23-жаттығу. Сөйлемдерді оқып, көшіріп жаз.
Мұғалім түсіндірді. Лақ маңырады. Мұз қатты. Күн шықты. Сәкен оқыды.
Қимыл иесі болатын сөздердің астын сыз. Оларға сұрақ қой.
ІІ топ. «Талант» тобы.
24-жаттығу.
Жұмбақтардың шешуін тауып, жатқа жаз.
Дала тегіс сарғайды,
Шаруа қысқа қамданды.
Күн қысқара бастады,
Тауға тұңғыш қар жауды.
Әр сөйлемдегі бастауышты тап
25-жаттығу. Өлеңді көшіріп жаз.
Төсегіне күн жатты,
Жердің бетін түн жапты.
Маужырады шың құздар,
Көзін ашты жұлдыздар.
Жылқы жусап далада,
Қой ұйықтады қорада. (Несіпбек Айтов)
Әр сөйлемдегі бастауышты тауып, астын сыз. Оларға сұрақ қой.
ІІІ топ. «Зейін» тобы.
26-жаттығу. Адасқан бастауыштарды өз орнына қойып, сөйлемдерді көшіріп жаз.
Арыстан ақырады. Түйе боздайды. Жылқы кісінейді. Сиыр мөңірейді.
27-жаттығу. Сұрақтарға бағанның оң жағындағы сөздерді пайдаланып жауап бер.
Жерді немен жыртады? Дәнсепкіш.
Дәнді немен себеді?
Комбайн
Егінді немен жинайды? Соқа.
Комбайн, соқа, дәнсепкіш сөздері бастауыш болатындай етіп сөйлем құрастыр.
Сергіту сәті.
Аспанға қарап, ай көрдік,
Төменге қарап, жер көрдік.
Оңға, солға бұрылып,
Егеменді ел көрдік.
Қимыл іс әрекет иесін білдіретіін сөзді бастауыш дейді. Бастауыштар кім? Кімдер? Не? Нелер? Кімі? Несі?
деген сұрақтарға жауап береді?
Мысалы: Жәния дайындалды. Боран соқты. Ауылдан әкесі келді.
ІҮ. Сабақты қорытындылау.
Тест.
1.Сөйлем құрамындағы нақты сұраққа жауап беріп тұрған толық мағыналы сөздерді ......
А) Сөз таптары дейміз.
Ә) Сөйлем мүшелері дейміз.
Б) Сөз дейміз
2. Кім? Не? Кімдер? Нелер? сұрағына жауап беретін сөйлемнің негізгі мүшесі ....
А) мәтін.
Ә) бастауыш.
Б) Сөйлем
3. Бастауыштың сұрақтарын тап.
А) қандай? Қай?
Ә) Неше? Нешінші?
Б) кім? Не? Кімдер? Нелер? Кімі? Несі?
4. Бастауыш деген не?
А) Заттың түрін, түсін білдіретін сөз
53
Ә) Заттың мөлшерін білдіретін сөз.
Б) Кім? Кімдер? Не? Нелер? Кімі? Несі? сұрақтарына жауап беретін сөздер.
5. Бастауышқа қойылатын таңбаны көрсет.
А).
Ә)
б) - - - - -
Ү. Оқушыларды бағалау.
ҮІ. Үйге тапсырма. 28-жаттығу
Суретке қара.
Сурет бойынша әңгіме құрап жаз.
Жазған сөйлемдеріңнен бастауышты тап.
* * * * *
ОҚО.Қаратау ауданы. Таскен тұрғын алабы
№103 ЖОМ қазақ тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі
Касимова Айнура Ильясовна
Пәні: Қазақ тілі Сынып: 7 сынып
Сабақтың тақырыбы:Зат есімнің сөйлемдегі қызметі
Мақсаттары:Зат есімінің сөйлемдегі қызыметі туралы білу , сөйлемдегі қызметін анықтай алу.
Күтілетін нәтиже :Оқушылар жаңа тақырып жайлы малғұматтар алады ол туралы оқып үйренеді
Модульдері: АКТ (ақпараттық коммуникативтік технология), СТО (сын тұрғысынан ойлау), ОЖЕ (оқушылардың жас
ерекшеліктері), ТжДОЖ (талантты және дарынды оқушылармен жұмыс). ОБжК (оқытуды басқару және көшбасшылық),
ОҮБжОБ (оқыту үшін басқару және оқытуды бағалау), ДО (диалогтық оқыту)
Бағалау: Өзін өзі (ӨӨБ), жұптық (ЖБ), топтық (ТБ), жиынтық (ЖБағ)
Деректер:тақта, стикерлер, постерге арналған қағаздар, маркерлер, бағалау парақтары
Әдіс тәсілдер: Миға шабуыл,Аквариум, Көкпар, Стикерлік диалог, Түсінің хат
Сабақ
кезеңдері
Уақ
ыт
Тапсырма
Мұғалімнің іс-әрекеті
Оқушылардың іс-әрекеті
Білім
Қызығ
ушылық
тарын
ояту
2ми
н
«Миға
шабуыл» әдісі
Бойынша сұрақ-
жауап кезеңі
Үйге берілген тапсырманы сұрақ-
жауап арқылы диалогқа түсіру
Слайдта берілген сұрақтарға
жауап беру, топпен тапсырманы
орындау
Оқушылар сұраққа топпен
және жеке жауап береді
А
КТ
Түсіну
7ми
н
Стикердегі
диалог» әдісін
пайдалану арқылы
өткен тақырыпты
қайталау және
жаңа сабақтың
тақырыбын ашу
Интерактивті тақтадағы слайда
көрсетілген мәтінмен жұмыс жасау,і
әр топ берілген тапсырмадағы
етістіктті табу керек. Топтар сағат
тілі бағытымен келесі топқа ауысып,
ол топтың берілген тапсырмалар
мен жұлдызды аспан туралы тауып
оны компьютерге енгізіп, бір-біріне
көрсетіп отырды.. Келесі топқа тағы
да ауысып, осыны қайталады. Өз
топтарына келіп, басқа топтың
ұсыныстарын оқу барысында
әңгіме-дебат болды
Оқушылардың мұндағы
мақсаты берілген сұрақтарға
жауап беріп, өз ой-
пікірлерімен санаса білу
Топпен жұмыс жасау
Ж
Т
Ж
Е
Қолда
ну
10м
ин
« Зат есімнің
сөйлемдегі
қызметі» туралы
жаңа
тақырыпқабайлан
ысты «Аквариум»
әдіс»
Жаңа тақырыпты оқушыларға
қысқаша түсіндіру мақсатында осы
көрсетілген әдіс бойынша жаңа
материалдарға байланысты
ресурстар беру, өз бетерінше
дайындық жасату
Оқушылардың мақсаты
мұғалімді тыңдау, өз ойлары
мен пікірлерін айту
Әдіс бойынша жаңа
тақырыпты меңгереді және өз
пікірлерін ортаға шеңбер
жаасап отырған
оқушылардың ортасына
отырып түсіндіреді
С
ТО
Сергіт
у сәті
1
мин
«Қара жорға
биі» атты жаттығу
жасау
Оқушылармен бірге сергіту сәтін
жасау
Интербелсеңді тақтадағы
бейнероиктегідей жаттығулар
жасайды.
А
КТ
Талдау
15м
ин
Көкпар ойыны
бойынша сұрақ
жарсын
ұймдастыру
Жаңа
тақырыпты талдату
Топтарға жаңа тақырып бойынша
және өткен сабақты толық меңгерту
мақсатында тақтаға әр топтан
оқушы шығартып сұрақтар жарысын
ұймдастыру
Берілген тапсырманы
уақытылы орындау,
сұрақтарға нақты жауап беру,
тақтаға шығып жарысады,
сұрақты талдайды
Жинақ
5ми
Шығармашыл
Мұғалім жаңа тақырыпқа
Оқушылардың мақсаты
54
тау
н
ық тапсырма
«Түсінік хат»
«Тақырыпты
былай түсінеміз» (
Топ Берілген
тапсырманы
уақытылы
орындау, тақтаға
шығып
тапсырманы қорғау
бойынша Эссе
жазу, жинақтау
байланысты тапсырма қағаздарын
таратады
берілген сұраққа өз ойларын
кағазға жазау арқылы жеткізу
Бағала
у
2
мин
Топ бойынша
бағалау
Өзін өзі бағалау
Мұғалім бағалау парағын және
бағалау шкаласын таратады
Бағалау шкаласы бойынша
бағалайды
Рефлек
сия
2
мин
Стикерлерді
толтыру Оқушылар
бүгінгі сабаққа
деген ойынын
стикерге жазып,
тақтаға іледі (2
мин)
ББҮ кестесін
толтыру
Оқушыларға стикер толтыруды
ұсыну
Ұсынылған стикерді
толтыру
ТОПТЫҚ ОҚЫТУ ТЕХНОЛОГИЯСЫНЫҢ САПАЛЫ БІЛІМГЕ ӘСЕРІ
Ақтөбе облыстық арнайы (түзетім) есту қабілеті бұзылған
балалар мектеп-интернат-колледжі тәрбиешісі
Кенесова Л.А Нугуманова К.С
Білім негізі бастауышта болғандықтан, бастауыш сынып мұғалімдерінің жүгі өте ауыр. Алдымызға келген кішкене
бүлдіршіннің ертеңгі азамат болып қалыптасуы үшін сабақтарды қызықты және тартымды, күнделікті өмірмен
байланыстыра өткізу - әдістеменің басты талабы Мектептегі басты тұлға – мұғалім, ал оқу процесінің негізі – сабақ. Демек,
мұғалім әр сабақтың тиімді, әрі қолайлы әдіс-тәсілдерін таба біліп, әр сабақтың білімділік, тәрбиелік мәнін жете түсініп,
әдістемелік жағынан дұрыс ұйымдастыруға міндетті.
Қазіргі оқыту мен тәрбие жұмысының негізгі міндеті – ұлттық мұраны мектеп өміріне кеңірек енгізу және келешектің
нәрлі қайнарына айналдыру. Мектепте әрбір сабақ өзіндік ерекшеліктерімен өлшенеді. Әрбір сабақты сапалы әрі саналы
меңгерту үшін түрлі технологияны пайдалана білу керек. Соның бірі білім сапасын арттырудағы топтық жұмысты қолдану.
Бұл топтық жұмыс түрі Ежелгі Қытай, Греция, Египет мектептерінде ХV ғасырда кеңінен қолданылған. Я.А. Коменский бұл
жұмыс түрін «қажетті» деп жетілдіріп, негізін салушылардың бірі. Ал Дьяченко бұл топтық жұмыс түрінің жұптап оқыту
технологиясының негізін салушы. Қазіргі таңда бұл жұмыс түрі жалғасын тауып сабақтарда кеңінен қолданылуда. Бұл
технологияның негізгі мақсаты ұйымшыл, бір – біріне көмектесіп отыратын, іздене білетін білімді оқушы тәрбиелеу. Басты
бағыт етіп ұстанған бұл технология оқушының ой өрісін, белсенділігін арттырып білім сапасының дамуына көмектеседі.
Дәстүрлі сабаққа қарағанда баланың білімге деген қызығушылығын арттырып, жоғары деңгейге көтереді. Бұл жұмыс
мұғалімнің бұрынға қалпын өзгертіп мұғалімді оқушыға
жақындата түсіп, кәсіби кеңесшіге айналдырады. Сонымен қатар мұғалімнен үнемі шығармашылықпен жұмыс жасап
,жоспар құруда ойлануды қажет етеді. Осыған сай сабақтың құрылымыда өзгереді.
Дәстүрлі сабақ технологиясында сабақты мұғалім өзі түсіндіріп, өзі көп жұмыс жасайтын болса, бұнда алғашқы білімді де
оқушылыр іздене отырып топпен бірлесе шешіп өздігінен білім алуға ұмтылады, қате болсада өз қатесін түзеу арқылы
білімге қол жеткізеді. Топтық жұмыс технологиясының негізгі мақсаты төмендегідей: 1- cлайд
Топтық жұмыс жүргізуде оқушыларды топқа бөлудің де өзіндік құрлымы бар 2-слайд
Топтық жұмыспен сабақ өткізуде төмендегідей етіп сабақ жоспарын құрдым 3-слайд
Топтық жұмыспен сабақ өткізу барысында мұғалім төмендегідей қағидаларды білуі керек:
1. Топ басшысын сайлау.Топтық жұмысқа кластағы барлық оқушы түгел қатысады. Топтық жұмысты жүргізу үшін топ
басшысын сайлап алады. Алғашқы уақытта топ басшысы болып кластағы оқу озаттары сайланады. Жұмысқа төселе
бастағанда кез-келген оқушыны топтың қалауынша сайлауға болады. Нашар оқитын оқушыны топ басшысы етіп сайлау
білімге деген құштарлығын арттыру мақсатында жүргізіледі. Сондай-ақ топ басшысының белгілі бір міндеттері
болатындығы барлық оқушы білуі керек, өйткені кез-келген уақытта әрбір оқушы топ басшысы болуы мүмкін. 4-слайд
1.Топ басшысының міндеттері: топ жұмысын ұйымдастыру, басқару әр топ мүшесінің атқаратын жұмы сын бөліп беру,
кім жазады, сызады, сурет салады, қорғайды,әр топ мү-шесінің жұмысын талқылап, жалпы топқа баға беру /өте жақсы,
жақсы, қанағаттанарлық/ Топ жұмысын талдау, бағалау Осы міндеттерді топ басшысы болатын оқушы орындай алуы керек
және әр уақытта әділ болуы тиіс.
2. Жұмыс уақытын сақтау. Мұғалім жұмыс жүргізу барысында белгіленген жұмыс уақытын қатаң сақтау жөнінде
оқушылармен келісуі керек. Рефлексия кезінде шыдамдылық танытып ой бөлісуде, талқылауда сөз еркіндігін құрметтеуге
көңіл бөлуі керек.
3. Оқушылырдың психологиялық дайындығын қалыптастыру.
55
Мұғалім топтағы оқушыларды психологиялық дайындығын қалыптастырып, алғашқы уақытта қарым-қатынастары жақсы
оқушылардан топ құрауды қарастыруы керек, келе-келе арлас топ құруына болады. Жұмыс кезіңде топ мүшелерінің
қатыспай отыруын болдырмай топтық оқыту міндеттерін түсіндіріп түрлі қызығушылығын арттырытын әдіс-тәсілдерін
қолданып белсенділігін арттыратындай тапсырмаларды қарастыру қажет.
4.Мұғалім топтық жұмыс кезінде сырттан бақылаушы болмай, әр топ жұмысын қадағалап отырады. Егер топта
қиыншылықтар туындаса, мұғалім жетекші сұрақ беру арқылы дұрыс шешім табуға көмектесіп, кеңес береді
5. Бағалау. Мұғалім әр топтын орындаған тапсырмасына сай бірнеше топтық баға қояды. Мыс: 5 тапсырма болса 5 баға
қояды және соңынан қорытынды бағаны қояды. Сонымен қатар топта көзге түскен әр оқушыны жеке бағалайды. Бұл
жердегі негізгі мәселе топтың бағалануында емес әр оқушының топқа қосқан үлесінде. Мұғалім топтық жұмыс сонында топ
басшыларына сөз береді. Олар бүгінгі жүргізілген топ жұмысын бағалайды.
Топтық жұмысты өткізу үшін мұғалім көп дайындалуы, сабақтың өткізу барысын кеңінен ойластыруы қажет.
1.Оқу материалының қайсысын фронтальды, қайсысы жеке қайсысы өз бетімен орындалатындығын ойластырады.
2.Әр топқа жалпы барлығы орындайтын жеке тапсырмалар дайындайды.
3.Әр топтың мүшесіне жеке шығармашылық тапсырмалар дайындайды. Олар бірнеше шешімі бар тапсырмалар, немесе
бір жауабы бар тапсырмалар немесе алдын-ала үйге берілетін тапсырмалар болуы мүмкін.
4.Топ құрамын ойластыру.Топ құрамы 6-7 оқушыдан аспағаны жақсы. Алғашқы кезде оның жартысы өз бетімен жұмыс
жасай алатын болуы керек.
Кез-келген технология сияқты топтық жұмыс технологиясыныңда жақсы және қиын жақтары кездеседі.5-слайд Жақсы
жағы Қиын жағы
Топтық жұмысты жүгізуде менің мақсатым әр оқушыға өздігінен білім алуға мүмкіндік жасау, жеке тұлға етіп
қалыптастыру, топта өзін көрсете білуге дағдыландыру. Осы жұмысты жүргізу барысында төмендегідей қағидаларды
ұстанамын:
1. Тәрбиелік қағида: мен сендермен біргемін, қиындықты бірге шешіп, бірге қуанамыз, толерантты болуға тәрбиелеу.
2. Білі беру қағидасы: өз бетімен жұмас жасауға баулу, өз жұмысын жоспарлауға үйрету, шешім қабылдау, комуникабелді
болып, әр оқушы ақылды болуға құқылы екндігін түсіндіру.
3. Дамыту қағидасы: кіші жетістіктіде байқау, жетілдіру, көтеру, шығармашылық қабілетін дамытуға баулу.
Топтық жұмысты жүргізудегі менің байқағаным, әр оқушы білімді терең меңгереді, өзара достасып, бір-біріне
көмектеседі, қарым-қатынастары нығаяды. Бұл жұмыс емес, бірақ өзіндік жақса нәтижелері де бар және оқушылардың
маған, менің оларға деген сенімім артады.
Біздің алдымызда тұрған міндеттің өзі де оқушы мен ұстаздың ынтымақтасқан жұмысын жүргізу. Осы жұмыс
арқасында оқушылардың білім сапасын арттыруға болады.
* * * * *
Еділбекова Мейрамкүл Дауытқызы
Бастауыш сынып мұғалімі
№104 Ы.Алтынсарин атындағы жалпы орта мектебі
ОҚО, Сарыағаш ауданы, С.Саттаров ауылы
Сабақ тақырыбы:
«Алтын сөз»
Мақсаты: Білімділігі : Жақсы сөздің адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіре отырып,
білімділігін арттыру
Дамытушылығы: Жақсы сөзді қолдана білу іскерліктерін дамыту.
Тәрбиелілігі: Ізгілікке, ізеттілікке тәрбиелеу.
Сабақтың барысы: 1.ұйымдастыру.
2.үй тапсырма.
3.сергіту.
4.негізгі бөлім.
5.пысықтау.
6.үйге тапсырма.
7.бағалау.
Көрнекілік: плакат , түрлі-түсті қаламдар пайдалану, асықтар.
Типі: Топпен өту Түрі : Тәй-тәй технологиясымен өту. Әдісі : Сұрақ жауаппен пысықтау.
Жабдығы : инретактивті тақта, постер, маркер, сөзжұмбақ.
Байланысы : математика, өзін-өзі тану,сурет, тіл дамыту.
Үй тапсырмаға шолу:
Ш ығарманың авторын зерттеу?
Халық неге айтады туады деп көктемді?
Ендеше айтшы мынаны жаз неге онда шығады?
Ал, халқымыз неліктен күз түседі деседі?
Қыс бізге қалай келеді?
Кімнің мезгілдерге арнап шығарған өлеңдері бар?
Өздеріңнің жыл мезгілдегі қызықты оқиғаларыңды еске түсіріп жазып келу болатын кім оқиды?
Негізгі бөлім:
Балалар мұғаліммен бірге шеңбер құрып тұрып өлеңді хормен сергіту сәтін айтады.
Керек өлеңі.
Үлкенге иман керек, Жастарға білім керек,
Кішіге иба керек. Бәрінде білу керек.
Адамдар бірін –бірі, Азамат болсаң алғыр,
Құрметтеп сыйлау керек. Анашың:«Күнім!»-демек.
56
Сол үшін талмау керек, Биікке самғау керек.
Бойыңда бар жақсыны,
Халқыңа арнау керек.
Мұғалім тәй-тәй әдісі бойынша топқа бөледі.
Ортаға ақ,көк,жасыл ,қызыл түстерге боялған асық тастайды.
Әр оқушы өзіне қалаған түсті таңдап алады да өздерінің түстес асықтары мен топқа бөлінеді.
Қызыл асық:--------------- ғалым тобы
Көк асық: ------------------ жазу тобы.
Жасыл асық:-------------- оқу тобы
Ақ асық :------------------ өнер тобы.
Мұғалім :Ал балалар « батамен ел көгерер»деген сөзді түсіндіріп беріңдерші?
Оқушылар пікірін тыңдау
Олай болса бүгінгі жаңа сабақта « Алтын сөз »өлеңінде қандай сөздер жайында айтылғанын өздеріңе
берілген тапсырма бойынша орындап беріулеріңе боладыТапсырманы орындар алдында өлеңді жазған
авторы жайында бейне таспаға зер салып көрейік.
Нүсіпбек Айтов жайында---бейнетаспа
1.Оқу тобына берілген сұрақтар:
Ұраны :
1.Өлеңде неше сөз бар және неше шумақ бар?
2.Әр шумақты оқып түсіндіру.
3.Сөз жұмбақты шешу:
*Бата берген атасы көпке не тілейді?
*Балаларға кім бол деп тілді?
*Достарыңмен қандай бол дейді?
*Ата сөзі қандай сөз?
*Алған асықтарын жауап бере
отырып тапсыру
2.Ғалым тобына берілген сұрақтар:
Ұраны:
1.«Алтын сөз»өлеңнің авторы кім және оның өмірі жайлы не білесің?
2.Тордаң атына акроним жасау.
3.Бата не үшін беріледі?
4. Батаның қандай қасиетті бар?
5.Оқу тобының шешкен сөз жұмбақғын зерттеп беру?
1.Бақыт –сөзін түсіндіру.
2.Ақын—сөзін түсіндіру.
3.Адал-- сөзін түсіндіру.
4.Алтын --сөзін түсіндіру
Алған асықтарын жауап бере отырып тапсыру.
3.Жазу тобынна берілген сұрақтар:
Ұраны:
1. Қанша алтын сөздерді жаза білесің?
2«Алтын сөзге» акроним жаса.
3.Баталы қанша жиынды білесің?
4.Баталы сөзді тауып оқы.
5.Леп ( !) белгісі бар сөздерді теріп жаз.
6.Мақал –мәтел жазу.
Алған асықтарын жауап бере отырып тапсыру.
4.Өнер тобына берілген сұрақтар:
Ұраны:
1.Пластермен жұмысты қорғау.
2.Леп балгісі бар сөздерді дауыс ырғағымен оқу?
3. Мен бата айта аламын.Шумақтап білген батасын жатқа айту.
4. батаны кімдер береді?
Алған асықтарын жауап бере отырып тапсыру.
Әр топтың асық ұпайларын санай отырып қортынды сабағын жүргізу.
Қорытынды :
Мұғалім : Енді осы жақсы сөз ата, бала, ұрпақ, жақсы, жаман жайында мақал мәтел жарысын өткізіп
жіберейікші.
Ал балалар батаны не үшін алады?
Арманға жету үшін.
Армансыз адам бола ма?
Армансыз адам болмайды
Сендердің қандай армандарың бар?
Оқушылар пікірін тыңдау.
Балалар бата дегеніміз не екен?
57
Сонымен бата дегеніміз отбасына,ұл мен қызға , өсіп келе жатқан нәрестелерге, жол жүріп бара жатқан
адамдарға , жақсы жолға қадам басар алдында берілетін жақсы тілек деуге болады екен.
« Көп тілегі -көл»-деген осы батадан құралған сөз болса керек.
Үйге тапсырма:Бата жайында не білеміз? Ата-аналарыңның ойларын дәптерге жазып келу.
Бағалау :Балалар білімін алған асықтарының қалмауына байланысты бағалау.
* * * * *
Төлегенова Бибінұр Бейсенбекқызы
Биология пәні мұғалімі
№127 Т.Бердияров атындағы жалпы орта мектебі
ОҚО, Сарыағаш ауданы, Ұшқын ауылы
Сабақтың тақырыбы: Қызыл кітапқа енген жануарлар
Сабақтың мақсаты:Қазақстанда жойылып кету қаупі төніп тұрған жануарлар, құстарға
тоқталып, «Қызыл кітап» туралы түсінік беру;
Ә) Табиғатты қорғау мақсатында құрылған қорықтар, «Қызыл кітап» туралы түсініктерін
дамыту;
Б) Табиғатқа қамқорлықпен қарауға, оны аялауға тәрбиелеу; экологиялық тәрбие беру.
Сабақтың әдісі: Сыни тұрғыда ойлау, топтық жұмыс
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың көрнекілігі:постер, бүктеме қағаздар, слайд
Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі
1) Топқа бөлу
2) Миға шабуыл
3) Үй тапсырмасын тексеру, оқушылардың шығармашылық жұмысы реферат бүктеме қағазбен топ аттарын қорғау.
Жаңа сабақ Қызыл кітап жайлы мәлімет беру, қызықты мәліметтер, постермен жұмыс, бейнебақылау
Қорытынды4) Сәйкестігін тап5) Қорғауға алынбаған жануарлардың суретін тауып алып тастау, 3 топ қарсы топқа сұрақ
қою.
Топқа бөлу: Оқушыларды 3 топқа бөліп, ат беру 1топ Барсакелмес тобы 2топ Ақсу –жабағылы тобы, 3 топ
Наурызым тобы
Бізге экономикалық және қоғамдық жаңару қажеттіліктеріне сай келетін осы заманғы білім беру жүйесі қажет.
ҚР лрезиденті Н.Ә. Назарбаев
Миға шабуыл сұрақтары: Кім жылдам?
1 Қазақстанда қанша қорық бар?
2 Қызыл кітаптың бірінші басылымы қашан басылып шықты?
3 Қызыл кітаптың 3 ші басылымы жануарлар оның бірінші бөлімінде омыртқалы жануарлардың қанша түрі тіркеледі ?
4 Қызыл кітаптың мақсаты мен қызметі қандай?
5 Барсакелмес қорығы қазақстанның қай аумағвнда орналасқан?
6 Қазақстанда қорықшалар саны қанша?
7 Жойылып бара жатқан сүтқоректілердің аттарын атаңыз?
8 Қосмекенділердің қандай түрлері қорғалуда?
9 Қызыл кітапқа енген құстарды атаңыз?
10 Қызыл кітаптың 2 ші 3 ші басылымдары қай жылы шықты?
Үй тапсырмасын сұрау
Шығармашылық жұмыс 3 топ өз топтарының аттарын,. бүктеме қағазбен, және реферат арқылы үй тапсырмасын
қорғап шығады. 1 топ Ақсу жабағылы қорығын түсіндіреді. 2 топ Барсакелмес қорығын айтады3 топ Наурызым қорығы
туралы мәлімет айтады.
Жаңа сабақ: Қызыл кітапқа енген жануарлар.
Қызыл кітап- сирек кездесетін түрлердің санының қазіргі жай- күйін көрсететін құжат.
Қазақстанның Қызыл кітабында сирек және жойылып бара жатқан түрлердің тізіміне
енгізілген жабайы омыртқалылардың 87 түрінің және өсімдіктердік 303 түрінің қазіргі
таралуы, санының жай- күйі, биологиясы туралы мәліметтер келтірілген.
Қызыл кітапқа ресми енгізілген өсімдіктердің 16 түрі Батыс Алтай мемлекеттік табиғи
қорығының аумағында тіркелген. Алайда Алтай ботаника бағының ғылыми қызметкері
б.ғ.к. Ю.А. Котуховтың жұмысының нәтижесінде сирек, осалдау және жойылып бара
жатқан түр мәртебесіндегі тағы да 50 түр анықталды.
Адамдар мыңдаған жылдар бойы өсімдіктер мен жануарлар дүниесін пайдаланып келді
және де өзінің жан- жақты тіршілігінде жануарлар мен өсімдіктердің пайдалы қорын
қолданып ғана қойған жоқ, сонымен бірге табиғатты өзгерту арқылы көптеген түрлердің
өмір сүру жағдайларына әсер етті. Табиғатқа антропогенді ықпал етудің әсерінен жер
бетінде өсімдіктер мен жануарлардың кейбір түрлерінің жойылу процесі басталды.
Ғылыми- техникалық прогресс адамдардың қолына табиғат әлеміне әсер ететін күшті
құралдар берді. Бұл құралдар қаншалықты пайдалы болса, соншалықты зиянды. Адамдар көбінесе кейде түсінбей, кейде
салақтықтан табиғатты қалпына келтіру үшін ұзақ уақыт қажет болатынын ойламастан, оған қалай болса солай қарайды.
Сыңсыған орманның орнындағы жанған түбірлер, су шайып өткен тау беткейлеріндегі жыртылған жерлер, ағаш ағызу
кезінде ластанған өзендер. Осының бәрі сирек кездесетін көптеген бағалы аңдар мен өсімдіктердің құруына әкеп соғады.
Табиғатта пайда болған әрбір түр өзінші бірегей және ешқашан қайталанбайды, сондықтан да оның жойылуы- орны қайта
толмайтын нәрсе. Және де бұл жоғалту қауымдастықтың бүтінділігі мен табиғаттағы жалпы тепе- теңдіктің бұзылуына әкеп
58
соғады. Сондықтан да қазіргі кезде табиғатты қорғау мәселесі дүниежүзілік мәселеге айналып отыр. Бұл мәселе бүкіл
әлемде маңызды мемлекеттік мәселе ретінде қаралады.
Шығыс Қазақстан облысындағы Қазақстан Республикасының Қызыл кітабына енгізілген жануарлардың сирек кездесетін
және құрып кету қаупі төнген түрлерінің тізімі
«Қазақстан Республикасының Қызыл кітабына енгізілген жануарлардың түрлері мен түршелерінің тізбесін бекіту туралы»
Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1995 жылғы
21 тамыздағы № 1152 Қаулысы
СҮТҚОРЕКТІЛЕР
1. Жоңғар сальпинготусы 7. Тас сусары
2. Жалман 8. Шұбаркүзен
3. Роборовскийатжалманы 9. Түркістансілеусіні
4. Сары алақоржын 10. Қазақстанарқары
5. Қызылқасқыр 11. Алтай арқары
6. Сабаншы
ҚҰСТАР
1. Қызғылтбірқазан 18. Жекдуадақ 35. Жұртшы
2. Бұйрабірқазан 19. Тарғақ 36. Ақсұңқар
3. Жалбағай, қалбағай 20. Кішішалшықшықұс 37. Ителгі
4. Қарадегелек 21. Сүйіртұмсықтышалшықшықұс 38. Лашын
5. Қоқиқаз 22. Қарабасөгізшағала 39. Тұрымтай
6. Сұңқылдақаққу 23. Қарамойнақшағала 40. Үкі
7. Кішіаққу 24. Қарабауырбұлдырық
8. Қутұмсыққаз 25. Ұбақ, қолаңтөс
9. Қызылжемсаулықарашақа 26. Балықшытұйғын
10. Қаратұрпан 27. Жыланшықыран, бүркіт
11. Дөңтұмсықтұрпан 28. Бақалтаққыран
12. Ақбасүйрек 29. Дала қыраны
13. Алтай ұлары 30. Қарақұс
14. Ақтырна 31. Бүркіт
15. Ақбастырна 32. Ақиықсубүркіт
16. Дуадақ 33. Аққұйрықсубүркіт
17. Безгелдек 34. Сақалтай, қозықұмай
БАУЫРЫМЕН ЖОРҒАЛАУШЫЛАР
1. Шұбарбатбаткесіртке 4. Шұбаркесіртке
2. Зайсан батбаткесірткесі 5. Жолақтыәбжылан
3. Үлкенкөзкесіртке
ҚОС МЕКЕНДІЛЕР
1.Даната құрбақасы
БАЛЫҚТАР
1.Таймен 2. Сылан
Достарыңызбен бөлісу: |