді. /Би билейді/
Би сонында әуенмен қолдарындағы гүлдерді отырғыштың астына қою. 

Жүргізуші: 
Қар еріді, су ақты,
Күндер туды шуақты,
Байтақ дала келбеті.
Түкті кілем сияқты.

Жүргізуші: 
Көкке бояп өңірді,
Көктем келді көңілді,
Бау- бақшада жайнаған,
Құстар әні төгілді.
Армысыздар қонақтар! 
Ақ жаулықты әжелер, 
Жарқын мінез аналар.
Тәтелер мен әпкелер, 
Құтты болсын мерекең,
Күлкі менен шаттанар!
Сіздерді көктемнің алғашқы мерекесі, аналар мерекесімен 
құттықтаймыз! 
  Ән: «Көктем» 
62

4 бала ортада қалады. 
1. Бала: 
Дастан айналаға қарашы, қандай әдемі.
2. Бала: 
Ия, дұрыс айтасың, Айзере көктем келді ғой, иісі қандай тамаша!
3. Бала:  
Бүгін аналар мерекесі емеспе?
4. Бала: Олай болса тездетіп қызғалдақ терейік, анамызға сыйлайық. 
Тақпақтар: 1. Анашым менің анашым,
                      2. Жаныма жақын жаңасың
                      3. Жарқырап күндей жанасың, 
                     4. Аялап, мені бағасың. 
                    4-еуі бірге Анашым менің анашым.
Алақай, алақай,-деп қуанады. 
  Үй күтушісі: Кім, кім бұлай деп жатқан бала? Кім мында шулап жатқан. 
Мен үй күтушісі боламын. Мен шуды жақтырмаймын, тазалықты жақсы көремін. Ал сендер қайдан келіп қалдыңдар?
Балалар: Мерекені тойлауға.
Үй күтушісі: Ол қандай мереке? 
Балалар: Аналар мерекесі.
Үй күтушісі: Қойыңдар, тоқтатыңдар, шуламай отырыңдар
      Мына жерді шашпаңдар, ал мына жерді баспаңдар, шу қылмаңдар, шаң көтермендер, тыныш отырыңдар, 
сабақтарынды оқындар, сосын ұйықтаңдар, тұрғасын қайтадан сабақ оқыңдар, мен шәй демдеп келейін. 
(кетіп қалады. Балалар жылайды.)
Жүргізуші: Мұңаймаңдар балалар? Үй күтушісі келгенше біз ән салып, анамызды құттықтайық.
                         Ән: «Құттықтаймын мама, туған күніңмен!»
(Карлсон ұшып келеді) 
Карлсон: Қала қандай әдемі, көктем келді тамаша. Би билейік балаша ля-ля-ля.       (Балаларды көріп қалады.)
Қандай әдемі балалар, сәлеметсіздер ме! 
Балалар: Саламатсыз ба досымыз Карлсон! 
Карлсон: Неге көңілсізсіңдер!
(тәрбиешілер барлық жағдайды түсіндіріп айтып береді)
Карлсон: Мұнаймаңдар! Бұл істің шешуін табамыз! Үй күтушінің ашуын да басамыз!
Солай емеспе менің достарым!
Балалар: Ия!!
Карлсон: Қане барлығымыз ортаға шығып би билейік. Көңіл көтерейік, көктемге би арнайық. 
                          Би: «Бала-бала-балақай» 
Карлсон: Жарайсындар балалар. Өте тамаша би биледіңдер.
Жүргізуші: Рахмет сізге Карлсон досымыз. Біздің көңілімізді көтердіңіз, балалардыңда көңілін көтердіңіз. Ал енді біздің 
балалар аналарына арнаған тақпақтарын айтып береді. Ал, сіз төрге шығыңыз. 
Тақпақтар: Көктем ана туралы. 1.2.3.4.5.
Карлсон: Балалар менің қатты қарным ашып тұр.Сендер кәмпит жегенді жақсы көресіңдер ме?
Балалар: Ия!!!
Жүргізуші: Карлсон кәмпит жеу үшін, біраз тер төгу керек сияқты. 
Карлсон: Сонда не істеу керек?
Жүргізуші: Кәмпиттің соншалығы үлкен оны бері қарай жеткізу керек.
Карлсон: Әрине, жеткіземіз.
Жүргізуші: Олай болса, сіз ортаға екі баланы алып шығыңыз. (ережесін түсіндіру)
                         Ойын: «Бутафор кәмпиті» (2 мәрте)
Жүргізуші: Жарайсыңдар балалар!  Міне достым Карлсон сіздің кәмпитіңіз. Балалар мақтауға тұрарлық күш жігерімен 
сізге тартып алып берді. 
Карлсон: Рахмет сіздерге балалар! 
Мен енді барып қарап келейін.Үй күтушісі қандай шәй демдеп жатыр екен. 
                                  (Карлсон жүгіріп кетіп қалады)
Жүргізуші: Ал біздің балалар әжелерін қалай жақсы көреді екен. Бүгінгі мерекеде әжелеріне қандай сыйлық дайындады 
екен. 
Тақпақтар: Әже туралы. 1.2.3.4.5
Жүргізуші: Рахмет балалар! Сіздерді әжелеріңді қатты жақсы көретіндеріңді әнімізбен жеткіземіз.
                                        Ән: «Менің әжем осындай»
                                      (Осы кезде үй күтушісі келеді.)
Үй күтушісі: Бұл не шу! Жаңа ғана ескерту жасаған едім ғой. Мына жерді шашып тастағансыңдар? Шаң көтеріліп кеткен.
Қап, енді не істесем екен сендермен! 
Жүргізуші: Үй күтушісі сіз ренжімеңізші. Қазір біздің ұлдар сізге мына  жерді тездетіп жинауға көмектеседі. 
Үй күтушісі: Жарайды көрейік енді қалай жинайды екенсіңдер. 
                                                     Би: «Үй жинау»
                                             (қолдарында щетка, сыпыртқы)
Үй күтушісі: Қайда тексерейін қалай жинағандарыңды? Ал сіздерге ұнады ма ата-аналар?
Жүргізуші: Үй күтушісі сіз келіп төрге шығыңыз бүгін мереке, сіздің мерекеңіз?
( үй күтушісі отырғысы келмей, ойланып тұрады). 
(Осы кезде Карлсон келеді, қолында көп шары бар)
Бір-бірден үй күтушісінің қасына келіп жарады. Ол қорқып отырғыштың үстіне шығып кетеді. Не екенін білмей тұрып 
қалады. 
63

Үй күтушісі: Бұл не болды балалар? 
Балалар: Ол біздің досымыз Карлсон.
Үй күтушісі: Карлсон дедіңдерме! Қайда кетті өзі?
(Карлсон қайтадан келеді, қолында үлкен себет, іші толған гүл)
Үй күтушісі: (Ұялып қалады) Қойыңызшы бұл неғылғаңыңыз.
Карлсон: Бүгін мен мына Карлсон балалардың досы, барлық әлемдегі аналар мен әжелерді қыздарды 8-наурыз 
мерекесімен құттықтаймын. Шын жүректен гүл сыйлаймын.  Ал мына гүл сізге. 
Үй күтушісі: (Алады) Рахмет саған Карлсон, рахмет сізге бүлдіршіндер.
Мен сендерді қатты жақсы көремін.  Мерекені де жақсы көремін. Би билеп, ән салғанды да ұнатамын.  
                           Би: «Көктем вальсі» (балалармен қосылып екеуі билейді.)
Үй күтушісі: Рахмет менің қыздарым! 
Көңілімді көтердіңдер. 
Жүргізуші: Мінекей жақсы болды ғой. Біздің қонағымыздың көңіліде көтерілді. 
Карлсон: (Ой, деп қалтасынан орамалдар алып қағады.)
Үй күтушісі: Бұл неғылған шаң. Карлсон қайдан үстіңізді бүлдірдіңі? 
Карлсон: Жаңа ғана сізге гүл жинап жүріп үстімді бүлдіріп алдым. 
Жүргізушісі: Мұнаймаңыз Карлсон біздің балалар мамаларымен бірге қосылып сізге көмектесіп орамалдарды жуып 
береді. 
                                   Ойын: «Кір жуу»
                    (2 бала, 2 ата-анадан 2 мәрте ойнатылады)
Карлсон: Рахмет сізге ата-аналар.
Жүргізуші: Міне біздің ата-аналар қандай тез шебер қимылдайды. 
Үй күтушісі: Енді менде сіздерге сыйлық жасағым келіп тұр. Құрметті ата-аналар
қазір мен сіздерге балмұздақ жасап беремін. 
                                           Ойын: «Балмұздақ»
                                            (2 бала, 2ата-ана,)
Жүргізуші: Қандай тамаша күн десеңізші. Біздің үй күтушіміздің қолынан көп өнер келеді екен. 
 1. Сыйланышы гүлімді,
    Теріп алған даладан.
     Меймыңыз бүгінгі 
      Құтты болсын анашым.
Жүргізуші: Сізге бүгін сый құрмет,
               Жан анашым мейірім.
              Қаласаңыз би билеп,
              Ән де шырқап беремін. 
Келесі кезекте аналарымызға бүгінгі мерекелік кешке дайындаған тосын сыйымыз бар, соңы тамашалау үшін экранға 
назар аударайық.
                     (Слайдпен  құттықтау, Ән: «Апам үшін» )
Жүргізуші: Асыға күтіп жүргенім, 
                    Болар деп қашан мейрамың.
                   Суретін салдым гүлдердің,
                   Келеді соны сыйлағым.                          (Балалардың сыйлығын тарату.)
    * * * * *
ОҚО Қаратау ауданы. Таскен тұрғын алабы
№103 жалпы орта мектебі Тарих пәнінің мұғалімі
Айткулова Маржан Мейіржановна
Сыныбы:5 «В»
Сабақтың тақырыбы: Қазақ билері
Сабақтың мақсаты: Мемлекет мәмігерлері Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би өмірі, қызметі даналықтары туралы білімдерін 
толықтыру. Би деген  атауға түсінік бере отырып, қазақ халқының атақты билерінің ұрпақ келешегі үшін аянбай қызмет 
атқарғанын дәріптеу.
Білімділік: Оқушыларға би , шешен сөздерін жан- жақты ауқымды түрде меңгерту;
Дамытушылық: Оқушылардың сөздік қорын молайту, тіл байлығын арттыру, өзіндік ой-пікірін айта білуге баулу;
Тәрбиелік: Жан – жақты дамыған жеке тұл,а тәрбиелеу;
Сабақтың түрі: Топтық жұмыс
Әдіс – тәсілдері: Баяндау, сұрақ – жауап , топтастыру, кестемен  жұмыс, әңгіме әдістері;
Сабақтың көрнекілігі: Киіз үй, интерактивті тақта, көрме, буклет, оқулық, дәптер, билердің суреттері;
Пән аралық байланыс: Қазақ әдебиеті.
Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі:  Сәлемдесу, ҚР Әнұраны, сабақты жоқ оқушыларды белгілеу, оқушыларды психологиялық 
шағын икемдеу, сыныпты Төле би, Әйтеке би, Қазыбек би үш топқа бөлу .                                                                                       
Психологиялық дайындық: үш топ бір – біріне тілек айту.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   20




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет